Балық шаруашылығы | Арал теңізінде мекендейтін камбала балығының жерсіндірілуі және негізгі белгілерінің өзгергіштігі

 Балық шаруашылығы | Арал теңізінде мекендейтін камбала балығының жерсіндірілуі және негізгі белгілерінің өзгергіштігі

Мазмұны

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР....................................................... 7
АНЫҚТАМАЛАР............................................................................. 8
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 9
КІРІСПЕ................................................................................................ 10
І ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ........................................................................ 12
1.1 Камбала – глосса балығының систематикалық жағдайы.......... 12
1.2 Камбала – глосса балығының морфологиялық сипаттамасы.... 12
1.3 Камбала – глосса балығының көбеюі.......................................... 12
1.4 Глоссаның өлшемдік – жас құрылымы....................................... 19
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ.............................................................................. 23
2.1 Арал теңізінің физико – географиялық сипаттамасы................ 23
2.2 «Камбала-балық» ЖШС-іне сипаттама.................................... 28
2.3 Зерттеу материалы мен әдістемелері........................................... 29
ІІІ ЗЕРТТЕУДІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ....................................................... 31
3.1 Арал теңізінің ихтиофаунасының қазіргі жағдайы ................... 31
3.2 Камбала – глосса балығының морфологиялық талдаудың нәтижелері .......................................................................................... 33
3.3 Камбала – глосса балығының биологиялық талдаудың нәтижелері........................................................................................... 38
3.4 Камбала – глосса балығын жерсіндіру нәтижелері.................... 42
3.5 «Камбала-балық» ЖШС-інде балықтарды ыстау...................... 43
ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................... 54
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................... 55


Арал ауданында қалыптасқан жалпы қолайсыз экологиялық және әлеуметтік-экономикалық әл-ахуал барлығымызға мәлім. Арал теңізі орталық Азияның континенттік ішкі су қоймасы ретінде экономикалық маңызды толығымен жоғалып бара жатқандығы туралы берік және жалпыға ортақ әсер қалыптасты. Арал экологиялық апаты аясында: Сырдария мен Амудария ағысын реттеу (жалпы судың теңізге құйылуының тоқтатылуы), теңіз суы тұздылығының 6-8 промильден 25-35 промильге (2/1 литр) күрт артуы, Арал теңізінің «Үлкен» (тұздылығы 60-80 промильге дейін) және «Кіші» (тұздылығы 30 промильге дейін) Арал деп аталатын екі су айдынына бөлінуі, жағалаулардың шөлге айналуының үдеуі және т.б. көріністер орын алды.
Қызылорда облысы, Арал ауданында тұратын Солтүстік Арал маңының (кіші Арал) жергілікті халқының 80 мыңы, яғни 40% астамы еңбек ресурстары экологиялық дағдарысқа дейін балық аулау және балық өңдеу салаларымен тығыз байланыста болған. Арал қаласындағы «Аралрыбпром» өндірістік бірлестігі және жағалауларда орналасқан 14-ке жуық балық зауыттары мен балық колхоздары Арал теңізі бойынша балық аулаумен айналысатын негізгі орталық болып табылатын. Балық аулау көлемінің азаюы, өнеркәсіптік теңіз балықтарының жоғалуы, балық флотының, айлақтар мен инфрақұрылымдардың жойылуы - Арал ауданындағы Сырдария сағасында, көлдерде (Қамыстыбас) маусымдық өндіріспен айналысатын кәсіби балықшылар санының бірнеше жүзге азаюына әкеп соқтырды. 20-дан астам жыл бұрын, 1979 жылы тартыла бастаған Арал теңізіне Азов теңізінен Қазақстан үшін мүлде өзгеше балық түрі-қаратеңіз камбаласы немесе глосса камбаласы әкелінді (Platichthys flesus luscus Pallas). Глосса камбаласының ерекшілігі – судың жоғары деңгейдегі тұздылығына және су деңгейіне тез бейімделеді. Қазіргі уақытта, 2002 жылдан бастап Арал теңізін қайта өмірге әкелу маңызды кезеңді бастан өткеруде. Қазақстан Үкіметі мен Дүниежүзілік банк Сырдария өзенінің сағасын қалпына келтіру және жағдайын жақсарту, Кіші және болашақта Үлкен Аралдың ахуалын өзгертуге септігін тигізетін Көкарал бөгетінің құрылысы бойынша жобаны қолға ала бастады. Жобаның жалпы құны 80 млн.АҚШ долларын құрайды. Еуропалық қауымдастық Арал аумағындағы дағдарыс жағдайын анықтау және болжау мақсатында 2000 жылдан бастап ТМД елдерін қолдау бағдарламасы аясындағы «Арал теңізі» арнайы ғылыми – техникалық жобаны қаржыландырады. Аралды зерттеу және көмек көрсетуге бағытталған зерттеулер мен тәжірибелік жобалар қазіргі уақытта өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
2003-2004 жылдары ҚазҰМУ - дың биологиялық проблемалар институты, «Казахрыбпромсбыт» Ассоциациясының «Арал жобасы» лабораториясы, Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Арал филиалы қызметкерлері камбала глосса балығының морфологиясы мен биологиясын бойынша зерттеулерді жүргізді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Арал теңізінде мекендейтін камбала глосса балығының морфологиялық және биологиялық сипаттамасын зерттеу және жерсіндіру нәтижелерімен танысу
Қойылған мақсатқа байланысты келесі міндеттер қойылды:
1. Камбала глосса балығына морфологиялық талдау жүргізу
2. Камбала глосса балығына биологиялық талдау жүргізу
3. Камбала глосса балығының жерсіндірілуі нәтижелерімен танысу және қазіргі таңдағы көрсеткіштерімен салыстыру

І ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1.1 Камбала – глосса балығының систематикалық жағдайы

Камбала – глосса балығының Ә.Бәйімбетовтың анықтауышы бойынша [1] систематикалық жағдайы: отряды Камбалатәрізділер-Pleuronectiformes, тұқымдасы Pleuronectidae – камбалалар, туысы Platichthys – өзен камбалалары, түрі Platichthys flesus – өзен камбаласы, түршесі Platichthys flesus luscus (Pallas) – глосса (бұрын Pleuronectes flesus luscus – деп аталған).

1.2 Камбала – глосса балығының морфологиялық сипаттамасы

Камбала балықтарының денесі екі бүйірінен қысыңқы, денесінің бір бүйірі оның бауырының, екіншісі арқаның қызметін атқарады. Олар жантайып жүзеді. Ересектерінің екі көзі де денесінің бір жағына орналасқан, яғни ассиметриялы. Бұлардың екі бүйірінің түсі мен қабыршақтарының және бүйір сызығының пішіні мен едәуір айырмашылығы бар: көзі жоқ, бүйірі жалпы ақшыл, ал көздері бар бүйірі ашық түсті бояулы, көпшіл жағдайда онда әртүрлі дақтар немесе көлденең жолақты өрнектері болады. Арқа және құйрық асты қанаттары ұзын, құрсақ қанаттары кеуде қанатының алдында орналасқан.
Камбала тәрізділер – теңіз балықтары, көпшілік жағдайда жағаға жақын тіршілік етеді, кейбір түрлері өзендерде өрістейді. Бұлар тропикалық және субтропикалық суларда мекендейтіндер, қоңыржай теңіздерде аз кездеседі.
Өзен камбаласының басқа камбалалардан айырмашылығы: арқа және құйрықасты қанаттарының талшықтарының түбінде сүйекті бұдырмақтар және денесінде жұлдызша пластиналар (майда жалпақ сүйектер сыртында) бар. Қазақстанда Каспий, Арал теңіздерінде жерсіндірілген. Орташа ұзындығы 37 см және орташа салмағы 930 г. [1]

1.3 Камбала – глосса балығының көбеюі

Ареалдың әр түрлі аудандарындағы көбею жағдайы. Ареалдың әр түрлі аудандарында өзен камбаласы әр түрлі ұзындықта және әр түрлі жаста өсіп жетіледі. Солтүстік аудандарда пісіп жетілу кеш, ал оңтүстікте ерте өтеді. Баренц және Солтүстік теңізде ол 22,4 – 29,5 см ұзындықта 4 – 5 жаста өсіп жетіледі.
Солтүстік теңізде камбаланың ұрық шашуы мұхитқа жақын 32 – 35% тұздылықта жүреді. Ақ теңіздің Кандалак сарқырамасында ұрық шашу периодындағы тұздылықты тікелей мұздың еруіне байланысты, әдеттегі тұздылық 25 – 29%. Тұщылау келген Балтық теңізінде камбала ұрық шашу кезінде максимальді тұздылықтағы теңіздің терең жерлеріне кетеді. Тұздылық стратификация сипаттамасына қарағанда бұл қабаттар тұздылығы 20% шамасында. Бірақ, Балтық теңізінің кейбір аудандарында камбала уылдырығын қатты тұшы қабаттардан да табады – 6 – 7%.
Қара теңіздегі камбаланың уылдырық шашуы әдеттегі тұздылықты – 17 – 18% жағалау аумақтарында жүреді.
Platichthys тегі камбала көбеюінің жалпы жағдайы
Т.А.Перцев – Остроумова «камбаланың ұрық шашуы орта тұздылықты теңіз суының бүкіл ареалды қамтиды» деген тұжырымға келді. Камбала көбею үшін қажетті оптимальді тұздылық ашық мұхит деңгейіне жақын болуы керек. Тұздылығы төмен теңіздерде камбала ұрық шашу кезеңінде тұздылықтың максимальді мәні аумақтарында ұсталады.[2]
П.Ю.Шмидт камбаланың ұрық шашу кезіндегі оның түрлік қасиеті секілді, жоғары тұздылықты аудандарда орналасуын анықтады.[3]
Қаратеңіз бассеніндегі глоссаның өсіп көбеюі толықтай зерттелмеген. Теңізде глосса 3 – 4 жылда 18 – 24 см ұзындықта, ал тұзды суда 14 – 20 см 2 – 3 жыл өседі. Теңіз формалы ең үлкен ұрғашысы, жұмыртқа көлемі III – IV сатылы, 15,8 см ұзындықта болды. Бурнаста жыныстық жетілген ұрғашы және еркек минимальді көлемде болды – 12,4 – 11,8 см.

Қара теңіздегі глоссаның ұрық шашуы қаңтардан мамырға дейін, максимум ақпан - наурызда. Румын жағалауларында глосса ұрықтануы наурыз және мамырда байқалған. Кейбір авторлар глоссаның өсіп жатқан уылдырығы маусым, шілде, қыркүйек айларында табылғандығын айтады.
Тұзды аумақтарда глосса ұрығын бақылаған зерттеушілер, бұл жерде теңізбен салыстырғанда мерзім аз болғандығын көрсетеді. Ұсақ тұзды жағдайларда жақсы және қысылған глосса ұрығы , оларға қажетті ерте оптимальді температура және осы температураның жалғассыз сақталуымен сипатталады.
Қаратеңіздегі глоссасының ұрықтылығы жөніндегі хабарламалар да бар. Әр түрлі авторлар мәліметтеріне қарағанда ол 41,8 ден 2,751 млн уылдырыққа дейін жетеді.
Уылдырықтың таралуы, өсуі және құрылымын, дернәсілдердің өсуі мен құрылымын зерттеу, пісіп жетілуі және уылдырық өсіру түрі сипатталады.
Глосса ұрығы +2 ден +13С дейінгі оптимальді градиентте, су температурасы – 2 ден +16-18 жүретіні дәлелденген.
Азов теңізінде және басқа да тұзды лимандарда глосса көбеюі қазіргі кезге дейін аз зерттелген.
Азов бассейніндегі глоссаның өсіп жетілуі жайлы алғашқы мәліметтер А.Я.Недошивина еңбектерінде келтірілген. Ол Гени аудандарында ұрғашылардың пісіп жетілуі үш жасынан басталады, Сивашта ұрық шашу қаңтардың соңынан наурыздың ортасына дейін, ал Утлюк лиманында ақпанның басынан наурыздың соңына дейін жалғасады. Сонымен қоса Сивашта ұрық шашу акваторийдың барлық бөлігін қамтымайды, тек қана солтүстік екі ауданда ғана. .[4]
В.П.Воробьев Сиваштағы глосса ұрық шашуын қаңтардың соңынан наурызға дейін деп көрсетті. Ол алғаш азов глоссасы ұрықтылығы жөніндегі мәліметті 800 мың уылдырыққа жеткізді. В.П.Воробьев бірнеше ихтиопланктонды трален келтірілді, өсіп жатқан уылдырық және дернәсілдер ұсталған.[5]
Азов глоссаларының көбеюі туралы соңғы мәліметтерді И.Я.Дубровин келтірген. Автор Азов теңізіндегі глосса ұрық шашуы басталуын 14% тұздылықта +2 температурада ,ал Сүтті лиманда 0,5С және 18 – 22% басталатынын белгіледі. [6]
Біздің байқауымыз бойынша Азов теңізі бассейіндегі глосса ұрық шашуы желтоқсаннан мамырға дейін, әрі кетсе ақпан - наурызға дейін созылады. Бірлік особьтер уылдырық шашуды 0 ге жақын температурада бастайды; VI-IV сатыдағы жыныстық өнім соңғы өндірушілер +10-11С кездесті. Жалпы ұрық шашу судың +3 – 8С температурасында жүреді.
Азов глоссасы әр түрлі уылдырық шашу аудандарында судың қышқылдылығы 13,2 ден 35% ауытқыды; судағы еріген оттегінің мөлшері 6,0 ден 11,2 мл\л.
В.Сивашта және Сүтті лиманда глосса ұрық шашуы 1,5 – 3,0 м тереңдікте, ал қыста мұз астында өтеді. Азов теңізінде жағалауға жақын 5 – 8 м тереңдікте.
1980 жылдан өрістеу миграциясы, жетілуі, өрістеудің интенсивті өзгеруі, тұқымдылығы, уылдырықтың және дернәсілдердің саны зерттелді.
Жыныстық жетілудің басталуы, жасы және көлемі.
В.В.Васнецов балықтардағы жыныстық жетілуді жаспен емес, белгілі бір мөлшерге келуімен байланыстырады, белгілі бір популяция балықтары жәй өскен сайын , олардың жыныстық жетілуі де кеш болады. [7]
Біздегі мәлімет бойынша, (II-III-IV сатылы жетілу) теңіз формалы жетілген еркек минимальді көлемі 1981 жылы Обит сарқырамасында – 13,1 см болды, жасы 2 жыл. Бұл жастағы жетілген ұрғашының минимальді көлемі – 14,9 см. ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?