География | Қарашығанақ мұнай газ конденсат кен орны

 География | Қарашығанақ мұнай газ конденсат кен орны

Мазмұны

Кіріспе
1 Техника-технологиялық бөлім
1.1 Кен орын туралы жалпы мәліметтер ................................................................
1.2 Ашылу тарихы және кен орынның игерілуіне қысқаша шолу ......................
1.3 Стратиграфия
1.4 Тектоника
1.5 Мұнайгаздылығы
1.6 Гидрогеологиялық мінездеме
1.7 Газ, конденсат және мұнайдың физикалық, химиялық қасиеттері
1.8 Кен орынды игерудің қысқаша тарихы
1.9 Игерудің қазіргі күйін талдау
1.10 УКПГ- 3 схемасының мінездемесі
1.11 Газ және сұйық көмірсутектерді Орынбор ГӨЗ-на тасымалдау
1.12 Газ және конденсатты тасымалдауға дайындау жүйесі
1.13 Төменгі температурада айыру қондырғысы
1.14 Төртінші технологиялық тізбектің схемасының сипаттамасы
1.15 Тік гравитациялық айырғыштың сұйық өткізу қабілетін есептеу
1.16 Кәсіпшіліктегі мұнай өткізгіш құбырларының гидравликалық есебі
2 Экономикалық бөлім
2.1 КПО б.в. компаниясының ұйымдастыру сипаттамалары
2.2 Технологиялық есептеулер нәтижесі
2.3 Өндіру пішіндері
2.4 Қабат қысымдары
2.5 Өндіруді объектілер арасында бөлу
2.6 Өндіру коэффициентінің есептелген шамасын талдау
2.7 Экономикалық есептеулермен ұсынылған варианттарды талдау нәтижелері………………………………………………………………………..
2.8 Кен орынды игерудің экономикалық үлгісі
2.9 Жобаны жүзеге асырудың тиімділік көрсеткіштері
2.10 Блокты шоғырланған сорап станциясын пайдаланудың экономикалық тиімділігін есептеу
3 Еңбекті қорғау
3.1 Қарашығанақ кен орнындағы қауіпті және зиянды факторларды талдау
3.2 Қорғаныс шаралары
4 Қошаған ортаны қорғау
4.1 Қоршаған ортаға тасымалдау және газ мұнай өңдеу технологиясы әсерінің негізгі факторлары
4.2 Ұйымдастыру шаралары
4.3 Атмосфераны қорғауды қамтамасыз ету
5 Қорытынды ..............................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ
Қарашығанақ мұнай газ конденсат кен орны 1979 жылы өндірістік геологиялық бірлестігі “Уральскнефтегазгеология” арқылы П-10 параметрлік ұңғысын бұрғылау кезінде ашылған.
Кен орны Каспий маңы ойпатының солтүстік аймағында орналасқан. Мұнайгазконденсатты кеніш терең жатқат тұз күмбезінің астында 25*12 км көлемінде орналасқан.
Мұнайгаздылық қабаты 300-метр – ден 1600-ге дейін, соның ішінде 200 метр қалыңдығында. Газмұнай шегі 4950метр тереңдіңгінде, ал су мұнай шегі – 5150 метр.
1983 жылы мұнай газ конденсат қоры туралы есеп жүргізілді. Осы құжат негізінде 1984 жылы ВНИИГаз арқылы тәжірибелі - өндірістік пайдалану (ТӨП) жобасы жасалынды. 1988 жылы көмірсутектер қоры нақты дәлелденіп есептелінді.
Кен орны үш пайдалану объектісіне бөлінеді: 1 және 2 объектілері газды конденсатты және 3 – мұнайлы бөлімі болып, тереңдеген сайын конденсат мөлшері ұлғая бастайды.
Қазіргі кезде пайдалануда тек бір ғана газды кешенді дайындау қондырғысы (ГКДҚ) бар. Оның құрамында LGA (Германия) жабдығымен жабдықталған үш технологиялық тізбек кіреді. Ол 1984 жылдан бері пайдаланылуда және ТМД елдерінен жабдықталынған төртінші технологиялық тізбек ьар. Ол 1989 жзылдан бері пайдаланылуда. Сонымен бірге, Орынбор газ өңдеу заводыа өнім жіберілетін 377 мм диаметріндегі үш конденсат желісі және 720 мм диаметірінде тазартылмаған газды айдайтын екі газ желісі пайдаланылуда.
Газды кешенді дайындау қондырғысын ұзақ уақыт пайдалану нәтижесінде (17 жыл) жабдықтар өз ресурстарын және қызмет көрсетудің нормативті уақытын толық істеп, қондырғыны қайтадан жасап шығу қажеттілігі туды.
1991 жылы ВНИИГаздың араласуымен және кен орнының жасаудың негізгі жобалаушысы ЮЖНИИГаз арқылы қайтадан жабдықталған ГКДҚ – 3-дің технологиялық регламентін жасап шығарған, бірақ қаржы жетіспеушілігінен жобаны игеру және қайтадан жабдықтау іске аспады.
1997 жылы 17 қарашада Вашингтон қаласында ОСРП «Аджип», «Бритиш Газ», «Тексако», «Лукойл» және ҰМК «Қазақойл» компаниялары арасында жасалынып қол қойылды. Кен орнының игерілуі осы компания арқылы іске асуда.
Кен орнын қалпына келтіру үрдісі – ұзақ үрдіс, сондықтан кен орнындағы жұмыс бағдарламалары өте нақты және кен орнының жұмыс қуатын қалпына келтіру кезеңдерге есептелінген және қауіпсіздіктің жоғарғы деңгейіне жету қарастырылған.

1 ТЕХНИКА-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Кен орын туралы жалпы мәліметтер
Қарашығанақ МГККО Батыс-Қазақстан облысының батысында, Бөрлі ауданының территориясында орналасқан. Аудан климаты континентальды. Температура қыста -400С-қа дейін жазда +400С арасында тербеліп тұрады. Оңтүстік – шығыс және солтүстік – батыс бағытындағы желдер басым. Орташа жылдық жауын – шашын мөлшері 300 – 350 мм. Кен орыннан Оралға дейінгі арақашықтық 160 км., Орынборға дейін 155 км., ОГӨЗ дейін 158 км. ОГӨЗ дейінгі газ құбырларының орташа ұзындығы 140 км. Ең жақын тұрғылықты пункттар: Қарашығанақ ауылы 10 км., Тұңғыш ауылы 2 км., Березовка ауылы 3 км.
Ауданнның орфографиялық жағдайы сирек кездесетін құм сазды жазықтан тұрады. Рельефтің абсолютті белгілері 80-130 метрге дейін өзгереді.
Кен орнының гидрографиялық жүйесі солтүстігінде Орал өзенімен, Солтүстік шығысында Елек өзенімен шекараласады. Жоспарланған жұмыс ауданында Елек өзенінің сол ағысы болып саналатын Березовка өзені қиып өтеді. Жазда ол құрғап қалады. Ауданда аз мөлшерде табиғи су қоймалары кездеседі.
Техникалық сумен қамтамасыз ету жерасты суларымен іске асырылады. Сулы горизонттар 65 - 110 метр тереңдікте, әктас және мергель жарықшақтарында орналасқан, және де неогенді төрттік бор юра және триас кезеңіндей құмтастарда қалыптасқан.
Сулар әлсіз минералданған, гидрокарбонаты калций минералдылығы 1-3т/л ал ұңғы шығымы тәулігіне 26 - 100 м3/тәу.
Аудан климаты төте континентальды. Ауа температурасы -40 (қыста) +40 (жаз) дейін өзгереді.
Жел оңтүстік - шығыс және солтүстік - батыс бағыттарында соғады, күзде, қыста және көктемде жылдың орташа жауын - шашын көлемі 300 - 950 мм-ді құрайды.
Грунттың қалыңдығы, қар табанына байланысты 1-ден 1,5 метрге дейін өзгереді. Жылыту маусымының ұзақтылығы 176 күн (15/10 - 15/04)

1.2 Ашылу тарихы және кен орынның игерілуіне қысқаша шолу
Қарашығанақ ауданында сейсмикалық жұмыстар шағылған толқын әдісімен (ШТӘ) сирек профиль торкөзде (10 км) магнитті тіркеуші аппаратурасымен бірінші рет 1970 – 1972 жылдары Урал геофизикалық экспедициясымен жүргізілді. (УГП) Олардың нәтижелері бойынша Қарашығанақ тұзды дөңесі ашылды. Ол антиклиналды құрылым көлемі 5*9 км шағылған горизонт «П» бойынша амплитудасы 150 км болып табылатын тұзды шөгіндіден құралған. Материалдарды қайта интерпретациялау нәтижесінде көрсетілген горизонт бойынша құрылым жұмыс тақырыбы нақты анықталып және өлшемі 10*20 км болатын брахиантиклинал түрінде сызылды. Амплитудасы 400 метрден жоғары шамамен минималды өлшемі 4400 м болатын күмбезді анықтаған. Бұл құжаттар П-10 параметрлік ұңғысының құрылымын жасауға ұсыныстар негізін құрады.
Қарашығанақ мұнайгазконденсатты кен орны 1979 жылы «Уральскнефтегазгеология» өндірістік – геологиялық бірлестігінің № 10-П параметрлік ұңғыны бұрғылау кезінде ашылған. Кен орын Каспий ойпатының солтүстік жағында орналасқан.
Мұнайгазконденсат кеніші терең жатысты тұз асты құрылымында негізделген және кристалды фундамент шоқысында жататын төменгі перьм және жоғарғы тас көмір жасты күшті рифогенді карбонатты денемен берілген.
Мұнайгаздылық этажы 300-ден 1600 метрге дейін, ал осындағы мұнайлы бөлігінің қалындығы 200 м. Газ су контактісі 4950 метр тереңдікте, су мұнай контактісі 5150 метр терңдігінде.
1983 жылы мұнай, газ және конденсаттың қорын оперативті түрде саналуы жасалған. Соның негізінде 1985 жылы ВНИИГаз тәжірибелі - өндірістік игеру жобасы (ОПЭ) тұрғызылды. ОПЭ 1984 жылдың қараша айында басталды.
1988 жылы көмірсутектер қоры саналып бекітілді. Кен орын үш игеру объектісіне бөлінген: 1 мен 2 газконденсатты объектісі, ал 3 мұнайлы объектісі болып табылады. Терңдеген сайын конденсат мөлшері көбейеді.
ОПЭ жүргізу үрдісінде кейбір техникалық шешімдер жасалынбай қалған:
- 1990 жылы құрғақ газдың кері айдалуы басталу керек еді;
- ұңғы өнімділігін арттыратын жаңа технологиялардың игерілуімен енгізілуі қамтамасыз етілмеген;
- эксплуатациялық ұңғыларды бұрғылау негізінде коллекторлар және объект аралық флюидтардан керн алу жұмысы жасалынбаған.
Осы кезге дейін әр түрлі себептерге байланысты сайклинг – процесс басталған жоқ, ал кен орынның игерілуі фантанды әдіспен жүргізіліп жатыр.
1.3 Стратиграфия
Жоспарланып жұмыс жасалынып жатқан жерде ең ескі ашылған шөгінді болып төменгі девон шөгіндісі табылады. (скв 15, Д-5).
Төменде орналасқан шөгінділер Бузулук ойпаты, Шығыс - Орынбор және Соль - Илецк тұз күмбездері аудандарына байланысты бөлінеді.
Кристалды іргетас.
Шығыс - Орынбор тұз күбезі маңайларында іргетас 4.1 км тереңдігінде ашылған. (Землянская ауданы) Соль - Илецк тұз күбезінде (Росточинская), Бузулук ойпатында (Зайкинская), 4,5 - 4,7 км тереңдікте ал Булатов дөңесінде 5260 м. тереңдікте (П - 9 Чинаревская ұңғысы) ашылған.
Іргетас гранитті жыныстардан құралған, оның жасы архейлік-ортапротерозойлық.
Сейсмобарлау нәтижесіне қарай отырып, жоспарланған жұмыс орындарында іргетас жату жадайы (горизонт «ф») шамамен 7 - 9 км құрайды.
Жоғары протерозой тобы - PR
Жергілікті таралу осы ауданды екі үлкен комплекс рифей және венд комплекстерінен тұрады.
Рифей комплексі Волга - Урал антиклизасында архей протерезой магмамоторфтық жынысты іргетастан тұратын массивтерін бөліп жатқан опырықтарда (грабен) дамыған.
Рифей шөгінділері 300 - 400 м тереңдікте Үлкен - Өзен, Рожков, Землянская аудандарында ашылған. Комплекстің қалыңдығы қолда бар сейсмоборлар деректеріне сүйенсек 1000 м шамасында.
Венд терригенді комплексі бұрғылау арқылы Шығыс - Орынбор тұз күмбезі маңында ашылған. Комплекстің қалыңдығы 600 – 800 м құрайды. Шөгінділер іргетас трансагрессивті жатқан немесе рифей шөгіндісі сұры түсті құмтастармен және аргилиттермен қосылған карбонатты жыныстар қабықшаларынан тұрады.
Қарашығанақ ауданында, сейсмобарлау нәтижесіне байланысты фундаментпен және қарастырылған «Пэ» горизонтының арасы 2 км-ге жетеді. Бұл жоспарланған қимада тек девон ғана емес және де көптеген ескі, соның ішінде рифей - вендтік шөгінділердің бар екендігін дәлелдеуге болатын шешімдер шығаруға негіз бола алады.
Палезой тобы - PZ
Ордовик шөгіндісі Шығыс - Орынбор тұз күмбезінің шығысында және оңтүстігінде, Соль-Илецк тұз күмбезі маңында және оларды бөліп тұрған ойпатта анықталған. Табылған шөгіндінің максималды қалыңдығы ұңғы 1 арқылы ашылған.
Қызыл Яр Соль - Илецк тұз күбізінің көлденең тұсында ордовик шөгінділерінің скважиналары 2020 м-ден асып және толық қуатымен оларды әлі ашып үлгерген жоқ. Шығыс - Орынбор тұз күмбезінің оңтүстігінде және шығысында да силур шөгіндісі ашылған, оны максималды қалыңдығы 40 м-ді құрайды.
Төменгі палезой шөгіндісі тығыз құмтастардан және сұр түсті аргилиттерден құралған.
Қарашығанақ ауданының қимасында шамамен 1000 м. қалыңдығындағы төменгі плезой шөгінділерінің бар екендігін мөлшерлеуге болады.
Қарашығанақ кен орнында терең бұрғылау кезінде тұз асты, тұзды, тұз үсті кешендерінің шөгінділері ашылған.
Девон жүйесі.
Девон шөгінділері орта және жоғарғы бөлімдерімен берілген. Орта бөлімі: Ортадевон шөгінділері эйфель және живет ярустары көлеміндебірлік ұңғыларымен (15, Д5) ашылған. Эйфел ярусы төменгі жағында аргеллит қара, жоғары қарай ізбестас және тығыс, микро жіңішке қабатшалы аргелликтер. Ярустың ашылған қалыңдығы 59 метр. Живет ярусы – қалыңдығы 64 метр. Жоғарғы бөлім: Жоғарыдевон шөгінділері тек фамен ярусымен берілген.
Төменгі жүйесі
Жоспардың уақытын құрастыру үшін тек бір ғана іздеу ұңғымасы Д – 5 -пен ерте девон жасындағы шөгінділерді ашқан.
6245 - 6248 м интервалынан алынған керн - аргилиттен және қара - сұры бурыл түстен құралған.
Төменгі девон шөгіндісі шамамен 30 м қашықтықты құрайды.
Орта девон
Живет ярусы шөгінділері қара - сұры тіпті қара әктастардан жиі органогенді аргилиттерден құралған. Сонымен қатар қиманың жоғары жағында 3 мм жететін ашық - сұры ұсақ кристалды әктастар қабықша ретінде орналасқан.
Жоғарғы девон
Төменгі - орта фаменді бөлшектенбеген шөгінділер стратиграфиялық үзілістермен орта девон шөгінділерін жауып жатыр. Нақты толық қима 15 -ұңғымасында зерттелген. Бұнда сұры және қара - сұры органогенді түйіршікті әктастар және қара түсті ұсақ кристалды доломиттер қабықша ретінде кездеседі.
Әктастарда көп мүшелі бір камералы фораминиферлер, криойд мүшелерінің кесектері кездеседі. Ерте - орта фамен ярусы бір камералық форминифер комплексі бойынша тұрақталады.
Максимал қалыңдығы 368 м. (ұңғыма 15)
Жоғары фоменді шөгінділер келісім бойынша төменгі - орта фамен шөгінділерін жауып жатыр. Олар орталық батыс және шығыс бөліктерінен -кристалды әктастар бар жерлерінен ашылған. Тек кен орнының оңтүстік бөлігінде әктастар қосымша мәнде есептелінеді.
Таскөмір жүйесі.
Төменгі бөлімі жоғары фамен шөгінділерінде турней ярусымен берілге. Қалыңдығы 80 метр. Орта бөлімі краснополян горизонтымен берілген, қалыңдығы 9 дан 55 метрге дейін.
Пермь жүйесі - Р
Пермь жүйесі ұңғылармен ашылған, қиманың негізгі бөлігін алып жатыр. Төменгі бөлімі: Ассель ярусы (известняк, доломит), қалыңдығы 290-390 метр. Сакмар ярусы 5-25 метр, Артин ярусы 15-280 метрге дейін, Кунгур ярусы: төменгісі ангидритті 4-20 метрден 300-ге дейін. Жоғарғысы тұзды – қалыңдығы 3178 метрге дейін. Жоғарғы бөлімі: Уфим ярусының шөгінділері (84-1252-1630 метр), Қазан ярусы: төменгі литологиялық пачка қалыңдығы 138-299 метр, жоғарғысы 192-1118 метр, Татар ярусы 700-1925 метр.
Пермь жасының шөгінділері кен орны аумағының стратиграфиялық үзілісті таскөмірде орналасқан. Пермь жүйесі төменгі карбонат, орта тұзды және жоғары терригенді қалыңдықтардан құралған.
Төменгі бөлімі - Р
Бұл бөлімнің құрамында ассель, сакмар, артин және кунгур ярустарын ашып зерттейміз.
Асссель ярусы – үш түрлі қима негізінде құралған.
Бірінші - биогермді әктас. Екіншісі - дөңес биоморфты – детритті әктастар. Үшіншісі - терең сулы, қара битуминозды жыныстар. Ассельде шөгінділердің максималды қалыңдығы 557 м–ге дейін жетеді, дөңес түрі 42м-ден 216м-ге дейін барады. Терең сулы ассельді артин шөгінділерінің жалпы қалыңдығы 20 м-ден 40м-ге дейін болатындары ярустарға бөлінбейді.
Сакмар ярусы - рифті фацияларында сұры әктастардан, дөңес түрлерінде органогенді детритті және пемитаморфты әктастардан тұрады. Бірінші түрінің қалыңдығы 23м-ден 30 м-ге дейін, ал екіншісінікі 15 м-ден 56 м-ге дейін ұзарады.
Артин ярусы - рифті және дөңес қималар негізінде екі подярусқа бөлінеді: төменгі және жоғарғы артиндік болып. Біріншісі екі түрлі рифтің қимасынан (биоморфно - детриттік әктастар) және дөңес түріндегі (екінші даламиттер). Бұлардың қалыңдығы 90 м-ге дейін жетеді. Екіншісі литологиясы жағынан бірінші подярусқа ұқсас. Артин шөгінділерінің биогенді түрінің қалыңдығы 143 м-ден 303 м-ге дейін, ал дөңес түрінде 5 м-ден 217 м-ге дейін өзгереді.
Конгур ярусы - толық қималарының төменгі қабаттарында карбонат сульфатты сұры, көкшіл сұры ангидриттер доломит қабықшаларымен, жоғарғы жағында тұзды тас тұздарымен және тұзды терригенді жыныстармен құрастырылған. Алғашқысының қалыңдығы 1 м-ден 300 м шамасында, ал тұзды шөгінділер 172 метрден 3028 м-ге дейін ұзарады.
Жоғарғы бөлім - Р
Бөлімнің шөгінділері уфимдік, қазандық және татар ярустары белгілі шарттармен анықталған. Олар қызғылт, қоңыр сұры саздармен және тұз, гипс, ангидрит ұяшықтарымен көмкерілген. Уфим ярусының қалыңдығы 84 м-ден 1630 м-ге дейінгі қашықтықта. Қазан ярусы – 138 м-ден 180 м-ге дейін, ал татар ярусы 700 м-ден 1925 м-ге дейін ұзарады.
Мезозой тобы - MZ
Триас жүйесі - Т
Триас жүйесінің шөгінділері жыныстың терригенді қалыңдығымен, ұсақ бөлшектерге бөлінбейтін қасиетіне ие. Бұлар қызыл - қоңыр түсті саздар, песчаниктер және алевролиттер.
Триас шөгінділерінің қалыңдығы 1068 - 2040 метр, Қарашығанақ күмбезінде 60 - 578 метрге дейін азаяды.
Юра жүйесі.
Юра жүйесінің шөгінділері: орта бөлімі (песчанник, құм, саз, құмтас) – 121 - 392 метр; жоғарғы бөлімі: Волж ярусы (сазды мергель, фосфорит), шөгінділер қалыңдығы 53 - 132 метр.
Мел жүйесі.
Мел жүйесінің шөгінділері: төменгі бөлім – валонянин, готерев, баррем және апт ярустарымен берілген. Волонянин – готорев ярусының қалыңдығы 13 - 44 метр (саз, мергель және фосфорит). Баррем ярусы (қара саз, мергель, сидерит) – 24 - 80 метр. Апт ярусы (қара саз, сидерит, мергель, фосфориттары бар құм тастар), қалыңдығы 76 метр.
Неоген жүйесі.
Неоген жүйесі жоғары бөліммен (плиоцен) берілген, оның шөгінділерінің қалыңдығы 20-125 метр (сұр саз, құм, құм тастар, алевролит).
Төрттік жүйесі.
Төрттік жүйесінің шөгінділері (суглинка, супесь, құм, галечник, саз), қалыңдығы 8-20 метр.
1.4 Тектоника
Қарашығанық кен орны тұз асты палеозойдың ірі көтеріліміне негізделген. Ол Қарашығанық – Қобланды зонасында, Каспий ойпатының солтүстік зонасының ішкі жағында орналасқан. Мұнда үш құрылымдық комплекс көрінеді. Төменгі құрылымдық летологиялық комплекс Артин ярусына дейінгі бүкіл ежелгі шөгінділер қимасын, ортаңғысын – кунгур – сульфат – галоген қалыңдамасын, жоғарғысы – жоғарғы пермь және триас құрылымдарын қосып алады.
Төменгі құрылымдық комплекс палеозойдық, тектоно – седиментациондық құрылымдық формасымен ерекшеленеді. Құрылым өлшемдері жоба бойынша 15*30 км. , биіктігі 1600 метр, комплекс жабындысының минималды тереңдігі 3680 метр.
Кунгурдың жоғары пластикалық қалыңдамасынан тұратын орта құрылымдық – литологиялық комплексте күрт дисгормониялық құрылымдар құрылған. Солардың ішіндегі: тұзды антиклинальдар, ассиметриялы диапир құрылымдары, тұзды штоктар, күмбездер және күмбез аралық дипрессиялар. Кен орында үш тұзды құрылым бар: Қарашығанақ тұз көтерілімі – солтүстікте, Сухореченск тұзды күмбезі – оңтүстік – шығыста, Қоншыбай тұз күмбезі – оңтістік – батысында.
Жоғары құрылымдық – литологиялық комплекстік құрылымдардың формаларының әртүрлілігімен ерекшеленеді. Жоғары пермь және триастың қызыл түсті қалыңдамасында пайда болған. Кен орын жүйесінде үлкен Қарашығанақ күмбез аралық мулдасы дамыған, ол Қарашығанақ, Қоншыбай және Сухореченск тұзды күмбездерінің арасында орналасқан. Қарашығанақ күмбез аралық мульдасының өлшемі 5*20 км., максимал қалыңдығы 3500 – 4871 метр құрайды.
Ең жоғарғы қиманың бөлігі – неогенді және төрттік жайылым бұрышының келіспеушілігімен бұдан ежелгі басқа шөгінділерді жабады.
1.5 Мұнайгаздылығы
Каспий ойпатының солтүстік аудандарында мұнайгаздылықтың негізгі перспективалары тұз асты палеозоймен байланысты. 1979 жылы прибортовой зонасының ішкі бөлігімен Қарашығанақ ауданында, П – 10 ұңғысында төменгі пермь шөгінділерінен, 3908 метр тереңдіктен газ фонтаны алынған.
Қаршығанақ кен орнында барлау және эксплуатациялық ұңғыларында жүргізілген комплексті газодинамикалық және газоконденсатты зерттеулер ашылған төменгі пермь және карбон карбонатты қимасының өнеркәсіптік өнімділігін дәлелдеді (5217 метрге дейін 13 ұңғы). Жалпы кен орын бойынша бұрғылаумен дәлелденген көмірсутектер қаныққан жыныстар этажы 1557 метр (3660-5217 метр)......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 331



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?