Бағдарламалау | Turbo Pascal программасында «Механика» пәні

 Бағдарламалау | Turbo Pascal программасында «Механика» пәні

Кіріспе
ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновация технология бағыты мен дамыту мақсатының аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Жас ұрпаққа сапалы, өнегелі тәрбие мен білім берудің – бүгінгі күннің басты талабы.
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуметін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда.
ХХ ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлау бағытында Қазақсатан жоғарғы оқу орындарының міндеті - әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін шәкірттер мен мамандарды қазіргі қоғам үрдісіне сай инновациялық технологиялармен білім беру негізінде меңгерту қажет.
«Инновация» ағылшын тілінен аударғанда «жаңалық енгізу», «жаңашылдық» ұғымды білдірген. Ал тамыры тереңде жатқан термин латын тілінен «жаңару», «өзгеру» сөздерімен баламаланады, «бұдан бұрын болмаған жаңалық», «қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырудың жаңа әдісі» деген түсініктерді білдіреді. Ол алғаш рет ХІХ ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеулерінде пайда болған. Орыс ғалымдары Днепрова, Золвязинский, Лазерованың еңбектерінде бұл ұғым «білім беру жүйесінде жаңалықтарды жасап шығару, игеру, қолдану және тарату іс-әрекеті» деп сипатталады.
Қазақстанда «инновация» ұғымын пайдалануды қазақ тілінде анықтаған ғалым профессор Немеребай Нұрахметов. Ол: «инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деген анықтаманы ұсынады. Осыларды негізге ала отырып инновацияны «жаңалық, жаңа әдіс, өзгеріс, әдістеме, жаңашылдық» ал, инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме енгізу құралы»- деп ұғатын боламыз.
«Новация» ұғымы (латынша NOVUS-жаңа) біздің тарапымыздан жаңа енгізілім деп түсіндіріледі. Ғылыми әдебиетте «нововведение» деген орыс сөзі бір жүйеден екінші жағдайда ауыстырылу, ендірілу ортасына жаңа тұрақты элементтер әкелетін мақсатты бағытталған өзгеріс ретінде анықталады. Әрине, жаңа енгізілім жаңаруымен байланысты. Алайда барлық жаңа нәрсе әр кезде дұрыс нәтиже бере бермейді.
Инновация – білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Кейінгі кезеңде ғалымдар өз зерттеулерінде оқу тәрбие ісіне жаңалықтарды енгізіп, тарату мәселесін қарастырады.
Оқытудың инновациялық-педагогикалық технологияларын білім беру мазмұны сабақтастығының сақталуына, оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне байланысты таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңыздылығын атап айтқан жөн. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты жан-жақты педагог-маман болу мүмкін емес.
Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген материал тәрізді.
Мектептегі физика курсын меңгеру физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды түсініп қана қоймай, сонымен қатар оларды іс жүзінде қолдана білуді қажет етеді. Нақтылы бір мәселені шешу үшін оған қандайда болсын физиканың жалпы қағидаларын қолдану – физика есептерін шығару болып табылады. Есеп шығара алған білімді практикада колданып, компьютерде программасын құрып, нәтижесін ала білу.
Есеп шығаруда ең алдымен, оның мағынасын ұғыну, сонымен бірге есептің негізіне қандай физикалық құбылыстар мен заңдылықтар алынғанын, есепте келтірілген процестердің қайсысы бастылары екенін жете түсіну қажет.
Дипломдық жұмыстың негізгі бөлімінде қазіргі заманғы жаңа педагогикалық технологиялардың түрлері, мақсаттары, міндеттері жан-жақты қарастырылып және осы жұмысты орындау барысында Turbo Pascal программасында «Механика» пәніне арналған күнтізбелік жоспары бойынша инновациялық технологиялар элементтерін оқу үрдісінде енгізу жолдары, оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың жолдары көрсетілген.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: жаңа ақпараттық технологияны пайдалана отырып, оқу үрдісінде оқытудың инновациялық-педагогикалық технологияларын енгізу.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегі міндеттер қойылды:
 инновациялық технологияны ендірудің теориялық негіздерін анықтау;
 қолданылатын жаңа технология түрлерін салыстырып, ерекшеліктерін көрсету;
 инновациялық технологияны ендірудің тиімділігін педагогикалық эксперимент арқылы тексеру;
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Егемен еліміздің білім сапасын жоғары деңгейге жеткізу үшін оқытудың жаңа технологияларын ендіру аса маңызды құндылық екендігі белгілі.
Дипломдық жұмыс тақырыбының жаңалығы. Білім берудегі инновациялық процестердің мәнін - озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату проблемасы және педагогикалық-психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу проблемасы құрайды.

І. Негізгі бөлім. Инновациялық технологиялар элементтерін оқу үрдісіне енгізу
1.1. Жаңа технологиямен жұмыс істеудегі алғы шарттары

Қазіргі кезде әлемдегі жүргізіліп жатқан ізгілендіру үрдістері білім беру мекемелеріне қойылатын жаңа талаптарды анықтауда. Техника мен ғылым көлемінің ұлғая түсуі мектептегі білім беру мазмұнын қайта құру және оқу-тәрбие орындарының іс-әрекет қағидаларын қайта қарауға, әсіресе мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен тұлғасына, бүкіл педагогикалық үрдістің тұлғалық бағдарлануына қойылатын талаптардың сөзсіз арта түсуіне алып келді. Бүгінгі таңда мектептің оқу үрдісін жетілдіру үшін инновациялық білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігін практиканың өзі дәлелдеп отыр. Мұның өзі аталған мәселенің теориялық негіздемесін жасау қажеттілігін туындатады. Сондықтан біз оқытудың теориясы мен практикасындағы зерттеліп отырған мәселенің жағдайына таңдау жасауды «инновациялық білім технологиялары» ұғымына нақты түсінік беруден бастағанды жөн көрдік. Зерттеуде ең алдымен «инновация», «педагогикалық технология» ұғымдары жөнінде анықтамалар жүйеге келтіріліп, «инновациялық білім беру технологиялары» ұғымы мазмұндық жағынан қарастырылды.
«Инновация» термині ғылымға ХІХ ғасырда енді ХХ ғасырдың екінші жартысында инновация әлеуметтік өзгерістердің жалпы үрдісінің сатысы ретінде қаралып, оның негізгі элементтері атап көрсетілді: «жаңашылдық», «жаңашыл», «бағалаушылар». Үрдістің сынарлы, өзгермелі мерзімін қандай да бір жаңа енгізілімдерге сәйкес «бағалаушылардың» іс-әрекетіндегі өзгерістер құрайды.
Инновациялық динамика жаңа білімдердің техникалық немесе әлеуметтік шындыққа айналуының логикалық реттелген технологиясын танытып, жаңа білімнің тауар немесе қызмет көрсету үлгісіне айналу сатыларын білдіреді.
Педагогикалық инновациялардың феноменалогиясы «инновациялық ағын» ұғымын енгізеді. Бұл ұғымға педагогикалық жаңалықтарға деген дұрыс қатынасын білдіретін мұғалімдердің түрлі сипаттағы қызметтері енеді. Жаңашыл педагог - жаңа педагогикалық жүйенің авторы, яғни өзара байланысты идеялар мен тиісті технологиялардың жиынтығының авторы.
Қазіргі кезде педагогикалық технология ұғымы біздің педагогикалық лексиконымызға берік еніп келеді. Дегенмен, оның мән-мағынасы туралы пікірлер алуан түрлі. Түсіндірме сөздікте «Технология – бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы» делінсе, Б.Т.Лихачев педагогикалық технологияны оқу процесіне белгілі бір мақсат көздей әсер ететін педогогикалық ықпал деп түсіндіреді. Ал, технологиялық үрдісті нақты педогогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің (өлшемдердің) белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді және педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылымы.
ЮНЕСКО – ның анықтамасы бойынша, педагогикалық технология – бүкіл оқыту үрдісі мен білімді техникалық және адам ресурсын олардың бір-біріне өзара әсерін, білім берудегі формасын оңайландыру міндеттерін ескере отырып меңгеруді жүзеге асырудың жүйелі әдісі. М.В.Кларин «Педагогикалық технология – бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті», - деп анықтайды.
Оқыту технологиясы мектепте оқу үрдісіне қажетті әдіс, тәсіл, амал, дидактикалық талап секілді психологиялық – педагогикалық іс- әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Ол оқушылардың тәрбиесіне оқуға, ынтасына, оқу - іс-әрекетіне игі мұғалімдердің интеллектуладық шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс-тәжірибесінің нәтижелілігіне, жинақтылығына ұтымды әсер ететіндей, оқу-тәрбие процесінің басты күре тамырының ролін атқарады. Былайша айтқанда, педагогикалық технология – оқу-тәрбие процесінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі (компонент).
Білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін оны халықаралық стандарттар деңгейіне шығару қажет, бұл бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.
Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерісін және оның құрамдас бөліктері саналатын оқу-тәрбие үдерісінің мазмұны мен ұйымдастырылуын жобалау, қадағалау, реттеу, түзету және ғылыми пайдалылығын анықтау мен сыналған тәжірибені тарату мәселелерін жан-жақты зерттеуге қажеттілік туындайды. Міне, сол себептен, инновациялық білім беру іс-әрекетімен қатар, оған тиесілі эксперттік жұмысты да атқарудың маңызы зор деп есептеледі.
Экспертиза (сараптама) – инновациялық бастаманың қоғамдық маңызын, жүзеге асу әлеуетін және жергілікті білім беру ортасына ену ерекшелігін сипаттайтын жағдайды бағалау болып табылады. Экспертизаның мақсаты осы бастаманың ықтимал қозғалу бағыттарын, оның өмір сүру түрлері мен жергілікті жағдайға ену формаларын анықтауға бағытталады.
Білім беру саласындағы инновациялық өңдеулердің экспертизасы, ең кемінде, мынадай үш мақсатты ұстанады:
1. Қарастырылатын материалдардың бұрыннан бар дәстүрлерге немесе кейбір үлгілерге сәйкестік деңгейін бағалау.
2. Автордың түпкі ойы мен бастапқы жобалық идеяны түсіну; оның дүниетанымдық маңызын, жобаның мақсатты бағыт-бағдарын және аса құнды мағыналық негіздерін анықтау.
3. Жоба жасаушылардың инновациялық жобаны әзірлеу мен кәсіби шеберліктерін көтеру жөніндегі іс-әрекеті мен жобаны жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекетті бағалау.
Осыған байланысты, тек құжаттар мен нәтижелердің сипаттамасын сараптап қана қоймай, тікелей практикалық іс-әрекетті де саралау қажет. Эксперименттік ізденіс кезінде мұндай сараптама инновациялық білім беру іс-әрекетінің нәтижелері мен мәселелерін анықтаумен қатар, оның даму бағыттарын да белгілеуге мүмкіндік береді.
Соңғы жылдары педагогика ғылымында үлгілеу (модельдеу) әдісін кеңінен қолдануда, бұл әдіс білімнің басқа да салаларында көптеп қарастырылып келеді. Себебі, үлгілеу алғашқы ұғымдар мен болжамдар арқылы құрылатын іргетас негіздерін тексеріп алуға мүмкіндік береді. Үлгі бойынша алынған мәліметтер оқу-тәрбие үдерісінің теориялық негіздерін құру үшін мәнді мазмұнға ие болады.
Үлгі (лат. тілінен Modulus – модель – өлшем, үлгі, мөлшер) кең мағынада «түпнұсқаның орынбасушысы» деген ұғымды білдіреді. Біздің пікірімізше, үлгілеу бұл зерттеушінің меңгеруіне қолайлы түрде жинақтап қорытындыланған, дерексіз – қонымды бейнені жасау үдерісі деп түсіну керек......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 011



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?