Психология | Зейін және оның даму ерекшеліктері
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Зейіннің негізгі түрлері және қасиеттері қасиеттері
2.Мектепке дейінгі шақтағы баланың зейінің дамуын зерттеу
3.Бастауыш мектеп жасындағы балалардың зейінін дамытудағы ерекшеліктерін зерттеу
4. Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың зейінін дамытуға арналған әдістемелер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Зейіннің негізгі түрлері және қасиеттері
Зейін деп-адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады.Дәлірек айтқанда,зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып,соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Мысал келтірейік. Оқушы математикалық есептерді шығарып отыр.Ол бұған соншама үңілген,мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді(бала көзін қадайды,шұқшия үңіледі,демін ішіне тартады т.б.).Оқушы есептің шығару жоспарын ойлайды,оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп шығарып болып,азғантай үзілістен кейін тарихты,одан соң географианы оқуға көшеді.сабағын оқып болғаннан кейін, түрлі нәрселермен айналысады.Осы көріністердің бәрінде де бала әрекетінің әрбір түріне өз зейінін үйымдастырып,басқа обектілерден ойын бөліп отырады.Осындағы түрлі кезеңдерде бала психикасының белгілі бір объектіге бағыт алып және сонда азды көпті тұрақтап отырғанын көруге болады.
Адамға тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса,оның нәтижелі болуы қиын.Орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушинский (1824-1870) зейіннің маңызын былайша көрсеткен еді:«Зейін адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын,адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады,демек,бұл есікке ілімнің бірде-бір сөзі соқпай өте алмайды,егер де ол соқпай өтсе,онда баланың санасында ештеңеде қалмайды».
Зейінді психикалық процестердің тобына жатқызу дұрыс болмас еді. Өйткені,адам өз өмірінің әрбір моментерінде бір нәрсені қабылдайды не есіне түсіреді,бірер нәрсені қиялдайды,бір нәрсе жөнінде ойлайды. Ал зейін болса,өз алдына бұлардай дербес кездеспейтін, қайта солармен бірлесіп келетін психикалық әрекеттің айрықша бір жағы, сананың ерекше сипаты болып табылады. Психикалық құбылыстар зейінге түрліше әсер етеді. Сезім зейінді күшейте түсуге не оны бөліп жіберуге себепші болады. Мәселен, бір объект жағымды сезім туғызып зейінді күшейтеді де, ал көрші кластан естілген ән-күй сабақ тыңдап отырған баланың зейінін төмендетеді. Ерік, ой, қиял процестері де зейінге тірліше әсер етіп отырады.
Зейінің физиологиялық негіздерін И.П.Павлов ашқан нерв процестерінің өзара индукция заңына байланысты түсінуге болады.
И.П.Павлов,егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса,осымен байланысты қалған алаптарында тежелу процестері пайда болатынддығын айтқан. Мәселен, адам бар ойымен іске қызу берілсе,басқа нәрселер жөнді ойлай алмайды. Осы кезде мидың бір алыбында күшті қозу процесі болып жатады да,айналасындағы алаптарда тежлу болады (теріс индукция заңы).
Зейіннің физиологиялық негіздерін орыс физиологы, академик А.А.Ухтомскийдің (1875-1942) доминанта теориясы бойынша да жақсы түсінуге болады. Сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға көбірек әсер етеді де,мидың бір албын қаттырақ, күштірек қоздырады, осындай алапты доминанта деп атаған.Мидың осы күшті қозғыш алабы қалған алаптардағы әлсіз қозу процестерін өзіне тартып алып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы онан бетер күшейеді.Мәселен, қызық кітапты беріле оқығанда адамға кейбір бөгде тітіркендіргіштердің бөгет жасамайтыны, қайта олардың біздің ойымыздың күшеюіне жәрдемдесетіні байқалады. Сондықтан адам бар зейінін қойып кітап оқыған кезде қасындағы бөгде тітіркендіргіштерден (мысалы, сағат маятнигінің соғуы секілді) қашпауы керек. Бұл біздің басқа нәрсеге көңіл аудармай үңіліп отырған әрекетімізге мейілінше беріле түсуге жәрдемдеседі. Өйтекені,жоғарыда айтылғандай мидағы басыңқы қозу әлсіз тітіркендіргіштерден болған қозуларды өзіне тартып алып,солардың есебінен күшейіп отырады. А.А.Утомскийдің доминанта теориясының мәнін И.П.Павловтың «Қозудың оптимальдық алабы»дейтін теориясы онан сайын толықтыра түседі.
И.П.Павловтың оптималдық қозу алыбы теориясы ырықты зейіннің табиғатын физиологиялық тұрғыдан өте жақсы тұсіндіріледі.Қоз процесі ешқашан да ми қабығына біркелкі тегіс тарамайды,өйткені онда әр. уақытта қозу пайда болатындай жағымды «оптималдық жағдай»жасалып отырады.Оптимальдық қозуы бар осы алап-ми қабығының творчестволық бөлімі,ырықты зейінің физиологиялық негізі. Бұл жөнінде И.П.Павлов былай дейді:«Бас сүйегінің сыртынан біз іштегі миды байқай алатын болсақ, онда ми сыңарларының оптималдық қозу пайда болатын жері жарқылдап көрінсе,біз ойлап отырған саналы адамның ми сыңарларында формасы және шамасы өне бойы өзгеретін тамаша тұрлаусыз жарқылдаған сәуле дағын көрер едік,бұлар ми сыңарларының барлық жерлерін алып жатқан азды-көпті қара көлеңкенің ішінде үздіксіз қозғалып жүрген болар еді».Ұлы физиологоптималдық қозу үнемі қозғалыста болатындығын айта келіп, оның мида ауысып отыруының өзі зейін бағытының да өзгеріп отыруы деп түсіндірді. Мидағы тежелудің бірінен екінші сапқа шығуы осы оптимальдық қозу алабының жұмысы болады. Оптимальдық қозуы бар алап (өзәра индукция заңы) мидың басқа бөліктеріндегі тежелуді күшейтеді. Мұндай жағдайда адам зейіні бір жерге күшті шоғырланады да,ол қалған объектілерді байқамайтын болады. Оптимальдық қозу алабын екінші сигнал жүйесінен шыққан сигналдар қуаттап отыратындығын, сөздік сигналдар ми қабығындағы осындай алаптардың бір-біріне ауысуын тездетіп отыратындығын, сайып келгенде, психикалық әрекеттің талғамалы сипатта болатынын жақсы көрсетеді.
Бір нәрсеге зейін аудару адамның сыртқы кейпінен де (дененің, бастың, көздің түрлі қозғалыстары, бет бұру, үңілу, құлақ тігу т.б.) жақсы көрінеді. Бірақ, бір қарағанда зейін анық байқала да қоймайды. Өйткені, осы айтылғанға біршама ұқсас сыртқы көріністерді өмірде жиі кездестіруге болады. Сондықтан да кейбір мұғалімдер кластағы оқушылардың кескініне қарап бір дегеннен баланың сабаққа қаншалықты зейінді, не зейінсіз отырғанын ажырата алмайды. Бұл, әсіресе, тәжрибесі аз жас мұғалімдерде жиі кездеседі. Түрлі тәсілдер арқылы оқушы зейінінің қасиеттерін тәрбиелей отыру – мектептегі барша мұғалімнің ат салысатын негізгі педагогикалық істерінің бірі. Іске шын мәнісінде зейін қойып кіріскенде ғана әрекетті нәтижелі етіп орындауға болатындығы мұғалім үшін аксиомалық қағида болуы қажет.
Адамдардың зейіні ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді.
Сыртқы дүниенің кез келген обектілері кейде ырықсыз-ақ біздің назарымызды өзіне тартады. Мәселен, көшемен кетіп бара жатқан адамның бояулы афишаға көзі түссе, оған мойнын бұрады не милиционердің ысқырығына жалт қарайды т.б. Адам өмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады. Зейінің бұл түрі әсіресе жас балаларда жиі кездеседі. Өйткені, балалық дәуірде адамның күрделі іс-әрекеттері (оқу, еңбек т.б.) белгілі жүйеге келе қоймайды да осының нәтижесінде оның психикасы өте нәзік, түрлі сыртқы әсерге берілгіш келеді. Әрине, бұдан бала есейген соң, оның ырықсыз зейіні маңызын жояды деген қорытынды тумау қажет. Адам өмірінің барлық кезеңдерінде ырықсыз зейін тиісінше орын алып отырады. Қызығу-ырықсыз зейінің бұлағы. Өйткені қызықты іске көңіліміз тез ауады. Мәселен, қызықты кітап оқуға ырықсыз зейінді жеткілікті. Ал қызықсыз кітап оқу-ырықты зейінді керек етеді. Ырықты зейінде де қызығу орын алуы тиіс.Бірақ ырықты зейін де жанама, дәнекерлі қызығуды керек етеді.Мұнда адам істен шығатын нәтижеге қызығады,оны орындау үшін күш жұмсайды. Өйтпесе іс өнбейді, күткен нәтиже шықпайды.
Ырықсыз зейін физиологиялық тұрғыдан барлау (орионтировочный) рефлексінің жемісі болып табылады. Зейіннің бұл түрі жануарлар мен адамдардың сыртқы ортамен байланысында үлкен роль атқарады. Ырықсыз зейін кез келген тітіркендіргіш арқылы пайда бола бермейді. Ырықсыз зейінің көрінуіне төмендегі жағдайлар себеп болады:
а)күшті тітіркендіргіштер (көзді аштырмайтын жарық, қанық бояулы заттар, қатты дауыс,мұрын жаратын иіс т.б.),заттар мен құбылыстардың жаңалығы мен қозғалысы (мәселен, адамның үстіндегі киімінің өзгеруі, дыбыстың, жарықтың артуы не кемуі т.б.).
ә) адамның сыртқы дүниедегі объектілерге қатынас жасауының дәрежесі (қызығу, қажетсіну,көңіл күйінің хош болуы) ырықсыз зейіннің тууына жақсы әсер етді.
Адамның ырықты зейіні әрекеті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалуынан көрінеді. Ырықты зейінде белгілі бір мақсат көздеп, объектіге ерекше зер салып отыруы көзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына дейін ерік-жігерді сарқа жұмсауды талап етеді. Ырықты зейін мынадай еркшеліктермен сипатталады;
1) Қандай болмасын бір әрекеттің талабына сай зейінді бағындыра алу үшін іс-әрекетке тікелей кірісу қажет.
2) Үйреншікті жұмыс жағдайын жасап алып, алаңдататын нәрселерден бойды аулақтатқан жөн.
3) Орындалатын істің мәнісін, маңызын түсіну үшін білімге шын ықыласпен берілген дұрыс.
4) Түрлі қолайсыз жағдайларда да жұмыс істеуге машықтану. Мәселен, көңілді алаң қылатын бөгде тітіркендіргіштердің (айқай-шу, тарсыл-гүрсілдерде де) әсеріне берілмей жұмыс істей беру. Бұл зейінді шынықтырудың, оны мықты және шыдамды етіп тәрбиелеудің ең жақсы жолы болып табылады.
5) Зейінді бөлуді үнемі ескертіп отыру керек. Бір сөзбен айтқанда, ырықты зейін деп іс әрекетті жоспарлы түрде ұйымдастыруды айтады.
Зейіннің негізгі қасиеттері
Зейінің мынадай қасиеттері бар:
А)Зейіннің тұрақтылығы және жинақтылығы. Адамның зейіні бір объектіге немесе бір жұмысқа ұзағырақ тұрақтай қалса, оны зейіннің тұрақтылығы дейді. Мысалы, өндіріс озатының, не хирург дәрігердің жұмыс үстіндегі зейінін осыған жатқызуға болады.
Зейінді бір жерге тұрақтатып, жинақтай алу арасында адам істеп отырған ісін тереңінен түсініп, оның әр түрлі байланыстарын анықтайды. Зейінді тұрақтата алушылық саналы әрекетке өзіңді жеңе алудың басты бір белгісі болып табылады.
Зейіннің осы қасиетінің оқу процесінде маңызы зор. Сабақ үстінде баланың назарын көп нәрсеге аудармай, басты бір нәрсеге не белгілі бір әрекетке ғана аударып, оған тұрақтатып әдеттендіру керек. Сонда ғана бала есейген кезде үлкендердің көмегінсіз-ақ зейінін тиісті объектіге жинақтай алатын болады.
Ересек адамдар жұмыс үстінде зейінін 40 минуттай бір объектіге тұрақтата алады. Осындай 10-20 минуттық зейін қоюшылықтан кейінгі бірнеше секундта көңілдің бір нәрсеге бөлінуі сол жұмыстың одан ары ұйымдастырылуына ешбір нұқсан келтірмейді. Қайта бұл секілді тынығу, жұмысты бірнеше сағат бойы жақсы, тұрақтап істеуге мүмкіндік береді. Адам соншалық ерік-жігермен зейін салып жұмыс істеген жағдайда да оқтын-оқтын ойы бөлініп, басқа бір затқа ауып отырады.Осылайша зейінің бірде әлсіздене, бірде күшейіп тұруын зейіннің толқуы дейді. Толқу-зейіннің табиғи қасиеттерінің бірі. Мәселен, бар ілтипатпен кітап оқыған адам да анда-санда бөтен ойға түседі,басын көтеріп жан-жағына қарайды. Зейінің мұндай толқуы, әрине, адамның көңіл аударған нәрсесіне оының бөлінуіне, зейінін тұрақтатуына бөгет болмайды. Кейбір адамдардың зейіні толқымалы келеді. Бұған қатты тітіркендіргіштер, күшті эмоциялық әсерлер, сондай-ақ адамның өз еркін жөндеп билей алмауы себеп болады.
Зейінді ұзақ уақыт бойы іс-әрекетке жеткілікті жұмылдыру үшін, әсіресе, оның бөтен нәрсеге көңілі ауып кетпеуін ойластыру керек. Бұл көп күш жұмсауды қажет етеді. Зейінді алаңдататын әр түрлі тітіркендіргіштерге қарсы күресу-қажетті шаралардың бастысы. Мәселен, ысқырған дауыс, қоңыраудың сылдыры, сырнай-керней т.б. адамның тынышын кетіреді. Зейінін жақсы ұйымдастыра алатын адамдар осынан осындай жағдайда да жұмысты тез және сапалы орындайтыны байқалады. Адамды алаңдататын нәрселер көп болған мен, машинаның дүрілі, музиканың әуені зейінді аударатын тітіркендіргіш болғанмен, оларға шыдап отыра беруге болады. Ал қасындағы адамның айқай-шуы, реніш т.б. адамды күштірек алңдатып, жұмыс істетпейді.Әрине, бұларды жоюдың мүмкіндігі болмаса, оған көңіл аудармай,сабырлық пен жұмыс істей беруге болады.Әрине, бұған ерік-жігер қажет. Осындай ыңғайсыз жерлерде жұмыс істей алушылық-адамның жақсы қасиеттерінің бірі. Мәселен, орыстың атақты жазушысы А.П.Чехов жас кезінде көп әңгімелерін ойын-күлкі, той-думан үстінде жазса, ал Мусоргский мен Бородин өздерінің опералық шығамаларын отырып-ақ жаза беретін болған. Қандай жағдайда да адам зейінге кедергі келтіретін нәрселерді жеңе алатын болуға тиіс. Тіпті тыныш жерде де отырып жұмыс істеуді ұнататын адамдар да өзің ыңғайсыз жағдайларға төселтіріп, кез-келген жағдайда жұмыс істей алатындай қабілетке ие болуы тиіс.
Ә)Зейіннің аударылуы. Зейінің аударылуы деп бір объектіден екінші объектігі назарымызды көшіруді айтады. Физиологиялық тұрғыдан мидағы оптимальдық қозудың ауысуы. Зейінді тез аудара білу қабілеті көбінесе нерв процестерінің өзгермелілігіне байланысты. Кейбір адамдар бір жұмыстың түрінен екінші бір жұмысқа жеңіл көшеді, зейін қоып жаңа жұмысты тез меңгеріп кетеді. Бұл икемді, оңтайлы зейіннің көрінісі. Екінші біреудің зейіні, керісінше, басқа объектіге қиындық пен ауысады. Зейінді тез аудара білу көлденеңнен кез келген әсерлерге кідірусіз жауап беруде аса қажет. Мәселен, машинистерде зейінді тез аудара білу қасиеті жөнді жетілмеген болса, олардың жұмыста түрлі сәтсіздіктерге ұшырауы мүмкін. Мектеп жағдайында балалардың зейінін бір пәннен екінші пәнге, бағдарламаның бір бөлімінен екінші бөліміне, жұмыстың бір түрінен (үй тапсырмаларын сұрау) екінші түріне (жаңа сабақты тыңдау кезі) үнемі аударып отыруға тура келеді. Зейінді аудара алу оқушының ерік сапалары біраз дамыған кезде, әсіресе оқу материалдарын түсінген және оларды ұмытпайтындай етіп меңгерген жағдайда ғана мумкін болады. Мұғалімнің материалдарды жүйелі етіп, бір ізбен жақсы түсіндіруі, өткен материалдарды дұрыс қорытуы, оқылатын жаңа тараудың мақсатын айқындауы, жаңа материалдарды тыңдауға және түсінуге оқушылардың дайындығын тексеру т.б. зейіннің дұрыс аударылуына себепші болады.
2.Мектепке дейінгі шақтағы баланың зейінінің дамуын зерттеу.
Мектепке дейінгі шақтың басында баланың зейіні төңіректегі заттарға және осылар арқылы орындалатын іс-әрекеттерге қатысты ынтамен сипатталады. Бала бір нәрсеге ынтасы өшпей тұрған кезде ғана зейінін шоғырлайды. Жаңа бір нәрсе пайда болысымен-ақ баланың зейіні лезде соған ауады. Сондықтан балалардың ұзақ уақыт бір іспен шұғылдануы сирек болады.
Мектепке дейінгі шақта балалар іс-әрекетінің күрделенуіне жалпы ақыл-ой дамуының ілгерілеуіне байланысты зейін күшті шоғырланып, тұрақтылыққа ие болады. Мысалы, мектепке дейінгі кішкентайлар бір ойынды 30-50 минут ойнайтын болса, бес-алты жасқа жеткенде ойынның ұзақтығы бір жарым сағатқа дейін созылады. Мұны ойында адамдардың күрделірек іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарының бейнеленуімен және ойынға үнемі енгізілетін жаңа ахуалдарды қолдау табуымен түсіндіруге болады. Балалар суреттерді көргенде, әңгіме, ертегі тыңдағанда зейін тұрақтылығы арта түседі. Мысалы, мектепке дейінгі шақтың соңында суретті көру ұзақтығы екі есе артады, мектепке дейінгі кішкентайға қарағанда алты жасар бала суретті жақсырақ түсінеді, оның өзіне қызықты жақтары мен егжей-тегжейлерін бөліп алады.
Бірақ мектепке дейінгі шақта зейіннің негізгі өзгеруі баланың алғаш рет өз зейінін меңгере білуінде, оны саналы түрде белгілі заттарға, құбылыстарға бағыттай білуінде және кейбір тәсілдерді пайдалана отырып,соларға зейін қоя білуінде. Ықтиярлы зейіннің бастамалары баланың жеке басынан тыс жатыр. Бұл ықтиярсыз зейіннің өздігінен ықтиярлы зейіннен пайда болуына әкеліп соқпайтындығын көрсетеді. Ықтиярлы зейін үлкендердің баланы іс-әрекеттің жаңа түрлеріне тартуының, белгілі бір құралдардың көмегімен оның зейінін бағыттап, ұйымдастыруының арқасында қалыптасады. Баланың зейініне басшылық жасай отырып, үлкендер кейін солардың көмегімен ол өз зейінін өзі басқара бастайтын оған қажетті жолдарда үйретеді. Мысалы, бір тәжрибеде зеребелік сипаттағы сұрақтар мен жауаптардан тиым салу ойыны өткізілді. Ондағы тиын түрі былай болады:«Ия, не жоқ деп айтпайсыңдар, ақты және қараны алмайсыңдар». Ойын барысында балаға бірнеше сұрақтар берілді. Олардың ішінде белгілі түстердің аттарымен жауап беретін сұрақтар да болады. Сұрақтар мынадай типке болатын:«Сен мектепке барып жүрсің бе?»,«Партаның түсі қандай?»,«Сен ойнауды ұнатасың ба?»,«Сен ауылда болып көрдің бе?»,«Шөптің түсі қандай?»,«Ауруханада болғаның бар ма?»,«Сен дәрігерді көрдің бе?»,«Халаттарының түсі қандай?» Бала қайткенде де жылдам жауап беруге және мынандай нұсқауды орындауға тиіс:1) тыйым салынған түстерді, мысалы, қара мен ақты немесе қызыл мен көкті;2) бір түсті екі рет атамау. Тәжрибе бала ойынның барлық шарттарын орындай аларлықтай етіп құрылған, бірақ бұл баладан үнемі зейініне күш салуды талап етті, көп жағдайларда мектеп жасына дейінгі балалар осы мідеттердің бәрін орындай алмады.
Егер үлкен адам балаға ойынның шарттарына ынталы түрде зейінді шоғырландырудың сыртқы көмекші құралдары ретінде түсті карточкалар жиынтығын ұсынса, нәтиже басқаша болып шығады. Неғұрлым аңғарғыш балалар бұл көмекші құралдарды өздігінен пайдалана бастайды. Бұл балалар тыйым салынған, мысалы, қара мен ақ түстерді көрсеткен тиісті карточкаларды шетке бөліп тастайды да ойын процесінде тек алдында жатқан карточкаларды пайдаланады.
Зейінді нақтылы, дара тапсырмаларға байланысты ұйымдастырудың ахуалдық құралдарынан басқа жан-жақты құралы-сөйлеу бар.Үлкендер баланың зейінін сөзбен нұсқау беру арқылы ұйымдастырады. Қайсыбір жағдайларды ескере отырып берілген іс-әрекеттерді баланың орындауы қажет екенін ескереді. («Мұнараны тұрғызарда алдымен дөңгелекшелердің ең үлкенін тап ал… Міне, дұрыс. Ал,ендігі үлкені қайсы? Іздеп көр?»Тағы сол сияқтылар). Кейінірек бала қажетті нәтижеге қол жеткізуі үшін зейін салуға тиісті заттар мен құбылыстарды сөз арқылы өзі белгілей бастайды.
Сөйлеудің жоспарлаушы функциясының дамуына қарай бала өз зейінін болашақ іс-әрекетке күні бұрын ұйымдастыра неменеге даралана білуін сөзбен тұжырымдау қабілетіне ие бола бастайды.Зейінді ұйымдастыратын сөз арқылы өзіне берілетін нұсқаудың мәні төмендегі мысалдардан жақсы көрініп тұр. Мектепке дейінгі жастағы балаларға жануарлардың суреті салынған он карточка берілді, олардың ішінен белгіленген суреттері бар (мысалы, тауықтың немесе жылқының), каточкалардың біреуін болса да таңдау, бірақ тиім салынған карточканы(мысалы, аюды)алмау ұсынылды. Басында оған іс-әрекеттің тәсілі жөнінде еш бір нұсқау берілмеді. Мұндай жағдайларда балалар тапсырманы қинала орындап,жиі қателесті.Бірақ балаға нұсқауды естіртіп, дауыстап айту ұсынылғанда (карточкалардағы бейнелерді зейін қоя қарағаннан кейін олардың қайсысын алуға болатынын, қайсысын болмайтынын) тапсырманы орындау бірден өзгерді. Бұдан кейін мектепке дейінгі ересектерден бастап балалар дұрыс шешімге келе бастайды,тіпті кейінгі тапсырмаларда жануарлардың жаңа түрлері салынған карточкаларды енгізгеннің өзінде де жауаптары дұрыс болып шығып отырды. Карточкаларды таңдап алу процесінде балалар жұмыла пайдаланды.
Мектепке дейінгі шақ ішінде өз зейінін ұйымдастыру үшін сөзді пайдалану күрт өседі. Мұны, атап айтқанда, мектепке дейінгі ересектер үлкеннің нұсқау бойынша тапсырманы орындағанда мектепке дейінгі кішкентайларға қарағанда нұсқауды 10-12 рет жиі қайталады. Сонымен, баланың мінез құлқын реттеуде сөздің маңызының жалпы өсуіне байланысты мектепке дейігі шақта ықтиярлық зейін қалыптасады.
Мектепке дейінгі шақта балалар ықтиярлы зейінді меңгере бастаса да, бүкіл мектепке дейінгі балалық шақта ықтиярсыз зейін басым болып қала береді. Балаларға өздері үшін бір текті әрі тартымды шамалы іс-әрекетке ......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?