Политология | Жастарының саяси құндылықтық бағдарлары

 Политология | Жастарының саяси құндылықтық бағдарлары

Мазмұны

КІРІСПЕ...................................................................................................................

I ТАРАУ. САЯСИ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ БАҒДАРЛАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.....................................
1.1. Саяси құндылықтарды зерттеудің теориялық негіздері...........
1.2. Саяси құндылықтық бағдарлардың саяси құбылыстар мен байланысы....................................................................................

II ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНЫҢ САЯСИ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ БАҒДАРЛАРЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ ПРОЦЕСІ..........................
2.1. Жастардың саяси құндылықтық бағдарларындағы басымдылықтар
(салыстырмалы талдау)...............................
2.2. Жастардың саяси құндылықтық бағдары қалыптасуының негізгі жолдары мен әдістері (социологиялық зерттеу нәтижесі бойынша).....................................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан - әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономикасы бар егеменді мемлекет. Қазіргі мемлекетіміздің қалыптасуының экономикалық қиындықтары аз болған жоқ, алайда егемен ел болу үшін басты мақсаттар қатарынан саяси-рухани мәселелерді де көре аламыз. Олардың ішінде даралап айтып кетер бір - саласы жастардың саяси ой санасы мен құндылықтар жүйесінің, саяси бағдарларының қалыптасуы.
Жас ұрпақтың дүниетанымындағы өзгерістердің мәнін ой елегінен өткеріп, зерделеу теориялық мінддеттер тұрғысынан қалай зәру болса, өмірлік мақсат-мүддеден де солай маңызды. Қоғам дамуының жаңа арнаға түсуі, яки еліміздің егемендік алуы – тәуелсіздігіміз қаншама құндылықтарға жол ашты. Қоғамның күллі бағыт-бағдары, ізгі мұраттары, қажеттіліктері мен себеп-салдарлары түбегейлі өзгерді, мұның өзінің жастардың ой-санасына, өмірлік ұстанымдарына әсер-ықпалы болмай қалған жоқ.
Жастар – еліміздің жарқын болашағы, әрі әлемде өзіне баса назар аударатын халықаралық жастар қауымдастығының бір бөлшегі болып табылады.
Жастар Қазақстан халқының жартысынан артығын құрайды және қоғамның бұл өзгермелі, белсенді және ″тәжірибесіз″ бөлігі ел болашағында шешуші рөл атқарады. Н.Ә.Назарбаев осы мәселеге ерекше назар аудара отырып: ″Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр буынның өзіндік тағдыры бар. Сіздерде де ол өздеріңіздікі. Сіздерге осындай уақытта өмір сүру үлесі тиді. Және сіздер елді көтере аласыздар... Қуатты күш болғандықтан Қазақстан Республикасы кері бағытта жүргісі келмейтіндігін нық жариялай отырып, жастар жүргізіліп жатқан реформалар бағдарын қолдай алады″ /1/. Тиімді әрі пәрменді әрекет ету үшін жастарда әрі озық, әрі еліміздің түбегейлі мүдделеріне сәйкес саяси құндылықтар жүйесін қалыптастыру міндеті айқындалып тұр. Бұл істі әлеуметтік стихияға беріп қою дұрыс емес. Өйткені бос қалған орын міндетті түрде толтырылады.
"Қандай қиын қыстау жағдайда да адамдар үшін өзекті болып қала беретін даусыз құндылықтар әрдайым болған және бола береді. Қоғамның адамгершілік деңгейін анықтайтын рухани байлық пен мәдениет осылардың қатарына жатады. Мүмкін осы қиындыққа толы қым-қуыт жылдарда өзіміздің құндылықтарымызды сақтап қала білгендігіміз біздің басты жетістігіміз болар" деп елбасымыз /2/ айтқандай саяси құндылықтар объективті жүріп жатқан саяси процестің даму үрдісінің мән-мағынасы мен бағыт-бағдарын айқындап отырады. Ол адамның қоғамда қалыптасқан адамгершілік, салт-дәстүр, мінез-құлық қағидаларын адамзат жасаған өмірлік құндылықтар мен талғамдарды, рухани байлықтарды бойына сіңіріп, меңгеруді талап етеді. Соның нәтижесінде адам бойында өзінің мінез-құлқын, жасаған іс-әрекетін басқа адамдардың сондай жасаған қылықтарымен салыстыру, соған байланысты баға беру, сөйте келе өзінің кім, қандай екенін түсіну, яғни адамның өзін-өзі танып білу қабілеті жетіледі. Адам қоғамнан өз орнын табуға, оған пайда келтіруге тырысады.
Қоғамның саяси өміріне қажетті әрі озық игіліктерге жол аша келе, олардың дәстүрлі мәдениет пен отандық тарихтан алынған өмір үлгілерімен қосылу тетіктерін зерттеу күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселеге жатады. Көп ұлтты қазақстан қоғамында әр түрлі этникалық қауымдастықтардың арасында бірлік пен татулық болса, елдің экономикалық және әлеуметтік салаларын жөндеуге, дағдарыстан шығуға мүмкіндігі болады. Бұл бағыттағы ұтымды саяси процеске жастармен жүргізілетін саяси-тәрбие жұмысындағы ұлтаралық құндылықтар жүйесін үйлесімді ету үлкен маңызға ие болады.
Көпэтникалық Қазақстан үшін саяси құндылықтардың қалыптасуы, дамуы, таралуы процестерінің үлкен маңыздылығы бар. Өйткені құндылықтар өзінің ішкі қабілеті бойынша не оң, не теріс бағытта өрбуі, қоғамды біріктіруге, не болмаса ыдыратуға септігін тигізуі мүмкін. Бұл жастардың саяси қатысуына, мінез-құлқына тікелей әсер ететін құбылыс. Сондықтан бұл құбылысты саясаттану ғылымы тұрғысынан жан-жақты зерттеудің өзектілігі мол.
Қазақстан жастарының саяси құндылықтарын зерттеу мәселесі тек теориялық жағынан ғана емес, мемлекеттік тұрғыдан, практикалық жағынан маңыздылығы бар мәселе.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі Қазақстандағы саяси тұрақтылықты, ұлтаралық келісімді, этникалық өзара түсіністікті нығайту мәселелерімен астасып жатады. Қазақстан жастарының демократиялық құқықтарын кеңейту, олардың саяси процеске нағыз саяси субъект ретінде қатысуы бүгінгі еліміздің саяси ахуалы үшін нақты мүмкіндіктер.
Зерттеудің мақсаты. Зерттеудің негізгі мақсаты – жастардың саяси құндылықтық бағдарларын анықтау, нақты-тарихи зерттеулер арқылы дәстүрлі саяси құндылықтардың саяси өмірге тигізетін әсерін және олардың саяси құбылыстармен байланысын зерттеу.
Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін мынандай ғылыми-зерттеу міндеттері ғылыми жұмыста алға қойылады:
• қоғамдағы саяси құндылықтарды зерттеудің саясаттанулық аспектілерін, теориялық негіздерін анықтау;
• саяси құндылықтардың ғылыми құбылыс ретіндегі мәнін ашып, оның басқа саясаттанулық ұғымдық аппараттармен, әсіресе саяси құбылыстармен байланысын анықтау.
• саяси құндылықтардың қалыптасу процестерін айшықтау, қазіргі қоғамымыздағы саяси құндылықтардың тарихи-этникалық бастауларын анықтау;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Ғылыми зерттеу жұмысында Қазақстанның тәуелсіздігін алған жағдайындағы жастардың саяси құндылықтарының ерекшеліктері этникалық талдау арқылы сарапталады. Сонымен қатар жұмыста мынандай ғылыми нәтижелерге қол жеткізілді:
• құндылықтар теориясының ауқымында саяси аксиологияға негіз болатын методологиялық және теориялық ұстанымдар айқындалады;
• жүйелілік, нақты-тарихи принциптерін қолдану арқылы құндылықтар сабақтастығы көрсетіледі;
• саяси құндылық феноменінің саясаттанудағы категориялық келбетіне жан-жақты сипаттамалар беріледі;
• саяси құбылыстардың үйлесімді жүруі қоғамдағы саяси құндылықтардың жүйелі қалыптасуымен тікелей байланыстылығы дәлелденді;
• саяси құндылықтардың қалыптасу механизіміндегі демократияландырудың, гуманизмденудің рөлі мен қызметі ашылған, бұл жастардың саяси қатысу белсенділігімен тікелей байланысты екені дәлелденді.
Зерттеу обьектісі ретінде жастардың саяси құндылықтық бағдарларын айқындау, саяси құндылықтардың қалыптасу түптамырларын көрсету болып табылады.
Зерттеу әдістері. Ғылыми зерттеу жұмысы саясаттанудың жүйелілік, салыстырмалы, нақты-тарихи, құрылымдық функционалдық зерттеу әдістеріне сүйенеді. Сондай-ақ социологиялық зерттеудің сауалнама әдісі қолданылады.

I ТАРАУ. САЯСИ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ БАҒДАРЛАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Саяси құндылықтарды зертеудің теориялық негіздері

Құндылықтар әлемі кеңінен алғанда адам әлемі, мәдениет әлемі, бұл ғаламды тұлғаның игеруіндегі, танып-білуіндегі маңызды алғышарты. Өйткені, адам баласы өз санасының, дүниетанымының арқасында қошаған ортадағы әрбір құбылысқа баға беруге тырысады. Міне, содан келіп құндылықтардың жеке адамдық деңгейдегі құрылымы пайда болады. Әрбір әлеуметтік субьектіге сәйкес келетін қасиет – ол әлемді қарастырғанда, оған міндетті түрде құндылықтық қатынасын айқындайды /3/.
Объективті идеализмді ұстанған Платон мен Гегель сияқты философтар аксиологиялық (құндылықтық) мәселелер мен болмыстық мәселелерді сәйкестендіріп келді. Натуралистік-психологиялық бағытты ұстанған зерттеушілер кезінде адамның табиғи қажеттіктері мен импульстерінен құндылықтардың себептерін іздеді. Экзистенциялизмдегі М.Хайдеггер, Сартр сияқты зерттеушілер құндылықтардың қоғамдық маңызына мән беру қажеттігіне шақырды. Сөйтіп, ХІХ ғасырдан бастап, этика, эстетика, социология, философия және саясаттану салаларымен айналысқан зерттеушілер өздерінің ілімдерін, гуманитарлық облыстардағы концепцияларын міндетті түрде құндылықтар әлемімен байланыстырып келді.
Б.Констанды (1767-1830) зерттеушілер оны либерализімнің рухани әкесі деп есептейді. Б.Констан саяси ілімнің негізгі көзі-жеке бостандық проблемасы. Мұнда бостандық дегеніміз антикалық дәуірдегі бостандықтан ерекше болды. Б.Констан үшін адамның материалдық және рухани автономиясы, оны заңның сенімді қорғауы бірінші кезекте тұрады. Оның ілімі бойынша бұл құндылықтарға мемлекет құрылысы мен мақсаты тәуелді болуы керек.
А.Токвил (1805-1859) ″Америкадағы демократия туралы″, ″Ескі тәртіп және революция″ атты еңбектерінде демократияның практикалық аспектілерін зерттеді. Оның пікірі бойынша демократия ″теңдік″ және ″бостандық″ құндылықтарымен тығыз байланысты. Демократия үшін шексіз орталықтанған биліктің қажеті жоқ, сондықтан да ол билікті тармақтарға және жергілікті басқару ұйымдарына бөлуді ұсынды. Сонымен бірге, А.Токвил ″баспасөз бостандығы″ ″діни бостандық″ ″сот тәуелсіздігі″ сияқты құндылықтарды да ұсынды.
Марксизм классиктері саяси құндылықтар мәселесіне арнайы тоқталмаған, дегенмен әлеуметтік-экономикалық және таптық мәселелерді құндылықтармен тығыз байланыста қарастырды. Марксизм үшін ең маңызды болған құндылықтар ″теңдік″, ″еркіндік″, ″әділеттік″, ″еңбек″ жалпы адамзаттың негізгі құндылықтарының қатарына жатады. Бұл құндылықтарды қоғам өміріне ендіру формасы ретінде революцияны таңдаулары үлкен қатерлі болғанын тарих дәлелдеді. К.Маркс пен Ф.Энгельс капитализм орнына социализм келеді, онда бұл аталған құндылықтардың басымдылығы артады деген пікірлері іске аспады.
ХХ ғасырдың 60-шы жылдары шыққан еңбектердің кейбірінде саясатты құндылықтардан босату керек, ол тек идеологиямен ғана тығыз байланыста болу керек деген қағида көрініс бере бастады. Ал, кейбір зерттеушілер (Дж.Роулс, Н.Нозик) қоғамдық өмірдің жылдам техникалануымен қатар реидеологизациялануы да бірге жүреді деген пікірді білдірді.
Еліміздің саясаттану ілімінде соңғы үш-төрт жылдарға дейін де әзірге саяси құндылықтар құбылысы ғылыми зерттеу обьектісі ретінде толық мағынада қарастырылмай келді. Оған, бір жағынан, кешегі кеңес үкіметінің мұраға қалдырған қоғамдық өмірді идеологияландыруы, саяси санадағы инерттіліктер мен стереотиптер кедергілерін жасап келсе, екінші жағынан, саяси ғылымдар гуманитарлық пәндер ішінде өзінің еншісін соңғы жылдары ғана толық ала бастады. Міне, осындай объективті процестер жағдайында құндылықтар негізіне философиялық, психологиялық зерттеулердің ауқымында қарастырылып келді /4/.
Әрине, құндылықтар теориясын дамытуда барлық концепциялардың қосқан үлестері назар аударарлық.
Саяси зерттеулердің тәсілдері сан-алуан болып келеді. Солардың қатарына тарихи-салыстыру, эмперикалық және жүйелілік әдістері жатады. Бұл тәсілдер бір-бірін толықтырып, саяси құбылыстар жөнінде біршама толық мағлұматтар бере алады және олардың мәнін, мағынасын ашуға себепкер болады.
Саясаттану ғылымында саяси құндылықтарға берілген анықтамалар көптүрлі. Мәселен, құндылықтар саяси мәдениеттің ішкі өзегі, әлеуметтік қауымдастықтар мүдделері мен сұраныстарының қорланған рухани көрінісі (Смелзер); адамзат мінез-құлқының мотивациялық орталығы (Здравомыслов); құндылықтар айырмашылығы мәдениетті түсіну негізі (Гидденс); құндылықтар әлеуметтік іс-әрекеттің жоғарғы қағидалары (Парсонс);
Сонымен саяси құндылықтарға саясаттану саласының ерекше ғылыми категориясы, ұғымы ретіндегі сипатына анықтама беруге тырысып көрелік. Саяси құндылықтар дегеніміз қоғамның саяси өмірінде саяси-әлеуметтік субьектілердің әр түрлі саяси құбылыстардың маңыздылығын айқындап, оларды өздерінің көзқарастары мен іс-әрекеттерінің негізгі іргетасына айналдыруы. Саяси құндылықтардың азаматтардың бағалауларынан айырмашылығы- олардың дүнитанымдық астарды қамтуында, объективті сипатты иемденуінде.
Саяси құндылықтар табиғатына келетін болсақ, онда бұл жерде негізінен саясаттың адами өлшемі туралы сөз қозғаймыз. Өйткені, бұл өлшемдер тек қана саясат саласында ғана көрініс бермейді, ол барлық мәдени кеңістікті қамтиды.
Қоғамдағы саяси құндылықтар жүйесінің қалыптасуының, өзгеруінің бірнеше себептері атап көрсетілген, мәселен:
• сұраныстар мүдде ретінде қайта құрылған өз кезегінде құндылыққа ″айналады″;
• құндылықтарды жоғарыдан нұсқау ретінде тарату, көбінесе тоталитарлы қоғам кезінде кездеседі;
• құндылық қоғамның саяси мәдениеті жетістігінің жемісі.
• саяси мәдениеттің бірден-бір қызметі қоғамдық санада қажетті саяси құндылықтарды қалыптастыру және бекіту;
• құндылықтар саясаттан тыс пайда болады, болмыстың түбегейлі салалары: мораль, дін, экономика өнімі;
• құндылықтар жүйесіндегі түбегейлі өзгеріс тапшылық гипотезасы мен әлеуметтендіру гипотезасына негізделген;
• құндылықтар адамдардың шығармашылық таңдауы, бағалауы негізінде пайда болады, әрі ұлттық дәстүрмен, дүниетаныммен тікелей байланысты.
Саяси құндылықтарға қоғамдық өмірдегі белгілі бір әлеуметтік саяси қызметтер тән. Олардың ішіндегі маңыздыларына мыналар жатады:
• біріктіруші (консолидация) қызметі, саяси жүйенің құлауына жол бермеу және азаматтардың сол саяси жүйені қолдауына қол жеткізу;
• бағалау қызметі саяси өмірдегі іс-әрекетті, адамның саяси іс-қимылының туындысын, саяси идеяларды, пікірлерді ақтау немесе қаралау;
• легитимдеу қызметі, билік құрылымын қоғамдағы көпшілік азаматтардың құндылықтық бағдарларымен сәйкестендіру, заңдастыру;
• жұмылдыру, іске тарту. Қоғамдағы саяси іс-әрекеттерге, қимылдарға түрткі болып, адамдарды саяси билікпен байланысқа тарту, ″саяси адамды″ қалыптастыру, азаматтардың саяси қатысуын, яғни саяси әлеуметтенуін белсендіру болып табылады;
• мерзімдік, қоғамда өткізілетін әр түрлі саяси оқиғалар мен процестерге байланысты (сайлау, референдум) қызметі;
• локальді, әрбір әлеуметтік қабатқа маңыздылығы бар әрекеттер, аймақтық деңгейдегі жұмыстар.
Жекелеген адамдарды қоғамдағы саяси билікпен не байланыстырады? Ең алдымен, социомдағы саяси құндылықтар жүйесі, ол қажетті қалыптар мен адамдар арасындағы қатынас ережесін анықтап, белгілі бір мағынада олардың әрқайсынан саяси белсенді азаматты жасайды. Демек құндылықтар саяси қызметтің маңызды бағыт беруші құрылымдарының ядросы болып табылады:
• идеология – құндылықтар жүйесі және топтық таңдаулар, сенімдер;
• саяси мәдениет – саясаттағы бағдар мен іс-әрекет модельдері, өзіне таным, көңіл-күй, бағалауды қамтушы және саяси мәліметтерді таңдау өлшемі қызметін атқарушы;
• саяси жүйе – саяси билікті пайдалануды ұйымдастырушы құндылықтар мен институттар;
• саясат, құндылықтарды авторитарлы тәсілмен белгілеу және тарату.
Мемлекет көп құндылықтарды азаматтарының орындауын талап етеді. Бірақ қоғамдық саяси жүйенің даму үрдістері демократиялана түскен сайын авторитарлы тәсіл өз күшін әлсірете бастайды. Міне, мұнда қоғам мен мемлекет арасындағы қатынас өзара келісімге негізделеді.
Құндылықтарды жіктеудің өзінде көптеген тұрғылар байқалады. Мәселен, формальді түрде субъект құндылықтарды оң және теріс...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?