АЗАМАТТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУГЕ АДВОКАТТЫҢ ҚАТЫСУЫ
Мазмұны
КІРІСПЕ..........
І . АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚАТЫНАСТАРЫ
1.1. Азаматтық іс жүргізу ұғымы және құқығы............
1.2. АІЖҚ қатысушылар және оларды топтастыру....
1.3. Әділсотты жүзеге асыруға ықпал етуші тұлғалар..........
ІІ . АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУГЕ АДВОКАТТЫҢ ҚАТЫСУЫ
2.1. АІЖ бойынша адвокаттың азаматтық істі қозғау
сатысындағы қызметі............
2.2. Адвокаттардың азаматтық істі сотта қарау сатысына қатысуы.................
2.3. Адвокаттың азаматтық іс бойынша кеңес беру қызметін
құқықтық реттеу....................
2.4. АІЖ бойынша адвокаттардың азаматтық іске қатысуы
проблемаларын жетілдіру....
ҚОРЫТЫНДЫ.....
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.....
Еліміз өзгерістер алдында, демократиялық реформалардың жаңа кезеңіне аяқ басқалы тұр.Сондықтан біз одан әрі жүретін реформалар пайдасына таңдау жасауымыз қажет. Қазақ ұлтының кешегісін түгендеп, ертеңін екшейтін заман туғалы қашан.
Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының аясын зерттеуді Қазақстандағы заң білімінің тарихынан бөліп қарауға болмайды.
Ғылыми зертеудің қайсысы болмасын, ұқсастық пен айырмашылықтарды саралап, жинақтауды талап етеді. Зерттелетін объект белгілі бір уақыт аралығын қамтитын болса, оны топтастыру да белгілі бір кезеңге сай жүргізіледі. Осы тұрғыдан келгенде Қазақстандағы заң білімінің дамуы барысын мынадай 5 кезеңге бөлуге болады: көне дәуірдегі заң білімі , дербес Қазақ хандығының заң білімі, патшалық Ресейдің отары болған кездегі заң білімі, социалистік заң білімі, ұлттық заң білімі.
Қазақстандағы заң білімі мен құқықтану, оның ішінде азаматтық іс жүргізу құқығы ерекше тарихи сипатқа ие десек қателеспейміз. өйткені, Қазақстан ұзақ жылдар бойы өзге мемлекеттің құрамына еніп, яғни оның құрамдас бөлігі болып саналады. Соның салдарынан заң білімі мен құқықтануы өз тізгініне өзі ие бола алмағаны да түсінікті. Ұлттық юриспруденцияға ең алдымен бөгде елдің ғылымы дәрежесіне көтерілу міндеті тұрды. Міне, сондықтан да ұлттық азаматтық іс жүргізу құқықтың ғылыми тұрғыдан дамуы орыс азаматтық құқығының тағдырымен тығыз байланысып жатыр. «діліне жүгінсек, орыс цивилистикасы өзінің ықшамдылығымен, керметтей қарапайымдылығымен азаматтық іс жүргізу құқығының теориясын сомдап береді. Дәл қазір де ол ұлттық цивилистиканы азаматтық іс жүргізу құқығының билік шынына көтеруде оң әсерін тигізуде. Егеменді Қазақстанға бүгінгі талапқа толық жауап беретіндей азаматтық құқық ғылымын қалыптастыру өзекті мәселе болып отыр.
Тарихқа жүгінсек, қазақ халқы өз алдына ел болып, дербес мемлекет құрғалы бірнеше күрделі заң жинақтарын қабылдаған. Мұндай заң құжаттары туралы сөз болғанда алдымен XVI ғасырдың бірінші ширегіндегі Қасым хан (1551-1520 ж.ж.) дәуірінде қабылданған "Қасым ханның қасқа жолын" жатқызуға болады. XVI ғасырдың аяғында XVII ғасырдың басында "Есім ханның ескі жолы" деп аталатын заңдар жинағын (1548-1928 жж.) билік құрған Есім хан шығарғаны тағы да белгілі. XVII ғасырдың аяғында XVIII басында Тәуке хан тұсында (1680-1718 жж.)атақты "Жеті жарғы" қабылданды. Бұл құжат аты айтып тұрғандай жеті саланы, атап айтқанда, жер дауын, жесір дауын, құн дауын, бала тәрбиесі мен неке қатынасын, қылмысқа жауапкершілікті, ру аралық дауды, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін қамтиды.
Бұл заң құжаттарының бәрі де сол заманның қажеттілігінен дүниеге келгені сөзсіз. өкінішке орай, мәселенің байыбына бармай тұрып, Қазақстанда құқықтық мәдениет болғанына күмән келтірушілер де кездеседі. Тіпті әлі күнге дейін кейбір бұқаралық ақпарат құралдары мен академиялық еңбектерде ұлттық құқықтың кенже қалғанын дәлелдеп бағуға тырысушылық байқалады, тегінде құқықсыз мемлекет болуы мүмкін емес, өйткені, онсыз жария-құқықтықты реттеу мүмкін еместігі түсінікті жәйт.
Кезінде Ресейдің отары болған Қазақстанда арнайы жоғары заң білімін беретін оқу орындарының неліктен болмағанын тәптіштеп айтып жатудың өзі артық болар. Ол кезде қазақтар үшін жоғары білім алу таптық және топтық тұрғыдан алғанда мүмкін емес-тұғын. Сонымен қатар талапкердің оқуға қыруар қаржы жұмсау керектігі тағы да қолын байлайды. Мәселен, орыс университетіне түсу үшін 25 сом жарна талап етілді, содан кейін лекция тыңдауға, сынақ, емтихан тапсыруға және тағы да басқа төлемдер төлеу керек болды. Тек ауқатты адамдардың балалары ғана Ресей университеттерінде заң білімін ала алды.
Осы арада мына бір жағдайды айта кеткен жөн, Қазақстан Ресейге отар болуды бастаған, яғни 1731 жылғы 19 ақпанынан-ақ патшалық Ресей қазақтардың құқықтық жүйесіне өзінің заңның енгізуді қолға алды. Қазақтардың әдет-ғұрып құқықтарын қалайда өзгертуге патша өкіметі жанын салып бақты, сөйтіп орыс мемлекетінің құқық нормалары оның орнын біртіндеп баса берді. Ақырында отаршылдық саясат өз дегенін істеп, айтқанға көндіріп, айдауға жүргізе білді. Дейтұрғанмен қоғамның құқық өмірінің кейбір салаларында орыс заңы мен қақатардың әдет-ғұрып құқықтары тоғысты. Демек қазақтардың әдет-ғұрып құқықтарын түбірімен өзгертемін деген патша өкіметінің пиғылы жүзеге аса қойған жоқ, соған байланысты Қазақстанда екі құқық жүесі де қолданылып келді.
Қазақстанның тәуелсіздігінің қалыптасу үрдісі, әртүрлі билік тармақтарының өкілеттілігін кеңейту және олардың қызметін жетілдіру, заңдарды түбегейлі жаңарту, сот реформасы және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сотпен қорғауды күшейту, тиімді анрықты экономика құру, қазақтсандық кәсіпкерлерді қорғау, қылмыспен күресу, осының бәрі сайып келгенде заңымыздың кәсіби деңгейге көтеруді талап етеді.
Бүгінде заңгерлікке әлеуметтік тұрғыдан өзгеше маңыз берілуіне байланысты ол беделді мамандыққа айналды. Оған күнделікті өмірде әркім де көз жеткізгендіктен, талдап, түсінідіріп жатуды артық деп ойлаймыз. Елімізде жүзеге асып жатқан заң жүйесіндегі игі өзгерістер заң тәжірибесін қайта қарауды талап етеді. өкінішке орай, құқықтық жүйедегі алғашқы қадамдар тағдыры – білім беру сапасына, кадрларды кәсіби даярлау деңгейіне қатысты екендігін естен шығарып алатынымызды жасыруға болмас.
Болашақта қазақстандық құқықтық білім беру бағдарламасы әдістемелік жағынан да ойластыруды талап ететін болады. Қазақстандық құқықтық білім беру саласын "еуропалық", "англо-американдық" жаққа бұрып қана қоймай, әлемдік тәжірибеге бетбұрыс жасату мәселесін естен шығырмаған жөн, дейтұрғанмен құқықты оқытуда ұлттық құқықтық жүйе басым түсе беруіне мән берілуі керек. Сондықтан да құқықты оқытуды мемлекеттік тілде жүзеге асыруға көңіл бөлудің орын ерекше.
І . АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚАТЫНАСТАРЫ
1.1. Азаматтық іс жүргізу ұғымы және құқығы
Азаматтық іс бойынша адвокаттардың қатысуына кіріспес бұрын азаматтық іс жүргізу қатынастарына жалпы түсінік бере кетпесек, бұл тақырыпты түсінуді кеңірек қамту қиынға соғады. Сонымен, Азаматтық іс бойынша сот әділеттілігін жүзеге асыру мемлекеттік іс жүргізу қызметінің күрделі түрі. Азаматтық процессуалдық қатынас идеологиялық ерікті қатынас. Азаматтық процессуалдық құқық қатынасының сот өндірісіне, прокурор, мемлекеттік басқару органның ұйымы, мекеме, бірлестік, азаматтың және соттың арасында пайда болған процессуалды құқық қатынасының реттелуі жатады. Азаматтық процессуалдық қатынас мүдделі жақтардың арасында пайда болмайды. Арадағы қатынас материалдық құқықпен реттеледі. Мысалы: талапкер және жауапкер арасындағы қатынас, яғни сатып алу, сату шарты, айырбастау, жалға алу және жалға беру жағы басқа шарттар, азаматтық құқықпен реттеледі.
Көптеген жағдайларда азамат немесе заңды тұлға өздерінің құқықтарын қорғауға тура келетін жағдайлар болады.
Мысалы: әкесі өзінің кәмелетке келмеген балаларын материалдық жағдаймен қамтамасыз етпейді, аурухана басшылығы аурудың өсиетін куәландырудан бас тартады, кәсіпорын басшылығы кәсіподақ ұйымының келісімін алмай қармағандағы қызметкерді жұмыстан шығарады, т.с.с. көптеген жағдайлар өмірде кездеседі.
Мұндай жағдайларда мүдделі тұлғалар өздерінің бұзылған құқықтарын іс қозғап, қалпына келтіре алады. Осылайша нақты процесс бойынша іс қозғалады, яғни онда даулы істі шешетін сот, істі қозғайтын талапкер (талапкерлер) іс бойынша жауап беретін жауапкер (жауапкерлер) басқа мүдделі адамдар, сондай-ақ куәлар, сарапшылар, аудармашы, мамандар қатысады.
Бұл жағдайда біздің «процесс» дегеніміз «өте тар мағынадағы сөз» болып отыр. Ол нақты түрде былай болады, өйткені оған тиісті сот қатысады, оның өтетін орны, мерзімі белгілі сатыда көрсетіледі. Оның қатысушылары жеке-дара, ал олардың құқықтық қатынастары тиісті оқиғаға, әрекетке сай құқық нормаларымен реттеледі.
Қанша азаматтық іс болса, сонша азаматтық процесс бар. Сонымен қатар, азаматтық процесті кең көлемде алып қарау керек, өйткені азаматтық құқықтарды сот арқылы қорғауды қамтамасыз ету – қоғаммен тығыз байланысты әлеуметтік көрініс болып табылады.
ҚР Конституциясы бойынша ҚР-ның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болғандықтан олардың азаматтық істі сот арқылы қорғалуы өте маңызды болып табылады.
ҚР Конституциясының 13-бабының 2-тармағында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сотпен қорғалуына кепілдік беретін маңызды демократиялық бастаулар орнықтырылған.
Шынында, көрсетілген сот қорғаулары заң бекіткен, арнайы тәртіппен өтеді, яғни Конституциямыздың 75-бабында сот билігінің сот ісін жүргізудің азаматтық қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылатыны белгіленген.
"Сот өндірісі" термині, азаматтық процесс ұғымымен ұштасып жатыр. Процесс жайлы сөз қозғағанда алдымен азаматтық процессуалдық құқық нормаларымен бекітілген соттың азаматтық істі қарау және шешу тәртібін айту керек. Сондай-ақ азаматтық процесс сот әділдігінің бір бөлігі, яғни сот органдарының нақты өздеріне тиісті құқықтық сұрақтарды шешіп оларды белгілі бір жеке тұлғаларға мемлекеттік мәжбүрлеуді құқық негізінде қолданып іске асыру әрекеттерін айтамыз.
Осы көзқарас бойынша азаматтық процесс, яғни азаматтық іс жүргізу – бұл азаматтық іс жүргізу әрекеттерінің және осы әрекеттер жүзінде іс жүргізу құқықтық қатынастарының пайда болуын айтамыз. Бұл әрекеттер әділсотты жүзеге асыратын сот арқылы іске асады, сондай-ақ қарауға тартылған басқа субъектілер арқылы жүзеге асады.
Сонымен, азаматтық іс жүргізу азаматтық процессуалдық әрекеттерді іске асыру тәртібін анықтайды, яғни бір жағынан заң бекіткен сотың әрекетінің тәртібі болса, екінші жағынан іске тартылған тараптардың іске қатысу тәртібін белгілейді. Бұл процесске деген көзқарас, осы тәртіпті бекітетін процестің нормативті-құқықтық негізінде жасалады.
Іс жүргізуді бастау үшін, мүдделі тұлға талап беру керек, яғни шағым не арыз беру керек. Бұл бірінші процессуалдық іс жүргізу әрекеті өзінен кейін бір емес бірнеше құрамды әрекеттерді тудыруы мүмкін. Азаматтық іс жүргізу заңы бойынша судья азаматтық істі қозғай алады немесе заңды негіздер болған жағдайда іс қозғаудан бас тарта алады. Заң судья мен іске қатысушыларға сот әділдігін жүзеге асыру үшін кең көлемде мүмкіндіктер берген. Сот арқылы тараптар арасындағы шартқа қатысты құжаттар алдыру, сұрату, жауапкердің мүлкіне сай арест салу, сот ұйғарымына жеке шағым келтіру, сараптама тағайындау, сотың біреуіне отвод беру, істі қысқарту туралы ұйғарым шығару, т.б. әрекеттер, яғни іс жүргізу әрекеттері азаматтық процесстің, яғни азаматтық іс жүргізудің құрылымын құрайды.
Азаматтық іс жүргізу әрекеттерінің ерекшеліктері мынада:
Іс жүргізу әрекеттерінің мазмұны яғни оның іске асуы не іске аспауы мүмкіндігі заңмен белгіленген. Мысалы: талапкер мен жауапкердің жалған жауап беруі жайлы жауапкершілікке тартылуына ескерту беруге болмайды. Ал қылмыстық іс жүргізу заңы бойынша ол міндетті. Ал азаматтық іс бойынша бұл заңда көрсетілмеген. Керісінше, сот ондай жауапкершілікті куәлерге, сарапшыларға, аудармашыларға ескертуге міндетті. Егер бұл заңмен бекітілген ережені бұзған сот жұмысы өрескел қателік болып саналады.
Процессуалдық іс жүргізу әрекеттері тәртіп бойынша заңда тікелей көрсетілген кезекпен немесе нақты іс бойынша процестің даму логикасынан шығады.
Сонымен АІЖК 17 бөлімі "Сот талдауы" атты 17 бөлімінде процессуалдық іс жүргізу әрекеттерінің өту тәртібі мен іске асу кезектері анық көрсетілген. АІЖК 180 бабында сот мәжілісінің ашылу тәртібі көрсетілген, АІЖК 181 бапта процесске қатысушыларды тексеру тәртібі көрсетілмесе, ал 182-бапта сот мәжілісіне іске қатысушылар мен өкілдердің келмей қалу салдары көрсетіледі. Тек осы әрекеттерден кейін ғана сот келесі қадам жасайды: төрағалық етуші істің мән-жайын баяндайды, тараптар мен үшінші тұлғалардың түсініктері тыңдалады, куәлар мен сарапшылардан жауап алынуы және де басқа дәлелдемелер зерттеледі.
АІЖК кейбір нормалары кейбір жағдайларда өтуге тиісті іс жүргізу әрекеттерін нақты рет-ретімен көрсетеді. Мысалы: 211 бап сот жарыссөзінің кім-кімнен кейін сөйлейтіні нақты тәртібі бар. Ол заңда былай көрсетіледі:
1. Сот жарыссөздері іске қатысушы адамдар мен өкілдердің сөздерінен тұрады.
2. Алдымен талап қоюшы және оның өкілі, ал содан соң – жауапкер мен оның өкілі сөз сөйлейді. Басталып кеткен процесте даудың нысанасы бойынша дербес талаптар қойған үшінші тұлға мен оның өкілі тараптар мен олардың өкілдерінен кейін сөз сөйлейді. Даудың нысанасы бойынша өз бетінше талаптар қоймаған үшінші тұлға мен оның өкілі талап қоюшыдан немесе үшінші тұлға іске өзі қатысатын жақтағы жауапкерден кейін сөз сөйлеәді.
3. Прокурор, мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың өкілдері және басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінген азаматтар жарыссөздерінде соңынан сөз сөйлейді.
Көрсетілген норма соңына дейін іс жүргізу әрекетінің кезекпен өтетінін реттейді.
Егер судья заңда көрсетілмеген бұл іс жүргізу әрекеттерінің реттік тәртібін бұзатын болса, оның бірінші кәсіби қателігі болып саналады, яғни бұл мүдделі тұлғалардың құқықтарына өрескел нұқсан тигізіп, өз биліктерін асыра пайдалану болып табылады. Бірақ өкінішке орвй практикамызда "жасырын сотқа дейін дайындық" деген атпен кең тараған кейбір соттардың істі қозғамай жатып, АІЖК 160, 167 баптарында көрсетілген дайындық процесін жүргізіп жіберуі көптеп кездесет.
Судья үшін мұндай заңсыздыққа бару, яғни іс жүргізу реттік кезектік тәртібін бұзу, істі заң талап еткен мерзімде бітіру үшін керек болады, яғни заң бойынша 1-ай мерзім.
Ал мүдделі тұлғалар үшін судьяның мұндай әрекеті күрделі қиындықтарға жолықтыруы мүмкін, мысалы: талаптың кері күші тоқтамай ...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?