Экономика | БӘСЕКЕ – РЫНОКТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГIЗГI ЭЛЕМЕНТI РЕТIНДЕ

 Экономика |  БӘСЕКЕ – РЫНОКТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГIЗГI ЭЛЕМЕНТI РЕТIНДЕ

Мазмұны
КIРIСПЕ
БӘСЕКЕ – РЫНОКТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГIЗГI ЭЛЕМЕНТI
РЕТIНДЕ
Бәсекенің экономикалық мәні мен қызметтері
Бәсекенiң экономикалық табиғаты қағидалары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КIРIСПЕ
Әлемдiк тәжiрибе дәлелдегендей экономиканың шикiзат бағыттылығы елдiң тиiмдi және тұрақты дамуын қамтамасыз етпейдi. Сондай-ақ бүгiнгi жаһандану кезiнде ұлттық экономика бәсекеге қабiлеттi болмаса, онда оның болашағы бұлынғыр болып табылады. Сондықтан да бiзге мемлекет ретiнде қалыпты жұмыс iстеу үшiн тұтастай алғанда экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болу керектiгi сөзсiз. Ал осыдан барып әр сектордың өз мiндетi туындайтыны белгiлi. Жалпысында бәсекеге қабiлеттiлiк – экономикалық категория болып табылады.
Бәсеке жалпы экономикалық құндылықтар мен жетiстiктердi дамытудың негiзгi құралы болып табылады. Бәсекелiк рынокта қызмет етушi фирмалар мен кәсiпорындар қоғамның әр түрлi сұранысына бейiмделiп, тиiмдi инвестицияларды орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогреске ұмтылады, өндiрiстiк және қосымша шығындарды азайта отырып, сапалы өнiмдер шығарудың көлемiн арттыруға ынталы болады.
Осылайша әрбiр кәсiпкердiң бәсекеқабiлетi жоғары болуының нәтижесiнде әлемдiк экономикалық рынокта ұлттық экономиканың бәсекеқабiлеттiлiгi артады.
Бәсеке қоғамға экономикалық еркiндiктi, тиiмдiлiктi, дамудың тұрақтылығын, экономикалық қауiпсiздiктi ұсынады. Немiс экономикасының белгiлi экономист ғалымы Людвиг Эрхард бәсекелестiктiң экономика үшiн қажеттiлiгiн келесi жолдармен көрсетедi: “... рыноктың шаруашылық және оның қызмет ету механизмi еркiн бәсекелестiктен ажырап қызмет етуi мүмкiн емес...”. Бәсекенiң экономикалық табиғаты жеке меншiктiк қатынастармен тығыз байланыста болады.
Сондықтан мен экономикалық теория пәнiнен курстық жұмысымның тақырыбын “Бәсеке, оның экономикалық табиғаты мен елдің шаруашылық өміріндегі атқаратын рөлі” деп алдым. Бұл тақырыптың өзектiлiгi Елбасымыз өткен жылы “Бәсеке қабiлеттi Қазақстан”, “Бәсеке қабiлеттi экономика” және “Бәсеке қабiлеттi халық” деген Қазақстан халқына Жолдауында, елiмiз үшiн өзектi мәселелердiң бiрi Қазақстан Республикасын ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгi жоғары деңгейде дамып, әлемдегi дамыған елдер қатарына қосылу керектiгiн атап көрсеткен болатын.
Қазiргi кезде нақты рыноктық қатынастар орнап, бағаны белгiлейтiн тек қана сұраныс пен ұсыныс деп төте айту қиындау. Өйткенi фирмалар белгiлi бiр рынокта, белгiлi бәсеке жағдайында және белгiлi рынок құрылымының негiзiнде әрекет жасайды.
Рынок құрылымы фирмалардың саладағы санына, фирманың көлемiне, тауар сипатына, оның рынокқа ену жеңiлдiгiне немесе ақпараттың қолда болуына байланысты.
Экономикамыздың нарықтық қатынастарға өтуiне байланысты бәсеке түралы көп кездестiремiз. Бәсеке өз кезегiнде рыноктық экономиканың сұраныс пен ұсыныс сияқты негiзгi элементi болып табылады. Бiрақ қазiргi жағдайда қайбiр елдiң болмасын, оларда таза бәсекелестiк экономикалық рынок жоқ.
Бәсекенің экономикалық мәні мен қызметтері
Бәсеке жалпы экономикалық құндылықтар мен жетiстiктердi дамытудың негiзгi құралы болып табылады. Бәсекелiк рынокта қызмет етушi фирмалар мен кәсiпорындар қоғамның әр түрлi сұранысына бейiмделiп, тиiмдi инвестицияларды орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогреске ұмтылады, өндiрiстiк және қосымша шығындарды азайта отырып, сапалы өнiмдер шығарудың көлемiн арттыруға ынталы болады.
Осылайша әрбiр кәсiпкердiң бәсекеқабiлетi жоғары болуының нәтижесiнде әлемдiк экономикалық рынокта ұлттық экономиканың бәсекеқабiлеттiлiгi артады.
Қазақстанның соңғы жылдардағы экономикалық өсуге қол жеткiзуiнiң өзi бәсекеқабiлеттiлiктiң қалыптасуы мен дамуы есебiнен болып отыр. “Қазақстан – 2030” даму стратегиясында жеке меншiк құқығын қамтамасыз ету, сондай-ақ рынокта еркiн бәсекелестiк ортаны қалыптастырып және антимонополиялық реттеудi сенiмдi түрде жүргiзу керектiгiн атап өткен.
Бәсеке қоғамға экономикалық еркiндiктi, тиiмдiлiктi, дамудың тұрақтылығын, экономикалық қауiпсiздiктi ұсынады. Немiс экономикасының белгiлi экономист ғалымы Людвиг Эрхард бәсекелестiктiң экономика үшiн қажеттiлiгiн келесi жолдармен көрсетедi: “... рыноктың шаруашылық және оның қызмет ету механизмi еркiн бәсекелестiктен ажырап қызмет етуi мүмкiн емес...”. Бәсекенiң экономикалық табиғаты жеке меншiктiк қатынастармен тығыз байланыста болады.
Бәсеке дегенiмiз, бiр жағынан, iс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшiн жүрiп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргiзудiң қолайлы жағдайына ие болу үшiн, пайданы көп табу үшiн тауар өндiрушiлердiң бiр-бiрiмен күресi. Екiншi жақтан, ол рынок субъектiлерiнiң өнiмдi өндiру мен оны өткiзудегi және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары.
Бәсекенi экономикалық процесс ретiнде шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң белгiлi әрекеттерiнiң жиынтығының түрi деп тануға болады. Осы әрекеттер экономикалық цикл түрiнде жинақталады. Осыған бiрте-бiрте жүрiп отыратын төменде аталған ұдайы өндiрiстiк процестер жатады:
• өндiрiс және еңбек ұжымдарының материалдық-заттық элементтерiн қалыптастыру;
• өндiрiстi ұйымдастыру, оны шикiзатпен, материалдармен, жартылай фабрикаттармен жабдықтау және өндiрiстiк, несие-қаржылық және жобалау мекемелерiнiң бiр-бiрiне әсер етуi;
• бәсекеқабiлеттiлiгi жоғары өнiм өндiру;
• өнiмдi сату. Бұл үшiн оның саны анықталады, өткiзiлетiн орны мен уақыты белгiленедi;
• пайда есебiнен инвестициялық қор жасау және оны өндiрiстi кеңейту үшiн пайдалану.
Өнiмнiң өмiр сүру циклi бәсекелiк күрес дәрежесiне елеулi әсер етедi. Өнiмнiң өмiр сүру циклiне оның шығарыла бастауынан тоқтағанша жүрiп отыратын мерзiмi жатады. Бұл цикл төрт фазадан тұрады:
1. жаңа өнiмдi игерiп, өндiрiске енгiзiп орналастыру. Бұл арада сату көлемi көп емес, шығарылған өнiмнiң бағасы жоғары болады;
2. өндiрiстiң өсуi - өндiрiстiң масштабы өседi, сұраныс өседi, жоғары баға сақталады;
3. кемелдену. Өндiрiс көлемi ең жоғары дәрежеге жетедi, сұраныс толық қанағаттанады, өндiрiс қарқыны бәсеңдейдi, бәсеке шиеленiседi және бағалар төмендей бастайды;
4. ескiру. Бұл фазада сұраныс төменгi шегiне жетедi, өндiру азаяды. Бәсеке сайысы сөне бастайды. Өнiмнiң басым көбiнiң өндiрiлуi тоқталады, жаңа өнiм өндiру басталады.
Рыноктық экономикада рыноктағы көптеген фирмалар мен кәсiпорындар бәсекелiк сайыста шаруашылық жүргiзушi субъектiлер өз бәсекелесiне мардымсыз әрекеттер қолданады. Мұндай әрекеттердi “тиiмсiз бәсеке” деп атауға болады:
• тауардың сапасы туралы және оның сипаттамасы. Жасау әдiсi мен жасалған орны туралы жалған ақпарат тарату;
• бәсекелес туралы өтiрiк немесе қате мәлiметтер тарату;
• бәсекелестiң тауарлық белгiсiн, оның фирмасының атын, маркировкасын заңсыз пайдалану;
• тауардың сапасы туралы дұрыс түсiнiк бермейтiн жарнама жасау;
• бәсекелестiң тауарын жамандап көрсететiн салыстырмалар қолдану;
• келiсiм бойынша өздерi ған бiлуге тиiстi салаға жататын конфиденцияллық ғылыми-техникалық өндiрiстiк және басқадай информацияны таратып жiберу. Аталған шарт бзушылықпен күресу Қазақстанда мемлекеттiк антимонополиялық агенттiкке жүктелген.
Қазiргi заманда “жетiлген бәсеке” концепциясы болып, өндiрiстiң экономикалық теориясы жарыққа келдi. Мұның үлгiсiндегi рыноктың екi типi аталады:
• жеке тұтынуға пайдаланылатын тауарлар мен қызметтер рыногы;
• өндiрiс факторларының рыногы.
Осы рыноктардың өзара байланысы техникалық заң түрiнде тұжырымдалған, экономистер оны “өндiрiс функциясы” деп атайды.
Бәсекенiң экономикалық табиғаты мен қағидалары
Бәсеке қоғамға экономикалық еркiндiктi, тиiмдiлiктi, дамудың тұрақтылығын, экономикалық қауiпсiздiктi ұсынады. Немiс экономикасының белгiлi экономист ғалымы Людвиг Эрхард бәсекелестiктiң экономика үшiн қажеттiлiгiн келесi жолдармен көрсетедi: “... рыноктың шаруашылық және оның қызмет ету механизмi еркiн бәсекелестiктен ажырап қызмет етуi мүмкiн емес...”. Бәсекенiң экономикалық табиғаты жеке меншiктiк қатынастармен тғыз байланыста болады.
Бәсеке шаруашылық өмiрде басты рольде ойнайды. Ол экономикалық еркiндiктi қамтамасыз етiп, рыноктағы субъектiлердiң қарым-қатынасын тереңдету арқылы рыноктағы жағдайлар мен сұранысқа бейiмдi болып келедi. Адам Смиттiң “көрiнбейтiн қол” мысалының негiзiнде бәсекелестiк теориясы жатыр, яғни , әрбiр жеке адам немесе кәсiпкер ең бiрiншi өз пайдасын ойлайды, сол пайдаға қол жеткiзу үшiн олар өз қызметтерiнiң бәсекелiк қабiлетiн арттыруға ынталы болады. Бұл өз кезегiнде жаңа iзденiстердi, инновациялық жаңалықтарды ашуға жол ашады.
Бәсеке экономикалық категория ретiнде объективтi және субъективтi маңызда болады. Объективтi мағынада бәсеке рыноктағы ерекше жағдайларды белгiлейдi, яғни жекелеген субъектiлер кәсiпкерлер жалпы рыноктағы тауарлардың айналысына және оның бағасына жеке өзi әсер ете алмау сипатымен көрiнедi. Бәсеке субъективтi тұрғыда бәсекелес шаруашылық субъектiлерi арасындағы экономмкалық қатынастарды көрсетедi, яғни өндiрiс пен материалды игiлiктердi айырбастау негiзiнде туындайды.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?