Экономика | Ауыл щаруашылығын дамытудың негізгі бағыттары мен жетілдіру жолдары

 Экономика |  Ауыл щаруашылығын дамытудың негізгі бағыттары мен жетілдіру жолдары

Мазмұны

КІРІСПЕ
І. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ- ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Агроөнеркәсіптік кешен және оның инфроқұрылымы
1.2 Ауыл шаруашылығын мемлекттік реттеудің негіздері
1.3. Ауыл шаруашылығы өндірісін басқару механизмдері

ІІ АУЫЛ ЩАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУЫН ТАЛДАУ.
2.1 Қазақстан Республикпсындағы ауыл шауашылығының
даму деңгейін талдау.
2.2 Оңтүстік Қазақстан облысындағы аграрлық сектордың
жағдайы

III. АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДІ ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ
БАҒЫТТАРЫ МЕН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Рынокты экономика жағдайында агробизнестің даму
ерекшеліктері
3.2. Ауыл шаруашылығын дамытудың негізгі жолдары
мен бағыттары

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Экономикасы дамыған елдер тәжірибесі аграрлық өндірісте жандандырмай елдің азық түлік қауіпсіздігі мәселесін шешу және дамыған нарықтың қатнастарды қалыптастыру мүмкін еместігін дәлелдеп отыр .
Аграрлық саясат ол ауыл шаруашылық өндірісі мен агробизнестің басқада салаларын тиімді дамытуға бағытталған және осы негізде халықтың тұрмыс дәрежесімен елдегі қоғамдық процесстің дамуын қамтамасыз ету саясаты .
Қазақстан Республикасы аграрлық саясатының страткгиялық нысанасы отандық өндірісті ұлғайту, өнім сапасын жақсарту және оның өзімдік құнын әлемдік бәсекелестік деңгейінен асырмау, халықты экологиялық азық –түлік өнімдерімен, ал өнеркәсіпті шикізатпен толық қанағаттандыру болып табылады.
Қазақстанның аграрлық секторы әлеуметтік – экономикалық жағынан терең түрлендірілді , шаруашылықты жүргізудің экономикалық механизімі өзгерді, щаруашылықтың жаңа нышандары қалыптастырылды .
Тауар өндірушілердің құрамы түбегейлі өзгеруі , меншіктің жаңа , мемлекеттік емес формалары орнықты. Дегенмен , соңғы он жыл ішінде елімізде азық –түлік өнімдері , олардың ең қажетті түрлері бойыша екі және оданда көп есе кеміп кетті , өндірілген өнімді өткізудің қалыптасқан жүйесі өзгерістерге ұшырады. Рыноктың экономикаға көшу көптеген күрделі проблемалар ішінде ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастырум формаларын өзгертуді жеке мәселе ретінде қойып отыр. Сондықтан нарықтың қатнастарға өту жағдайында агроөнеркәсіп кешенінің негізгі буынында өндірісті ұйымдастырудың мәселелерін зерттеу өзектілікке ие болып отыр.
Азық –түлік проблемасының шиеленісуінен ауыл шаруашылығын және онымен байланысты салаларды , аграрлық қатнастарды дамыту туындайды. Қазіргі уақытта эканомикалық - әлеуметтік саясатты бірінші кезекте аграртлық мәселелерді, әсіресе азық –түлік кешенінің маңыздылығын ескеру . дағдарыстан шығудың алғы шарттарын жасау, саладағы жаңа нарықтың құрлымдарға жан -жақты қолдау шараларын және ауыл шаруашылығының дамуындағы мемлекеттің ролін қарастыру актуалді мәселе болып отыр. Сол себепті аграрлы өндірісті дамыта отырып, осы саланың қызметін түпкілікті жақсарту – елдің азық –түлік мәселесі мен әлеуметтік шиеленісті шешіп , Қазақстанның рыноктық қатынастарға барынша бір қалыпты өтуін қамтамасыз етеді . Тәуелсіз мемлекет трғысынан әсіресе оның даму негіздері мен тәсілдерін өзгерту, шаруашылық жүргізудің жаңа әдістерін меңгеру , өнім көлемін көтеру және оны өңдеу , сақтау, тасымалдау, әдістерін жетілдіру , осы негізде агроөнеркәсіп кешенінің инфроқұрылымдарын дамыту мәселелері зерттеу тақырыбының өзектілігін анықтайды.
Өйткені ауылға көңіл бөлу, ауылды көркейту- мемлекеттік дәрежедегі аса маңызды шаруа. Ауыл шаруашылығын қайта өркендету бұдан бұлай өзекті мәселеге айналу керектігі бүгінгі күннің кезек күттірмейтін талабы. Осы саланы қалпына келтіру үшін үкімет үш жыл көлемінде 150 миллиард теңге қаржы бөлмекші.
Ауыл – шаруашылығын өркендетуде қазргі таңда алда төмендегідей міндеттер тұр:
- бірінші, азық –түлік рыногын тұрақтандыру ;
- екінші , импорттық тауарлардың тасқыны күшейген қазіргі жағдайда халықтық отандық өнімдермен қамтамасыз ету мүмкіндіктерінің төмендеуіне жол бермеу ;
- үшінші , аграрлық және өнеркәсіптік секторлардың мүдделерін тиімді үйлестіре отырып тұрақты экономикалық дамудың алғышарттарын қамтамасыз ету;
- төртінші , ауыл инфроқұрылымдардың тозғыншылыққа ұшырауын тоқтату.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден , үш тарауджан , қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда – Агроөнеркәсіптік кешен және оның құрылымы , ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеу , ауыл шаруашылығын басқару механизмдері туралы түсінік берілген.
Екінші тарауда – Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығының жағдайы және Оңтүстік Қазақстан облысының аграрлық секторына талдау жасалынған.
Үшінші тарауда – Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі бағыттары мен жетілдіру жолдары туралы айтылған.
І. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ- ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Агроөнеркәсіптік кешен және оның инфроқұрылымы

Аграрлық өнеркәсіптік өндірістің қазіргі және болашақтағы дамуы тек ауыл шаруашылығының тікелей даму деңгейіне ғана емес , сонымен бірге оған қызмет көрсететін ауыл шаруашылығының даму дәрежесімен де айқындалады , яғни ауыл шаруашылығының инфроқұрылымынада байланысты.
Агроөнеркәсіп кешенінің инфроқұрылымы дегеніміз – салалар, өндіңрістер , тікелей негізгі өндіріске де, өндірістен тыс (әлеуметтік) салаларға да қызмет ететін қызметтер және қызмет түрлері формасындағы өндіргіш күштер элементтерінің жиынтығы.
Агроөнеркәсіп кешен инфроқұрылымы: өндірістік, әлеуметтік және рыноктық инфроқұрылымдардан құралады.
Өндірістік инфроқұрылымдағы материалдармен жабдықтау, техникаларды жөндеу, ауылшаруашылық өнімдерін тасу, өңдеу, сақтау, сату, сол сияқты электр қуаты , жол жүйесі байланыс, т.б жатады. әлеуметтік инфроқұрылымдағы үй-жай, камуналдық шаруашылық , мәдениет мекемелері, денсаулық сақтау жүйесі, халыққа қызмет көрсету, тұрмыс қажеттерін өтеу мекемелері, білім, балаларға тәрбие беру мекемелері т.б кіреді. Аймақтағы агроөнеркәсіп инфроқұрылымының дамуы мен қалыптасу нақтылы аймақтардың табиғи-экономикалық жағдайына тікелей байланыста. Әрбір аймақтақтың өзіне тән табиғи және экономикалық өзгешіліктері бар, сондықтан инфроқұрылымдар осы нақтылы аймақ бойынша негізгісалалардың дамуына олардың өнімдерінің көбеюіне, сапасының жақсаруына, сол сияқты әлеуметтік салалардың жетілуіне әсерін тигізеді.
өндірістік инфроқұрылым құрамына кіретін ауыл шаруашылығына тікелей қызмет ететін агрохимиялық, мал дәрігерлік, техниканы жөндеу, оларды күту, өсімдік қорғау т.б салаларды айтпағанда нарық жағдайында халықтың әлеуметтік – тұрмыс халін жаңартуды ауыл шаруашылығының негізгі салаларына қызмет атқаратын электротехникалық сала мен жол құрылыс, сол сияқты көлік (транспорт) қатынастарының да орны ерекше. Әлеуметтік инфроқұрылымдар өндірістік инфроқұрылымдар сияқты тікелей өнім өндірмесе де негізгі өндірістік салалардың бір қалыпты және үздіксіз жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Әлеуметтік салалар өндірістің өркендеуіне халықтың тұрмыс жағдайын денсаулығын, білімін, мәдениетін, мамандық деңгейін көтеру арқылы әсер етеді.

Ауыл шаруашылығының инфроқұрылымын төмендегі сызбадан көре аласыздар.(Сызба1)

Ауыл шаруашылығының
инфроқұрылымы


Әлеуметтік инфроқұрылым Өндірістік инфроқұрылым


1.материадық- 2.рухани инф- 3.жол қатынасы, 4.өндіріске
тұрмыстық инф- рақұрылымдар көлік тікелей рақұрылымдар оқу- ағарту, (транспорт), қызмет
қоғамдық мәдениет, байланыс, ауыл көрсететін
тамақтану, өнер, шаруашылығы салалар
тұрғын-үй, денсаулық, өнімдерін өңдеу,
комуналдық спорт, ғылыми сақтау, сату,
байланыс, қызмет т.б оларды
тұрмыстық тасымалдау
қызмет т.б және т.б

Экономикалық аграрлық секторының рыноктық инфроқұрылымның қалыптасуы мен дамуы белгілі бір факторларға байланысты. Олардың қатарында: өңірдің табиғи-климат жағдайы, шаруашылық субъектілері мен өндірістік объектілердің орналасуы, бұлардың энергия қуаттары, су көздерімен қамтамасыз етілу дәрежесі, жол және көлік қатынастарының жағдайы, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің технологиясы, кәсіпкерлердің белгілі бір кәсіпке жете бейімделуі, бұдан басқа, саланың өзіне тән мына ерекшеліктер: табиғаттың құбылмалы көріністеріне тәуелділігі, қаражат айналымының ұзақтылығы, жұмсалған шығындар мен олардың қайтарылым көздерінің тұспа-тұс келмейтіндігі мұқият ескерілуі тиіс. Осы және басқа да объективтік факторларды жан-жақты қарастыру инфрақұрылымның рыноктық қатынастар жағдайындағы даму бағытын, оның жалпы құрамымен бөлімдерінің көлемін айқындауға мүмкіндік береді. Нарықтық инфрақұрылымды жіктеу оның салаларымен жекелеген элементерінің жалпы экономикалық өсудегі маңызы мен рөлдерін анықтау, өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстарды зерделеу, осының арасында негізгі өндіріс пен оны қамтамасыз ететін субъектердің оңтайлы ара қатынасын қалыптастыру қажеттілігінен туындайды.
Агроөнеркәсіптің рыноктық инфроқұрылымы тиісті бөлімдерден тұрады. Оның негізгі экономикалық айналымға қатысушылар рыногінің белгілі бір жүйелері, тауарлар мен қызметтер рыногі, ресурстар мен қаржы рыногі құрайды.
Рынок инфроқұрылымның жалпы жүйесіндегі ең маңыздысы-тауар рыногы инфроқұрылымының қалыптасуы. Рыноктық экономиканы игеру жылдары еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдері өткізудің инфроқұрылымдық жүйелі бірқатар өзгерістерге ұшырады, бұрынан қалыптасқан салаараалықбайланыстар үзілді. Нәтижесінде өндірілген, тұтынуға дайын сапалы өнімдерді ойдағыдай өткізу проблемалық мәселеге айналды. Тауардың өтімділік дәрежесінің төмендеу беталысы аграрлық экономиканың даму барысынан, халықтың әлеуметтік тұрмыс – тіршілік дәрежесінен айқын сезіле бастады. Өнімнің тауарлық деңгейінің төмендеуі, піскен өнімдердің орынсыз ысырапқа ұшырап , тасымалдау жұмыстарындағы, шығысының азайып кетуін тудырады.
Ауыл шаруашылығы тауар өнімділігіне кері әсерін тигізіп отырған келесі жәйт – бұл өткізу жүйесі инфроқұрылымының жұпынылығы, ресурстардың тапшылығы, өндірістік қорлардың жылдар бойы жаңартылып жаңғыртылмағандығы.
Ауыл шаруашылығының өндірісінің еркін рыноктың қызмет ету механизіміне бейімделуінің объективті күрделілігі, агралық сапаның ерекше статусы туралы мәселе көтереді. Агралық саясат халқаралық көлемде кең талқылануы түрлі мемлекеттік доктриналар мен аграрлық дамудың бірнеше стратегияларын ұстанатын мемлекеттік экономикалық қарама-қарсы бағыттарын көрсетеді. Осыдан екі концепцияның қайшылығы шығады. Бірі либералдық модель және екіншісі көптеген дамыған елдер ұстанатын аграрлық протенционизм моделі.
Рынок типтері бойынша саланың рыноктық инфроқұрылымы былайша жіктеледі.

Агроөнеркәсіптің рынок инфроқұрылымының рынок типтері бойынша жіктелу(Сызба2)

Тауар рыногі Қаржы рыногі
Көтерме және бөлшек сауда торабы Банк жүйесі
Тауар биржалары Қор биржалары
Жәрменкелер Бюджеттер
Аукциондар Салық қызметі
Делдалдық фирмалар Зейнетақы қорлары
Коммерция ұйымдар Сақтандыру компаниясы
Сауда үйлері Аудиторлық компания
Көлік агенттігі Брокерлік кеңес
Коммерциялық ақпараттық орталықтар Валюта биржасы
Ауыл шаруашылық және оған қызмет ететін салалардың теңбе-тең пропорционалды дамуы, түпкі жоғарғы нәтижеге жету үшін халық шаруашылығының барлық бөлімдерін басқаруды жетілдіру азық түлік нарығын толықтырудың маңызды шаралары. Табиғи жағдайларына қаншалықты тәуелді болғанымен , ауыл шаруашылық өндірісініңдеңгейі мен мамандануы табиғат фокторларына ғана емес, көбіне әлеуметтік –экономикалық фокторларға ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?