Экономика | Коммерциялық банктің рейтингін талдаудың ақпараттық жүйесі

 Экономика | Коммерциялық банктің рейтингін талдаудың ақпараттық жүйесі

Мазмұны

I. Кіріспе.....................................................................................................2
Коммерциялық банк дегеніміз не?
II. Негізгі бөлім
а) Қолдану саласы...................................................................................4
ә) Банктік қадағалаудың мәні мен әдістері...........................................4
б) Банк қызметін рейтингтік бағалау.....................................................7
в) Ақпараттық жүйе құрылымы...........................................................13
г) Құжаттар: кіріс және шығыс.............................................................21
III. Қорытынды.............................................................................................25
IV. Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................26


Банктік қадағалаудың мәні мен әдістері
Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу Ұлттық банктің Қаржылық қадағалау департаменті көмегімен жүзеге асады.
Мұндағы басты міндеттерінің бірі – бұл банктердің қызметін реттеуді экономикалық тиімді жолмен жүргізуді қамтамасыз ету, яғни банктік сектордың сенімділігі мен тұрақтылығын қолдау. Ал ол міндетті шешуде банктердің қызметін қадағалаудың 2 негізгі әдісін қалай тиімді қолдану мәселесі туады.
Бұл – қашықтан (дистанционды) қадағалау әдісі және инспекциялық әдісі.
Қашықтан қадағалау әдісі – бұл банктердің қадағалау органдарына мәліметтер беру түрінде жүргізілетін пруденциялық қадағалау әдісі.
Ақпараттық есеп базасы. Банктердің қызметін кешенді түрде сипаттайтын ақпараттың негізгі және жинақтаушы көздері болып табылатын банк балансы мен қаржылық есеп есебін талдау барысында жеке банктік операциялардың тәуекелдік деңгейі мен табыстылығын, өтімділігін анықтауға, меншікті және тартылған қаражаттардың көздерін, олардың белгілі бір кезеңге орналастыру құрылымын айқындауға, сондай-ақ банк жүйесіндегі жеке бір банктердің қызметінің мамандануы мен маңызын белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық талдаудың мақсаты – енді пайда болып келе жатқан мәселелерді қаржылық тұрақсыздыққа ұшырауға дейін айқындау. Бұндай мәселелерді айқындау банктердің қаржылық есеп беруінен және осы мәселеге қатысты басқа да ақпараттардан (басқару сапасы туралы, сыртқы аудиттің сапасы мен аудиторлардың есеп беруінің мазмұны туралы ақпараттар) алынатын қаржылық ақпараттарды талдауды жүзеге асырумен іске асады.
Қашықтан талдау жүргізгенде мынадай міндеттер шешіледі:
1) Банктердің пруденциялық нормативтер мен сақтауға міндетті басқа нормалар мен лимиттерді, резервтік талаптар және күмәнді қарыздарға қарсы провизияларды құру барысының орындалуын тексеру.
2) Банктердің қаржылық қызметін қарастыру, оның болашақтағы жұмысы мен дамуы жайлы ой қалыптастыру, оның нәтижелерін соған ұқсас банктердің нәтижелерімен салыстыра отырып бағалау.
Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық қызметін талдау банктердің қызметінің қаржылық жағдайы мен нәтижесіне қатысты мынадай маңызды сұрақтарды қамтиды:
1) капитал;
2) активтердің сапасы;
3) пайдалылық, табыстылық пен рентабельділік;
4) өтімділік.
Қаржылық талдаумен айналысатын мамандар банктік мәселелердің пайда болуының мүмкін болар жақтарын айқындауға тиіс.
Капиталды талдау. Капитал банктің қаржылық жағдайының ең маңызды көрсеткіші болып табылады.
Капитал жеткіліктілігі, оның табыстылығы сияқты қашықтан бақыланып отыруға тиіс. Сондықтан банктің капитал бойынша ұстанымын жан-жақты талдау, кез келген банкті қашықтан тексерудің маңызды элементтерін білдіреді.
Жалпы капитал жеткіліктігі туралы өзінің ойын қалыптастыратын талдаушы мынадай сұрақтарды ескеруі қажет:
• Банк капиталы стандарттарға жауап бере ме?
• Ең төменгі капитал мөлшерінен асқан жағдай болды ма?
• Капитал деңгейінің банктің өзіне алған тәуекелге қатынасы қандай?
• Ең төменгі стандарттармен жеткіліксіз есептеуге алынған тәуекелдер бар ма?
• Банк капиталының деңгейінің өзгеру үрдісі қандай? Оның көбеюі мен азаюының себептері қандай?
• Банк капиталының сапасы қандай?
Капиталдың кез келген бөлігін банк үшін тұрақты қаражаттар көзі деп санамауға себептер бар ма?
Активтердің сапасын талдау. Банктің активтерінің сапасы банктік операциялардың барлық аспектілеріне әсерін тигізеді. Егер қарыз алушы өзінің қарыздарын қайтармайтын болса олар бойынша пайызды төлемейтін болса, онда банктің таза пайдасы азаяды. Ал пайдасының азаюы, өз кезегінде өтімділіктің жетіспеушілігіне әкеп соғуы мүмкін. Таза пайданың тұрақсыздығы банк каптиталын көбейтуге мүмкіндік бермейді және активтер сапасының нашарлауы жалпы капиталға теріс әсерін тигізеді. Осы себептердің салдарынан банктердің төлем қабілетсіздікке ұшырау мүмкіндігі туындайды.
Табыстар мен шығыстарды талдау. Капитал, банктің қаржылық жағдайының ең маңызды көрсеткіштерінің бірі дедік. Ал капиталдың тұрақты жағдайын, сәйкес табыстарсыз қолдау мүмкін емес. Банк неғұрлым рентабельді жұмыс жасаған сайын, соғұрлым жыл сайын өзінің капиталын толықтырып және акционерлеріне пайда беріп отырады. Акционерлер банктің одан әрі дамуына жағдай жасайды. Ал шығындар банктің капиталын азайтып немесе жойып жіберуі мүмкін. Өз табыстарын қайтара алмаған акционерлер капиталды инвестициялауды тоқтатып, соның салдарынан банк банкротқа ұшырауы мүмкін. Сондықтан банктің табыстарын үздіксіз қашықтан бақылау қажет.
Өтімділікті талдау. Банктің өтімділік жағдайы оның барлық қызметінің көрсеткіштеріне әсер етеді.
Банктің өз міндеттемелері бойынша жауап бере алмауы банкке деген сенімінің жоғалуына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан өтімділікті қашықтан талдау мен қадағалауда өтімділікке әсер ететін банктің барлық көрсеткіштері мен жағдайлары ескеріліп, өтімді активтердің сомасы мен міндеттемелердің құрамы сияқты банктің өтімділігі бойынша объективті көрсеткіштерге көңіл аударылады. Сондай-ақ банктің өтімділігін кең түрде талдау қарастырылады.
Екінші деңгейдегі банктер Ұлттық банктің Қаржылық қадағалау департаментіне есеп берудің мынадай формаларын тапсырады:
- 700 Н формасы бойынша күнделікті балансы;
- ашық валюталық позицияның лимиттері және валюталық нетто-позициясы туралы апталық есебі;
- ағымдағы өтімділіктің орындалғаны жайлы апта сайын есеп беру (талаптар мен міндеттемелерінің өзара салыстыру кестесі);
- пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы ай сайын есеп беруі;
- активтердің және шартты талаптар мен міндеттемелерінің ай сайын жіктелуінен;
- тоқсан сайын үнемі қаржылық есеп беруі.
Сонымен банктер мен әр түрлі есеп берулердің негізінде қашықтан қадағалаудың қызметкерлері тоқсан сайын Статус-Репорт деп аталатын қысқаша қорытынды жасайды.
Статус-Репорт – банктің ағымдағы қаржылық жағдайын толық бағалауға мүмкіндік беретін құжат.

Статус-Репортты жасау барысында қашықтан қадағалау қызметкерлері «CAELS» («CAELS», яғни М-менеджментті қарастырмағанда, CAMELS жүйесі бойынша) компоненттері бойынша банкке рейтинг беру жүйесін қолданады.
Берілген баға тек қана ішкі арналымдарға ғана қолданылады және банкке санкцияларды қолдануға негіз бола алмайды. Бұл құжатты қарастыру қорытындылары банк бойынша сәйкес ұсыныстар берумен қатар соңғы шешім қабылдау үшін Қаржылық қадағалау департаментінің басшылығына беріледі.
Статус-Репортта көрсетілетін негізгі қаржылық көрсеткіштер мен басқа да мәліметтерге мыналар жатады:
1) Банк туралы жалпы мәліметтер.
2) Меншікті капиталының көлемі мен құрылымы.
3) Банктің активтері.
4) Банктің міндеттемелері.
5) Банктің табысы мен шығысы.
6) Өтімділігі және ең төменгі резервтік талаптар.
7) Қосымша ақпараттар.
Сонымен қашықтан қадағалаудың талдаушысы екінші деңгейдегі банктердің банктік қадағалау департаментіне әр түрлі есеп беруін қарастырып, талдау жасау барысында банктің ағымдағы қаржылық жағдайын толық бағалауға мүмкіндік беретін Статус-Репорт деген қысқаша қорытынды құжат жасайды.
Қашықтан қадағалау қызметкерлері сондай-ақ жыл соңында төрт тоқсан бойынша қорытынды жасап, жылдық Статус-Репортты жасайды.
Сонымен қатар, қашықтан қадағалау талдаушысы:
- банктерді ашу үшін табыс ететін құжаттарды қарастырады;
- банктерге банктік операцияларды жүргізуге лицензия беру құжаттарын қарастырады;
- банктің басқарушы қызметкерлерінің кандидатуралары бойынша Ұлттық банктің біліктілік коммисиясында қаралатын сәйкес құжаттарды дайындайды;
- банктердің бағалы қағаздар проспектілерінің эммисияларын сараптаудан өткізеді және оларды шығару қорытындылары мен орналастыруын қарастырады;
- банктің қаржылық жағдайын сауықтыру бойынша сондай-ақ оларға санкциялар немесе шектелген ықпал ету шараларын қолдануға байланысты ұсыныстар жасайды және Банктік қадағалау департаментіне жүктелген басқа да қызметтерді атқарады.
Қашықтан қадағалаудың артықшылығы – онда банктердің жағдайы туралы мәліметтер, әсіресе капитал жеткіліктілігі, өтімділігі және табыстылығы бойынша жиі жаңартылып тұрады. Соның өзінде тәуекелдің аспектілеріне жеткілікті көңіл аударуға мүмкіндік болмайды және кейбір берілген мәліметтердің дұрыстығына, оның тексеруден өтпегеніне толық сенуге болмайды.
Инспекциялық қадағалау – банктерді орналасқан жерінде тексеру арқылы олардың жағдайлары туралы нақты мәліметтер алуға мүмкіндік беретін банктердің қызметін реттеу әдісі.
Инспекциялау әдісінің артықшылығы – банктің барлық операциялары мен тәуекелін тиянақты тексеру, сондай-ақ банктің басқарылуы туралы нақты көрініс алуға болады. Сонымен қатар инспекциялар сирек – кейбір жағдайда бірнеше жылда бір рет жүргізіледі, сондықтан банктің жағдайының барлық жақтарына үзіліссіз бақылау қызметін жасай алмайды.
Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу механизмі қазіргі кезде көптеген елдерде қолданылатын осындай екі әдісті бірге қамтиды. Соның ішінде қашықтан қадағалау әдісі жедел тексеруді қажет ететін банктерді анықтаудың негізі болып табылатын көрсеткіштерді айқындау үшін қолданылады және тексеруді ерекше алаңдататын қызметтердің бағытын дұрыстап тексеруді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Қашықтан қадағалау, инспекциялау барысында анықталған мәселелерді жою бойынша жұмыстардың нәтижесіне бақылау жасауы мүмкін. Осымен бірге қадағалау орындары қызметкерлерінің есеп беруілерді тексеру, инспексиялау ісінде біліктілігі мен кәсіптілігі болуы керек.


Банк қызметін рейтингтік бағалау
Жалпы қаржылық жағдайды анықтауда банктің негізгі көрсеткіштерін және капиталдың сәйкестілігін, активтердің сапасын, басқаруды, табыстылығы мен өтімділігін бағалайтын CAMELS жүйесі қолданылады.
Банктің қаржылық жағдайын жан-жақты тексерулер барысында мынадай сұрақтар қамтылады:
а) Банктің қаржылық жағдайымен жүргізілетін операциялардың саласын анықтау.
Бұл активтер мен кассаны түгендеу, ішкі бақылау шараларын орындауын тексеру, белгіленген тәртіптерді сақтау мен құжаттардың дұрыс жүргізілуі;
ә) басқару сапасын бағалау, олар мыналарды қамтиды:
- операторлар жағынан басшылықтың бақылауын бақылау;
- банк басшылығына берілген құзыреттер мен олардың жүзеге асу тәртібін зерттеу;
- қызметкерлердің қызметке сәйкестігін және қайта дайындау тәртібі;
- иерархиялық құрылым мен екі жақты бақылау.
б) заңдар мен инструкцияларды сақтауына бақылау жасау.
Құжаттар мен заңдардың және белгіленген әдістердің сақталуын тексеру;
в) бухгалтерлік есеп беруді жүргізудің дәлдігі.
Аудиторлық тексеру нәтижесінде алынған санкциялар мен ұсыныстарды сақтау, келісімдер бойынша құжаттарды жүргізудің дәлдігін және дұрыстығын бағалау.
г) Активтердің сапасын тексеру.
Операторлар кеңесімен жасалған несие саясатының толықтығы мынадай бағыттарды қамтиды:
- жеке тұлғалар мен компанияларға берілетін несиелердің қатынасы;
- банктер үшін қолайлы бағалы қағаздардың түрлері;
- бағалау тәртібі;
- несиелердің шекті көлемі;
- несиені бағалау әдістемесі;
- несиенің қайтарылуы мен несиелік қабылеттілігін бақылау;
- несиенің «ескіруі», пайыздардың тоқтатылуы мен несие бойынша шығындарды жабу үшін резервтерді құру.
д) банктің төлем қабілеттілігін бағалау. Бұдан кейін банктің төлем қабілеттілігі мен банк балансы бағаланады. Бұл әдетте банктің жоғары менеджментімен және аудиторларымен жеке-жеке қарастыруды қамтиды.
Банкті тексеру бойынша коммисияның, басшысы қажет болған жағдайда, оның мүшелері арасында нақты міндеттердің болуы мен жұмыстың жоспарын анықтайды. Коммисия инспекциялауды жүргізу барысында өзінің жұмысын өз бетінше ұйымдастырады және танысу үшін банктен барлық қажетті құжаттарды алуға құқылы. Банк талап етілген құжаттарды дайындауға және тексерушілерге беруге жауапты өз мамандарын анықтайды.
CAMELS рейтинг жүйесі – қаржылық есеп беру мәліметтері мен инспекциялық тексерулердің нәтижесі бойынша банктің жағдайына баға беруге болатын банкті қаржылық талдаудың әдісі.
Мұндай жүйе ретінде 1979 жалдан бастап АҚШ-тың үш қадағалау органдары Федералды Резервтік жүйе, Депозиттерді сақтандыру федеральды корпорациясы және ақша айналысын бақылаушылыр қаржы институттарын стандартты бақылауға мүмкіндік беретін CAMEL жүйесін қолданады. 1997 жылдан бастап банктік бизнестегі өзгерістерге байланысты және жалпы экономикалық ағымдардың әсерінен бұл жүйеге түзетулер енгізілді. Нәтижесінде алтыншы компоненті – “S” банктердің нарықтық тәуекелдерге қатысты сезімталдығын көрсететін көрсеткіш енгізілді.
Рейтинг жүйесінің CAMELS атауы талданатын компоненттердің алғашқы әріптерінен құрылған:
C – (capital adequacy) – капиталдың жеткіліктігі, мұнда банктің міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін капиталдың жеткіліктігі, яғни меншікті капиталының көлемі бағаланады.
A – (asset quality) – активтердің сапасы, мұнда активтердің сапасы анықталады, сонымен бірге, несиені қайтаруды қамтамасыз етуге және проблемалы несиенің жалпы банктің қаржылық жағдайына әсер етуіне баға беріледі.
M – (management) – менеджмент – банк қызметінің тиімділігіне, қалыптасқан жұмыс тәртібі мен заңды және нормативтік актілердің талаптарының орындалуына бақылау әдістерін ескере отырып, банкті басқару әдістері бағаланады.
E – (Earnings) – табыстылығы (пайдалылығы) – банктік қызметтерді кеңейту перспективалары үшін, оның табысының жеткіліктілігі тұрғысынан банктің рентабельділігі бағаланады.
L – (Liquidity) - өтімділік, банктің ағымдағы және болашақтағы міндеттемелерін орындау үшін өтімді активтерінің жеткіліктігі, яғни өтімділік деңгейі анықталады.
S – (sensibility) – сезімталдық банктердің нарықтық тәуекелдерге қатысты сезімталдығын бағалау.
Берілген есеп беру мәліметтердің растығын тексерген соң, CAMELS жүйесі бойынша рейтингті анықтау үшін пайдалылықты талдау жүргізіледі.
Пайдалылықты талдау жылдың соңында жүргізіледі. Банктің пайдалылық көрсеткіші активтердің орташа құнына қатысты қайтарымдылық коэффициенті болып табылады. Ол төмендегідей есептеледі:

Дивиденттерді төлегенге дейінгі және салықты төлегеннен кейін таза пайда
Активтердің орташа құны

CAMELS жүйесінің компоненттерін бағалау Ұлттық банкке берілетін қаржылық есеп берулердің мәліметтері бойынша жүргізіледі. Бірақ та оларды нақтырақ бағалау үшін инспекциялық тексерулерді жүргізу қажет. Бұл жүйе бойынша банкті бағалау үздіксіз үрдіс болып табылады. Дегенмен де бағалауды инспекциялық тексерудің соңында жүргізгенді дұрыс санайды.
CAMELS жүйесінің бес компонентінің әрқайсысын: капиталдың жеткіліктілігі, активтердің сапасын, басқару, табыстылығын және өтімділігін бағалауды жүргізгенде мынадай принциптер мен тәртіптерді ескеру қажет:
1-рейтинг (тұрақты):
- өте жақсы нәтижелер мен қаржылық тұрақтылық;
- бағалануы өте жоғары немесе басқа банктерге қарағанда жоғары.
2-рейтинг (қанағаттанарлық):
- қызметінің нәтижелері қанағаттанарлық (күрделі мәселелер табылған жоқ);
- қызметінің нәтижелері орташадан жоғары немесе орташа деңгейде,
- қаржы операцияларының қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасалған.
3 – рейтинг (орташа) :
- қызметінің нәтижелері қанағаттанарлықсыз;
- бағалануы орташа немесе қанағаттанарлықтан төмен;
- сапасы орташадан төмен.
4 – рейтинг (шекті):
- орындалуы орташа деңгейден төмен;
- банктің қызметіндегі кемшіліктері болашақта банк қызметіне қауіп төндіретіні анық көрініп тұр.
5 – рейтинг (қанағаттанарлықсыз):
- қызметінің нәтижелері сөзсіз нашар;
- мәселелері асқынған және тез арада шаралар қолдануды талап етеді;
-егер кемшіліктерді жою бойынша шаралар қолданбаса, банктің банкротқа ұшырау қаупі бар.
Капиталдың жеткіліктігі. Капитал салымшылардың құралдарын қорғайтын ең басты құрал болып табылады. Тұрақты капиталы бар банктің өзінің салымшыларына қауіп төндірмей үлкен шығындарды өз мойнына алу мүмкіндігі болады.
Сонымен қатар, банктердің халықаралық стандарттарға өтуі бойынша оларды бірінші немесе екніші топқа жатқызуға байланысты әрбір банк үшін белгіленетін жеке бақылау белгілері бар.
Бұл рейтингтегі банктерге акционерлер немесе басқа да қолдау көздері жағынан жедел жәрдем жасау талап етіледі. Қаржылық және де басқа да әлсіз жақтары банктің төлем қабілеттілігіне қауіп төндіреді.
Активтердің сапасы . Банктің активтерінің сапасын талдаудың мақсаты болып банктің есеп беруінде олардың өмір сүру қабілеттілігі мен құны дұрыс көрсетілгенін анықтау. Тәуекел деңгейін анықтауда активтердің әр деңгейдегі тәуекеленің бар екенін ескеру қажет. Белгілі бір активтердің түрлері тәуекелмен ешбір байланныссыз болады. Мысалға, кассадағы қолма-қол ақша немесе Ұлттық банктегі кореспонденттік шоттағы қалдық. Бұл активтерге қарама-қарсы 100% тәуекелі бар активтер бар. Мысалы, оларға банктен берілетін несиелер жатады.
Активтердің сапасын талдау барлық активтердің түрлерін, сондай-ақ баланстан тыс активтер мен проблемалы активтердің негізгі бөлігі ретінде несие портфелін қамтиды. Сондықтан несие портфелінің сапасын талдау көп көңіл бөлуді қажет етеді. Бұл талдаудың негізгі қағидасы несиенің қайтарылуын қамтамасыз етуді талдау болып табылады.
Егер банк несие бойынша шығындарды жабуға провизиялар құрған болса, онда құрылған провизиялардың сомасын активтердің жіктелінуіне ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?