Қаржы | Несиелендіру жүйесін жетілдіру жолдары

 Қаржы | Несиелендіру жүйесін жетілдіру жолдары

Ел Президентінің Қазақстан халқына "Қазақстан - 2030 барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл - ауқатының артуы" Жолдауында: «20-ғасырдың 90-жылдары республика экономикасында орын алған дағдарыстың себептері ашылып, оны жеңудің жолдары айтылған. Радикалдық саяси және экономикалық әлемдік шаруашылық қатынас жүйесіне енуі дағдарыстың болуына, өндіріс көлемі мен өнімдердің, жұмыс, қызметтің бәсекеге қабілеттілігін күрт төмендетуге объективті жағдайлар тудырды. Бұл дәстүрлі нарықтың ығысуына, төлемге қабілетсіздік тудыруға, шектен тыс инфляцияға және көптеген шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тоқтауына әкеп соқтырды. Қалыптасқан жағдайды ескеру арқылы ұзақ мерзімді жеті артықшылықтың бірі ретінде жоғары шетелдік инвестиция мен ішкі жинақ ақша деңгейіндегі ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу анықталды. Экономикалық өсу қаржы тұрақтылығына, өндірісті әртараптандыруды қамтамасыз етуге, аса маңызды салаларға инвесторларды тартуға, шешуші бизнес салаларының іскерлігін арттыруға, белсенді өндіріс саясатын енгізуге және акценттерді шаруашылық жүргізудің макродан микро деңгейіне жылжытуға септігін тигізеді» деп еліміздің дамуы болашағында алға қойған шаралардың ауқымдылығын айта кетті /1/.
Қазақстан Республикасында радикалдық реформалардың стратегиялық курсы нарықтың рөлі мен барлық тауар - ақша қатынас жүйесін күшейтуге бағытталған. Нарықтық экономиканың тиімділігін, оның ғылыми-техникалық жетістіктерді жылдам енгізетінін, адамның қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыруға мақсаттылығын әлемдік тәжірибе көрсетіп берді. Нарықтық қатынасқа тауар өндірушілердің экономикалық тәуелсіздігі, субъектілердің шаруашылық қызметіне әкімшіліктің араласуын болдырмаушылық, өндіріс саласындағы еркін экономикалық байланыстар және қоғамдық өнім айналымы және оны тұтыну тән.
Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2006 жылдың
1 наурызында Қазақстан халқына Жолдауында: “Қазақстан өз дамуының жаңа серпіліс жасау қарсаңында: Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” атап өткендей: “ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты – қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету” /2,17/. Осы мақсатта қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етуде елеулі әсер ететін екінші деңгейлі банктердің қаржы нарығындағы қызметі. Екінші деңгейлі банктердің негізгі қызметінің бірі несиелендіру болып табылатындықтан, бұл қызметті реттеудің өзектілігі өздігінен ашылады.
Қазірігі банктер клиенттерге қызметтің кең ауқымды спектірін ұсынып, банк операцияларының жаңа техникасын қолданылып, қызмет көрсетудің жоғарғы деңгейімен қамтамасыз етіп отыр. Банктердің ең басты қызметі - несиелеу. Ол кәсіпорындардың, ұйымдардың және кәсіпкерлік фирмалардың тұтынушылық және инвестициялық мақсаттары үшін іске асырылады. Банктер өздерінің несие қызметін қаншалықты тиімді жүзеге асырса, соншалықты клиенттердің экономикалық жағдайына әсерін тигізеді. Себебі банктік қарыз жаңа кәсіпорындардың пайда болуына, жұмыс орны санының өсуіне мүмкіндік туғызады және олардың экономикалық өмір икемділігін қамтамасыз етеді.
Қазіргі банктік несиелеу жүйесі нарықтық қатынастарды қалыптастыру мен дамытуға, өндірістің тиімділігін арттыруға, мемлекет экономикасын нығайтуға, айналыстағы негізсіз ақша массасының өсуін шектеуге, инфляциялық процестердің алдын алуға және ұлттық валютаны нығайтуға бағытталған.
Кейінгі жылдары қаржы секторының тез арада дамуы мен нығайуы бұрын болған несие ресурстарының дефицитін қысқартты. Қазақстанның экономикалық өсуі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің конструкциялық саясаты, қоғамдық сенімді арттырып, мемлекеттің банк секторының динамикалық дамуына мүмкіншілік туғызды. Несие ресурстары мен бәсеке өсуінің нәтижесінде Қазақстан банктері пайыздық мөлшерлеме және мерзімге байланысты банктік қарыз беру бойынша аса ыңғайлы жағдай ұсынуға ұмтылуда.
Бірақ Республикадағы банктердің қызметі әртүрлі факторлардың ықпалынан аса күрделі жағдайда жүзеге асырылады. Мысалға, жекелеген экономикалық секторлардың экономикалық тұрақсыздығы, төлем дағдарысы, төлем балансының дефициті және т.б. Осы факторлардың әр қайсысы берілген банктік несиелер бойынша қарызды уақытылы өтеу мүмкіншілігінің төмендеуінен банктердің несие қызметі үшін жағымсыз салдармен анықталады. Осының салдарынан банктің несие қоржының құрылымының төмендеуі, жіктелімді активтер бойынша резервтерді қалыптастыруға шығындардың тез өсуі, таза табыстың жалпы сомасының қысқартылуы байқалады. Бұл жағдайда банктер сәтті несие және пайыздық саясат стратегиясы, несиелік бюролар және т.б. мүмкін тәсілдер механизмдерін әзірлеу көмегімен несие тәуекелдігін бәсеңдетуге ұмтылады.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының несие жүйесін қалыптастыру және жетілдіру бойынша сұрақтардың өзектілігі артып келеді. Себебі несие жүйесін оңтайландырудың жаңа механизмдерін енгізу әлемдік стандарттарға сай келетін несиелік үрдістердің тиімділігінің артуына және нарық субъектілерінің экономикалық қарекетінің құқықтық және ақпараттық негіздерін құруға жағдай жасайды.
Банктік қызметтің құқықтық базасын жетілдіру заңшығарушылық процестің басты міндеті болып табылады. Сондықтан, банк қарекетінің құқықтық базасының дамуы заң шығару процесінің маңызды міндеті болып табылады. Нарық принципіне толыққанды сәйкес келетін, банк пен клиенттер арасындағы тең құқылы қатынастарды қалыптастыруға, әлемдік банк тәжірибесінде жалпыға ортақ қабылданған банктік қызметтің жаңа түрлерін дамытуға ықпал ететін банк қарекетін заңдық реттеу қажет болып табылады. Қор нарықтарын реттейтін заңнамаларды одан әрі дамыту қажет /3/.
Дипомдық жүмыстың зерттеу объектісі болып екінші деңгейлі банктердің несие қарекеті табылады. Банктердің табыс көздерінің басты көзі несиелендіру болып табылатындықтан несие қарекетін жан-жақты зерттеп, оны жетілдіру тек банктердің ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің де мүддесінде.

Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні ретінде екінші деңгейлі банктердің несие қарекетін құқықтық реттеу мен оны басқарудың негізі қарастырылады. Банктік несиелендірудің мемлекетіміздің нарықтық-экономикалық қатынастарға өткеннен кейін маңыздылығы арта түсті.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарды қалыптастыру жағдайында екінші деңгейлі банктердің несиелік қарекетінің құқықтық реттеу негізін анықтау.
Осыдан барып дипломдық зерттеудің келесі міндеттері туындайды:
1) Несиенің теориялық негізін қарастыру;
2) Қазақстан Республикасында екінші деңгейлі банктердің несиелік
қарекетінің құқықтық реттелуін ұйымдастыруды қарастыру;
3) Екінші деңгейлі банктердің несиені басқаруының қазіргі таңдағы
маңызды жақтарын қарастыру;
4) Қазақстан Республикасындағы несиелендіру жүйесінің жетілдіру
жолдарын қарастыру.
Зерттеудің әдістемелік негізі болып шетелдік және отандық ғалымдардың банктік құқық, банктік несиелендіру саласындағы еңбектері жатады. Зерттеудің құқықтық және ақпараттық қамтылуы үшін банк қызметін реттеу үшін қолданылатын заңдылық актілер, ережелер және басқа да нормативтік құжаттар, коммерциялық банктердің несиелендіруде қоданылатын стандарттары, шаруашылық субьектілерінің түрлі ұйымдастыру - құқықтық формаларының қаржылық есептері негіз болды. Зерттеу әдістемесі диалектикалық ойлау және жүйелі ұмтылысты қолдану негізінде құрылған. Жұмыс барысында жалпы ғылымдық экономикалық, қаржылық арнайы әдістемелік тәсілдері қолданылды.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан құрылған.
Тарау 1 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕ ҚАРЕКЕТІНІҢ-
ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Бұл тарауда банктік несиелендірудің құқықтық реттелуі, несие берудің және қайтарудың құқықтық формалары, несие келісім-шартына жалпы сипаттамасы және банктік несиені қамтамасыз ету ерешеліктері қарастырылады.

1.1 Банктік несиелендірудегі экономикалық мүдделері және
оның құқықтық реттелуі

Банк (екінші деңгейлі банктер) дегеніміз – акционерлік қоғам нысанында құрылған, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға, яғни Қазақстан Республикасының “Банктер және банктік қызмет туралы” заңына сәйкес банктік қызметті жүзеге асыруға құқықылы. Ал, банктік несие дегеніміз – несиелік мәміленің субъектілері ретінде міндетті түрде екі тұлға қатысатын, яғни несие беруші мен алушы бар несиенің арнайы түрі.
Банктер қаржы ресурстарын несие алушылардың осы құралдарға қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында шоғырландырады. Мұндай операциялар экономикалық көзқарас тұрғысынан несиелік операциялар, ал заң тұрғысынан заем болып табылады /4, 354/. Несие (латын тілінен creditum – заем, қарыз дегенді білдіреді) – бұл ұйыммен және мемлекет тұлғаларының арасындағы уақытша қайтарым және пайыздық төлем негізінде (табиғи және ақшалай түрде) құн айырбасы операциясында пайда болған экономикалық қатынасты айқындаушы экономикалық түсінік /5, 357/. Несие (заем) капиталы нарығында банктер ерекше орынға ие, бірақ та өздерінің жеке және тартылған қаржылық құралдарды несие алушыларға әртүрлі формада ұсына отырып, несиелік операцияларды жүзеге асырушы арнайы ұйым болып табылады /4, 354/. Қазақстандағы банктік несиелендіру соңғы уақытта айтарлықтай маңызға ие болды. Қазіргі кезде банктердің активтерінің 60 пайызы экономиканы несиелендіруге бағытталған. Бұған себеп, Қазақстанның актив құрылымы дамыған елдердегі әмбебап банктердің көрсеткіштеріне жақындай түсті, яғни қазіргі уақытта өтімділік және несиелік қоржыны жалпы активтің 60-65 пайызы сомасы негізінде құрайды /6, 3/. Несиелендірудің мұндай масштабы, әрине, пайда болған құқықтық қатынастарды кең ауқымда және түпкілікті реттеуді талап етеді. Дегенмен, пайда болған әлеуметтік-экономикалық процестердің қажеттілігін реттеуге құқықтық база әлсіз.
Құқықтық реттеудің қазіргі жағдайын бағалау үшін олардың мүмкіндіктері мен пайдалану жолдарын, яғни біріншіден несиелендіруге қатысушы субъектілердің мүдделерінің жиынтығын және экономикалық қызығушылығын айқындап алуымыз қажет.
Әрине, банктік несиелендіруге екі субъект қатысады – банк және несие алушы. Банк үшін несиелендіру – кәсіби кәсіпкерлік іс-әрекеттің бір түрі және банк пайдасының қалыптасуының негіәзгі көзі. Бұл жағдайда банктік несиелендіру банктің кәсіби белгісі және Қазақстан Республткасының “Банктер және банктік қызмет туралы” заңының 30-бабына сәйкес Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын қадағалау агентігімен (өкілетті орган) немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің (бұдан әрі ҚР ҰБ) оң шешімі нәтижесінде лицензияланады. Ал, несиелендірудің өзі болса, тұрақты түрде жүзеге асырылып тұратын, яғни пайда табу мақсатында стандартты түрде жүзеге асырылған іс-әрекеттер жиынтығы. Әрине, банк үшін ең тиімді іс-әрекет ең қымбат және қысқа мерзімге берілген несие. Несие алушыға несие өзінің қаржылық мәселелерін шешудің әдістерінің бірі. Осыған байланысты несие алушы пайдаланған несиесіне пайыз түрінде қосымша шығындарды өтеуге дайын, бірақ бұл несие мерзімі мен пайызы өндірісті дамытуға, үй салуға, жаңа технологияларды жетілдіруге және дамытуға мүмкіндік беруге тиісті. Несие алушыны қызықтыратын басты нәрсе – арзан және ұзақ мерзімді несие алу болып табылады.
Бұл екеуінен басқа, банктік несиелендіруде тағыда екі субъектінің мүдделері қозғалады. Бірінші субъект – бұл несиелік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуге қатысушы тұлға, егер бұл жерде несие алушының өзі болмаған жағдайда. Бұл жердегі басты сөз кепіл, кепілгер, сақтандырушы, үшінші тұлға – кепіл беруші жайында. Бұл тұлға негізінен барлық несиелік міндеттемелердің орындалуын қалайды. Ал, егер банктік несиелік келісім шарт орындалмаған жағдайда заң шеңберінде өзіне тиісті жауапкершілікті жүзеге асыруға міндетті. Екінші субъект – бұл құқық иеленуші, осы субъект жайлы заңгерлер несиелендірудің құқықтық табиғатын талдау кезінде еске алмай жатады /7, 302/.
Іс жүзінде банктік несиелендіру тек қана банктің жеке қаржы қаражаттарынан емес, сонымен бірге тартылған қаражаттар есебінен жүзеге асырылады. Оның құқықтық режимі әлі де жетілдірілмеген, бірақ-та осы қаражаттар жайлы банктің өзінде қосымша міндеттері және банк қарауына салым немесе шот түрінде аударған салымшылардың құқықтары бар.
Бұл салымшылардан басқа белгілі жағдайда несиелендіруге берілген ақшалар мемлекетпен мақсатты жеңілдікке ие несие ретінде ұсынылуы мүмкін.
Осылайша банктің кәсіпкерлік қызметіне ұсынған банк салымшыларының мүддесі жайында айтуға болады және құқықтық қорғауды қажет етеді. Бұл субъектілерді ең басты қызықтыратын сипат өздерінің салған салымы есебінен максималды түрде пайыз алу.
Банктер мен оның салымшыларының өз тәуекелдері болады (салымшының – меншік иесінің тәуекелі,банктің тәуекелі – кәсіпкерлік), бұл тәуекелдер өзара тепе-тең жағдайда болу керек. Басқаша айтқанда, банк өзінің қаржылық мәселелерін салымшылардың есебінен шешуге құқықылы емес.
Мемлекетке және қоғамға толықтай қатысты әлеуметтік маңызы бар қызметтердің немесе жеке әлеуметтік топтар құқығын қамтамасыз етуге бөлінген нақты бір қаржы қаражаттарының сомасы несие алушыларға мақсатты жұмсалуы керек. Мақсатты несиелендіру кезінде құқықтар мен мүдделер иесі, несиені нақты жүзеге асырушы мемлекеттік орган болуға тиіс.
Сонымен бірге, банктердің несие саясатын жүзеге асыру кезінде немесе несиелендіру барысында нақты жеке мүдделеріне ие, бірақ нақты бір құқықтық мәртебеге ие емес және де банктік тәжірибеде айтарлықтай әсер ете алатын тағы бір күрделі субъект жайында атап өту қажет. Бұл жерде дәстүрлі емес субъект жайлы, яғни Қазақстан Республикасының банк жүйесі. Ол барлық банктер мен олардың бірлестіктері арқылы құрылады және несиелендіруді жүзеге асырудың тұрақтылық мүдделеріне иелік етуші болып табылады. Сонымен қатар, осы іс-әрекеттің тепе-теңділігі мен стандартталуына өз үлестерін қосады. Осыған қарамастан, әрбір банк өзге банктерге бәсекелестік принципін ұстанады, барлық банктер бірлестіктері осы жүйенің бұзылмауын қалайды. Себебі, бұл банк жүйесінсіз олардың қызмет атқаруы мүмкін емес. Бұл қызығушылық резервтік талаптардың іске асуын қалайды. Бұл өз кезегінде салымшылырдың мүдделерінің алдында банк жүйесінің сенімділігін арттырады.
Жоғарыда аталған субъектілердің құқықтары мен міндеттерін ескеру банктік несиелендірудің құқықтық реттеу негізін қалыптастыруы тиіс. Оның қазіргі жағдайы қалай? Қандай нормативтік актілерден құралады? Бұл нормативтік актілерді білу аз дегенде екі себепке байланысты: біріншіден, несиелік құқықтық қатынасқа қатыса отырып, өзіне жүктелеген құқықтар мен міндеттердің жүйесін және олардың кері салдарын білу қажет; екіншіден, көптеген келеңсіздіктерді ескере отырып, заңдық күші бар нормативтік актілерді сәйкестендіру мен иерархиясын, құқықтық реттеу кемшіліктерін болдырмау жолдары мен әдістерін субъект өз құқықтарын қорғау мақсатында білуі қажет. Банктік несиелендіру туралы негізгі заң актісі және барлық құқықтық реттеуді жүйелеуші басты заң Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (бұдан әрі ҚР АК) болып табылады. Бұл жерде банктік заемға 715-728 баптар арналған.
Банктік несиелендіру аталған азаматтық құқықтық нормалармен, сонымен қатар, арнайы банк заңнамаларының нормаларымен, соның ішінде “Банктер және банктік қызмет туралы” заңның 34-37 баптарымен реттеледі. Бұл нормаларда несиелендіруді жете құқықтық реттеудің шаралары толық көрсетілмеген, тек қана бағыт беруші рөл атқарады.
Заңнамалық қосымша реттеу Қазақстан Республикасының Президентінің, Үкіметінің, Ұлттық банкінің, қаржылық қадағалау агенттігінің, қаржы министрлігінің, салық комитетінің және өзге де органдардың нормативтік актілері қалыптастырады. Барлық нормативтік актілер басқа да заңдарға қарама-қайшы болмауы тиіс.
Әрбір банктегі нақты несиелендіру процесі негізінен жергілікті құқықтық актілермен реттеледі. Олардың құрамына банктің несиелендіру ережесі, несиелік комитет туралы ережесі, коммерциялық банктің несиені ұсыну жөнінде шешім қабылдайтын жеке қызметкерлердің нұсқауы кіреді. Бұл актілердің құқықтық маңызы несие алушыға келісім-шартқа қол қойғанға дейін кепілдеме болады, қол қойылғаннан кейін ерікті түрде қабылдаған міндеттеме болады. Сондықтан барлық потенциалды несие алушылар несиелендіру ережесін алдын-ала жан-жақты зерттеп алуы қажет. Яғни, құқықтар мен міндеттер және несие беруші банктің бақылау, жауапкершілік шаралары туралы білуі қажет. ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?