Қылмыстық кодекс | Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны атқарудың ерекшеліктері

 Қылмыстық кодекс | Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны атқарудың ерекшеліктері

Мазмұны
КІРІСПЕ................................................................................................................
1. ТАРАУ. БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ЖАЗАСЫ – ЖАЗАНЫҢ БІР ТҮРІ РЕТІНДЕ................................................................................................
1.1. Қылмыстық жазаның түсінігі және мақсаты..................................................
1.2. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның түсінігі және оны атқарудың арнайы міндеттері....................................................................................................
2. ТАРАУ. БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ТҮРІНДЕГІ ЖАЗАНЫ АТҚАРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ......................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................

КІРІСПЕ
1997 жылы қылмыстылықпен күрес барысында отандық заңнамаларда елеулі өзгерістер болды. 1 қаңтар 1998 жылдан бастап Қылмыстық кодекс күшіне енді де, ескі 1959 жылғы ҚазССР-нің Қылмыстық кодексіне қарағанда жаза және қылмыстық - құқықтық әсер етудің басқа шараларының жүйесі, оларды қолдану тәртібі және жауаптылық пен жазадан босату негіздері мен тәртібі елеулі өзгерістерге ұшырады.
Бұл аталған ережелер өзінің жалғасын 13 желтоқсан 1997 жылғы Қазақстан Республикасының Қылмыстық - атқару кодексінде жалғасын тапты.
Жаңа Қылмыстық - атқару кодексі ескі кодекстің кемшіліктерін жойып қана қоймай, қылмыстық жазаларды атқаруды заңдық реттеудің шеңберін ұлғайтты. Мысалы, алғаш рет бірыңғай кодификацияланған заңда жазаның және басқа қылмыстық - атқару шараларының барлық түрлерін атқару және өтеу сұрақтары, қылмыстық - атқару заңнамасының қағидалары мен бастаулары, сотталғандардың құқықтық жағдайы арнайы баптар мен тарауларды қарастырылған.
Яғни, құқықгық мемлекеттің жүйесін қалыптастыру қоғам дамуының объективті зандылықтарына ғана емес, осы тарихи кезеңде құқықтық нормалардың орындалуын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тиісті заң актілерін дұрыс қолдана білулеріне де байланысты.
Осы тұрғыдан алып қарағанда, бас бостандығынан айыру жазасын өтеу, атқару ерекшеліктері өзекті мәселелердің бірінің қатарына жатады.
1. ТАРАУ. БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ЖАЗАСЫ – ЖАЗАНЫҢ БІР ТҮРІ РЕТІНДЕ.
1.1. Қылмыстық жазаның түсінігі және мақсаты.
Мемлекетпен жүзеге асырылатын экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық – басқарушылық және мәдени – тәрбиелік шаралар қылмыстылықты азайтуда шешімді рольды атқарса да, қылмыстылықпен күрестегі маңызды, тиімді шара – қылмыстық жаза болып табылады. Қылмыстылықпен күресте қылмыстық жаза маңызды ғана емес, қажетті құрал есебінде, себебі, қылмыстық жаза қылмыс жасаушы тұлғалардың қоғамға қарсы қызметін үзеді.
Мемлекеттік мәжбүрлеудің ең өткір шарасы ретінде, жаза Қылмыстық кодекспен қарастырылған сотталғандардың белгілі бір құқықтары мен бостандықтарын шектеу немесе айырудан тұрады да, сотталушыға моральдық, физикалық және мүліктік сипаттағы мәжбүрлі түрде қысым келтіруден көрінеді. Жазаның бұл сипаты 1948 жылғы Адам құқықтарының Жалпыға бірдей декларациясының 28 бабының талаптарына сәйкес келеді. Осы декларацияға сәйкес, қоғамның әрбір мүшесі басқалардың құқықтары мен бостандықтарын тану және сыйлауды қамтамасыз ету үшін және демократиялық қоғамдағы құлықтылықтың, қоғамдық тәртіп және қоғамның жағдайының әділетті талаптарын қанағаттандыруы қажет.
Жаза зардап шегусіз, шектеу және белгілі бір құндылықтардан айырусыз, қоғамның және қылмыскердің өзінің мүддесі үшін сотпен тағайындалған шара ретінде, адамдар арқылы қабылданбайтын еді де, түзету зарядын бермеуші еді. Сондықтан да, зардап шегу жазаның бөлінбейтін қасиеті болып табылады да. Онсыз жаза өзінің мағынасын жоғалтады.
Қылмыстық жаза тағайындау барысында кейбір құқықтарды шектеу табиғи факт ретінде қабылданады. Шындығында да, қоғамда белгіленген тәртіпті саналы түрде көзге ілмейтін, басқа азаматтарға қауіп төндірмейтін адам, заңды тыңдайтын адал азаматтардың өмірін дөрекі түрде қиындату құқығынан айырылуы керек те, болашақта қылмыс жасауды болдыртпауға түрткі болатын зардапты толық көлемде шегуі қажет.
Осыған байланысты, жаза әрқашанда мемлекеттің, қоғамның жасалынған қылмысқа деген теріс бағасы түрінде көрініп, ойшылдардың назарын ертеден аударып келе жатқан мәселе болып есептелінеді. Ежелден бері, ғалым – криминалистер өзінің қарауындағы азаматтарын жазалайтын мемлекеттің әрекеттерінің негізделуін дәлелдеуге оқталған болатын. Бұл теориялар: өш алу, қорқыту, жалпы және арнайы сақтандыру,1 қазіргі кездегі теория “жаңа әлеуметтік қорғау” және т.б.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 38 бабына сәйкес: “жаза дегеніміз – сот үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады да, адамды құқықтары мен бостандықтарынан заң бойынша көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады”.
Заңда берілген жазаның анықтамасы, жазаны қылмыстық құқықтық құбылыс ретінде сипаттауға мүмкіндік беретін, негізгі белгілерді анықтауға жол ашады.
1. Жаза-қылмыс жасаған адамға қатысты ғана қолданылатын, қылмыстық заңмен қарастырылған мәжбүрлеу шарасы. Осы белгісі арқылы жаза басқа шаралардан, мысалы, әкімшілік. Тәртіптік, азаматтық – құқық бұзушылықтар үшін тағайындалатын шаралардан ажыратылады. Жазалау арқылы, мемлекет қылмыскерді заң тыңдаушы мінез – құлыққа мәжбүрлейді. ҚР ҚК 39 бабында көрсетілген жазалардың қатаң тізімі ғана сот арқылы тағайындалады.
2. Жаза сот арқылы тағайындалып, жария сипатта болады. Бұл дегеніміз, жазаның мемлекеттік атынан және қоғамның мүддесі үшін тағайындалатындығы. Басқа мемлекеттік органдар бұндай құқыққа ие емес. Жариялылық заңда көрсетілген негізде, рақымшылық пен кешірімнен басқа жағдайларда, жазадан босатуды тек сот органдарының жүзеге асыруынан көрінеді. 2
3. Жаза – жасалынған қылмыста адамның кінәсі болған жағдайда ғана тағайындалады. Кінәсіз жағдайда зиян келтіру қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатады. Қазақстанда тек сот ғана жасалынған іс – қимылды, кінәлінің тұлғасын қылмыстық – құқықтық бағалауды жүзеге асыра алады.
4. Жаза – міндетті түрде сотталғандарға, жазаның түріне байланысты белгілі бір құқықтары мен бостандықтарынан айыруды немесе оларды шектеуді жүзеге асырады. Мысалы, мүлікті тәркілеу барысында: мүліктен айыру; тұратын жерді, жүріп тұруды, қызмет түрін таңдауды шектеу; әскери шеннен, кейде өмірден айыру.
5. Жаза - әрқашанда жеке сипатта болады да, басқа адамдардың мүдделеріне нұқсан келтірмеуі керек.
6. Жаза – басқа шараларға қарағанда жалпықұқықтық немесе қылмыстық – құқықтық сипаттағы нәтиже – соттылықты тудырады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін қабылдағалы бері сазайын тарттыру жазаның мақсаты болып табыла ма, әлде жоқ па деген сұрақ өзектілігін жоғалтты деп ойлаймыз. Себебі, сазайын тарттыру жазаның кез келген түрінен көрінеді, оның ауырлығына қарай біз нақты жазаның қатаңдығы туралы айта аламыз.
Әрине, кез – келген қылмыстық жаза барысында сотталғандарға физикалық және құлықтылық азабын шектіреді. Бірақ та, адам құқықтарының Жалпы бірдей Декларациясының 7 бабына сәйкес, азаматтық және саяси құқықтардың Халықаралық Пактісінің 7 бабына сәйкес, жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадір – қасиетін қорлауды мақсат етпейді.
Қылмыстық құқықтың негізгі мәселелерінің бірі жазаның мақсатын анықтау болып табылады. “Жазаның мақсатын шешуге құқықтың осы саласының институттарының құрылуы ғана емес, қылмыстық заңнаманы дұрыс қолдану да тәуелді”.3
Чезаре Беккария былай деп көрсеткен: Жазаның мақсаты адамды азаптан және қинау, жасалған қылмысты бар ету емес.

Жазаның мақсаты кінәлі адамның қоғамға зиян келтіруіне қарсы тұру және басқаларды қылмыс жасаудан ұстап қалу.
Қылмыстық жазаның мақсаттарын анықтау міселелері және қылмыстық құқықтағы орын алып отырған теориялар қылмыстық құқық ғылым өкілдеріне жаза мақсаттарының дамуының екі негізгі бағыттарын бөліп қарастыруға мүмкіндік береді. 4
1. Жазаның абсолюттік теориясы. Бұл теория өкілдері абсолюттік идеяны – жасалынған қылмыс үшін зауалын тарттыруды және ол үшін жауап беруді жақтайды. Құдайдың зауалын жақтайтындар қылмысты күнә деп санап, жазаның мақсаты ретінде осы күнәдан арылуды түсінеді.
2. Жалпы сақтандыру, арнайы сақтандыру және аралас пайдалылық теориясы. Бұл теорияны жақтаушылар қылмыстан сақтандыруды және қылмыскерлерді түзеуді қолдайды.
Қылмыстық құқық ғылымында аталған теориялардан басқа қорқыту, психологиялық мәжбүрлеу, интегративтік теориялары қарастырылған.
Заң әдебиеттерінде көп жылдар бойы сазайын тарттыруды жазаның мақсатына жатқызу немесе жатқызбау туралы пікірталастар жүргізіліп келді. Бұл пікірталастарға соңғы нүктені 16 шілде 1994 жылы қабылданған Қылмыстық кодекс қойды. Яғни, жаза дегеніміз - әлеуметтік әділеттілікті қалыптастыру, сотталғандарды түзеу және жаңа қылмыс жасаудың алдын алу мақсатында қолданылады. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында – ақ, профессор Н.А.Беляев жазаның мақсаты ретінде, әлеуметтік әділеттілікті қалыптастыру туралы жазған болатын.5
Әділеттілікті бұзу құқықтың бұзылуына әкеліп соқтырады. Бұл тікелей қылмыстық құқыққа, қылмысқа және жазаға қатысты, себебі, қылмыстық құқықтағы әділеттіліктің бұзылуы ұрлықтан, тонаудан, қарақшылық пен кісі өлтіруден көрінеді.
Жазаның әлеуметтік әділеттілікті қалыптастыруы дегеніміз – қылмыс жасаған адамға жасаған қылмысының ауырлығына сәйкес әділ жаза тағайындау, адамның жасаған бір қылмысы үшін екі жазаның тағайындалмауы, тағайындалған жазаның сотталғандарды түзеу және қылмыстардың алдын алу міндеттерін орындауды қамтамасыз етуі.
Әрине, кісі өлтірудің нәтижесінде, жәбірленушінің өмірін қалпына келтіру мүмкін емес, бірақ та бұл жағдайларда әлеуметтік әділеттілікке кінәлінің құқықтары мен бостандықтарын шектеу немесе олардан айыру жолымен қол жеткізіледі. Дегенмен де, жаза сотталғандарға физикалық немесе психикалық азап келтіру мақсатында қолданылмайды. Осыған сәйкес, ҚР Конституциясы адамға қатысты азаптау, күш қолдануға немесе адамның қадір – қасиетін қорлауға тиым салады. Адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Конвенциясының талаптарына сай келеді. Конвенцияның 1 бабында көрсетілгендей, азаптаудың анықтамасында заңды санкцияны қолданудың нәтижесінде туындайтын кірмейді.
Қылмыстық жазаның басқа мақсаты ретінде, сотталғандарды түзеу аталынады. Түзеу мақсаты дегеніміз сотталғандардың қоғамның заңды тыңдайтын, тәртіпті, қоғамдық тұрмыстың ережелері мен еңбекті бағалайтын азамат болуы.
Заң шығарушы сотталғандарды түзеу мақсатын қайта тәрбиелеу мақсатымен байланыстырмайды. Қазіргі кезде адамды қайта тәрбиелеу мүмкін емес. Себебі, адамдағы қасиеттер алғашқы кезден қалыптасқандықтан, оларды толығымен өзгерту мүмкін емес. Мемлекеттің алдында тұрған басты мақсаты жазасын өтеген адамның қайталап қылмыс жасамауы.
1959 жылғы ҚазССР – нің Қылмыстық кодексінің жазаның мақсаты сотталғандарды қайта тәрбиелеу талаптары басынан – ақ жүзеге асырылмады, себебі, олар жазаға қатысты көрінеу көтермеленген еді.
Жаза жаңа қылмыстардан сақтандыруға бағытталған. Заң шығарушы арнайы нормада, сақтандыру мақсатының жалпы және арнайы болып бөлінуін қарастырмайды. Бірақ та, бұл заңның түсінігінен шығып тұр.
Арнайы сақтандыру қылмыскерге жаза тағайындау арқылы, оның болашақтағы қылмыс жасауының алдын алуды білдіреді.
Жалпы сақтандыру қылмыс жасауға бейім тұлғаларға заңда көрсетілген тиым арқылы әсер етуді білдіреді. Жазаның бұл мақсаттары қылмыскерді қорқыту және қылмыстық қызметті жалғастырудың нақты мүмкіндігінен айыру арқылы қол жеткізіледі.
Кейінгі кездері кезеңді басылымдарда айтылып жүргендей, қылмыстардан ссақтандыру сияқты жазаның мақсатын құқыққа сай емес деп тану қажет деген жарияланымдар көп кездеседі, себебі, дамыған мемлекеттерде “қорқыту” құлықтылыққа жат, сәйкесінше, тиімді емес.
Әрине, жалпы сақтандырудың тиімділігі аса жоғары емес те шығар, бірақ та біз, қазіргі таңда қылмыстарды жазалап қорыққандықтарынан жасамайтын адамдар жоғалып кетті деп айта алмаймыз.
Сондықтан да, қылмыстылық адамзат қоғамында әрқашанда кездесетіндіктен, жалпы сақтандыру жазаның мақсаты ретінде мәңгі жасайды деп батыл түрде айта аламыз
1.2. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның түсінігі және оны атқарудың арнайы міндеттері
Бас бостандығынан айыру жазаның түрі ретінде біздің мемлекетіміздекең тараған.
Бас бостандығынан айыру жазаның ең қатаң түрі болып табылады, сондықтан да оны жазаның басты мақсаты ретінде сотталғандарды түзеуге басқа жолдармен қол жеткізілмейтін жағдайларда қолдану қажет.
Қылмыстық заңды алып қарайтын болсақ, заң бас бостандығынан айырудың түсінігін бермейді. Бас бостандығынан айырудың түсінігі қылмыстық құқық және қылмыстық-атқару құқығы теориясы арқылы қалыптастырылған. ҚР ҚК 48 бабының 1 бөліміне сәйкес, бас бостандығынан айыру сотталушыны қоныс колонияларына жіберу, жалпы, қатаң, ерекше режимдегі түзеу колониясына немесе түрмеге отырғызу жолымен оқшаулаудан тұрады. Үкім шығару кезінде, он сегіз жасқа толмай бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар, жалпы немесе күшейтілген режимдегі тәрбиелеу колонияларына орналастырылады.
Айта кететін бір мәселе “қоғамнан оқшаулау” термині шартты сипатта. Сотталғандарды түзеу мекемелерінде оқшауланған деп есептеуге болмайды, егер де олардың түзелуіне әсер ететін негізгі құрал қоғамдық әсер ету болып табылса. Қылмыстық – атқару кодексінің 7 бабының 1 бөліміне сәйкес, “сотталғандарды түзеу – оның бойында құқық ұстанушылық мінез – құлықты, жеке адамға, қоғамға, еңбекке, адамзат қоғамының нормаларына, ережелері мен дәстүрлеріне оң көзқарастарды қалыптастыру”, - деп көрсетілген. Осыдан көрініп тұрғандай, сотталғандарда қоғамға деген, оның ішінде адамзат қоғамының нормасына деген жағымды көзқарастарды қалыптастыру қоғамнан оқшауланған сотталған адамда мүмкін емес құбылыс. Сотталған адам түзеу мекемелерінде туған-туысқандарымен, адвокаттарымен, басқа адамдармен кездесуге құқылы, хат пен жедел хаттарды сан жағынан шектеусіз жіберуге және алуға, отпускіге шығуға құқылы.
Сотталған адамдарға кешенді түзету шараларын қолдану бас бостандығынан айыру жазасының ерекшелігі. Басқа жазалардың бірде – біреуінде сотталушылар жазаның мақсатына жетуге бағытталған қарқынды және ұзақ мерзімдегі шаралардың әсеріне ұшырамайды. (ҚР ҚК 48б.)
Бас бостандығынан айыру сотталғандардың құқықтық жағдайын өзгертеді де, олардың құқықтық дәрежесін шектеуден көрінеді. Құқықтық дәрежесінің шектелуі олардың белгілі бір құқықтарының шектелуінен немесе олардың мүлдем айырылудан байқалады.6 Бұл құқықтық шектеулер сотталғандар үшін заңда белгіленуі мүмкін (бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдарды сайлау құқығынан айыру), немесе онда көрсетілмей – ақ шектелінуі мүмкін (мысалы, тұрғын – жайды таңдап алу, жүріп – тұру бостандығы).
Бас бостандығынан айыру жазасына сотталғандардың құқықтарын шектеуден басқа, оларға қосымша міндеттер жүктелінеді. Мысалы, сотталғандар мекемелердегі белгіленген күн тәртібін сақтауға міндетті, ақша қаражаттарын ұстауға тиым салынады.
Құқықтық шектеулер мен міндеттердің саны мен сипаты түзеу мекемелерінің түрлеріне байланысты, себебі, олардың әрқайсысында, тек өзіне тән режим белгіленген.
Бас бостандығынан айыру жазасы өтелетін түзеу мекемелерінің түрлері: қоныс – колониялары, жалпы, қатаң, ерекше режимдегі түщеу мекемелері, емдеу – түзеу мекемесі, түрме, жалпы және күшейтілген режимдегі тәрбиелеу колониялары.
ҚР ҚК 48 б. сәйкес, қоныс – колонияларына сотталған адам жіберіледі, ал басқа мекемелерге отырғызылады, себебі, қоныс – колонияларында күзет жоқ, сол себепті де оларды ашық типтегі мекемелердің қатарына жатқызуға болады.7
Бас бостандығынан айыру орындарының тармақталған жүйесі әр түрлі санаттағы сотталғандарды “жасалынған қылмыстардың және оларды жасаушылардың қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесіне байланысты” бөлек ұстау қажеттілігінен туындайды.8
Сотталған адам бас бостандығынан айыру жазасын өтейтін түзеу мекемесінің нақты түрін сотпен анықтау ережесі ҚР Қылмыстық кодексінің 48 бабында белгіленген. Осыған сәйкес, белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын өтеу тағайындалады:
а) абайсызда қылмыс жасағаны үшін жеті жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға – қоныс-колонияларына;
б) қасақана кішігірім немесе ауырлығы орташа және ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға тұңғыш рет сотталған адамдарға, сондай-ақ абайсызда жасалған қылмыстары үшін жеті жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға және қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тарту немесе бас бостандығын шектеу алты ай мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдарға – жалпы режимдегі түзеу колонияларына;
в) аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға тұңғыш рет сотталған адамдарға, сондай-ақ сотталған адамдар бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген болса, қылмыстардың қайталануы кезінде және қылмыстардың аса қауіпті қайталануы кезінде әйелдерге – қатаң режимдегі түзеу колонияларына;
г) қылмыстардың аса қауіпті қайталануы кезінде, сондай-ақ өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға – ерекше режимдегі түзеу колонияларына тағайындалады.
Сонымен, түзеу колонияларының түрлері кінәнің нысанына, сотпен тағайындалған жазаның мөлшері мен ауырлығына, жынысына, сотталған адамның бас бостандығынан айыру жазасына өтеу санына байланысты анықталады.
Аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға, сондай-ақ қылмыстардың аса қауіпті қайталануы кезінде жаза мерзімінің бір бөлігін түрмеде өтеу түрінде, бірақ бес жылдан аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкін.
Түрмеге отырғызу өзінің жазалау сипаты арқылы айырықшаланады. Түрмеге сотталғандар жабылатын камераларда, басқалармен қарым-қатынас жасау мүмкіндігін жоятын қатаң оқшаулау жағдайында ұстанылады.
Кәмелетке толмағандарға қатысты бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаудың ерекше тәртібі заңмен белгіленген. ҚР ҚК 79 бабына сәйкес, олар он жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталынады. Кәмелетке толмай сотталған адамдар бас бостандығынан айыруды:
а) бас бостандығынан айыруға бірінші рет сотталған еркек жынысты кәмелетке толмағандар, сондай-ақ әйел жынысты кәмелетке толмағандар – жалпы режимдегі тәрбиелеу колонияларында:
б) бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген еркек жынысты кәмелетке толмағандар – күшейтілген режимдегі тәрбиелеу колонияларында өтейді.
Тәрбиелеу колонияларындағы жағдай түзеу колонияларындағы жағдайға қарағанда жеңілдеу. Тәрбиелеу колонияларының құрылымы – бостандықтағы өмір шарттарына тезірек бейімделуге бағытталған өз ерекшеліктеріне ие....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?