Тарих | Екінші дүниежүзілік соғыс басындағы кеңес-ағылшын қатынастары (1939-1941ж.ж)

 Тарих | Екінші дүниежүзілік  соғыс  басындағы  кеңес-ағылшын қатынастары (1939-1941ж.ж)

Мазмұны
Кіріспе
І. Екінші дүниежүзілік соғыс басындағы кеңес-ағылшын қатынастары (1939-1941ж.ж)
ІІ. Соғыс өршіген уақыттағы кеңес-ағылшын ынтымақтастығы (1941-1944ж.ж)
ІІІ. Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы кезеңіндегі кеңес –ағылшын қатынастары (1944-1945ж.ж)
Қортынды.
Пайдаланған әдебиеттер:

КІРІСПЕ
Екінші дүниежүзілік соғысқа түрткі болған фашистіктің екінші ошағы Германияда пайда болды. Бұл агрессиялы саясатқа Италияда біріккен болатын. Сөйтіп Үштік одақ құрылуына себеп туғызып, құрамына Жапония , Италия және Германия кірді.
Германия мен Италия ортақ мәмлеге келіп, 1936 жылы келісім шартқа қол қояды. Ал дәл сол жылдың қараша айының 25-і жұлдызында Германия Жапониямен Коммунистік Интернационалға қарсы пактіге қол қояды, бұл шартты Италия да жөн көріп қолдайды. 1938 жылғы 30 қыркүйекте Мюнхен конференциясына Чехословакия елінің өкілінен басқа , Гитлер , Италиядан Муссолини Францияның премьер-министрі Даладьде және Ұлыбританияның премьер –министрі Чемберленнің қатысуымен өтілді. Онда Чехославакиядан Судетскке дейінгі аймақты күшпен алып, сонымен бірге Венгрия мен Польшаны Германияғаберу жайлы келісім жасалды. Сөйтіп 1938жылдың 15 наурызында Германия Чехословакияға басып кіреді. Ал сол жылдың 22 наурызынла агрессивті саясатын Литваға бұрып Клайпед ауданын тартып тартып алады . /1/
1939 жылдың 22наурызында Германия Румыния , Польшаға бағытталған күйде бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезінде Англия , Франция тарапынан Германиядан тартып алынған колонияларды қайтаруын талап етеді. Фашизмнің әсіресе англо-франко-американдық имперализмге қарсы қауіп төндіруі еді. Сөйтіп 1939 жылдың 12-і тамызынан 21-е дейін Мәскеуде КСРО, Англия, Франция арасындағы фашизмге қарсы миссия ұйғарылды . Кейінірек жоғарыда айтылған одаққа АҚШ-та қосылады. Ал 1939 жылдың 1қыркүйегінде таң ертең фашистік Германияның әскерлері соғыс жарияламастан Польшаға басып кіреді . Үш бағытта : батыстан, солтүстіктен және оңтүстіктен Польшаға бес неміс армиясы тап берді. Польшаның одақтастары Ұлыбритания мен Франция 3қыр-күйекте Германияға соғыс жариялады. Соғысқа Англия мен Францияның доминиондары мен отарлары да кірісті. Екінші дүниежүзілік соғыс басталды ./2/
Поляк әскерлері ерлікпен қарсылық көрсетті. Бірақ саны аз және нашар поляк армиясы немістердің авияция қолдаған қуатты танкі және моторланған дивизияларына шыдас бере алмады. Соғыс басталғаннан кейін Польша талқандалды . Ал осы уақытта батыс майданындағы ағылшын- француз әскерлері саны жағынан көп болғанымен , немістердің басты күштерінің Польшаға екендігіне қарамастан , Германияға қарсы ешқандай қимыл- әрекет жасамады. Батыс майданда 1940 жылдың көктеміне дейін созылған теке-тірес “түсініксіз соғыс “ деген ат алады . Англия мен Франция үкіметтері “түсініксіз” соғыс кезінде қорғаныс стратегиясын ұстанады . Олар ағылшын- француз флотының теңіздегі үстемдігі Германияны қоршау құрсауында ұстайды және француздардың Германиямен шекарада күшті бекітілген “Мажино” белдеуі немістердің батысқа шабуыл жасауына мүмкіндік бермейді деп есептеді. 1940 жылдың көктемінде неміс әскерлері Батыс майданда шабуылға шықты . Ағылшын – француз әскерлері Дюнкер-се ауданында яғни Францияның солтүстігінде қоршауға қалды. Ауыр қару –жарақтарын тастап , қоршаудағы топтың негізгі бөлігі Англияға өтіп кетті.
Англия мен Францияның жеңілуі шешілген іс деп , 10 маусымда оларға қарсы соғықа Италия да кірісті.
1940 жылы 22 маусымда Компье орманында 1918 жылғы Германиямен уақытша бітімге қол қойылған, ескерткіш ретінде сақталып қалған маршал Фоштың вагонында француз-герман уақытша бітіміне қол қойылды. 25-і маусымда Франция Италиямен де уақытша бітімге келді .
Француз- герман және француз - итальян уақытша бітімдерінің шарттарына сәйкес Франция барлық соғыс қимылдарын тоқтатуға, армиясы мен флотын қарусыздандыруға міндеттенді . Германия оның територриясының үштен екі бөлігін Парижді қоса басып алды . Франция аса көп оккупациялық төлем төлейтін болды./3/ Ал 1940 жылдың 27-і қыркүйегінде Германия , Италия және Жапония Үштік пактіге қол қойды, бұл іс жүзінде дүниені қайта бөлісу туралы келісім болды . Пактіге қатысушылар бір-біріне барлық құралдармен көмек беруге келісті . Ұзамай Румыния, Венгрия , сосын Болгария Үштік пактіге қосылады . Олардың территориясына неміс әскерлері орналастырылды.
Германиямен одақтастарының КСРО-ға шабуылы , одан соң Жапонияның АҚШ пен Ұлыбританияға қарсы басқыншылығы фашист басқыншыларына қарсы күресіп жатқан барлық күштердің біртұтас антифашистік одаққа бірігуіне алып келді . Оның маңызды құжаты Черчилль мен Рузвельттің 1942 жылдың тамызында Канаданың Атлантикалық жағалауында кездесу барысындағы Атлантика хартиясына келісім шартқа қол қойды . Атлантикалық хартияда АҚШ пен Ұлыбританияның “ешқандай территориялық немесе басқа да жаулап алушылыққа ұмытылмайтындығы және барлық халықтардың өздері өмір сүргісі келетін басқару түрін таңдап алуға құылы екендігі “ туралы айтылды. Ұлыбританиямен АҚШ “нацистік тиранияны түпкілікті құртқаннан кейін олар жұрттың барлығы ешқандай қорқынышсыз , жоқшылық көрмей өмір сүретіндей , дүиені құруға үміттенетіндігін жариялады . Ол үшін басқыншылықты қарусыздандыру және жалпыға бірдей қауіпсіздіктің сенімді жүйесін құру , ал келешекте “күш қолданудан бас тарту” қажет деді .
КСРО Атлантика хартиясына қосылды. 1941 жылы шілдеде Германияға қарсы бірлесіп қимылдау жөнінде ағылшын- кеңес келісіміне қол қойылады . АҚШ президенті Рузвельт ленд-лиз ( яғни қарыз , жалға беру ) туралы заңның күшін Кеңес Одағына да таратты , сөйтіп Кеңес Одағына американ қару –жарақтары мен құрпал-жабдықтары келе бастады . 1942 жылы 26-ы тамызда Лондонда “ Гитлерлік Германия мен оның Европадағы сыбайластарына қарсы соғыста одақтастық және соғыстан кейінгі ынтымақтастық пен өзара көмек туралы” 20 жылдық мерзімге байланысты келісім шартқа қол қойылды . 1942 жылдың 11 маусымында Вашингтонда өзара көмек туралы кеңес- американ келісіміне қол қойылды
Ұлы үш мемлекеттің , КСРО , Ұлыбритания және АҚШ-тың әскери- саяси одағы құрылды .
Фашизмге қарсы мемлекеттердің бірігуіне басты себеп , олардың басқыншыларға қарсы күресте күш біріктірудің қажеттілігі еді. Кеңестік режимді сынап , оның дүниежүзіне таралу қаупінен сескенгендіктеріне қарамастан , Рузвельт пен Черчилль КСРО -мен ынтымақтасу ауадай қажет деп есептеді .
Бірақ одаққа енген елдердің арасында олардың әлеуметтік – экономикалық және саяси сипаттарының ерекшеліктеріне және соғыстан кейінгі жоспарына байланысты терең қарама-қайшылықтар бар еді .
Одақтастар арасында көп уақыт бойында талас туғызып келген мәселе екінші майданның ашылуы жайында болды . Фашистік Германияның Европадағы негізгі күштері өзіне қарсы тұрған Кеңес Одағы, Англия мен АҚШ –тан Европада тезірек екінші майдан ашуды , соғыс қимылдарын Германияға төте жолы бар Франциядан бастауды табанды түрде талап етті . Бірақ АҚШ пен Англияның үкіметтері күштернің жеткіліксз екендігін сылтау етіп , Европада екінші майдан ашылу туралы мәселені кейінге қалдырып отырды ./4/
КСРО 1939 жылы Англиямен фашистік агрессияға қарсы коалиция құрады . Бұл бағыттың алғы шарты КСРО-ның қауіпсіздігі және Германияға тойтарыс беруі еді . Алайда Англияның КСРО-ға деген көзқарасы антисоветтік еді , оның дәлелі У.Черчилльдің 1939 жылдың 1-і қазанында радиодан сөлеген сөзі : “Польша оны 150 жыл бойы құлдықта ұстап , бірақ польяк халқының рухын жоя алмаған екі ұлы державаның шабуылына тағы да ұшырап қалды . Варшаваны ерлікпен қорғау Польшаның рухының өлмейтінін және қуатты су толқыны астында уақытша қалып қойған жартастай Польшаның қайтадан көтерілетінін көрсетеді . Ресей өзінің жеке мүдделерінің қырыс саясатын жүргізіп отыр. Біз орыс әскерінің қазір алған шебінде басқыншы ретінде емес, Польшаның досы және одақтасы ретінде тұрғанын қалар едік . Алайда Ресейді нацистік қауіптен қорғау үшін орыс әскерлеріеің осы шепте тұру қажеті болғаны түсінікті . Қалай болғанда , бұл соғыс шебі бар , демек , Шығыс майдан құрылды , оған шабуыл жасауға Германия бата алмайды ... “ Францияның жеңілуінен кейін Черчилль елді тек билеп қана қоймай , саясатқа да басты назар аудару қажет болды . АҚШ сияқты одақтас іздеп , КЕңес Одағы сияқты мемлекетпен жақынырақ танысуды ұйғарды . КСРО Англиямен қарым-қатынас жасауға дайын еді . Алайда ағылшын саясатында антисоветтік ұғым әлі өше қоймаған еді .
Н.Чемберленнің билік басында болған сәттерінде ( 1940 ж 18 наурыз ) ағылшындар КСРО мен 1939 жылы үзілген сауда қатынасын жаңартуын сұраған болатын . бірақ ағылшын меморандумында 1940 жылдың 4 сәуірінде министрлер кеңесі бойынша КСРО территориясына ағылшын әскерлерін орнатып , экспортты басқа елдерге жіберуде бақылаушы ретінде орнатылды
1940 жылы 27 –і сәуірде Кеңес жетекшілері Лондонға кеңес-ағылшын сауда қатынасы жайлы меморандум жіберді . КСРО Англиямен біріге сауданың өсуін қалап , ішкі саудаға мән бермейді . Сауда мәселесі жөнінде Англия мен КСРО арасында келіспеушіліктер туындаған сәттер де болды . 1940 жылы 22 қазанда Вышинский мен Криппс арасында бір қатар келісім шарттар орнайды . Келісім шартта сауда қатынасын ретке келтіре отырып , бір-біріне қарама- қайшылық орнатпау , сонымен бірге ағылшын- кеңес қатынасын үзбеу .
1941 жылы 18-і сәуірде ағылшын мемлекеті құйтырқы саясатын ұстана отырып , ағылшын елшісі Криппс КСРО-ға меморандум жібереді . Бұл меморандумда КСРО-ға әлем имперализмін қарсы тұрғызбақ ойын білдіреді . Алайда КСРО Англияға төнген қауіп- қатерді ескертуді ұмытпады .
Алайда Кеңес Одағы Англиямен қақтығысуды жөн көрмеді . Уақыт өте келе Германия қуапі төніп , фашизм әлемге үрей туғыза бастады . КСРО –ға Германия қауіп төндіре қалған жағдайда , Англия Кеңес Одағына көмек бере отырып , өзін де қауіптен құтқаратыны анық еді . /5/
1939 жылдың 1-і қыркүйегінде екінші дүниежүзілік соғыс басталады . Агрессиялы бағытты ұстанған Германия әуе ұшақтарымен қалармен ғимараттарды аяусыз бомбалады . Алғашқы жау отына оранған Польша мемлекеті еді .
Польяк әскерлері ерлікпен қарсылық көрсетті . бірақ саны аз нашар қаруланған польяк армиясы немістердің авияция қолдаған қуатты танкі және моторланған дивизияларына шыдас бере алмады . Соғыс басталғаннан соң екі аптадан кейін Польша талқандалды.
Осы кезде 1939 жылдың 23-і тамызында жасалған құпия протоколға сәйкес Кеңес Одағы Польшаға қарсы шықты . 1939 жылы 17-і қыркүйекте кеңес әскерлері ешқандай қарсылық кездестірместен Польшаның шығыс аудандарына басыпе кірді . 200 мыңнан аса солдаттары мен офицерлері кеңес тұтқына аоынды . 1940 жылдың көктемінде олардың 20 мыңнан артығы Хатынь ( Смоленск қаласында ) және басқа жерлерде құпия түрде атып өлтірді . 1939 жылы 28-і қыркүйекте Мәскеуде Германия мен КСРО- ның Шығыс Европадағы біріккен әрекеттерін заңдастырған достық пен шекара туралы герман - кеңес келісіміне қол қояды .
Польша мемлекеті жойылды . Батыс Украина мен Батыс Беларуссиямен КСРО құрамына енді , ал Германиямен шектес польяк жерлері Берлиннен басқарылатын неміс генерал -губернаторлығы деп жарияланды . Кеңес үкіметі Эстония , Латвия және Литвадан КСРО- мен өзара көмек туралы шарт жасауға және өз территорияларында кеңес әскери гарнизондарын орналастыруға келісулерін үзілді- кесілді түрде талап етті . Бұл талаптар орындалды . /6/
Осы кезде Кеңес Одағы Финляндиядан шекараны Ленинградтан ары жылжытуды талап етеді , оның орнына көлемі екі есе көп, бірақ халқы аз кеңес территоиясын алуды ұсынады . Көп уақытқа созылған келіссөздер сәтсіз аяқталады , Финляндия ұсынысты қабылдамайды . 1939 жылы 30-ы қарашада кеңес әскелері Финляндияға қарсы соғыс қимылдарын бастады . Кеңес- фин соғысы ұзаққа созылмағанымен , өте ауыр болды . Ұлттар Лигасы КСРО-ның бұл әрекетін айыптап , оны мүшеліктен шығарды .
Ал Германия келесі шабуылды Батыс Европаға бағыттады . Батыс Европадағы Франция мемлекетін жаулап алып өз үстемдігін орнатады . Бірақ 1938 жылдың 6-ы желтоқсанында Франция Германиямен жауласпау және де (Германия тарапынан) жаулап алмау жайлы пактіге қол қойды . Алайда Германия Францияны өзіне бағындырып , өз әскерлерін енгізді .
Екінші дүниежүзілік соғыстың алғашқы кезінде Кеңес Одағының дайындық барысы жайлы айтсақ , ауыр өнер кәсіптің дамуы , әуе , теңіз , құрлықтағы әскерді қайта жабдықтауға мүмкіндік туғызды . Бұл мүмкіндік ғылымның әрі қарай өсуімен оның жетістіктері мемлекетті қорғау мақсаттында ұйғарылған еді .
Кеңес одағының оқымыстылары , конструкторлары , өнертапқыштары аянбай Отан үшін қызмет жасады . Жаңа қажетті техникаларды өмірге әкелді .
Германия шабуыл жасамас бұрын Кеңес Одағы жаңа жетілген қарулар мен соғысқа қажетті техникалар жасақтап , тағайындады . Ауыр танк “КВ” және орта танклер “Т-34” жасап шыкты . Бұл танклердің пайда болуын Кеңес Одағының бронетанкалық техникалары жоғары сатыға көтерілгенін куәләндрді .
“Т-34” танкісі екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғанға дейін әлемдегі мықты танк болып саналды .
Сонымен бірге әуе конструкторлар ұжымымен инженерлер жаңа ұшақ ойлап тапты . Бронялы шабуылшы ұшақ “Ил-2” және жеңіл ұшақтар “Як-1” , “ЛаГГ-3 “ . Сонымен бірге “МиГ-2” деген .
Шүйіле бомбалушы “Пе-2” соғыстың аяғына дейін ғажап қару ретінде саналды .
Германияның шабуылнан бұрын кеңес оқымыстылармен конструкторлары қаһарлы қаруды жасады . Бұл қару автомашинаға жегілген реактивті миномет , сонымен бірге халықпен армия мақтанышына бөленген “ Катюша” болатын .
Жасақ және соғыс техникалар саны өсті . 1929 жылдан 1941 жылға дейін жеңіл , орта , ауыр артиллерия өсті . Қызыл әскер жасақ барысында 17 ел танкі саны өсті . Ал 1934 жылға қарағанда 1939 жылы танк әскер саны 2,5 есеге өсіп , ұшақтар саны 1930 жылға қарағанда 1939 жылы 6,5 есеге асқақтап өсті . /7/
Ал Ұлыбританияның жағдайы қандай болған еді екінші дүниежүзілік соғыс басталған сәтінде .....
Гитлердің Польшаны ойрандауы және де Германияға Англия мен Францияның қарсы шығуы бүкіл әлемді таң қалдырды . Сол кездегі Ұлыбританияның премьер- министрі Н. чемберлен еді .
Француз әскері Германияға бет алмаған күйде , мемлекеттің қарулы күштерін бейбітшілік жағдайынан , соғыс жағдайына көшірді , яғни мобилизацияланды . Алайда соғысқа ынтасы жоқ , Франция әрдайым тыс қалып , бейтараптық танытып жатты .
Неміс ұшақтары Англия мен Францияға бірнеше апта бойы ешқандай шабуыл жасамады . Себебі бұл кезде неміс әскери машиналары Польшаны таптап жатқан еді . Гитлердің келесі жорығы батысқа бұрған болатын.
Дания , Норвегия , Голландия , Бельгия, Югославия , Люксембург , Греция және Францияны жаулап алып , өзінің одақтасы ретінде Финляндия , Румыния , Венгрия , Болгарияны тартты .
Ендігі жерде Англияға қауіп төнгеннен кейін , алдын –ала премьер- министр Чемберлен бір шара қолдануды ұйғарды .
1939 жлы жазында қауіп -қатер төніп тұрған еді .
Біріншіден қарсыласының суасты жүзетін кемелерден , екіншіден әуе қаупінен сақ болу еді .
Ендігі жерде Англия үшін қауіп зор болғандықтан премьер –министр Чемберлен дұрыс жол тапқандай болады . Оның жоспары бойынша фашизмнің диктаторы Гитлермен мәмлеге келіп , жауласпау жайлы келісім шартқа отыруды ұйғарады . Алайда бұл шешімді қабылдағаннан кейін соңында не боларын білген консерваторлық бағытты ұстанған У.Черчилль , Чемберленнің бұл көзқарасына қарсылық танытады . Себебі әй-шәйға қарамастан Германияның Польшаны талқандауы , және тағы бас қа қалалар мен мемлекеттердің фашизмнен зардап шегуін мысал келтіре отырып , Черчилль оңай ғана келісім жасалатына көзі жетпеді .
1939 жылдың наурыз айында ағылшын парламентінде консерваттардың басым бөлгі бірігіп , құрамында шетел ісінің ұйымдастырушысы Иден де қатысуымен жиналыс өткізеді . агрессиялы күшке , жаңа одақтас қажет екендігі жайлы У.Черчилль ашық мәлімдейді . Осы уақытқа дейін большевизмді мойынсынбаған ағылшындар Кеңес Одағымен бірігуді жөн көреді /8/
У.Черчилль Гитлердің “ Менің күресім “ ( “Моя борьба”) еңбегімен жақсы таныс еді .
Гитлердің сол еңбегінде 14-і бөлімінде әлемді билеп-төстеу жөніндегі құжатты айқындап жазған болатын .
1937 жылы 5-і қарашада империялық концелярияда жиналған жиналыста Германияның саяси және әскери жетекшілері әлемдік соғыстың Гитлермен оңтайлы шешіміне қарсы келмей , барлық келісімді мақұл көреді .
Сонымен бірге Гитлер : “ Егер КСРО-ны талқандасақ , онда Англияның үмітін сөндіргеніміз, одан кейін Европа мен Балқанды Германия ғана билеп -төстейді “ деп айқын айтты
Бұл жағдай Англия мен Кеңес Одағының ауыз біршілігі бір жерден шықты . Сонымен 1939 жылы 4-і мамырда КСРО мен Англия арасында келісім жасайды . /9/
1941 жылдың 22 маусымынан бастап Германия ешқандай хабар бермей КСРО-ға жаппай соғыс күшін жүргізеді .
Рига , Виндава , Либава , Каунас , Кобрин , Лида , Брест , Бобруск , Житомир , Киев , Севастополь және тағы басқа сол сияқты қалалар талқандалып жатты .
Кеңес Одағындағы ұзыннан- ұзын созылған темір жолдар , әскери теңіз базалары , сонымен бірге аэродром дар бомба астында қалып , күлі көкке ұшты . Балтық теңізінен Карпатқа дейігі орналсатырылған КСРО әскерлерін немістер атқылап , енгі жерде тура бағытты Кеңес Одағына , дәл өіне шабуыл жасады .
Осылай Кеңес Одағының халқында Ұлы Отан соғысы басталып кетті .
Германияда таңғы уақытта А. Гитлер декларациясында (неміс халқына жолдауында ) Кеңес Одағына соғыс ашқаны жайлы радиодан хабарларды .
КСРО-ға енген фашистік күш толығымен 190 жинақталған дивизиясы , 5,5 млн-ға жуық солдат пен офицерлері , және....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?