Қаржы | БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ БЮДЖЕТ ҚҰРЫЛЫМЫ
Мазмұны
1-ТАРАУ. БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ БЮДЖЕТ ҚҰРЫЛЫМЫ.
1.1.Қазақстан Республикасының “Бюджет кодексіне” шолу.
1.2 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі.
1.3 Бюджетаралық реттеу.
2-ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ КІРІСТЕРІ МЕН ШЫҒЫСТАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ҚҮРЫЛЫМЫ.
2.1 Экономиканы қаржыландыру.
2.2 Бюджеттің түсімдері.
2.3 Бюджеттің шығыстары.
3-ТАРАУ. БЮДЖЕТ БАЛАНСЫ.
3.1 Бюджет тапшылығы.
3.2 Бюджеттік процесс.
ҚОРЫТЫНДЫ.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕр
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмiнде қаржы зор рөл атқарады. Қаржы - нарықтық қатынастардың құрамды бөлiгiжәне мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтiк – экономикалық мәнiн түсiне бiлудiң , оның iс-әрекет етуiнiң ерекшелiктерiн терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдiстерi мен амалдарын көрсете бiлудiң маңызы зор.
Қаржы қатынастарының теориясын зерделейтін қаржының мақсаты қаржы категорияларын, ұғымдарын, терминдерін ұғып алуда олардың сыныптамасын әлеуметтік экономикалық процестердегі маңызы мен формасын, орнын біліп алу теориялық және практикалық жағынан қамтамасыз ету; сонымен бірге қаржыны ұйымдастыру нысандарының өзара байланысы мен өзара іс әрекетін және оның қоғамның әлеуметтік экономикалық дамуының нақтылы жағдайларындағы қолданудың әдістерін түсінуге қол жеткізу міндеті болып табылады.
Экономиканың жұмыс iстеуiнiң нарық жағдайында мемлекет тауар –ақша қатынастарын әлде қайда аз дәрежеде реттейдi, негiзгi реттеуiш тауарлардың, жұмыстардың және қызметтер көрсетудiң сұранымы мен ұсынымы болып табылады. [1]
Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен ортақтастырылған тауар өндiрiсi болып есептелiнедi. Экономикалық өмiрде қаржының сыртқы көрiнiсi қоғамдық өндiрiстегi әр түрлi қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрiнде болып жатады. Тауар –ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайында қаржы нақтылы және үздiксiз болып жататын ақша айналымын – ақша ағынын бейнелеп көрсетедi.
Қаржы – ақша қатынастарының жиынтығы, олардың ажырағысыз бөлiгi, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберiндегi қоғамдық ұдайы өндiрiстiң түрлi субьектiлерi арасындағы бүкiл ақша қатынастарын емес, тек айрықша ақша қатынастарын бiлдiредi, сондықтан оның ролi мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
Қазақстан Республикасының бюджет Кодексі бюджет процесін жүзеге асырудың жаңа ұстанымдарын айқындайды. Ең алдымен, мемлекеттің экономикалық саясатына сәйкес орта мерзімдік бюджетті жоспарлау қажеттігіне назар аударылуда. Бюджетті жоспарлау процесіне стратегиялық бағдар беру мақсатында алдағы үш жылдық кезеңге арналған салық – бюджет саясатын анықтайтын құжат – Орта мерзімді фискалдық саясатты жыл сайын әзірлеу шешімі қабылданды. [1, 6-б.]
Бұл құжаттың қажеттілігі экономикалық реформалар жетістігінің қоғамының қаржы жүйесін дамыту бағыттарына жүргізіліп жатқан салық –бюджет саясатының заман талабына бара – барлығының тікелей тәуелділігімен негізделген. Мұндай жағдайларда бюджет мемлекеттің ресурстарын жұмылдыру мен жұмсаудың басты құралы ретінде саяси билікке экономикаға ықпал етуге, оның құрылымдық қайта құрылуын қаржыландыруға, экономиканың басым секторларын дамытуды көтермелеуге, халықтың неғұрлым қорғалған жіктерін әлеуметтік қолданумен қамтамасыз етуге шынайы мүмкіндік береді.
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді қүндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдык қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен жөне пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бүл жиынтығы "мемлекеттік бюджет" ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Демек, мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді.
Б. С. Өтебаевтың “Мемлекеттік бюджет” әдебиетінде бюджеттік іс- әрекет жүргізу мемлекеттің орталықтандырылған ақша қаражаттары қорын қалыптастыру мен пайдалануына байланысты және ерекше экономикалық, ұйымдастырушылық формаларды қолдану негізінде жүргізіледі деп жазған. [18, 10 –б. ]
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы: ”Мемлекеттік бюджетті қалыптастыру жолдары”.
Дипломдық жұмыс тақырыбының мақсаты - әрбір шаруашылық жүргізуші субьектілер іс - әрекеттерінің тиімділігі мен табысқа жету көрсеткіштері, мемлекеттің бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды және мемлекеттің бюджеттерiнiң кiрiс- шығыстары туралы талдама жасау және нақты дұрыс жүргізілу бағыттарын анықтау болып табылады.
Бірінші бөлімде Қазақстан Республикасының бюджет кодексiн шолу,” Қазақстан Республикасының ұлттық қоры, Қазақстан Республикасының бюджетінің ұйымдастырылуының қағидаттары, бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандары, бюджет кірістері мен шығыстарының есеп объектілері, бюджет кірісіне талдау жасалған.
Екінші бөлімде мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы көрсетілген. Мемлекеттің бюджеттік кірістері мен шығыстарына толық анықтама берілген.
Үшінші бөлімінде әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңестірілуі, яғни бюджет балансы көрсетілген. Экономиканың жай-күйін қамтып көрсететін бюджет тапшылығы және бюджеттік процесс толық қамтылған.
Соңында қорытынды мен әдебиеттер тізімі көрсетілген.
1-тарау. Бюджет жүйесі және бюджет құрылымы.

Осы кодекс бюджеттік және бюджетаралық қатынастарды рейтейді және бюджет жүйесі жұмыс істеуінің, бюджет қаражаттарының құрылуы мен пайдалануының негізгі ережелерін, принціптері мен тетіктерін белгілейді.
Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Кодекстен және қабылдануы осы кодекске көзделген өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Егер Қазақстан республикасының бекіткен халық аралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ерешелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданысқа болады және борлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың тиісінше республикалық және жергілікті бюджеттерден тиісті қаржы жылына арнап ақша бөлу туралы актілері, осы атілердің қайтарымды негізде ақша бөлу туралы ерешелерін қоспағанда, ағымдағы қаржы жылы аяталғаннан кейін күшін жояды.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдар, тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттардың шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихаттардың шешімдері, сондай – ақ Қазақстан Республикасының үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың оларды іске асыру туралы актілері тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына бастап қолданысқа енгізіледі. [1, 12 –б.]
Егер заң актілерінде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына қайшы келетін ережелер көзделсе, онда Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының ережелері қолданылады.
Мемлекеттік бюджет –араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет;
Инвестициялық ұсыныс –инвестициялық жобаның мақсатын, оған жету жолдарын көрсетені және инвестициялық жобаны одан әрі үшін оны алдын ала іріктеуді жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін инвестициялық жоба тұжырымдамасы;
Кассалық алшақтық –қаржы жылы ішінде шығыстар көлемінің бюджетке түсетін түсімдер мен бюджет қаражатының бос қалдықтары көлемінен асып түсуі;
Жергілікті бюджет –облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті;
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган –жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, жергілікті бюджеттің орташа мерзімді кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттің жобасын жоспарлау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;
Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган-жергілікті бюджеттен қаржылындыратын, бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік есеп және есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;
Кірістерді бөлу нормативі –кірістерді әр түрлі деңгейлердегі бюджеттердің арасында бөлудың проценттік арақатынасы;
Салалық (секторлық) бағдарлама-Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, экономиканың жекелеген салаларының неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге бағытталған бағдарлама;
Басым (республикалық немесе жергілікті) бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі республикалық немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландыру жоспарланған инвестициялық жобалардың(бағдарламалардың) тізімі болып табылатын, республиканы немесе аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың орта мерзімді жоспарына қосымша бюджет қаражатын алушы-бюджет қаражатын игерудің барлық деңгейінде бюджет қаражатын пайдалатын орталық және жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік мекемелер, жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ қаржылық қызмет көрсететін, соның ішінде азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде қызмет көрсететін тұлғалар;
Аймақтық бағдарлама-мәслихаттар бекітетін, аймақтың әлеуметтік –экономикалық дамыту міндеттерін шешуге бағытталған бағдарлама;
Түзетілген бюджет-тиісінше Қазақстан республикасының Парламентінде немесе мәслихатта нақтыланбай, Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар енгізген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып бекітілген немесе нақтыланғанбюжет;
Әлеуметтік-экономикалық дамудың орташа мерзімдік жосапры-Қазақстан республикасының Үкіметі немесе мәслихат бекітетін, республиканы немесе аймақты әлеуметтік-экономикалық дамытудың үш жылдық кезеңге арналған негізгі көрсеткіштері мен бағыттарын және оларды іске асыру жөніндегі шараларды айқындайтын құжат;
Трансфеттер-бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, сондай-ақ бюджеттен, соның ішінде жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бюджетке төленетін өтеусіз және қайтарылмайтын төлемдер;
Бекітілген бюджет-тиісті қаржы жылына арналған, Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тисті мәслихат бекіткен бюджет;
Нақтыланған бюджет-атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат қабылданған өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет;
Қаржыландыру-бюджет қаражатын алушыларға осы қаражатты бөлу;
Қаржы жылы – бюджеттің атқарылуы жүзеге асырылатын, күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталып, 31 желтоқсанында аяқталатын уақыт кезеңі;
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық әукілетті орган –орташа мерзімді кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын жоспарлау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган-ішкі мемлекеттік қаржы бақылауы функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган-республикалық бюджетті және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттерді атқару жөніндегі бюджеттік есеп пен есептілікті атқару, жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган- Қазақстан республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеу функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының осы бапта көрсетілмеген басқа ұғымдары осы Кодекстің тиісті баптарында айқындалған мәндерде пайдаланылады. [5]
Қазақстан Республикасы бюджет заңдары ұғымдарының анықтамалары бюджеттік қатынастарға қатысты Қазақстан Республикасының басқа да заң салалары ұғымдарының анықтамаларымен сәйкес келмеген кезде Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының ұғымдары пайдаланылады.
Осы кодексте пайдаланылатын Қазақстан Республикасының басқа да заңдар салаларының ұғымдары, егер осы Кодексте өзгеше көзделмеген болса, Қазақстан Республикасы заңдарының осы салаларында пайдаланып жүрген мәнінде қолданылады.
Бюджеттің құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
кірістер;
салықтық түсімдер;
салықтық емес түсімдер
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
ресми трансфеттер түсімдері;
шығындар:
операциялық сальдо;
таза бюджеттік кредит беру;
бюджеттік кредиттер;
бюджеттік кредиттерді өтеу;
қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо;
қаржы активтерін сатып алу;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;
бюджет тапшылығы (профициті);...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?