Құқық | Адам және азамат кұқықтарының конституциялық механизмін жетілдіру

 Құқық | Адам және азамат кұқықтарының конституциялық механизмін жетілдіру

Мазмұны

КІРІСПЕ

1. АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫНЫҢ ДАМУЫНЫҢ ТАРИХИ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Адам құқықтары мен бостандықтарының дамуының теориялық және тарихи ерекшеліктері
1.2 1917ж. дейінгі қазақ мемлекеттілігіндегі адам құқықтары мен бостандықтарының жағдайы
1.3 Кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы адам құқықтары мен бостандықтарының жағдайы
1.4 Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақыттағы жеке тұлғалардың құқықтық жағдайы

2. АДАМ МЕН АЗАМАТТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Адам және азаматтың құқықтары бостандықтары мен міндеттерінің жүйесі
2.2 Құқықтар, бостандықтар және міндеттер қағидаларының мазмұны
2.3 Құқықтар, бостандықтар және міндеттердің жіктелуі

3. ҚҰҚЫҚТАР МЕН БОСТАНДЫҚТАРДЫҢ ҚОРҒАЛУ МЕХАНИЗМДЕРІ
3.1 Қазақстан Республикасындағы адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау институттары мен органдары
3.2 Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы Қазақстанның өзекті мәселелері

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕККӨЗДЕР ТІЗІМІ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақыт аралығында Қазақстан Республикасында болған саяси және экономикалық реформалар тұлға, оның қажеттіліктері мен мүдделеріне басты роль берген қоғам дамуының жаңа бағыттарын айқындады. Қазіргі біздің конституциялық жүйеміз бұрыңғы кеңес дәуіріндегіден өзгеше адам және оның тұлғалығына ерекше сыйластықпен қараудан тұрады.
ҚР Конституциясының 1 бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады» делінген. Ал 12 баптың 2 тармақшасында: «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумасынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, одан ешкім айыра алмайды» деп көрсетілген [1].
Аталған конституциялық ережелер мемлекет жүйесінің саяси-қоғамдық қалыптасуы мен дамуына бағытталып, адам құқықтары мен бостандықтарының кең ауқымын және оларды қамтамасыз ету мен қорғаудың механизмін бекіту арқылы жүзеге асады.
Аталған бағыттарды кез келген билік органдары және қоғамдық бірлестіктері өз әрекеттерін жүзеге асыру барысында естен шығармауы тиіс.
Ел басшымыз «Жаңа Конституция халықпен өкімет арасындағы нақты және шынайы келісімі ретінде көрінеді». Сонымен қатар онда адам және азаматтың құқықтық мәртебесі, мемлекеттік органдармен қоғамдық ұйымдарды құру және олардың жұмысын реттеу мәселелері әркімге түсінікті етіп жазылғандығын ерекше атап өтеді [5].
Сөйтіп, қоғам дамуының барысы жаңа қатынастарға бейімделуді талап етеді. Бұл өз алдына Конституция нормалары мен басқа да тұлға мәртебесінің негіздерін айқындайтын нормативтік актілердің мейілінше тиімді өзгеруінде көрініс табуы керек. Осымен байланысты ғалымдардың алдында қазақстандық конституционализмнің өзекті теориялық сұрақтарын жан-жақты қарастыру мақсаты тұр. Ол кұқықтық мемлекеттің әрі қарай дамуына, демократияның қалыптасуына, қазіргі құқықтық жүйенің жетілуіне және мемлекеттегі заңдылықтың күшеюіне әсерін тигізеді [6].
Зерттеу жұмысының пәні. Конституциялық заң тарихында бірінші рет азаматтардың құқықтары мен міндеттерімен бірге «адам құқығы» ұғымы бірінші рет танылды. Сөз жоқ «Адам құқығы» мен «Азамат құқығы» ұғымы бір-біріне жақын және табиғи түрде ұштасқан ұғымдар. Азамат деген – адам. Сондықтан, адамға қатыстының бәрі де азаматқа да қатысты. Адамға тумасынан жазылған, абсолютті деп танылған және олардан ешкім айыра алмайтын құқық пен бостандық Қазақстан Респуликасының азаматына да тән.
20 қыркүйек 2002 жылғы ҚР Президентінің «ҚР-ның құқықтық саясаты Концепциясы туралы» жарлығында: «ҚР Конституциясында бекітілген адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының жоғарлылығы, құқық үстемдігі, мемлекеттің билік тармақтарының бөлінуі және олардың өз қызметін жүзеге асыру барысында тепе-тендік және тежемелік қағидасына сүйене отырып жүзеге асыратындығы негізінде демократиялық, құқықтық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет құру жөніндегі бағытын біртіндеп және ретімен заңдастыру керек» деп көрсетілген [6].
Әр саладағы адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына байланысты мәселелер ҚР құқықтық ғылымында жан-жақты қарастырылған деп айтуға болады. Бірақ аталған мәселенің қоғам талабына сай зерттеліп, дамып отыру қажеттігіне байланысты және ғылымныңда бір орында тұрмай, ұдайы өрбіп келе жатқанын ескерсек, оны біліп тану аяғына дейін жетті деп санау қате. Егер біз ҚР тұрақты экономикалық даму сатысынан өткенін, демократиялық институттарды дамытып келе жатқанын ескерсек ҚР-да адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын күннен-күнге кеңейіп және олардың мазмұны әлде қайда көлемді болып жатқанын айдан анық көреміз. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына байланысты ірі халықаралық-құқықтық сипаттағы БҰҰ шеңберіндегі: « Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы» (1948 ж.), «Адамдардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары туралы», «Адамдардың азаматтық және саяси құқықтары туралы»(1966 ж.), «Балалар құқы декларациясы» (1959 ж.), «Әйелдердің саяси құқы туралы конвенция » (1954 ж.) сияқты және басқа бірқатар құжаттардың негізгі идеяларымен қағидаларына сүйене отырып және мемелекеттің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып нығайтты. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайта отырып, халықаралық актілердің нормалары мен принциптеріне сүйенеді. Аталған және басқа халықаралық актілер мынадай негізгі құқықтар мен бостандықтарды жариялайды: кез–келген адам өмір сүруге, бостандыққа және жеке басына қол сұғылмауына құқылы, кез-келген адам азапталмауы, қадір-қасиетін кемсітетіндей көз алартушылыққа және жазаға ұшырамауы тиіс, барлық адамдар заң алдында тең, заңмен тең дәрежеде қорғалуға құқылы, кез-келген адам тұратын орнын мемлекет шегінде еркін ауыстыруға және таңдауға құқылы, кез-келген адам өзінің, отбасының және басқаларының денсаулығын және тұрмыс жағдайын қолдауға қажетті өмірлік деңгейде еңбек етуге, білім алуға, демалуға құқылы. Халақаралық құқықтық құжаттар адам құқы мен бостандығын жоғарғы құндылық деп таниды.
Жоғарыда аталғандар өзге зеріттеушілермен қатар бізді де адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары маңында пайда болған мәселелерді жаңаша көзқараспен және бертін шығарылған нормативтік құқықтық актілердің тұрғысынан қарап шешуді талпындырды.
Осылайша жүзеге асырылып отырған Конституцияның теориялық мәселелері және адам және азамат құқықтары мен бостандықтары саласындағы заңдарды жетілдіру таңдап алынған тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Адам құқықтары, тұлға мен мемлекет арасындағы қатынастарды құру мәселелері Ежелгі Дәуір философтарын қызықтырған. Олардың арасында: Лао Цзы, Конфуций, Протагор, Аристотель, Антифонт және басқаларды да атауға болады. Жаңа Заман кезінде: Г. Гроций, Ш. Монтескье, Ж-Ж. Руссо, Т. Джефферсон еңбектерінде көрініс табады. Адам қүқыктары концепциясының қалыптасуына Ш.Уалиханов, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов да өз үлестерін қосты.
Кеңес одағы кезіндегі адам құқықтары мен олардың құқықтық мәртебесі Г.В.Мальцев, Н.В.Витрук, Л.Д.Воеводин, Е.А.Лукашев, В.А.Кучински, В.А.Патюлин, В.М.Чиквадзе, А.И.Экимов, И.Е.Фарбер, Л.С.Явичтердің еңбектерінде қарастырылған.
Егеменді Қазақстанның зерттеліп отырған обьектіге қатысты қазіргі қалпына жетуіне өз үлесін С.З.Зиманов, М.Т.Баймаханов, С.С.Сартаев, С.Н.Сабикенов, А.А.Матюхин, С.Ф.Ударцев, З.Ж.Кенжалиев, К.А. Жиренчин, С.А.Табанов, Н.А.Шайкеновтер сіңірді.
Тікелей адам және азамат құқықтары мен бостандықтары мәселелеріне А.Т. Ащеулов, К.К. Айтхожин, Д.М. Баймаханова, В.А. Ким, А.К. Котов, О.К. Копабаев, Е.К. Кубеев, Г.П. Лупарев, В.А. Малиновский, В.В Мамонов, Э.Б. Мухамеджанов, Е.К. Нұрпеисова, Ғ.С. Сапарғалиев, М.А. Сарсембаев, В.Н. Уваров, А. А. Черняков жэне басқалар өз еңбектерін арнады.
Қарастырылып отырған мәселеде түпкілікті бекітуге өз үлестерін отандық және шетелдік ғалымдардың, атап айтқанда: Е.А.Лукашевтің редакциясымен басылып шығарылған «Общая теория прав человека» [7], «Прав человека» [8], Г.П.Лупаревтің «Правовой статус личности в зарубежных странах» [9].В.А.Кимнің «Годы созидания» [11], Ғ.С.Сапарғалиевтің «Конституциялық құқық» [12] академиялық курсында, А.К.Котовтың «Суверенный Казахстан: гражданин, нация, народ» [13] монографиясында бірқатар прогрессивті идеялардың орын алғанын айқын көруге болады.
Аталған еңбектерден қазіргі кездегі адам құқықтары саласындағы негізгі ғылыми жетістіктері, мемлекет дамуының демократиялық бағытын ұстанып отырған ТМД-ның және өзге шет мемлекеттердің адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын бекіту және реттеу тәжірибелері, адам және азамат құқықтары мен бостандықтары саласына байланысты халықаралық құжаттар және олардың біздің ішкі заңдарымызбен арақатынасы көрсетілген. Сонымен қатар, Қазақстанда аталған мәселе бойынша жүйелі түрде жүргізілген яғни, адам мен азаматтың оны қоршап отырған әлеуметпен арасындағы қарым-қатынасын көрсеткен және жүйеленген ғылыми зерттеулер орын алмаған деп айтуға болады.Осыған қарамастан жүргізілген жұмыстарда адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтары саласында өз шешімін іздеп отырған мәселелердің көптігін көрсетеді. Осы саладағы Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттерінің шегінде орын алып отырған негізгі және ауқымды мәселелердің бірі болып, 1966 жылғы адам құқықтары туралы халықаралық пактіден шығатын ішкі заң шығарушылықты, сондай-ақ , адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын құқықтық реттеу болып табылады.
Осылайша Қазақстан Республикасы аумағында адам және азамат құқықытары мен бостандықтары мәселесіне байланысты сұрақтар өз шешімін толығымен таппаған және қосымша ғылыми зеріттеулерді талап етеді деп санауға мүмкіндік береді.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Адам және азамат кұқықтарының конституциялық теориясын жинақтау мен дамыту және соның негізінде заңнама нормаларын және оларды жүзеге асыру механизмін жетілдіру жұмыстың мақсаты болып табылады.
Аталған мақсатқа жету үшін келесі міндеттердің шешілуі қажет:
- адам және азамат құқықтары жөніндегі теориялық көзқарастарды
топтап, олардың мәнін және қайнар көздерін ашу;
- олардың байланысы мен ерекшеліктерін анықтау;
- азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары
классификациясының көптүрлілігі мен ерекшеліктерін зерттеу;
- олардың теория мен тәжірибеде жүйесінің калыптасу жолдарын ұсыну;
- адам және азамат конституциялық-құқықтық мәртебесінің маңызды
элеметтерінің бірі ретінде тұлғаның құқықтары мен
бостандықтарының мазмұны мен маңызын ашу;
- адам құқықтары жөніндегі халықаралық стандарттарды Қазақстан
заңнамасына ендіру кезінде туындайтын мәселелерді ашу.
Зерттеу жұмысының объектісі: ҚР-ғы адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы теориялық және тәжірибелік мәселелер. Сонымен қатар, адам құқықтары мен бостандықтарына байланысты ұлттық, шетелдік және халықаралық нормативтік құқықтық актілер болып табылады.
Ал тақырыптың зерттеу пәні: ҚР адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары, оның дамуының ерекшеліктері, бағыттары, қағидалары, тенденциялары және заңдылықтары.
Зерттеудің әдістемелік негізі-бұл диалектикалық, тарихи-логикалық, институционалдық, құрылымды-жүйелік, салыстырмалы-құқықтық және баяндаушы ғылыми әдістердің жиынтығы.
Зерттеудің теориялық негізі. Жұмыс қортындысы табиғи құқық теориясына, Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еңбектеріне, ұлттық және шет мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілеріне, халықаралық құқық нормаларына сүйене отырып жазылған. Жоғарыда аталған мәліметтермен қатар мемлекет және құқық теориясы саласындағы отандық және шетел ғалымдарының еңбектері, конституциялық құқық, философия, политология салаларынан құнды мәліметтер алынған.
Еңбектің ғылыми жаңалығы. Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының жүйелі зеріттелуінен, сондай-ақ, оның конституциялық-құқықтық және халықаралық-құқықтық аспектілерін қарастырудан тұрады.
Зерттеу барысында келесі мәселелер қарастырылады :
- адам құқықтары концепциясының пайда болуы;
- адам құқықтарының конституциялық қағидаларының иерархиялық жүйесі;
- ҚР-ғы адам құқықтары мен бостандықтарының халықаралық заңнамамен салыстырмалы кестелері;
- адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің бірден-бір кепілдігі ретінде омбудсмен институтын қарастыр ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?