Экономика | КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ БОЛЖАУ ӘДІСТЕРІ

 Экономика | КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ БОЛЖАУ ӘДІСТЕРІ

Мазмұны

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3

1. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ БОЛЖАУ ӘДІСТЕРІ..............................9-19
1.1 Кәсіпорында қаржыны басқару жүйесі.......................................................9
1.2 Қаржылық жоспарлау және болжау мазмұны, принциптері және әдістері………………………………………………………………………………15

2. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ӘДІСТЕМЕСІ......................................................................................20-54
2.1 Кәсіпорынның активтерінің жағдайын талдау: баланстың өтімділігін және кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау...................................................20
2.2 Активтерді пайдалануды талдау…………………………………………29
2.3 Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің оның қаржылық жағдайына ықпалын талдау.........................................................................................................40

3. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ.................................55-71
3.1 Қаржылық тұрақтылықты жақсарту жолдары.........................................55
3.2 Қаржылық бақылаудың ролі......................................................................60

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................72

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................75....


1. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ БОЛЖАУ ӘДІСТЕРІ

1.1 Кәсіпорында қаржыны басқару жүйесі

Кез – келген бизнес келесі үш өзекті сұрақтың қойылуы мен жауаптарынан басталады:
1. кәсіпорын алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерге жетуге мүмкіндік беретін, кәсіпорын активтерінің оптималды құрамы мен шамасы қандай болуы керек?;
2. қаржыландыру көздерін қайдан табу керек және олардың оптималды құрамы қандай болуы керек?;
3. кәсіпорынға төлемдік қабілет пен қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ететін, қаржы қызметін ағымды және келешекте басқарылуын қалай қйымдастыруға болады?
Бұл сұрақтар, кәсіпорынды басқарудың жалпы жүйесінің өзекті қосалқы жүйелерінің бірі болып табылатын, қаржы менеджменті шеңберінде шешіледі. Олардық әрекет жасау логикасы 1 суретте кескінделген.
Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржысын басқару жүйесінің ұйымдастыру құрылымы, жәнеде оның кадрлық құрамы, кәсіпорынның мөлшері мен оның қызметінің түріне тәуелді әртүрлі әдістермен тұрғызылуы мүмкін. Ірі компания үшін, барынша сипатты қаржы бойынша вице-президентпен (қаржы директоры) басқарылатын, арнайы қызметтің оқшаулануы және, ережеге сай, оған бухгалтерия мен қаржы бөлімі кіреді.
Шағын кәсіпорындарда қаржы директорының ролін, әншейінде, бас бухгалтер орындайды. Қаржы менеджерінің жұмысы фирма басқармасының жоғары буынының жұмысының бір бөлігін құрайды, не болмаса қаржылық сипаттағы басқарушылық шешімдерін қабылдау үшін қажетті және пайдалы талдама ақпаратты оған берумен байланысты. Қаржы менеджері, қаржыландыру көздерін таңдау проблемасымен тұрақты түрде кездеседі. Оның ерекшелігі сонда, қандай болмасын көзге қызмет көрсету кәсіпорынға бірдей болмайды. Қаржыландырудың әрбір көзінің өз бағасы бар, жәнеде бұл баға стохастикалық табиғатты болады.
Қаржылық сипаттың шешімі, қаншалықты ақпараттық қор объективті болса, соншалықты ол дәлдікті болады. Объективтілік деңгейі, капиталдар нарығының тиімді нарыққа қандай дәрежеде сәйкесті болуына тәуелді. Осы арқылы қаржы менеджерімен орындалатын қызметтің айрықша маңыздылығы көрсетіледі (“Fortune” журналында 1976 ж. жазылды, ірі америкалық корпорациялардың жоғарғы лауазымды қызметкерлерінің 25,3 % өз қызметтерін қаржы саласында бастаған). Фирманың ұйымдастыру құрылымына тәуелсіз, қаржы менеджері, қаржы проблемаларын талдауға, кейбір жағдайларда шешімдер қабылдауға немесе жоғары басшаларға ұсыныстар әзірлеуге жауапты.
Қаржы менеджері қызметінің саласын бөлу логикасы, кәсіпорынның мүліктік және қаржылық жағдайын көрсететін, негізгі есеп беру нысаны ретінде, баланс құрылымымен тығыз байланысты (2 сурет).
Қызметтің бөлінге бағыттары, бірмезгілде, менеджер алдында тұрған негізгі міндеттердіде анықтайды. Бұл міндеттердің құрамы келесідей түрде бөлшектенеді.
1 сурет.
Кәсіпорындағы қаржы басқару жүйесінің құрылымы мен жұмыс істеу процесі.
Бірінші бағыт шеңберінде жалпы бағалау жүзеге асырылады:
 кәсіпорын активтері мен олардың қалыптасу көздері;
 кәсіпорынның қол жеткізген экономикалық әлуетін қолдау үшін қажетті ресурстар шамалары мен құрамы және оның қызметін кеңейту;
 қосымша қаржыландыру көздері;
 қаржы ресурстарының жағдайын және пайдалану тиімділігін бақылау жүйелері.
2 - сурет.
Қаржы менеджері қызметінің шешуші салалары
2 - сурет.

Екінші бағыт егжей-тегжейлі бағалауды болжайды:
 талап етілетін қаржы ресурстарының көлемдері;
 оларды ұсыну нысандары (ұзақ мерзімді немесе қысқа мерзімді несие, қолма-қол ақша);
 қол жеткізу дәрежесі және ұсыну уақыты (қаржы ресурстарының қол жетерлігі шарт талаптарымен анықтала алады; қаржылар қажетті көлемде және қажетті уақытта қол жетерлікте болуы керек);
 ресурстың осы түрін алудың құны (пайыздық мөлшерлемелер, қаражаттың осы көзін ұсынудың басқа ресми және ресми емес шарттары);
 қаражаттың осы көзімен байланысты тәуекелділік.
Үшінші бағыт, инвестициялық сипаттағы ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді шешімдерді талдау мен бағалауды қарастырады:
 қаржы ресурстарының ресурстардың басқа түрлеріне түрленуінің оптималдығы (материалдық, еңбектік, ақшалай);
 негізгі қорға жұмсаудың тиімділігі мен мақсаттылығы, олардың құрамы мен құрылымы;
 айналым қаражаттарының оптималдығы;
 қаржы жұмсалымының тиімділігі.
Келтірілген бағаларды қолданумен шешімдердің қабылдануы, өтімділіктің, қаржылық тұрақтылықтың және пайдалылықтың қоятын талаптарының арасындағы ымыраны ескеретін, баламалы шешімдерді талдау нәтижесінде орындалады.
Қаржылық менеджменттің негізгі міндеттерін бөлуде мәнді дәрежеде бухгалтерлік есеп-қисап мазмұнымен анықталады (3 - сурет).
Табысты қаржы басқару белгілерін анықтайтын мақсаттар жүйесін тұжырымдаймыз:
- фирманың бәсекелестік күрес жағдайындағы өміршеңдігі;

Кәсіпорындағы қаржы басқармасы құрамының құрылымдануы.

3 - сурет
Коммерциялық және инвестициялық қызметтің келешектік бағасы мен талдауы
Ағымды баға
қаржылық жағдай

3 - Сурет
 банкроттық пен ірі қаржылық табыссыздықтан сақтану;
 фирма «бағасын» максималдау;
 фирманың экономикалық әлуетінің өсуінің қолайлы қарқыны;
 өндіріс және өткізілім көлемдерінің өсуі;
 пайданы максималдау;
 шығындарды минималдау.
Сол немесе басқа мақсаттың басымдылығы, туындайтын жағдайларға байланысты, кәсіпорынның өзімен анықталады.
Мақсаттар әртүрлі қаржылық құралдар қолдану жолымен жүзеге асады. «Қаржы құралы» ұғымының түсініктемесінің әртүрлі тәсілдемесі бар. Жалпы түрде, қаржы құралы ретінде, бір мезгілде бір кәсіпорынның қаржылық активтерінің жоғарылауы мен екінші кәсіпорынның қаржылық міндеттерінің жоғарылауы өтетін кез-келген контракт түсіндіріледі. Қаржы құралдары бастапқы (ақшалай қаражаттар, бағалы қағаздар, ағымды операциялар бойынша несиегерлік және дебиторлық қарыздар) және қайталама, немесе туынды (қаржылық опциондар, фьючерстер, форвардтық контрактар) болып бөлінеді.
«Қаржы құралы» ұғымының ықшамды тұжырымы да бар. Оған сәйкес қаржы құралдарының үш негізгі категорияларын бөледі: ақшалай қаражат (кассадағы және есеп айырысу шотындағы қаражат, валюта), несиелік құралдар (облигациялар, фьючерстер, опциондар және басқ.) және жарғылық капиталда қатысу әдістері (акциялар және пайлар).
Қаржылық басқару әдістері әр алуан. Олардың негізгісі болып табылатындар: болжау, жоспарлау, салық салу, сақтандыру, өзін-өзі қаржыландыру, несие беру, есептесу жүйесі, қаржылық көмек жүйесі, қаржы ықпалшарасы жүйесі, амортизациялық аударым жүйесі, ынталандыру жүйесі, баға белгілеу принциптері, кепілдікті операциялар, трансферттік операциялар, факторинг, жалға беру, лизинг. Келтірілген әдістердің құраушы элементтері болып қаржылық басқарудың арнайы әдістері табылады: несиелер, қарыздар, пайыздық мөлшерлемелер, дивидендтер, валюталық курстың баға белгіленімі, акциз, дисконт және басқалары. Қаржылық басқару жүйесінің ақпараттық қамтамасыздандырылу негізін келесі қаржылық сипаттағы кез-келген ақпарат құрайды:
 бухгалтерлік есеп беру;
 қаржы органдарының хабарлары;
 банк жүйесі органдарының ақпараты;
 тауарлық, қорлық және валюталық биржалар ақпараты;
 басқа ақпараттар.
Қаржылық басқару жүйесінің техникалық қамтамасыздануы оның барынша дербес және ең маңызды элементі болып табылады. Көптеген қазіргі жүйелер, қағазсыз технологияға негізделген (банкілер аралық есептесулер, өзара есепке алу, несиелік карточка көмегімен есептесу және басқ.), ЭЕМ желілерін, дербес компьютерлер, қолданбалы бағдарламалардың жұмыс істеу пакеттерін қолданусыз мүмкіндікті емес.
Қаржылық басқару кез-келген жүйесінің жұмыс істеуі, әрекеттегі құқықтық және нормативтік қамтамасыздану шеңберінде жүзеге асады. Бұған жататындар: ҚР Президентінің заңдары, жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, министрліктер мен ведомстволардың бұйрықтары мен өкімдері, лицензиялар, жарғылық құжаттар, нормалар, нұсқаулықтар, әдістемелік нұсқаулар және басқалары.

1.2 Қаржылық жоспарлау және болжау мазмұны, принциптері және әдістері

Қаржы жоспарлау - бұл қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған, қаржы жоспарларын әзірлеу (тапсырма), олардың қарастырылған мерзімдерде орындалуын ұйымдастыру. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылықтық өзгерістерді жатық, бірқалыпты және байқаусыз жүргізуге мүмкіндік береді.
Қаржы жоспарлау объектісі болып шаруашылық жүргізу субъектілері мен мемлекеттің қаржы қызметі табылады, ал қорытынды нәтижесі – ол, жеке мекеменің қаржы жоспарларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы балансына дейін қаржы жоспарларын құру. Әрбір жоспарда, қаржы және несие жүйелері буындарымен байланысты (бюджетке төлем, банкі несиесінің төлемі, әлеуметтік сақтандыруға аударым немесе сәйкес салықтар және т.б.), белгілі бір кезеңге табыстар мен шығындар анықталады. Қаржы жоспарлаудың нақты міндеттері қаржы саясатыменен анықталады. Бұл, жоспарлы тапсырманы орындау үшін қажетті ақша қаражаттары мен олардың көздерінің көлемін анықтау; табыстың өсу резервтерін, шығындарда үнемдеуді айқындау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында қаражаттың бөлінуінің оптималды пропорциясын және басқ. белгілеу.
Жоспарлау сипатталады:
1. экстенсивтілікпен (әлеуметтік-саясаттық және экономикалық құбылыстардың кең шеңберін қамтиды);
2. қарқындылықпен (жетілдірілген техника мен әдістерді қолдануды түсіндіреді);
3. тиімділікпен (ақырында, қаржы басқармасының қоятын мақсаттарына жету қажетті екенін көрсетеді).
Қаржы жоспарлауында келесідей тәсілдемелер қолданылады:
а) автоматты (өткен жылдың мәліметтері келесі жылға өткізіледі. Инфляци кезінде мәліметтер инфляция коэффициентіне көбейтіледі). Бұл әдіс ең қарапайым әдіс болып табылады және, ережеге сай, уақыттың жетіспеуі кезінде қолданылады;
б) статистикалық (өткен жылдардың шығындары қосындыланады және өткен жылдардың санына бөлінеді);
в) нөлдік базалық (барлық жайғасымдар қайтадан есептелуі керек. Бұл әдіс нақты қажетсінуді ескереді және оларды мүмкіндіктермен байланыстырады).
Нарықты экономика жағдайларында, жоспарлау, басқару функциясы ретінде, экономикалық және әлеуметтік қызметтің барлық жақтарын жалпы қамту нысанын қабылдауы керек. Егер қаржыны жоспарлауда, қаржы экономикасында бөлу процестеріне ерекше көңіл аударылған болса, онда нарық7 экономикасы, сол арқылы тауарлар мен қызметтің өткізілуі жүзеге асатын және олардың өндірілуі мен өткізілуі кезінде қоғамдық қажетті шығындар мойындалатын, алмастыру саласына сүйенеді.
Демек, нарықты экономикада, тауар мен қызметтің өндірілуі мен өткізілуі процесіндегі байланыстың басымдылықты және анықтаушы әдісі болып, ақшаны, бағаны, құн заңын, сұраным мен ұсыныс заңын енгізетін өз мехенизмі бар нарық табылады. Нарықты механизмнің мұндай табиғаты, өндіріс пен алмасу нәтижелерін анықтау әдісі ретінде, бірақ жоспарлау элементтерімен, болжаудың қажеттілігін анықтайды.
Жоспарлаудың маңызды принципі болып үздіксіздік принципі табылады, ол жоспарлаушының жоспарға жыл сайын түзетулер енгізуі жолында қолданылады, жопарлардың икемділігі олардың өміршеңдігін қамтамасыз етеді, ал қаржы техникасы "сырғымалы бюджет" принципінде құрылады, бұл принцип көптеген шығындар кезінде қолданылады, әсіресе мемлекеттік қаржы бөлуді есептеу кезінде. Бұл жоспарлаудың жүйелі-түрлендірме әдісі – жоспарлау, бағдаландыру және бюджеттеу (ЖББ).
1. жоспарлау – бұған, атқаратын қызметі бойынша ұйымның әрекеттенетін бағытының мақсаттары мен міндеттерін қалыптастыру мен баяндау енгізіледі;
2. бағдаландыру – мақсатқа жету үшін қолданылатын құралдарды іріктеу мен жаңа құралдарды табу кіреді. Бағдаландыру алыс және таяу келешекті процестерді көрсетеді;
3. бюджеттеу – жалпы көпжылдық бағдаламаларды қаржы жылдары бойынша жылдық бюджеттік сандар тіліне өткізу. Бұл сандық көрсетілген операциялардың барлық жиынтығын дәстүрлі бюджеттік топтасу бойынша бөлу процесі.
Тәжірибеде жоспарлаудың келесідей әдістері қолданылады:
1. экстраполяция: қаржы көрсеткіштерінің динамикасын айқындау негізінде оларды анықтаудан тұрады; есептеулерде есеп беру кезеңі көрсеткіштерінен шыға отырып, оларды өзгерістің салыстырмалы тұрақты қарқынына түзетеді; көрсеткіш динамикасы келешекке эстраполяцияланады;
2. нормативті (анықталған нормалар бойынша);
3. математикалық модельдеу: процесс моделін тұрғызу және оны қаржы саласына өткізу;
4. баланстық: қаржы ресурстарын қолдану бағыттарын олардың қалыптасу көздерімен келістіру үшін, қаржы жоспарының барлық бөлімдерін өзара байланыстыру үшін қолданылады; оның бұзылуы байланыстар мен келісімдердің бұзылуына әкеледі және қаржы жоспарларының арасында сәйкестенбеушілік туады;.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?