Экономика | Инвестициялық жобалау

 Экономика | Инвестициялық жобалау

Мазмұны

Кіріспе……………………………………………………………………..
3
1 БӨЛІМ. Инвестициялық жобалаудың негізгі қағидалары.
Жоба және жобалық цикл түсінігі…………………………………….
4
1.1 Инвестициялық жобалардың түсінігі………………………… 6
1.2 Жобаны алдын-ала әзірлеу және талдау кезеңі………….. 7
1.3 Жобаның коммерциялық орындалуын талдау…………... 9
1.4 Техникалық талдау……………………………………………. 11
1.5 Қаржылық талдау…………………………………………………. 13
1.6 Экономикалық талдау………………………………………… 15
1.7 Институционалды талдау……………………………………... 17
1.8 Тәуекелді талдау………………………………………………...
19
2 БӨЛІМ. Инвестициялық жобалардың тиімділігін талдау…………………….............................................................................
20
2.1 Қазіргі таза құн әдісі (NPV)…………………………………... 20
2.2 Табыстылық индексі (PI)……………………………………… 22
2.3 Ішкі табыстылық нормасы (IRR)……………………………...
23
Қорытынды……………………………………………………………....
24
Пайдаланған әдебиеттер……………………………………………….. 25


1 БӨЛІМ. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ. ЖОБА ЖӘНЕ ЖОБАЛЫҚ ЦИКЛ ТҮСІНІГІ

Халықаралық практикада кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар түрінде көрсетіледі, ол өз кезегінде кәсіпорынның даму жобасын құрылымды сипаттайды. Егер осы жоба инвестицияларды құюды талап етсе, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез-келген жаңа жобасы жаңа инвестицияны керек етумен байланысты болады. Жоба сөзінің жалпы түсінігі – нақты мақсатты көздейтін, кәсіпорынның қызметін өзгерту туралы арнайы түрде ресімделген ұсыныс.
Жобаны әдетте тактикалық және стратегиялық деп бөледі. Соңғысына жеке меншік түрін өзгертетін жобалар (жалға алу кәсіпорнын, акционерлік қоғам, жекеше кәсіпорын, бірлескен кәсіпорын құру және т.б.) немесе өндіру сипатын түп тамырымен өзгерту (жаңа өнім шығару, толық автоматталған өндіріске өту және т.б.) Тактикалық жобалар әдетте шығарылған өнімнің көлемін өзгерту, өнімнің сапасын жоғарылату, жабдықтарды жетілдірумен байланысты болады.
Еліміздің практикасында жоба түсінігі жаңалық емес. Өткен замандағы оны ерекшелендірген сапасы кәсіпорынның негізгі даму бағыттары ережеге сәйкес саланың экономикасын басқарушы деңгейдің кәсіпорынға қатысты жоғары болуымен сипатталған. Жаңа экономикалық жағдайларда кәсіпорын, оны басқарушы жоғарғы құрамы өзінің болашағы туралы өзі қамданып, өз бетінше барлық стратегиялық және тактикалық мәселелерді шешуі тиіс. Инвестициялық жобалау саласындағы мұндай шығармашылық ерекше ұйымдасқан болғаны дұрыс.
Нақты жобаға қатысты кәсіпорынның инвестициялық шығармашылығын ретке келтірудің жалпы ресімі жобалау циклі түрінде іске асырылады. Оның келесі кезеңдері бар:
1. Жобаны тұжырымдау. (кейде «идентификация» - «сәйкестендіру» термині қолданылады). Бұл кезеңде кәсіпорынның әкімшілік құрамы кәсіпорынның ағымдағы жағдайын талдайды және оның басымды даму бағыттарын анықтайды. Берілген талдаудың нәтижесі бизнес-идея түрінде ресімделіп, кәсіпорын үшін аса маңызды міндеттерді шешуге бағытталады. Осы кезеңнің өзінде идеяның орындалуына қатысты нанымды дәлелдер болуы тиіс. Мүмкін кәсіпорынның ары қарай дамуы туралы бірнеше идеялардың пайда болуы. Егер олардың бәрі пайдалы және орындалатындай болса, онда онымен қатар бірнеше инвестициялық жобалар дайындалады, қолайлысы туралы Шешімді оны әзірлеудің соңғы сатысында қабылдайды.
2. Жобаны дайындау (әзірлеу). Бизнес-идея алғашқы сыннан өткен соң, оны Шешім қабылдағанға (дұрыс немесе теріс) дейін дамыту керек.Бұл кезеңде жоспар жобасын біртіндеп нақтылап және барлық бағытта дамытады - коммерциялық, техникалық, қаржылау, экономикалық, институционалды және т.б. бағыттарда.Бұл кезеңдегі аса маңызды мәселе – жобаның жеке мәселелерін шешу үшін бастапқы информацияны іздеп, жинақтау. Бастапқы информацияның шындығы мен жобалап талдау үрдісінде пайда болатын деректерді дұрыс жору жобаның іске асып, жетістікке жетуіне себепкер болады.
3. Жобаны сараптау. Жобаны іске асыру алдында оны білікті сараптау қажет, бұл жобаның іске асу барысындағы аса қажетті кезең. Егер жобаны негізінен стратегиялық инвестор (кредиттік немесе тікелей) қаржыландырса, онда сараптаманы инвестордың өзі жасайды, мысалы, жобаның іске асырылуында көп қаражатқа шығындалғаннан гөрі, қазіргі кезеңдегі сараптамаға шығындалған жөн, сондықтан, сараптаманы беделді, ақыл-кеңес беретін фирманың көмегімен өткізген дұрыс. Кәсіпорын инвестициялық жобаны өз қаражатынан іске асырған жағдайда да жобаның негізгі жағдайларының дұрыстығын тексеру үшін жобаны сараптаған жөн.
4. Жобаны іске асыру. Кезең бизнес-идеяның жоба толығымен пайдаланған кезге дейінгі дамуын қамтиды. Бұған барлық жұмыстардың орындалуын тексеру, елдің ішкі істер бас басқармасы және шет елдік немесе өз еліміздің инвесторлары бақылауы кіреді. Бұл кезеңде сондай-ақ жобаның іске асуының негізгі бөлімі де енеді, оның жұмысының нәтижесі жобаға шығындалған инвестицияның орнын жауып және құйылған қаржының инвесторларға қайтарылуына қаражаттың жетуін бақылайтын мәселелер болып табылады.
5. Нәтижені бағалау. Жобаның аяқталуында, сондай-ақ оның іске асу үрдісінде жүргізіледі. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты жобаға арналған идеялар мен олардың іс жүзінде орындалуы арасындағы кері байланысты табу болып табылады. Мұндай салыстыру нәтижелері жобаны әзірлеген адамдарға үлкен тәжірибе болады, және оны басқа жобаларды әзірлеп, іске асыруда қолдануға мүмкіндік береді.
1.1. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

Жобаны анализдеу практикасы жобаларды әзірлеу және тұрпатты жобаларды тізбелеу тәжірибелерін қорытуға мүмкіндік береді. Төменде шет елдердегі практикада кездесетін инвестициялық жобалардың негізгі түрлері көрсетілген:
1. Кез-келген ауқымдағы бар бизнестің ары қарай дамуының қалыпты үрдісі ескірген қондырғыларды ауыстыру. Әдетте мұндай жобаларшешім қабылдау мен негіздеудің ұзақ әрі күрделі ресімдерін талап етпейді. Көптеген баламалар мұндай қондырғылардың бірнеше типі бар болып, олардың ішіндегі біреуін негіздеу қажет болған жағдайда пайда болады.
2. Ағымдағы өндірістік шығындарды азайту мақсатында қондырғыны ауыстыру. Мұндай жобалардың мақсаты – қолдағы бар әсері аз, моральді ескірген қондырғының орнына жаңа жетілдірілген қондырғыны қолдану. Бұл жобаның түрі әрбір жеке жобаның тиімділігін анализдейді, себебі қаржы жағынан жаңа техникалық қондырғы тиімсіз болуы мүмкін.
3. Өнімді шығаруды көбейту және қызмет көрсету нарығын кеңейту. Бұл жобаның түрі жауапты шешімді талап етеді, ол әдетте кәсіпорынның жоғары әкімшілігімен қабылданады. Төменгі нарықты кеңейту негізінде, сондай-ақ өнімді ауықымды шығарғанда ол сәйкес пайда әкелетінін ескере отырып жобаның қаржылық әсерлілігін де абайлап негіздеп оны коммерциялық орындалуын егжей-тегжейлі анализдеген дұрыс.
4. Жаңа өнімді шығару мақсатында кәсіпорынды кеңейту. Жобаның бұл түрі жаңастратегиялық шешімдер нәтижесі болып табылады және бизнестің ішкі мәнін өзгертуі мүмкін. Бұл түрдегі жоба үшін анализдеудің барлық кезеңдері аса маңызды. Мұндай типті жобаны әзірлеу барысында жіберілген қателіктер кәсіпорынға жақсы нәтиже бермейтінін ескеру қажет.
5. Экологиялық жүктемесі бар жобалар. Инвестициялық жобалау жолында экологиялық анализ қажетті элементтердің бірі. Экологиялық жүктемесі бар жобалар өз табиғатында әрдайым қоршаған ортаның ластануымен байланысты болады, сондықтан анализдің бұл бөлімі сынға ұшырайды. Қаражат өлшемі арқылы негізделіп, шешілуге тиісті негізгі дилемма – жобаның қай нұсқасын қабылдау керектігі: 1) іргелі қаражат шығындарын ұлғайтып жетілдірілген қымбат қондырғыны қолдану, немесе 2) ағымдағы шығынды ұлғайтып арзандау қондырғыны алу.
6. Басқа түрлі жобалар, олар шешімді қабылдағанда аса маңызды емес.Мұндай типті жобалар жаңа офис салу, жаңа автомобиль сатып илу және т.б. мәселелерге қатысты болады.


1.2. ЖОБАНЫ АЛДЫН-АЛА ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ КЕЗЕҢІ

Болашақ инвестициялық жобаның бизнес-идеясын тұжырымдаған соң, бұл идеяны кәсіпорын іс жүзінде іске асыра алады ма деген сұрақ туады. Бұл сұраққа жауап беру үшін кәсіпорынның қарасты экономика саласын анализдеу қажет. Мұндай анализинвестициялық жобаны алдын-ала әзірлеу және анализдеу мазмұнын құрайды. Батыс елдерінің практикасында келесі критерияларды қолданады:
• саланың кемелділігі;
• кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі (оның нарықтағы орны).
Саланың кемелділігін анализдеуді оның дамудың мына төрт жағдайының біреуіне жатқызып қарастырады: эмбриональді, өсуші, кемелдік және қартайған.
Екінші критерийге бойынша, кәсіпорынның қандай салаға жататынына сәйкес сол саладағы бәсекеге қабілеттілігін анықтау қажет. Басқа сөзбен айтсақ, бұл кәсіпорынды заттар мен қызметтер нарығындағы басқа кәсіпорындармен салыстырады. Кәсіпорынның негізі алты жағдайын қолданады: басымдық, күштілігі, қолайлығы, тұрақсыздығы, әлсіздігі, тіршілік етуге қабілетсіздігі. Саланың кәмелеттік және бәсекеге қабілеттілігін салыстырып кәсіпорынның тіршілік циклінің қалыптамасын құруға болады, ол құрылымды сипатты болып тек кәсіпорынның жағдайын белгілеп қана қоймай, сондай-ақ ары қарай дамуының қағидалық ұсыныстарын жасайды.
Жобаны алдын-ала анализдеу кезеңінің соңғы нәтижесі - көрсетілген критерийлер бойынша нақты кәсіпорынның жағдайын белгілеу болып табылады, яғни, кәсіпорынның қалыптамадағы нақты орнын көрсету.
Алдын-ала анализдей кезеңі аса ұзақ болмауы тиіс, ал нәтижелер оның алдындағы кезеңде шығарылады да, сапалы бағаларда негізделеді. Бұл кезең кем дегенде мына екі себептермен қажет:
• стратегиялық инвестормен ары қарай жұмыс істегенде саланың кемелдігі және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі туралы мәселелер міндетті түрде қарастырылады, сондықтан оған алдын-ала дайын болу қажет;
• егер кәсіпорын менеджерлері анализдеуді қолға алмаса, оны стратегиялық инвестордың өзі жасайды, ал оның нәтижелері қолайлы болмауы мүмкін.
Экономика саласының кәмелеттігінің мысалдары

Кәмелеттілік кезеңі
эмбриональді өсуші кәмелеттік қартайған
Күн энергетикасы Видеотаспаларды өндіру Кеме жасау (Европа)
Көмір өндіру (АҚШ)
Үй компьютерлері Сағат жасау
Велосипед жасау

Жобалардың сан алуандығына қарамастан, оларды анализдеу біршама жалпы сызбанұсқа бойынша жасалады, ол жобаның коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық және институциональді орындалуын бақылаутын арнайы бөлімдерден тұрады. Стратегиялық инвестордың пікірі бойынша дұрыс жоба тәуекел анализімен аяқталуы тиіс. Сызбанұсқадағы «Жоба қабылданбайды» қарарының қолданылуы шартты сипатты болып келетіні ескеру қажет. Жоба бастапқы түрінде қабылданбауы тиіс еді. Сондай-ақ жобаның мысалы, оның техникалық орындалмауына байланысты түрі өзгертілуі мүмкін, өзгертілген жобаның анализі басынан қайта басталуы тиісті.
1.3. ЖОБАНЫҢ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ОРЫНДАЛУЫН ТАЛДАУ

Ұстаным бойынша маркетингтік анализдің негізгі мағынасы екі жәй сұрақтың жауаптарында:
1. Жобаның іске асырылуының нәтижесі болып табылатын өнімді сата аламыз ба?
2. Бұдан инвестициялық жобаның шығындарын ақтайтын жеткілікті пайда түсіреміз бе?
Статистика бойынша, үшінші әлем елдеріндегі фирмалардың күйзеліске ұшырауының деңгейі 80%. Күйзелістің басты себебі – жеткіліксіз маркетинг.
Маркетингтік анализдің базалық мәселелері мыналар:
1. Жоба қай нарыққа бағытталған? Халықаралық па, әлде ішкі нарыққа ма?
2. Жобахалықаралық және ішкі нарықтар арасындағы балансты долбарлайды ма?
3. Егер жоба халықаралық нарыққа бағытталса, оның мақсаты мемлекет саясатының шешімдеріне бағыттас па?
4. Егер жоба ішкі нарыққа бағытталса, оның мақсаты мемлекеттің ішкі саясатына бағыттас па?
5. Егер жоба мемлекеттің саясатымен сыйыспаса, оны қарастыру керек пе?
Жобалар қазіргі нарықта іске асырылатындықтан, жобада оның сипаттамасы көрсетілуі тиіс. Маркетингтік анализ сондай-ақ өзінде тұтынушылар мен бәсекелестердің анализін қамтуы тиіс. Тұтынушылар анализі тұтынушылар қажеттіліктер, нарықтың патенциальді сегментін және сатып алу үрдісінің сипаттамасын анықтауы тиіс. Бұл үшін жобаны әзірлеуші нарықты жан-жақты зерттеп, нарықтық құрылым және оған әсер етуші институциональді шектеулер аумағында негізгі бәсекелестерді анализдейді. Маркетингтік анализ нәтижесінде маркетингтік жоспар әзірленеді. Онда өнімді әзірлеу, бағалау оны базарға өткізу және пайдалану стратегиялары көрсетіледі. Бұл «маркетингтік қоспа» элементтері бірігіп, өнімнің нарықтағы қолайлы бәсекелестік жағдайын қамтамасыз етеуі керек. Маркетингтік жоспар кәсіпорындағы басқа өнімдердің болуын, сондай-ақ жұмыстың ұйымдастырушылық, қаржы, өндірістік және қамту аспектілерін ескеруі тиіс. Маркетингтік жоспар аумағында бәсекелестер реакциясын және оның жоспарының ары қарай орындалуына әсерін мүмкіндігінше болжай алу керек.
Маркетингтік жоспарға сондай-ақ сұранысты болжау да енеді. Инвестициялық жоспардың әзірленуі бойынша болжаудың анықтығын тексереді және алынған нәтижені қалаған нақтылықпен салыстырады. Шешімді қабылдау үрдісі анықталмағандық жағдайда жүзеге асса да, дұрыс болжау осы анықталмағандықтың дәрежесін төмендете алады.
Инвестициялық жоспардың барлық маркетингтік аспектілерін қарастыру мүмкін еместігін түсіне отырып, маркетингтің негізгі түсінікті бөлімдерін анықтап көрейік. Маркетингтің барлық сұрақтарының толық тұйықталуы келесі блоктарды атап көрсетуге мүмкіндік береді: нарық анализі, бәсекелестік орта анализі, өнімнің маркетингтік жоспарын әзірлеу. Алдыңғы бөлімге қолданылатын ақпараттың растығы қажетті шарт екендігін ескеру қажет.
Төменде аталған блоктардың қысқаша сипаттамасы көрсетілген:
Нарықты зерттеу мақсаты – тұтынушылар сұранысын анықтау, нарық сегменттері мен маркетингтік шешімді қабылдау үрдісін тездету, сапасын жоғарылату үшін сатып алу үрдісін анықтау, сұраныс анализі кезінде келесі негізгі мәселелер қарастырылуы тиіс:
• Потенциальді сатып алушы кім?
• Өнімді сатып алу себептері?
• Сатып алу қалай жүзеге асырылады?
• Қандай ақпарат қажет және оны қалай жинайды?
Нарықтың құрамын зерттеу бәсекелестер, мемлекеттік немесе жеке кәсіпорындар, жергілікті, ұлттық немесемарка қойылған немесе қойылмаған өнімдерден бастайды. Сондай-ақ нарыққа жаңа қатысушылар (болашақ бәсекелестер), орнын басушы өнім (мысалы, мақта үшін жасанды талшықтар, жеміс шырыны үшін алкогольсіз сусындар) тұрғысынан бәсекелестіктің енуі жатады. Жауапты міндетті түрде талап етуші негізгі сұрақтар:
• Берілген өнімнің нарығының қазіргі құрылымы қандай?
• Осы саладағы бәсекелестік базасы?
• Институциональді шектеулер бәсекелестік ортаға қалай әсер етеді?
Маркетингтік жоспар жобаның негізгі бөлімі болуы тиіс, оны әзірлеуде маркетолого мына сұрақтарға жауап беруі тиіс:
• Өнім қаншалықты жақсы даярланған?
• Бағалаудың стратегиясы дұрыс анықталған ба?
• Өнімнің нарыққа шығу стратегиясы дұрыс анықталған ба?
• Алып-сату жүйесі сатушы мен сатып алушыларының эффектілі байланысын қамтамасыз етеді ме?
• «Маркетингтік қоспа» элементтері біріңғай жұмыс істеп тұрған маркетингтік жоспарға біріктірілген бе?
Қорытындылай келсек, маркетингтік бөлім жобаны анализдеу кезінде анықтаушы мәнге ие, себебі ол жобаның іске асуын бағалау үшін қажетті нарықтық ақпаратты алуға мүмкіндік береді.
Көп жағдайда кәсіпорында нашар маркетингтік анализ жіберілгендіктен, ол кәсіпорын алып-сату операцияларға көптеген қаражат жұмсайды, ол әрине қалаған пайда келтірмейді.

1.4. ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛДАУ.
Инвестициялық жобаның техникалық анализ мәселелеріне мыналар жатады:
• Жоба мақсатына сәйкес келетін технологияларды анықтау.
• Жергілікті жағдайды анализдеу, ондағы шикізат бағасы, бар болуы, энергия, жұмысшылар да ескеріледі.
• Жобаны жобалаудың потенциальді мүмкіндіктері мен жүзеге асуын тексеру.
Техникалық анализ әдетте кәсіпорындардың өз сарапшылар тобымен, мүмкін аса қажет мамандарды шақырумен іске асырылады. Техникалық анализдің стандартты процедурасы қолда бар өз технологияларды анализдеуден басталады. Бұл кезде келесі критерийлерді басшылыққа алған жөн: 1.) технология алдын-ала таныс, яғни, стандартты болуы тиіс; 2.) Технология шет ел қондырғысы мен шикізаттарына бағытталмауы тиіс.
Егер өз технологиямызды қолдану мүмкін болмаса, онда шет ел технологиясы мен қондырғыларын қолдануды анализдеу төмендегі берілген сызбанұсқалардың біреуімен жүргізіледі:
• Шет ел кәсіпорнымен біріккен кәсіпорын – жартылай инвестициялау және барлық технологиялармен толық қамтамасыз ету.
• Техникалық «ноу-хауды» қолданатын қондырғыларды сатып алу.
• «Turn-Key» - қондырғыны сатып алу, зауыт салу, технологиялық үрдісті дұрыстау.
• «Product-in-hand» - «Turn-Key» - және кәсіпорын қажетті өнімді шығарғанға дейін жұмысшыларды оқытып, үйрету.
• Өндіріске лицензия сатып алу.
• Шет ел технологының техникалық көмегі. Технологияны таңдау ережесі бірнеше альтернативті технологияны кешенді анализдеу және кез-келген агрегирленген критерий негізіндегі ең қолайлы нұсқаны таңдауды қамтиды.
Альтернативті технологиялар арасындағы кілттік факторларды таңдау технологияларды қолданудың келесі аспектілерін анализдеуге әкеледі.
1. Ұқсас масштабта таңдалған технологияларды бұрынғыдай қолдану (нақты нарық үшін масштабтар тым үлкен болуы мүмкін).
2. Шикізаттың жергілікті болуы (потенциальді ұсынушылар, олардың өндірістік қуаты қандай, шикізат сапасы, осы шикізатты қолданушылардың саны, шикізат бағасы, әкелу қызметтерінің бағасы мен әдістері, қоршаған ортаға қатыстығы).
3. Коммуналдық қызметтер және коммуникация.
4. Технологияны сатушы мекеменің өнімге патенті немесе лицензиясының барына көз жеткізу.
5. Ең болмағанда, бастапқы кезеңде технологияны сатушының өндірісте болуы.
6. Технологияның жергілікті жағдайларға бейімделгендігі (температура, ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?