Экономика | Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні және түрлері

 Экономика | Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні және түрлері

Мазмұны

Кіріспе

І-ТАРАУ. Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні және түрлері
1.1.Кәсіпкерлік тәуекелдің классификациясы
1.2.Кәсіпкерлік тәуекелдің деңгейіне әсер етуші факторлар

ІІ-ТАРАУ. Кәсіпкерлік тәуекелді төмендетудің негізгі механизмдері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер.....


І-ТАРАУ. Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні және түрлері

Нарықтық жағдайда тәуекел кәсіпкерліктің шешуші элементі болып табылады. "Кәсіпкерлік іс туралы" заңда жазылғандай , кәсіпкерлік іс өз тәуекелділігіне, кәсіпорынның ұйымдастыру –құқықтық нысаны шегінде мүліктік жауапкершілігіне негізделген. Тәуекелділік ұғымы кәсіпорын ресурстарының бір бөлігін жоғалту ықтималдылығын (қаупі), қызметті жүзеге асыру нәтижесінде табыстардың толық алынбауын немесе қосымша шығындардың пайда болуын білдіреді.
Тәуекелділік ықтималдылық категориясына жатады,яғни оны белгілі бір деңгейдегі жоғалтулардың ықтималдылығы ретінде есептейді. Әрбір кәсіпкер басшы типіне байланысты таңдап, тиімді тәуекел деңгейін өзі белгілейді. Кертартпа басшылар, жаңалықтарға бейімделмеген,әдетте олар
қандай да бір тәуекелден қашуға тырысады . Икемді басшылар, егер тәуекелділік икемді болып,ал орындаушылар өз ісінің маманы балса,олар тәуекелді шешімдерді қабылдауға тырысады.
Кәсіпкерлік тәуекекелділіктің жағымды деңгейдегі және мақсатты шешімдер қабылдаған кезде белгілі бір жоғалтуларға апаруы ықтималдылығын білумен шектеліп қоймай, сонымен қатар ол жоғалтулар сол немесе басқа деңгейден аспау ықтималдығын да
қарастыруы мүмкін.
Нарықтық экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі бизнестің
тәуекелсіз болмайтынын көрсетеді.Кәсіпкер тәуекелді ең төменгі мүмкін болатын деңгейге дейін қалай азайтатынын білуі қажет. Фирма үшін қандай да бір жағымсыз жағдай болса да, кәсіпкер негативті нәтижелерді азайту мүмкіндіктерін қарастыруы керек. Тәуекелді өзін-өзі сақтандыру есебінен және хеджиралау жолымен тәуекелдің бөліктерін беру
арқылы азайтуға болады.
Өзін-өзі сақтандыру меншікті қаражаттардың бөлігінің есебінен зиянды жабу және ойда болмаған шығындарды жабуға қаражат жинаумен байланысты. Құны фирманың қаржы көрсеткіштерімен салыстырғанда аса көп емес мүліктің немесе бір типті мүліктің көп мөлшерін жоғалту қаупі төнгенде , ішкі шаралар көмегімен өзін-өзі сақтандыру орынды болады.
Шет елдерде тәуекелді азайтудың кең тараған тәсілі — хеджиралау ( аудармасы – жоғалтулардан сақтау ), қарсы
валюталық,коммерциялық,несиелік және басқа талаптар мен міндеттерді даярлау.Бірақ, тәуекелдің көп бөлігі(менеджерлердің қатесі,бағаның өзгеруі,
сұраныс,дұрыс таңдалмаған жоба және т.б.) толығымен кәсіпкерлерге
жүктелген.Жағдайларды болжап,кәсіпкерлік тәуекелді бағалауды үйрену керек.
Кәсіпкерлік тәуекел –бұл бизнестің түріне байланысты компанияның қызметінің тәуекелі.Олардың негізгі түрлеріне өндірістік , коммерциялық және қаржылық(несиелік) тәуекелді жатқызуға болады.
Өндірістік тәуекел — бұл өнім өндірумен,қызмет көрсетумен басқа да түрлі өндіріс қызметін айлажүзеге асырумен байланысты тәуекел. Өндірістік
теуекелдің пайда болу себептері:ұйғарылған өндіріс көлемінің мүмкін болуының төмендеуі,материалдық шығындардың өсуі, қызметкерлердің
наразылығы,менеджерлердің қатесі,көтеріңкі аударым сомалары мен салықтарды төлеу және т.б.
Коммерциялық тәуекел кәсіпкер өндірген немесе сатып алған тауарлар мен қызметтерді өткізу процесінде пайда болады. Коммерциялық тәуекелдің
себептері: өнімді өткізу көлемінің төмендеуі, материалдық ресурстардың сатып алу бағасының жоғарылауы,сатып алу көлемінің ойда болмаған төмендеуі,айналым шығындарының өсуі , экономикалық тұрақсыздығы және тұтынушылардың ұнату қабілетінің өзгеруі, бәсекелестердің әрекеті.
Қаржылық тәуекел кәсіпорынның банктермен және басқа да қаржылық институттармен қатынас өрісінде пайда болады. Қаржылық тәуекелдің себептері:қарыз және меншікті қаражаттардың ара қатынастарының
көлемінің жоғалуы,кредиторларға тәуелділік,капиталдың әрекетсіздігі, бір жобаға, бір мезгілде көп қаражат жұмсау.
Қаржылық тәуекел мына операциялардан алынған шығындарда көрсетіледі:несиелік , инвестициялық,құнды қағаздар эммисиясы.
Айналым және өндіріс өрісіндегі кәсіпорындар үшін қаржылық тәуекелдің
құрамдастарын ажырата білу керек:несиелік,пайыздық,валюталық айырылып қалған пайда тәуекелі, инвестийиялық тәуекел,салықтық тәуекел.
Несиелік капитал нарығының қатысушылары қаржылық тәуекел деп әдетте клиенттің төлем қабілетсіз болуына байланысты міндеттемелерді орындай алмау қаупінен туындайтын жалпы экономикалық тәуекелдің бір түрін түсінеді.
Қаржылық тәуекелді шешуге нақты қаражаттарды таңдаған кезде инвестор
келесі принциптерді назарда ұстауы керек: меншікті капитал мүмкіндігінен артық тәуекелге бармау керек,аз нәрсе үшін көп нәрсені тәуекелге салмау керек,тәуекелдің нәтижесін алдын ала білуге тырысу қажет. Яғни берілген тәуекел бойынша,мүмкін болатын шығындардың ең көп мәнін есептеп ,содан соң берілген тәуекелге итермелейтін кәсіпорынның капитал көлемімен ,содан кейін салыстыру керек,содан кейін барып мүмкін болатын шығындарды жалпы ақша қаражаттарының көлемімен салыстыру қажет. Сонда ғана, бұл тәуекел кәсіпорынды банкроттық жағдайға әкелмейтінін анықтауға болады.
Басқаша айтқанда,бұл тәуекелді басқарудың жалпы стратегиясы.
Қаржылық тәуекелді басқару процесі 6 сатыдан тұрады: мақсаттарды анықтау, тәуекелді анықтау, тәуекелді бағалау, оларды жүзеге асыру және
нәтижелерді бағалау.
Мақсаттарды анықтау кәсіпорынның едәуір шығындар жағдайында жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталады.
Мақсат кәсіпорынды сыртқы орта жағдайынан немесе ішкі орташа оңтайландырудан қорңау болып табылады.
Тәуекелділік ықтималдылығы ресми және бейресми көздерден әр түрлі ақпараттар жинау көмегімен анықталады.
Шығындардың қаупін оның мағынасына байланысты үш түрге бөлуге болады:банкроттық қауіп,шығынды болдырмау үшін қосымша ресурстардың қажеттілігін,активтердің бір бөлігін шарасыз жоғалту.
Қаржылық тәуекелді басқарудың ең күрделі кезеңі болып табылатын тәуекелді талдаудың міндеті мүмкін болатын серіктестіктерге, жобаға қатысудың тиімділігі туралы шешім қабылдауға және ақша жоғалтуды болдырмау шараларын жасау үшін қажет мәліметтерді беру болып табылады.
Тәуекелді талдау кезінде тәуекел аймағы ұғымын пайдалану маңызды,яғни ол шекарасында белгіленген тәуекел деңгейігің шекті мәндерінен аспайтын жоғалтулар болатын, нарықтың жалпы шығындар аймағы.Нарықтық экономика жағдайында кез келген кәсіпорын қызметінің 5 негізгі тәуекел аймағын белгілеуге болады.
Тәуекелсіз аймақта операция жүргізген кезде кәсіпорын ешқандай тәуекел жасамайды,ешқандай шығын көрмейді,кәсіпорын кем дегенд есепті табыс алады.Жобаны орындау кезінде теориялық жағынан кәсіпорынның табысы шексіз.
Аз тәуекелді аймақтағы қызмет нәтижесінде кәсіпорын таза табысының барлық мөлшерін немесе бір бөлігін жоғалту ықтималдығы бар.
Жоғары тәуекелді аймақта кәсіпорын нашар болған жағдайда барлық шығындарын жабады,ал жақсы болған жағдайда есепті деңгейден төмен табыс алады.Бұл аймақта өндіріс қызметі қысқа мерзімді несие есебінен болуы мүмкін.
Қауіпті тәуекелді аймақта кәсіпорын есепті табысты ғана емес, сонымен қатар өнім өткізуден (жұмыс,қызмет) түскен табысты жоғалту ықтималдылығы бар және шығындарды өзінің есебінен қайтарады.
Жарамайтын (апатты) тәуекелді аймақтағы кәсіпорынның қызметі банкроттыққа әкелкді,барлық инвестицияларын жоғалтады.

1.1 Кәсіпкерлік тәуекелділіктің классификациясы

Тәуекелділік классификациясы әр түрлі критерийлер (классификациялық белгілер) бойынша жүзеге асырылады : шығу тегі бойынша; функционалдық түрлері мен кәсіпкерліктің салалары бойынша; сақтандыру деңгейі бойынша,жіберілу деңгейіне байланысты және т.б. Әрбір нақты жағдайда қойылған мақсатқа байланысты классификация түрі таңдалады.Көрнектілік үшін кәсіпкерлік тәуекелділіктердің түрлерін кестеде
бейнелеуге болады .
1-кесте. Кәсіпкерлік тәуекелділіктердің түрлері
Классификациялық белгі Тәуекелділіктің түрі
Кәсіпкерлік қызметтің түрлері
бойынша өндірістік,коммерциялық,
қаржылық
Көлемі бойынша локальды, салалық,мемлекеттік
Пайда болу табиғаты бойынша объективті,субъективті
Пайда болу саласы бойынша сыртқы, ішкі
Сақтандыру мүмкіндіктері бойынша сақтандырылатын,сақтандырылмайтын

Сонымен қатар, кәсіпкерлік фирмалар өзінің қызметі барысында кездесетін тәуекелділіктің нақты түрлері бар:
• құқықтық тәуекел заңдық актілердің төмен сапасымен және заңнамадағы кенетті өзгерістермен байланысты;
• инвестициялық тәуекел технико- экономикалық көрсеткіштердің сапасыз талдауларымен,жоба құнының көзделмеген өсуі, қоршаған орта туралы заңдардың қатаңдығымен байланысты ;
• сақтандырушы тәуекел сақтандыру қорын құрумен және оны басқарумен,
және де жеке мүлікпен ,ақшалай қаражатпен,персоналмен байланысты;
• инновациялық тәуекел осы сферадағы белгісіздіктерден пайда болады(идеяларды ойлап табудан бастап, оны тауарларда немесе технологияларда жүзеге асырып,соңында сәйкес өнімді нарыққа өткізуге дейін).
Көлеміне байланысты кәсіпкерлік тәуекелдер үш түрге бөлінеді:
• локальды тәуекел – жеке фирманың тәуекелі (компаниялар,бірлестіктер,олардың бөлімшелері);
• салалық тәуекел – саланың мамандануына байланысты тәуекел;
• мемлекеттік тәуекел – мемлекеттегі әлеуметтік саяси жағдайлардың нашарлауымен ,инфляцияның өсуімен,төлемсіздік мәселесімен,заңдылықтың орындалмауымен ббайланысты болады.
Пайда болу табиғатына байланысты тәуекелдердің келесі түрлері бар:
• субъективті тәуекел кәсіпкердің жеке тұлғасымен байланысты болады.
Мұндай тәуекелдің пайда болуына тәуекелділікке дұрыс дамымаған қабілеттілігі себеп: тәжірибесінің, білімінің, кәсібилілігінің
жетіспеушілігі,нарықтағы тәртіпті бұзуы және т.б.
• объективті тәуекел ақпараттың жеткіліксіздігі, нарықтық конъюнктураның ,заңдылықтардың , несиелеу жағдайларының , салық салудың, инвестициялаудың және т.б. күтпеген кезде өзгеруімен байланысты болады.
Пайда болу саласы бойынша тәуекелдер келесідей болады :
• сыртқы тәуекел саясаттағы күтпеген өзгерістермен, өндірістің макро жағдайындағы үлкен аймақтардағы апат жағдайларымен, валюталық тәуекелмен және т.б. байланысты;
• ішкі тәуекел кәсіпорынның мамандануымен байланысты тәуекелдер,өндірістік, қаржылық, сақтандыру және т.б.
Сақтандыру мүмкіндіктері бойынша тәуекелдің келесі түрлері бар:
• сақтандырылатын тәуекелдер сандық анықтама беруге жататын жәнесақтандыру қаупін өз мойнын алатын ұйымдарды сақтандырумен байланысты ;
• сақтандырылмайтын тәуекелдер деңгейін бағалау мүмкін емес форс -мажорлық тәуекелдерге жатады.Сонымен қатар, сақтандыру қаупін өз мойындарына алуға даяр емес жағдайдағы кең көлемді тәуекелдер.

1.2 Кәсіпкерлік тәуекелдің деңгейіне әсер етуші факторлар

Кәсіпкерліктегі тәуекел факторлар деңгейімен шартты түрде байланысты болады, яғни әр түрлі іс - әрекеттердің белгісіздік, сенбеушілік , күтпегендік жағдайлар жоғалтулар мүмкіндігін жоғарылатады.
Бұл шарттар кәсіпкердің өз нақты іс- әрекеттерінің нәтижесінде кәсіпкерлік фирманың ішкі қызметінің сферасында да , сонымен қатар бизнестің сыртқы ортасының әсерінен пайда болуы мүмкін, яғни бәсекелестердің, жеткізіп берушілердің,мемлекеттік органдардың және т.б. іс әрекеттері.
Бірінші жағдайда кәсіпкер тәуекел көлемін төмендету мақсатында бұл факторларға белсенді басқарушылық әсер етуі керек,ал екінші жағдайда, әрине ол бұл шарттарды өзгертуге немесе олардың деңгейіне әсер ете алмайды.
Осылайша, кәсіпкерлік қызметінің тәуекел факторлары кесте түрінде көрсетіле алады (2-кесте).
Берілген классификация кәсіпкерлік тәуекелдің деңгейіне әсер етуші негізгі жалпы шарттарды анықтайды. Бірақ бұл факторлардың әсер етуі нақты экономикалық жүйенің артықшылығына байланысты
болады.Осылайша,Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтің шарттары нарықтық экономикасы қалыптасқан елдерден ауқымды түрде айырмашылығы бар.Осы елдердегі кәсіпкерлік тәуекел деңгейіне әсер етуші факторларының .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?