Қазақ тілі | Тілдік қасиеттеріне байланысты студенттердің өзін - өзі сәйкестендіруі
Мазмұны
Кіріспе
1 ТІЛДІК СӘЙКЕСТІЛІКТІҢ ТҮРЛЕРІ
1. 1 Тілдік сәйкестілік ұғымы
1. 2 Жасқа байланысты тілдік сәйкестілік
2 ТІЛДІК ҚАСИЕТТЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІН - ӨЗІ СӘЙКЕСТЕНДІРУІ
2. 1 Оқыту тілін таңдау
2. 2 Жаһандану үрдісінің студенттердің тілдік сәйкестілігіне әсері
2. 3 Қостілділік және оның түрлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі. Бүгінгі таңда тілдік сәйкестілік ұғымы лингвистика саласында маңызды зерттеу нысанына айналып отыр. Тіл адамның қол жеткен ең зор табысы болып есептелетін болса, тілдік сәйкестіліктің өзі белгілі бір қоғамда өмір сүріп отырған жеке тұлғаның ұлтпен қарым – қатынасында маңызды айқындауыш белгі болып табылады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері тілдік сәйкестіктердің шарпысуы, тілдер, мәдениеттер арасындағы қақтығыстар анық байқалады. Жалғыз Қазақстан ғана емес, көршілес елдерде де сәйкестілік үрдісі жан – жақты жүргізіліп жатыр. Мұның өзі қазіргі кезде сәйкестіліктің маңыздылығы, оның қажеттілігі туындап отырғанын көрсетеді. Тілдік сәйкестілік болмаған жағдайда ұлттың, мемлекеттің құрып кетуі, жойылып кетуі мүмкін. Себебі ұлттың өзіне тән сәйкестілігі болмаса, оның орнын басқа ұлттың сәйкестілігі басады. Оның анық көрінісін біз қазақ – орыс тілдік байланысынан көріп тұрмыз. Қазақ халқының тілдік сәйкестілігі орыс тілі тарапынан ығыстырылып, ақырында мұның өзі мәдени құлдырауымызға ұласа жаздады. Тілдік сәйкестіліктің келбеті әсіресе, белгілі бір қоғамда анық байқалады. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы тілдік сәйкестілігіміздің қалпына келуіне себеп болды.
Сәйкестілік деген ұғымның өзінің мемлекетке, этносқа, тілге, мәдениетке, дінге, гендерге, жасқа, кәсіпке қатысты болып келетінін ескерсек, тұлғаның бұдан сырттап қала алмайтынын көруге болады. Сәйкестілік қозғалмалы, өзгермелі сипатта жүзеге асады.
Тілдік сәйкестілік солардың ішінде маңызды орын алады. Өйткені ұлттың, адамның анықталған бір тілде сөйлеуі оның басқалармен қарым – қатынас жасауына себеп болады. Қазақстандағы тілдік сәйкестіліктердің ішінен студент жастардың тілдік сәйкестілігін қарастыру бүгінгі таңдағы маңызды мәселеге айналып отыр. Себебі ел болашағы, ұлттың болашағы жастардың қолында. Олардың ЖОО – да толықтай білім игеріп шығуы түрлі қолайлы факторлар бойынша Қазақстанның дамуына, өркендеуіне жағдай жасайды. Студенттердің тілдік сәйкестілігі екі басым бағытта өрбіп отыр: қазақ және орыс тілдерінде. Көптеген мәліметтер қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесі бірте – бірте көтеріле бастағанын көрсетеді. Ал алынған сауалнамалар нәтижесінде көптеген ұлты қазақ студенттер ана тілінде жақсы сөйлей алмаса да, қазақ тілін ана тілі ретінде танитындықтарын айтқан. Яғни олардағы тілдік сана – сезімнің ояна бастағаны көрінеді.
Көптеген орыс тілді қазақ студенттердің мұндай жағдайға түсуіне кеңестік қоғамның әсері мол болғандығын байқаймыз. Себебі көп жылдар бойы орыс тілі жетекші, басым тіл ретінде танылып келді де, өзге ұлттардың тілі ығысу процесін бастарынан кешірді. Оның ішінде қазақ тілі де болды. Көптеген орыс тілінде сөйлейтін респонденттердің айтуынша, олар өздерінің ана тілдерін білмейді, себебі оларды ес білгеннен орыс тілінде тәрбиелеген, орыстілді балабақшаға апарған, орыстілді ортаға қосқан, орыс тілінде сабақ жүргізілетін мектепке берген. Ата – аналарының кезінде жасаған қадамдары қазіргі кезде студенттер арқылы қоғамдағы тілдік процестерге әсер етіп, одан әрі тілдік сәйкестіліктің де орныға алмай отырғандығының басты белгісіне айналған.
Студенттердің тілдік сәйкестілігі көп жағдайларда қостілділікке, сонымен қатар екінші тілді таңдауына, студенттердің өзін - өзі сәйкестендіруіне келіп тіреледі. Жаһандану жағдайында студенттердің өзін - өзі сәйкестендіруі негізгі сипат алады, себебі студенттер санасы толығып, өзін жеке тұлға ретінде сезінген сайын тілдік бейімділікке де дайын тұрады. Қазақстан Республикасының аумағында жастардың санасына бүгінде тілдік сәйкестілікке орыс тілімен қатар ағылшын тілі де ықпал етіп отырғандығын көруге болады. Ақпараттық қоғам, жаңа технологиялар заманы жастардың тілдік сәйкестіліктерінің өзгеруінің кезеңдерін анықтай түседі. Сонымен қатар бұл ұғымның еліміз үшін маңыздылығы басқа ұлттардың қазақ тілімен өздерін сәйкестендіретіндігінде. Аталған мәселелердің барлығы зерттеу еңбектің негізгі бөлімінде толықтай қарастырылды.
Тілдік сәйкестілік ұғымы Қазақстан Республикасында тәуелсіздік алған кезден бастап қана жүйелі түрде қарастырылып келеді. Ал одан бұрын орыс тілі мен жергілікті ұлт тілі өзара қарым – қатынасқа түсіп, байланысып, сол арқылы бірін – бірі байытады деген пікірмен орыс тілінің басым болуына жол ашылған болатын. Күрделі социолингвистикалық өзгерістер қоғамның басқаша тілдік сипатта өрбуіне жол ашты. Қазақ халқының ана тілі - қазақ тілі көп жағдайларда тілдік сәйкестілік тұрғысынан зерттелінбей келді. Бұл жалғыз тілге қатысты емес, халықтың мәдени, әлеуметтік болмысы бастапқы табиғатынан қол үзді. Ғалымдардың пікірлеріне сүйенсек, жекелеген ұлт тілдерінің мүдделері ешқашан есепке алынбаған, сондықтан мемлекеттік басқару орындарында орыс тілінде сөйлеу, орыс тілінде іс қағаздарын жүргізу кең таралған.
Тілдік сәйкестілік жеке тұлғаның бір тілде сөйлеуі, сол тілді қарым – қатынас құралы ретінде қолдануы. Белгілі бір тілмен байланысы оның сол тілге деген сәйкестілігін анықтайды. Қазақстан Республикасындағы жастардың тілдік сәйкестілігі көп ретте олардың тілге деген қарым- қатынасын көрсетеді.
Зерттеу жұмыста көбінесе осы мәселелер жан – жақты талданды, сараланды. Жас ерекшеліктеріне байланысты тіл білімі саласында зерттеушілер түрлі жастағы адамдардың тілдік сәйкестіліктеріне қатысты ғылыми сараптамалар жасап, қоғамның тілдік көрінісіне баға беріп келеді. Алайда қоғамның ең басты бөлшегі болып табылатын студент жастардың тілдік сәйкестілігіне әлі күнге дейін лайықты зерттеу жасалынбай келеді. Тілдердің қақтығысы жастардың тілдік санасына да әсер етеді. Зерттеу жұмысының өзекті болып табылатындығы сауалнама негізінде әр ұлт өкілдерінен құралған студенттердің тілдік сәйкестілігін анықтау болып табылады. Сауалнама жүргізілген студенттердің тілдік сәйкестіктері біркелкі емес екендігі көрінеді. Зерттеу жұмысының алдағы уақытта да студенттердің тілдік сәйкестілігін анықтауға қолдануға болатындығы дәлелденді.
Диплом жұмысының пәні. Социолингвистика мен тілдік сәйкестілік, Қазақстандағы студент жастардың тілдік сәйкестілігі. Қостілділік және оның Қазақстандағы таралу ерекшеліктері, тілдік сәйкестіліктің әлеуметтік мәселелері.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Тілдік сәйкестіліктің қоғамдағы орнын, студент жастар арасындағы көрінісін зерттеу, сол арқылы тілдік сәйкестідліктің қалыптасу ерекшеліктерін сараптау. Әр ұлттағы студенттердің арасына сауалнама жүргізіп, олардың тілдік сәйкестіліктерін талдау.
Диплом жұмысының нәтижелері. Алғаш рет студенттердің тілдік сәйкестіліктерін анықтау үшін ғылыми – зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі кезде қарқындап дамып келе жатқан тіл білімінің социолингвистика саласының ең маңызды зерттеу жүргізу әдісі сауалнама әдісін қолдану арқылы Алматы қаласындағы студенттердің тілдік сәйкестілігі анықталды. Жалпы зертеу жұмысының ғылыми жаңалықтарын топтап айтатын болсақ олар мынандай:
1) Әр ұлт өкілдерінен тұңғыш рет кең көлемде сауалнама жүргізілді;
2) Студент жастарының тілдік құзіреттілігі сарапталды;
3) Статистикалық мәліметтер қоры жинақталып, түзілді.
Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелерін социолингвистика саласында қолдануға болады. Еңбектегі теориялық ойларды Қазақстанның қазіргі тіл саясатына қатысты ғылыми айналымға енгізуге болады. Сонымен қатар тілдік сәйкестікке байланысты еңбектерде жариялауға болады.
Зерттеудегі сауалнама үлгілерін кейін де зерттеулер жүргізген кезде үлгі ретінде қолдануға болады. Сонымен бірге жұмыстағы пікірлерді, анықтамаларды социолингвистикалық сөздіктер жасаған кезде қолдануға жарайды.
Зерттеудің дерек көздері: «Тіл және сәйкестік» Халықаралық ғылыми – теориялық конферециясының материалдарының жинағындағы Орусбаев А., Кулжабаева А «Язык и этническая идентичность», Нагзибекова М. Б. Азизова М. Э. «Языковая идентичность русских в Таджикистане», Пардаев А. С., Мамасолиев И. У. «Русский язык в Узбекистане: лингво – этнические тождество», мақалалары пайдаланылды. Сонымен қатар О. Б. Алтынбекованың «Этноязыковые процессы в Казахстане» монографиясы, «Новая языковая идентичность в трансформирующемся обществе: Казахстан, Кыргызстан, Таджикистан, Узбекистан» зерттеу - әдістемелік еңбегі пайдаланылды.
1 ТІЛДІК СӘЙКЕСТІЛІКТІҢ ТҮРЛЕРІ
1. 1 Тілдік сәйкестілік ұғымы
Сәйкестілік субьективті шындықтың басты элементі болып табылады. Барлық субьективті шындық сияқты ол да қоғаммен диалектикалық байланыста болады. Сәйкестілік әлеуметтік процестер негізінде қалыптасады. Ол әлеуметтік қатынастар арқылы түрленіп, қайта қалыптастырылады. Сәйкестіліктің қалыптасуы мен ұстанынымымен байланысты әлеуметтік процестер әлеуметтік құрылыммен анықталады, керісінше, организмнің әсерімен пайда болған сәйкестілік берілген әлеуметтік құрылымға көмек көрсете отырып, модификациялап немесе қайта қалыптастыра отырып жауап береді. Қоғамда, нәтижесінде арнайы сәйкестілік пайда болатын тарихтар бар, бірақ бұл тарихтарды арнайы сәйкестілігі бар адамдар құрады.
«Осы диалектиканы ескере отырып, «топтық сәйкестілік» жалған түсінігіне жол бермеуге болады. Ерекше әлеуметтік құрылымдар тұлғалық жағдайда танылатын сәйкестілік типтерін тудырады, яғни американдықтың сәйкестілігі французға қарағанда өзгеше. Нью-Йорк қаласының тұрғынынікі – Орталық Батыс тұрғынынан, қызметкердікі дала сыпырушыдан өзгеше болады. Біздің байқағанымыздай, күнделікті өмірдегі ұстаным мен қағида осындай типизацияға байланысты болады. Бұл дегеніміз, сәйкестілік типтері күнделікті өмірде кездеседі, ал олар туралы бекітулерге қарапайым адамдар пікір білдіре алады. Француздар американдықтардан өзгеше деп ойлайтын американдық адам Францияға барып, ондағы жағдайды өз көзімен көре алады. Әрине, мұндай типизациялау мәртебесін әлеуметтік білім құрылымымен салыстыруға келмейді, ал верификация мен мәлімдеме ғылыми әдістің каноны болмайды. Біз күнделікті типизация мен әлеуметтік құрылым арасындағы нақты байланысты әзірше қарастырмауымыз керек. Пуритондық өзінің пуритандық екенін білді және ол өзінің пуритандық екенін ағылшындарға еш қиындықсыз түсіндіріп жеткізді, бірақ Бірақ Макс Вебердің пульсін тексергісі келген әлеуметтанушы басқа күрделі әрекеттерге мән беруі керек. Қазіргі контексте бізді қызықтыратын тек «бақылау» және «верификация» сәйкестілігі типтерінің теорияға дейінгі және ғылыми тәжірибеге дейінгі кезеңі» [1, 3].
Сәйкестілік индивид пен қоғам арасындағы диалектикалық арақатынастан пайда болатын феномен болып табылады. Сәйкестілік типтері, бір жағынан, әлеуметтік өнімі, обьективті шындықтың тұрақты элементтері. Сәйкестілік теориясы әрқашан шындықтың жалпы интерпретациясы болады; олар таңбалық универсалийлерге теоретикалық заңдылықпен «құрылған» және соңғылардың мінездемесімен түрленеді. Егер әлемде белгілі бір орынға ие болмаса, сәйкестілік түсініксіз болып қалады. Сәйкестілік бойынша кез келген теориялар теоретикалық интерпретация шегінде жүзеге асуы керек. Бұл бөлімді қарастырып көрелік.
Егер сәйкестілік теориясы шындық теориясына қосылатын болса, онда бұл соңғы теориялар терминдерінен пайда болады. Мысалы, эмпирикалық феноменді интерпретациялайтын психология өз матрицасы ретінде космостың мифологиялық теориясына ие, сондықтан ол есептің мифологиялық нүктесі болмайтын интерпретацияға сыймайды. Жалпы, психология әрқашан да космологияны болжаушы болып табылады.
Мұны жиі қолданылатын психиатриялық термин «шындыққа назар аудару» терминінен байқауға болады
Психологияның пайда болуымен сәйкестілік пен қоғам арасында тағы бір диалектикалық байланыс пайда болады – психологиялық теория мен субьективті шындық элементтер арасындағы байланыс. Мұндай теоретизациялау барлық теориялық заңдылықтар сияқты әртүрлі болуы мүмкін. Жоғарыда айтылған заңдастырылған теориялардың көздері мен фазалары осы жағдайда қолдануға болады, бірақ оның маңызды айырмашылығы бар. Психологтар барлық индивидтер үшін өте күшті және ұзақ субьективті релевант болып табылатын шындық өлшеміне жатады. Сондықтан диалектика теориясы мен шындық индивидке жиі және тікелей әсере етеді.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?