Педагогика | Жас мамандарда кәсіби қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру ерекшеліктері
Мазмұны
КІРІСПЕ
1 - ТАРАУ
1.1. Еңбек іс-әрекетіне теориялық сипаттама
1.2. Тұлғаның қалыптасуында кәсіби еңбектің маңыздылығы
1.3. Кәсіби қыметке бейімделудің психологиялық ерешеліктері
2 ЖАС МАМАНДАРДЫҢ КӘСІБИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТ АРҚЫЛЫ ЗЕРТТЕУ.
2.1. Зерттеу нәтижесін жинақтау
ҚОРЫТЫНДЫ
КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі:
Адам іс-әрекетінің алғашқы тарихи түрі – еңбек болып табылады. Адамның басты ерекшеліктерінің бірі – адамның еңбекке қабілеттілігі, ал кез келген еңбек түрі іс-әрекет болып табылады. Іс-әрекет – адамның қоршаған ортаға деген белсенді қатынасының бір формасы немесе қоршаған орта мен субьектінің өзара қатынасының динамикалық жүйесі. Адамның іс-әрекеті – күрделі құбылыс. Белгілі бір өнім адам іс-әрекетінің нәтижесі болып табылады. Адам, еңбектің қай түрімен айналысса да, өмірге ең алдымен қайраткер, іскер және жасампаз болып келеді. Оның арнайы әрекеті еңбекте, еңбек іс-әрекетінің актісі түрінде қалыптасады. Белгілі бір қоғамдық функцияларды атқаратын әрекеттерінің жиынтығы еңбек әрекетінің белгілі бір түрін құрайды.
Еңбек дегеніміз – адамдардың материалдық және рухани қажетін қанағаттандыратын қоғамдық пайдалы өнім өндіруге бағытталған іс-әрекет. Еңбек өнімдерін жасауға қатынасу арқылы адам өмір сүріп отырған өндірістік қатынастар жүйесіне араласады. Бұл екі фактор еңбек әрекетіне көзқарас пен еңбек мотивін қалыптастырады. Адамды еңбекте жоғары көрсеткіштерге жетуге жетелейтін себептер өмір сүріп отырған өндірістік қатынастарға тікелей байланысты. Адамдардың екбекке құлшынуы тек қана жеке мүддеден тумайды , сонымен қатар қоғам мүддесін ойлаудан тұрады. Сонымен қатар адамның екке деген ынтасы оның жаңа еңбекке араласуындағы бейімделуі. «Кәсіби адаптация», - бұл жұмысқа жаңа түскен адамның өз ортасына біртіндеп төселіп, бейімделуі. Төселудің алғашқы кезеңі өндірістік практика кезінде, негізгі жағы нақты жұмыс үстінде жүзеге асады [10].
Мамандық таңдауда Ж.Аймауытов қазақ жастарына мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жәй күнелту, тамақ, асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін процесс екендігін ерекше сипаттаған.
Американ зерттеушісі Ф.Парсонс мамандықты дұрыс таңдау үшін ең алдымен өзі және өзінің қабілеті туралы толық білу керек екендігіне ерекше мән берген.
З.Фрейд бойынша, еңбек адам өмірін құрайды және мәнді етеді. Еңбек іс-әрекетінде адам өзі үшін қолайлы қызмет атқарады, себебі ол ақиқат өмірге бейімделуге және үйренуге мүмкіндік жасайды. Сөйтіп адам есеюге ұмтылыс жасайды. Оның ойынша, адамдар көп уақытын еңбек іс-әрекетіне жұмсаса, адам бойындағы қуат жасырын түрде қалып, махаббат пен жеке белсенділікке аз қуат қалады. Неофрейдистерді еңбектің тек тұлғалық құрылымы ғана емес, психологиялық функциясы да қызықтырады. Оральды тип жеке тұлғалық қарым-қатынасқа тез түседі, сөйлегіш, дауласуды ұнатады, сондықтан оларды оральды типтес мамандықтар; мұнда дантист, заңгер, радиокомментатор, тб. мамандықтар қызықтырады. Анальды типтес адамдарға реттілік, қырсықтық, үнемдегіштік, өзін-өзі бақылау тән. Олар бухгалтерлік, кітапханашылық немесе банк, техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты мамандықтарға сай келеді. Осындай тұжырымдардан еңбектің психологиялық қызметі өзекті мәселе болып қала берері анық [55].
Әр маман өзінің жұмысында кәсіби бейімділігімен байланысын еске түсіруге болады. Жаңа оқу бітіріп келген жас маман орташа есеппен жаңа жұмыс орынына 6 айдан 3 жылға дейін үйренеді. Сол уақытта жас маманның кәсіби бейімделуі процесін жандандыруға және жеңілдетуге қалай болады? Ең алдымен өзін жақсы басқара алатын адам ғана жақсы маман болады.
Кез келген менеджер үшін жұмыскерлердің еңбек нәтижесі және қанағаттануы оның қабілетімен ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғалық мінездемесіне де байланысты деген пікірмен кейбір психологтар келіспеуі де мүмкін. Шынында да, көбі таңдалғаннан маманның жеке тұлғасы туралы «Сен – бұл сенің жасаған нәрселерің» деп айта алады. Жұмысқа шықпаған күндерінің саны, өнімділік, еңбекке құлшыну, өтірік айту, тб. өлшемдер тек ұйымдастыратын факторлар (жекелік стилі және корпоративті мәдениет) қызметтері ретінде қарастырылып қана қоймай, сонымен қатар жұмыскерлердің мінездемелеріне тәуелді келеді. Жеке тұлғалық мінездемелер мен мамандық таңдау, еңбек мотивациясы, өнімділік, жұмыспен қанағаттанушылық, жұмысқа байланысты стресс, сонымен бірге жұмысқа келмеген күндер, өндірістен жарақат алушылық, т.б. әдебиеттер жеткілікті болса да оның көмегі әркелкі. Соңғы уақытта мамандық өзгерту, жаңа еңбек әрекетіне бейімделудегі қиындықтар, жұмыстағы деңгейі, оқыту нәтижесі сияқты жеке тұлғалық қасиеттермен және факторлармен байланысты екені кездеседі.
Зерттеу мақсаты – жас мамандарда кәсіби қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың психологиялық ерекшеліктерін теориялық негізде қарастырып, тәжірибе арқылы дамыту.
Зерттеу нысаны – жас мамандардың кәсіби қарым-қатынас ерекшеліктері.
Зерттеу пәні - жас мамандарда кәсіби қарым-қатынас мәдениетін жетілдіру жолдары.
Зерттеу болжамы – жас мамандардың кәсіби қарым-қатынас мәдениетін психодиагностикалау және дұрыс ұйымдастырылған жетілдіру жолдары арқылы мазмұнды нәтижеге қол жеткізуге болады, егер де:
1) жеке тұлғалық құндылықтар сақталынып, сәйкестендірілсе;
2) мінез-құлық ерекшелігі, іс - әрекеті мен қабілеті бағаланса;
3) қолданылатын әдістемелер оның қызығушылығына әсер етсе.
Зерттеу міндеттері:
1. Кәсіби қарым-қатынас ерекшеліктері туралы теориялық талдау жасау
2. Психологиялық мәселе ретінде жас мамандардың кәсіби қызметке бейімделу ерекшеліктерін саралау және әрекеттік ықпал жолдарын қарастыру.
3. Жас мамандардың кәсіби қарым-қатынас ерекшеліктері деңгейін жетілдірудің тиімді жолдарын тәжірибеде қолдану.
Зерттеудің әдіснамалық негізі - еңбек іс-әрекеті, психологиялық ерекшеліктері және мамандардың кәсіби қызметке бейімделуі туралы қарастырған В.Д.Шадриков, Т.В.Кудрявцев, Б.Г.Ананьев, К.А.Абульханова-Славская, Ю.П.Поваренков, Е.А.Климов, Ж.Аймауытов зерттеулеріндегі теориялық тұжырымдамалары мен тәжірибелік еңбектері.
Зерттеудің теориялық мәнділігі - зерттеудің ғылыми әдістері жүйесін мақсатты қолдану және теориялық тұрғыда негіздеу жүзеге асырылды.
Зерттеудің тәжірибелік мәнділігі – зерттеуде қолданылған әдіс – тәсілдер жас мамандардың кәсіби қарым-қатынас ерекшеліктерінің психологиялық маңыздылығын жетілдіру. Тәжірибе жүргізу барысында алынған деректер сандық және сапалық жағынан талдау, өңдеу, ұсыныстар енгізу.
Зерттеу әдістері – зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерге теориялық талдау, эксперимент, бақылау, тестілеу, түзету жаттығулары.
Дипломдық жұмыстың көлемі және құрылымы:
Дипломдық жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі , қорытынды және қосымшадан тұрады.
Зерттеу кезеңдері:
Зерттеудің бірінші кезеңінде мәселенің зерттеу заты мен нысаны анықталынып, болжам жасалды, мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері құрастырылды. Сонымен қатар жұмыстың мазмұны мен негізгі бағыттары анықталынды. Әдебиеттер жинақталынды.
Зерттеудің екінші кезеңінде жас амандардың кәсіби қызметке бейімделу деңгейі анықталынып, түзету – дамыту жұмыстары ұйымдастырылды.
Зерттеудің үшінші кезеңінде зерттеу жұмысымызға теориялық және тәжірибелік тұрғыда жалпылама қорытынды берілді. Жас мамандардың кәсіби қызметке бейімделу деңгейін арттыру мақсатында ұсыныстар енгізілді.
1 - ТАРАУ
1.1 Еңбек іс-әрекетіне теориялық сипаттама
Адам іс-әрекетінің жүйесінде ерекше орын алатыны – бұл еңбек. Еңбектің арқасында адам қазіргі заманғы қоғамды, материалдық және рухани мәдениетті құрды, өмір жағдайын жақсартты. Осымен өзіне шексіз дамуға мол мүмкіндіктерді ашты. Еңбек құралдарын жасау және оларды жетілдіру ең әуелі еңбекпен байланысты. Олар өз алдына еңбек өнімділігінің, ғылымның дамуының, өндірістік өнімнің, техникалық пен көркем шығармашылықтың артуының факторы болды. Адам іс-әрекеті – ол өте күрделі көп қырлы құбылыс.
Еңбек іс-әрекетінің психологиялық жағының ерекшелігі: еңбек өзінің обьективтік қоғамдық мәні бойынша, қоғамға пайдалы өнімді жасауға бағытталған іс-әрекет болып саналады. Еңбек әрекетінің барлық бөліктері оның соңғы бөлігіне, оның қрытынды нәтижесіне, бағынатындықтан еңбек іс-әрекетінің мотивациясына арнайы сипат беріледі: іс-әрекет мақсаты оның өзі емес, оның өнімі болып табылады. Адамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын барлық заттарды бір адам ғана өндірмейді, сондықтан адамның іс-әрекетінің мотиві болып оның әрекетінің өнімі емес, басқа адамдар іс-әрекетінің өнімі, қоғамдық іс-әрекеттің өнімі саналады. Еңбекте еңбек техникасы ғана емес, адамның еңдекке қатынасы да маңызды болады. Міне, осы адамның еңбек әрекетінің негізгі мотивтерін құрайды.
Еңбек ету - өзіңді әрекетте көрсету. Еңбекте де, адамның шынайы іс-әрекетіндегі сияқты оның тұлғасының барлық жақтары мен көрінестері қатысады. Әрбір еңбек өзіндік күрделі техникасы болады және оны меңгеру қажет. Сондықтан білім мен дағды еңбекте маңызды рөл атқарады. Білім мен дағды болмаса, ешқандай еңбек болмайды [27].
Адам психикасын қалыптастыруда шешуші роль атқаратын әрекеттің бірі –еңбек. Еңбек адам тіршілігінің арқауы, оның өмір сүруінің басты шарты. Еңбектің адам сезімінің қалыптасуына әсер ететіндігін К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко нақты талдаулар жасаған. Еңбек әрекетінің негізгі ерекшелігі – оның жоспарлылығы мен белгілі тәртіпке бағынатындығы. Еңбек үрдісі қызметкерде арнаулы білім жүйесі, дағды, дағды, икемділіктердің болуын, зейінділікті, күшті ерік күшін, белгілі еңбек тәртібі қажет етеді. Еңбектегі табыстар мен жетістіктер, нәтижелер адамның дүние танымына, көзқарасына, мақсат – міндеттеріне, қажеттілігіне сай әр түрлі болады. Не үшін еңбек ететінгін ұғыну, саналылығымен сезіну еңбек етудің ең басты түрткісі болады.
Еңбек үстінде адам қоғамға қажетті материалдық игіліктерді өндірумен бірге өзінің психологиялық қасиеттерінің жақсы жақтарын қалыптастырады. Еңбек үстінде өзіне - өзі қызмет ету қабілеті, тәжірибелік іскерлігі, дербестігі, икемділігі, қарым – қатынас ережелері, ынтасы мен тапқырлығы шыңдала түседі.
Психологияда іс-әрекеттің жетекші түрі деген ұғым бар. Белгілі бір жас кезеңіндегі бала психикасында, оның психикалық үрдістерінде және тұлғаның психикалық қасиеттерінде басты, маңызды өзгерістер тудыратын іс-әрекет түрін жетекші дейміз. Еңбек психологиясы – еңбек іс-әрекетінің нақты нысандарының және адамның еңбекке деген көзқарасының қалыптасуының психологиялық заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Еңбек психологиясының обьектісі – индивидтің өндірістік жағдайларындағы және оның жұмыс күшін ұдайы өндіру жағдайларындағы әрекеті. Еңбек психологиясының негіздері медицинаның, физиологияның, техниканың, социология мен саяси экономиканың ықпал әсерімен қалыптасты. Еңбек психологиясының қазіргі уақыттағы басты-басты міндеттері өндірістік қатынастарды жетілдіру, еңбектің сапасын жақсарту, өмірлік жағдайларды жақсарту, апаттық жағдаяттарға жол бермеу міндеттерімен тығыз байланысты.
Еңбек іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктері төмендегі мәселелер қарастырады:
1. кәсіби іс-әрекеттің нақты түрлерінің психологиялық ерекшеліктері (оның құралы, жағдайы, мазмұны ұйымдасытырлуы, қателер талдауы, мамандықтың жіктелінуі және тб.);
2. еңбектің қауіпсізідігне, сенімділігіне, құндылығына адамның индививдуальды-психологиялық ерекшеліктерінің ықпалы;
3. адамның кәсіби жарамдылығының қалыптасуының психологиялық заңдылықтары (еңбекке кәсіби бағдар, кәсіби іріктеу, кәсіби дайындық, бейімделу );
4. еңбек субьектісінің қызметтік жағдайы (зорығу, эмоционалды қысым, стресс және тб);
5. адам мен техниканың өзара қатынасының психологиялық заңдылықтары;
6. жаңа техниканы эксплуатациялау және құрастыру процесіндегі инженерлік-психологиялық қамтасыздық (жоба, бағалау) [11].
Адамның басты ерекшеліктерінің бірі – адамның екбекке қабілеттілігі, ал кез келген еңбек түрі іс-әрекет болып табылады. Кез келген қарапайым іс-әрекеттің белсенділік формасы, қозыдырушы себептері бар және ол белгілі жетістіктерге бағытталады. Мотив бұл адамның белгілі ір әрекет үшін саналы меңгерілген талаптануы. Е.П.Ильин: «Адамның әрқандай қылық әрекеті оның себеп күштеріне байланысты» - деп ой қорытындылаған.
Мотивация адам мінез-құлқының ынталандырушы, реттеуші күші ретінде, барлық іс-әрекет түрлерінің нәтижелігіне үлкен әсерін тигізеді. Психологиялық зерттеулерде мотивация мен іс-әрекеттің өзара байланыстылығына көптеген ғылыми жұмыстар арналған.
Б.И.Додонов іс-әрекеттің күрделі мотивтер арақатынасының сызбасын ұсынды. Бұл схема бойынша адам еңбек әрекетінде мотивтер келесі «шекті» құрамымен жүзеге асады:
• Іс-әрекет процесінің өзінен қанағат алуы,
• Іс-әрекеттің тікелей нәтижесі,
• Іс-әрекет үшін сыйлық беру (еңбек ақы, атақ, даңқ),
• Іс-әрекет дұрыс орындалмаған жағдайларда жазаланудан қорқу-депривация.
Сонымен қатар, еңбек әрекетінде мотивацияға байланысты ғылыми зерттеулер бір-біріне қарама қарсы теориялық концепциялармен, әр түрлі әдістемелік бағыттармен, зерттелетін құбылыстардың көпмағыналылығымен сипатталады. Бұл зерттеулердегі белгілі бір жүйенің жоқтығы мотивациялық зерттеулерді өзекті мәселелердің қатарына жатқызады. Осы мәселеге байланысты пікірлер мен теориялардың ортақ жетіспеушілігі мотивация процесін қарастыруда жүйелі бағыттың жоқтығында, осының нәтижесінде ынтаның пайда болуы мен шешім қабылдауға әсер ететін кез келген фактор мотив болып саналады.
«Фрейдтің еңбек іс-әрекетіне деген көзқарасы пессимистің, өйткені ол еңбекті адамның тамақ пен тіршілік еті құралы ретінде қарастырады», - дейді О.Брайн. Фрейд бойынша, еңбек адам өмірін құрайды және мәнді етеді. Еңбек іс-әрекетінде адам өзі үшін қолайлы қызмет атқарады, себебі ол реалды өмірге бейімделуге және үйренуге мүмкіндік жасайды. Сөйтіп адам есеюге ұмтылыс жасайды. Оның ойынша, адамдар көп уақытын еңбек іс-әрекетіне жұмсаса, адам бойындағы қуат жасырын түрде қалып, махаббат пен жеке белсенділікке аз қуат қалады.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?