Қаржы | Ақша туралы түсінік

 Қаржы | Ақша туралы түсінік

Мазмұны

КІРІСПЕ......................................................................................................................3
І. АҚШАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ
1.1. Ақшаның пайда болуы және оның тауарлы жаратылысы....................4
1.2. Кұн формаларының дамуы.......................................................................6
1.3. Ақша - тауардың жалпы эквиваленті ....................................................8

ІІ.АҚШАНЫҢ ФОРМАЛАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ, АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
2.1. Ақшаның формалары мен түрлері...............................................................9
2.2. Ақшаның атқаратын қызметтері.......................................................................16
2.3.Ақшаның қажеттілігі және оның экономикалық маңызы........................23
2.4 Инфляция – ақшаның құнсыздануы.......................................................27

ІІІ.ҚР-ң валюталық даму қарқыны................................................32

Қорытынды..............................................................................................................35
Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................................37


І. АҚШАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ
1.1.Ақшаның пайда болуы және оның тауарлы жаратылысы
Ақша адамдарға ежелден таныс. Бірақ оның қалай пайда болғандығы туралы құпия сыры және қоғам өміріндегі мәні көп уақытқа дейін беймәлім болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмірін зерттей келіп, оқымыстылар ақшаның тауар айналымында атқаратын маңызын жан-жақты ашып, жауап берді. Ақша - тауарлы өндірістің өнімі. Сонда өнім мен тауардың айырмашылығы неде? Тауардың ақшаның пайда болуына, оның қолдануының өрістеуіне әсер ету жағдайларын тарихи тұрғыдан қарап өтелік.
Қоғамдық дамудың алғашқы қауымдық құрылысы жағдайында бір қауым өз тұтынуынан ауысқан өзінің қандай да болсын еңбек өнімін анда-санда кездейсоқ кездескенде басқа бір қауымның өніміне айырбастайды. Сонда, адам еңбегінің нәтижесі - өнім (зат). Ал оны өндірушілердің белгілі бір қоғамдық қатынастарын, яғни өнімді сату-сатып алу қатынастарын дәлелдейтін түрі - тауар. Тауар дегеніміз сату-сатып алу жолымен айырбасқа түскен еңбек өнімі, немесе тауар - еңбек өнімінің айырбасқа арналған формасы. Тауар ең алдымен өндірушінің басқа өнімдерге айырбастау мақсатымен жасалған еңбек өнімі түрінде айырбас кезінде, яки нарықта көрінеді. Егер өнім өндірушінің өзінің тұтынуы үшін жұмсалса, ондай еңбек өнімі тауар сипатын алмайды. Мәселен, етікші өзі тіккен етікті өзі пайдаланса, онда ол тауар емес, тұтыну заты.
Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер нақты еңбектің нәтижесі - тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса, қоғам оны мойындамағаны, онда оны жасауға жұмсалған уақыт босқа кеткен уақыт болғаны да, зат тауар түріне ие ола алмағаны, себебі ол қоғамға керексіз зат. Тауардың басқа адамдардың қажетін қанағаттандыратын қасиеті тауар құнын тұтыну құны болады, яғни тауардың қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Тұтыну құны тауарды өндірушінің ең қажетін емес, басқа өндірушінің тауарына айырбастау арқылы басқа адамдардың қажетін өтейді. Тауардың басқа тауарға айырбасталу қасиетін оның айырбас кұны деп атайды. Айырбас құнын тауарлар сатылғанда ғана ілесе жүретін бағалық көрсеткіш айқын көрсетеді. Сонымен тауардың тұтыну құны басқа адамдардың қажетін қанағаттандыру қасиетінен шығады да, ал басқа тауарларға айырбасталу қасиетінен айырбас құны шығады. Әрбір тауар өзінін өндірушісіне айырбас құны ретінде тұтыну құнын алатын құрал болады. Айырбас құны, яғни тұтыну құндары айырбасталуының пропорциясы, ол - құнның айырбас актісіндегі сыртқы көрінісі.
Айта кететін жәйт, кез келген пайдалы зат құн бола алмайды. Себебі адам еңбегі жұмсалмаған заттардың құны жоқ. Мысалы, өңделмеген тың жер, өзендер мен теңіздер, жабайы жемістер, т.б. Сонда құн деген не? Құн дегеніміз -тауар өндіргенде жұмсалатын еңбек жиынтығы. Қоғам дамуының негізі - еңбек. Сондықтан, тауарға сіңген қоғамдық еңбек тауардың кұны болады. Бұл бір жағынан, ал екінші жағынан еңбек шығындары өздігінен өнімді құн ете алмайды. Құнды көруге, сезінуге бола ма? Өнімнің құны болуы үшін белгілі-бір қоғамдық жағдай болуы қажет - ол тауар өндірісі, яғни өндірістік қатынастар, оның ішінде айырбас қатынастары болуы шарт. Ол тек тауар өндірушілердің ғана қатынастары. Айырбас кезінде олардың белгілі бір тауарды басқа тауарларға теңестірулері кезінде, яғни айырбас құны арқылы көрінеді. Тауарлардың құнын зертханада физикалық, ия болмаса химиялық талдау жасап байқауға болмайды. Оны тек қоғамдық сипатта - нарықта, айырбас кезінде байқауға болады. Сөйтіп құн деген заттың қоғамдық қасиеті.
Құн - тарихи категория. Құнның негізі - адам еңбегі. Құн - еңбектің нәтижесі, еңбек жемісі. Құн деген идея адамзат тарихында көптен бар. Ал оның еңбек теориясынын негізін қалаушылар ХҮІІ ғасырдағы ағылшын экономисі У.Петти, ХҮІІ ғасырда өмір сүрген шотландық А.Смит, XIX ғасырдағы, ағылшын бизнесмені Д. Рикардо болды. Ал құнның еңбек теориясына басты үлесті XIX ғ. К. Маркс қосты. Ол тауарға жұмсалатын еңбектің екі жақты сипатын, яғни белгілі бір тұтыну құнын жасайтын нақты еңбекті және құнның сыртқы көрінісін жасайтын абстрактылы еңбекті ашып, оны жан-жақты талдады. Тауардың екі жағының -тұтыну құны мен құнының - қайшылықтары болғанымен, ол ажырағысыз бірлік түрінде көрінеді.
Тауардың ішкі қайшылықтары қандай жағдайда шешіледі деген сұраққа жауап іздестірейік. Қоғамдық еңбек, яғни басқалар үшін еңбек ету қоғам дамуының барлық сатыларында болады. Алғашқы қауымда да, патриархаттық отбасында да адамдар өз күш-қуатын жұмсай отырып, өз отбасына қажетті өнім шығарып, бір-біріне еңбек етті. Алайда мұнда құн пайда болған жоқ. Себебі тауар пайда болған жоқ, яғни еңбек өнімдері айырбасқа түскен жоқ. Тауар болу үшін өнімнің басқа бір өнімге айырбасталу қасиеті ол өнімді сату-сатып алу кезінде, яғни нарықта оны тұтыну құны және құн етеді. Өйткені, егер өнім (зат) сатылса, оның тұтыну құны басқаның қажетін өтеуге керек болғаны. Бұл біріншіден. Екіншіден, оның құнының бар екені дәлелденгені. Міне дәл сатып алу-сату жағдайында (нарықта) тауардың ішкі қарама-қайшылықтары шешіледі.
Адамзат қоғамының даму сатыларында айырбас, қатынастары да дамып, одан әрі жетіліп, нарықта тауарлар тек натуралды зат ретінде ғана бір-біріне айырбасталып қоймай, бүкіл тауарлар дүниесінен ерекше бір тауар, яғни тауар-ақша пайда болды. К. Маркстың сөзімен айтқанда: "Айырбас құны, тауарлардан бөлініп және сол тауарлармен қатар дербес тауар ретінде жүретін тауар, ол - ақша" . Әрбір жеке тауар тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны белгісіз, ол тек тауарды ақшаға теңгергенде ғана анықталады. Тауар мен ақша айырбас процесінде бірін-бірі алмастырады және біріне-бірі теңгеріледі.

1.2 Кұн формаларының дамуы
Алғашқы қауымдық құрылыстың өрістеген шағында, яғни бір қауым өзінің тұтынуынан артылған кез келген өнімін анда-санда, кездейсоқ кездескенде басқа қауымның өніміне айырбастағанда құнның алғашқы формасы - құнның қарапайым, жеке немесе кездейсоқ формасы көрінеді. Мысалы, 1 өлшем астық 1 қойға және т.б. айырбасталды немесе Т=Т. Бұл теңдікте бір тауардың құны екінші тауарға айырбасталғанда көрінеді.
Тосыннан қарағанда айырбасталатын екі тауардың ролі бірдей сияқты. Ал шын мәнінде екінші тауар (мысалда қой) бірінші тауар (астық) құнының көрінісі, яғни ол бірінші тауардың құнын білдіретін материалдың ролін атқарады. Өз құнын басқа тауармен көрсететін тауар (екінші) құнның салыстырмалы формасында болады. Ал екінші тауардың құнын білдіретін тауар (бірінші) құнның баламалы (эквивалентті) формасында болып, оның эквиваленті, яғни баламасы болып есептеледі.
Құнның бұл формасы, аты айтып тұрғандай айырбас процесінің алғаш пайда болған кезіне, оның көп тарамай кездейсоқ сипатта болған кезіне сай келеді. Бұл кезеңде эквивалент ролін кез келген әр түрлі тауарлар атқарды.
Тауар өндірісі дамыған сайын кездейсоқ айырбас тұрақты процеске, ал айырбас құнының қарапайым түрі толық немесе дамыған түріне айналды. Егіншіліктен мал шаруашылығының бөлінуі, яғни алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі нәтижесінде мал кездейсоқ емес, қайта басқа тауарларға мол айырбасталатын болды. Енді басқа тауарлар малға айырбасталғанда кездейсоқ тауарлар емес, қайта айырықша эквиваленттер ретінде жүрді. Олардың әрқайсысы мал теңестірілетін көптеген эквиваленттердің бірі болып, айырбас мынадай формаға енді: 1 қой = 4 қап астыққа немесе 1 балтаға немесе т.с.с. тауарларға тең болады. Айырбас дамуынын жаңа сатысын білдіретін формасы кұнның толық немесе кеңейтілген формасы деп аталды.
Құнның екінші формасы тауарлы өндірістің ұлғайып, одан әрі нығаюын, өндірістік байланыстардың өрістеуін сипаттайды. Бұл сәтте өнім өндірушілер тауарлар арасындағы сандық арақатынастардың дәлдігіне айырықша мән беретін болды, өйткені, айырбас процесі тауарларды өндіруге жұмсалған еңбекті өтеуде барған сайын зор роль атқарады.
Қоғамдық еңбек бөлінісінің одан әрі дамуы адамдардың қолөнер кәсібімен шұғылданып, енді еңбек құралдарының дамуымен байланысты олардың еңбек дағдылары да жетіле бастады. Бұл кез, яғни егіншіліктен қолөнер кәсіпшілігінің бөлініп шығуы ғылымда екінші ірі қоғамдық еңбек бөлінісі деп аталады. Осының нәтижесінде өндіргіш күштер дамудың жаңа сатысына көтерілді. Кәсіпшілікте тас қалаушылар, ағаш ұсталары, құмыра жасаушылар, металл өңдейтін шеберлер және с.с. мамандықтар мен кәсіптер пайда болып, өндірісте ұста көрігі, құмыра, арба, тоқыма станогі, қол диірмен, ат-тұрмандары сияқты көптеген еңбек құралдары әзірленіп, пайдалана басталды.
Сөйтіп, тауар өндірісінің өсуі, айырбастың жиілігі мен жүйелілігі барлық тауарлар арасынан бір тауардың бөлініп шығуына әкеп соқтырды.
Бұл тауарға басқа тауарлар көбірек, әрі жиі алмастырылып, ол қалған тауарлар үшін эквивалент, яғни жалпыға ортақ балама тауар болды. Сөйтіп, құнның кеңейтілген формасы біртіндеп құнның жалпыға ортақ формасына айналды. Оның формуласы мына сипатқа ие болды:

4 қап астық
1 балта = 1 қой
1 құмыра

Жалпыға ортақ эквивалент ролін атқаратын тауар үшін әр түрлі халықтарда және сол бір халықтың өзінің тарихының әр түрлі даму кезеңдерінде жалпыға бірдей құн эквивалентін әр түрлі өнімдер (мысалы, аң терілері, піл сүйегі, балық, мал және т.б.) атқарды.
Қорыта айтқанда, өндіргіш күштерінің жетілуі айырбас процесін үздіксіз құбылысқа айналдырып, тауар айырбасталуының өмірлік мәнге ие болуы жалпыға ортақ құн эквивалентінің қажеттілігін туғызды. Бірақ ондай роль көп уақытқа дейін тек бір тауарға ғана бекітілген жоқ.
Уақыт өте келе және тауар өндірісінің өрістеуі айырбасты ұлғайтып, оның жергілікті нарықтың шегінен шығуына әкеп соқтырды. Бұл кезде құнның жалпыға ортақ эквивалент қызметін белгілі бір тауар атқара бастады. Ол тауар - ақша. Нәтижесінде құнның жалпыға ортақ формасы құнның ақшалай формасына ауысып, айырбас процесіне нақты орнықты. Оның формуласы:
1 қой
4 қой
1 балта 1 Ақша өлшемі
1 құмыра
және т.б.
Сөйтіп, ақша пайда болды. Тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасымен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Немесе ақша деген тауар өндіру мен оны айрыбастау процесінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айырықша қызметі - барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) ролін атқару.
1.3. Ақша - тауардың жалпы эквиваленті
Ақша кез келген тауар құнын білдіретін ерекше тауар ролін атқарады. Осыдан келіп ақшаның жаппай өктем күші пайда болды. Акшаның қоғамдағы мәнін К. Маркс "индивид өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді" деген афоризммен сипаттады.
Ол мынадан айқын көрінеді:
Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауарлар айырбасында делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі айқындалып, сандық есебі жүргізіледі.
Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өнімдегі үлесін де ақша арқылы анықтауға болады. Себебі адамның қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы ретінде алғанда ақша төлем құралы қызметін атқарғаны.
Үшіншіден, айырбас процесінде ақшаның делдалдық етуімен тауардың ішкі қайшылықтары да шешіледі. Тек ақшаның пайда болуына байланысты бүкіл тауарлар тұтыну құндары түрінде айырбас қатынасының бір жағында тұрады да, ал екінші жағында бүкіл тауарларға қарсы құнның тұлғасы ретінде ақша қарсы тұрады.
Тауарлар дүниесінің тауар және ақша болып екіге бөлінуі оның тұтыну құнымен құнының, яғни тауардың ішкі карама-қарсы жақтарының қайшылығын шешуге жол салады. Өйткені, егер тауар сатылса, оның тұтыну құнының біреудің қажетін өтеуге керек болғандығы.
Бұл бір жағынан, ал екінші жағынан оның кұнының бар екендігі дәлелденгені. Сатылған құн енді ақша түрінде тауар өндірушінің қолына түседі.
Сөйтіп, тауар өндірушіге түскен ақшаның мөлшеріне қарай өз өндірісіне басқа кез келген қажетті тұтыну құнын алуға мүмкіндік туады.
Ақша өзінің бірқатар функциялары арқылы капитал қозғалысының процесіне: 1) құндылық өлшемдері; 2) айналым құралдары; 3) қазына мен жинақтауды құру құралдары; 4) төлем құралдары; 5) әлемдік ақша ретінде қызмет көрсетеді
Қорыта айтқанда, құнның ақшалай формасының пайда болуы, яғни ақша - тауардың жалпы эквиваленті болуы тауар өндірісінің ұлғайып, айырбас қатынастарының алғашқы кездейсоқ жағдайдан нақтылы және үнемі қайталанатын процеске айналып, кең көлемде өсуіне жол ашты.
ІІ. АҚШАНЫҢ ФОРМАЛАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ, АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
2.1.Ақшаның формалары мен түрлері
Ақша айналымының тарихы мынаны дәлелдейді, яғни ақша біртекті масса болып табылмайды. Ол өтуі бойынша және өмір сүру уақыты бойынша, сонымен бірге айналым шарттары бойынша алуан түрлі болып келеді. Іс жүзінде ақшаның формасы дегеніміз - ақшаның белгіленген типіндегі заттық айырбас құны, ол айналымдағы тұрақтылықты көрсетеді. Әр түрлі балама тауарларға, бағалы металдарға, қарыз міндеттемелеріне, банк депозиттеріне өзгере отырып, ақша өз формасын қалыптастырады.
Ақша формалары ретінде алтын, күміс монеталар, қағаз және несиелік ақшалар баршаға аян.
Ақшаның материалдық-заттық ерекшеліктеріне сәйкес оны толыққұнды ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?