Дене шынықтыру | Дене мәдениеті жоғары оқу орны студенттерінің кәсіби сапаларының теориялық және практикалық процесі
Мазмұны
КІРІСПЕ.............................................................................................................. 7
1 ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ КӘСІБИ САПАЛАРЫН ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР ПРОЦЕСІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Болашақ дене мәдениеті мамандарының дене мәдениетін кәсіби қалыптастырудағы мәні................................................................................... 12
1.2 Студенттердің кәсіби мамандығының маңызы мен міндеттері............. 21
1.3 Жоғары оқу орнында дене мәдениеті кәсіби саласында оқитын
студенттер контингентінің ерекшеліктері........................................................ 25
2 ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ КӘСІБИ САПАЛАРЫН ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР ПРОЦЕСІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Жоғары оқу орындарындағы дене мәдениетінің әдістемесі..................... 32
2.2 Дене мәдениеті жоғары оқу орны студенттерінің оку процесіндегі әдістемесі............................................................................................................. 34
2.3 Дене мәдениеті жоғары оқу орны студенттерінің кәсіби сапасына тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижелері......................................... 42
2.4 Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының міндеттерін шешуге әсер ететін қосымша факторлар............................................................................................ 52
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................... 55
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................... 5
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазіргі таңда мамандандырылған дене мәдениеті жүйесі осы қоғамда өмір сүретін адамдардың денсаулығын нығайтумен қоса, жеке тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қасиеттердің жан-жақты жетілуіне барлық қызмет аясын бағыттаған әлеуметтік ұйым болып табылады. Қазақстан Республикасының бағытты даму жағдайында дене мәдениеті жүйесін жан-жақты жетілдірудің мүмкіндіктері кеңейді. Дамып келе жатқан қоғамның құрамдас бөлігі бола отырып дене мәдениеті жүйесі жалпы халықтық кемелденген әлеуметтік жүйенің барлық белгілерін иемденген. Мәдениеттің дамуы, қоғамдық қатынастардың, адамдардың да жан-жақты дамып қалыптасуына әсерін тигізді. Сонымен бірге, адам баласы қоршаған ортаға бейімделу арқылы тәрбиеленіп қана қоймай, табиғатты өзгертуге себепкер болды. Қоғамдық қатынастың саяси және экономикалық бағыт алуы дене мәдениетіне елеулі өзгерістер әкелді. Бұл жағдай спорт жүйесінің мақсаттары мен міндеттерін, пайдаланылатын құрал-жабдықтарын, қолданылатын жаттығуларының түрлерін дамытуға ықпал жасады [1].
Барлық материалдық және рухани игіліктер қоғамның дене мәдениеті саласындағы қызметінің нәтижесі туралы бағалауға көмектесетін, ұлттық мәдени дәстүрлер ғана болып қоймайды, сонымен қатар оны пайдалануға және қолдануға итермелеп, нәтижесінде алдағы уақытта оны толықтырып отыруды қажет етеді. Материалдық және рухани игіліктер адамдардың қоғамдық ғылыми, сонымен бірге спорт саласындағы педагогикалық қызметінде, өндіріс аясында жасалады. Сондықтан игіліктерді біріншіден, арнаулы ұйымдастырылған педагогикалық қызметте, екіншіден тұрмыс жағдайында дене жаттығуларымен шұғылдану түрінде, үшіншіден көпшілік тұрғындарды кең ауқымда қамтитын баспасөз, радио, теледидар т.б. көпшілік ақпарат құралдары арқылы әртүрлі таралымдар түрінде пайдалануға болады [2].
Дене шынықтыру, спорт саласында мұғалім кадрларды даярлау бойынша көптеген ғылыми жұмыстар (Т.Ш.Қуанышев, К.И.Адаімбеков, Т.А.Ақпаев. Н.А.Құрышева, Е.Ю.Шуберт және т.б.) болды. Ал дене тәрбиесінің ілімі, педагогикалық жүйе ретінде дене шынықтыру мәдениетін, дене мүмкіндіктерін дамыту мәселесін М.Сапарбаев, Е.Уаңбаев, Ж.Оңалбек, С.Тайжанов, Б.А.Тойлыбаев, Т.Ж.Бекбатчаев, Б.Төтенаев, Э.Ж.Тлеуов т.б. зерттеген [7].
Дене мәдениеті деген түсінікті ұғыну дене тәрбиелеу деген ұғымды білдіреді. Басқаша айтқанда дене мәдениеті халық мәдениетінің құрамдас негіздегі бір бөлігі болып табылады. Дене мәдениеті, яғни денені тәрбиелеу адамның өзінің денесін дамытып, өзгерту жолындағы қызмет және осы бағыттағы жұмыс тәртібі деп ұғынуымыз қажет. Мұндағы материалдық игілік іс жүзінде дене тәрбиесі сабағы, шұғылдану сабақтарын өткізетін әртүрлі спорт ғимараттары, арнаулы спорт ғимараттары мен құрал жабдыктар, спорт ұйымдарын, жеке спортшыларды қаржыландыру, дене тәрбиесі жүйесінін идеологиялық, ұйымдастырушылық және бағытын қамтамасыз ететін әлеуметтік жетістіктерді айтады. Әрбір қоғам мүшесінің денесін шынықтыру жөніндегі игілікті шаралар тұтастай алғанда, мемлекет деңгейінде қамтамасыз етілуі тиіс. Ал мектеп көлеміндегі бұл саладағы шаралар халыққа білім беру мекемелері мен сауықтырумен шұғылданатын қызметкерлер үлесінде. Дене тәрбиесінің құрамдас бөлігі спорттық дайындық болып табылады. Спорт ұғымының екінші бір жағына тоқталатын болсақ ол адамдардың дене қызметі үшін қоғамымыздағы қалыптасқан материалдық және рухани байлықтарды игілігіне пайдалануы деп білеміз. Сонымен қатар, спорт түрлерінен өтетін жарыстар арқылы жоғары спорттық шеберлігі мүмкіндігін көрсету үшін, арнайы шапшаң қарқынмеы морфологиялық қызметін және психологиялық даярлығын айқындайды [4].
Спорттың басқа да қызмет аясы жеткілікті. Біріншіден, спорт өз алдына адамның тәрбиелік жағына оңды ықпалын тигізумен қатар, қоғам өміріне дайындаушылық міндеттерді де шеше отырып, қызмет етеді. Екіншіден, спорт
өндірістік қызметке жатпайды және материалдық игіліктерді тікелей өндіруге байланысы жоқ.
Спорт спорттық - сайыстық , бәсекелестікте өтетін, спорттық жоғары нәтижеге жетуге ұмтылу жағдайында тарихи жинақталған әлеуметтік қызмет Спортқа негізінен жарыстық қызмет, оған арнайы дайындық, ерекше қатынас талап және нәтижеге жету кіреді.
Спорт адамды жан-жақты жетілдірудің тиімді құралы ретінде оны рухани және дене дайындығына тәрбиелеудің қозғаушы күші болып саналады. Спорт түрінен жоғары нәтижеге жеткен сайын спортшы тек дене, әдістік және тәсілдік дайындығын ғана жетілдіріп қоймайды, сонымен қатар адамгершілік, өнегелілік, эстетикалық, ақыл-ой, еңбек, отан сүйгіштік тәрбиелерін де алады. Спорттын адамды тәрбиелеудегі манызы өте зор [5].
Қазіргі заманғы өскелең өмір жағдайында спорт түрлерінен, оның ішінде жаттықтырушы мамандар даярлауда болашақ мамандар анатомия, физиология, биохимия, дене жаттығуларының биомеханикасы, спорт менеджменті, педагогика және психология сияқты қатарлас пәндер мен спорттық жаттығуды үйлестіруі тиіс. Негізінен спорттық қозғалыстың екі бағыты бар. Жалпы көпшілік спорт және жоғары нәтижелер спорты. Жалпы көпшілік шұғылданатын бұқаралык спорт, спорттық нәтижелері жоғары емес және көп адамның қатысу мүмкіндігі қатынасымен сипатталады. Бұқаралык спортта - спорттық нәтижелер арттырумен қатар елеулі орын мен уакыт сауықтыру міндеттерін шешуге, оқудан, еңбектен тыс бос уақытты тиімді ұйымдастыруға (үзілістік - сауыктыру спорты), сонымен бірге еңбекке және қорғаныс тәжірибесіне бөлінеді (кәсіби қолданбалы спорт). Сондықтан, бұқаралық спорт ел тұрғындарының (жас өспірімдер мен ересек жас аралығында) дене тәрбиесіне және салауатты өмір бейнесін насихаттап, тарту міндетін шешуде басты рол ойнайды [6].
Ал жоғары нәтижелер спорты барынша жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылумен байланысты (әлемдік рекордтар, олимпиада ойындарында, әлем, құрлық чемпионаттарында және Қ.Р. біріншіліктерінде). Дегенмен спорттык нәтиже неғүрлым жоғары болған сайын, бұл нәтижеге жетушілердің саны да азаяды. Жоғары нәтижелер спортының қоғамдық қызметін іске асырудың да белгілі ерекшеліктері бар.
Жоғары спорттық нәтижелер үлкен қоғамдық резонанс туғызады және қандай мектепте сол спорттық даму деңгейі, әлемдік, халықаралық жарыстарға жоғары екендігі, әртүрлі елдер спортшылары мен спорт сүйер жанкүйерлер қауымының әртүрлі әлеуметтік орталарында байланыс орнатуға, сонымен бірге әртүрлі халықтар арасында тегіне қарамастан бейбітшілік пен достықты нығайтуға мүмкіндік жасайды. Спорттың экономикалық мәні спорттық қозғалыстың жалпы көпшліктік сипат алуының арттырылуында, спорттық көріністерді өткізудегі, оның сауықтыру тиімділігінің жақсаруында көрінеді. Спорт тек денені дамыту және спорттық жетілу үшін үлкен мүмкіндік туғызып қоймайды, сонымен бірге спорттың өзіне тарту күші дене және психикалык күштердің көрінуіне жоғары талап, адамның саналылығы мен рухани бейнесін жекелей бағытты тәрбиелеу үшін кең көлемдегі мүмкіндіктер туғызады. Тәрбиелік мақсатқа жетудің соңғы нәтижесі тек спорттың өзіне ғана емес, барлық тәрбие және даму жүйесінің әлеуметтік бағыттылығына да байланысты. Осындай бейнеде, спорттың тәрбиелік мүмкіндіктері өзінен - өзі шешілмейді, спорт аясында жинақталған, тәрбиелік бағытталған қатынастар жүйесі арқылы іске асырылады [7].
Спорт әлеуметтік - педагогикалық жүйеге кіргендіктен дене тәрбиесінін ықпалды құралы болып табылады, ал спорттың кәсіби - қолданбалы түрлерімен шұғылдану нәтижесінде еңбек және әскери қызметтің маңызды компонентіне айналады.
Зерттеудің мақсаты: Дене мәдениеті жоғары оқу орны студенттерінің кәсіби сапаларын теориялық және практикалық негіздеу.
Зерттеу нысаны: Дене мәдениеті жоғары оқу орны студенттерінің кәсіби сапаларының теориялық және практикалық процесі.
Зерттеу пәні: Дене мәдениеті жоғары оқу орны студенттерінің кәсіби
сапаларын теориялық және практикалық сабақтарының педагогикалық іс-
шаралары.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Дене мәдениеті жоғары оқу орны
студенттерінің кәсіби сапаларын теориялық және практикалық қалыптастырудың тиімділігі артады, егерде:
- дене мәдениетін қалыптастырудың теориялық негізі қолданылса;
- дене мәдениеті курсында әдістемелік сабақтастық сақталатын болса. Зерттеу міндеттері:
1. Дене мәдениетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін саралау;
2. Дене мәдениеті жоғары оку орны студенттерінің кәсіби сапаларынын әдістемесін пайдалану;
3. Жоғары оқу орны студенттерінің болашақ жаттыктырушылық мамандығына кәсіби бейімделудің ұйымдастыру педагогикалық іс-шараларының негіздерін қалыптастыру;
4. 3ерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, дене мәдениеті мамандарын даярлаудың үйлесімді жүйесін жасаудың ғылыми-практикалық ұсынысын беру.
Зерттеудің жетекші идеясы: Жоғары оқу орындарында, спорт секцияларындағы оқу, жаттығу сабақтары оку-тәрбие процесінің бөлінбейтін бөлігі болып есептеледі, сондықтан дене мәдениетін яғни дене мәдениетіне тәрбиелеуді қалыптастыру, олардың жаттыктырушылық қызметінде меңгерген іскерлік пен дағдыларды іс жүзінде пайдалану, дәрежелі спортшы-мамаы даярлауда біліктілік қабілеттерін арттыру.
Зерттеудің дереккөздері: Дене мәдениеті және спорт теориясы мен практикасы бойынша ғылыми басылымдар, дене мәдениетінің теория және ілімі курстары, материалдары, революцияға дейінгі анатомия, физиология, медицина өкілдері мен педагогтардың ғылыми тұжырымдамалары; жоғары оқу орындары дене тәрбиесі мен спорт факультеттерінің озық оқу-тәрбие, оқу - әдістемелік үрдістеріндегі бағдарламалық материалдарды ұтымды іске асыру тәжірибелері.
Зерттеудің әдістері: зерттеудің туындаған мәселелері бойынша оқу-әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; жоғары оқу орындарының денешынықтыру және спорт кафедрасының студенттеріне талдау жасап, әңгімелесу; байқау, бақылау, қорытынды бағалау, оларды статистикалық тұрғыда өңдеу.
Зерттеу базасы: Ғылыми-тәжірибелік зерттеу жұмысы Түркістан олимпиада ізбасарларын даярлайтын кешенді жоғары спорт мектебінде, қалалық спорт мектебінде және Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ жаратылыстану және медицина институты, денешынықтыру және спорт мамандығының базасында жүргізілді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы (өзектілігі); 031140 (050108) Денешынықтыру және спорт мамандығы студенттері үшін, спорт мектептері мен жалпы білім беретін мектептердің спорт секцияларында олимпиада ізбасарларын даярлайтын жоғары кешенді спорт мектептеріндегі оқу-тәрбие жұмыстарында болашақ жаттықтырушы мамандығына кәсіби бейімделудің жолдарын арттыруға ұсынылды.
Жұмыстың саралануы мен талқылануы. Зерттеудің негізгі мазмұны мен бағыттары бойынша мақала жарияланды.
Зерттеу жұмысының нәтижелері "Денешынықтыру және спорт'" кафедрасында алдын ала талқылаудан өтті.
1 ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ КӘСІБИ САПАЛАРЫН ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР ПРОЦЕСІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Болашақ дене мәдениеті мамандарының дене мәдениетін кәсіби
қалыптастырудағы мәні
Дене мәдениеті - қоғамдық құбылыс ретінде пайда болу, қалыптасуы және дамуы, құрылу ерекшеліктері мен қызмет ету жүйесі жайлы өзінің заңдылықтары бар ғылым. Бұл теорияны біліп, меңгеру өскелең ұрпаққа осы заманғы өмір талабы принциптеріне сай дене тәрбиесін жүргізуге дұрыс бағыт береді. Бұл теорияны оқып, үйрену барысында келесі міндеттерді анықтап алу керек: денені тәрбиелеу жүйесінің пайда болу себептері, оның мәні және қоғам өмірінде алатын орны, дене мәдениетінің тарихи даму сипаты, таптық қоғамдағы дене тәрбиесінің мақсаты, қоғамның материалдық өмірі, еңбек қызметінің сипаты мен мазмұны, әскери іс, ғылымның жетістіктері, саясаттың ықпалы т.б. Бұл әсер етуші күштердің дене мәдениетіне бір-бірінен бөлінбей, керсінше күрделі, өзара қарым-қатынаста ықпал ететінін білу бүгінгі күннің өзекті мәселесіне жатады. Дене мәдениетінің мәнін түсіну үшін болашақ маман алдымен оның мағыналык мазмүнын анықтап алуы қажет. Дене мәдениетіне тән қасиет коғам өмірінде адамның дене күштерін барлық уақытта өмірге қажетті арнайы қозғалыс дағдыларын, жылдамдық , икемділік, төзімділік сияқты дене сапаларын, әдіс-тәсіл шеберлігін дамыту үшін пайдаланып келген және пайдалана береді.Дене мәдениетінің бұл мағыналық ерекшеліктері дене тәрбиесіне салыстырмалы дербес тәрбие түрі ретінде білуге мүмкіндік
береді [5].
Адамның денесін жетілдірудің жалпы заңдылықтарын ашу үшін жаратылыстану және қоғамдық ғылымдары, жекелеген ғылымдар физиология, биохимия, жалпы педагогика және спорттық педагогика, таңдап алған спорт түрлері әдістемелері және т.б. пәндердің мәліметтері кең ауқымда қолданылады. Дене мәдениеті теориясының жоғарыда аталған тектес пәндермен байланысын
терең зерттеп, оқып, үйрену арқылы педагогика ғылымы бола тұрып, оларды оқыту және тәрбиелеудің заңдылықтарын ашу үшін, жаратылыстану ғылымдарының мәліметтерін қандай мақсатта пайдаланатынын білген маңызды. Дене тәрбиесі жүйесі қоғамның басқа экономика, мәдениет, саясат сияқты маңызды салаларымен тығыз байланыста. Ол үшін педагогика ғылымдары жүйесіндегі дене мәдениеті теориясының алатын орнының маңызын білу үшін оның ішінде жалпы педагогикамен олардың байланыстарын нақты көз алдына елестету қажет. Дене мәдениеті жүйесінің толық сипаттамасы дене мәдениеті теориясының барлық тақырыптарында арнаулы теориялық және спорттық педагогикалық пәндер арқылы айқындалады. Қоғамдық құбылыс ретінде дене мәдениетінің пайда болуы мен бастапқы дамуы халықтардың тұрмысы мен санасына байланыста белгілі мақсатты шешу болды. Мыңдаған жылдар бойы адам баласы күш, шыдамдылық, жылдамдық, икемділік және ептілікте аңдармен, жануарлармен күш сынасқан. Бұл сайыстарда табысқа бүкіл аңшылар тобынан жан-жақты дене дайындығы жақсы дамыған, батыл адамдар ғана жеңіске жете алатын болған. Найза, тас, таяқша лақтыру арқылы және тағы басқа еңбек құралдарын пайдалану арқылы адам қозғалыс дағдыларын игерді.Адамның мұндай қимыл-қозғалыс дағдыларын меңгеру нәтижесінде келе-келе оның кәсіби қызметіне айналады. Алайда, өндіріспен күнделікті тіршілік адамдарының шынығуды қажет етуіне, дене мәдениетінің қалыптасып, одан әрі дамуына ықпалын тигізеді [6].
Адам бір нәрсеге үнемі жаттығып, үйренуге саналы түрде баруы қажет болды, сонымен бірге еңбек ету барысында пайдаланылатын еңбек құралдарын тиімді меңгеру үшін алдын-ала қажетті қимылға тән дене дайындығының маңызын түсінді. Осы қажеттіліктердің маңызын түсіне келе адамдар еңбек етуден тыс уақыттарында тіршілікке қажетті қимыл-қозғалыс жаттығуларын қайталап отырған. Осы кезден бастап бұл қимыл-қозғалыстар дене жаттығуларына айналып, арнайы шұғылдануды бастаған. Дене жаттығуларының жәрдемімен адамдардың өздеріне нақты еңбек дағдыларын алатындай мүмкіндіктің бар екеніне көзі жетті, осылайша денені шынықтыру, яғни қажетті дене жаттығуларымен шұғылдану адамның материалдық құндылықтарды игеруіне белгілі дәрежеде әсер етті. Еңбек барысындағы қимыл-қозғалыстардың дене жаттығуларына айналуы, оның адамға әсер ету ауқымын өлшеусіз кеңейтті, сонымен қатар денені жан-жақты жетілдіру мүмкіндігін туғызды. Сөйтіп, еңбек құралын дайындау және оны қолданудағы жинақталған тәжірибе дене жаттығуларының пайда болуының дәлелді себептеріне айналды[7].
Ғылыми тұрғыдан алғанда, адам қызметінің бірде-бір түрі биологиялык жағынан тұқым қуаламайды, дене мәдениетіндегі тәрбие жетістігі тек қана жаттығуларды көп қайталау нәтижесінде игеріледі, адам игілігіне айналады.
Дене мәдениетінің мақсаттары мен міндеттерінің өздері дене тәрбиесінің негізгі құралы дене жаттығуларының өзгеруіне әсерін тигізді. Мысалы, кейбір жаттығулардың орындалу түрлері өзгеріп жатса, енді біреулері жойылып, орнына жаңасы пайда болып жатады. Бұл өзгерістер екі себепке байланысты, яғни біріншіден қоғамның материалдык өмірінің даму кезеңдерінде адамның үйлестіктегі қозғалыс дағдыларының талап етілуі, жаттығулардың жаңа жүйесінің пайда болуы, екіншіден, дене мәдениетін зерттейтін ғылымның дамуы адамның қозғалыс қызметіндегі заңдылықтарды тереңірек ұғынуы, бұрын соңды адам өмірінде кездеспеген жаттығуларды жасауы, адамға жағымды әсер ететін тиімді құралдарды іздестіруі жатады[8].
Дене шынықтыру жэне спорт мамандарының кәсіби дайындықтарын жақсарту бағыттарының бірі ЖОО студенттерінде қарым-қатынас мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Берілген мақсатта ЖОО студенттерінде қарым-қатынас мәдениетті қалыптастырудың арнайы
педагогикалық жүйесін эзірлеу қажет. Бұл жүйе -студенттердің жеке басына ...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?