Экономика | Қ Р сында инвестициялық қызметті жүзеге асырудың теориялық мәселелері
Мазмұны
Кіріспе
1. Қ.Р.-сында инвестициялық қызметті жүзеге асырудың теориялық мәселелері
1.1. Инвестиция түсінігі: экономикалық мәні және түрлері
1.2. Инвестицияның экономикалық тиімділігін бағалаудың әдістемелік негіздері
1.3. Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу
2. Қазақстанда инвестициялық жағдайды және кәсіпорынның инвестициялық әлеуетін бағалау
2.1. Қ.Р.-сындағы инвестициялық климат
2.2. Кәсіпорынның инвестициялық әлеуетін талдау
3. Кәсіпорынның инвестициялық қызметін жетілдіру
3.1. Қ.Р.-сының инвестициялық ахуалын жақсарту тетіктері
3.2. Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің тиімділігін арттыру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Инвестиция – Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде «жалпы капиталдық салынымдар» деген түсінік қолданылатын, осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындарының кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандырылуына (өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық-мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салынымдар) жұмсалатын барлық қаржылық құралдар түсіндірілетін.
Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайлар, акциялар және де басқа құнды қағаздар, технологиялар, машиналар, қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектісіне салынатын интеллектуалды бағалықтар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде анықталады және осының бәрі – пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге жету мақсатында. Осы тұрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге едәуір жақын келеді.
Келтірілген анықтамалар нарықтық және жоспарлық жүйелерде инвестицияның мәнін түсінудегі айырмашылықты көрсетеді. Ресурстардың бөлінуі әкімшілік жүйесі жағдайында меншіктің бір түрімен жүзеге асатындақтан, инвестицияландырудың қаржылық және басқа түрлерінің бар екендігін отандық экономикалық ғылым қарастырмады. Жоспарлық экономика жағдайында инвестициялар ағымдағы шығындардан тек бір уақыттық сипатымен ғана айырықшаланатын залал түрінде көрінді. Экономика ғылымы мен тәжірибесі дәлелдеп отырғандай, капиталдық салынымдар инвестицияның синонимі болып табылмайды, берілген терминдер ұқсас емес. Капиталдық салынымға қарағанда инвестиция түсінігі әлдеқайда кең. Батыс әдебиеттерінде қор нарығын қарастыруға баса назар аударады, себебі нарықтық экономикасы дамыған елдерде (АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония) инвестицияландыру бағалы қағаздар арқылы іске асады. Қазіргі таңда отандық тәжірибеде екі термин де қолданылады.
«Инвестиция» термині латынның investire – «жұмылдыру» сөзінен алынған. Бұл термин ғылыми және публицистикалық әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтаудың әр түрлі тәсілдері бар. Пол Самуэльсон инвестицияландыру туралы былай жазады: «Біз қоғамның нақты капиталының таза өсімін білдіретін нәрселерді (ғимараттар, қондырғылар өндіріс-материалдық запастар және т.б.) таза инвестицияландыру немесе капитал қалыптасуы деп атаймыз. Тұрғындар үшін жерді, қолданыста жүрген құнды қағаздарды немесе меншіктің кез келген түрін сатып алу инвестицияландыру болып табылады. Экономистер үшін бұл тек таза трансферттік операциялар. Яғни біреуі инвестицияландырса, басқа біреуі дезинвестицияландырады. Таза инвестицияландыру тек жаңа нақты капитал қалыптасқан кезде ғана орын алады».
У. Шарп инвестицияны былайша анықтайды: «Нақты инвестицияларға әдетте қандай да бір материалдық-көрнекті активтер түріне инвестициялау кіреді, мысалы, жер, қондырғылар, зауыттар сияқты. Қаржылық инвестициялар қағазда жазылған келісім-шарттарды, мысалы, кәдімгі акциялар мен облигациялар сияқтыны білдіреді. Қарапайым экономикаларда инвестициялардың негізгі бөлігі нақтыға жатқызылса, қазіргі дәуірдің экономикасында инвестициялардың үлкен бөлігі қаржылық инвестициялар болып табылады. Қаржылық инвестицияландыру институттарының жоғары дамуы нақты инвестицияның өсуіне едәуір дәрежеде ықпал етеді. Әдетте, бұл екі форма бәсекелес емес, бір-бірін толықтырушы болып табылады. В.Бочаров инвестицияны табыстың тұтынуға жұмсала алмайтын бөлігі деп түсінеді. Инвестициялық ресурстар инвестициялық іскерліктің капиталдық құнның табыс немесе әлеуметтік әсер түріндегі өсімі алынатын нақты объектіліріне трансформацияланады ».
Экономикалық және қаржылық тұрғыдан инвестицияландыру экономикалық ресурстарды болашақта таза пайдаға жету және бұл пайданы бастапқы салынған капиталдан асырып түсіру мақсатымен ұзақ мерзімді салу деп анықталады. Капиталдық салым процесінің жалпы анықтамасы: инвестицияландыру дегеніміз бүгінгі қажеттіліктерін қанағаттандыруды оны келешекте инвестициялық игіліктердің көмегімен қанағаттандыру үмітіне айырбастауды білдіреді.
Инвестиция – бұл ақшаны, оның сақталуына немесе құнының артуына және табыстың оң шамасын қамтамасыз етуге үміт арта отырып, орналастыруға болатын кез келген құрал. Бос ақша құралдары инвестиция болып табылмайды, себебі қолма-қол ақшаның құнын инфляция жеп қоюы мүмкін және ол ешқандай да табыс әкелмейді. Капиталды орналастырудың түрлі факторлармен айрықшаланатын әр түрлі нысандары бар: құнды қағаздар мен жылжымайтын мүлікке; қарыздық міндеттемелерге; опциондар мен акцияларға; шағын немесе үлкен тәуекелмен; қысқа немесе ұзақ мерзімге; тікелей және жанама.
Инвестициялардың экономикалық табиғатын жіктеу оны толығырақ түсіндіреді, жіктеу негізіне түрлі белгілер салынған. Белгілер ретінде мыналар қолданылады:
1) инвестициялардың түрлері;
2) ақша құралдарын салу объектілері;
3) инвестицияландыруға қатысу сипаты;
4) инвестицияландыру кезеңі;
5) меншік түрлері;
6) инвестордың қатысу түрлері;
7) тәуекел дәрежесі;
8) ұдайы өндіріс түрлері.
1. Инвестициялардың түрлерін былайша топтайды:
∙ ақша құралдары, салымдар, пайлар, акциялар және басқа да құнды қағаздар;
∙ жылжымайтын және жылжымалы мүлік;
∙ авторлық құқықпен, тәжірибемен және басқа да интеллектуалды құндылықтармен байланысты мүліктік құқықтар;
∙ жерді, суды, ресурстарды, үйлерді пайдалану құқығы және басқа да мүліктік құқықтар;
∙ қандай да бір өндірісті (бірақ патенттелген «ноу-хау» емес) ұйымдастыруға қажетті техникалық құжат, дағды, өндірістік тәжірибе ретінде рәсімделген техникалық, технологиялық, коммерциялық сауаттылық.
2. Құралдардың салыну объектілері бойынша инвестициялар былайша бөлінеді:
∙ нақты инвестициялар немесе құралдардың материалды активтерге салынуы, яғни нақты инвестициялар-кәсіпорынның негізгі және айналыс капиталын қалыптастыратын материалды және материалды емес активтерге салынатын салым. Материалды активтер-ғимараттарға, станоктарға, қосымша материалдық бұйымдарға, дайын өнімдерге айналдырылған құралдар;
∙ материалды емес активтер-лицензиялардың, патенттердің, тауар белгісінің құны, жарнамаға және кадрларды дайындауға кеткен шығындар;
∙ қаржылық инвестициялар немесе түрлі қаржылық құралдарға ақша құралдарының салынуы-депозиттер, құнды қағаздар, банктік салынымдар;
3. Инвестициялық процестерге қатысу сипаты бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:
∙ тікелей инвестициялар, мұнда инвестицияландыру және ақша құралдарын салу объектісін таңдауда инвестордың тікелей қатысуы қажет етіледі. Сонымен қатар инвестор инвестициялық циклдердің барлық кезеңдеріне тартылады, оның ішінде алдын ала жүретін инвестициялық зерттеулерге, инвестицияландыру объектілерін жобалау мен тұрғызуға, дайын өнім өндірісіне;
∙ жанама, бұл ақша құралдарын өз қалауынша, неғұрлым тиімді орналастыратын және аккумуляцияландыратын түрлі қаржылық делдалдар (инвестициялық қорлар және компаниялар) арқылы жүзеге асады. Мұндай делдалдар инвестицияландыру объектілерін басқаруға қатысады, ал алатын табыстарын клиенттері арасында бөледі. Тұтас басқарылатын құнды қағаздарға салынатын салынымдарды портфельдік деп те атайды.
4. Инвестицияландырудың кезеңдері бойынша инвестицияларды мына түрлерге бөледі:
∙ қысқа мерзімді, ұзақтылығы бір жылдан аспайды (қысқа мерзімді депозиттік салымдар, жинақ сертификаттар).
∙ ұзақ мерзімді, бұның ұзақтылығы бір жылдан көп.
5. Меншік түрлері бойынша инвестициялар мыналарға бөлінеді:
∙ азаматтардың, мемлекеттік емес меншік нысанындағы кәсіпорындардың, өкіметтік емес ұйымдардың жеке ақша құралдары;
∙ мемлекеттік, ол түрлі деңгейдегі кәсіпорындар мен мекемелердің бюджет көздерінен қаржыландырылады.
6. Инвестордың қатысу түріне байланысты:
∙ қайта құрылып жатқан кәсіпорындарға жартылай қатысу немесе шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың бір бөлігін иелену (шектеулі меншік қоғамына үлестік қатынас);
∙ инвестор толық иеленетін кәсіпорындарды құру немесе шаруашылық жүргізіп жатқан кәсіпорындарды өз меншігіне алу;
∙ жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті акция, облигациялар арқылы немесе басқа да құнды қағаздар түрінде алу;
∙ табиғат ресурстарын пайдалануға, жерді пайдалану құқығына, басқа да мүліктік құқықтарға концессия алу.
7. Тәуекел дәрежесі бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:
∙ тәуекелсіз инвестициялар. Мысалы, бірқатар мемлекеттерде қысқа мерзімді мемлекеттік облигацияларға салымдар салу қауіпсіз деп саналады, ал олар бойынша алынған табыс қауіпсіз қойылымды анықтайды, бұл қауіпсіз қойылым инвестициялық тәуекел нүктесін санау ретіндегі салымдарды бағалау ретінде қолданылады;
∙ тәуекелді инвестициялар. Инвестициялармен байланысты тәуекел немесе белгісіздік дәрежесі, мысалы, уақыт, салыным объектісі сияқты факторларға тәуелді. Инвестицияландыру аяқталғаннан кейінгі кәсіпорынның жұмыс істеу нәтижесінің өзгеруі инвестицияландырудың мерзіміне және жобаның масштабы мен оның мақсаттарына тәуелді, сондықтан қауіптіліктің дәрежесі нарықтың мүмкін болатын әрекетін шеше алмау болып табылады (жаңа өнім түрін құру, өндіріс шығындарын төмендету, сату көлемін кеңейту, мемлекеттік тапсырыстарды орындау және т.б.). дәрежені бағалау критерийлері мыналар болуы мүмкін:
- барлық пайда сомасын жоғалту мүмкіндігі. Тәуекелдің орын алуы мүмкін;
- жоба іске асқаннан кейін пайданы ғана емес, жалпы есептемелік табысты жоғалту мүмкіндігі. Тәуекел дағдарысты болып табылады;
- барлық активтерді жоғалту мүмкіндігі және инвестордың банкротқа ұшырауы немесе апаттық тәуекел.
8. Ұдайы өндіріс инвестицияның келесі түрлерінің бірінде жүзеге асуы мүмкін:
∙ жаңа алаңдарда және бастапқыда бекітілген жоба бойынша іске асып жатқан жаңа құрылыстар немесе кәсіпорындардың, ғимараттардың салынуы;
∙ шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың кеңеюі - өндіріс қуаттылығын арттыру мақсатымен шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың екінші және келесі кезектерін, қоысмша өндіріс кешендерін және өндірістерді, жаңа кәсіпорындарды салу немесе қызмет етіп жүрген кәсіпорындарды кеңейту;
∙ шаруашылық жүргізіп жүрген кәсіпорындарды қайта құру – моральды тұрып қалған және физикалық жағынан тозған қондырғыларды ауыстыру арқылы жаңа өнімнің шығарылуының профилін өзгерту мақсатымен өндірісті толық немесе жартылай қайта жабдықтауды ортақ жоба бойынша жүзеге асыру;
∙ техникалық қайта қамтамасыздандыру – жекелеген цехтардың, өндірістердің, учаскелердің өндірісінің техникалық-экономикалық деңгейлерін арттыруға бағытталған шара кешендерін жүргізу.
Инвестицияның ұсынылған жіктелуі қазіргі заманның инвестициялық жобалау концепцияларын толығырақ түсіну үшін, жүріп жатқан процестерді жан-жақты бағалау үшін қажет.
Инвестиция деңгейі қоғамның ұлттық табысының көлеміне ықпал етеді, ұлттық экономиканың көптеген макро-пропорциялары инвестиция қозғалысына тәуелді. Кейнсиандық теория бойынша инвестиция мен жинақ ахуалы (яғни көзі немесе инвестиция резервуары) әр түрлі процестер мен жағдайлар арқылы анықталады.
Ел аумағындағы инвестициялар ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін анықтайды. Жаңа кәсіпорындар құрылысы, үй тұрғызу, жол салу соларға байланысты жаңа жұмыс орынын жасау инвестициялық процестерге немесе капиталдың құрылуына тәуелді.
Инвестиция көзі – жинақ. Мәселе мынада, жинақты бір шаруашылық агенті жүргізіп, ал инвестицияны басқа адамдар немесе шаруашылық етуші субъектілер жүргізуі мүмкін. Көпшілік адамдардың жинағы инвестиция көзі болып табылады (мысалы жұмысшының, оқытушының, дәрігердің т.б. жинағы). Алайда бұл адамдар қоғамдық капиталдардың нақты өсуімен байланысты ұйымдастыру немесе инвестициялауды жүргізбейді. Әрине, инвестиция көзі қоғамдағы жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және басқа да кәсіпорындардың жинағы болады. Мұнда жинақшы мен инвестор сәйкес. Алайда, бі мезгілде кәсіпкер де, жұмыскер де бола алмайтын жалдамалы жұмысшының жинағының рөлі едәуір, сондықтан жинақ пен инвестициялау процестерінің сәйкес келмеуі экономиканың тепе-теңдіктен ауытқуына әкелуі мүмкін.
Инвестиция қандай факторларға тәуелді? Олардың ең маңыздыларын атап өтейін. Біріншіден, инвестиция процесі күтіліп отырған пайда нормасына немесе күрделі қаржылық рентабельділігіне тәуелді. Егер инвестордың пікірінше рентабельділік төмен болса, онда қаржыландыру жүзеге аспайды. Екіншіден (мұның өзі бірінші жағдаймен байланысты) инвестор шешім қабылдау кезінде күрделі қаржының альтернативті мүмкіндіктерін есепке алады және мұндағы шешуші фактор процент ставкасының деңгейі болады. Инвестор ақшасын жаңа зауыт, фабрика құрылысына жұмсауы мүмкін, немесе ақша ресурстарын банкке орныластыруы да ықтимал. Егер процент нормасы күтіліп отырған пайда нормасынан жоғары болса, инвестиция жүзеге аспайды, керісінше, егер процент нормасы күтіліп отырған пайда нормасынан төмен болса, кәсіпкерлер күрделі қаржыны іске қосады. Процент нормасы, инвестициялар мен жинақтар арасындағы өзара байланысын былай түсіндіруге болады: инвестиция процент ставкасының қызметі де, ал жинақ – табыстың қызметі.
Үшіншіден, инвестиция сол елдегі немесе аймақтағы салық салудың деңгейі мен ахуалына тәуелді. Салық деңгейінің жоғары олуы инвестицияны ынталандырмайды, сонымен қатар салықтың қандай ставкасы жоғары немесе төмен деп үзілді-кесілді айтуға да болмайды.
Инвестицияның ұлғаюы ұлттық табыстың өсуі мен белгілі бір тиімділік арқылы жұмыспен толық қамтуды іс жүзіне асыруға ықпал етеді.
Инвестициялар аяқталмаған құрылыс пен өндіріс қорларының артуын қамтамасыз ету және өндіріс қорларының орнын толтыру секілді бірқатар маңызды қызметтерді атқарады.
Сондықтан, капитал салымдары іске асыру әдісі бойынша бір жолғы шығын ретінде, ал экономикалық мәні бойынша ұлттық кірістің қоғамдық өнімінің бір бөлігі ретінде қарастырылады. Ақшалай инвестициялар нақты нысандарға жұмсалатын капитал салымдары түрінде көрінеді. Капитал салымдарының қайнар көзі жарғы капиталы, қосымша капитал, ұзақ мерзімді займдар және басқа да пассивтер болып табылады.
Инвестициялардың тиімділігін арттырудағы экономикалық мақсат капитал салымдарының үлесін, яғни өнімнің қор сыйымдылығын азайтуға немесе құрылыс мерзімін қысқартуға және өндіріске жаңа техниканы енгізуге бағытталады.
1.2. Инвестицияның экономикалық тиімділігін бағалаудың
әдістемелік негіздері
Қазақстандағы нарықтық экономикаға көшу жағдайында инвестициялық үрдіс барысын және инвестиция тиімділігін жоғарылатудың негізгі бағытын анықтау қажет. Атап кету керек, шетелдік теория инвестицияның зерттеу объектісі қаржылай инвестиция болып табылады. Отандық экономикалық ғылым тек нақты капитал жұмсау инвестициясымен айналысып келеді. Ғылыми ортада талданатын мәселелер тобында мән берілетіні тиімділік критериясы, экономикалық тиімділік, өтеушілік мерзімі. Пікірге атақты ғалымдар ат салысқан, мысалы, Т. Хачатуров, У. Баймұратов, А. Әлімбаев, т.б.
Халық шаруашылығы тәсілі негізінде капитал жұмсаудың экономикалық тиімділігін бағалау мәселесіне А. Анчишкин, В. Немчиков,
Д. Львов, В. Логинов, В. Красовский және тағы басқалары да көп үлесін қосты. Капитал жұмсауды бөлу жоспарлау әдісімен болған экономикалық тиімділікті анықтау үшін екі негізгі әдістеме пайдаланылды:
- Рационализаторлық жағдай- халық шаруашылығында жаңа техниканы экономикалық тиімді пайдалануды анықтау әдістемесі.
-Капитал жұмсау тиімділігін бағалау кезінде кең таратылуды келтірілген шығын көмегімен өндірістік тағайындаудағы әртүрлі жоба объектілері нұсқаларының тиімділігімен салыстыру әдістемесі. Осы әдістемеге сәйкес жылдық халықшаруашылық тиімділіктің ең негізгі нұсқасы келтірілген шығынның капитал жұмсауға дейін және оны жүзеге асырғаннан кейінгі айырмасы ретінде анықталады.
Жалпы алғанда, тиімділік – кірістің шығындарға, ресурстарға немесе жұмсалған күш-жігерге қатынасын көрсетеді және көзделген мақсатқа жету дегенді білдіреді.
Әр түрлі елдерде экономикалық нәтиже ретінде жылдық үнемдеу, экономикалық эффект, кіріс, таза өнім, жалпы және таза пайда, дивиденттер қабылданады. Бұл экономикалық нәтижелердің барлық түрлері алға қойған мақсат пен қызметке және іс-шараның сипаты бойынша экономикалық тиімділікті есептеуде қолданылады. Жүргізілетін іс-шаралар аз үнемдеуге себеп болған жағдайда, экономикалық нәтиже ретінде ағымдық өндірістік шығындарда жасалған жылдық үнемдеу алынады. Дивиденттер – акционерлер тұрғысынан іс-шаралардың экономикалық тиіміділігін, ал пайда – нарықтық экономика шарттарында негізгі экономикалық нәтижені сипаттайды.
Сондықтан экономикалық тиімділікті темендегідей көрсетуге болады:
Е = ТП (Y, ШЕК, ЖП)/К,
мұндағы: ТП және ЖП – таза және жалпы пайда; ШЕК – шаруашылық есеп кірісі (кәсіпорынның шаруашылық есептегі бөлімшелері жүргізген іс-шараларының тиіміділігін есептегенде); Ү - өндіріске кететін ағымдық шығындарда жасалған жылдық үнемдеулер; К – капитал салымдары (сол уақытта жұмсалған).
Инвестициялардың тиімділігін экономикалық тұрғыдан негіздеудің объективті қажеттілігі нарықтық экономика шарттарында экономикалық заңдардың қолданылуынан, толығымен өзін-өзі қаржыландыру және өзін-өзі жабдықтау қағидалары бойынша жұмыс істейтін акционерлік және жеке кәсіпорындардың толық экономикалық тәуелсіздігінен; тиімділікті арттырудың түрлері көп, ал қаржылық ресурстар шектеулі болып келетін экономикалық жағдайда материалды-техникалық ресурстардың шектеулі болуынан туындайды. Сонымен қатар, экономикалық тиімділік көрсеткіштері мемлекттік мекемелерді былай қойғанда акционерлік кәсіпорындарда жоспарлау нысаны, ал өткізілетін техникалық, ұйымдастыру-экономикалық сипаттағы іс-шаралардың экономикалық тиіміділігі «бизнес-планның» бір бөлігі болып табылады. Сондай-ақ, экономикалық тиімділік кәсіпорынның іс-шараларының соңғы нәтижелері бойынша норма, норматив, баға ретінде берілуі керек.
Осы себептер экономикалық тиімділікті есептеуді шартты қылады:
- құрылыс, қайта құру, жаңа техника, технология ендірудің ең тиімді нұсқасын таңдау және т.б.;
- өндіріс және тиімділік үшін маңыздылығына қарай іс-шаралардың жүзеге асырылу кезегін анықтау;
- экономикалық тиімділік нәтижелерін жоспарлы және есептік көрсеткіштерімен анықтау;
- жаңа техника мен технологияны қолданудың сыйақы көлемін анықтау;
- тұтынушы-кәсіпорынның ұйымдастырушы-техникалық мәселелердің тез арада және сапалы шешім табуында келісілген бағамен дайындаушы-кәсіпорынды экономикалық ынталандырудың көлемін анықтау.
Сонымен бірге дайындаушы үшін де, тұтынушы үшін де бұл мәселелердің шешімі инвестициялардың экономикалық......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?