Қаржы | Тұрғын Үй Құрылыс Жинақ Банкі АҚ ның қызметін талдау

  Қаржы | Тұрғын Үй Құрылыс Жинақ Банкі АҚ ның қызметін талдау

Мазмұны


КlРlСПЕ .......…..….3

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІ, ОНЫҢ
ҚЫЗМЕТТЕРІ, ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

1.1 Қазақстан Республикасының банк жүйесі және дамуының
ерекшелiктерi................................................................…...................................6
1.2 Қазақстан Республикасы банктерінің қызметтері және дамуы.......................9
1.3 Қазақстанның банк жүйесiндегi банк өнiмiнiң және қызметiнiң қажеттiлiгi және мәнi................................................................................................16
1.4 Қазақстандық банктердiң сыртқы экономикалық қызметiнiң
негiзгi бағыттары................................................................................................24


2 “ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС-ЖИНАҚ БАНКІ” АҚ ІСІНІҢ ДАМУ
ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ

2.1 Экономиканың қазіргі жағдайындағы банк жүйесінің дамуын
талдау...................................................................................................................28
2.2 “Тұрғын үй құрылыс-жинақ банкі” АҚ-ның қызметінің негізгі көрсеткіштерін экономикалық талдау......................................................................47



3 ЭКОНОМИКАНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ “ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС-ЖИНАҚ БАНКІ ” АҚ ҚЫЗМЕТІН ОДАН ӘРІ ЖЕТІЛДІРУ

3.1 Төлем картасының негізінде жалақы бойынша несие беру жүйесін енгізу
бойынша бизнес жоспар.....................................................................................6

Қазір бүкіл әлем жұртшылығы эко¬но¬микалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалтты. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Дағдарыс бізге сырттан келді. Оның көздері елдің ішінде емес, әлемдік экономиканың сәйкессіздігінде жатыр.
Дағдарысты болдырмау және бәрін алдын ала көздеу мүмкін емес еді. Оны еңсеруге әлемнің жетекші экономикалары қазірдің өзінде 10 триллионнан астам АҚШ долларын, яғни бүкіл әлемдік ІЖӨ-нің іс жүзінде 15 пайызын жұмсады. Бірақ та ахуал жақсы жаққа қарай әлі өзгеретін емес. Дағдарыс өз ауқымына дәйектілікпен Америка континентін, Еуропа мен Азияны тартты. Бүкіл жағдайға қарағанда, ол ұзаққа созылады. Талдамашылар айтқанындай, әлемдік экономика өз құлдырауында әлі шыңырау түбіне жеткен жоқ.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауында: «Қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін біз банктерге қосымша өтімділік бердік. Бұл шағын және орта бизнестің, ірі кәсіпорындардың эконо¬микалық белсенділігін қамтамасыз ету үшін жасалды. Жеке тұлғалардың салымдары бойынша кепілді өтеудің сомасы 700 мың¬нан 5 миллион теңгеге дейін ұлғай¬тылды. Мемлекет сыртқы қарыз алумен және меншік капиталының жеткілік¬тілігімен байланысты банк секторының тәуекелдерін төмендетуге көмектесті. Тұрғын үй құрылысына және үлес-керлер проблемаларын шешуге қолдау білдіруге 545 миллиард теңге жұмсалды. Елде іскерлік белсенділігін сақтау үшін біз шағын және орта бизнес субъектілеріне 275 миллиард теңге көле¬мінде бұрын-соңды болмаған қаржылық қолдау жасадық. Әкімшілік кедергілерді табанды қысқарту жөніндегі жұмыс жалғастырылды» деп айта кетті.[1].
Нарықтық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасының банктер жүйесiнде ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда елеулi өзгерiстер болып жатқаны баршаға мәлiм. Бүгiнгi таңда нарықтық экономика жолына баяғыда түсiп, зор жетiстiктерге жеткен өркениеттi елдер тәжiрибесiн үйрене отырып, банк жүйесiн халықаралық стандарттарға көшiру ел экономикасы үшiн маңызды болып табылады.
Банк жүйесiн реформалау қажетiлiгi Қазақстанның эволюциялық дамуының сапалы, жаңа деңгейге жетуiнiң қажеттiгiнен туындап отыр. Нарықтық экономикаға көшкен жылдар аралығында Қазақстан Республикасының банк жүйесi реформалаудың ұзақ та, қиын кезеңiн бастан кешiрдi. Бұл кезеңде елiмiздiң банк жүйесiнде тек сандық емес, сонымен бiрге сапалы өзгерiстер болды деп айтуға болады. Қазақстан Республикасының тәуелсiздiк алуының он жылдығына арналған салтанатты жиналыста ел Президентi Н.Назарбаев банк жүйесiн реформалау нәтижесi бойынша: ''Елiмiздiң банк жүйесi түбегейлi де сапалы өзгерiстерге ұшырады'' деп мақтанышпен атап өткен болатын.
Қазақстанда банк жүйесiн реформалау iсi ең алдымен коммерциялық банктердi құрудан басталды. Тек Қазақстанда емес, сонымен бiрге бүкiл КСРО аумағындағы бiрiншi болып құрылған банк, Оңтүстiк Қазақстан облысында орналасқан ''Союз'' кооперативтiк банкi болатын. Банк операцияларын жүргiзу құқығын беретiн лицензиясын (рұқсатын) ол 1988 жылдың 24 тамызында алды. Бiрақ, аталмыш банктiң қызметi небәрi 7 жылға ғана созылып, қызметiндегi айтулы елеулi кемшiлiктерi үшiн 1995 жылдың 24 тамызында банк операцияларын жүргiзу үшiн берiлген лицензиясы қайтарылып алынды. Қазақстан аумағында 1988 жылдың 19 қыркүйегiнде құрылған екiншi коммерциялық банкке Алматы Орталық кооперативтiк банкi жатады. Қазiргi кезде аталмыш банк ''БанкЦентрКредит'' ААҚ болып, банк қызметi нарығында өз қызметiн тиiмдi атқаруда.
1995 жылы ''Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметi туралы'' Заңы қабылданды. Бұл Заңда Мемлекеттiк болып табылатын ұлттық банктiң негiзгi мiндеттерiмен қатар, экономикадағы ақша-несиелiк реттеу құралдары, оның атқаратын қызметтерiнiң түрлерi, коммерциялық банктердiң қызметiне бақылау жасау принциптерi мен әдiстерi анықталған болатын.
Қазақстанда банк жүйесiнiң қалыптасқан алғашқы кезеңдерiнде сауатты, кәсiпкерлiк деңгейi жоғары, бiлiктi мамандардың болмауы, банк саласының қызметiн реттейтiн заңнамалардың толық жетiлмеуi банк қызметiн жүзеге асыруда көптеген қателiктер жiберiп, банктердiң жабылып қалуына тiкелей себебiн тигiздi.
Реформаның құқықтық қамтамасыз етiлуi және банк жүйесiнiң қалыпты қызмет етуiн қамтамасыз ету мақсатында 1999 жылдың наурыз айында ''Заң күшi бар Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы''; 2000 жылдың 28 сәуiрiнде ''Қазақстан Республикасында вексель айналысы туралы''; 1999 жылдың 11 шiлдесiнде ''Банк қызметiнiң мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы'' бiрқатар заңдары қабылданды.
1995 ж. Қазақстанның банк жүйесiн реформалаудың бағдарламасын жүзеге асыру, осы жүйедегi орта мерзiмдi бағдарламаны жасауға себеп болды. Оның мақсаты мен мiндетi тұтастай алғанда 1990 жылы жасалған бағдарламамен бiрдей. Бiрақ елiмiздiң орталық банкi ретiнде атқарған қызметi барысында жинақталған тәжiрибесi оған экономикасы дамыған елдерге тән, нарықтық экономикаға сай келетiн ақша-несие саясатының құралдарын пайдалануға көшу мiндеттерiн жүктедi.
Қазақстан Республикасының банк жүйесiнiң тұрақтылығы, көбiне екiншi деңгейлi банктердiң тұрақтылығымен байланысты болып келедi. Жоғарыда атап өткен себептерге қоса, төлемсiздiк дағдарысы мен банктерге деген сенiмсiздiк көптеген банктердiң қызметiне тосқауыл болып, банктердiң сенiмдiлiгiн қауiп алдына қойды, ал оған төтеп бере алмаған банктер банкроттықа ұшырады. Ел экономикасында бiрлескен және шет ел банктерiнiң, олардың филиалдарының пайда болуы бәсекелестiктi одан әрi күшейтiп жiбердi. Нәтижесiнде, банктердiң несие ресурстарының айналымдылығы төмендеп, мерзiмi ұзартылған несиелердiң көлемi өстi. Жалпы дағдарыс жағдайында коммерциялық банктер тәуекелдiң жоғары деңгейiмен бетпе-бет кездесiп, оған төтеп бере алмаған банктер жабылып қалып жатты. Сондықтан да бiз бүгiнгi таңдағы әлемдiк тәжiрибеде қалыптасқан банк iсiнiң дамуындағы қызметтердiң әдiстемелерiн оқып бiлiп, осы алған бiлiмдi елiмiздiң банк жүйесiнiң практикасында қолданғанымыз абзал.
Факторлық талдау негiзiнде банк қызметiне әсер ету үшiн бiз әлемдiк тәжiрибеден үлкен көңiл аударып отырмыз және соның көмегi арқылы Қазақстан Республикасында қолдануға тиiмдi де пайдалы банк iсiндегi қызметтердi аныңтау, оны дамыту үшiн әдiстердi саралап отырмыз. Сонымен, коммерциялың банктердiң iс-әрекетi саласы кебеюде. Бiрақ отандың банктер әлемдiк тәжiрибеде белгiлi барлың қызмет түрлерiн енгiздi деуге болмайды. Бұл проблема Қазақстанның банк жүйсi үшiн жаңа бағыт болып табылады, сондыңтан да банк iсiнiң дамуындағы қазiргi кездегi тенденцияларында қандай да бiр түпкiлiктi зерттеулер жүргiзiлген жоқ. Осы орайда әлемдiк банк iсiнiң дамуындағы қазiргi кездегi қызметтердi Қазақстан тәжiрибесiнде енгiзу банк жүйесiн реформалаудағы ең өзектi мәселе болып отыр. Барлы аталған себептер осы диплом жұмысының тақырыбын таңдауға, оның ақсатары мен негiзгi мiндеттерiн белгiлеуге өз әсерiн тигiздi.
Жұмыстың мақсаты мен мiндеттерi: Жұмыстың мақсаты банк жүйесінің дамуындағы қазiргi кездегi тенденцияларды анықтап, әлемдiк банк тәжiрибесiн оқып бiлу және оның жергiлiктi жағдайда бейiмделуi, “Казкоммерцбанк” АҚ қызметін талдау жәе орнын анықтау болып табылады.
Қойылған мақсат жұмыстың келесi мiндеттерiн аныңтайды:
1. Банк iсiнiң дамуынның қазiргi кездегi теориялық сұрақтарды оқып бiлу, олардың құралын аныңтау, маңызын нақтылау және оларға аныңтама беру;
2. Банк жүйесінің дамуындағы қазiргi кездегi тенденцияларды анықтау әдiстерiне талдау жүргiзу және әртүрлi қызмет түрлерiнiң тиiмдiлiгiн нақты практикалық мысалдармен дәлелдеу;
3. Талдау нәтижелерi бойынша қорытындыларды қалыптастыру және отандың банк мекемелерiне банк iсiн жетiлдiру үшiн нақты ұсыныстарды өңдеп шығару.
Жұмыстың пәнi мен объектiсi. Жұмыстың пәнi реттiнде банк iсiнiң дамуындағы қазiргi кездегi қызметтердi анықтаудың құралдарымен және әдiстерiмен байланысты теориялық және практикалық сұрақтар саналады. Жұмыстың объектiсi Қазақстан Республикасының екiншi деңгейлi банктерiнiң қызметi болып табылады.
Диплом жұмысынын әдiстемелiк негiзiн: Қазақстан Республикасының заңдары, ережелерi, шетелдiк және отандық экономистердiң ғылыми еңбектерi, оқулықтар мерзiмдi басылымдардың, статистикалық анықтамалықтардың мәлiметтерi құрайды.
Диплом жұмысынын құрылымы: жұмыс кiрiспеден, үш бөлiмнен қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІ, ОНЫҢ
ҚЫЗМЕТТЕРІ, ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ
ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

1.1 Қазақстан Республикасының банк жүйесі және дамуының ерекшелiктерi

Банк жүйесi – бұл салым қабылдау және несие беру қызметтерiн орындайтын банктер мен банк институттарының әр алуан түрлерiнiң жиынтығы.
Кез келген мемлекеттiң банк жүйесi жалпы алып қарағанда экономиканың үлгiсiне байланысты болады. Орталықтандырылған экономикадағы банк жүйесi нарықтың экономикасы дамыған банк жүйесiнен ерекшеленедi. Экономикадағы банк жүйесiнiң маңызын дәлелдеп жатудың өзi артық. Банк жүйесi арқылы мемлекет экономиканың салалық және аумақтық даму саясатын жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында жүргiзiлген реформалар барысында елiмiзде классикалық екi деңгейлi банктер жүйесiне өту кезеңi аяқталды. Қазақстан Республикасының банк жүйесi екi деңгейден тұрады. ұлттық банк мемлекеттiң орталық банкi болып табылады және ол банк жүйесiнiң жоғарғы (бiрiншi) деңгейiне жатады. Өзге банктердiң бәрi банк жүйесiнiң төменгi (екiншi) деңгейiне жатады. Қазақстан Республикасының орталық (ұлттық) банкi мемлекеттiң негiзгi банкi болып табылады. Олардың қызметi өкiлеттi және атқарушы өкiмет органдарынан тәуелсiз. Қазақстан Республикасының орталық банкi – экономикалық дербес мекеме. Ол өзiнiң қызметiн меншiктi табыстары есебiнен жүзеге асырады.
Орталық банк көптеген қызметтер атқарады. Оның iшiнде негiзгiлерi:
- ақша эмиссиясы (айналымға ақша шығару)
- мемлекеттiң алтын валюта қорын сақтау
- басқа несие беретiн мекемелердiң резервтiк қорларын сақтау
- экономиканы ақша-несие арқылы реттеу
- коммерциялық банктерге несие беру және мемлекеттiк мекемелерге кассалық қызмет көрсету
- банктердiң, сондай-ақ шет ел валютасын сатып алу, сату және айырбастау жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын ұйымдастыру қызметiн реттеу және қадағалау т.б.
Қазақстан Республикасы Орталық банкiнiң ақша-несие саясатын жүргiзудегi негiзгi құралдары мен әдiстерiне: Қазақстан Ұлттық банкiнiң сыйақы ставкалары, резервтiк талаптар, оның нарықтағы операциялары, валюталық реттеу, тiкелей сандық шектеулер жатады.
Коммерциялық банктер банк жүйесiнiң аса маңызды буыны болып есептеледi. Қазiргi коммерциялық банктер қаржы-несие мекемелерiнiң әмбебап сипаттағы түрi.
Нарықтық экономикада банктермен қатар банк жүйесiне сақтандыру компаниялары, инвестициялық банктер, қарыз сақтау ассоциациялары, зейнетақы қорлары және т.б. осы сияқты арнаулы қаржы-несие институттары ерекше орын алады. Көп көлемде ақша ресурстарын шоғырландыратын бұл институттар капиталды тиiмдi орналастыру және қорлану процесiне белсендi қатысады.
Банк жүйесiн жоғарғы дәрежедегi макроэкономикалық мақсаттарды жүзеге асыратын маңызды құрал ретiнде қарастыруға болады.
Нарықтық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасының банктер жүйесiнде ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда елеулi өзгерiстер болып жатқаны баршаға мәлiм. Бүгiнгi таңда нарықтық экономика жолына баяғыда түсiп, зор жетiстiктерге жеткен өркениеттi елдер тәжiрибесiн үйрене отырып, банк жүйесiн халықаралық стандарттарға көшiру ел экономикасы үшiн маңызды болып табылады[1, 24 б].
Банк жүйесiн реформалау қажетiлiгi Қазақстанның эволюциялық дамуының сапалы, жаңа деңгейге жетуiнiң қажеттiгiнен туындап отыр. Нарықтық экономикаға көшкен жылдар аралығында Қазақстан Республикасының банк жүйесi реформалаудың ұзақ та, қиын кезеңiн бастан кешiрдi. Бұл кезеңде елiмiздiң банк жүйесiнде тек сандық емес, сонымен бiрге сапалы өзгерiстер болды деп айтуға болады. Қазақстан Республикасының тәуелсiздiк алуының он жылдығына арналған салтанатты жиналыста ел Президентi Н.Назарбаев банк жүйесiн реформалау нәтижесi бойынша: «Елiмiздiң банк жүйесi түбегейлi де сапалы өзгерiстерге ұшырады« деп мақтанышпен атап өткен болатын.
Қазақстанда банк жүйесiн реформалау iсi ең алдымен коммерциялық банктердi құрудан басталды. Тек Қазақстанда емес, сонымен бiрге бүкiл КСРО аумағындағы бiрiншi болып құрылған банк, Оңтүстiк Қазақстан облысында орналасқан ''Союз'' кооперативтiк банкi болатын. Банк операцияларын жүргiзу құқығын беретiн лицензиясын (рұқсатын) ол 1988 жылдың 24 тамызында алды. Бiрақ, аталмыш банктiң қызметi небәрi 7 жылға ғана созылып, қызметiндегi айтулы елеулi кемшiлiктерi үшiн 1995 жылдың 24 тамызында банк операцияларын жүргiзу үшiн берiлген лицензиясы қайтарылып алынды. Қазақстан аумағында 1988 жылдың 19 қыркүйегiнде құрылған екiншi коммерциялық банкке Алматы Орталық кооперативтiк банкi жатады. Қазiргi кезде аталмыш банк ''ЦентрКредит'' ААҚ болып, банк қызметi нарығында өз қызметiн тиiмдi атқаруда.
1990 жылы ''Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметi туралы'' Заңы қабылданды. Бұл Заңда Мемлекеттiк болып табылатын ұлттық банктiң негiзгi мiндеттерiмен қатар, экономикадағы ақша-несиелiк реттеу құралдары, оның атқаратын қызметтерiнiң түрлерi, коммерциялық банктердiң қызметiне бақылау жасау принциптерi мен әдiстерi анықталған болатын.
Қазақстанда банк жүйесiнiң қалыптасқан алғашқы кезеңдерiнде сауатты, кәсiпкерлiк деңгейi жоғары, бiлiктi мамандардың болмауы, банк саласының қызметiн реттейтiн заңнамалардың толық жетiлмеуi банк қызметiн жүзеге асыруда көптеген қателiктер жiберiп, банктердiң жабылып қалуына тiкелей себебiн тигiздi.
Реформаның құқықтық қамтамасыз етiлуi және банк жүйесiнiң қалыпты қызмет етуiн қамтамасыз ету мақсатында 1999 жылдың наурыз айында ''Заң күшi бар Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы''; 2000 жылдың 28 сәуiрiнде ''Қазақстан Республикасында векселü айналысы туралы''; 1999 жылдың 11 шiлдесiнде ''Банк қызметiнiң мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы'' бiрқатар заңдары қабылданды.
1995 ж. Қазақстанның банк жүйесiн реформалаудың бағдарламасын жүзеге асыру, осы жүйедегi орта мерзiмдi бағдарламаны жасауға себеп болды. Оның мақсаты мен мiндетi тұтастай алғанда 1990 жылы жасалған бағдарламамен бiрдей. Бiрақ елiмiздiң орталық банкi ретiнде атқарған қызметi барысында жинақталған тәжiрибесi оған экономикасы дамыған елдерге тән, нарықтық экономикаға сай келетiн ақша-несие саясатының құралдарын пайдалануға көшу мiндеттерiн жүктедi.
Қазақстан Республикасының банк жүйесiнiң тұрақтылығы, көбiне екiншi деңгейлi банктердiң тұрақтылығымен байланысты болып келедi. Жоғарыда атап өткен себептерге қоса, төлемсiздiк дағдарысы мен банктерге деген сенiмсiздiк көптеген банктердiң қызметiне тосқауыл болып, банктердiң сенiмдiлiгiн қауiп алдына қойды, ал оған төтеп бере алмаған банктер банкроттықа ұшырады. Ел экономикасында бiрлескен және шет ел банктерiнiң, олардың филиалдарының пайда болуы бәсекелестiктi одан әрi күшейтiп жiбердi. Нәтижесiнде, банктердiң несие ресурстарының айналымдылығы төмендеп, мерзiмi ұзартылған несиелердiң көлемi өстi. Жалпы дағдарыс жағдайында коммерциялық банктер тәуекелдiң жоғары деңгейiмен бетпе-бет кездесiп, оған төтеп бере алмаған банктер жабылып қалып жатты. Сондықтан да бiз бүгiнгi таңдағы әлемдiк тәжiрибеде қалыптасқан банк қызметiн тарату әдiстемелерiн оқып бiлiп, осы алған бiлiмдi елiмiздiң банк жүйесiнiң практикасында қолданғанымыз абзал.
''Коммерциялық банк'' терминi банк iсiнiң дамуындағы ерте кезеңдерiнде пайда болды. Бастапқыда банктер сауда саласында (commerce), тауар айырбастау мен төлем жасау саласында қызмет көрсеттi. Банк клиенттерiнiң басым көпшiлiгi саудагерлер болғандықтан, коммерциялық банк ұғымы осыдан пайда болған. Өзiнiң дамуындағы бұл кезеңдерде банктер тауар айырбасымен тiкелей байланысты операцияларды несиелеп отырды.
Өнеркәсiптiң дамуы барысында банктердiң жаңа қызмет түрлерi дами бастады. Бұл, ең алдымен, өндiрiстiк циклды қысқа мерзiмдi несиелеумен байланысты банктердiң операциялары. Айналым капиталын толықтыруға, шикiзат және материал қорын жасауға, дайын өнiм мен бҮйымдарға, еңбекақы төлеуге ссуда беру кеңiнен қолданыла бастады. Бiрте-бiрте несиелеу мерзiмдерi ұзара түстi, капиталды ұзақ мерзiмдерге салу үрдiсi байқала түстi. Сондықтан банк ресурстарының бiр бөлiгi негiзгi капиталға, бағалы қағаздарға және басқа да активтерге салым жасау үшiн қолданыла бастады. Бұл жағдайлардың барлығы да ''коммерциялық банк'' терминiнiң бастапқы мәнiнiң жоғалуына алып келдi. Бүгiнде, ''коммерциялық банк'' терминi мүлде басқа мәнге ие болып, оның ''iскерлiк'' сипатын бiлдiредi, яғни қазiргi коммерциялық банктер рынок субъектiлерiне қызмет жасау түрiне қарамастан барлығына бiрдей қызмет көрсетедi. ''Банк'' ұғымына Қазақстан Республикасының Заңында төмендегiдей анықтама берiледi. ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?