Құқық | Конституциялық құқық

 Құқық | Конституциялық құқық

Мазмұны

КІРІСПЕ 3
1. Конституциялық құқық: ұғымы, пәні. Қазақстан Республикасының Конституциясы
4
1.1 Конституцияны нормативтік құқықтық актілердің заңдық қасиеттері
6
2. Қазақстан Республикасы қоғамдық. Құрлысының консти-туциялық негіздері
9
2.2 Адам мен азаматтың конституциялық құқықтарының, бостандықтарының және міндеттерінің жүйесі 14
3. Қазақстан Республикасы сайлау жүйесі, ұғымы қағидаттары, сайлау органдары 18
3.1 Сайлау құқығы қағидаттары 18
ҚОРЫТЫНДЫ 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 27


1. Конституциялық құқық: ұғымы, пәні. Қазақстан Республикасының Конституциясы

Конститу¬циялық құқық ғылымы - конституциялық құрылыстың институттарында бекітілген мемлекеттік-құқықтық және мемлекеттік биліктің іске асырылуы байланысты болатын - ерікті қоғамдық қатынастардың дамуы заңдылықтары жайындағы ғылыми білімдер жүйесі. Конституциялық құқықтың ғылыми жүйесіне:
1) конс¬титуциялық құқықтың құқық саласы екендігі жайындағы білімдер;
2) Қазақстан Республикасы Конституциясының мәні, мазмұны, құрылымы жайындағы білімдер;
3) Қазақстан Респуб¬ликасы конституциялық құрылысының негіздері және олардың қоғамдағы үстем қатынастармен қарым-қатынасы жайлы білімдер;
4) Қазақстан Республикасы азаматының, адамның құқықтары мен бостандықтары туралы білімдер;
5) Қазақстан Респуб¬ликасының ұлттық-мемлекеттік және әкімшілік-аумақтық құры¬лымы туралы білімдер;
6) Қазақстан Республикасының билік органдары жүйесі, жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы білімдер жатады.
Көрсетілген объектілер ғылыми зерттеудің пәні болып табылып ғылыми әдістемелілік қағидаларға сүйеніп, тарихи, қисынды, салыстырмалы-құқықтық, жүйелілік, статистикалық, нақты-әлеуметтік сияқты әдістердің көмегімен оқытылады.
Теориялық қорытындылар жасай отырып, конституциялық құқық ғылымы, ғылыми танымның негізін құрайтын барынша кең деректер жүйесіне сүйенеді. Осындай деректердің қатарына конституция, конституциялық және қатардағы заңдар, Президенттің, Парламенттің, Үкіметтің, жергілікті атқару және өзін-өзі басқару органдарының нормативтік актілері жатады. Сонымен бірге конституциялық құқықтың деректері көздеріне отандық, шетел оқымыстылары, ғалымдары, зерттеушілерінің конс¬титуциялық құқық саласына байланысты жазған еңбектері жа¬тады.
Конституциялық құқық тұлғаның құқық мәртебесі мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік құрылысын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы, құқықтың саласы. Сондықтан мемлекеттің құрылымына, адам мен мемлекет арасындағы қатынасқа, мемлекеттік билікті іске асыру мен ұйымдастыруға байланысты қоғамдық қатынастар конституциялық құқықтың оқытатын пәні.
Құқықтың басқа салалары сияқты, конституциялық құқық¬тың өзіндік қоғамдық қатынастарды құқықпен реттеу әдістері деп аталатын, амал-айла, тәсілдердің жиынтығы бар. Конституциялық-құқықтық қатынастар төмендегідей әдістердің көмегімен реттеледі:
1) міндеттеу әдісі;
2) тыйым салу әдісі;
3) рұқсат беру әдісі;
4) мойындау әдісі.
Сонымен, конституциялық құқық дегеніміз Қазақстан Рес¬публикасы конституциялық құрылысының, адам мен азаматтың мәртебесінің, мемлекет құрылымының, мемлекеттік билік органы жүйесінің, жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқарудың негіздерін реттейтін, құқық нормаларының жиынтығынан тұратын құқықтың бір саласы.
Қазақстан Республикасы Конституциясы. Конституция латыннан соішішііо - аударғанда бекіту, орнату деген мағына береді. Ежелгі Римде конституция деп императорлардың шығарған актілерін атаған. Орта ғасырда әр түрлі сословиялардың құқықтары мен еркіндіктері туралы нормативті актілер консти¬туция делінген. Конституцияның қазіргі замандағы ұғымына жақын мәніндегі ең алғашқы Конституция - 1787 жылы қабылданған. АҚШ Конституциясы. Екінші конституция 1791 жылы Францияда қабылданған. Батыс Еуропа елдерінде конституцияның қалыптасуына ХYIII-ХІХ ғасырлардағы буржуазиялық революциялар тікелей әсер етті. Конституция сол кезеңде феодалдық билікті, абсолюттік монархияны шектеудің, буржуазияның (капиталистердің) экономикалық саяси үстемдігін күшейтудің, бекітудің құқықтық нормасы болып табылды.
Заң ғылымында Конституция деп мемлекет пен адамның, азаматтың өзара қарым-қатынасын, мемлекеттік органдар жүйесінің ұйымдастырылуы мен іс-әрекетін, қоғамдық құрылыс пен мемлекеттік құрылымды бекітетін, жоғарғы заңдық күші бар нормативті акт, негізгі заңды айтамыз.
Конституцияның қоғамдағы маңыздылығы оның атқаратын қызметтерімен тығыз байланысты. Конституциянын негізгі міндеттері:
1) Конституцияның заңдық қызметі құқықтың басқа салаларының негізі, құқықтың басты деректік қайнар көзі бо¬лып табылатындығынан, нормаларының ең жоғарғы заңдық күші барлығынан көрінеді;
2) Конституцияның саяси қызметі қоғамның саяси жүйесі әрекетінің тәртібін реттеуінде;
3) Конститу¬цияның идеологиялық әр алуандылықты мойындай және бекіте отырып, идеологиялық ықпал жасаудың құралы болуы, оның идеологиялық қызметі;
4) Конституцияның мемлекеттегі меншіктің нысанын (формасын), әрекет етуінің тәртібін реттеуі экономикалық қызметіне жатады.


1.1 Конституцияны нормативтік құқықтық актілердің заңдық қасиеттері

Біріншісі, конституцияның, үстемдігі — оның жоғарғы заңдық күші. Ол дегеніміз: конституцияның нормалары басқа құқық салалары үшін дерек көзі; нормативтік актілерді тек конституцияда көрсетілген органдар ғана қабылдай алады; нормативтік актілердің барлығы конституция нормаларына сәйкес болуы қажет; мемлекеттік органдар, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары, лауазымды адамдар, азаматтар, бірлестіктер Конституция нормалары мен баптарын бұзбай сақтауға міндетті. Конституцияның үстемдігі сол Конституция¬ның өзімен бекітіледі.
Екіншісі, Конституцияның құрылтайлық сипаты. Конститу¬ция мемлекеттік құрылыс пен мемлекеттік биліктің іске асырылуының негізін құрайды, бекітеді. Конституцияның нормалары мен баптары басқа нормативтік актілерге қарағанда алғашқы болып табылады.
Үшіншіден, Конституцияның тура, тіке әрекеті. Бұл қасиетін төмендегідей түсіну керек: Конституцияның нормалары заң шығару, атқару және сот билігі үшін міндетті болып есептеледі; Конституцияның нормалары сотта құқық субъектілері өз құқықтарын қорғау үшін пайдаланылуы мүмкін.
Төртіншіден, Конституцияны өзгертудің және қабылдаудың ерекше тәртібі бар. Конституцияны қабылдау не оған толықтырулар мен өзгерістер енгізу, тек Конституцияда бекітілген ерек¬ше жолмен, яғни конституцияның дәрежесіндей заңдық күші бар актінің көмегімен және ол актіні қабылдауға құзыреті мен құқы бар органның еркімен жүзеге асырылады.
Бесіншіден, Конституция ерекше құқықтық қорғауға жатады. Конституцияны құқықтық қорғау дегеніміз конституциялық заңдылықтың сақталу тәртібін қамтамасыз ететін заңды құралдардың жиынтығы. Конституция мен конституциялық құрылысты қорғауда ерекше рол, мемлекет басшысы, ең жоғарғы лауа¬зымды мемлекеттік қызмет, Конституцияның мызғымастығының кепілі, Конституцияны қорғауға ант беретін Қазақстан Республикасы Президентінің үлесіне тиеді. Сонымен бірге, Конс¬титуцияны қорғау мақсатында құқық қорғау органдары құрылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының қалыптасу кезеңдері. Бірінші кезең. Егеменді, тәуелсіз Қазақстан Конститу¬циясының қалыптасу тарихы өзінің бастамасын Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізі туралы 1990 жылғы 24 сәуір заңынан алады. Аталған заң мемлекеттік басқару жүйесі не маңызды өзгеріс енгізді. Нақты айтсақ, елімізде бірінші рет Президент лауазымы енгізілді.
Конституциялық сипаттағы ең алғашқы акты 1990 жылы қазанда қабылданған Қазақ КСР-нын мемлекеттік егемендігі туралы декларация болды. Декларация бойынша Қазақ КСР-і заңдарының КСРО заңдарынан артықшылығы; КСРО мен ҚКСР арасындағы қатынас шартқа негізделетіндігі; Қазақстан әкімшілік-аумақтық құрылымға, саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени-ұлттық құрылысқа байланысты мәселелердің барлығын өз еркімен шешетіндігі; ҚКСР заңдарын бұзған жағдайда өз аумағында КСРО-ның заңдарын тоқтатуға құқы барлығы; Республика аумағына қол сұғылмайды және бөлінбейді, шекарасы оның келісімінсіз өзгермейтіндігі; Жоғарғы Кеңестің келісімінсіз республика жерінде басқа мемлекеттердің әскери бөлімдері мен базалары орналаспайтындығы; Қазақстанның өзінің ішкі әскерін, мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздік органдарын құруға құқығы; Қазақстанның өз мүддесіне сәйкес сыртқы саясаты мен халықаралық қатынасын өз ұйғарымынша анықтай алатындығы жарияланды. Декларацияның жаңа Одақтық шарт пен Қазақстан конституциясын жасауға негіз болатындығы осы декларацияның арнайы бабында айтылды.
1978 жылғы Қазақ ҚСР-ның конституциясы кеңестердің билігін бекітсе, 1990 жылғы егемендік декларация мемлекеттік биліктің тармақталу қағидасы жарияланған бірінші акты еді. Заң шығару билігі жоғарғы кеңеске берілді, республика басшылығы және жоғарғы бөлу атқару билігі Президенттің қолына, сот билігі Жоғарғы Соттың қолына берілді. Декларацияда мемлекеттің әлеуметтік негізін анықтаудың таптық тәсілі көрсетілмеді. Егемендіктің және мемлекеттік билікгін, бірден-бір қайнар көзі халық деп жарияланды.
Республикадағы билік органдары мен басқару жүйесі саласындағы ірі өзгерістердің бастамасы болған 1990 жылы 20 қарашада Қазақ ҚСР-ның Жоғарғы кеңесі «Мемлекеттік билік пен басқарудың құрылымын жетілдіру туралы», 1991 жылы 13 ақпанда «Қазақ ҚСР-ның жергілікті халық депутаттары кеңестері және жергілікті жердегі өзін-өзі басқару туралы» заңдар қабылдаңды.
Бірінші заң бойынша бұрынғы КСРО Министрлер Кеңесі Президенттің жанындағы Министрлер кабинеті болып қайта құрылды. Он беске жуық министрліктер мен мекемелер жойылып, жартысы қайта құрылды. Мемлекеттік жоспарлау, мемле¬кеттік ауыл шаруашылығы өнеркәсібі, Мемлекеттік құрылыс, мемлекеттік жабдықтау, халықтық бақылау комитеті сияқты мекемелер жойылды. Олардың орнына экономика жөніндегі мемлекеттік комитет, монополияға қарсы комитет, мемлекеттік мүлікті басқару комитеті сияқты жаңа басқару органдары құрыл¬ды. Республиканың Вице-президенті мен бас прокуроры лауазымдары енгізілді.
Екінші заң бойынша өкілетті және атқару биліктері кеңестің төрағасының қолына шоғырландырылды. Жергілікті кеңестердін қолына жергілікті шаруашылық, қоммуналды меншік, жергілікті бюджетке түсетін салықтың түрлері бекітілді.
Заңның 3-тарауы мемлекеттік биліктің органдары мен басқарудың құрылымын анықтады. Мемлекеттік билік оны заң шығару, атқару және сот биліктеріне бөлу қағидасына негізделіп іске асырылады деп жазылды. Қазақстан Республикасының және атқару билігінің басшысы Президент деп жарияланды.
4-тарау мемлекеттің экономикалық негізін анықтады. Қазақ¬стан өзіндік экономикалық жүйеге және меншіктің әр алуан түрлілігі мен теңдігіне сүйенеді делінді. Жер және оның қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдік, жануарлар дүниесі және басқа табиғат байлықтары мемлекеттің ерекше меншігі деп жарияланды. Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың субъектісі және сыртқы экономикалық мәселелерді өз еркімен шешетіндігі айтылды. 18-бапта бұл заң Қазақстанның жаңа конституциясын жасауға негіз бола алады деп көрсетілді. Бүгінгі күннен бастап Қазақстан заң жүзінде егеменді мемлекет делінді. Осы мемлекеттік тәуелсіздік туралы конституциялық заңға қайшы келмейтіндіктен Қазақ КСР Конституциясының, заңдарының, КСРО заңдарының нормалары күштерін жоймай әрекет жасай берді.
Осы кезеңде 1978 жылғы Конституцияға елеулі өзгерістер енгізген бірнеше конституциялық заңдар қабылданды. Мысалы 1991 жылы 20 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» заң КСРО азаматтығы мен қос азаматтылықты мойындамады. Заң бойынша Қазақстан Республикасы азаматтығын алудың жаңа негіздері бекітілді.
Конституцияның қалыптасуының үшінші кезеңі 1993 жылғы 28 қаңтарда Жоғарғы Кеңес қабылдаған егемен Қазақстанның тұңғыш Конституциясынан басталады. 1993 жылғы Конститу¬ция Қазақстанның мемлекеттік және қоғамдық құрылысын жаңаша анықтады. Конституция егемендік жарияланған уақыттан бері қабылданған конституциялық занңдардың көптеген құқықтық нормаларын, қағидалары мен идеяларын пайдаланды. Сонымен бірге конституция ескі 1978 жылғы Қазақ КСР-ның кейбір ережелерін сақтады. Мысалы Жоғарғы Кеңес бір палаталық өкілеттік және заң шығарушы орган болып қалды, бірақ бұрынғыдай бүкіл биліктік орган болған жоқ. Жергілікті өкілетті органдар - Кеңестер сақталды. 1978 жылғы Конституцияда жа¬рияланған адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының және тағы басқа да идеялар, ережелер сақталды. Конститу¬цияда тұңғыш рет мемлекетті діни бірлестіктерден бөлуді және Қазақстан аумағында саяси не мәдени автономиялар құру мүмкін еместігін білдіретін «зайырлы және біртұтас (унитарлы)» деген ұғымдар пайдаланылды.
Конституция мемлекеттік билік тармақтарының өзара қарым-қатынасында тежемелік және тепе-теңдік жүйесін пайдаланудың және Конституция нормаларының тура әрекеті ережелерін бекітті.
Конституциялық соттың қаулысына сәйкес 1993 жылы 10 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес Президентке қатардағы заңдық ғана емес, конституциялық заңдық күші бар жарлық қабылдауға болатын уақытша заңды құзырет берді. 1993 жылғы Конституция¬да бұндай ереже болмағаңдықтан, Жоғарғы Кеңестің осы шешімін Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар деуге болады. Конституция дамуының төртінші кезеңі бүгінгі таңда өзіміз өмір сүріп отырған, Республиканың 1995 жылғы екінші Консти¬туциясының қабылдануымен байланысты. Бұл Конституцияның алғашқы конституциядан қабылдану тәртібі жағынан айырмашылығы бүкіл халықтық референдум арқылы қабылдануында. Конституциялық дамудың бесінші кезеңінде 1998 жылы 7 қазанда Парламент осы Конституцияға 19 және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Жарлығына түзетулер енгізді. Парламент 1999 жылғы 10 қаңтарда мерзімінен бұрынғы прези¬дент сайлауын өткізу туралы шешім қабылдады. Келесі түзету¬лер президенттік құзыреттіліктің мерзімін бес жылдан жеті жылға ұзартты. Президентке кандидаттың шектеулі жас мөлшері алынып тасталды. Келесі түзету бойынша кандидаттар дауыс берушілердің 50 пайызынан төмен емес мөлшеріндегі дауысын алғанда сайлау өтті деп есептеледі деген ереже алынып тасталды.

2. Қазақстан Республикасы қоғамдық құрылысының конституциялық негіздері

Әр мемлекеттің өзіндік ерекшелігін көрсететін мемлекеттік құрылымы (құрылысы) болады. Мемлекет осындай құрылымы жағынан демократиялық, демократиялық емес сипатта не басқаруы жағынан республика, монархия болуы мүмкін. Демокра¬тиялық мемлекетте мемлекеттік құрылыстың негізін төмендегідей үш қағидат құрайды: халықтық билік, биліктің бөлінуі, адам мен азаматтың құқықтарымен бостандықтарының артықшылықтары. Мемлекеттік құрылыс сол мемлекеттің негізгі заңы Конституцияда бекітіліп, заңдық күшке ие болады. Конститу¬цияда көрсетіліп, бекітілген мемлекеттік құрылыс конституция¬лық құрылыс деп аталады. Сондықтан, конституциялық құры¬лыс мемлекет іс-әрекетінің негізгі қағидаларын бекітетін, конституциялық нормалардың жиынтығы. Сонымен, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы қандай бөлшектерден тұрады?
Біріншіден, бұл егемендік. Қазақстан егеменді мемлекет. Конституцияның 2-бабының 2-тармағында «Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз еді» — деп жазылған. Мемлекеттік егемендік дегеніміз мемлеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы жөне сот билігі секілді тармақтарының өз аумағындағы толықтығы және халықаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік биліктің шет мемлекеттердің билігінен тәуелсіздігін білдіретін мемлекеттік биліктің үстемдігі.
Демократиялық мемлекетте биліктің бірден-бір қайнар көзі халық болып табылады. Халықты барлық биліктің қайнар көзі деп мойындау, халықтық егемендіктің көрінісі. Халықтық егемендік қоғамды және мемлекетті басқару ісіне нақты араласу үшін халықтың әлеуметтік-экономикалық және саяси құралдар мен мүмкіндіктерге ие болуын білдіретін халықтың толық билігі деген сөз. Халық өз билігін республикалық референдум не сайлау арқылы тікелей немесе мемлекеттік билік органдарына өкілеттік беру арқылы іске асырады. Ешкім өз бетінше билікті иемденіп кете алмайды. Халық пен мемлекет атынан сөйлеу құқығы Қазақстанның Президентіне және конституциялық өкілеттігі шегінде Парламентке берілген. Үкімет халықтың емес, өзінің құзыреті шеңберінде тек мемлекеттің атынан ғана сөйлеуге құқы бар.
Екіншіден, Қазақстан мемлекеттік басқару түрпішіні жағынан республика. Республикада мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары мен лауазымдары бүкіл халықтық сайлау не парламентте сайлану жолдарымен белгілі бір мерзімге сайланады. Қазақстан президенттік республика. Мемлекеттің басшысы, Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының Президенті бүкілхалықтық сайлау барысында 7 жыл мерзімге сайланады. Сонымен бірге - Қазақстан Рес¬публикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы Парламент Мәжілісі бүкіл¬халықтық, тура, ал Парламент Сенаты қосымша сайлаудың нәтижесінде қалыптасады.
Үшіншіден, халықтық билік. Конституцияның 1-бабында көрсетілгендей Қазақстан өзін демократиялық мемлекет ретінде бекітеді. Бұл дегеніміз Қазақстан өзін, конституцияны қабылдайтын, тікелей мемлекет басшысы Президент және заң шығарушы орган Парламент сайлайтын және мерзімі өткен соң оларды ауыстыруға деген халықта құрылтай билігі бар мемлекет ретінде анықтайды. Сөз, ар-ождан, тіл, бірігу, мемлекеттік қызметке араласу сияқты құқықтар мен бостандықтар бере отырып, мемлекет әлеуметтік және ұлттық шыққан тегіне қарамастан азшылық пен жекелеген азаматтардың мүдделерін қорғауға мүмкіншілік туғызады.
Төртіншіден, мемлекеттің зайырлы сипаты. Қазақстанда дін, діни мекемелер мемлекеттен ажыратылған, мемлекеттік не жалпы міндетті бір дін жоқ. Діни негіздегі партия құруға тыйым салынған. Әрбір адамның, азаматтың белгілі бір дінді ұстануына не ұстанбауына, дінің ауыстыруға болатын ар-ождан бостандығы, құқығы бар.
Бесіншіден, құқықтың үстемдігі. Қазақстан өзін құқықтық мемлекет ретінде бекітетіндіктен қоғамдық өмірдің барлық салаларында құқықтың рөлі мен үстемдігі жоғары болуы қажет. Құқықтық мемлекетте адам мен азаматтың құқығы, бостандығы ең қымбат құндылық, заңның үстемдігі, биліктің тармақталуы, сот билігінің тәуелсіздігі, мемлекет пен әрбір адамның өзара жауапкершілігі мойындалуы тиіс.
Алтыншыдан, мемлекеттің әлеуметтік сипаты. Қазақстан өзін әлеуметтік мемлекет ретінде бекітетіндіктен, мемлекет ат төбеліндей азғана топқа не адам мемлекетке емес, керісінше мемлекет көпшілікке, халыққа, қоғамға қызмет жасайды. Мем¬лекет қоғамдағы игіліктер мен байлықты барлық азаматтарға тең бөлуге тырысады. Білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, жұмыспен қамтамасыз ету сияқты әлеуметтік салаларды, халықтың жағдайы нашар, табысы төмен топтарын қолдап отыруға міңдетті, Мемлекет адамдардың өмір сүруге қажетті қоршаған ортаның тазалығы, қауіпсіздік, экономикалық бостандықтарды мемлекеттен талап етуін мойыңдайды. Жетіншіден, Қазақстан республикасы бірыңғай (унитарлық) мемлекет. Бірыңғайлы мемлекет дегеніміз — өзінің құрамында автономия не қаңдай да бір мемлекеттік сипаттағы ұйымдар жоқ, бір конституциясы, тұтас жүйелі құқығы, бір азаматтығы, өзінің Парламенті, Үкіметі, атқару, сот билігі, әкімшілік-аумақтық өлігі бар, мемлекеттік басқару нысаны. Қазақстаңда мемлеттік биліктің бірлігін мемлекеттің басшысы, ең жоғары .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?