Педагогика | Грамматика сабақтарының түрлері
Мазмұны
І . Кіріспе бөлімі:
1.1. Грамматика туралы түсінік
ІІ . Негізгі бөлім:
2.1. Тілдің грамматикалық құрылысы жайында ұғым.
2.2 Ойын арқылы адамгершілік тәрбие берудің мазмұны.
2.3 Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс - әрекетінде дидактикалық ойындардың алатын орны.
2.4 Ойынның психологиялық – педагогикалық мәні.
2.5 Оқушылардың танымдық қызығушылық қасиеттерін ойын элементтері арқылы дамыту.
2.6 Ұлттық ойындардың бала өміріндегі салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі.
ІІІ. Қорытынды.
IV. Пайдалаған әдебиеттер.
Негізгі бөлім
2.1. Тілдің грамматикалық құрылысы жайында ұғым
Күнділікті тәрбие көрсетіп жүргендей, алты жасар балалар ойындарына дұрыс басшылық жасалған жағдайда олар ұйымдастырушылық шеберліктің жоғарғы деңгейіне жетіп, ойынды өз беттерімен ұйымдастырумен бірге, ұжымда қалыптасқан тәртіп ережелері мен мінез – құлық нормаларын сақтауға дағдыланады. Әрбір ойын мүшесі ұжым алдындағы жауапкершілікті терең сезініп, ережелердің орындалуын өздері бақылай білуге үйренсе, онды мектепте жақсы жолдас, шебер ұйымдастырушы, көркемөнер үйірмесінің белсенді мүшесі, спорттық ойындар мен жарыстардың озат қатысушысы бола алады. Сол себепті де, біз балалар ойынын мектепалды даярлық топ балаларына адамгершілік тәрбие беру құралы етіп алып отырмыз. Демек, балалардың ойын әрекеті арқылы адамгершілік тәрбие берудің басты мақсаты бала бойында адамгершілік сезім, сана, мінез – құлық, көзқарас жүйесін орнықтыру болып табылады. Ал бұл міндетті бұлжытпай орындау, ойын әрекетіне сүйіспеншілігін арттыруға саяды. Міне, осы міндеттерді жүзеге асыру балалардың адамгершілік тәрбие компоненттері мен ойын туралы таным түсінігін тереңдетіп, олардың қоғамдық өмірге, қоршаған ортаға, үлкендер еңбегіне, табиғатқа деген жаңа мәдени қарым – қатынасын бекітуге бағытталады.
Баланың адамгершілік сезімталдығын, шығармашылық қиял – қабілеттері, адамгершілік сапасы мен көзқарасын, мәдениетін, ой - өрісін кеңейтіп, ана тілінде сөйлеу, сөз өнеріне, қоғам, табиғат өміріндегі әсемдікті аңғарып, бойына сіңіре білуге тәрбиелеуде ойынның, ұлттық салт – дәстүрдің айрықша орын алатыны жайлы қазақ халқының тұңғыш этнограф – ғалым Ш.Уалиханов, көрнекті ағартушы – педагог Ы.Алтынсарин, қазақ зиялылары: А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Н.Құлжанова, М.Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегінде балаларға рухани тәрбие берудің жолдары мен әдістері көрсетілуімен қатар қоршаған дүниені қабылдауға жан көріністерін (есту, сипап сезу, иіскеу, татып көру, ес, қиял, ойлау, тілін дамыту) бірлікте дамытудың маңызы жайында құнды пікірлер айтып, ой түйіндерін тұжырымдаған. Оқулықта адамгершілік сезімдері жайлы ғылыми ұғымдар да әр қырынан ашылған. «Баланың маңайында сөйленетін сөздер де әдепті, сұлу болуға тиіс», - деп балалардың адамгершілік дамуындағы үлкендердің рөліне тоқталады.
Бағдарламаның мазмұнында балаларды адамгершілік тәрбие түсініктерімен таныстыру жұмыстары «Өнер көзі – халықта», «Әуенді қимыл – қозғалыс», «Тіл – халық қазынасы», «Экологиялық тәрбие», «Еңбек», «Ойын» бөлімдерінде қарастырылған. Бағдарламада адмгершілік тәрбие ісінің міндеттері төмендегідей сараланады.
Мектепалды даярлық тобында балалар өмірінде оқу және еңбек әрекетінің үлесі басым бола түседі. Соған қарамастан ойын әлі де болса өз маңызын жоймайды, ол баланы мектепке даярлау мақсатын жүзеге асыруға бағытталып отырады. Ойын әрекетінің қызықты болуын қамтамасыз ететін, баланың танымдық қызығушылығы мен адамгершілік сапаларын дамытатын басты нәрсе: білім, әрекет, қарым – қатынас. Міне, осы жағдайларды ескере отырып, балалар бойында адамгершілік сапаларды қалыптастыруды пайдаланатын ойын түрлерін төмендегідей жүйеледік:
1. Мазмұнды – бейнелі ойын: отбасы, балабақша, мектеп, аурухана, ұшқыштар, мал фермасы, құс фермасы, құрылысшылар, мұнайшылар, теміржол, теңізшілер;
2. Қимыл қозғалыс ойындары: қу түлкі, ормандағы аю, мысық пен торғайлар, бақташы мен қозылар, қуыспақ, қасқыр қақпан, ботақан, соқыртеке, жырадағы қасқыр, жерден биік, су, ауа, жер;
3. Дидактикалық ойындар: заттардың түсін анықта, қуыршақты серуенге дайында, орныңды тап, ойлан тап, ұзын - қысқа, аласа – биік, әр құстың мекенін тап, түсті лото, дәл тауып айт, тігін шеберханасы, тез ретке келтір, мына заттарды сипатта, сандардың орнын тап, жоғары – төмен, дүкен, көршілер, аралар, телеграф;
4. Құрылыс ойындары: лего және басқа конструкторларды пайдалану;
5. Спорттық ойындар: футбол, волейбол, теннис, хоккей, баскетбол;
6. Драммалық ойындар: адамгершілік тәрбиесі тақырыбына оқылған ертегі, әңгімелерді рольдерге бөле отырып орындау.
Мектепалды даярлық топ балаларының «жеке тұлға» ретінде қалыптасуы, адамгершілік сезімі мен талғамның жіктелуі, тәрбиелеу мен білім беру ісінің нәтижелі болуы мектепке дейінгі мекемелерде жүйелі, жоспарлы, бірізді жүргізілетін жұмысқа байланысты. Ойын арқылы мектепалды даярлық топ балаларына адамгершілік тәрбие беру үшін, ойын үлгілерін іріктеп, бала санасына сіңіріп, тиімді пайдалану әрбір тәрбиешінің біліміне, ұзтаздық шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты.
Балабақшада балалар еңбегі ұйымдастыру барысында кешенді ұйымдастырылған ойын түрлері балалардың еңбекке деген қызығушылығы мен талғамын, танымдық процестерін, тілін және адамгершілік қасиеттерін дамытады. Ойын балабақшадағы тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі әдістерінің бірі болып саналып, балалар өмірінде үлкен орын алады. Баланың адамгершілік сапасын, талғамын , қызығушылығын қалыптастыру, мінез - әрекетін тәрбиелеу, жеке басын жан – жақты дамыту бағытында меңгерілген білім, дағдыларын ойын арқылы іске асырылады.
Сонымен, 6 –7 жас аралығындағы балаларға ойын арқылы адамгершілік тәрбие беруде бұрыңғы көзқараста қалып қоймай, ойын түрлерін зор қызығушылықпен, сезіммен меңгерген жеке тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік беретін жұмыс мазмұнын, әдістері мен түрлерін іздестірудің терең мәні бар. Егер мектеп жасына дейінгі балаларға ойын түрлерін дұрыс меңгертетін болса, онда адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда айтарлықтай жетістіктерге жетеріміз сөзсіз.
2.2 Ойын арқылы адамгершілік тәрбие берудің мазмұны
Баланың қоршаған ортадағы жақсылықты көру, қабылдану нышаны бөбектік шақтан – ақ байқалады. Оны дамытып кемелдендіру, шығармашылыққа баулу, бақылап сезген, көрген адами болмысты терең түсіну, өміршең ету отбасы және балабақшадағы тәрбие үрдісінде іске асырылады.
Қазіргі таңда әрбір жеке тұлғаның құндылық қасиеттерін дамытып қалыптастыруға аса мән беріліп отырғаны белгілі. Әсіресе, ұрпақтан – ұрпаққа мирас болып келе жатқан салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар, тарихи - әдеби мұралар арқылы балалардың жеке басының қасиетін дамыту мүмкіндігіне барынша көңіл бөлгенін ғылыми зерттеу еңбектерден аңғарамыз. Балаларда адамгершілік құндылықтарды қалыптастырау жағдайында белгілі бір жүйе немесе нақты белгілер болуы қажет. Бұл жағдайда оқу – тәрбие үрдісіндегі педагогиалық шарттардың мәнін ашып көрсету өте салмақты орын алады. Құндылықтарды игеру механизмі адамгершілік құндылықтардың қалыптасуындағы адамның өзін - өзі тану барысында жүзеге асады. Оның алғашқы денңгейі – игеретін құндылықтардың мәнін ашу нәтижесінде адамның адамгершілік құндылық бағыттарына ие болуы. Соңғы жылдары білім беру жүйесінде елімізде жүргізіліп жатқан реформалық үрдістерде құндылықтарды қалыптастырудың психологиялық механизмі тәрбие үрдісіне жеткілікті түрде бағытталмаған. Тәрбиешінің білімі мен белгілі тәрбие үрдісінде балалардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруды дұрыс ұйымдастыруы керек. Адам бойында жеке тұлғалық қасиеттердің пайда болуы ізгілік мәдениетінің негізін құрайтын гуманистік құндылықтар жүйесін меңгерумен байланысты. Осы тұрғыда Л.Выготскийдің еңбегіндегі «Баланың мәдени дамуы кез келген екі түрде пайда болады. Біріншісі - әлеуметтік, кейін психикалық» деген пікірі көп ойды аңғартады.
Адамгершілік құндылықтардың қалыптасуындағы балалардың өзін-өзі тануы жүзеге асатын тәрбиенің басты түрі: құндылық жағы басым тәрбие үрдісі болып есептеледі. Тәрбиенің бұл түрі іс - әрекеттік жағынан жүзеге асады.
Қоғам дамуының жаңа кезеңінде балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің ғылыми педагогикалық тұрғыда жүйесін жасаған Р.Төлеубекова «Адамгершілік тәрбиесі адамзат қоғамын үнемі толғандырып келе жатқан күрделі мәселенің бірі» дейді. Жаңа әлеуметтік мәдени жағдайда жеке тұлғаның адамгершілік тұрғыдан қалыптасуына байланысты, біріншіден, бүкіл адамзат қоғамының даму тарихында адамгершілік тәрбиесінің өзекті болғанын, екіншіден, философиялық, тарихи, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық әдебиеттер мен зерттеулерге талдау жасасақ, адамгершілік – адамның тұлғалық құрылымында ең алдымен өзін танып білуі және адамгершілік тәрбиенің бір қыры, үшіншіден, қазіргі жаңа әлеуметтік орта жағдайында адамның адмгершілік тұрғыдан қалыптасуы өзі өмір сүріп отырған қоғамының және әлеуметтік ортаның алатын орнына байланысты.
Мектепке дейінгі жаста қалыптасқан моралдік сана – сезім мен мінез – құлық барлық балалар іс - әрекеттерімен балалар арасындағы, балалар мен үлкендер арасындағы өзара қарым – қатынастары кешеніне шешуші ықпал жасайды. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде ойын үстінде жүзеге асады.
Ойын – балалардың негізгі іс - әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп өркендей алмайды. Бұл - өмірдің заңдылығы. Еңбек үстінде адамның көптеген ерекшеліктері дамиды. Өмір сүру барысында ол түрлі жолдармен жарыққа шығады. Мысалы, үлкендер өздеріне тән ерекшеліктерін еңбектену барысында танытса, ал балалар ойын үстінде көрсетеді.
Ойын – балалар үшін күрделі әрекет. Балалар ойын үстінде үлкендердің іс - әрекеттерін үйренеді. Ойын арқылы баланың ой - өрісі кеңейеді. Ойынның өз мақсаты, жоспары, тәрбиелік мәні бар. Сол ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады. Ойын баланың ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез – құлқын, ерік – жігерін қалыптастырады. Аса ірі психологтердің пікірінше, ойын үстінде бала қандай болса, өскенде еңбек барысында сондай белсенділік таныта алады. Сондықтан ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Бала ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады.Ойын үстінде өмірдің өзіндегідей қуанып, ренжиді. Баланың белсенділігін, сапалы ойлана білуін, ой - өрісінің дамуын қамтамасыз ету, қиындықты жеңуде төзімділікке баулу – адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеті.
Адамгершілік тәрбие мәселесі негізінен ұлттық педагогикалық ерекшеліктерге сүйене отырып тәрбие берудің әдістемелік жолдарын қалыптастырады:
- ұлттық дәстүрлер арқылы тәрбие үрдісінде баланың бойында рухани мәдениетті қалыптастыру;
- ұлттық дәстүрлер арқылы тәрбие үрдісінде баланың бойындағы адамгершілік құндылықтарын дамыту;
- салт-дәстүрлер негізінде ойынның ерекшеліктерін ескере отырып баланы рухани – адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу.
Баланың адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың жолдарының бірі – ол баланың қызығуын арттыру. Егер балаға қызығуына қарай тәрбиені жүйелеп берсе, баланың даму үрдісі шапшаңдайды. Бұл жерде Л.Занковтың идеясын негізге алған дұрыс. Ол «баланы қоғамдық өмірдің әр түрлі жақтарымен еркін араластыру керек, баланың дамуы үшін туындайтын шегіністерден қашпауымыз керек, керісінше баланың дамуына қандай дәрежеде ықпал еткенінайқындай отырып, жүргізу қажет» деген ұсынысын өз зерттеуімізде басшылыққа алдық. Тарихи ескерткіш – мұраларға жүргізілген саяхаттар мен таным жорықтар балардың танымын қалыптастыруда негізгі орын алатынын тәжірибе барысында айқын байқадық. Әр түрлі жүргізілген саяхат жұмыстары балалардың ынтымақтастығын жетілдіреді. Бұл туралы психолог Л.С.Выготскийдің «...дербес жұмыс істегеннен гөрі бала ынтымақтастықта күштірек әрі ақылдырақ болып, ол өзі шеше алатын интеллектуалды қиындықтар деңгейі жөнінен биікке көтеріледі» дегені баланы ынтымақшыл ету үшін топпен жұмыс ұйымдастыруды ұсынуы құптарлық пікір.
Ойын тек баланың іс - әрекеті ғана емес, ойын – еңбек, ойын – оқу, ойын - әлеуметтік қарым-қатынаста ерекше орын алатын әрекет түріне жатады. Педагог және психолог ғалымдар ойын іс-әрекетін жан-жақты зерттеп, баланың дамуын, тәрбиеленуін, танымдық қызығушылығын арттырудың негізгі құралы ретінде қарастырылып келген.
Іс-әрекет ойын, оқу және еңбек түрлеріне бөлінсе, ойын бала үшін алғашқы рет қошаған ортаны тану құралы болып табылады.
Ойын бірнеше қызмет атқарады:
- ойын-сауық;
- коммуникативтік немесе қарым-қатынастық;
- диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тану);
- коррекциялық (өзін-өзі түзету);
- әлеуметтендіру.
Ойын ұғымына анықтама берсек – бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын әлеуметтік тәжірибені қалыптастыратын негізгі іс-әрекеттердің түрі. Ойынсыз ешқандай бала дамымайды, қалыптаспайды, ойын арқылы бүлдіршіндер қоршаған ортаны таниды. Әсіресе, баланың өмірінде дидактикалық ойындардың орны ерекше.

Педагогика дидактикалық ойындарға былай анықтама беріледі: дидактикалық ойындар дегеніміз – балаларға белгілі бір білім беріп, іскерлікпен дағдыны қалыптастыру мақсатын көздейтін іс-әрекет. Ендеше, бұл ойындар оқытуға арналған.
Балалар ерте жастан – ақ қоршаған ортамен танысады. Ол адамдармен, жануарлармен, әр түрлі заттармен қарым-қатынасқа түсіп, олардың ерекшеліктері мен қасиет-сапалары турыла мағлұматтар алады. Бірақ, бала тек өзінің тәжірибесіне сүйеніп оқыса, оның білімі нақты болмайтыны сөзсіз. Сондықтан білімді пысықтау, бекіту үшін дидактикалық ойындар пайдаланылады.
Дидактикалық ойындардың басқа ойындардан ерекшелігі, оның негізгі мақсаты – баланы оқыту, олардың ойлау қабілеттерін жаттықтыру және дамыту, игі қасиеттерді тәрбиелеу.
Дидактикалық ойындардың мазмұны – қандай да болмасын ақыл-ой міндеттерін жүзеге асыру. Ережені орындай ойды, қиялды, есті дамытуға ықпал етеді. Дидактикалық ойын арқылы дүниені тану басқаша түрге ие болады, ол күнделікті оқуға ұқсамайды, мүндай қиял-ғажайып та, жауапты өз бетінше іздеу де, белгілі болмаыс пен құбылысқа жаңаша көзқарас та, білімді толықтыру мен кеңейту де, жекеленген құбылыстар арасында өзара байланысты, ұқсастықты және айырмашылықты тағайындау да бар. Ал ең бастысы, оқушыларды еш қинамай, өздерінің қалауы бойынша дидактикалық ойын арқылы оқу материалын әртүрлі тұрғыдан бірнеше рет қайталауға мүмкіндік туады. Сонымен бірге дидактикалық ойын өзара жарыстыру ......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?