Қаржы | Ақша қаражаттар қозғалысы

 Қаржы | Ақша қаражаттар қозғалысы

Мазмұны

Кіріспе
1 бөлім . Ақша қаражаттар қозғалысы туралы жалпы түсінік .
1.1 Ақша қаражаттар қозғалысының мәні , мазмұны және түрлері .
2 бөлім . Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептітік .
2.1 Операциондық қызметтен болатын ақша қаражаттарының қозғалысы .
2.2 Инвестициялық қызметтен болатын ақша қаражаттарының қозғалысы .
2.3 Қаржылық қызметтен болатын ақша қаражаттарының қозғалысы .
3 бөлім . Қаржылық есепкерлікті құрастыру әдістері .
4 бөлім . Өзге де ақша қаражаттарының қозғалысы .
Қорытынды

1 бөлім . Ақша қаражаттар қозғалысы туралы жалпы түсінік .
1.2 Ақша қаражаттар қозғалысының мәні , мазмұны және түрлері .

Ақша қаражаттары – ақша мен төлеуге дейінгі салымдар .
Ақша қаражаттарының қозғалысы – шаруашылықтағы тауарларды өткізуге , сондай-ақ тауарлы емес төлемдерді және есеп айырсуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы.
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерде өндірілген өнімді сату барысында, сондай-ақ материалдық құндылықтарды, негізгі құраллдарды, тауарларды сатып алғанда немесе көрсетілген қызметке және бюджетке немесе бюджеттен тыс басқа мекемелерге әртүрлі төлемдерді төлеуге байланысты түрлі олерациялар пайда болады . Осындай кәсіпорындар мен ұйымдардың арасында алашақ және берешек операциялар туындайды . Әрбір кәсіпорын , ұйым , мекеме немесе фирма әдетте бір уақытта өндірілген өнім сатып немесе өызмет көрсетіп , жабдықтаушы ретінде болатын болса , екіншіден сол өнімдерді өндіріп шығыру үшін қажет болатын шикізат пен материалдармен жабдықтайтын жабдықтаушылар алдында сатып алушы болып табылады . Осындай кәсіпорындар мен ұйымдардың арасында алашақ және берешек операциялар көбіне қолма-қол және қолма-қолсыз ақша төлеу жолы арқылы жүргізіледі .
Қолма-қол ақшалар қозғалысы – нақты ақшалар қозғалысын білдіреді . Оған банкноталар , монеталар , және қағаз ақшалар қызмет етеді .
Қолма-қолсыз ақшалар қозғалысы – қолма-қолсыз ақшалар айналымының ақшаларының қозғалысы . Мұнда чектер, пластикалық корточкалар электрондық аударымдаар көмегімен пайдаланатын клиенттердың шоттардағы сақтаған ақшалары.
Қолма-қол ақшалармен есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізілуі тиіс . Ақшалай қаражаттарымен есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу мен ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып табылады :
1. Ақшамен есеп айырысу операцияларын толық және уақыттылы дер кезінде есептеу .
2. Субъектідегі ақшалар қаражаттардың түгелдігін және оларды дұрыс және тиімді пайдалануды бақылау .
3. Есеп айырысу , төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорынның , ұйымның немесе фирманың ақшалай кірістері мен шығындары дұрыс есептеу .
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебінің мәні мен маңызын ескере отырып , біз олардың құрамына не жататынын қарастырайық . Жаңа шоттардың жұмыс жоспарын пайдаланып , олардың құрамына :
- Кассадағы теңге түріндегі ақша қаражаттары ( 1010-шот ) ;
- Кассадағы валюта түріндегі ақша қаражаттары ( 1020-шот ) ;
- Жолдағы теңге түріндегі ақша қаражаттары ( 1030-шот ) ;
- Ағымдағы банктік шоттардағы теңге түріндегі ақша қаражаттары ( 1040-шот ) ;
- Ағымдағы банктік шоттардағы валюта түріндегі ақша қаражаттары ( 1050-шот ) ;
- Дипозиттік банктік шоттардағы ақша қаражаттары ( 1060-шот ) ;
- Арнайы шоттардағы ақша қаражаттары ( 1070-шот );
Оларды мазмұндары бойынша жеке-жеке қысқаша қарастырайық .
Біріншіден , кассадағы теңге түріндегі ақша қаражаттары ( 1010-шот бойынша ) . Әрбір кәсіпорындар мен ұйымдардың , яғни субъектілердің қолда бар нақты ақшалай қаражаттарын сақтайтын өзінің кассасы болуы керек. Мұнда теңге түрінде жүргізілген операциялары осы шотта жинақталады . Кассаға ақша қабылдау кассаның к іріс ордерлері , ал ақшаның беруі шығыс ордерімен рәсімделеді . Жазылған касса ордерлері немесе олардың орнына жүретін құжаттар кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тіркеледі.
Екінші , кассадағы валюта түріндегі ақша қаражаттары (1020-шот) . Мұнда шетел валюсымен есеп айырсуды жүргізген кезде осы шотын ашаты . Валюта кассасындағы есп субъект кассасындағы операцияларға ұқсас жүргізіледі , тек оның айырмашылығы мынадай : кіріс және шығыс ордерлерінде , касса кітабында қаражаттар сомалары шетел валюталарымен және теңгеге айналдырылған түрінде көрсетіледі .
Ал , жолдағы теңге түріндегі ақша қаражаттары - бұл аударылған, бірақ әлі кәсіпорынның шотына келіп түспеген , яғни кіріске алынбаған ақша қаражаттары . Бұл жаңа шоттардың жұмыс жоспары бойынша 1030-ші шотта жүргізіледі . Бұл шот ай соңында кәсіпорынға немесе фирмаға басқа кәсіпорын , ұйым немесе фирмалардан аударылған , бірақ әзірге түспеген , яғни кіріске алынбаған жолдағы ақшалай қаржылар жайлы ақпараттарды қорытындылауға арналған .
Төртінші , ағымдағы банктік шоттардағы теңге түріндегі ақша қаражаттары (1040-шот) . Ағымдағы шот – бұл банктік шот, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін , сондай-ақ заңды тұлғаның ақшаланған бөлімшелері үшін де ашылады . Банк келісім бойынша ағымдағы шоттарын ашқан кезде , шот иесінің пайдасына келіп түсетін ақшаны қабылдауды , оның өзіне немесе үшінші тараптарға тиесілі ақша сомаларын аудару жөніндегі ұйғарымын орындауды және басқа да қызмет түрлерін көрсетуді өз міндетінде алады . Банк шоттары бойынша жасалған келісім-шартты келесі мәліметтерден тұрады : реквизиттері ; келісім мәні немесе келісім-шарттың жасаған нәрсесі ; салық қызметі органдары берген салық төлеуші- шот иесінің тіркнме номері ; банктің көрсететін қызметінің шарты және оларды төлеу тәртібі .
Ағымдағы банктік шоттардағы валюта түріндегі ақша қаражаттары (1050-шот) . Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын сатылатын т.б. субъект үшін ашылады . Кәсіпорындар мен ұйымдар басқа шаруашылық субъектілеріне негізгі құралдарды , ТМҚ құндылықтарды және басқа да активтерді шетел валютасына сатқанда немесе олардан сатып алғанда , банктерден , сондай-ақ банкіден тыс мекемелерден шетел валютасымен несие алғанда немесе оны қайтарылғанда , тағы да басқа жағдайларда шетелдік валюталармен жүргізілетін операциялар осы шотта жинақталады .
Ал , дипозиттік банктік шоттардағы ақша қаражаттары (1060-шот), яғни субъектінің құрамына кіретін филиалдардың , құрылымдық бірліктердің ақша қаражаттары көрініс табады , онда ағымдағы шығыстарын (еңбекақы , кейбір шаруашылық шығыстары , іс-сапар шығыстары т.б.) жүзеге асыру үшін жергілікті банк мекемелерінде ағымдағы шотын ашады .
Ең соңғы , бұл арнайы шоттардағы ақша қаражаттары (1070-шот) – кәсіпорындар банкідердің арнаулы шоттарында жасалатын операцияларының есебі осы шотта жүргізіледі . Олардың қатарына келесі шоттар кіреді :
- “ Аккредитивтегі ақша қаражаттары ” шоты . Бұл шотта аккретивтегі ақша қаражаттарының қозғалысы есепке алынады . Аккредитив- клиенттің тапсыруымен өзі келісімге отырған контрагенттің пайдасына берілген банкісінің сөзсіз орындалуы тиісті міндеттемесі.
- “ Чек кітапшаларындағы ақша қаражаттары ” шоты бойынша есеп айырысу чек кітапшаларындағы чектер арқылы есепке алынады. Чек- бұл өзінің шот есебінен қаражатты алушының шотына белгілі бір соманы аудару жөніндегі арнаулы қағазға толтырған клиенттің өзіне қызмет көрсететін банке берген жазбаша тапсырмасы .
- “ Банктердегі арнайы шоттардағы ақша қаражаттары ” шотында айрықша сақтауды талап ететін қаражаттар есепке алынады . Бұлар үкіметтің жәрдемі ретінде алынған қаражат , жергілікті бюджеттен мақсатты қаржыландыру , кәсіпорынның өтініші бойынша жеке шоттан күрделі қаржыны қаржыландыруға шоғырландыратын және жұмсалатын қаражаттар .
2 бөлім . Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептітік .
2.1 Операциондық қызметтен болатын ақша қаражаттарының қозғалысы .

Таяу уақытқа дейін ақша қозғалысы туралы есеп құрылған жоқ , ал шет елдерде ақша қаражатының жеткіліктілігін анықтау мақсатында қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы есеп қолданылады . Ол ағымдағы активтер мен ағымдағы қарыздар – пассивтер арасындағы айырмашылық ретінде есептелген айналас қаражаттары позициясынан құралады , сонымен қатар, жеке айналыс қаражаттарының пайда болу көздерін және олардың пайдалануын көрсетеді .
Бірақ кейінгі кезде шет елдерде айтарлықтай белгілі басқа әдіс пайда болды , бұнда қорлар ақша қаражаты сияқты баяндалады және осы әдістің негізінде жасалған есеп беруде тек ақша қаражаттары түсуінің көзі және оларды пайдалану келтіріледі . Бухгалтерлік есеп бойынша халықаралық ұйым ( FASB ) 1987 жылы пайда және шығын бойынша есеп берумен бір уақытта ұсынылатын ақша қаражаты қозғалысының есебін жасауды ұсынды .
Ақша қозғалысы туралы есеп беру – бұл кәсіпорынның есепті қаржылық жағдайындағы өзгерістерді бақылауға мүмкіндік беретін мерзімде операциялық , инвестициялық және қаржылық қызмет мөлшерінде ақша қаражатының келуі немесе кетуі бойынша ақпаратпен қамтамасыз етуші есеп беру түрі болып табылады .
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп халықаралық стандарттың 7 – бөлімінде “Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп” көрсетіледі . Бұл стандарттың мақсаты компанияның ақша қаражаттарын және олардың баламаларының тарихи өзгерісі туралы ақпаратты көрсетуді талап етеді . Компания ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті өзінің әр кезеңдегі қаржылық есептілігінің бір бөлігі ретінде көрсетуі керек . Қаржылық есептілікті пайдаланушылар ақша қаражаттарын қалай қалыптастырып , пайдаланатынын білгісі келеді . Бұл компания қызметінің сипатына байланыссыз , яғни ақша қаражаттары қаржылық институттағы сияқты компаниялардың өнімі болып табылатынына қатыссыз . Компанияның түсім әкелетін қызмет түріне байланыссыз оған ақша қаражаттары керек . Олар ақша қаражаттарын әр түрлі операциялар жүргізу үшін , міндеттемелерді өтеу үшін , өз инвесторларына табыс әкелу үшін қажетсінеді . Сәйкесінше бұл стандарт барлық компаниядан ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілікті талап етеді .
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепте операциялық , қаржылық және инвестициялық қызметтен алынатын түсімдер мен кезең ішіндегі ақша қаражаттары төлемдері бейнеленеді .
Операциялық қызмет – тауар өткізуден түскен түсім , қызмет көрсетуден түскен түсім , төлемдерді төлеуден , кредиторлық қарызды төлеу , еңбеақы төлеу , салық төлеуден ақша қаражатарының шығуы . Бұл түсімдерді тану тауар жеткізілгенде , қызмет көрсетілген сәтте таниды . Операциялық қызметтен түсетін түсім компанияның несиесін өтеу , операциондық мүмкіншіліктерін сақтау , дивидент төлеу , жаңа инвестиция салу операцияларын жүргізе алу дәрежесінің негізгі көрсеткіші болып табылады .
Операциялық қызметтен түсетін түсім компанияның түсім әкелетін негізгі қызметі . Осыдан олар таза түсім мен зиян құрамындағы операциялар нітижесі болады . Операциялық қызметтен болатын ақша қаражаттары қозғалысының түрлері :
1) Тауарды сатудан , қызмет көрсетуден түскен түсім .
2) Жалға беруден , гонорардан , комиссиондықтан түскен түсім .
3) Қызметкерлерге және олардан төлемдер .
4) Жабдықтаушыларға төленетін ақша .
5) Сақтандыру компанияларының сақтандыру премиялары , жылдық төлем , өзге сияқтылар түріндегі ақшалай төлемдер .
6) Қаржылық және инвестициялық қызметпен байланысты емес табыс бойынша салықтарды төлеу .
7) Коммерциялық , сауда – саттық мақсатындағы контракт бойынша төлемдер мен келіп түсулер .
Компанияда қайта құруға арналған бағалы қағаздар немесе коммерциялық және сауда – саттық мақсатындағы несиелері болуы мүмкін . Бағалы қағаздардан түскен ақша қаражаттарының қозғалысы операциялық қызмет болып жіктеледі . Осыған ұқсас қаржылық компаниялар төлейтін ақшалай аванстар мен несиелер операциялық қызметке жатады , себебі олар қаржылық компанияның негізгі түсім әкелетін қызметіне жатады .

Операциялық қызметтен ақша қаражаттар ағымына ағымдағы активтер мен міндеттемелер құрамындағы өзгерістерді талдау .

Операция әсерінен бухгалтерлік баланстағы ағымына ағымдағы активтер мен міндет-
темелер құрамындағы өзгерісі Ақша қаражаттар ағымына әсер еткен операциялар мазмұны Шаруашылық операциялардың ақша қаражаттар ағымына жалпы әсері
ТМҚ артуы (-) ТМҚ қорларды сатып алу нәтижесінде ақша қаражаттар шығуы (ол ТМҚ әлі өткізілмесе ) .
Операция операциялық қызметтегі ақша қара- жаттар массасының азаюына алып келеді .
Алынуға тиісті шоттар-
дың артуы (-) Тауарларды несиеге сату . Операция операциялық қызметтегі ақша қара- жаттар массасының азаюына алып келеді .
Алынуға есептелінген тиісті пайыздардың артуы (-) Кіріс және шығыс туралы есепте есеп- телген, бірақ алынбаған
пайыздарды көрсету . Операция операциялық қызметтегі ақша қара- жаттар массасының азаюына алып келеді .
Тауарды жеткізуге аванстың көбеюі (-) Болашақта алынатын тауарлар үшін жаб- дықтаушыларға ақша аудару . Операция операциялық қызметтегі ақша қара- жаттар массасының азаюына алып келеді .
Болашақ кезең шығыс- тарының көбеюі (-) Болашақта көрсететін қызметке ақша төлеу . Операция операциялық қызметтегі ақша қара- жаттар массасының азаюына алып келеді .
ТМҚ азаюы (+) Кіріс және шығыс туралы есепте өткен кезең сатып алынған тауарларды көрсету . Операция операциялық қызметтен пайда бола- тын ақша қаражаттар массасын арттырады .
Алынуға тиісті шоттар-
дың азаюы (+) Өткен кезеңде өткізілген тауарлар үшін ақша қаражаттарның келіп түсуі . Операция операциялық қызметтен пайда бола- тын ақша қаражаттар массасын арттырады .
Алынуға есептелінген тиісті пайыздардың азаюы (+) Өткен кезең табысында көрсетілген пайыздардың келіп түсуі . Операция операциялық қызметтен пайда бола- тын ақша қаражаттар массасын арттырады .
Тауарды жеткізуге аванстың азаюы (+) Өткен кезеңде төленген тауарлардың келіп түсуі . Операция операциялық қызметтен пайда бола- тын ақша қаражаттар массасын арттырады .
Кредиттік міндеттеменің артуы (+) Ақша қаражаттары ағып кетуін бол- дырмаған шығындарды
кіріс-шығыс есебінде көрсету . Операция операциялық қызметтен пайда бола- тын ақша қаражаттар массасын арттырады .
Еңбекақы бойынша міндеттеменің артуы (+) Есепті кезеңде есептелген, бірақ әлі төленбеген еңбекақыны көрсету . Операция операциялық қызметтен пайда бола- тын ақша қаражаттар массасын арттырады .
Кредиттік міндеттеменің азаюы (+) Өткен кезеңде пайда болатын кредиттік міндеттемені төлеу Операция операциялық қызметтен пайда бола- тын ақша қаражаттар массасын арттырады .
Еңбекақы бойынша міндеттеменің азаюы (-)Өткен кезеңде есептелетін қалған еңбекақыны төлеу Бұл операция ақша қаражаттар массасының азаюына алып келеды .
2.2 Инвестициялық қызметтен болатын ақша қаражаттарының қозғалысы .

Инвестициялық қызмет – ақша эквивалентіне қосылмаған ұзақ мерзімді активтер мен басқа да инвестицияларды сатып алу және сату.
Яғни бұл ұзақ мерзімді активтерді сатып алу мен өткізуге байланысты қызмет .
Инвестициялық қызметтың ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебін дәлдеп көрсету өте маңызды , себебі ол болашақ табыс алу мақсатындағы ресурстарды құру үшін кеткен шығын дәрежесін көрсетеді . Олар :
1) Негізгі құралдар , материаалдық емес активтер , өзге де ұзақ мерзімді активтерді сатып алуға кеткен шығындар .
2) Негізгі құралдар , материаалдық емес активтер , өзге де ұзақ мерзімді активтерді сатудан түсім .
3) Өзге компаниялардың үлестік және қарыздық құралдарын сатып алу төлемдері .
4) Өзге компаниялардың , біріккен компаниялардың үлестік құралдарын сатудан түскен түсім ( ақша баламалары жатпайды ) .
5) Қаржылық компаниядан алынған аванс пен несиеден , өзге жақтардан алынған аванс төлемдері .
6) Жедел контракт , опцион , своптан ақшалай төлемдер (контракт сауда мақсатындағы және төлемдер қаржылық қызмет ретінде жіктелетін жағдайдан өзге ) .
Контракт белгілі жағдайды хеджерлер ретінде болса , ол бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы хеджерленген жоқтың ақша қаражаттарының қозғалысы сияқты жіктеледі .

2.3 Қаржылық қызметтен болатын ақша қаражаттарының қозғалысы .

Қаржылық қызмет - өзіндік капитал мен міндеттемелер құрамын қарыз ақша алу бойынша өзгеріске әкелетін қызмет .
Қаржылық қызмет бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпаратты да ашып көрсету өте маңызды , себебі ол ақпарат болашақ ақша қаражаттарының түсуіне қатысты компанияға капитал салатын инвесторлар талаптарын болжау үшін керек . Олардың қатарына :
1) Акция , өзге де үлестік құралдарды эмиссиялаудан түскен түсім .
2) Компанияның акциясын сатып алу немесе өтеу үшін акция иелеріне төлемдер .
3) Қамтамасыз етілмеген облигация , қарыз , вексель . Қамтамасыз етілген облигация , салымдар , өзге де қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерден түсім .
4) Несие сомасын ақшалай төлеу .
5) Қаржылық жал бойынша міндеттемені азайту мақсатындағы жал алушының төлемі .
Бухгалтерлік баланс баптарының өзгеруі , шығыс және кіріс туралы есепкерліклік және ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептіліктің арасындағы байланысты келесідей көрсетуге болады .
Бухгалтерлік баланс
І .Ұзақ мерзімді активтер
ІІ . Ағымдағы активте
І . Меншікті капитал
ІІ . Ұзақ мерзімді міндеттемелер
ІІІ . Ағымдағы міндеттемелер
Ақша қаражаттары- ның қозғалысы туралы есеп
Операациялық қызмет
Таза пай
Түзетулер
( + )

( + )

( + )

( + )

( - )

( - )
Инвестициялық қызмет
Қаржылық қызмет
Шығыс және кіріс туралы есеп
Өткізуден түскен табыс
Амортизация бойынша шығыстар
Негізгі құралдарды өткізуден зиян
Бағалы қағаздарды өткізуден зиян
Негізгі құралдарды өткізуден табыс
Бағалы қағаздарды өткізуден табыс
Таза пайда
3 бөлім . Қаржылық есепкерлікті құрастыру әдістері .

Ақша қаражаттарының қозғалысының туралы есеп беруді құру үшін түрлендіру ақша есептеу жүйесі негізіндегі жасалған табыстар мен шығыстар туралы есеп беруді екі әдіспен жасалуы мүмкін : тікелей және жанама әдістермен .
Тікелей әдіс түсімдердің негізгі түрлерін ашу жолымен және табыстар мен шығындар туралы есептіліктің әр баптарын түгендіру жолымен төлеуді қарастырады . Бұл әдіс алдағы ақша қаражатты қозғалысын болжау үшін пайдалы болуы мүмкін ақпараттарымен қамтамасыз етеді . Яғни , тікелей әдіспен , ол жерде жалпы ақша түсімі мен төлемдердің негізгі түрлері көрсетіледі .
Тікелей әдісті қолдану кезінде жалпы түсімдердің негізгі түрі және ақша қаражаттарының жалпы төлемдері туралы ақпарат , біріншіден , тіркеу есебінен , табыстар мен шығыстар туралы есептердің кейбір баптарын сұрыптау жолдары арқылы алынуы мұмкін .
Нақтылап айтатын болсақ , тура әдісте ақпарат келесідей көрсетіледі :
1) Есеп регистрлерінен ( компанияның есептік жазбаларынан ) ;
2) Кіріс және шығыс туралы есептітіктегі мәліметтерге түзетулер енгізу :
- кезең ішіндегі қорлар өзгерісі мен операциялың кредиторлық және дебиторлық міндеттеме өзгерісі ;
- өзге ақшасыз баптар ;
- инвестициялық және қаржылық ақша ағымына әкелетін өзге де баптар .
3) Тауарды өткізуден түскен түсім , өткізілген өнімнің өзіндік кұны: - пайыз түріндегі табыстар , қаржылық мекемелерге пайыз төлемдері бойынша шығыстар .

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп - тікелей әдіс

Тауар , қызмет өткізуден түскен табыс = өткізілген өнімнің өзіндік кұны + ТМҚ артуы + саудалық кредиторлық берешектің азаюы - ТМҚ азаюы + саудалық кредиторлық берешектің артуы .

Ағымдағы шығыстар бойынша ақшалай төлемдер = ағымдағы шығыстар ( кезең шығыстары ) + болашақ кезең шығынтарының артуы + есептелінген кредиторлық міндеттеменің азаюы + болашақ кезең шығынтарының азаюы + кредиторлық міндеттеменің артуы – амортизация , өзге де аөшасыз шығыстар .

Табыс салығы бойынша ақшалай төлемдер ( КТС ) = табыс салығы - КТС бойынша міндеттеменің азаюы + КТС бойынша міндеттеменің артуы .
Жанама әдіс табыстар мен шығыстар туралы есептіліктің әрбір баптарын түрлендіруді қарастырмайды . Жанама әдісті қолдағанда , ақшалы емес операциялармен жасалатын , кез келген кейінге қалдырумен операциялық қызмет нәтижесінде туындайтын кейінгі немесе өткен есепті мерзімдегі түсімдер немесе төлемдер қаржылық және инвестициялық қызмет нәтижесімен байланысты табыс және шығыс баптары тиімділікті көрсету үшін таза пайданың немесе шығынның сомссы сұрыпталады . Жанама әдісті қолданғанда операциялық қызмет нәтижесінде пайда болған ақша қаражаттарының қозғалысы таза пайданы немесе шығынды сұрыптау жолымен анықталады .
Басқаша айтқанда , жанама әдіс , бұнда таза пайда мен зиянға ақшасыз сипаттағы , кейінге қалдырылған , өткен мерзімде есептелген , негізгі қызмет бойынша кез келген болашақ түсімдер мен төлемдер , инвестициялық және қаржылық қызмет бойынша ақша қаражаттарының келіп түсуі мен кетуіне байланысты шығыс және табыс операцияларының нәтижесі бойынша түзетулер жүргізіледі .
Сол сияқты жанама әдісті қолданғанда операциялық қызметте есепті мерзім ішінде табыстар мен шығыстар туралы есептітікке кірген кредиторлық және дебиторлық қарыздарды , өзгерістерді сұрыптай отырып , операциялық қызмет бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы табыс немесе шығыс сомаларымен көрсетілуі мүмкін .

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп - жанама әдіс

Таза пайдаға қосылады
Таза пайдадан шегеріледі
Есептелген тозу

Зиян (инвестициялық және қаржылық қызметтен ) Пайда (инвестициялық және қаржылық қызметтен )
Дебиторлық берешектің азаюы
Дебиторлық берешектің көбеюі
ТМҚ қалдықтың азаюы
ТМҚ қалдықтың көбеюі
Болашақ кезең шығыстарының азаюы Болашақ кезең шығыстарының көбеюі
Кредиторлық берешектің артуы
Кредиторлық берешектің азаяды
есептелінген міндеттеменің артуы
есептелінген міндеттеменің азаюы
Пайыз бойынша міндеттеменің артуы Пайыз бойынша міндеттеменің азаюы
КТС бойынша міндеттеменің артуы КТС бойынша міндеттеменің азаюы
Жанама және тікелей әдісті пайдалану бірдей нәтиже береді , сондықтан Бухгалтерлық есептің халықаралық стандарт жөніндегі комитет екі әдісті де мойындайды , бірақ тікелей әдісті пайдалануды ұсынады .
Жанама және тікелей әдісті қолдану арқылы жасалған ақша қозғалысы туралы есеп берудің арасындағы айырмашылық тек қана операциялық қызмет нәтижесіндегі ақша қозғалысының бөлімшесінде ғана болады .
Компания инвестициялық және қаржылық қызметтен пайда болатын жалпы ақша түсімдерімен жалпы ақша төлемдерін бөлек көрсетуі керек . Операциялық , қаржылық және инвестициялық қызметтен болатын ақша қаражаттарының қозғалысы туралы мәлімет есепкерлікте нетто әдісі бойынша көрсетілуі мүмкін .
Яғни , инвестициялық және қаржылық қызметтегі ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп берулерде субъектілер нетто негізінде ұсынылатын ақша қозғалысы жағдайынан басқа , қаржылық және инвестициялық қызметтен бөлініп шығатын жалпы түсімдер мен жалпы ақша қаражаттары төлемдерінің негізгі түрлері туралы бөлек есеп береді .
Нетто негізінде қаржылық мекемелердің келесі қызмет түрлеріндегі ақша қозғалысы бейнеленуі мүмкін :
1. Ақша қаражаттары көбінесе клиент қызметін көрсеткен кездегі сол клиенттерден түскен түсімдер мен төлемдер .
- банктің талап етуіне дейін салымдарды қабылдау және өтеу
- инвестициялық компания клиенттерінің қаражаттары
- меншік иесі атынан жиналатын және оған оған өткізілетін жал төлемі .
2. Үлкен сома , тез айналым , өтеу мерзімінің төмендігімен ерекшеленетін ақша қаражаттар түсімдері мен төлемдер баптары .
- кредит карточка иелеріне қатысты негізгі сома
- инвестицияны сатып алу және сату
- өзге қысқа мерзімді қарыздар .
Төмендегі қаржылық институт қызметтерінің біреуінің нәтижесінде пайда болатын ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепкерлікте нетто әдісі бойынша көрсетілуі мүмкін :
- бекітілген төлем мерзіміндегі салымдарды төлеумен байланысты ақша қаражаттарының қозғалысы .
- өзге де қаржылық институттарға салымдарды салу мен оларды алу
- клиенттерге ақшалай аванстық төлемдер және оларды өтеу ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?