Экономика | Кәсіпорынның бәсекелестік қабілеті
Мазмұны
Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4
1. Кәсіпорындағы қаржы менеджментінің бәсекелестік
жағдайдағы маңызы
1.1. Қаржы менеджментінің мазмұны және міндеттері . . . . . . . . . . . . . 6
1.2. Бәсекелестік қабілетті қамтамасыз етудегі
қаржы менеджментінің ролі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8
1.3. Қаржы менеджменті және маркетингтік саясаттың
өзара байланысы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
2. Кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін талдау
2.1. Кәсіпорынның нарықтағы жағдайды талдауы. . . . . . . . . . . . . . . . 13
2.2. Кәсіпорын өнімінің бәсекелестік қабілетін талдау . . . . . . . . . . . . . 16
2.3. Кәсіпорынның тиімді баға стратегиясын қалыптастыру . . . . . . . . . 20
3. Қазақстандағы кәсіпорындардың бәсекелестік
қабілетінің мәселелері
3.1. Қазақстандағы бәсекелестіктің негізгі нысандары . . . . . . . . . . . . . 23
3.2. Кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетін
арттыру жолдары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 25
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 28
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 30.....

1.1. Қаржы менеджментінің мазмұны және міндеттері
Нарықтық экономика және бәсекелестіктің дамуы жағдайларында кәсіпорындардың қаржылық менеджментінің ролі мен міндеттері ең маңызды мәселердің бірі болып отыр. Кәсіпорынның табыстылығы, бәсекелестік жағдайлардағы өміршеңдігі, қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігі мәселелері қаржы менеджментінің негізгі басқару объектісі болып табылады.
Отандық экономикалық теорияда және тәжірибе жүзінде кәсіпорын қызметін стратегиялық басқару мәселелері әлі де болса жеткіліксіз қарастырылып келеді. Мұның басты себебі – еліміздегі экономикалық бетбұрыстардың басталуына дейін стратегиялық басқару мемлекеттің өз қолында болып келді. Мемлекет өзінің экономикалық саясаты шеңберінде елдің дамуы мен келешегінің стратегиясын қалыптастырып, салалар мен кәсіпорындардың өзекті стратегиялық мақсаттарын анықтап келді. Алайда, нарықтық қатынастардың қалыптасуы және дамуы бәрін де өз орнына қойды. Қазіргі таңда кәсіпорындардың өміршеңдігі, табыстылығы, бәсекелестікке жарамдылығы өз қолдарында, яғни олардың өз қаржылық және шаруашылық жағдайын нығайту кәсіпорынның қаржы менеджментінің стратегиялық міндеті балып табылады.
Жалпылай айтқанда қаржы менеджменті дегеніміз – бұл кәсіпорынның табыс табудың және өндірісті дамытудың стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін қажетті ақша ағындарын қамтамасыз етумен, қаражаттар мен ақша қорларын қалыптастырумен және қолданумен байланысты кәсіпорындардың басқару қызметі болып табылады.
Қаржы менеджментінің қызметтерінің түрлерін келесідей тәртіп бойынша бір жүйеге келтіруге болады:
- жоспарлау – стратегиялық, оперативтік және ағымды қаржылық жоспарлауды, түрлі шараларға сметалар мен бюджеттер құруды қамтиды;
- баға саясатын анықтауға және өнімді сату жоспарын құруға қатысу;
- өзге кәсіпорындармен қосылу немесе бөліну нәтижесінде мүмкін болатын капитал құрылымының өзгеруін бағалау;
- қаржыландыру көздерімен қамтамасыз ету: қысқа және ұзақ мерзімді қаржыландырудың ішкі және сыртқы көздерін іздестіру; олардың оңтайлы құрылымын қалыптастыру;
- қаржы ресурстарын басқару: есеп шоттардағы және кассадағы ақша қаражаттарын басқару; құнды қағаздар қоржынын басқару; қарыз қаражаттарды басқару;
- қаржылық есеп, бақылау және талдау: есеп саясатын қалыптастыру; қаржылық есеп беру түріндегі ақпараттарды өңдеу және пайдаланушыларға ұсыну; қаржылық нәтижелерді талдау және сараптау; есептік көрсеткіштерді жоспарлық және стандарттық көрсеткіштермен салыстыру; кәсіпорын ішіндегі аудит.
Аталған қызметтерді жүзеге асырудың нақты нысандары мен әдістері кәсіпорынның қаржылық саясатымен анықталады. Қаржылық саясат кәсіпорынның өз қызметін жүзеге асыру мақсатында қаржы ресурстарын басқару үшін қолданатын шаралардың жиынтығы болып табылады және келесідей элементтерді қамтиды:
- есеп саясаты;
- несие саясаты;
- инвестициялық саясат;
- ақша ағындарын басқару саясаты;
- шығындарды басқару саясаты;
- дивидендтік саясат.
Есеп саясатын мемлекеттік бухгалтерлік есеп туралы заңнамаға және бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес қалыптастыру қажет. Қазақстан Республикасында бұл тұрғыда негізгі құжат ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің Заңдық күші бар «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» 1995-жылдық 25-желтоқсанында қабылданған Жарлығы және Бухгалтерлік есеп стандарттары қарастырылады.
Несие саясаты шеңберінде кәсіпорынның айналым қаражаттарымен қамтамасыз етілуі шаралары қарастырылады – меншікті айналым қаражаттарының көлемін және қарыз қаражаттарға мұқтаждылықты анықтау. Ұзақ мерзімді несиелерді тарту қажет болған жағдайларда кәсіпорынның капитал құрылымы және қаржылық тұрақтылығы зерттеледі.
Инвестициялық саясат барысында меншікті және тартылған қаражаттарды тиімді орналастыру шаралары қарастырылады.
Ақша қаражаттарын басқару саясаты кәсіпорынның есеп шоттарындағы қаражаттардық қалдықтарын оңтайландырумен, қаражаттардың есеп шоттарға келіп түсуі және олардың қолданылуы уақыттарының аралығын азайтумен, есеп айырысудың түрлі нысандарын қолданумен, дебиторлық қарызды инкассациялаумен байланысты болады.
Шығындарды басқару саясаты шығындардың барлық элементтері бойынша сметалар (жоспарлар) құру және олардың қолдануды тиімді бақылау арқылы жүзеге асады.
Дивидендтік саясат кәсіпорын иелерінің және акционерлері мен менеджерлерінің мүдделерін бірдей деңгейде қорғауға, сондай-ақ кәсіпорын акцияларының, яғни бизнестің құнын арттыруға арналған. Дивидентік саясаттың келесідей нұсқалары мүмкін:
- дивидендтер табыстан бірқалыпты пайыз ретінде бөлініп отырады. Бұл әдістің артықшылығы – қарапайымдылығы. Кәсіпорын табысы артқан сайын акционерлердің де дивидендтік табыстары арта түседі. Сәйкесінше, табыс төмендеуімен дивидендтер де төмендей бастайды;
- тіркеулі дивидендтік төлемдер саясаты – дивидендтер әрбір акцияға тіркеулі мөлшерде төленеді. Артықшылығы – нарықтық ауытқуларды реттеп отыратын қарапайымдылығы; кемшілігі – кәсіпорын табысы төмендеген жағдайда кәсіпорын табыссыз қалады;
- кепілді минимум және экстра дивидендттік төлемдер саясаты;
- дивидендерді капиталдандыру – дивидендтерді акциялар түрінде төлеу. Мұндай саясат кәсіпорын қаржылық қиындықтарға душар болған жағдайда қолданылады.
Қаржы менеджментінің негізгі міндеті – қаржыны басқарудың кәсіпорынның стратегиялық және ағымды мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған тиімді жүйесін қалыптастыру болып табылады. Нақты бір кәсіпорынның қаржыны басқару жүйесі көптеген факторларға байланысты болады: меншіктік нысанына, ұйымдық-құқықтық дәрежесіне, салалық және технологиялық ерекшеліктеріне, капитал көлеміне.
Қаржыны басқару барысында көптеген әдістер қолданылады, солардың ішіндегі негізгілері: болжамдау, жоспарлау, салық менеджменті, сақтандыру және өзін-өзі сақтандыру, несиелеу, баға саясаты және қаржы құралдарын қолдану (лизинг, факторинг).
Кез-келген қаржыны басқару жүйесінің қызмет етуі қолданыстағы заңнамалық актілер мен нормативтік негіздер шеңберінде іске асады. Мұндай құжаттар заңдар мен Президенттің жарлықтарынан бастау алып, әдістемелік нұсқаулармен аяқталады. Сондай-ақ бухгалтерлік есеп берудің қаржылық сипаттағы ақпараттары, тауар және қор биржаларының ақпараттары, несие жүйесінің ақпараттары қолданылады.
Сонымен, кәсіпорынның қаржысын басқару осы саладағы маманнан стратегиялық және ағымды мәселерді шешу үшін терең білімді және жоғары біліктілікті қажет етеді.

қаржы менеджментінің ролі
Бүгінгі таңда әлемдік жетекші компаниялардың іскерлік стратегиясы бәсекелестік артықшылықтарға қол жеткізуге бағытталған. Демек, стратегия дегенімізді нарықтағы ұзақ мерзімді бәсекелестік артықшылықтарды анықтау және жүзеге асыру арқылы өз мақсаттарына жетуге бағытталған қорытынды жоспар ретінде қарастыруға болады. Стратегиялық мақсаттардың саны мен қалыптасуы әрбір компанияда алуан түрлі болуы мүмкін. Олар бір-бірімен тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырып отырады, сондықтан да кәсіпорын өз қарамағында түрлі мақсаттардың толық кешені болуы тиіс. Қаржы менеджментінің мақсаттарын келесідей тәртіп бойынша саралауға болады:
- қаржылық дағдарысты немесе қолайсыз жағдайларды болдырмау;
- өндіріс және өнімді өткізу көлемін арттыру;
- бәсекелестермен күресте жетекші орынға ие болу (қаржыгерлердің көзқарастары бойынша бәсекелестік қабілет капиталдың рентабельділігімен, яғни капитал бірлігіне келетін табыстың мөлшерімен, сипатталады);
- кәсіпорын құнын барынша арттыру.
Қаржы менеджменті бәсекелестік ортадағы ортадағы ролі өндіріс барысын тиімді ұйымдастырумен және оны қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету, осы процесстерді үнемі бақылап отырудан көрініс табады. Нарықтағы үлкен сұраныстарға ие болып жүрген тауарларды немесе әлі нарыққа түспеген жаңа тауарларды іздестіру, оларды өндіруге инвестициялар салу кәсіпорынның табыс көздерін арттыруға септігін тигізеді.
Кәсіпорынның өндіретін тауары, көрсететін қызметі немесе атқаратын жұмысының бағасы, сапасы және имиджі шаруашылық қызметтің табысына едәуір ықпал етеді. Тауар имиджі жөнінде айтатын болсақ, оның ықпалы тенденция түрінде және маңызды түрінде болады. Көрсетілген барлық параметрлер кәсіпорынның табысына тікелей әсер ететіндіктен, табыстың стратегиялық факторларын идентификациялау қаржы менеджментінің басты міндеті болып табылады. Зерттеулердің нәтижелері мынаны дәлелдейді: зерттелетін параметрлер әр түрлі бағаланады және алуан түрде әр түрлі салалардағы тұтынушыларға әсер етеді.
Жалпы алғанда кәсіпорынның қаржы менеджерлері нарықтық даму жағдайларында тұтынушылардың ең алдымен тауардың сапасына, содан кейін өнімнің болмысы мен имиджіне назар аударатынын ескерген жөн. Ал тауардың бағасы тұтынушының санасында тауар туралы алғашқы сипаттаманы қалыптастырғанымен, түптеп келгенде бағасы төмен, сапасыз өнім оларды аз қызықтырады. Тауардың дизайні мен сервистік қызмет көрсету тұтынушылар санасында азырақ мәнге ие, алайда бәсекелестермен күресте артықшылықтарды жеңіп алуда бұл параметрлер де өзінің маңызды ролін ойнайтыны сөзсіз.
Шаруашылық етуші субъектінің табысына тауар сапасының жанама түрде нарықтық үлестің ұлғаюымен сипатталады, ол үлестің артуы өткізілетін өнім сапасының артуымен байланысты. Инновациялық және тұтынушыға жақындық, оның көңілін таба білу секілді факторлар табыстың шешуші факторлары болып табылады. Сонымен қатар, тұрақты нарықтық табысты қамтамасыз ету үшін тауардың сапасына күш-жігердің жұмылдырылуы жеткіліксіз, және бұл параметрді тауар сапасын басқару менеджментінің жүйесіне енгізу керек.
Сондай-ақ, қаржы менеджерлері бәсекелестермен күрес барысында мынаны ескерген дұрыс. Кез-келген нарықтағы немесе саладағы бәсекелес кәсіпорындардың тек аз ғана бөлігі жоғары сапалы тауарларды өндіруге жеткілікті қаржы ресурстарымен жарақталған. Сондықтан да, осы нарықтағы немесе саладағы тауарды әртараптандыру (диверсификациялау) стратегиясын қолдану көптеген мәселелерді шешеді.
Сонымен, қаржы менеджментінің стратегиялық негізгі мақсаты түптеп келгенде тек қана табыс табумен ғана шектеліп қоймай, сонымен қатар нарықтағы өз орнын, бәсекелестік қабілетін қамтамасыз етумен анықталады. Бұл, өз кезегінде, кәсіпорынның жарқын болашағының іргетасы болып табылады.

өзара байланысы
Кәсіпорынның қаржы менеджменті мен маркетингтік саясатының бәсекелестік ортадағы алатын орны ерекше. Бағалық шешімдерді дұрыс қабылдай білу, нарықтың белгілі бір сегменттеріне дұрыс икемделу, тауарды өткізу бойынша ұдайы күш жұмсау, тауарды өткізуді жіті қадағалау және бақылау, сондай-ақ маркетингтік саясатты уақтылы түзету кәсіпорынның қаржылық табыстарға жетуігің маңызды элементтері болып табылады. Осы орайда қаржы менеджменті мен маркетингтік қызметтің бір-бірімен тығыз байланысы көрініс табады.
Бағалық және басқа да қаржылық шешімдер қабылдау үшін кәсіпорынға ең бірінші кезекте оның өніміне деген сұраныс туралы ақпараттар қажет. Мұндай ақпараттарға қол жеткізуге, олардың кәсіпорын үшін тиімділігін анықтауға маркетингтік шараларға шығындар жұмсау арқылы көз жеткізуге болады. Маркетингтік зерттеулер нәтижесінде алынған ақпараттар қосымша тауар өндірудің және сатудың түрлі нұсқаларын қалыптастырып, салыстырып, қажетті қаржылық, дәлірек айтқанда инвестициялық, шешімдер қабылдауға қолайлы жағдайлар жасайды.
Қаржы менеджерлері, әдетте, кәсіпорындағы баға қалыптасудың негізгі екі кезеңін бөліп көрсетеді:
1. Базалық бағаны анықтау, яғни шегерімдерсіз, үстеме бағаларынсыз, тасымалдау, сақтандыру, сервистік компоненттерді есепке алмай баға орнату.
2. Жоғарыда келтірілген компоненттерді, шегерімдерді, үстеме бағаларды есептей отырып, баға орнату.
Базалық бағаны анықтаудың тәжірибеде бірнеше әдістері қалыптасқан. Бұл әдістерді жеке-жеке немесе бірімен байланыстыра отырып қолдануға болады:
- толық шығындар әдісі;
- өндіру (өңдеу) құнының әдісі;
- бағаны қысқартылған шығындар негізінде анықтау;
- тікелей шығындар әдісі және маржиналды шығындар әдісі;
- инвестициялардың рентабельділік (табыстылық) әдісі;
- маркетингтік немесе нарықтық бағалау әдістері.
Баға қалыптасуының аталған әдістері кәсіпорынның стратегиялық маркетингтік мақсаттарына жетудің негізгі құралы болып табылады. Ендігі кезекте туындайтын сұрақ: бағалардың қандай түрлері маркетингтік саясаттың элементтері болып табылады?
Әрине, маркетингтік саясаттың бағаларды анықтау әдістері тауардың нарықта тиісті орнын табуын көздейді. Жаңа тауарлардың нарықта сәтті сұраныс табуын қамтамасыз ету үшін келесідей баға түрлері белгіленеді:
1. Жоғары бағалар, яғни жаңа немесе жетілдірілген тауардың нарықтағы қозғалысының басынан бастап жоғары бағалар белгіленеді. Бұл жағдай кәсіпорын нарықта осы бағамен аталған тауарды сатып алушылардың болатындығына көздері жететін болғанда ғана қолданылады.
2. Тауарды нарыққа енгізу үшін қолданылатын бағалар, яғни кәсіпорын өз тауарларына нарықтағы осы тәріздес тауарлардың бағасынан біршама төмен бағалар орнатады.
3. «Психологиялық» бағалар – қандай да бір бүтін сомадан біршама төмен белгіленген бағалар (мысалға, 199 теңге немесе 1999 теңге секілді бағалар). Мұндай бағалар тұтынушының санасында тауардың бағасын мейлінше төмен көрсетіп, психологиялық әсер қалдырады.
4. Нарықтағы немесе саладағы жетекші фирманың бағалары – тауардың бағасы нарықтағы немесе осы саладағы жетекші орындағы компанияның тауарларына деген бағамен сәйкес белгіленеді.
5. Өндіріс шығындарын өтеу бағалары, яғни жаңа өнімнің бағасын оны өндіруге кеткен нақты шығындарды және нарықтағы немесе саладағы табыстың орташа мөлшерін ескере отырып, қалыптасады.
6. Салтанатты бағалар, яғни қандай да бір ерекше, қайталанбас қасиеттері бар өте жоғары сапалы тауарларға қолданылатын бағалар.
Нарыққа жаңадан енгізілетін тауарлармен қатар, кәсіпорындар қазіргі кездегі тұтыныстағы тауарлардың бағаларын да тиісінше қалыптастырып отырады. Қалыптасып үлгерген және осында ұзақ уақыт тұтыныста жүрген тауарлар үшін бөлек бағалар қарастырылады. Бұл бағаларды тиімді қолдану кәсіпорынның бәсекелестікке жарамдылығын арттыруға септігін тигізеді.
1. Тауарлар мен қызметтердің ауытқымалы төмендеу бағалары. Мұндай бағалар нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың өзара қатынасына байланысты орнатылады және нарық осы тауарлармен толған сайын біртіндеп төмендей бастайды.
2. Ұзақ мерзімді бағалар ұзақ уақыт бойында өзгерістерге бой алдыра бермейді.
3. Нарықтық тұтынушылар сегментінің бағалары. Мұндай бағалар бір тауарға тұтынушылардың түрлі категорияларына (нарық сегменттеріне) қарай әр түрлі шамада белгіленеді.
4. Икемді бағалар, яғни нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың өзгерістеріне жылдам икемделетін бағалар.
5. Артықшылықты бағалар нарықта жетекші орын алатын кәсіпорындардың өз тауарларына мейлінше төмен бағалар орнатумен сипатталады. Бұл жағдайда кәсіпорын тауар сатылымының көлемін арттыру және сатылым шығындарын үнемдеу арқылы жалпы өндірістік шығындарды азайта алады.
6. Өндірістен шығып қалған, қазіргі кезде өндірілмейтін тауарларға белгіленетін бағалар.
7. Нарықтағы басқа кәсіпорындармен салыстырғанда біршама төмен орнатылаты бағалар.
8. Келісімді бағалар бір немесе бірнеше кәсіпорындардың арнайы тауарларына немесе тауарлардың белгілі бір топтарына қолданылады........

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?