Дінтану | Исламдағы бала тәрбиесінің ерекшеліктері
Мазмұны
КІРІСПЕ..........................................................................................................3
1 БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ ИСЛАМИ КӨЗҚАРАСТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1 Ата – ана және баланың міндеттері.........................................................6
1 2 Жас ерекшелігіне қарай кезеңдері мен шарттары.................................23
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОТБАСЫ ЖӘНЕ БАЛАНЫҢ ИМАНДЫЛЫҚ
ТӘРБИЕСІ
2.1 Дәстүрлі қазақ отбасындағы ислами тәрбиенің ерекшеліктері............31
2.2. Зайырлы жане діни тәрбиенің үндестігі мен ерекшелігі..................... 45
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................... 71
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................... 73
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Аллаһқа ғана сиынып, оған ғана тәуекел етеміз. Біз Аллаһқа барлық мақтау–мадақ айта отырып, одан пана сұраймыз. Аллаһ Тағала кімді тура жолға салса, онда оны ешкім адастыра алмайды. Ал, егер кімде – кімді адастырса, оны тура жолға салар ешкімді таба алмайсың. Мен Мұхаммед Аллаһтың елшісі әрі елшілердің ең соңғысы, бізді тура жолға бастаушы пайғамбарымыз екеніне куәлік беремін. Сондай –ақ, оның отбасына сенімді де аса пәк сахабаларының және олардың соңынан қиямет күніне дейін жақсылықпен ерушілерге Аллаһтың амандығы мен игілігі болсын!
Ислам ұғымында ата – ананың баласы алдындағы міндет имандылыққа тәрбиелеу. Себебі, имандылық адам өмірінің нәрі. Ал, имандылық адам бойына қайдан сіңісті болмақ? Әлбетте, оның негізі отбасында. Әке мен ананың үлгілі тәрбиесінде қалыптасады. Сондықтан да әке мен ана осы отбасының соғып тұрған жүрегі. Шынымен, бала тәрбиесі тұрғысынан алғанда әкенің қолында болат қашау, шешенің қолында күміс жоңғыш бар тәрізді. Осы себептен баланың тәрбиесіне қатысты жауапкершілік міндеті ең алдымен ата – анаға жүктеледі. Осыған байланысты Пайғамбарымыздың хадисінде. «Таһа сүресінің «Үй ішіңді намаз оқуға бұйыр, өзің де оған көңіл бөл», - деген аяты түсірілген уақытта Омар: «Ей, Аллаһтың елшісі Біз Аллаһ тағаланың азабынан сақтануға тырысамыз. Ал, бала – шағамызды қалай сақтандырсақ болады?», - деп сұрағанда, Аллаһтың елшісі: «Аллаһ Тағала сендерді неден қайтарған болса, сендер де бала – шағаларыңды содан қайтарыңдар! Аллаһ Тағала сендерге нені істе деп бұйырған болса, сендер де бала – шағаларыңды соны істе деп бұйырыңдар!», - деп жауап берген екен, хадисті (әл – Бухари, Муслим) риуаят етті.
Жалпы адам баласы табиғи болмысынан имани тәрбиеге мұқтаж болып жаратылған. Имани тәрбиесі болмаған ел адамгершілік қасиеттен айрылып, мүлдем құрып кетуге дейін барады. Иммунитет организмді кейбір аурулардан сақтайтындай, адамзатты да адам қалпында тек қана дұрыс тәрбие арқылы ғана сақтап қалуға болады.
Жастайынан дұрыс тәрбие алған бала, ер жеткенде дұрыс отбасын құрайтын азамат болады.
Ал енді керісінше дұрыс тәрбие алмаған балалар мысалы, игерілмеген егістік тәрізді. Игерілмеген егістікке арам шөп қаптап, ешкімге пайдасыз болады ғой. Сол секілді бала да дұрыс тәрбие алмаса өзіне де өзгеге де пайдасы болмай құриды.
Ұлтымыз үміт артар болашағы етіп, отанға деген сүйіспеншілігін жүрегіне ұялататын, адамгершілікке шақыратын әлбетте, ол ислами тәрбие. Өйткені, ол тек жақсылықтың нышаны. Сол жақсылықтың қайнар көзі ол – Құран. Ондағы қамтылған барлық мәселелерді бізге тәжірибе жүзінде қалдырған пайғамбарымыздың жолы. Оның мінез – құлқы Құран еді. Сондықтан Аллаһ Тағала дәлеле ретінде Құранда: «Шын мәнінде сен әлбетте ұлы мінезге иесің», (Қалам,4) – деп пайғамбарымызды баршамызға үлгі - өнеге еткен. Сол сияқты әрбір отбасы пайғамбарымыздың істеген жақсы амалдарын басшылыққа ала алады. Шын мәнінде оның жолы, ол бақытқа жетелейтін жол.Баланы қалайша жақсы тәрбиелеуге болатындығы жайлы сұрақ туса, әрине оны бізге пайғамбарымыз үлгілі өмірінен алуға болады . Баланы тәрбиелеу үлгісі оның хадистерінде көп айтылған. Пайғамбарымыз «Балаларыңның намаздарын толық оқуын қадағалаңдар және жақсылыққа әдеттендіріңдер! Себебі жақсылық адам баласына тән нәрсе!», - деген. Балаға дұрыс тәрбие берудің мақсаты иманды да инбатты, тақуа, еліне, дініне жаны ашитын ізгі ұрпақ тәрбиелеу. Сол берілген тәрбиесі арқылы келешекте оның жемісін көру.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бұл зерттеу жұмысымда қазақ, орыс, түрік, араб тіліндегі әдебиеттер қолданылды. Жас отандық әріптестердің жаңадан жарыққа шыққан Сәбит Ибадуллаевтың «Ғибрат» баспа үйінен басылып шыққан «Ел боламын десең бесігіңді түзе» және Серікхан Рымханұлы Ахмадиевтің «Ислам дініндегі ұрпақ тәрбиесі» «Нұр-Мүбарак» баспасынан шыққан еңбектерін кеңінен пайдаландым. Садық Дана «Жанұя бақыты» Дәуір баспасынан шыққан, «Мұсылмандық тәрбие» Ермек Тоқмырзаұлының (аударма) Шапағат – Нұр баспасынан, «Воспитание детей в исламе» Абдулла М.Абдул Мути – Москва –Санкт –Петербург «Диля» баспасынан аударылған аудармалар, «Ғадам Тамииз байна тифл уал Тифлах», «Ислам көзқарасындағы жас ұрпаққа тәрбие» атты Египет Кайр қаласынан шыққан араб кітаптарынан аударма жасадым.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Аталған тақырып бойынша жұмыстың мақсаты бала тәрбиесінің ерекшелігін жан – жақты ашып көрсету және қазақ қоғамындағы ислами тәрбиенің негіздерін ашу. Ата – ана және баланың құқықтары мен міндеттерін анықтау жас ерекшелік тәлімнің кезеңдері мен шарттарын жете зерттеу. Қазақ қоғамында имандылық тәрбиесін қалыптастыру. Дәстүрлі қазақ отбасында бала тәрбиесін енгізу.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Бұл тақырыптың жаңалығы бұл мәселені зерттеуде қазір заманауи мұсылман ойшылдарының көзқарастары көрсетіледі. Сондай – ақ, зерттеу нәтижесінде бала тәрбиесінде зайырлы және ислами тәрбиенің үндесуі.
Зерттеу нысанасы ретінде. Қазақ, орыс, араб, түрік тіліндегі әдебиеттер қолданылды. Алматы қаласында шыққан: «Әл-Фараби баспасы. Алматы 1995ж., «Ғибрат» баспа үйі. Алматы. 2008ж, «Нұр-Мүбарак» баспасы. Алматы. 2009ж, «Шапағат – Нұр баспасы».2002ж, Каусар баспасы және т.б. шыққан кітаптарды қолдандым.
Зерттеу әдістері. Жұмыста теологиялық, педагогикалық, психологиялық әдістер қолданылды.
Алынатын нәтижелер. Зерттеу жұмысы бойынша алынған нәтижелерді мекемелерде, орта білім беру мектептерінде жас балалар мен оқушыларды тәрбиелеуде қолдануға болады:
- Жас балалар мен жас жеткіншектерді ислами тұрғысынан тәрбиелеу, балалардың бойында үлкендерге инабат, өзінен кішіге қамқоршы болуға қалыптастырады;
- Жас балалар мен жас жеткіншектердің санасы жоғары, өмірде таза өмір сүруге, адал болуға, өз бойындағы жаман қасиеттерден арылуға мүмкіндік береді;
Жас балалар мен жас жеткіншектер ислами құндылықтарды игеру арқылы, қоғамымыздың болашақ тәрбиелі, саналы, отан сүйгіш азаматтары болып қалыптасады.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу қорытындылары бала тәрбиесінің исламда алар орны мен ерекшелігін анықтауда, қазіргі Қазақстан қоғамындағы бала тәрбиесіне байланысты туындайтын сауалдарды шешуде, исламның қайнар көзі Құран мен Хадиске сүйене отырып, өзіндік замануаи тұжырымдармен ерекшеленеді. Қазақ қоғамындағы рухани азғындау, ұлттық рухани құндылықтардың бағасының түсе бастауы, қоғам мен отбасындағы жағымсыз қылықтар, бала тәрбиесіндегі олқылықтар қазіргі заманның өзекті мәселесіне айналып отыр. Осыған орай, бұл еңбек ислам дінінің дені сау қоғам қалыптастыруда маңызды, пайдалы үлесін қосады деп ойлаймын.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден,
2 тараудан, әр тарау 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, 75-беттен тұрады.

1.1 Ата – ана және баланың құқықтары
«Дәулет те, балалар да дүние тіршілігінің зейнеттері». Кәһф сүресі,46-аят. Ата-бабаларымыз жазу-сызуды білмеген кездің өзінде де бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, адам құқығын қорғауды назарда берік ұстаған. Мысалы, «Қасымның қасқа жолы» (1511-1518), «Есімнің ескі жолы» (1598-1628), Әз Тәукенің «Жеті Жарғысы» (1680-1718) сияқты көрнекі заңдардың өзі қағазға түспеген.
Ата заңды аттаған азғындарды «Етегін кесіп, елден қу» деген қағидамен аяусыз жазалаған. Халқымыз ұл мен қыз тәрбиесіне ерекше мән берген. Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» деген мақал арқылы бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі ерекше екендігін атап көрсетеді. Бала тәрбиелей отырып артына із, өшпес мұра қалдырған.
Ата –анасының алдында баланың да өз міндеттері бар. «Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар өздерінің ата-аналарына қамқорлық жасап, оларға көмек көрсетуге міндетті» делінген Қазақстан Республикасы Конституцияның 27-бабында [11, 12 б]. Бұл заңды бала санасына терең сіңіре білу керек.
Қазақ халқының салт-дәстүрінде ата-аналарын қадірлеу, үлкенді сыйлау, ізет жасау керектігін, яғни балалардың ата-анасына деген сүйіспеншілігін заңның мәжбүрлеуінсіз-ақ тәрбиелеу арқылы іске асыруға болады.
Пайғамбарымыз бір хадисінде былай дейді:
«Балалардың әке-шешесіндегі ақысы үшеу:
1. Туылғаннан кейін жақсы есім беру;
2. Балиғат жасына келгенде Алланың кітабын үйрету;
3. Үйлену шағына жеткеннен кейін үйлендіру»[25,18 б].
Балаға жастайынан дұрыс тәрбие беру әрине ата-ананың міндеті. Сол үшін о баста, яғни құрсағына түспей тұрып тәрбиеленуі қажет. Дәлірек айтсақ, ата-ана балаға ниеттенген кезден-ақ «бісміллә»-мен бастауы керек. Осыған байланысты айта кететін болсақ, кейбір мұсылман елдерінде бұзық, нашақор балалардың дүниеге келуі «бісміллә»-сіз болған жағдайдың куәсі деп келтіреді.
Ғылыми зерттеулердің дәлеліне сүйенсек, арақ іше салысымен-ақ бірден барып, адамның миы мен ұрық безін уландыратын болса, осыны біле тұра жабыла шулап жас шаңырақтың астына өз қолымызбен өрт қойып жатқанымызды түсінетін уақыт жетті. Той тарқағаннан кейін екі жасты күтіп тұрған, пәктікпен жайылған ақ төсектің арты, қасіретті сорға бітетін, уланып туған ұрпақ болмақ. Өйткені, нақты айтар болсақ, адам ағзасына түскен арақтың 100 грамы, организмнен жеті күн дегенде әрең шығып тазарады екен.
Қазіргі дүниеге келіп жатқан нәрестелердің көбі, ұрығында уланып туатындықтан, көпшілігі жарық дүниені көрмей-ақ өлі туып жатса, бірқаншасының жаны шықпағанмен, жарымжан күйінде тіршілігін бастайды»[23,61 б].
Ендеше, бұл індеттен құтылудың жалғыз жолы-рухани азық, Аллаһқа деген сенім. Яғни, олардың ата-анасы оларды дүниеге әкелер кезде «бісміллә»-ны айтатын болса, мұндай жағдайға тап болмас едік, керісінше дені сау, ақылды, жақсы перзент дүниеге келер еді. Сондықтан да ислам әдебінде әрбір
қайырлы іс үшін «бісміллә» айтуды ең маңызды деп санаған. Бұл жөнінде Пайғамбарымыз «Бісміллә әрбір жақсы істердің кілті. Бісмілләсіз іс берекесіз» деген.
Әбу һурайраның риуаят етуінше Аллаһтың елшісі былай деген: «Үш түрлі дұға сөзсіз қабыл болады: Жәбір көрушінің дұғасы, жолаушының дұғасы және ата-ананың баласына жасаған жақсы дұғасы» (Термизи риуаят еткен)
Ислам ғалымдары аят пен хадистердегі ата-анаға байланысты айтылған насихаттардан олардың ақылары он екендігін бекіткен. Әбу Ләйс Самарқанди ата-ананың ақысын былайша тізбектейді:
1. Ішіп-жемге мұқтаж болған кезде баласы асырайды.
2. Киім-кешекке мұқтаж болса қалтасына сәйкес киіндіреді. Олардың осы қажеттіліктерін өтерде жылы жүзбен мәміле жасайды.
3. Жәрдемге мұқтаж болған кездерінде жәрдем ету үшін жүгіреді.
4. Ата-анасы шақырса парыз намазынан басқа шұғылданып жатқан істерін тастап қастарына барады. Тапсырған нәрселерін ықыласпен орындайды.
5. Аллаһтың бұйрықтарына қайшы келмейтін әмірлеріне бойсұнады.
6. Ата-анасымен тілдескенде даусын көтермей, бәсең, жылы сөйлеседі.
7. Ата-анасын есімімен атамайды.
8. Бірге жолда жүріп келе жатқанда алдын орағытпай, бір қадам артта жүреді.
9. Өзі жақсы көрген нәрселерді ата-анасына да болсын дейді. Өзінен оларды артық көреді.
10. Оларға Алладан рахым мен жарылқау тілейді[34,16 б].
Исра сүресінің 23-24 аяттарында:«Раббың Өзінен басқаға құлшылық қылмауларыңа және ата-анаға ізгілік қылуларыңа бұйырады. Егер олардың біреуі не екеуі де қартайса, ол екеуіне «туф» деп те айтпа, оларға дауыс та көтерме, оларға тек жақсы сөз сөйле. Оларға мейірімділік пен кішіпейілділіктің қанатын жайып: «Раббым! Олардың кішкентайымда мені тәрбиелегені секілді оларға рахым ет»-деп айт.
Тәрбие сөзінің мағынасына жалпы тоқталар тоқталар болсақ, араб тілінде бұл Раба – ярби : болу, пайда болу, бала өсіру, асырау, тәрбиелеу деген мағыналарға келеді.
Мұндағы Раб сөзі, тәрбиелеуші, реттеуші, нығмет беруші деген мағынадағы Аллаһ Тағаланың тоқсан тоғыз есімдерінің бірі. Бұл сөз Құранда 965 рет айтылады. Сондай–ақ Құранның алғашқы түскен «Ғалақ» сүресінің бес аятында да бар. Құранда ең көп айтылатын, яғни Аллаһ сөзі 2799 рет айтылса, екінші орында Раб сөзі тұрады.
Раб негізінде тәрбие сөзінің түбірі болса да, тәрбиеші сөзінің орнына қолданылады. Негізгі мағынасына келер болсақ бүкіл әлемді тәрбиелеуші Аллаһ екендігі анық көрінеді. Яғни алғашқы әрі соңғы жаратушы, барша әлемді жоқтан бар қылған, Аллаһ Тағала үшін қолданылады.
Сонымен тәрбие сөзі жайында мынандай нәтижеге тоқталсақ болады:
1. Тәрбие іс – тәжірибе білімі, өзіне тән зерттеу жолы бар.
2. Ең ұлы Тәрбиеші Аллаһ Тағала
3. Тәрбиеге, мақсат пен нысанаға жету үшін өзіндік жоспары бар. Бала өскен сайын тәрбие беру жүйесін де өзгертіп отырады.
4. Оның негізгі қайнар бұлағы - Аллаһ Тағала [2, 19 б].
Ислами тәрбиеге келер болсақ, Ислами қағидаларға лайық түрде адам пікірінің дамуы, іс – әрекеті мен мінезінің кемелденуі, сондай –ақ, дүние мен ақыретте бақытқа жететін нағыз адамды тәрбиелеу өнері деп айтылады.
Ислам дінінің негізгі мақсаты – көкірегіне иман егумен қатар адамзатты көркем мінезділікке баулу. Пайғамбарымыздың мінезін жан жары Айша анамыз: «Оның мінезі – Құран» деп, дөп басып айтқан. Ендеше, Құран Хақ Тағала уағыздаған көркем қасиеттер мен мінезді танытса, ақырғы Елші соны іс жүзінде көрсетіп, жұмыр басты пенделерге үлгі - өнеге болған. Бүкіл әлемді тәрбиелеуші Аллаһ екендігі анық. Құран - әрі адамзаттың тәрбиешісі. Құранның басты мақсаты – адам баласының жан – тәнін кірден арылтып, рухына ғайыптық қанат тағып, жәннәтқа лайық ету. Асылында, Құраннан тәлім – тәрбие алған адам рухының бұл дүниесі де жаннатқа ұқсас. Өйткені, адамның жан дүниесі мен болмысын тәрбиелеуде ең кемел әдісті адамды жоқтан жаратқан Аллаһ Тағала ғана біледі. Ендеше, Құран – адамзаттың жалғыз тәрбиешісі. Тәрбие – адамзат пайда болғаннан бері қолданып келе жатқан түсінік.Тәрбие, алдыңғы буын өкілдерінің кейінгі ұрпақтарына өмірден түйген тәжірибелерін өнеге ету. Әрине, діннен сәл де болса хабары бар адам тәрбиенің адамзатты игі істерге жетелейтінін ұғынады. Тіпті, тәрбиелік мәні бар істерге шақыру жолында Пайғамбарымыз Мұхаммедтің өзі:
«Мен жақсы істерді жалғастыру үшін келдім»- деген[5,10 б].
Пайғамбарымызға түсірген сөзі қасиетті Құран Кәрімде былай делінген:
Құранда Әнбия сүресінің 21 аятында: «Сені біз жер жүзіне тек рахымшылдық орнату үшін ғана жібердік».
Осындай тәрбие құндылығын адам санасына сіңіру үшін Құран Кәрім мен пайғамбарымыз хадистерінде, тіпті әрбір сүренің басында рахымшылдық тәрбие ұғымы жүздеген мәрте қайталанып отырады. Бұған мысалғы: әдетте мұсылман адамның кез келген ісін «Бисмилләһи әр – рахмани әр – рахим» сөзінсіз бастамайтынын алуға болады. Міне, рахым сөзінің осылайша үздіксіз қайталануы арқылы рахымшылдық жөніндегі тәрбие құндылығы адам санасына біртіндеп сіңе бермек. Алла мейірімді де рахымды, оның рахымдылығы баршаға ортақ. Аллаһ адамды өзі сияқты мейірімді болуға шақырады.
Алайда, біз мұндай құндылықтарды бүгінгі адамдар арасындағы қарым – қатынастан көре алмай отырмыз. Қазіргі қоғамдағы адамдардың бір – бірімен қарым – қатынас кезіндегі бойларындағы рахымшылдық қасиеттерін жоғалтып, біртіндеп қатыгездікке бой алдырып бара жатқандықтарын тереңірек үңіліп қараған кісіге бірден байқалады. Бүгінгі әке мен бала, әйелі мен ері арасындағы қарым – қатынас жақсы деңгейде деп айту қиын. Олар аралығындағы қарым – қатынастың бұлай болуына бірін-бірі кінәлі деп біледі.
Қазірде бұқаралық ақпарат көздеріне көз сала қалсаң адам өлімі, ұрлық, тонау сияқты келеңсіз жайттардан көз сүрінерлік халге жеткен. Тіпті кейбір жанұялардың өзінде осындай оқиғалардың болып тұратыны өтірік емес. ...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?