Экономика | Адам дамуы тұжырымдамасы

 Экономика | Адам дамуы тұжырымдамасы

Мазмұны

• Кіріспе

• Адам капиталы теориясы – білім роліне деген сапалық жаңа тәсілдің бастамасы.

• Адам дамуы тұжырымдамасындағы білім.

• Әлемдік білім беру прогресінің үрдерістері және білім саласында адам дамуы принциптерін іске асыру бойынша дүниежүзілік қоғамдастықтың күш-жігерлері.

• Қортынды.

• Қолданылған әдебиет.

Адам капиталы теориясы – білім роліне деген сапалық жаңа тәсілдің бастамасы.
Білімнің қоғам мен адам дамуындағы айқындауыш ролін тану адам капиталы теориясының негізін құрды, ол бір мезгілде адам дамуы тұжырымдамасының пайда болуының теориялық алғышарты және маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Адам капиталының теориясы – білімнің әлеуметтік қызметіне принципті, сапалық жаңа көзқарас.
Сансыз көп теорияларда білім не тиімділігін арттырудың факторы, немесе ғылым және техникалық прогрестің қозғаушысы ретінде қаралып келді, бірақ барлық жағдайда да оған қосалқы, көмекші роль берілетін еді.
Қоғамға білімді шындап бағалауға оған тек капитал ретінде қарау ғана көмектесеті, әрі ол құнды және ең сенімді капитал болады.
Осындай ұғымды біз сонау ХVІІІ ғасырдан кездестіреміз. Әйгілі Ағарту заманында Вольтер, Руссо; Дидро және Гельвенций білім мен ғылымның қоғам дамуындағы нағыз құдіретті күші туралы айтты. Одан кейінірек уақытта Бенджамин Франклин бүкіл даналық пікірлерге тән қарапайым ой айтты: «Егер әмиянның ішіндегісін басыңызға құйсаңыз, оны сізден ешкім де тартып ала алмайды.
Адам апиталы тұжырымдамасының кейбір алғышарттары классикалық саяси экономияда, марксизмде, әлемдік экономикалық пікірдің өзге де ағымдарында қаланған еді, бірақ ол үйлесімді және тиянақты теория болып тек ХХ ғасырда ғана ресімделді.
Адам капиталының теориасы өзінің қазіргі заманғы қалпында алғаш рет «чикаголық мектептің» өкілдері, американдық екі ғалым Т.Шульц пен Г.Бекердің еңбектерінде жүйелі түрде мазмұндалды. Т.Шульц 1960-1961 жж. «білім капиталын жасау» және «Адам капиталына инвестициялар» мақалаларын жариялады, мақалаларда жаңа теорияның негіз қалаушы қағидалары тұжырымдалды. Г.Беккер 1964 жылы «Адам капиталы: теориялық және эмпирикалдық талдау» іргелі еңбегін шығарды. Кейіннен екі ғалым да өз еңбектері үшін Нобель сыйлығын алды.
Адам капиталы теориясының ғылыми және қоғамдық тұрғыдан танылуына, осы теорияны әзірлеуге ХХ ғасырдағы экономикалық, басқарушылық және әлеуметтік ілімнің аса көрнекті өкілі Питер Друкердің қатысуы өз септігін тигізді. Оның «Білім революциясы» мақаласы ғылыми және саяси тұрғыда кең резонанс туғызды. Автор осы мақадасында была жазады: «Білім – бүгінгі таңдағы жеке-дара нақты капитал. Халық білімін дамыту – капитал жасаудың ең маңызды құралы, ал білімді адамдардың саны, олардың білім сапалары мен осы білімдерді пайдалану – байлық өндірудегі ел қабілетінің ең қабілетінің ең маңызды көрсеткіші .
Адам капиталы теориясының тағдыры бақытты болды. Оның практикалық құндылығын озық елдердің үкіметтері тез арада мойындады. өткен ғасырдың 60-шы жылдары білімге арналған инвестициялардың күрт өсуінің, білім беру қызеттері ауқымдарының таң қаларлық ұлғайюының, жаппайлығы мен мүмкіндігінің заманы болды.
Енді адам капиталы теориясының өзекті тармақтары туралы әігіме қозғайық. Ең алдымен мынаны атап көрсетелік, ол – бірден-бір экономикалық ілім, осы ілім дәстүрлі экономикалық санаттарға сүйенуге ұмытылып, соның ішінде рухани, зиялы бағыттылықтағы институттарды да қарайды.
Адам капиталы, өзге капиталдың кез келген түріне белгілерге ие, сонымен қатар оның елеулі айрықшалығы бар. Адма капиталы теориясы жөніндегі ресейлік жетекші маман С.А. Дятлов біз талқылап отырған құбылыстың мынадай өзіндік ерекшеліктерін екшеп берді.
1. Инвестициялардың адам капталына қайтарымы оның иесінің өмір сүру мерзіміне тікелей қатысты болады. Адамға жұмсалымдар неғұрлым ертерек жасалса, соғұрлым ол тезірек қайтарым жасай бастайды. Бірақ мынаны ескеру керек, неғұрлым сапалы және ұзақ мерзімді инвестициялар анағұрлым жоғары және анағұрлым ұзақ уақыттық нәтиже береді.
2. Адам капиталы тек табиғи және моральдық тозуға ғана душар болмайды, сонымен бірге ол жинақталу мен көбеюге де қабілетті. Адам капиталының тозуы, біріншіден, адам организмі мен оған тән психофизиологиялық қызметтердің табиғи тозу дәрежесімен, ал екіншіден, білімнің ескеруінің немесе алған білім құндылығының өзгеруінің салдарынан болатынан болатын моральдық тозу дәрежесімен анықталады. Адма капиталының толықтырылуы қызметкердің мезгіл-мезгіл қайта оқу және өндірістік тәжірибе жинақтау үдерісінде жүзеге асырылады. Егер осы үдеріс үздіксіз жүретін болса, онда адам капиталын пайдалану шамасына қарай оның сапа және сан жөніндегі сипаттамалары жақсара түседі және өседі.
3. Адам капиталының қорлану шамасына қарай оның табыстылығы белсенді еңбек қызметінің жоғарғы шегімен шектелеін белгілі бір межеге дейін жоғарылайды да, сондан соң күрт төмендейді.
4. капиталды жасау кезінде «екі жақсы көбейткіш нәтиже» орын алады. Оның мәні былай, оқу үдерісінде тек оқитын адамның ғана емес, сонымен бірге оқытушының да мінездемесі мен қабілеті жетіле, өсе түседі, ол кейіншісінің де, сондай-ақ екіншісінің де табыстарын өсіреді.
5. Адамға жасалатын инвестициялардың барлығы бірдей адам капиталының жұмсалымдары болып таныла бермейді, тек қоғамдық мақсатқа сай және экономикалық қажеттілері ғана осындай жұмсалымға жатады. Мәселен, қылмыстық әрекетке байланысты шығынар адам капиталына жасалатын инвестициялар болып саналмайды, өйткені олар қоғамдық тұрғыда мақсатқа сай және қоғам үшін зиянды.
6. Адамға жасалатын жұмсалымдардың сипаты мен түрлері тарихиғ ұлттық, мәдени ерекшеліктерден және дәстүрлерден тарайды. Мәселен, білім деңгейі мен балалардың мамандық таңдауы едәуір шамада отбасылық дәстүрлерге және олардың ата-аналарының білім деңгейіне байланысты болады.
7. Капиталдың өзге әр түрлі нысандарына жасалатын инвестициялармен салыстырғанда адам капиталына жұмсалатын инвестициялар жеке адам тұрғысынан да, сондай-ақ бүкіл қоғам тұрғысынан да анағұқрлым пайдалы.
Мынаған ерекше назар аударғанды жөн көреміз, адам капиталы дегеніміз – бір мезгілде жеке де және қоғамдық та капитал. Ол жеке адамның мәртебесіне де, сондай-ақ бүкіл қоғамның даму деңгейіне де айқындауыш ықпал жасайды.
Адам капиталы теориясы пайда болғанға дейін білімді экономикалық тұрғыда тек жұмыс күшін құрау, кадрларды даярлау мен біліктіліктерін көтеру ретінде ғана қарап келді. Адам капиталы теориясы тұңғыш рет білімнің жалпы эконоимкалық қайтарымы туралы мәселені қойды. Теорияның авторлары білім мен эконмикалық өсудің байланыстылығын белгілейтін математикалық есептеулердің бірқатар әдістемелерін әзірледі.

Адам дамуы тұжырымдамасындағы білім.
Адам капиталы теориясы әлемдік білім беру прогресінде аса көрнекті роль атқарды. Білімге жұмсалатын инвестициялардың тиімділігі мен айрықша пайдалылығы, білім жүйесін қаржыландырудағы «қалдық қағидасының» дәрменсіздігі дәлелденді. Білім әйтеуір теория мен мемлекет мағлұмдайтын саясатта, қалай болғанда да, бұрынғыдай өндірістік саланың қарауындағы сала, қағам зейінінің қосалқы дәреежелі объектісі ретінде ұғынылмайтын болды.
Алайда адам капиталы теориясының «экономикалық ауытқуы» тосын ашылған қарама-қайшылықтар және білім мен экономикалық дамудың өзара қатынастарындағы нағыз озаштықтарды түсіндіруде оны дәрменсіз етті.
Соңғыларына, мәселен, «білім беру шиыршығының оғаштығы» аталатын көзқарас жатады. Оның тұжырымы былай, білімнің экономикалық құндылығы неғұрлым көп төмендесе, білімді жұмыс күшінің арасында жұмыссыздық неғұрлым көп болса, соғұрлым аттестат алудың маңызы арта түседі, өйткені тек аттестаттың болуы ғана әйтеуір бір жұмысқа орналасуды кепілдейді. Яғни білімнің экономикалық құндылығы неғұрлым аз болса, соғұрлым оған сұраныс көп болады.
Адам капиталы теориясын қолдануда посттоталитарлық елдердің транзиттік экономикасында проблемалар бар. Соның ішінде жаңа әлеуметтік жүйегее өту кезінде қорланған адам капиталы құнсызданатыны анықталды. Бұл жалақының, ал одан кеңірек тұрғыда адамдар мәртебесінің білімге байланыстылығын бұзады.
Дегенмен, адам капиталы теориясына қиыспайтын осындай үйлесімсіздік кеңес қоғамында орын алды. Мұнда ол еңбек рыногының жоқтығымен, көбіне «қоймаға» жұмыс істейтін кәсіпорындардағы қоғамға керек емес қыруар жұмыс орындарының болуымен, сондай-ақ жұмысшы табын идеологиялық тұрғыда асыра дәріптеумен байланысты болды.
Адам капиталы теориясына тән білімнің экономикаға ықпалына өлшеу және математекалық сипаттау әрекеттері әр елдердегі білімділік деңгейін формалистік бағалауға апарып соқтырды. Өлшеулер шегінің сыртында американдық мектептер түлектерінің арасында кең тараған функционалды сауатсыздық, бұрынғы КСРО жоғары оқу орындарында шын оқу емес, ал «дипломға кезекке тұру» және қазіргі Қазақстандағы көптеген жеке оқу орындарының кадрлар даярлаудың орнына дипломмен нақты сауда жасауы сияқты құбылыстар болды.
Экономикалық тәсілдер жиынтығында білім сапасын өлшеудің тиімді тәсілдері осы уақытқа дейін табылған жоқ.
Адам капиталы шектеулілігінің басты факторының мәні былай, осы теория даму логикасы мен постиндустриялық өркениеттің іргелі әлеуметтік мақсаттарына сәйкес келе бермейді. Күн тәртібіне білімнің тар экономикалық мәселері ғана емес, сонымен бірге оның әлеуметтік кең тиімділігі, қоғам және адам үшн өзіндік құндылығы, адам құқықтарының қамтамасыздығы контексіндегі білім туралы мәселелер көбірек ұсынылатын болды.
Жаңа үрдірстер мен талаптарға адам дамуы тұжрымдамасының контексіндегі білімге тәсіл жауап қайтарды.
Адам дамуының аса маңызды факторы ретінде білім эконоимкалық, саяси, әлеуметтік және гуманитарлық проблемалардың тұтас жиынтығын шешуге айқындаушы немесе біршама елеулі көрсетуге лайықты. Ондай проблемаларға мыналар жатады: әр елдегі халақтың қазіргі заманғы өркениет деңгейі мен тұрмыс сапасына қол жеткізу, кедейшілікті бағындыру мүмкіндігі, тиімді жұмыспен қамтылуды қамтамасыздандыру, әлеуметтік теңсіздіктің деңгейін төмендету, гендерлік және этникалық теңсіздіктен арылу, қылмыстылықты азайту, АИВ/ЖИТС ауруының таралуына қарсы күрес жүргізу, саяси және ұлысаралық жанжалдардан арылу және сақтандыру, орнықты дамуды қамтамасыз ету, азаматтық қоғамның құрылымдарын күшейту, адам құқықтарын сақтау және тиімді іске асыру, тұлғаның өз мүмкіндіктерін толық және жан-жақты іске асыруы үшін жағдайлар жасау.
Сонымен, білімді аса маңызды адам капиталы ретінде қарай отырып, адам дамуының тұжырымдамасы білімнің кең ауқымды және көп қырлы әлеуметтік қызметьтерін бекітіп, оған осы заманғы социумның іргелі проблемаларын шешуде басты роль береді.
Әлемдік білім беру прогресінің үрдістері және білім саласында адам дамуы принциптерін іске асыру бойынша дүниежүзілік қоғамдастықтың күшжігірлері.
ХХ – ғасырдың соңғы ширегінде әлемде білім революциясы құлаш жайды. Алғашқыда оған жанама құбылыс, ғылыми-техникалық ревалюцияның «әлеуметтік салдарларының» бірі ретінде қарап келді. Ол бастапқыда да осындай еді, бірақ одан әрі салдар себепке дейін өсті. Білім тек экономикалық және ғылыми-техникалық прогресте ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?