Дене шынықтыру | Дене мәдениеті студенттерінің әлеуметтік мәдени құзырлығын қалыптастыру
Мазмұны
Кіріспе......................................................................................................................3
1 Дене мәдениеті студенттерінің әлеуметтік -мәдени құзырлығын қалыптастырудың теориялық негіздері...........................................................7
1.1 Дене мәдениеті студенттерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру мәселесінің теориялық аспектілері.........................................7
1.2 Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру мүмкіндіктері..........................................................................17
1.3 Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастырудың сипаты, өлшемдері мен көрсеткіштер................................28
2 Дене мәдениеті студенттерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру әдістемесі...............................................................................45
2.1 Дене тәрбиесіндегі әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары................................................................................45
2.2 Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру әдістемесі..................................................................................51
2.3 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар нәтижелері және
оларды талдау..................................................................................................57
Қорытынды..........................................................................................................72
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................74
Қосымшалар.........................................................................................................78
Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздің қоғамдық - экономикалық өміріндегі елеулі өзгерістерге байланысты саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени, рухани жағдайлар жастарды тәрбиелеу проблемасын дұрыс бағытта ойластыруды талап етуде [1,2]. Әсіресе, әлемдік деңгейде әлеуметтік-мәдени проблемаларының шиеленісіп отырған шағында адамның адамға қатынасын ізгілендіру, оны жоғары мәдениеттілік деңгейіне көтеру қажеттілігі байқалып келеді.
Білім беру мен тәрбие мақсатын көздеген осындай мемлекеттік құжаттар аясында мәдени, рухани жаңару мәселесі ерекше маңызға ие бола бастады. Сондықтан жоғары оқу орындарында дене тәрбиесі болашақ мамандарының кәсіби даярлығын жетілдіруде олардың әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру мақсатында оқу-тәрбие үрдісінің мазмұнын жаңғырту қажеттілігі айқындалып отыр. Осы орайда, әлеуметтік-мәдени құзырлығының проблемаларын зерттеу әлеуметтік және мәдени дағдарыспен бірдей көтеріліп отырған өзекті мәселелердің бірі екені белгілі.
Жалпы, дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру мәселесі “әлеуметтік-мәдени құзырлығы” ұғымының бірлігі мен ерекшеліктерін қарастырумен тығыз байланысты. Болашақ мұғалімдердің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру және дамыту үшін оның ғылыми әдебиеттерде қайнар көздерін, негізгі тұғырларын анықтау қажет екені байқалды.
Болашақ мұғалімдердің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыруның негізгі жолы – тұлғаны дамыту, тәрбиелеу, қалыптастыруда оның қоршаған дүниені қабылдауы, меңгеруі және табиғи, әрекеттік, әлеуметтік қатынасы.
Ғұлама ойшылдар Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, Қ.А.Яссауи т.б. [3,4,5] адамдар арасындағы әлеуметтік мәселесіне, мәдениеттілік, оның қалыптасуындағы тәрбиелік істердің маңызына ерекше назар аударған. Орта ғасырлық ғұламалардың мұраларындағы бұл мәселе төңірегіндегі айтылған ой-пікірлер ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев [6,7,8] мұраларында жалғасын тапты.
Бүгінгі таңда бұл проблемаға ғалымдар әр қырынан мән беріп, түрлі зерттеулер жүргізуде. Мәселен, мынадай еңбектер: педагогикалық әлеуметтік этномәдени аспектілері Е.Омар, С.А.Ұзақбаева, К.А.Оразбаева, К.Ж.Қожахметова т.б. [9,10,11,12], болашақ мұғалімдердің жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыру және оның оқу-тәрбие үрдісінде жетілдіру Р.С.Омарова, Ш.Таубаева, А.К.Керимов т.б. [13,14,15], жоғары оқу орындарында болашақ маман даярлау мәселелерінің мәдени құзырлығын қалыптастырумен К.М.Беркімбаев, Г.Э.Белицкая, К.Құдайбергенова, Б.А.Тұрғынбаева, Г.Ниязова т.б. [16,17,18,19,20], жастардың дене тәрбиесін және жеке тұлғаның дене мәдениетін қалыптастыру М.Таникеев, Б.М.Сапарбаев, Б.А.Тойлыбаев, Ж.К.Оңалбек, Қ.Т.Жанабаев, Т.А.Ботағариев, Б.Қ.Мұхамеджанов т.б.[21,22,23,24,25,26,27] еңбектерін атап өтуге болады.
Әлеуметтену-бұл өмiр сүру үшiн қажеттi бiлiмдердi, нормаларды, мәдени құндылықтарды менгеру болып табылады. Адам туылғаннан өмiрінiң соңына дейiн әлеуметтену процесiн өтедi.
Қазіргі кезде әр саладағы көрнекті ғалымдар болашақ мұғалімдердің әлеуметтік-мәдени құзырлығы мәселесінің мән-маңызына айрықша ден қоюда. Сондықтан болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру мәселесі арнайы зерттеуді талап ететіндігі дәлелденіп отыр. Демек, ғылыми-педагогикалық және оқу-әдістемелік, т.б. әдебиеттерге жүргізілген теориялық талдаулар жоғары оқу орындарында маман даярлау үрдісінде бұл проблема толық зерттелмеген және осы негізде кәсіби білікті шыңдаудың шарты ретінде, ана тілінде зерттеулер жүргізуді талап ететіндігін дәлелдейді. Сондықтан қазіргі болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру қажеттігі мен педагогика ғылымында аталған проблеманың толықтай жүйелі түрде зерттелмеуі; оны өмір талабына сай ұйымдастыру мен әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастырудың арнайы әдістемесінің болмауы арасындағы қайшылықтар шешімін табу зерттеу проблемасын айқындап, тақырыпты “Дене мәдениеті студенттерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру” деп таңдауымызға себепші болды.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделіп, нысаны, пәні, ғылыми болжамы, міндеттері анықталды, әдіснамалық негізі, ғылыми жаңалығы мен қорғауға ұсынылатын қағидалар, зерттеудің практикалық мәнділігі көрсетілді.
“Дене мәдениеті мамандығы студенттерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастырудың теориялық негіздері” атты бірінші тарауда жоғары оқу орындарында дене мәдениеті мамандығы студенттерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастырудың теориялық негіздері сараланып, зерттеліп отырған мәселеге байланысты негізгі ұғымдарға талдау жасалып, мазмұны мен мәні ашып көрсетілді. Соның негізінде дене мәдениеті мамандығы студенттерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру үлгісі мен деңгейлеріне сипаттама берілді.
“Дене мәдениеті мамандығы студенттерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастырудың әдістемесі және эксперименттік жұмыстар нәтижелері” атты екінші тарауда дене мәдениеті мамандығы студенттерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастырудың жаңаша жүйесін айқындаудағы оқу-тәрбие үрдісіндегі мүмкіндіктері мен әдістемесі, тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының мазмұны, зерттеу нәтижелері көрсетілді.
Қорытындыда зерттеу жұмысының нәтижелері жүйеленіп, нақтыланып, негізгі тұжырымдар мен әдістемелік ұсыныстар берілді, осы саладағы болашақта зерттеулерді қажет ететін мәселелер айқындалды.
Қосымшада болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыруға байланысты қосымша әдістемелік нұсқаулар, карталар, сауалнамалар мен тренинг үлгілері берілді.
1 Дене мәдениеті студенттерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастырудың теориялық негіздері
1.1 Дене мәдениеті студенттерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру мәселесінің теориялық аспектілері
Әлеуметтiк ортаға ата-анамызды, достарымызды, туысқандарымызды, әрiптетерiмiздi, әртүрлi iс-әрекет жасағанда қарым-қатынасқа түсетiн адамдарды жатқызуға болады. Бiз күнделiктi өмiрде айналамыздағы адамдар тарапынан әлеуметтенемiз. Сөйлеудi, жазуды, өзiмiздi ортада қалай ұстап, қалай жүрiп-тұру керек екендiгiн үйренемiз. Мектептерге, әртүрлi курстарға бару арқылы бiлiм аламыз, көп нәрселердi үйренемiз. Ортаға бейiмделу де әлеуметтенуге жатады. Бала туылған кезiнен бастап жанұясында тәрбиеленедi, яғни жанұяда әлеуметтенедi. Өсе келе балабақшаға, мектепке барады, онда да көп нәрсенi үйренiп бiлiм алады. Одан кейiн жоғары оқу орнына түседi немесе жұмыс iстейдi, Мұнда да бiлiмiн тереңдетедi, қасындағы достарына, жұмыс ұжымына бейiмделедi. Ослай әлеуметтену жалғаса бередi.
Адамға қартайған шағында зейнеткерлiк өмiрге, қартайғандыққа байланысты туындаған жағдайларға бейiмделуге, кейбiр iс-әрекеттерге дағдылануға тура келедi. Яғни әлеуметтену процесi үздiксiз жүре бередi. Әлеуметтену ұғымы мен қатар әлеуметтендiру деген ұғым бар. Әлеуметтену- бұл үйрену, бiлiм алу, тәрбие алу, меңгеру, бейiмделу болса, әлеуметтендiру- бұл үйрету, бiлiм беру, тәрбиелеу, меңгерту, бейiмдеу болады. Жоғарыда айтқанымыздай алғашында ата-анасы, содан соң мұғалiмдер, достар, жұмыс ұжымы, т.б. әлеуметтендiредi.
Адам әлеуметтену процесiн өту арқылы қоғамдағы тәжiрибенi, құнды бағалы нысандарды, бағыттарды өз бойына сiңiрiп, меңгерiп өмiрде қолданады. Сөйтiп қоғамды одан әрi жетiлдiрiп, дамыта отырып өзi жаңа сапа, қасиетке, тұлғалыққа ие болады.
Әлеуметтендiрудiң нақтылы жолдары болады. Олар:
а) iс әрекет, қызмет, бұған ойын, оқу, еңбек ету жатады.
ә) қарым-қатынас, бұл- адамдардың бiр бiрiмен ұдайы, үздiксiз алуан түрлi қатынастарда болуын талап етедi.
б) өзiндiк сана-сезiмдi дамыту, бұған ми және жүректiң өз бетiнше қызымет етуi жатады.
Мәдениет пен адамның белгілі бір шамада өзара байланысын қарастыратын Ә.Қоңыратбаев, Б.Г.Нұржанова, Э.Фромм еңбектері [28,29,30] қызығушылық тудырады, мәселен, мәдениет адам және адамзаттың барлық сала мен бағыттарда дамуының, жеке тұлғаның рухани жетілдіруіне қызмет ететін жағдайында, жиынтығы ретінде ұсынылған мәдениет мәнінде адамның қажеттіліктерін қанағаттандыру құралдарын табу барысында еңбектену үдерісінде жасаған туындыларының жиынтығы ретінде түсіндіреді. Бұл еңбектерде «білім беру» және «мәдениет» түсініктері қатар қойылған: мәдениет – тәжірибе жинақтау, білім беру – бұл қимыл, қозғалыс үстіндегі мәдениетті іс-әрекет.
«Мәдениет» ұғымы (латын тілінен cultura – өңдеу, өсіру, тәрбиелеу, білім беру, дамыту, жетілдіру) барлық адамзаттың ақыл-ойы, күш-жігерімен пайда болатын рухани өсуін білдіреді. Ғылым, техника, өнер, әдебиет, қоғамдық даму т.б. да осыған жатады. Мәдениет тасымалдаушылары ішінде белсенді тұлға педагог болып табылады. Бұл жағдай оларға өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылысын көрсететін, тәжірибелік іс-әрекет үрдісінде педагогикалық мәдениет негіздері бойынша белгілі бір талаптар жүйесін меңгеруін айқындайды.
«Тұлға мәдениеті» ұғымы түрлі әдебиеттерде талқыланғанымен, зерттеулер нәтижесі бүгінгі таңда ғылыми негіздемесінің толымсыздығын байқатады. Тұлға мәдениеті феноменін анықтау күрделілігі тұлғалық қасиеттер мен сипаттамалардың өзгермелілігіне байланысты. Авторлардың бір тобы тұлға мәдениеті анықтамасын рухани және адамгершілік тұлғалық сапалары мен қасиеттер жиынтығы ретінде қарастырса [31], екінші біреулері индивидтің даму деңгейіне сай материалдық және рухани құндылықтардың деңгейі ретінде талдау жасайды [32], үшінші топ тұлғаның әлеуметтену нәтижесі ретінде [33], ал төртіншілері қабілеттер жүйесі мен білім жиынтығы ретінде қарастырады [34].
Тұлға мәдениеті ұғымына берілген түрлі анықтамаларға қарамастан, тұлға мәдениетін қалыптастыру – қоғамның әлеуметтік талаптарына сәйкес басқарылатын үдеріс, өйткені базалық мәдениет ұғымына сай әлеуметтік орта мен жағдай ғана адамды өзгертіп қоймайды, сонымен қатар адам өзі ортаны және өмір сүру шарттарын өзгерте отырып, өзі өзгереді, дамиды.
Сонымен, тұлға мәдениеті - материалдық және рухани құндылықтарды жасақтау мақсатында тұлғалық қабілеттерді іс-әрекет негізінде шығармашылық тұрғыда дамыту болып табылады.
А.А.Бодалев пікірінше, тұлғаның мәдени деңгейін көтерудегі негізгі қозғаушы күш - адамның ынтасы мен өзіндік сұранысы болып табылады. Адам қажеттіліктерінің ішіндегі ең маңыздысы – тұлға ретінде өзін-өзі жүзеге асыру қажеттілігі болып саналады. Аталған қажеттіліктің негізін адамның ойлауға, қарым-қатынасқа, еңбекке деген қабілеті құрайды [35].
Тұлға мәдениетінің мазмұны адамның дамуы дегенді білдіреді. Тұлға мәдениеті сипаттамасы оны шартты түрде жалпы және кәсіби арнаулы бөлінуге әкеледі. Осыған байланысты жалпы мәдениетті гуманитарлық негіз, ал кәсіби мәдениеттің негізін таңдаған мамандыққа сай арнайы дайындық, қабілет пен білім құрайды.
В.С.Библер пікіріне сүйенсек, жалпы мәдениет дүниетанудың жалпы заңдылықтарына сүйене отырып, адам қызметінің барлық салаларында байқалады, ал кәсіби мәдениет тұлғаның белгілі бір салада іс-әрекетін жаңарту қабілеті мен таным ретінде қарастырылады [36].
Сонымен, жалпы мәдениет білімділіктің жоғары деңгейі ғана емес, сонымен қатар адамның рухани күш-жігерінің жан-жақты дамуы, белсенді ұстаным мен тұлғаның өзін-өзі және қоршаған ортаны жаңғыртуға бейімділігі, яғни іс-әрекет барысында кешенді жүзеге асырылатын қабілеттерден тұрады.
Жоғарыда айтылғандай, тұлғаның мәдени дамуының өлшемі ретінде кәсіби іс-әрекет мәдениеті есепке алынады.
Оқу үдерісін мүмкіндігінше сапалы жетілдіру білім беру мен оқыту үдерісінде арнайы әдіс-тәсілдерді тиімді ұйымдастыруға байланысты.
Тұлғаның бәсекеге қабілетті моделін құраушылардың маңыздысының бірі кәсіпқой маманға табысты бағдарлануға мүмкіндік беретін, іскерлік және мәдениетаралық байланысты орнатe іскерлігін меңгеру болып табылады.
Білім беру стандарттарында көрсетілген құзырлылықтарды қалыптастыру талаптарында білім берудің жаңа парадигмасына көшу, әлеуметтік-мәдени қарым-қатынасқа дайындықты қалыптастыру талап етіледі.
Кілттік құзырлылық қалыптастыру технологиясын А.В.Хуторский, М.В.Рыжаков, Н.Хомский, Дж.Равен және т.б. жасап шығарған [37, 38, 39, 40].
Оқу орнын бітіруші жас түлек еліміздің білім саясатындағы өзгерістер мен жаңалықтардан толық хабардар бола отырып, өмірдің кез-келген жағдаяттарынан шыға білетін алғыр да білімді жас болып тәрбиеленуі тиіс. Сондықтанда кәсіби орта білімді мұғалімдерді даярлайтын ұжымдардың дәріс беруші оқытушылары да педагогтар қауымына ұсынылып отырған заман талабын бұлжытпай атқаруы міндетті деп санаймын.
Бүгінгі оқу орнын бітіргелі отырған жас маман мемлекетіміздің кадр саясатындағы мақсаттарына сайма-сай болып шығуы қажет, яғни олар еліміздің әлеуметтік экономикалық жоғарғы қарқынмен дамуын қамтамасыз етуге қабілетті, интеллектуалдық ойлау белсенділігі жоғары тұлға тәрбиелейтіндей кадр болып шығуы бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.
Дәстүрлі білім беру жүйесінде мамандықтар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты - мамандықты игерту ғана болған болса, ал қазір әлемдік білім кеңістігіне ене отырып, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну негізгі мақсат болып отырғаны баршамызға аян.
“Құзыр”, “құзырлылық” және “құзырлы” түсініктері бұрынырақта тұрмыста, әдебиеттерде кеңінен пайдаланылды, сөздіктерде түсіндірмелері берілді. Мысалы, әдебиеттерде “құзырлы (лат. competens, competentis қабілетті) – анықталған аймақта жетекші, білуші; өз білімі деңгейінде бір нәрсені шешу немесе талқылау статусы бар” деп анықтама берілген.
Қазіргі кезде құзырлар/құзырлылықтар негізінде жоғары білім берудің мемлекеттік стандарттары мен оқытушыларды аттестациялау процедураларының мазмұнын өзгерту бойынша жұмыстар кең тұрғыда жалғастырылуда. Осы бағытта жоғары білім берудің дене шынықтыру және спорт мамандығына арналған мемлекеттік стандартының мәтінінде білім беру құзырлары болатын негізгі жағдайлар белгіленген.
Білім беру құзырлары - бұл болашақ мұғалімнің мағыналық бағдарлары, білімдері, біліктіліктері мен тұлғалық және әлеуметтік іс-әрекетін жүзеге асыруына қажетті нақты анықталған объектілер шеңберіне қатысты тәжірибелерінің жиынтығы.
«Құзырлылық» ұғымы жайлы авторлар былай дейді: «Құзырлылық ұғымы соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субьектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы «competens» белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» десе [19], бұл жайлы Б.А.Тұрғынбаева «Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту» еңбегінде «...өзінің практикалық әрекет арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын – құзырлылықтар деп атаймыз» деп анықтаса, ресей ғалымы Н.В. Кузминаның көзқарасы бойынша «Құзырлылық дегеніміз – педагогтың басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлылығы деді» [41, б-98].
Қазіргі жағдайда еңбек нарығында экономиканы қайта құруда, жастардың кәсіптік дайындығының сапасы мен кәсіптік шеберлігінің деңгейі сәттіліктің кепілі бола алады. Кәсіптік оқу орындарының міндеті мамандарды дайындауда кәсіптік оқытуды жақсарту және оны іске асыруда әдістердің тиімділігін арттыруды көздейді. Кәсіптік оқу орнында оқыту процесін іске асыру, педагогтың саналы іс-әрекет жасай алу қабілетіне байланысты.
Педагог іс-әрекеті білім саласында кәсіби міндеттерді шешуге бағдарланады. Шешім мақсатты айқындаудан, іс-әрекет мотивіне түрткі болудан басталады. Мақсаттылық – іс-әрекеттің алғашқы кезеңі, екінші кезең іс-әрекет бағдарламасын жоспарлау, жобалау. Іс-әрекет бағдарламасын құру үшін, қандай әрекеттер және қандай оқыту процесінің афференттік синтезінен өткізу қажет. Нәтижесінде әрекет бағдарламасы – педагог іс-әрекетінің моделі пайда болады. Іс-әрекетін бағдарлау педагогтың интеллектуалдық қабілетіне байланысты, қандай білім мен іскерліктерді игерген, педагогтың кәсіби міндеттерін эвристикалық жолмен шеше алуы, оқыту технологияларын қаншалықты меңгергендігіне байланысты айқындалады. Іс-әрекеттің бұл кезеңі педагог құзырлылығымен шешіледі.
Құзыр – өкілетті қызмет адамы, сол салада оның сәйкес білімі, танымы болуы қажет және жауапты шешімдерді қабылдауға құқылы.
Құзырлылық – жұмыскердің өз білімі, біліктілігі және дағдылары негізінде нақты кәсіп аясында жоғары сапалы және мөлшерлік еңбек нәтижелеріне жету үшін нақты жұмыс түрлерін білікті атқара алу қабілеті.
Біліктілік – адамның қандай да бір кәсіби- еңбек қызметін орындауға деген дайындық деңгейі немесе біліктілік – кәсіпті меңгеру деңгейі. Біліктілік мінездемесі – қандай да бір біліктілік деңгейі бар нақты бір кәсіп маманы оны игеруге қажет білім, білік және дағдыларға қойылған талаптар тізімі белгіленген мемлекеттік құжат.
Мұғалім құзырлығы жоғары, әлеуметтік тұрғыдан жетілген, әдіс-тәсілдерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өзін-өзі кәсіби жетілдіруге ұмтылған маман. Мұғалім мамандығы, зиялылар ішіндегі көп топтасқан мамандықтардың ірі тобына жатады. Білім беру жүйесінде педагогтар мемлекеттік қызметкерлер болып табылады. Педагог өз ...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?