Қаржы | Салық жүйесіндегі акциздік салықтың жетілдіру жолдары

 Қаржы |  Салық жүйесіндегі акциздік салықтың жетілдіру жолдары

Мазмұны

Кіріспе....................................................................................................…….…....
1 Тарау Акциздің экономикалық мәні.......................................................……..
1.1Акциз жанама салық ретінде.........................................................……
1.2Салық жүйесінің элементі ретіндегі акциздің ерекшеліктері....…....
1.3Акциздің шығу тарихы және оны пайдалану.............................……..
2 Тарау Салық жүйесіндегі акциздің рөлі және алатын орны...............……....
2.1Акцизді есептеу механизмі.........................................................……...
2.2Жетісу ауданы бойынша Салық комитетінің мәліметтері
бойынша акциздің түсуін талдау...............................................……....
3 Тарау Акциздік салықтың жетілдіру жолдары....................................……....
3.1Қазақстандағы акциздік салықты оптимизациялау жолдары..……..
3.2Акциз салығын салудың әлемдік тәжірибесі......................................
Қорытынды.............................................................................................…….....…
Қолданылған әдебиеттер............................................................................………

Меншік қатынастары радикалды қайта құруда құрылатын Қазақстан Республикасындағы экономиканы реформалау, салық жүйесін қалыптастыру және құру мәселелерінің ғылымдық қызығушылығын жоғарлатуды ынталандырады және оның трансформациясының табысының өзгертуін ұсынады. Қазақстан Республикасындағы салық жүйесін радикалды түрде реформалауда ең алдымен, тиеселі салық жүйесін құру қажеттілігін ескерткен, меншік қатынастарын қайта құрумен анықталады. Сонымен қатар салықтар, еліміздің барлық әлеуметтік-экономикалық жүйенің материалды және қаржылық сүйеніші болып келетін, ұлттық табыстың мемлекеттендірілген бөлігіндегі негізгі құралдары ретінде орындалады, ал салықтың потенциалы салық салу жүйесіне сай функциялары арқылы жүзеге асырылады.
Салықтар салық әдістері арқылы капиталды барлық жаңғырту процессіндегі кезеңдерін жанап өтеді: салық қойылымдары, түсімдер, жеңілдіктер, өнеркәсіптің прогрессивті саласына ықпал ету мақсатымен мемлекет бюджеттің кіріс және шығыс бөлімдерін жүзеге асырады.
Салық салу сұрақтарына ғылыми әдебиеттерде үлкен көңіл бөледі, себебі, салық және салық салу арқылы ұлттық табыс бөлігінің мемлекеттендірілуі болады және олар бюджет құрылымы арқылы жүзеге асырылатын салық төлеушілермен мемлекет арасындағы қызығушылық өзара әсерін көрсетеді. Салықтар алымдар процессі ретінде де, әлеуметтік құбылысы ретінде де, экономикалық категория ретінде де қарастырыла алады. Бұл жерде төлие өзінің зерттеу жүргізу процессінде қандай мақсатты көздейтініне байланысты.
Салықтың және салық салудың өзара байланысқан түсініктерінің көп мағыналы болуы, тура және жанама салықтардың арасындағы байланысын, салық аумағындағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша пікірталасқа алып келеді. Қазақстанда салық салу мәселесіне үлкен мән беріледі, бірақ салық салу ұйымы жиі өзгеріп отырады, ал кейбір мәселелер іске асырылмаған болып қалады.
Негізгі мәселе болып салықтар, көбінше акциздер табылады. Бюджеттің барлық деңгейлері үшін бұл берілген салық топтарының фискалды мағынасын қайта бағалау өте қиын. Келесі жағынан бұл салықтың спецификасы келесі тұжырымда тұйықталады: акциздер – кең көлемдегі тауарларды қолдануды және өндіруді мемлекеттік реттеуге бейімделген. Акциздер бұрынғысынша Парламеттегі дебаттардың себебі болып қалған, баспасөзде кеңінен қарастырылады, бірақ та отандық ғылыми журналдарда және жарияларда бұл мәселенің жанынан өте шығады. Қаншалықты қайғылы болмаса да, қазіргі уақытта дәлелденген және ғылыми салық салу үшін теориялық негіздер ұсынатын бірде-бір нақты еңбек әлі күнге дейін жоқ.
Егер де экономикалық сөздікті алып қарайтын болсақ, онда акциз – бұл қолданыс бұйымдарына және қызметтерге басымды жанама салық түрі деп берілген. Тауар бағасына және қызмет тарифтеріне қосылатын мемлекеттік бюджеттің негізгі қайнар көзі. Жалпы қолданыстағы тәжірибеде қатты немесе спецификалық, пайыздық немесе адвалорлы қойылымдар қолданылады. Акцизді төлеушілер болып акцизді тауарларды өндіретін немесе мемлекет территориясына импортталынатын заңды және жеке тұлғалар болып табылады.
Бұл салық түрі әлемдегі көптеген мемлекеттерде қолданылады және де ол осы елдердің бюджетінің кіріс бөлігін құрайды. Қазақстанда акциз екінші туынды рөльді атқарады, бірақ оны бір мәнсіз деуге болмайды, себебі оның түсімдері тұрақты және кейбір жағдайларда жоғары көрсеткіш болып табылады.
Дамыған елдердің экономикалық әдебиеттерінде акциз салу мәселесіне недәуір көңіл бөлінеді. Ол өз кезегінде бұл мәселе соншалықты қиын емес екендігін көрсетеді, сонымен қатар бұл аймақтағы зерттеулер қоғамның үлкен бөлігімен ізденіп алынған.
Зерттеу бұйымы болып акциз салығы, оның салық жүйесінде алатын орны мен рөлі табылады.
Зерттеу әдістемесі. Салық жүйесінде акцизді зерттеу негізіне талдау әдісі салынған. Дипломдық жұмысты жазған кезде заңнамалық және нормативтік актілер, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, сонымен қатар салық салу аймағындағы шетелдік мамандармен ғалымдардың еңбектері, статистикалық мәліметтер қолданылады. Бұл жұмыста айтылып кеткендермен қатар қаржы және салық салу аймақтарындағы қазақстандық ғалымдардың еңбектері қолданылады: Карагусова Д.Г., Сейдахметова Ф.С., Ынтықбаева С.Ж., Ильясов К.К., Өмірбаев С.М., Оспанов М.Т., Идрисова Э.К., Жумабаева, Абдуқадыр М.
Бұл жұмыстың мақсаты болып жанама салықтың теориялық және әдістемелік дәлелденуі табылады. Қойылған мақсат келесі тапсырмаларды шешуге алып келетін дипломдық жұмысымның мазмұнын анықтайды:
-салық жүйесіндегі акцизді бағалау және талдау;
-акциздің басқа жанама салықтардан ерекшеліктері;
-акцизді есептеу;
-алу мәселелері және оның даму болашағы.
Осы салықтың қонымды құрылымы болып, менің ойымша, мазмұндама баяндалған құрылым табылады.
Бірінші тарауда акциздің теориялық негіздері жаналып өтеді, сонымен қатар акциздің басқа жанама салықтардан айырмашылығын анықтауға әрекет жасадым және оның ерекшеліктерін айқындадым.
Екінші тарауда бюджетте акциздердің мағынасын көрсететін статистикалық мәліметтер келтірілген. Есептеу механизмінде көрініс тапқан ең негізгі нормативтік құжаттарды атап өттім. Сонымен қатар, мен акциздерді кім төлейтінін және олар көбінесе кімге жататын мәселені жанап өттім.
Үшінші тарауда Қазақстандағы акциздік салықты жетілдіру жолдары көрсетілген және де Ұлыбритания мысалы ретінде әлемдік акциз салу тәжірибесі көрсетілген.
1. АКЦИЗДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ.
1.1 Акциз жанама салық ретінде.

Кез-келген мемлекет өзінің қаржылық базасы болған кезде ғана тіршілік ете алады, яғни дәлірек айтатын болсақ, шығындардың функцияларын іске асыру процессінде туындайтын шығындарды жабу үшін және өзінің аппаратын қамтамасыз ету үшін қаржысы болған жағдайда ғана өмір сүре алады. Мемлекеттік ақша қаражаттарын әр түрлі тәсілдермен табады. Кейбір жағдайларда ол меншік мемлекеттке ақшаны еркін түрде беру әдісін қолданады.
Бұндай әдістің классикалық үлгісі ішкі және сыртқы мемлекеттік зайымдар болып бөлінеді. Басқа да жағдайларда мемлекет ақша қаражаттарын күштеп алу арқылы табады. Оған классикалық үлгі ретінде салық табылады.
Салықтар – қаржы ғылымының негізгі бір түсінігі болуы керек. Бұл жәйтті дұрыс түсіну мәселесі салық тек экономикалық ғана емес, сонымен қатар, құқықтық, әлеуметтік, философиялық ұғымды ескертеді. Салық салу қоғамның экономикалық тізілу элементі ретінде шаруашылықтың нарықтық және нарықтық емес түрдегі барлық мемлекеттік жүйеге тән.
Салықтарды алу процессі мемлекетпен жүзеге асырылады және де ол оның функциясы болып табылады. “Салық” мағынасын анықтау “ мемлекет ” категориясымен тығыз байланысты. Ол осы ұғымды ашып көрсететін теориялық концепцияларға ғана бағынышты болмайды, сонымен қатар мемлекеттің даму деңгейінен, оның экономикалық жағдайына және әлеуметтік-саяси қатынастарына бағынышты болады. Сол елдің салық жүйесімен танысу арқылы мемлекет қандай даму сатысында екендігін білуге болады. Қоғамның әрбір даму сатысында “ салық ” түсінігі тереңдетілген түрде анықталады, жаңа мінездемелерімен толықтырылады. Нәтижесінде біз “ салық ” түсінігін анықтау мүмкіндігіне ие боламыз.
Салық – бұл билік жағынан мәжбүр ету негізінде жүзеге асатын ақша қаражаттарының жеке тұлғадан мемлекетке дербес эквивалентсіз қозғалу. Сонымен қатар төлеушінің өзара байланысы бойынша әділеттілік принципі және салықтарды алу тиімділігінің жетістіктері сақталуы қажет.
Салық мемлекеттің экономикасына тиімді тетігі ретінде ықпал етеді, бірақ халық шаруашылығына салық салудың жағымды беделі үшін, әрбір ел үшін жекеше түрдегі салық алымдарының оптималды деңгейін орнату қажет. Салықтың экономикалық мағынасын және ерекшелік белгілерін анықтап алғаннан кейін, экономикалық категория ретінде салықтың функцияларын қысқаша қарастырайық.
Салықтар салық ауыртпалығын көтерушілерге байланысты тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей салық – бұл салық салу субъектісі бір мезгілде оның нақты төлеушісі болып табылады, яғни салық ауыртпалығын салық субъектісінің өзі көтереді, және салықтың төленуі салық төлеушінің табысынан жүзеге асырылады. Тікелей салықтарға келесілер жатады: табыс салығы, мүлік салығы, әлеуметтік және жер салығы.
Жанама салық – бұл салық салу субъектісі салық ауыртпалығын іс-жүзінде оның төлеушісі болатын тұлғаға салады. Бірақ та заңды тұлғасы болып тауарды сатушы болғанымен нәтижесінде тауарды тұтынушы төлейді, себебі салық соммасы таурдың құнына еңгізіледі. Бұндай салықтарға келесілер жатады: акциздер және кедендік баждар, қосылған құнға салынатын салық, нарықта тауарды өткізу құқығы алымдары. Салық түрлеріне берілген анықтамалар төмендегідей мүмкіндіктерді болжайды: тікелей салықтар – ынталандыру рөлін атқарады, ал жанама салықтар – қоғамның дамуындағы пайда болған экономикалық және әлеуметтік жағдайларға сәйкес реттеу рөлін атқарады. Салық салудың жалпы қолданыстағы тәжірибесінде жанама салықтарға келесілер жатады:
• Қосылған құнға салынатын салық
• Акциздер – бұл өндірушінің ішкі нарығындағы алынатын салық, сонымен қатар Қазақстан Республикасының территориясына импортталатын, салық заңнамасында белгіленген қызмет түрлері және тізімдері.
• Кедендік баждар – бұл ел шекарасына кіргізілетін және шығарылатын тауарлардан ақша жиналымдары.
• Фискалды монополиялы салық – бұл жалпы қолданыстағы негізгі тауарларға мемлекетпен белгіленетін жанама салықтарының бір түрі. Мемлекет өнімді немесе таурды сатуды монополизациялаи отырып оларды өнімнің өз құнынан жоғары бағамен сатады. Осы арадағы айырмашылық фискалды монополиялы салық болып табылады.
Сонымен, жанама салықтар мемлекеттің фискалды қызығушылығын көрсетеді. Оларды дұрыс пайдалану процессіне позитивті түрде әсер етуі мүмкін және қолданыс құрылымына әсер етеді. Сонымен қатар салық төлеушілерге салық салудың шығындарының өскендерін жоғары бағалайды. Кеңес одағының қаржыгері Соболев М.Н. жанама салықтардың фискалды пайдасының үш түрін анықтады: “ Бұл салықтар мемлекетке табысты болып келеді.Олардың табыстары үлкен көлемді қолданысына сүйенеді. Егер де азық-түлік қолданысына салық салатын болса онда елдің әрбір тұрғынына 20-50 тиын ретінде салық түсіреді.Нәтижесінде бұл тиындар өзімен көптеген миллион рубльдерді құрайды.”
Жанама салықтардың артықшылығы болып біріншіден салық төлеушінің табысына алымның кезексіздігі, екіншіден олардын бюджет түсімдерінің жиілігі және қарапайымдылығы, үшіншіден салық базасының кеңейтілуі.Жанама салықтардың бұндай артықшылықтары көбінесе күнделікті кең көлемді қолданысқа алып келеді. Нәтижесінде ол негативті зардаптарына әкеліп соғады,сондықтан тікелей және жанама салыктардың арасындағы ұтымды қарым-қатынасын табу қажет.Енді жанама салықтардың кемшіліктерін қарастырайық.Сонымен жанама салықтар алымдар үшін өте үлкен шығымдарды талап етеді,дәлірек айтатын болсақ салық салынған тауарларды өндіруді қадағалайтын персоналды қамтамасыз ету қажет.
Жанама салықтардың жақтаушысы Бисмарк болды.Ол онда қаржылық күштілігін тұрақтандыру құралын көрді. Бұл салықтар мемлекетке тікелей салық салу жолымен алмайтын соманы береді. Гурьев А.Н. төменгі кластарға салық салуды қабылдамау мүмкін емес. Жалғыз құрал болып жанама салықтар табылады, бірақ олар өз кезегінде осы кластарға салық салады және халықтан үлкен көлемді сомаларды алады./14/ Ходский В. жанама салықтардың идеясын қолдай отырып бюджеттің барлық ауыртпалығын тікелей салықтарға көшіру өте ауыр тиетінін атап кеткен. Осы себеп жанама салық салу жүйесі бойынша кедей халықтан салықтар алу бойынша негізгі себебі болып келді./57/ Осылармен қатар жанама салықтардың психологиялық аспектілерін айтып кету қажет: бұл салықтар жеңіл және белгісіз төленеді, себебі олар тауардың бағасына қосылып кетеді. Сонымен жанама салықтар салық төлеушілерге психология жағынан тиімді.
Халық тауар құнындағы салықтар қандай бөлігін құрайтынын біле бермейді. Жанама салықтардың үлкен бір жетіспеушілігі болып оның теңсіздігі болып табылады. Олар әрбір салық төлеушінің табысын ескермейді.
Сонымен, жанама салықтар кері пропорционалды регрессивті салық болып табылады. Бұл салықтар регрессивтігіне байланысты ылғи да салық төлеушілер жағынан сынға түсіп отырады. Бірақта билік көзқарасы бойынша жанама салықтарда ең негізгі мәртебесі бар дейді – оларды алудың қарапайымдылығы шынында да тауарды сатып алушы бұл салықтардан шетке шыға алмайды, әйтпесе оған тауарды сатпайды./25/ Олар адамның қаржысы неғұрлым аз, соғұрлым қатты соғады, салық төлеушінің табысы неғұрлым аз, соғұрлым оның үлкен бөлігі өз қажеттіліктерін ырза етеді. Сондықтан салықтар, бұндай тұтыныс бұйымдарына салынатын, ылғида байларға қарағанда кедейлердің табысының үлкен пайызын қамтиды.
Бүгінгі күнде жанама салықтар өте үлкен рөль атқарады, бірақта оның бірнеше өзгешеліктері бар: салықты қазіргі кезде қоғамның кедей қатпары төлемейді, себебі олар халықтың негізгі бөлігін құрайды, бірақ ТМД-да жалпы салық түсімдеріндегі жанама салықтар шамамен 40-45% құрайды. Салық салу жйесінде жалпы заңнамалар бар екенін ескеру қажет, мысалы: жағдайдың стагнациясы, сауданың дағдарысы кезінде тұтынуға салық салудың өзіндік бір бағытталуы іске асады. Бұл жағдай өндірістік сферада өнім өндіруді төмендетумен байланысты болатын салық салу базасының қысқартуымен байланысты. Сондықтан салықтың ауыртпалығын көп тұтынатын тұлғаларға аудару қажеттілігі туындайды. Бұл жерде жанама салықтардың өзіндік әлеуметтік бағыты көрінеді.
Кейбір елдерде бұндай әдістеме тәжірибе үстінде. Акциз, қосылған құнға салынатын салық,кедендік баждар сияқты жанама салықтардың әсер етуі ерекше көңілді талап етеді.Бірақ та жанама салықтарды орнату кезінде мемалекет фискалды мақсаттарды аңдиды, сонымен бірге салық салу ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?