Қаржы | ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ ЖАНАМА САЛЫҚ ТҮРІ

 Қаржы | ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ  ЖАНАМА САЛЫҚ ТҮРІ

Мазмұны

КІРІСПЕ..............................................................................................................3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ..................6
1.1 Қазақстан Республикасындағы салық түсінігі және оның құқықтық негіздері........................................................................................................................6
1.2 Қазақстан Республикасындағы салықтық құқықтық қатынастар...........12
2 ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ – ЖАНАМА САЛЫҚ ТҮРІ РЕТІНДЕ...................................................................................................................18
2.1 Қосылған құн салығының мемлекет табысын қалыптастырудағы ролі мен маңызы................................................................................................................18
2.2 Қазақстан Республикасы жағдайында қосылған құн салығын құру ерекшеліктері және оны есептеу тәртібі.................................................................24
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫН САЛУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ...........................................35
3.1 Қосылған құн салығын салудағы шетел тәжірибесі...................................................................................................................35
3.2 Қосылған құн салығын есептеу тетігін жетілдірудің мүмкін жолдары......................................................................................................................40
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................50
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................52


Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диплом жұмысы бүгінгі таңның маңызды мәселелерінің бірі – Қазақстан Республикасындағы қосымша құн салығын есептеу мен салу мәселесіне арналған. Осы еңбек мазмұнында салық түсінігі мен түрлері, салықтық құқықтық қатынастар, қосылған құн салығын есептеу мен салу ерекшеліктері, қосылған құн салығын салудағы дамыған елдер тәжірибесі мен Қазақстан Республикасының жағдайында қосылған құн салығын есептеу тетігін жетілдіру жолдары қарастырылған.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Нарықтық қатынастар жағдайында салық жүйесі мемлекеттің қаржылық-кредиттік механизмінің негізі, экономиканы ретке келтіруші маңызды құралы болып табылады. Салық жүйесі қаншалықты дұрыс құрылса, шаруашылық қызметінің тиімділігі соған байланысты дамиды. Батыс елдерінде салық салу мәселелеріне қатысты әдебиеттер де көп, бірқатар тәжірибе де жинақталған. Алайда, Қазақстанның тәуелсіз салық жүйесінің дәл бүгінгі шынайы жағдайына бейімделген теориялық тұжырымдар мен салық теориясын түпкілікті зерттеген отандық ғалымдар қатары аз. Мемлекеттің даму қарқынына және әртүрлі макроэкономикалық көрсеткіштердің даму деңгейіне байланысты мемлекеттік кірісте салықтардың үлес салмағы өзгеріп отыруы мүмкін. Атап айтқанда, тікелей салықтар экономикасы қалыптасқан және тұрақты мемлекеттерде үстем болады. Бірақ, іс жүзінде барлық мемлекеттерді фискалды саясатты іске асыруда негізгі рөлді жанама салықтар атқарады. Осыған қарағанда жанама салықтар, тікелей салықтарға қарағанда, кәсіпорын салығы болып табылмайтындығында. Олар тұтынушыға салынатын салықтар. Ал кәсіпорындар тек оларды жинаушы болып табылады. Жанама салықтардың барлық ауыртпалығы толығымен соңғы тұтынушыға, яғни тұрғындарға түседі.
Содан да, оларды қолдануда әлеуметтік қорғалмаған тұрғындар бөлігі зиян шекпеуі үшін салық салу механизмі нақты қалыптасуы қажет.
Сонымен қатар, еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2010 жылғы дәстүрлі Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында «Менің басты мақсатым – еліміздің алдағы онжылдықтағы экономикалық өр¬леуін қамтамасыз етіп, жаңа мүмкін¬дік¬тер¬ге жол ашу» [1]. Бұл жолда салық салу тетігінің тиімді жолға қойылуы маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстандық заң ғылымында салық теориясы, оның ішінде салық салу жүйесіндегі принциптер кешенді түрде зерттеу аясына алынбаған. Сонымен қатар, жанама салықтар есептеу, салу мен кейбір өзекті проблемалары әлі толығымен зерттелмеген.
Зерттеу жұмысының ғылыми-теориялық негізін белгілі заңгер ғалымдар Н.И.Гуреев, С.Г.Пепеляев, Г.Карагусова, С.М.Найманбаев, Ғ.С.Сапарғалиев, А.С.Ибраеваның еңбектері құрайды.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігімен қатарлас пайда болған салықтық құқық ғылымындағы проблемалық мәселелерді зерделеуге жоғарыда арналған дипломдық жұмыстардың өзектілігі даусыз. Онда зерделенген проблемалық сұрақтар еліміздің экономикалық және құқықтық дамуына өз ықпалын тигізгені де сөзсіз. Осы тұрғыдан келгенде ұсынылып отырған зерттеу жұмысының қажеттілігі уақыт талабынан туындап отыр деп тұжырымдауға мүмкіндік бар.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Қазақстан Республикасы және бірқатар экономикасы дамыған елдердегі жанама салықтар жүйесін қарастыра отырып, тәжірибелік негіздерін зерттеу. Сонымен қатар, қосылған құн салығының төлеу және есептеу ерекшеліктерін айқындау.
Дипломдық жұмыстың міндеттері. Қойылған зерттеу мақсатына байланысты дипломдық жұмыс келесі міндеттерді шешуге бағытталған:
- жанама салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен мазмұнын ашу;
- мемлекеттік бюджет табысындағы олардың үлес салмағын талдау;
- жанама салықтардың алу механизмін қарастыру;
- дамыған елдердегі жанама салықтар жүйесіне қысқаша талдау.
Зерттеудің ғылыми-әдістемелік негіздері. Диплом жұмысы Қазақстан Республикасының әрекет етіп жүрген заңнамаларының және отандық, сонымен қатар шетел мемлекеттерінің ғалымдарының ғылыми еңбектерінің негізінде орындалды. Диплом жұмысының алдына қойылған міндеттерге жету үшін жалпы диалектикалық, танымдық, логикалық, салыстырмалы-құқықтық және басқа да әдістер қолданылды.
Зерттеудің объектісі. Қазақстан Республикасындағы қосылған құн салығын есептеу мен салу кезінде туындайтын қоғамдық қатынастар.
Зерттеудің пәні. Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын есептеу мен салуды мемлекеттік реттеудің құқықтық тетігі.
Зерттеудің тәжірибелік маңызы. Зерттеудің тәжірибелік маңызы төмендегілерден құралады:
• жасалған тұжырымдар, ұсыныстар мен қорытынды ұстанымдар қосылған құн салығын есептеу мен салу тетігін одан әрі ғылыми зерттеуге негіз болады;
• республикамыздың салық заңнамасын жетілдіру мақсатында қолдану;
• қосылған құн салығын есептеу мен салу тетігін жүзеге асыру барысында ұсынылған ұсыныстарды тәжірибеде қолдану.
Зерттеудің нормативтік базасын Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық Кодексі, Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі) Заңы, Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодексі, шетел мемлекеттерінің салық заңнамалары құрайды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, алты бөлімшеден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зертеу жұмысының нақтыланған мына бағыттағы түйіндері дипломдық жұмыстың алдына қойған мақсаты және міндеттерімен байланысты, әрі ғылыми ізденістегі жаңалықтардың жинағын құрады.
Қазақстан Республикасындағы қосылған құн салығын салу тетіктерін жетілдіру мақсатында қазіргі қолданыстағы қосылған құн салығын есептеу жолдары қарастырылып, орын алып келе жатқан кемшіліктерге талдау жасалынды.
Әлемдік тәжірибедегі салықтар, оның ішінде, қосылған құн салығының алатын орны мен оны мемлекеттік реттеу жолдарын зерттей отырып, Қазақстан республикасының салықтық заңнамасының жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасау.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
1.1 Қазақстан Республикасындағы салық түсінігі және оның құқықтық негіздері
Мемлекет пайда болғаннан бастап салықтар қоғамдағы қатынастардың қажетті бөлшегі болып табылады. Мемлекеттің дамып, өзгеріске ұшырауы салық жүйесінде үлкен өзгерістерге алып келеді.
Салықтар барлық елде олардың қоғамдық экономикалық құрылысымен саяси іс бағыттарына қарамастан ұлттық мемлекеттік кірістің негізгі көзі –ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлеттік кірістің және бюджеттің кірісін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салық бір уақытта материалдық, экономикалық және заңды категория болып табылатын көп жақты құбылысты көрсетеді. біз қазір өз дамуымыздың жаңа, өркениетті сатысында келеміз. Біз алдымызға экономикалық жоғары дамыған елдердің экономикалық-қаржылық жүйесінің принциптері мен тәжірибесін қойып отырмыз. Кеңес дәуіріндегі салық жүйесінің элементтерінен толықтай арылып, негізгі салықтық ұғымдар мен категориялардың нақты анықтамасын, барлық салық субъектілері арасындағы қарым-қатынастарды регламенттеуді қазіргі нарық талаптарына сай орната білдік. Сонымен, салық салу мәселесі әр уақытта да қиыншылықты, жан-жақты талдауды талап ететін категория.
Салық салу механизмі кез келген экономикалық жүйедегі күрделі мәселенің бірі. Салық салу мемлекеттік реттеудің маңызды әдісі болып табылады және оның тиімді жүргізілуі әлеуметтік-экономикалық саясаттың табыстылығына байланысты болады [2].
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, - деп жазылған [3].
Жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді жабуға жұмсалатын және шығарылған заң негізінде мемлекет арқылы алынатын ерексіз немесе міндетті алымдарды салықтар деп аталады. Заңмен бекітілген салықтар, алымдар, кеден баждары мен басқа да төлемдердің жиынтығы нақты критерийлер, белгілер және ерекше құрамдары бойынша жіктеледі.
Салықтардың тікелей және жанама деп бөлінуі тауарлар мен қызметтер тұтынушыға салық ауыртпалығын аудару дәрежесін бағалау үшін қолданылады. Салықтардың тікелей және жанама бөлінуі жөнінде қазіргі кездегі көзқарас көп ғасырлар дамуының нәтижесінде қалыптасқан. Ал біздің елеміздің тәуелсіздікті жариялағаннан бері республикамыздың салық жүйесінің қызмет етуінің жиырма жылға жуық уақыт тәжірибесі бар.
Мемлекетке салық жүйесі елдің экономикалық және әлеуметтік жағынан маңызды мәселелерді шешу мақсатында, сонымен қатар өндірістің даму қарқыны мен пропорциясын реттеуді қадағалау үшін де қажет.
Дегенмен елдің экономикасындағы нарықтық өзгерістер және әлемдік нарықтағы қазіргі кездегі жағдай мемлекеттің қалыптасқан салық жүйесін әлі де жетілдіруді талап етеді. Қазіргі таңда Қазақстанда Салық кодексі өңделіп жасалды, ол салық салу негізін және салықты жинау процесі барысында пайда болатын құқықтық қатынастарды анықтайды.
Нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында салық саясатының негізгі бағыты — мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы жаңа қатынастарды тиімді айқындайтын салық түрлерін анықтау болып отыр. Қандай да бір дәрежеде осындай салықтарға жанама салықтарды немесе тұтыну салықтарын жатқызуға болады [2, 11б.].
Қазақстан Республикасы бүгінгі таңда құқықтық даму жолын таңдаған тәуелсіз мемлекет болып табылады. Осыған орай ол өз экономикасын тұрақтандыруда нарықтық даму жолын таңдады.
Мемлекетіміздің егемендігі, оның әлеуметтік бағдарлы нарықтық қатынастарға бағытталған даму жолына көшуі, сондай-ақ мемлекет және қоғам мүддесіне қажетті қаржы-қаражаттардың мемлекет құзырында орталықтандырылуы және өтпелі кезеңдегі экономиканы реттеу барысында пайдаланылатын салық механизмінің жаңаша қалыптастырылуы салықтық құқықтың экономика және құқық аяларынан өзіне тиесілі орнын алуының басты себебіне айналып отыр. Демек, мемлекеттің материалдық мүддесі мен қоғам өмірінің айрықша аясының тоғысатын жері, көбінесе объективті қаржылық-құқықтық құбылыс ретінде көрініс табатын салық салу аясы әрқашан да мемлекеттің салықтық құқығының реттеуші ықпалының ауқымы болып табылады.
Мемлекет және құқық теориясын зерттеуші отандық ғалымдар Ғ.С. Сапарғалиев пен А.С. Ибраеваның ғылыми тұжырымдарына сүйене отырып, мемлекеттің белгілерін атап өтелік:
- мемлекеттік егемендік;
- билік органдары; басқару аппаратының болуы;
- арнаулы қаражат қорларын құру үшін салықтар жинау;
- мемлекеттің тәуелсіздігін қамтамасыз ететін, қоғамдық тәртіп сақтайтын органдардың болуы;
- құқықтық жүйенің болуы;
- халықтың аумаққа бөлінуі;
- әскери қорғаныс;
- полиция;
- барлау;
- ішкі әскер [4].
Мемлекет белгілерінің ішінде негізгілерінің бірі ретінде арнаулы қаражат қорларын құру үшін салықтар жинау органдарының болу қажеттігі анықталды. Сондықтан бүгінгі таңда заң ғылымы алдында салық салудың негізгі принциптерін, мемлекет өміріндегі салықтардың маңызы мен мәнін, салықтық заңдылықтарын жан-жақты зерттеу қажеттілігі бірқатар себептермен дәйектеледі. Атап айтатын болсақ:
- Қазақстан Республикасының салықтық жүйесі толығымен қалыптасып болған жоқ;
- Қазақстан Республикасы салық жүйесінің методологиялық базасының қалыптасуына және одан арғы дамуына әлі де дамыған елдердің салық салу тәжірибесі ықпал етуде;
- Қазақстан Республикасында салықтар теориясы әлі де қалыптасу үстінде.
Аталған себептерге салық жүйесінің осыдан арғы даму бағыттары отандық ғалымдар мен мамандардың қандай да бір экономикалық концепцияларды таңдауына байланысты.
Салықтар мен салықтық жүйенің экономикалық және құқықтық мазмұнының ғылыми түсінігі ұзақ уақыттардан бері қалыптасты. Салық экономикалық сипатқа ие болғандықтан оның мәні мен негіздерін экономикалық теориядан іздеген жөн.
Кезінде экономика ғылымының классигі Адам Смит «салық төлеу құлдықтың емес, бостандықтың, еріктіліктің белгісі» деген болатын.Сондықтан, Адам Смиттің тұңғыш рет қалыптастырған мына салық салу жөніндегі қағидаларын қарастырып көрейік:
Салықтардың ашық түрде алынуы: оның (Смиттің) айтуы бойынша, салық мемлекет тарапынан заң нысанында төлеушілерге салынатын салмақ.Оның мөлшері төлеу тәртібі заңда көрсетілген.Бірінші қағида бойынша: салық әрбір салық төлеушінің тапқан табысына сәйкес алынуы тиіс, яғни әрбір азамат қзінің тапқан табысына орай мемлекет шығындарын қтеуге ат салысуға тиісті.Екінші қағида бойынша салық мөлшері, оны төлеу мерзімі мен тәртібі, салықтың төлеушісі күнібұрын және дәл белгіленуі қажет.Үшінші ыңғайлылық қағидасына сай әрбір салық салықты төлеушіге ыңғайлы уақытта және қолайлы әдіспен алынуға тиісті.Төртінші үнемділік қағидасы бойынша әрбір салық өзі мемлекетке әкелетін табыстан гөрі салық төлеушінің қалтасынан барынша аз ақша алуға бейімделіп белгіленуі қажет, былайша айтқанда салық алу кезінде салық төлеушінің шығындары барынша аз болуға тиісті.Шаруашылық дербестігі тұрғысынан салық төлеуші ретінде өзінің белгілі бір меншігі бар және дербес шаруашылық қызметінен табыс табатын жеке басы ерікті азамат болуға тиісті [5].
Сөйтіп, қорыта келіп айтсақ Адам Смит салықтардың ашық (заң негізінде) алынуына, жалпыға бірдейлігіне, айқындылығына (бәрі күнібұрын анықталған), алу үнемділігіне (мейлінше аздығына), шаруашылық дербестігіне (бұл жерде төлеушілердің) аса назар аударған.
Көптеген ғалымдардың «салық» жөніндегі түсініктерінің жалпы мәні бірдей болғанымен, кемшілік олқылықтары да жоқ емес.Осы берілген түсініктердің негізгілерін қарастырып өтсек.
Мысалы, белгілі ғалым Давид Рикардо өзінің ’’Начала политической экономики и податного обложения’’ деген еңбегінде салықтардың экономикалық мәнін тиянақты зерттей келе, былай деп тұжырым жасаған: ’’ Салықтар - үкімет билігіне келіп түсетін мемлекет азық-түлігі мен еңбегінің үлесі болып табылады. Олар нәтижесінде капиталдан немесе ел табысынан төленеді’’ [6]. ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?