Экономика | КАЗТЕМІР ҚҰРЫЛЫС ЖШС НІҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ

 Экономика | КАЗТЕМІР ҚҰРЫЛЫС ЖШС НІҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ

Мазмұны

КІРІСПЕ ................................................................................................................3

1 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ..............5

1.1 Негізгі құралдардың ұғымы және маңызы................................................5

1.2 Негізгі құралдардың физикалық және сапалық (моральдық) тозуы, амортизациясы...................................................................................................9

1.3 Негізгі құралдарды тиімді пайдалану көрсеткіштері..............................15

2 «КАЗТЕМІР ҚҰРЫЛЫС» ЖШС – НІҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ...................................................17

2.1 «КазТемір құрылыс» ЖШС – нің өндірістік – шаруашылық қызметінің сипаттамасы......................................................................................................17

2. 2 Кәсіпорынның негізгі құралдарын жаңарту мен пайдаланудың экономикалық тиімділігін талдау...................................................................21

3 ӨНДІРІСТЕ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ТЕТІКТЕРІ......................................................................................................29

3.1Негізгі құралдарды тиімді пайдаланудығы кәсіпорынның инновациялық және инвестициялық саясаты................................................29

3.2 Негізгі құралдарды модернизациялау мен оларды тиімді пайдалану тетіктері.............................................................................................................34

ҚОРТЫНДЫ...................................................................................................38

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...............................................................40


1 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Негізгі құралдардың ұғымы және маңызы

Негізгі құралдар кәсіпорын мүлкінің және оның айналымнан тыс активтерінің маңызды бөлігі болып табылады.
Негізгі құралдар – негізгі қорларды сипаттайтын бағалық өлшеуіштер.
Негізгі құралдар - өндіріс процесінде ұзақ уақыт пайдаланылатын, өзінің заттай – натуралды формасын сақтай отырып, шығарылатын өнім мен қызметтерге біртіндеп өз құнын аударатын, өндірісте тауарлар мен қызметтерді жеткізуде үшінші жаққа жалға берілетін құндылықтар.
Оларға кем дегенде бір жыл мерзімінде қолданылатын құралдар жатады.
Өндіріс процесі еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар) және еңбек құрал – жабдықтары болып бөлінетін өн-діріс құрал – жабдықтарының қатысуымен жүзеге асырылады. Еңбек құрал – жабдықтарының құрамына белгілі бір заттарды жатқызу олардың сыртқы белгілеріне қарап емес, өндіріс процесінде атқарар рөліне қарап белгіленеді. Мысалы, заводта дайындалған бу қазаны ол үшін дайын өнім болып санала-ды, ал орнату үшін субъект сатып алған осы қазан еңбек құралы болып табы-лады.
Негізгі құралдар функционалдық бағытталуына байланысты келесідей болып бөлінеді: өндірістік және өндірістік емес.
Өндірістік негізгі құралдарға - өндірістік процеске тікелей қатысатын (машиналар, құрал – жабдықтар), оның қызмет етуіне жағдай жасайтын (өндірістік ғимараттар, қондырғылар, электр жүйелері және т.б.) және еңбек заттарын сақтау мен ауыстыруды қамтамасыз ететін негізгі құралдар жатады. Негізгі өндірістік құралдардың пайдаланылуын сипаттайтын жинақтаушы экономикалық көрсеткіш – негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнім болып табылатын қор қайтарымы.
Өндірістік емес негізгі құрал – жабдықтар – тұтынуға арналған құрал – жабдықтар. Олар ұжымның мәдени – тұрмыстық қажеттіліктерін ұзақ мезім бойы өтеуге арналған. Олар өндірістік процеске тікелей қатыспайды, бірақ кәсіпорын балансында тіркеледі. Оларға: ғимараттар, тұрғын үйлер, балабақшалар, мектептер, денсаулық сақтау мекемелері жатады.
Негізгі құралдарды иеленушілері бойынша бөлгенде, олардың қай экономика салаларына және қызмет түрлеріне, осы құралдардың қатысуымен өндірілген өнімдер немесе жасалған қызметтер экономиканың қай саласына және қызметтің қай түріне жатса, негізгі құралдар соған жатуы керек деген ережеге сүйенеді. Мысалы, «Өнеркәсіп» саласына экономиканың барлық саласында өнеркәсіп өнімдерін шығару процесімен тікелей байланысты негізгі құралдар жатады.
Әр субъектіде негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын қызметтеріне қарай мынандай топтарға бөлінеді:
- жер;
- ғимараттар – негізгі, қосалқы, көмекші цехтар мен әкімшілік ғимараттар осыған кіреді;
- қондырғылар – бұған мұнай және газ скважиналары, дамбалар, платиналар, каналдар, темір жолдар жатады;
- тарату жүйелері – бұған газ және мұнай құбырлары, су тарату жүйелері, электр тарату жүйелері, байланыс жүйелері, жылыту жүйелері, канализация жүйелері жатады;
- машиналар мен құрал – жабдықтар – оған компрессорлар, домнапештер, балқыту пештері жатады. Олар күш машиналары болып есептеледі. Ал жұмыс машиналары мен құрал – жабдықтарға: комбайн, тігін машиналар, сонымен қатар өлшенетін және қадағалайтын приборлар (вольтметр, амперметр(, есептеуіш техникалар ( компьютерлер) жатады;
- транспорттық құралдар – бұған барлық қозғалатын құралдар жатады, яғни темір жолда, суда қозғалатын транспорттар және транспорттар жатады;
- өндірістік және шаруашылық инвентарь - өндірістікке: механизациялар мен инструменттер ( қысатын, итеретін) жатады, ал шаруашылық инвентарьға: жиһаз, палас, кілемдер жатады;
- жұмыс және аналық мал;
- көп жылдық өсімдіктер – гүлдер, ағаштар, алма бақтар және т.б. Халықаралық қаржы есебінің стандарттарыны сай негізгі құралдардың мынандай үш белгісі бар:
- материалдық формасының болуы;
- міндетті түрде кәсіпорын қызметінде пайдаланылуы тиіс, яғни сатылуға бағытталмауы керек ( тауар болмауы тиіс);
- кәсіпорында ұзақ уақыт пайдаланылуы тиіс.
Иелігінде болуына қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді.
Меншікті дегеніміз – субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар – жалға алынған құралдар болып саналады.
Негізгі құралдар өндірістік процеске қатысуына қарай активті және пассивті болып бөлінеді.
Активті негізгі құралдарға өндірістік процеске тікелей қатысады. Мысалы, машиналар, құрал – жабдықтар, көлік құралдары және т.б. Ал қалған негізгі құралдарды пассивтіге жатқызуға болады. Себебі олар, өндірістік процеске тікелей қатыспайды, бірақ процестің дұрыс жүруіне қолайлы жағдай жасайды. Мысалы, ғимараттар, қондырғылар.[2]
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған ( тоқтатылып қойған ) және қорда тұрған деп бөлінеді. Жұмыс істеп тұрғанға пайдаланудағы құрал – жабдықтар жатады. Жұмыс істемей тұрғандар – бұл тоқтатылып қоюына немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланылмайтын негізгі құрал – жабдықтар. Қорда сақтаулы негізгі құрал – жабдықтарға жұмыс істеп тұрғандарды жоспарлы түрде ауыстыру үшін құрылғын қордағы объектілер жатады.
Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке заттай көрінісі бар, санауға және өлшеуге болатындар ( үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар ) жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман, суға ( ғимараттардан басқа) күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар ( жер учакелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өңдеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, және т.б.) жатады.[3]
Негізгі құралдардың сапалық жағдайын талдау үшін оның құрылымын білу керек. Негізгі құралдардың келесідей түрлері қарастырылады:
1) өндірістік құрылымы
2) технологиялық құрылымы
3) тұтыну уақытына байланысты құрылымы
Өндірістік құрылым деп - әртүрлі топтағы өндірістік негізгі құралдардың заттай – натуралды құрылымы бойынша олардың орташа жылдық құнының қатынасын белгілейді.
Өндірістік негізгі құралдардың өндірістік құрылымның негізгі көрсеткіштері болып – олардың жалпы құнының активті бөлігінің үлесі табылады. Бұл кәсіпорынның өнім шығаруының, кәсіпорынның өндірістік қуаттылығының және басқа экономикалық көрсеткіштерінің жұмысының өндірістік негізгі құралдардың активті бөлігінің көлеміне тәуелді болғанына байланысты. Сондықтан оның үлесін тиімді деңгейге дейін көтерілуі - өндірістік негізгі құрадардың өндірістік құрылымының бсым бағыттарының бірі болып табылады.
Өндірістік негізгі құралдардың өндірістік құрылымы келесі факторларға байланысты болып келеді: кәсіпорынның өзіндік ерекшеліктері; ҒТП-ң жеделдетілуі; шоғырлану деңгейі; мамандандырылуы; өндірісті кооперациялау; құрамдастыру мен диверсификациялау; географиялық орналасуы және т.б.
Өндірістік негізгі құралдардың технологиялық құрылымы оның кәсіпорындағы құрылымдық бөлімшелерге бөлінуін олардың жалпы құнындағы пайыздық үлесінде бейнеленуін сипаттайды.
«Тар» ауқымда технологиялық құрылым келесідей түрде берілуі мүмкін: мысалы, станоктар паркінің жалпы көлеміндегі белгілі бір түрлі станоктардың үлесі ретінде немесе жалпы көлік санындағы автосамосвалдың үлесі ретінде болуы мүмкін.
Өндірістік негізгі құралдардың мерзімдік құрылымы олардың мерзімдік топтарына бөлінуін сипаттайды ( 5жылға дейін, 5 жылдан 10 жылға дейін, 10 жылдан 15 жылғы дейін, 15 жылдан 20 жылға дейін, және 20 жылдан жоғары). Негізгі құралдардың орташа мерзімі орта өсімнің көлемі секілді есептеледі. Мұндай есеп кәсіпорын бойынша толық түрде, сонымен қатар, машиналар мен құралдардың жекелеген топтары бойынша да жүргізілуі мүмкін.
Кәсіпорынның негізгі мақсаты болып - өндірістік негізгі құралдардың шектен тыс ескіруін болдырмау (әсіресе активті бөлігін), себебі, физикалық және моральды тозу деңгейі осыған байланысты болып келеді, яғни, жалпы айтқанда кәсіпорынның жұмысының нәтижесі де осыған тәуелді болып келеді.
Негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оларды бағалауда қабалданған біртұтас принципі болып табылады. Негізгі құралдарды ақшаға шағып бағалау олардың көлемін, құрылымын, тозуын, қайта қалпына келтіруін және өндіруін жоспарлауға мүмкіндік береді. Негізгі құрал – жабдықтардың бастапқы құны, ағымды құны, қалдық құны және кейбір жағдайларда жойылу құны қарастырылады.
Бастапқы құн – негізгі құралдарды сатып алуға, салуға және жасап шығаруға кеткен нақты шығындардан және сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, сондай – ақ пайдалануға беру, тағы сол сияқты кез келген негізгі құралдарды жұмыс істеу жағдайына жеткізуге қатысты шығындардан тұрады.
Нарықтық жағдайда негізгі құралдардың кәсіпорынға келіп түсу мүмкіндігі арта түседі. Сондықтан, активті негізгі құралдардың кәсіпорынға келіп түсу тәсіліне байланысты олардың бастапқы құны келесі түрде анықталады:
- жақтардың келісімімен құрылтайшылардың кәсіпорынның жарғылық капиталына салған салымдары бойынша;
- кәсіпорынның өзінде дайындалған, сонымен қатар басқа тұлғалар мен кәсіпорындардан сатып алынған – осы объекттерді орнату
( құрастыру ) немесе сатып алумен байланысты нақты өндірістік шығындар, жеткізу, түзету және орналастырумен байланысты шығындарды қоса алғанда;
- басқа кәсіпорындар мен тұлғалардан қайтарымсыз түрде алынған, сонымен қатар мемлекеттік органдардың субсидиялары ретінде – сарапшылық жолмен немесе қабалдау – табыстау құжатардың мәліметтері бойынша;
- жақтардың келісімі бойынша ұзақ мерзімге жалға алынғандар.
Негізгі құралдардың ағымдағы құны – бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық бағасы бойынша бағаланған құны. Негізгі құралдардың ағымдағы құнның оның бастапқы құнынан ауытқу көлемі – ҒТП-ң жеделдетілу деңгейіне, инфляция деңгейіне және т.б. байланысты болады. Негізгі құралдарды уақытылы, әрі дәйекті қайта бағалануы бірінші кезекте оның жай және ұлғаймалы өндірісі үшін үлкен маңызға ие.
Инфляция жағдайында негізгі құралдарды қай бағалау кәсіпорынға:
- негізгі құралдардың нақты құнын анықтауға;
- өнімнің өндірісі мен оның өткізілуіне қажетті шығындарды нақты, әрі дәйекті анықтауға;
- негізгі құралдардың өндірісіне жеткілікті болатын амортизациялық аударымдардың көлемін нақты, әрі дәл анықтауға;
- өткізілетін негізгі құралдардың сатылу мен жалға беру бағасын объективті түрде орнатуға мүмкіндік береді.
Негізгі құралдардың қалдық құны – бұл өндірілген өнімге, орындалған жұмысқа және көрсетілген қызметке әлі аударылмаған құн. Қалдық құнды анықтау үшін бастапқы құннан негізгі құралдар объектісінің қолданыста болу уақыты ұлғайған сайын мөлшері өсе түсетін есептелген тозу құнын алып тастайды.
Негізгі құралдарды олардың қалдық құны бойынша есептеу олардың сапалық жағдайын анықтау үшін қажет.
Жойылу құны – тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою кезінде пайда болатын қосалқы бөлшектердің, металл сынықтарының болжамды құны.
Негізгі құралдарды бағалау оларды есепке алу үшін, талдау үшін және жоспарлау үшін, сонымен қатар салынатын капиталдың көлемі мен құрылымын анықтау үшін қажет.[2]

1.2 Негізгі құралдардың физикалық және сапалық (моральдық) тозуы, амортизациясы

Негізгі құралдардың тозуын есептеу. Негізгі құралдар өндіріс процесіне қатыса отырып біртіндеп тозады. Тозудың екі түрі бар: табиғи (физикалық) және сапалық (моральдық), яғни заман талабына сай келмеуі.
Негізгі құралдардың физикалық тозуы. Негізгі құралдар, өндірістік процеске қатыса отырып, оларды тұтынудың және табиғи жағдайлардың әсер етуінің нәтижесіне байланысты біртіндеп өзінің бастапқы қасиеттерінен айырылады. Физикалық тозу болып ол- негізгі құралдардың өзінің бастапқы қасиеттерінен айырылуы табылады.
Негізгі құралдардың табиғи тозуы – негізгі құралдардың бастапқы сапасына, оларды тұтыну деңгейіне, негізгі құралдар қызмет ететін қоршаған ортаның жағдайына, қызмет көрсететін персоналдың білім дәрежесіне, жөндеулердің уақытылы өткізілуіне және т.б. байланысты болып келеді. Кәсіпорында осы факторларды ескеру, негізгі құралдардың физикалық жағдайына үлкен әсеін тигізуі ықтимал.
Негізгі құралдардың физикалық тозуын сипаттау үшін бірқатар көрсеткіштер пайдаланылады.
Негізгі құралдардың физикалық тозу коэффициенті
К ф.т. = Т/Бқ*100
Т- негізгі құралдарды тозу сомасы
Бқ – негізгі құралдардың бастапқы сомасы
Негізгі құралдардың физикалық тозу коэффициенті жекелеген инвентарлы объектілері бойынша және олардың нақты қызмет ету мерзімі туралы мәліметтерге сүйене отырып та есептелінеді.
Нақты қызмет ету мерзімі нормативтіден төмен болған объектілер үшін ол келесі формуламен есептелінеді
Кф.т. = Тн/Тнор*100
Тн мен Тнор – берілген инвентарлы объектінің нақты және нормативті қызмет ету мерзімі
Ал нақтылы қызмет ету мерзімі нормативтіге тең, немесе одан асып түсетін объектілер үшін физикалық тозу коэффициенті келесі формуламен анықталады
Кф.т. = Тн/ Тн+Тм*100
Тм – мүмкін болған берілген объектінің қызмет ету мерзімінің қалдығы. Әдетте ол сарапшылық жолмен анықталады.
Негізгі құралдардың жарамдылық коэффициенті – негізгі құралдардың берілген датаға жалпы физикалық жағдайын көрсетеді және келесі формула арқылы есептелнеді
Кж = Бқ-Т/Бқ*100
Сонымен қатар негізгі құралдардың жарамдылық коэффициенті физикалық тозу негізінде де анықталуы мүмкін
Кж = 100 –Кф.т.
Осы формулалардың барлығы негізгі құралдардың біркелкі тозуын қарастырады, біріақ ол шындықпен тура келе бермейді. Осы оның ең басты кемшілігі болып табылады.
Негізгі құралдардың сапалық (моральды) тозуы. Негізгі құралдардың сапалық (моральдық) тозуы техникалық прогреске, өндіріс әдістерін жетілдіруге және жаңартуға байланысты. Техника мен технологияны жетілдіру жұмыс істеп тұрған негізгі құралдардың ұқсас өнімдерінің арзандауына ықпал етеді. Осыған орай пайдаланылудағы негізгі құралдар өздерінің құнының бөлігін жоғалтып, құнсызданғандай болады.[2]
Машиналардың, жабдықтардың, үйлер мен ғимараттардың барынша жаңа, неғұрлым жетілдірілген түрлерін, малдардың жаңа немесе жақсатырылған өнімді тұқымдарын, көпжылдық өсімдіктердің түрлері мен сорттарын өндіріске енгізуге байланысты пайдаланылып жүрген негізгі құралдарды бұдан әрі қолдану экономикалық жағынан тиімсіз болып қалады.
Негізгі құралдардың сапалық тозуы дегенді кең мағынада қолдану мына факторлардан туындайды:
- өндірісте немесе жаңартудағы жаңалықтар (ескі машиналарды жаңа, неғұрлым өнімді машиналармен ауыстыру);
- технологиялық процесті жетілдіру – жаңа технология қолданған кезде пайдаланудағы машиналар мен жабдықтарды тұтыну мүмкін емес;
- шығарылатын өнім номеклатурасын жаңарту және өзгерту, мұндайда жаңа өнім шығару үшін ескі машиналар мен жабдықтар жарамайды;
- жекелеген тауарларға сұраныстың азаюы субъектіден бұл тауарларды шығаратын машиналар мен жабдықтар санын қысқартуды талап етеді;
- жұмысшы күшінің еңбекке қамтылуындағы, жұмысшылар біліктілігіндегі, ө ндірісті орналастыру географиясындағы өзгерістер өндірістің және пайдаланылатын машиналар мен жабдықтар санының азайтылуын талап етуі мүмкін;
- өндірістің өңдеуші саласындағы өнімнің жекелеген түрлерін шығаруға қажетті шикізат құрамындағы өзгерістер өнеркәсіптің өндіретін салаларында өндіріс көлемінің қысқаруына әкеліп соғуы мүмкін. [4]
Моральдық тозудың әсері нәтижесінде табиғи тозу мерзімі келгенге дейін негізгі құрал – жабдықтар объектілерін жаңа, неғұрлым үнемді түрлерімен ауыстырады.
Моральдық тозуды болдырмау мақсатында негізгі құрал – жабдықтар объектілерін қайта құрып, жаңарту жұмыстарын жүргізеді. Мұражай және көркемтуында құндылықтарынан, кітапханалар кітаптарынан, фильм қорларынан, сәулет және өнер ескерткіштері болып табылатын үйлер мен ғимараттардан басқа барлық негізгі құралдар моральдық тозуға ұшырайды.
Жер өндіріс құралы ретінде, еңбектің маңызды заттай факторларының бірі – еңбек процесінің қажетті материалдық шарты ретінде, сату бағасы бола тұра және субъект балансында есептелінгенімен тозуға жатпайды.
Барлық субъектілер меншік түріне қарамастан, тозуды кітапхана қорларын, фильм қорларын, мұражай және көркем туынды құедылықтарын, сахналық қойылым құралдарын, сәулет және өнер ескрткіштері болып табылатын үйлер мен ғимараттарды, өнім беретін малды, өгіздерді, буйволдарды және бұғыларды, пайдалану жасына жетпеген көп жылдық өсімдіктерді, хайуанаттар паркіндегі және осыған ұқсас мекемелердегі хайуанаттар әлемінің экспонаттаррын, үлгілерді, қолданыстағы және қолданылмайтын модельдерді, кабинеттер мен лобараториядағы және ғылыми мақсаттарда пайдаланылатын макеттер мен құралдарды қоспағанда, негізгі құралдардың барлық түрлері бойынша есептейді.
Негізгі құралдардың жекелеген объектілері бойынша тозу сомасы қажеттілігіне қарай, мүліктік карточкаларда көрсетілген объектінің бастапқы құны, оның пайдалануда болған нормативтік уақыты және амортизациялық аударымдардың қолданылған нормаары негізінде белгіленеді. Толықтай амортизацияланған негізгі құралдар бойынша амортизация есептелмейді.
Егер негізгі құралдар объектілері бойынша тозуды есептеу доғарылған болса, онда негізгі құралдарды есептейтін мүліктік карточкаларда түрлі түсті қарандашпен амортизация нормасы және қай кезден бастап амортизация есептеу тоқтатылғаны көрсетіледі. Негізгі құралдардың сақтау немесе пайдалану орындарындағы мүліктік карточкаларда « тозды» деген белгі жасайды.
Негізгі құралдардың тозуы субъект қабалдаған амортизацияны есептеу нормалары мен әдістеріне қарап көрініс табады. Есепте қолданылатын «тозу» терминін табиғи тозу деп немесе осы уақыт ішінде объектінің нарықтық құнының төмендеуі депемес, пайдалы қызмет еткен уақыты ішінде активтердің құнын есептеп шығару деп түсінген жөн. Термин негізгі құралдардың құнын өндіріс шығындарына немесе айналымға біртіндеп апаруды белгілеу үшін қолданылады.
Сондай – ақ тозудың ұлғаюы субъек балансына бұрын пайдаланылған негізгі құралдар объектісі түскен жағдайда, ал азаюы – негізгі құралдар ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?