Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік есеп, оның мәні мен маңызы

 Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік  есеп, оның  мәні  мен  маңызы

Мазмұны
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім:
1.Бухгалтерлік және экономикалық қызметтердің ішкі бақылауын ұйымдастыру
2.Шаруашылық субъектілердің есеп саясаты
3.Курстық жұмыс:
Бухгалтерлік есеп, оның мәні мен маңызы
III.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қандай ғылымның болмасын пайда болу тарихы, маңызы мен мақсаты және қоғамда алатын өз орны бар екендігі белгілі. Солардың ішінде басқа салалардан өзінің ерекшелігімен оқшауланатын бухгалтерлік есеп саласы бұдан бірнеше жүздеген жылдар бұрын пайда болып табылады. Бухгалтерлік есеп саласы бұдан пайда болып, күнделікті өмірде қолданылуы барысында қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына қарай өзгерістерге ұшырап келе жатқан ғылым болып табылады. Бухгалтерлік есеп туралы белгілі ғалым Б.Де Солозано «Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес және де бухгалтерлік есепсіз әлемді басқару мүмкін емес, адамдар да бірін-бірі түсінбес еді»
-деген болса,оның әріптесі П.Самуэльсон «Біздің ғасырымыз-машина ғасыры сондай-ақ ол бухгалтерлік есеп ғасыры болып табылады»-дейді. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның кірістері мен шығыстарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады. Бухгалтерлік есеп қаржылық (сыртқы) және басқарушы (ішкі) есеп болып екіге бөлінеді. Басқарушы есеп кәсіпорынның қаржылық ақпараттарын ішкі пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болса,ал қаржылық есеп жоғарыда айтылған қаржылық ақпараттарды ішкі пайдаланушылармен қатар сыртқы пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе. Яғни басқарушы есептің мәліметтерін кәсіпорын басшылары қандай да бір шешім қабылдау үшін пайдаланылатын болса, қаржылық есептің мәліметін бұлармен қоса жабдықтаушы кәсіпорындар, банк мекемелері, салық органдары және тағы да басқалар пайдаланады. Кез келген ұйым үшін қаржылық есеп міндетті түрде жүргізілетін болса,басқарушы есептің жүргізілуі және оның тәртібі әрбір кәсіпорынның экономикалық саясатына байланысты.
Бухгалтерлік есеп өзінің бастауын сонау XII ғасырдан алады. Бұл ғылым туралы алғашқы түсінік шамамен 1340 жылдары Генуе қаласында пайда болған. Бухгалтерлік есептің алғашы негізін салушы және дамытушысы Француз манахы Лука Пачоли болып табылады. Ол бухгалтерлік есеп туралы 1493 жылы Шоттар және жазулары деген трактатын жазған. Ал «бухгалтер термині» XV ғасырда Австрия қаласында пайда болған.
Бухгалтерлік есеп-ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп, тасымалдайтын ғылым. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап,оны басұару үшін бағыт-бағдар беріп, алдағы уақытта істелінетін жұмысын экономикалық талдау жасауға өте қажетті жүйе болып табылады. Сондықтан бухгалтерлік есепті бүтіндей халық шаруашылығы есебінің ең басты және негізгісі деп айтуымызға болады. Бухгалтерлік есеп ғылымының шығу тарихы ертеден басталған.Ол бұдан көптеген жүзжылдықтар бұрын пайда болып,бүгінгі күнге дейін әрбір кезеңдердің уақыт талаптарына сәйкес дамып келеді.
Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру» туралы заңы еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдаланылуын және есепке алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі талаптарды,сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық кәсіпорын бухгалтерлік есептеу мен қаржылық есеп беруді осы заңға сәйкес жүргізуге міндетті. Бухгалтерлік есеп арқылы өндірілген өнімді есепке алуға, сатып-өткізуге, айырбастауға және одан түскен қаржыны тиімді де ұқыпты етіп бөліп жұмсауға, яғни кәсіпорындағы шаруашылық үдерістердің барлығын басынан соңына дейін есептеуге болады.
Кәсіпорындардағы бухгалтер маманының қай-қайсының болмасын негізгі кәсіби міндеті пайдаланушыларға дұрыс есептелген бухгалтерлік-ақпараттық мәліметтерді уақтылы, яғни дер кезінде беру болып табылады. Көп жағдайда бухгалтер мен есепшінің арасындағы айырмашылықты білмегеннің салдарынан бұл екеуін шатастырып,алатындар да жиі кездеседі.
Бухгалтерлік есеп кәсіпорындар мен ұйымдардың пайдаланушыларға берілетін қаржылық-ақпараттық мәліметінің көлеміне және мінездемесіне қарай ұйымдастырылады. Бұл ақпараттық мәліметті пайдаланушылардың қатарына қаржы салымшыларын, несие берушілерді және бірлесіп экономикалық қызмет жасаушыларды жатқызуға болады.
Негізінен кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық-ақпараттық мәліметін пайдаланушыларды төмендегідей екі топқа бөліп қарастырады:
1. ішкі пайдаланушылар
2. сыртқы пайдаланушылар
Ішкі пайдаланушыларға осы кәсіпорында қызмет атқаратын тұлғалар, ал сыртқы пайдаланушыларға осы кәсіпорында қызмет атқармайтын, бірақ оның қаржылық жағдайына қызығушылығы бар заңды немесе жеке тұлғалар жатқызылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардағы болып отыратын барлық үдерістерді алдымен бақылап,орындалған жұмыстар мен атқарылған қызметтердің нәтижесінде өндірілген өнімдерді,олар үшін жұмсалған материалдар мен шикізаттарды, қаржы-қаражаттарды сандық өлшемге келтіріліп және оны арнаулы құжаттарға қарай реттеп,соңынан тіркеу жұмысын жүргізетіндігі бухгалтерлік есептің басты міндеті болып табылады. Қандай да болмасын шаруашылыққа қажетті күнделікті қолданылатын есеп жұмысының белгілі бір кезеңдерге сай дамитындығы белгілі.
Ал шаруашылық есеп мәліметтері өндірістің экономикалық жағдайын белгілі бір дәрежеде жан-жақты сипаттап,талдап,қандай да бір шешім қабылдаудың басты мақсаттарын жүзеге асырушы экономикалық пән болып табылады. Қандай да бір шаруашылық құбылыстарын зерттеп, оларға экономикалық талдау жасау үшін белгілі бір есеп көрсеткіштеріне сүйенуімізге тура келеді. Шаруашылық есептің алғышарты материалдық өндірістің теориялық негізін зерттеуге байланысты. Қандайда болмасын есеп көрсеткіштері экономикалық жағынан маңызды мәселе болып табылады. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы ақпараттық мәліметтерді жинақтау бухгалтерлік есеп пәні болып саналады. Бұл пәннің мақсаты-осы бухгалтерлік есепке анықтама беру және оны басқадай экономикалық пәндермен салыстырып,ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, өз ерекшеліктерін теориялық, сондай-ақ іс-тәжірибелік тұрғыдан сипаттап қарау болып табылады.
Бухгалтерлік есептің қандай мәселемен шұғылданатының нені зерттейтіндігін, қай жерлерде қолданылатындығын зерделеп қарау- бұл пәннің негізгі бағыты болып саналады.
Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты-барлық кәсіпорындарда орындалатын операциялардың уақтылы есепке алынып, олардың қазіргі күнгі уақыт талаптарына сай орындалуына, яғни жүзеге асырылуына бақылау жасау. Қоғамдық дамудың қай кезеңінде болмасын бухгалтерлік есеп кез келген кәсіпорында, яғни өнім өндіру мен оларды сату,пайдалану, бқлу үдерістерімен айналысу барысында жүргізілгендігі бүгінгі таңда белгілі болып отыр.
Бухгалтерлік есептің негізгі бағыты – кәсіпорындардағы есеп жұмысының сапасын арттыруға, есептеу жұмысының барысында қолдалынатын, яғни толтырылатын құжаттардың қарапайым әрі түсінікті болуына және ондағы көрсеткіштердің пайдаланушыларға ыңғайлы болуына реттеліп жүргізіледі.
Бухгалтерлік есеп ұйымның есеп беру мен басқару,сондай-ақ экономикалық талдау жұмыстарының нақты түрде жүзеге асырылуын қажетті ақпараттармен қамтамасыз етіп отырады. Бухгалтерлік есептің тексеру, қадағалау, жинақтау принциптерін жүзеге асыру арқылы меншік заңдылығы мен қаржы және қаржыландыру тәртібі, үнемдеу шаралары тиісті заңдарға сай іске асырылады. Шаруашылық жұмыстарын әрі қарай дамыту, қнім өндірудің көлемін ұлғайту мақсатында бухгалтерлік есеп көрсеткіштері мен экономикалық талдау әдістерін кеңінен қолдана отырып, кәсіпорын бойынша іске асырылмай келген резерв қорларын анықтап, оларды іске қосу үшін қажетті шаралар белгіленді. Бухгалтерлік есептің ақпараттық мәліметтері мен көрсеткіштеріне сүене отырып, экономикалық талдау кестелері жасалынады. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп жұмысының қорытынды құжаттары мен мәліметтеріне қарай әрбір ұжымның әлеуметтік дамуына және ондағы жұмысшы-қызметкерлердің материалдық ынталануына шаралар белгілеу жұмыстары іске асырылады.
Бухгалтерлік есептің басты ерекшелігі сол, ол тек қана бастапқы және арнайы құжаттарға жазылып тіркелген наұтылы көрсеткіштер негізінде жүргізіледі. Кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың тиімділігі мен олардың заңдылығы, шығындардың орынсыз жұмсалынбауы, материалдық құндылықтардың қатаң тәртәппен ұқыпты да тиімді жұмсалуына бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізудің міндеті болып табылады.
Сондықтан да, бухгалтерлік есептің негізгі міндеті-халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізу. Қоғамымыздың даму кезеңдерінің қай сатыларында болмасын дамудың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін бухгалтерлік есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.
Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты - қйымның өз экономикалық және саяси жағдайына тән шаруашылық қызметін тиімді жолдармен басқаруға қажетті ақпараттық мәліметтермен қамтамасыз ету.
Кәсіпорындар мен ұйымдардағы күнделікті болып отыратын барлық операцияларды, шаруашылық үдерістері мен шаруашылық құралдарының қозғалысын олардың өнім өндіруге қатысуы мен оның нәтижесін үш түрлі өлшем қолданылады.
1) Сандық өлшем
2) Еңбек өлшемі
3) Ақшалай өлшем
Сандық өлшем кәсіпорынның кіріске алынуға, есептен шығаруға және сонымен қатар түгендеуге тиісті өнімдері мен заттарын, материалдары мен негізгі құралдарын өлшеу, санау, көлемін анықтау үшін қолданылады. Бұл сандық өлшемнің өзі өлшенетін шаруашылық құралдарының түріне қарай әр түрлі болып келеді.
Мысалы, ағашты өлшеу үшін - текше метр (куб/м), жерді өлшеу үшін – гектар, астықты өлшеу үшін – центнер және тағы да басқа өлшемдер қолданылады.
Еңбек өлшемі өнім өндіруге және қызмет көрсетуге жұмсалынған жұмыс уақытын өлшеуге арналған. Басқаша айтатын болсақ еңбек өлшемі бір дана өнімді қажетті уақытты анықтауға немесе белгілі бір уақыт аралығында өндіріліп шығарылатын өнім санын анықтауға арналған. Бұл еңбек өлшемі жұмыс күнінің саны, сағаты және минуты сияқты уақыт өлшемдерін қолдану арқылы жүргізіледі.
Жұмыс уақытының көрсеткіштері кәсіпорындағы жұмысшылар мен қызметкерлерге тиесілі еңбекақы сомаларын және нормалары мен оның өнімділігін есептеу үшін қажет. Алайда еңбек өлшемі жұмсалынған еңбек күшінің нақты санын анықтауға немесе өлшеуге толық түрде нәтиже бере бермейді. Олар көп жағдайларда сандық өлшеммен бірге қосылып қолданылады.
Мысалы, жұмысшының өнімді өндіруге, жасап шығаруға кеткен уақыты мен сол уақыттағы өндірілген өнімнің санын анықтау арқылы еңбек өнімділігі көрсеткішін есептеуге болады. Мұндағы өндірілген өнім саны сандық өлшемге, ал оны өндіруге кеткен уақыт еңбек өлшеміне жатқызылады. Еңбектің ой еңбегі мен қол еңбегі болып бөлуіне және еңбекті атқаратын адамдардаң жұмысының түріне байланысты оларға жұмсалған барлық еңбекті ақшалай өлшемге айналдыруға тура келеді.
Ақшалай өлшем кәсіпорындағы жұмсалған шығындар мен алынған табысты, өндірілген өнімдер мен тағы да басқалардың есебін жүргізу үшін қажет. Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу барысында ақшалай өлшем көбіне сандық өлшем және еңбек өлшемімен бірігіп барлық мәліметтерді жинақтап қорытындылау үшін қолданылады.
Мысалы, құрылысты салуға кеткен барлық шығынның құнын анықтау үшін, сонымен қатар өндірілген өнімдерді, сатылып алынған тауарды сату, бағалау және тағы басқалары құру барысында да тек қана ақшалай өлшем қолданылады.
Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу үшін кәсіпорында күнделікті орындалып отыратын барлық операциялардың міндетті түрде үздіксіз құжаттарға жазылып отыратындығы бухгалтерлік есептің басқа ғылымдарын ерекше екендігін алдыңғы тауарларда айтып өткенбіз. Бухгалтерлік құжат деп кәсіпорындар мен ұйымдарда орыедалған операцияларды дәлелдейтін және алдағы уақытта орындалатын жұмыстар мен атқарылатын қызметтерге құқық беретін жазбаша куәлікті атауға болады.
Жалпы кәсіпорындағы атқарылып жатқан жұмыстың, орындалған тапсырманың үздіксіз, белгілі бір тәртіппен, арнайы үлгідегі қағаздарға жазылып және оған тиісті адамдардың қолдарының қойылуы құжаттау деп аталады. Сондықтан да құжаттау бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Себебі осы құжаттар арқылы ғана кез келген уақытта кәсіпорын бойынша орындалған жұмыстың, атқарылған қызметтің қай мерзімде жасалғанын және оған қандай мөлшерде шығын жұмсалғанын дәлелдеуге болады.
Бухгалтерлік құжат – кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың орындалғанын растайтын немесе оны орындауға заңды түрде құқық беретін жазбаша куәлік.
Орындалған шаруашылық операцияларын бастапқы құжатқа түсіруді бухгалтерлік есеп теориясында алғашқы есеп сатысы деп атайды.
Бухгалтерлік есепте пайдалынатын алғашқы құжаттардың басқадай түрлеріне түзету енгізу тек қана шаруашылық операцияларына қатысушылардың келісімімен жүргізіліп және олар өздерінің келісім бергендігін растап, түзету енгізілген уақытты көрсетіп қолдарын қояды.
II. Қазақстанның бухгалтерлік есеп стандарттарында және ол бойынша жасалған әдістемелік ұсыныстарында басқарушылық пен қаржылық есебін жүргізудің қоғамдық тұрғысынан танылған тәсілдері мен әдістері, ережелері мен қағидалары белгіленген, онда әрбір кәсіпорындардың техникалық базасына, олардың шешетін міндеттемелерінің күрделілігіне, басқарушы қызметкерлердің біліктілігіне қарап нақтыланған.
Кәсіпорынның бастапқы бақылауын жүзеге асыру үшін таңдап алынған тәсілдер жиынтығы, құндық өлшемдері, ағымдағы топтастыруы және бухгалтерлік есептегі шаруашылық қызметіне жасалған қорытынды шолу фактілері кәсіпорынның есептік саясатында көрініс табуы тиіс. Басқаша айтқанда, есептік саясат-бұл бухгалтерлік есептің әдісін жүзеге асыратын тетігі.
Бухгалтерлік есеп жүйесін жүргізудің жалпы қағидасы мен ережесі нормативтік-құқықтық құжаттарда белгіленген.
Оларды жүзеге асыру барысында нақты кәсіпорынның есептік саясаты келесідей жорамалдарын алынғаны жөн:
- кәсіпорын өз мүлкімен өзімен-өзі болушылығы ( кәсіпорын өз балансында тек қана заң бойынша танылған мүліктерді ғана көрсетеді, ал қалған барлық құндылықтарды мен міндеттемелер баланстан тыс шоттарда есепке алынады.)
- толассыз қызметі (есеп саясатының мәселесі бойынша қандай да бір қабылданатын шешім, кәсіпорын өз қызметін болашақ кезеңде тоқтатпайтындығы немесе қызмет масштабын қысқартпайтындығы басшылыққа алынуы керек)
- есеп саясатын пайдаланудың жүйелілігі ( шапруашылық операциясын көрсету әдісінің тұрақтылығы, есеп беру жылының барысында міндеттеме мен мүлікті бағалау, сондай-ақ бір есептік жылдан басқасына өткен кезде де)
- шаруашылық қызметіндегі фактілердің мерзімділік анықтылығы ( әр фактілердің түскен немесе төленген кезіне қарамастан, олар өзінің орындалған немесе орын алған кезеңіне жатқызылуы керек)
Пайдаланатын есеп саясатының басты міндеті мен негізгі арналымы – кәсіпорынның қызметін барынша пара-пар көрсету, іс мүддесі үшін осы қызметтің тиімділігін реттеу мақсатында толық, объективті және шынайы ақпаратпен қаптастыру.
Есеп саясатының әдістемелік бөлігі нақты шаруашылық ахуалына, олардың қолдану тәртібінде белгіленген және бухгалтерлік есеп. Стандартының біршама рұқсатымен бухгалтерлік есепті жүргізудің белгілі бір әдістерінен таңдап алу жолымен қалыптасады.
Егер де стандартты бухгалтерлік есепті жүргізудің кейбір объектілері көрсетілмесе, онда бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілер мен заң талаптарына сәйкес, кәсіпорынның өзі есеп жүргізудің процедурасын дербес әзірлей алады.
Есеп саясатын негіздеу және таңдау кезінде барынша жалпы танылған талаптар мен қағидалар басшылыққа алынады және оны сақтаған жағдайда кәсіпорын есеп саясатын қалыптастыру мүмкіндігі туады.
Есеп саясатын құрудың негізгі қағидалары мен талаптары № 1 БЕС жан-жақты берілген.
Атап айтқанда, есеп саясатын әзірлеген кезде кәсіпорын өз мүліктері мен міндеттемелерін басқа кәсіпорынның мүліктері мен міндеттемелерінен бөліп көрсетуі тиіс (яғни, мүліктік жеке дараланған қағидасы бойынша), кәсіпорын өзінің көз жетерлік болашақ кезеңінде өз қызметін жалғастыруды көздейтін болса, яғни өз қызметін тоқтату жөнінде ниетінің жоқтығын білдірсе, онда толассыздық, үздіксіздік қағидасын сақтағаны болып табылады, кәсіпорын өзі таңдап алған бухгалтерлік есепті жүргізудің тәсілін жүйелі пайдаланып,тек тиімді түзетулерді ғана жасап отырса, онда ол жүйелік қағидасын сақтағаны, ал егерде кәсіпорында мерзімділігі анықталған қағидасын ұстағаны болып табылады. Бұдан басқа,мынанадай талаптарды да ұстағаны жөн, атап айтқанда:
- шаруашылық қызметінің барлық фактілерін бухгалтерлік есепте толығымен көрсету.
- сақтық жағдайын ұстау керек, яғни бухгалтерлік есепте жоғалту мен пассивтерді көрсетуге дайын болуы тиіс, активтер мен табыстарға қарағанда;
- шаруашылық нысанының басымдылық мазмұнын, яғни шаруашылық қызметінің барлық фактілерін есепте көрсетілуін қамтамасыз ету керек, демек оның тек құқықтық негізін ғана емес, сонымен қатар, пайда болған шаруашылық ахуалын, оның экономикалық мазмұнын да қамтуы керек;...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?