Экономика | Бағалы қағаздар нарығының түсінігі және құрылымы
Мазмұны
Кіріспе................................................................................................................2
I. Бағалы қағаздар нарығының түсінігі.....................................................4
1.1 Бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы.................................................4
II. Бағалы қағаздар нарығын реттеу және оның қатысушылары......10
2.1. Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу......................................10
2.2. Бағалы қағаздар нарығының өзін өзі реттейтін ұйым..........................15
2.3 Қор биржасы..............................................................................................19
2.4 Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары.............................22
Қорытынды....................................................................................................31
Қолданылған әдебиеттер.............................................................................32
Кіріспе.
Бағалы қағаздар нарығы – бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын нарық. Бағалы қағаздар (банктер, арнаулы кредит институттары мен қор биржалары) арқылы кәсіпорындардың, банктердің мемлекеттің және жеке адамдардың қорланған ақшасы шоғырландырылып, капиталдың өндірістік және өндірістік емес жұмсалымына салынады.
Өркениетті мемлекеттерде экономикалық өрлеуді қаржыландырудың басты жолы – бағалы қағаздар нарығы. Бағалы қағаздар кез-келген нарықтық экономиканың төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады, яғни бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберіледі, оларды нарық жүйсіндегі ең өміршең субъектілер ғана ала алады.
Елде дамыған бағалы қағаздар нарығы қалыптасуы үшін оның құрамдас бөліктері болуы қажет. Олар:
1. сұраныс пен ұсыныс;
2. делдалдар мен басқа қатысушылар;
3. нарықтық инфрақұрылым яғни коммерциялық банктер, қор биржалары, инвестициялық институттар және с.с.;
4. нарықты реттейтін және өзін-өзі реттейтін жүйелер.
Нарықтың осы құрамдас бөліктері қазіргі уақытта негізінен құрылып болды. Бұл жөнінде елімізде экономикалық жүйені реформалауды тереңдету жолында қабылданған Қазақстанда мемлекеттік меншікті жекеменшіктендіру Ұлттық бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізгі субъектілері – акционерлік қоғамдардың құрылуын тездетуде шешу рөл атқарады.
Акционерлік қатынастардың Қазақстан Республикасында күн өткен сайын арта түсуі акционерлік қоғам туралы заңнаманы, акционерлік қоғамдардың құқықтық механизімін зерттеуді талап етіп отыр.
Осы ұсынылып отырған жұмыс Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлғаның бір ұйымдық-құқықтық түрі болып табылатын акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайына және ол бойынша әрекет етуші акционерлік заңнамаға, сонымен қатар акционерлік қоғам зерттеуге бағытталған.
Осы курстық жұмысымның 1-ші бөлімінде бағала қағаздар нарығының пайда болып нарықтық экономикада қалыптасуы және бағалы қағаздардың түсінігі туралы жазамын.
Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу, менің ойымша ең маңызды және жауапты міндеті. Себебі, бағалы қағаздар нарығының қатысушылары заң шеңберінен ауытқымай, құқықтық нормалар негізінде іс жүргізеді.
Сондықтан мен 2-ші бөлімде бағалы қағаздар нарығын реттеу мен бағалы қағаздар нарығының қатысушыларына тоқталып өтемін.
1. Бағалы қағаздар нарығының түсінігі.
1.1. Бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы.
Алғашқы бағалы қағаздар нарығы 20 жылдары КСРО-да жаңа экономикалық саясат кезінде пайда болған. Ал қазіргі кезде Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының алғашқы нұсқалары Кеңес Одағы заңдарының негізінде 90-шы жылдардың басынан бастап пайда бола бастады.
Бағалы қағаздар нарығы тек әдеттегі тауар-ақша қатынастары және меншік қатынастары жағдайында дамуы мүмкін. Мемлекеттік меншікті жаңа нарықтық қатынастарға сай өзгертуге тек оны жекеменшіктендіру арқылы ғана іске асады. Соңғы 10 жылдықта дүниежүзінің көптеген елдерінде жекеменшіктендіру жүрді. Әсіресе, Англияда ол шапшаң қарқынмен өтті. Бірақ Батыс Еуропа елдерінде жекеменшіктендіру өркендеген нарық экономикасы жағдайында жүрді. Сондықтан жекеменшіктендірілген кәсіпорындардың акция саны қанша көп болса да өркендеген нарық жағдайында оларды орналастыру өте оңай болды. Ал тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы (ТМД) елдердің жайы өзгеше.
Бұл елдерде бағалы қағаздар нарығы жаңадан қалыптасып келе жатқан жағдайда мемлекеттік кәсіпорындарды жекеменшіктендіру оларды акцияландыру арқылы жүргізілді. Себебі, көптеген кәсіпорындар да халықта осындай жаңа құбылыстар арқылы нарыққа кең көлемде қатынасуға мүмкіндік алады. Жекеменшіктендіру бағалы қағаздардың жаңа түрі – жекеменшіктендіру чектерін (купондарын) өмірге келтірді. Бұл мемлекеттің бағалы қағаздардың бір түрі, олар, өз иесіне мемлекеттің иелігінен алып, жекеменшіктендірілген меншіктің бір бөлігін қайтарымсыз пайдалануына құқық береді.
Ірі және орта кәсіпорындарды жекеменшіктендіру оларды акционерлік қоғам ретінде қайта құрудан басталды. Акционерлік қоғамның иесі – акционерлер, олардың меншік құқы акция берумен куәландырылады.
Жекеменшіктендіру чектеріне кез-келген жекеменшіктендірілген кәсіпорынның акциясын сатып алуға болады. Ал жекеменшіктендірілген кәсіпорын ұжымының мүшелері өздері қызмет істеп жүрген кәсіпорнының акциясын жеңілдікпен сатып алуға құқы бар. Ондай сатып алуды да жекеменшіктендіру чегімен төлеуге болады. Жекеменшіктендіру чегіне басқа акционерлік қоғамға айналған кәсіпорындардың акциасын сатып алу аукциондарда жүргізіледі. Аукцион өтетіні туралы алдын ала ақпарат құралдарында жарияланады. Сонымен бірге жекеменшіктендіру чегіне арнаулы инвестициялық қорлардың да акциясын сатып алуға болады. Ондай қорлар чектерді өздерінде көптеп шоғырландырып, оған басқа акционерлік қоғамдардың акцияларын сатып алады. Инвестициялық қорлардың акциаларын сатып алушы сол қордың иемденушісінің біреуі болып есептеледі. Қор оған өз пайдасының бір бөлігін төлейді. Инвестициялық қорлар – жеке ұйым.Мемлекет нивестициялық қорларға салған чектерге кепілдік бермейді.
Осы айтылғандардан басқа, жекеменшіктендіру чегін мұра етіп қалдыруға, сыйлық ретінде беруге және сенімхатпен басқа адамға беруге болады. Біздің елімізде мемлекеттік меншікті жекеменшіктендіру және жекеменшіктендіру чегіне акция сату 1994 – 1995 жылдары өтті. Ол кездерде көптеген инвестициялық қорлар ашылып, халық ол қорларға чектерін тапсырғанымен олардың орнына акция алғандары аз.
Қазақстанда бағалы қағаздар рыногі 1991 жылдан бастап қалыптаса бастады. Бұл мәселеде мемлекеттік кәсіпорындардың жекешелендірілуі және акционерлендірілуі шешуші рөл атқарды. Қысқа мерзім ішінде күллі ұлттық шаруашылық кешені заңды түрде экономикалық жағынан өзгеше кәсіпорындарға айналды, олардың көпшілігі нақты иесі бар акционерлік капитал ретінде көрінді. Осының нәтижесінде 1991 – 1993 жылдары 200 акционерлік қоғамның, соның ішінде 30-ға жуық акционерлік коммерциялық банктің акциялары тіркелінді. Бұл жылдары эмиссияның жалпы сомасы 110 млрд. сом болды.Соның ішінде банктердің үлесі 80% құрады.
1-кезең. 1991 – 1992 ж. дейінгі уақыт және негізінен сауда объектілерінен қызмет көрсету салаларын сату. Сондай-ақ мемлекеттік меншікті еңбек ұжымына беру қолға алынды. Осы уақыт ішінде 2500-ден астам ірі және шамамен 4000 шағын кәсіпорындар экономиканың мемлекеттік емес секторына өтті. Бұл арада тек әрбір бесінші кәсіпорын ғана мемлекет иелігінен алынып жекеменшікке өтті. Негізінен арадағы сауда, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету салаларындағы кәсіпорындар жекеменшіктендірілді.
2-кезең. 1993-1996 жылдардың басына дейінгі уақыт. Бұл кезеңдегі жекешелендіру принципі жекешелендіру купонын халыққа таратып беруге негізделді. Халық бұл купонды арнайы инвестициялық қорларға салу құқығына ие болды. Бұл купондар сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың акцияларын сатып алу үшін қолданылды. Қазақстан Республикасының барлық азаматтары купон кітапшаларын алды. Бұл арада халықтың материалдық жағдайындағы айырмашылығын ескере отырып, қала халқына 100 купон бойынша, ауылға 120 купон бойынша есептелді. Ұлттық банк филиалдары купонды таратып беру 1993 жылы аяқталды, купонмен халықтың 90% қамтылды. 1994 жылдың мамырынан - 1996 жылдың ақпан айына дейін Қазақстан Республикасында 22 купондық аукционда 1700-ден астам кәсіпорын сатылуға ұсынылды.
3-кезең. Жеке жобалар бойынша жекешелендіру 5000-нан астам адам жұмыс істейтін ірі кәсіпорындар мен айрықша мемлекеттік маңызы бар кәсіпорындар мысалы, кен өндіруші өнеркәсіптер немесе табиғи монополиялар жеке жобалар бойынша жекешелендіру бағдарламасы негізінде жекешелендіру керек болған сол себептен осы категорияға шамамен 170 кәсіпорын кірді.
Бағалы қағаздар нарығы. Бұл нарықтың кейбір белгілері КСРО-да қазан революциясына дейін болғанымен, соңғы 70 жыл бойы оның ешқандай өсу белгісі болған жоқ. Ал 1990 жылдардың басында ТМД елдерінде, оның Қазақстанда басталған нарық қатынастары даму және одан әрі жетілу үшін белгілі бір уақыт қажет. Себебі, нарық меншік қатынастарын және мемлекет пен жергілікті басқару органдарының қаржы саясатын өзгертуден басталады. Нарық ең бірінші меншікті жекеменшіктендіру және мемлекеттік кәсіпорындарды акцияландырудан басталады. Қазіргі кезде егемен жас мемлекеттер бюджет тапшылығын толтыру мақсатында бұрынғы үйренген әдіс – ақша белгілерін шығарумен шұғылданбай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздардың бірі – қысқа мерзімді мемлекеттік вексельдерді (ГКО) шығарумен айналысуда. Жергілікті басқару органдары да дәл осы жолды пайдалануда.
Бағалы қағаздар нарығы экономиканың кез келген саласының өз қажетіне ақша қорын жасауына жол ашуда. Мысалы, акция шығарып осы қорды үнемі, яғни кәсіпорын жабылғанша пайдалануға болады, ал облигацияны шығару несиені банктен алудан тиімділеу жағдай жасайды. Бұл айтылғандар бағалы қағаздар нарығын өрістетуге мүмкіндік береді.
Қаржы нарығына мемлекеттік үстемдікті жойған кезде, ол әкімшілік емес, тек экономикалық заңдардың әсерімен қызмет жасайды. Егер қаржы нарығы жеке меншікке негізделсе, әрине оның әкімшілік тәсілмен қызмет етуі мүмкін емес. Кәсіпорын мемлекеттік меншіктен акционерлік меншікке өткенде бүкіл табыстың салық төлегенне кейін қалғаны өз меншігінде болады. Кәсіпорындар уақытша бос қаржысына коммерциялық банктердің төлейтін пайыздық мөлшері нарық деңгейіне сай келгенде ғана оларды есеп шоттарда сақтайды. Сонымен, шаруашылықты экономикалық әдістермен жүргізу - өндірістің өсуін қамтамассыз етіп, қаржы қорларының көбейіп, қоғамда әлеуметтік оң өзгерістердің болуының кепілі.
Бағалы қағаздар – иеленушілеріне мүліктік құқық және белгілі бір ақшалай сома алуға құқық беретін ақша немесе тауар құжаттары; мүлікті құқықты куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқа да белгілердің жиынтығы.
Акция – акционерлердің қоғамдағы үлесін немесе меншігін куәландыратын бағалы қағаз. Ол иемденушісіне компанияның капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқын береді.
Акция
Басқаға беру тәсілі бойынша
Бақаруға қатынасу құқығы бойынша
Жай
Атаулы
Ұсынушы
Артықшылықты
Облигация – деп эмитенттің белгілі бір шартты орындауға, яғни алған ақша сомасын қайтаруды және белгіленген сыйақыны төлеуді міндеттенген жазбаша қарыз құжат.
Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтардан онда сатылатын өзінің айрықша тауарымен өзгешеленеді. Ол өзгеше тауар – бағалы қағаздар. Олар біріншіден, меншік белгісі, екіншіден, қарыз міндеттемесі, яғни олар бойынша табыс алу құқы және табыс төлеу міндеттемесі пайда болады. Одан бұрын айтқанымыздай, бұл тауарды өз құқына аз болсада, өте жоғары нарық бағасымен сатуға болады. Бағалы қағаздардың көрсетілген құны өте төмен болғанымен, мысалы, өндіріс кәсіпорнына жұмсалған нақты капиталдың белгілі бір мөлшерін көрсетеді. Егер бағалы қағаздарға нарықтық сұраныс оның ұсынысынан жоғары болса, онда оның бағасы көрсетілген құнынан жоғары болады.
Бағалы қағаздар – мүлікті құқықты растайтын ақшалай құжаттар немесе мұндай құжаттарды шығарған ұйымға олардың иелері қарызының қатысы.
Бағалы қағаздардың бір ерекшелігі ретінде олардың мүліктік сипатын айтуға болады. Яғни бағалы қағаздар міндетті түрде оның ұстаушының қалай да бір мүлікке құқылы екендігін куәландыруға тиіс. Бұл белгілі бір тауар немесе нақты акция сомасын алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бағалы қағаздар белгілі бір қоғамның, кәсіпорынның, фирманың, ұйымның меншігіне қатысуға және басқаруға құқық береді....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?