Балық шаруашылығы | Тоған шаруашылығындағы ақ амурдың биологиясы мен морфологиясы
Мазмұны
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР......................................................... 7
АНЫҚТАМАЛАР................................................................................. 8
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕР........................................................ 9
КІРІСПЕ ................................................................................................... 10
Әдебиетке шолу........................................................................................ 12
Ақ амур балығының биологиясы мен морфологиясы......................... 12
Арал теңізі................................................................................................ 21
Арал-Сырдария су алабының қазіргі экологиялық жағдайы 22
Негізгі бөлім ........................................................................................... 34
Зерттеу жұмыстарының мәліметтері мен әдістемелігі. 34
Өзіндіқ зерттеулер нәтижелері............................................................... 37
Ақ амур балығын тоған жағдайында өсіру нәтижелері 37
Ақ амур балығына биологиялық-морфологиялық талдау нәтижелері...................................................................................... 47
Арал теңізіне шабақтарды жіберу........................................................ 50
ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................... 52
ҰСЫНЫСТАР ......................................................................................... 53
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ....................................... 54
Арал-Сырдария су алабының соңғы жарты ғасырда зор экологиялық апатқа ұшырағаны белгілі. Үлкен Арал теңізінің қайырылмас құрдымға кеткені халқымыз үшін орны толмас өкініш. 1992 ж. Үлкен теңізде ең соңғы экологиялық зерттеу Ресей ғалымдарының қатысуымен жүргізілді. Сол жылы теңіз суының тұздылығы орта есеппен 33,8 %(%-промиля, немесе г/дм3) болған. Демек 1950- 1960 ж. мөлшерінен (10,08 %) үш еседен артық жоғарылаған болатын. 1996 ж. зерттеулеріміз бойынша теңіз суының тұздылығы 42,1-84,3 % шамасында кей жерлерде 85,8% жетті. Кейінгі жылдардағы деректер бойынша су тұздылығы 100% дейін көтерілген. Демек Үлкен Арал айтарлықтай тіршілік қалмаған өлі теңізге айналды.
Кіші Арал теңізінің қалпына келтіру шаралары 1992- жылдан басталды. Жергілікті ұйымдардың күшімен екі дүркін екі теңіз аралығына уақытша бөгет салынды. Бірақ олар су деңгейі көтерілген мезгілде жарылып, жиналған су Үлкен теңізге ағып кетіп жатты.
Соңғы жылдары Кіші теңіз және Сырдария өзенін қалпына келтіру жобасы іске асырылуда. Көкарал бөгеті салынып теңіз суы 42 метрлік деңгейге көтерілді. Бұл деңгейде теңіздің жалпы аумағы 330 мың гектарды құрайды. Келешекте Кіші Арал теңізін қалпына келтіру жобасының екінші сатысында су деңгейі бұданда жоғары көтеріліп теңіз суын Арал қаласы маңына жеткізу шаралары көзделіп отыр. Сырдария өзені атырауында орналасқан үлкен көл жүйелері соңғы жылдары мөлшерлі деңгейіне дейін суға толтырылып, өздерінің табиғи аумағына келтірілді. Бұл маңдағы бес көлдер жүйесінің жалпы аумағы 85,8 мың гектар, оның ішіндегі ең ірілері Қамыстыбас көлдері 51,4 мың гектар, Ақсай-Қуаңдария көлдері 25,0 мың гектар, Ақшатау көлдер жүйесі- 20,5 мың гектар.
Әрине бұның барлығы қуанарлық іс, өйткені бұл айдындардың қалпына келтірілуі балық шаруашылығын және экономиканың басқа да салаларын өркендетуге үлкен ықпал жасамақ. Халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге және осы маңайдың экологиялық жағдайын жақсартуға бұл шаралардың мәнісі үлкен.
Іске асырылып жатқан Кіші Аралды және Сырдария өзенін қалпына келтіру жобасына енгізілген біздің мекеме мамандарының болжамы бойынша келешекте жылына Кіші Арал теңізінің 3,0 мың тонна, көлдер жүйесінен 4,2 мың тонна балық аулауға мүмкіндік туады.
Қазіргі кезде Кіші Арал суының біртіңдеп тұщуына байланысты өзенде мекендейтін балықтар- сазан, табан, көксерке, жайын т.б. теңізге кең тарала бастады. Оларға қоректік теңіз организмдері де көбейіп келеді. Көлдер жүйесінде де су едәуір тұшып балықтың өсуіне, көбейуіне жағымды гидрохимиялық жағдайлар бар. Бұл қолайлы өзгерістер теңізде және көлдерде балық шаруашылығын қалпына келтіру және одан әрі дамытуға жол ашады.
Сырдария өзені Қазақстан территориясында да едәуір ластанады. Табиғат қорғау мекемелерінің ресми деректері бойынша, Сырдарияның салалары Келес, Арыс және Бадамның суының ластану индексі 3,2-4,3, яғни 4-5 «ластанған» және «лас» кластарына жатады.
Өзен суының осындай жоғарғы деңгейде ластануы оны қабылдайтын Шардара бөгені, Арал теңізі және көптеген көлдер жүйесінің су сапасын өте төмендетіп отыр. Пестицидтер, ауыр металдар және басқа да улы заттар аталған су айдындарының экологиялық жүйесінде кең тарап, жинақталуда. Оларда мекендейтін балықтар және өсімдіктер денесінде пестицидтер мен металдардың тұну мөлшері жоғарғы көрсеткіштерге жетуде. Айдындар экожүйесінде соңғы жылдары ДДТ метаболидтері мен мырыш хром элементтерінің жоғарғы мөлшерде жинақталуы байқалды.
Айта кететін бір жайт, салынған Көкарал бөгеті Кіші Арал теңізі балық қорына тигізіп отырған кейбір жағымсыз әсерлері де бар. Бұл бөгет 2005 жылы іске қосылып Кіші теңізге Сырдария суы қарқынды жинала бастады. 2006 жылдың көктемінде теңіз суы 42 м деңгейге көтерілді. Жобаға сәйкес одан артық су бөгеттің су ағытатын қондырғылары арқылы Үлкен Арал теңізіне қарай ағызылды. Өкінішке орай сол сумен Кіші Аралдан өте көп балық және оның шабақтары кетіп екі теңіз арасында жаппай қырылды.
Бұның себебі бөгеттің жобада көзделген балық қорғау қондырғысымен жабдықталмағындығы. Демек бұл бөгет құрылысы кезінде жобадан аутқудың нәтижесі. Жасалған жобада Көкарал бөгетінде бұл қондырғының керектігі дәлелденіп, құрылыс құрамындағы объектілер қатарына енгізілген. Аталған жобада балық шаруашылығын қалпына келтіру және өркендету мәселесі үлкен маңызды орын алған. Үйткені жобада көрсетілгендей, бұл гидротехникалық құрылыстың экономикалық және шаруашылық тиімділігі балық шаруашылығын дамытумен тікелей байланысты. Айтылған және де басқа жағдайларды еске ала отырып, балық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығы мамандары мынадай шараларды жүзеге асыруды ұсынады.
Кіші Арал теңізін және Сырдария өзенін қалпына келтіру жобасының екінші сатысын жүзеге асыру;
Кіші Арал деңгейінен артық Көкарал бөгеті арқылы босататын суды Үлкен теңіздің Тұщыбас шығанағы жіберіп, оны тұщытып, балық өсіруге пайдалану;
Көкарал бөгеті арқылы ағытқан сумен кететін балықтар мөлшерін тежеу үшін ол суды күз немесе қыс мезгілінде ағыту қажет;
Көкарал бөгетін балық қорғау қондырғысымен жабдықтау құрылысын тездетіп жүзеге асыру қажет.
Дипломдық жұмыстың мақсаты тұқы тұқымдасының бір өкілі ақ амур балығының тоған шаруашылығы жағдайында өсіп-дамуын, биологиялық және морфологиялық ерекшеліктерін зеріттеу. Айтылған мақсаттарға сай орындалатын міндеттер төмендегі жұмыстардан тұрады:
- Ақ амур балығының тоған жағдайында өсіп-өнуін бақылау;
- Ақ амур балығына биологиялық талдау жүргізу;
- Ақ амур балығына морфологиялық талдау жүргізу
1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1.1 Ақ амур балығының биологиясы мен морфологиясы
Ақ амур - жылдам өсетін балық, салмағы 40-50кг, ұзындығы 1м жетеді. Жұмыр денелі, қабыршағы ірі. Басқа тұқы тәрізділер сияқты жақтарында тістері болмайды, ол қорегін астыңғы жақ сүйегінде орналасқан күшті ара тәрізді тістерімен үгітеді.
Өсімдіктекті қорекке тіршілігінің бірінші жылында, 3см кезінде көшеді. Ұзындығы 7-12см шабақтар егер рационында 30% жануар текті қоректер: коловраткалар, шаянтәрізділер, және хирономидтер кездессе жақсы өседі. Одан әрі қоректік рационының негізін жоғарғы сатыдағы су өсімдіктері және су басқан жердегі және сумен шайылып келген құрлық өсімдіктері құрайды. Су өсімдіктерінен ақ амур: рдест, элодия, ряска, роголистник, урутты қалайды. Балықтар жас майда өсімдіктерді мол пайдаланады, ол болмаған кезде ірілері әсіресе оңтүстік аудандарда қорек ретінде қатты өсімдіктерді де, тростник және рогоз сияқтылардыпайдаланады. Құрлық өсімдіктерінен ақ амур клевер, жоңышқа (люцерна), астық тұқымдастарды ұнатады[1,2].
Ақ амурдың тәуліктік рационы мен өсу жылдамдығы, жыныстық пісіп жетілуі жылдамдығы судың температурасына біршама байланысты. 25-300С температурада тәуліктік рационы балықтың салмағынан артық болуы мүмкін. Температураның 25-300С көтерілуі активті коректенуге бөгет жасамайды. Оптимальды температура төмендегенде қоректенуі қарқындылығы азаяды, ал температура 100С төмен болса ақ амур қоректенуін тоқтатады. Оңтүстік аудандарда судың жоғарғы температурасында амур жыл бойы қоректеніп өсе алады. Тек өсімдікпен қоректенетін балықтарда қоректік коэффициент оның түрлік құрамына байланысты. Ақ амур су өсімдіктерімен көп қоректенетіндіктен, оларды балық шаруашылықтық және техникалық суларда, каналдарда биологиялық мелиоратор есебінде падалануға болады[3].
Ақ амурдың потенциялдық өсуі мүмкіншілігі өте зор. Оптимальды температурамен қолайлы оттегілік режимде, қоректің мол уақытында ақ амурдың 1,5 жасында салмағының 10-12кг жеткені белгілі. Ақ амурдың тіршілік ареалының солтүстік аймағындағы жасының шектелуі 20 жыл, оңтүстікте біршама қысқа. Жыныстық жетілуі тіршілік ету жағдайына байланысты әр түрлі жасында туындайды. Әдетте саламғы 6-8кг ақ амур 1 млн көп уылдырық береді[4].
Өсімдік қоректі балықтар, соның ішінде ақ амур пелагофильді балыққа жатады, демек уылдырығын су қабатына шашады. Уылдырықты ағысы тез, 0,8-3 м/с жылдамдықпен ағатын ірі өзендер арнасында, температура 18,50С жеткенде шашады[4,5].
Ақ амурдың уылдырығы батипелагиальдық: салыстырмалы салмағы судан біршама ауыр. Ол су қабатында дамып ағыспен төмен кетеді. Инкубациялық кезеңі температураға байланысты 18-20 сағатан (28-290С) 3 тәулікке дейін (180С) жетеді. Егер судың темепартурасы оптимальдыдан төмен немесе жоғары болса, эмбрионның дамуы бұзылады. Өсімдік қоректі балықтардың уылдырықтары мен ұрықтары судағы оттегінің мөлшерінің төмендеуіне өте сезімтал[6].
Тұқымдық балықтарды дайындау. Өсімдік қоректі балықтарды өндірудің зауыдтық әдісі кезіндегі ең көңіл аударатын сәттерінің бірі, тұқымдық балықтардың бірі, өрістік топтарды ұстау және олардан жыныс өнімдерін алу уақытындағы әр түрлі жарақаттар алуы, сол сияқты өрістеуге физиологиялық пісіп жетілмеген немесе пісу уақыты асып кетуі де себеп болады. Осыған байланысты оларды міндетті түрде гипофиздік инъекциядан кейін пісіп жетілмеген аналықтарды қолданбау және азда болса, олардың өлімін азайту үшін, қысқа мерзім аралығында бонитировкалау қажет. Инъекциядан кейінгі ауруға ұшырамас үшін, олардың тұқымдықтарына эффективті зат ретінде пиницилин қолдану ұсынылады[7].
Тұқымдардың пісіп-жетілуі режимін және мерзімін анықтайтын дифференциялық әдіс жолға қойылған. Ең алдымен, өндіру үшін өрістеуге даяр жақсы пісіп жетілген және қоңдылығы жоғарғы аналықтарды тоғанның терең қорегі аз түрінде ұстайды. Ал гонаданың жетілуінен артта қалып жатқан аналықтарды жақсы жылынатын, қоректік базасы жоғары тоғандарға жібереді, бұл олардың пісіп жетілуін жылдамдатады[8].
Балықтардың өрістеуін олардың дернәсідерін өсіруге тоғанға ерте отырғызу керек екенін еске ала отырып, қысқа мерзім аралығында өткізу керек. Бір жағынан тұқымдықтарды тоғанда өрістеу температурасында және өрістік жағдайсыз ұзақ уақыт ұстау уылдырықтарды резервацияға ұшыратады[9].
Балықтарға гипофиздік ерітіндіні салғаннан кейін олар бірден өрістік жағдайдың болуына қарамастан өрістік күйге түседі.
Дұрыс пісіп жетілу үшін – оттегінің қолайлы режим мөлшері және судың температурасы 19-200С төмен болмауы керек. Оттегі мөлшері 2 мг/л кем болса, аналықтар пісіп-жетілмейді. Температураның төмендеуі де олардың пісіп-жетілуіне қарсы әсер етеді[10].
Асылдандыру ісінде, балықтарды қыстық тоғандардан аулауда зоотехникалық есептеулер(инвентаризациясыз) жүргізуді енгізбеу мүмкін емес.Тұқымдықтар мен жетілдірілетін жас балықтар басын инвентаризациялау процессі барысында олардың жынысын, салмағын, денсаулығын(сыртқы белгілері бойынша) қарап, әрбір жастық топтардың санын есептеп, жарақат алғандарын, ауруларын, денесінде кемістігі барларын, өспей қалғандарын жарамсыздыққа шығарады. Инвентаризация кезінде балықтарды таңбалайды. Сериялық таңбаны ақ амурларға екі жасқа толық жеткенде салады. Жеке нөмірді жетілдіру қатарынан, ересек өндіргіш топтар сатысынан өткенде береді. Күзде тоғаннан ауларда, өндіргіштер мен жетілдірілетін толықтырғыш балықтарды қыстауға отырғызар алдында балықтардың вегетациялық кезеңдегі өсуін тек салмағы бойынша анықтайды[10]. Бонитировка – яғни балықтардың өнімділігі мен асыл тұқымдық сапасын айқындау мақсатында, олардың барлық қолдану мерзімі барысында үш қайтара, жан-жақты жүргізілетін зерттеу. Ол асылдандыру жұмысының жоспарына өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді. Бірінші бонитировканы – ересек жетілдірілген топтар қатарынан өндіргіштер сатысына өткізгенде, екіншісін – екінші өрістеуден кейін, ал үшіншісін – аналықтарға 8-9 жыл болғанда, аталықтары 6-7 жасқа жеткенде жүргізеді. Бонитировка кезінде аналықтарды әдетте 3 топқа бөледі:
1-топқа салмағы және экстерьерлік белгілері ең жақсы, орта жастағы (6-8жас), жыныс белгілері айқын байқалатын даралар жатады. Оларды уылдырық шашуға бірінші пайдаланады.
2-топқа салмағы мен экстерьерлік белгілері төмен, толық жыныстық жетілмеген балықтар жатады. Олар келесі рет қолданылады.
3-топқа сыртқы белгілері бойынша аталықтардан өзгешеленбейтін аналықтар жатқызылады. Олар жарамсыз деп саналып, қолданылмайды.
Аталықтарды 2 топқа бөледі:
1-топқа орта жастағы (5-7жас) шәуеті қою, ағыңқы және экстерьері жақсы аталықтар жатады.
2-топқа шәуеті сұйық аталықтар жатқызылып, резервке қалады.
Ақ амурдың жынысын анықтау қиынға соғады, ал жас және жыныстық жетілмеген дараларды сырттай анықтау мүмкін емес. Тек уылдырық шашу маусымында жынысты анықтау оңай болады. Аналықтардың жыныстық тесігі үлкенірек, кішкене ісінген, түсі қызыл, құрсақ қуысы ұлғайған. Аталықтардың ...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?