Экономика | АҚШ тың I ші және II ші дүниежүзілік соғыс аралығындағы жалпы жағдайы

 Экономика | АҚШ тың I ші және II ші дүниежүзілік соғыс аралығындағы жалпы жағдайы

I ТАРАУ 20 ЖЫЛДАРДАҒЫ АҚШ-тың ЭКОНОМИКАСЫ
МЕН САЯСАТЫ

1.1 I дүниежүзілік соғыстың нәтижесі мен Вильсон үкіметінің
саясаты
I дүниежүзілік соғыс АҚШ-тың экономикасының дамуына үлкен түрткі болды. Сол жылдары оларға ерекше орайлы болып табылды. Себебі бүкіл Еуропаны қамтыған әскери әрекеттер АҚШ континентінің маңайына да жолаған жоқ. Тек 1918 жылдың жазынан бастап АҚШ әскери күштері соғыстың соңғы сатысына ғана қатысты.Сондықтан басқа соғысушы державаларға қарағанда АҚШ-тың соғыстан көрген шығыны мен зардабы аз болды: 50 мың адам өліп, 230 мың адам жарақаттанды.
Соғыс барысында АҚШ Еуропаның соғысушы елдерін әскери материалдармен, азық-түлікпен және шикізатпен қамтамасыз етіп отырды. Бұның нәтижесінде американ экспорты үш есе- 7,9 млрд-қа өсті. Сонымен қатар АҚШ-тың монополиялық буржуазиясы да бұдан өз пайдасын тигізді. 1914-1919 жылдары олардың таза табысы 33,6 млрд долларды құрады. Жалпы 20 жылдардың басына таман АҚШ әлемдік көмір өнімінің жартысын, әлемдік шойын және болат өнімінің 3/5 бөлігін, әлемде өндірілген мұнайдың 2/3 бөлігін және де әлемдік көлік шығарудың 85% берді.
1914-18 жылдардағы АҚШ дамуының негізгі жетістіктері оның экономикасының дамуы , әлемдік экономикада ұстанымдарының нығаю және әлемдегі экономикалық жағдайы ең қуатты елге айналуы болды.
I дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ-тың қаржылық статусының түбегейлі өзгерісі үлкен мәнге ие болды. Соғысқа дейін олар экспорт капиталының көлемі бойынша басқа импералистік елдерден артта қалды.
1913 жылғы деректер бойынша американдық инвестиция шетелде 2,6 млрд. долларға жетті, немесе Англияның шетелдегі инвестициясынан он есе кем болды, және Франциядан алты есе, сонымен қатар герман елінен 4,5 есе кем болды. Сол кезде Еуропа елдерінің АҚШ-тағы инвестициясы 1914 жылы 7,2 млрд долларға жетіп, американ инвестициясынан асып түсті.
АҚШ- тағы Антанта елдерімен орналасқан үлкен әскери тапсырыстар Еуропа елдері инвестициясының қысқаруына әкеп соқты. 1919 жылына қарай олар 3,3 млрд долларға кеміді. Сол уақыттағы соғыстың қажеттіліктері американ капиталы экспортының өсуіне әсерін тигізді. 20 жылдары оның ортақ көлемі 11,1 млрд долларға жетті. Сонымен қатар соғыс кезінде американ капиталының шет елдегі жеке инвестициясы өсті.20 жылдары басында жеті млрд долларға тең болды. Осылай I дүниежүзілік соғыстың келесі маңызды нәтижесі АҚШ-тың негізгі кредиторға айналуы болды, дәл сол кезде Нью-Йорк халықаралық қаржы орталығына айналды.
Өзінің соғыс жылдарындағы экономикалық дамуының нәтижесінде Құрама штаттар индустриалды эволюциясында жаңа деңгейге көтерілді. 20 жылдарда АҚШ жоғары дамыған елге айналды. 1920 жылдардағы деректер бойынша 105,7 млн халқы бар АҚШ-тың қала тұрғыны ауыл тұрғынан асып түсті. Бұл тарихтағы бірінші оқиға болатын. АҚШ-тың 42 млн адамының 25 млн (60% ) өндірістегі , транспорттағы, ауылшаруашылығындағы жұмысшыларды құрады. Империализм дәуіріндегі ірі монополиялық бірлестіктер АҚШ экономикасының негізін қамтыды. Соғыс талаптарының нәтижесінен пайда болған экономикалық өрлеу АҚШ- та өнеркәсіп пен капиталдың одан әрі дамуына әкелді.
Дүние жүзілік соғыс кезінде өнеркәсіптік өрлеуге байланысты АҚШ жұмыссыздықтың қысқартылуының, өнеркәсіптің маңызды салаларындағы нақты айлық ақысының деңгейі біршама өсті. Соғыстан кейін де нақты айлық ақысының өсуі бір уақытта байқалып отырды. Ресми деректер бойынша, 1920 жылы американдық жұмысшы күшінің орташа жылдық айлығы 1467 долларға тең болды. Үкімет статистикасы деректері бойынша, 1914-20 жылдары АҚШ өмірінің құны екі есе көтерілді.
Сонымен қатар қала және ауыл шағын буржуазиясы да біршама экономикалық қиындықтарды көрді. Соғыстан кейін АҚШ тұрғындарының бұл тобы недәуір көлемде болды. 1920 жылғы деректерде ұсақ кәсіпкерлер, саудагерлер, фермерлер және басқа ұсақ басқа буржуазиялық топтағы жұмысшылардың саны 14-15 млн адамға есептелді. Яғни, бүкіл елдегі іскерлердің үш бөлігін құрау керек болды. Сонымен қатар орта деңгейдегі қала тұрғындарының да жағдайы нашар болды. Себебі олар трестер және концерндермен бәсекелестік күрес жүргізді.
Осындай экономикалық процесстер ұлттық табысты үлестіруде теңсіздікті арттырды. Ресми деректер бойынша жалдамалы еңбек еткендерге 20 жылдардың басында ұлттық табыстың жартысы буржуазияға келді.
I дүниежүзілік соғыс кезінде елдің экономикалық ресурстарын мобилизациялау мақсатында соғыс қажеттіліктеріне арнайы 1917-1918 жылдары әскери өнеркәсіптік басқармасы мен әскери-шаруашылық селодағы басқармалар құрылды. Олардың қызметіне: әскери тапсырыстарда үйлестіру, өнеркәсіптік кәсіпорындарды шикізатпен, отынмен, көлікпен және жұмыс күшімен қамтамасыз ету.
1917 жылы Вильсон үкіметі барлық темір жолдармен мемлекет қарамағына беру туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, федералды қор жүйесінің ролі өсті. Банктердің орталықтандырулары қаржы оллигархиясына және онымен тікелей байланысқан мемлекеттік аппаратқа американ қоғамының экономикалық өмірін бақылау құрамын берді.
Сол сияқты мемлекеттің еңбек пен капиталға араласуы, яғни әлеуметтік жағдайға араласуы артты. Вильсонның ойы бойынша әлеуметтік саясаттың негізгі міндетіне өнеркәсіпті өндіруді тоқтатпау, ереуілдерді алдын алу және капитал мен еңбектің арасында бірлікті орнату кіреді. Бұл мақсатқа жетуде кәсіподақтардың рөлі ерекше. 1917 жылы қарашада Американ еңбек федерациясының отырысында Вильсон жұмысшыларды ереуілге шықпауды шақырды. Оның орнына үкімет органдарының делдалдылығымен және кәсіпкермен бірлестік туралы келіссөздер жүргізуді ұсынды.
Бұл саяси бағытты жүзеге асыру мақсатында 1918 жылдың басында кәсіпкерлер мен кәсіподақтардан тұратын еңбектің әскери басқармасы құрылды. Осының барысында жұмысшыларға белгілі бір құқықтар берілді. Алайда, бұған әскери басқарма өз талаптарын орнатты. Жалпы сол жылдардағы Вильсонның либералды-реформалық бағыты американ жұмысшыларының өмір сүру жағдайын жақсарту жолындағы күреске орайлы жағдай туғызды.
Соғыс кезінде пайда болған мемлекеттің экономика мен әлеуметтік жағдайға тікелей араласуы, монополистік капиталдың мемлекеттік-монополиялық капиталға айналуын көрсетті. Бұл соғыстан кейін де өз жалғасын тапты. Алайда соғыс аяқталғаннан кейін де Вильсон үкіметі әскери ұйымдарды қысқартқанымен, АҚШ өнеркәсібінің көлік саласында мемлекеттік бақылау әлі де сақталды.
X ғасырдың басындағы класстық күрестің және капитал дағдарысының басталуы, Ресейдегі Қазан революциясының жеңуі Вильсонды өз шешімдерінде қайта толғандырды. Нәтижесінде ол бүкіл «қауіпті радикалдарға» қарсы тұрып, оларды репрессияға тарту заңдарын таратты. 1917-18 жылдары қамауға Юджип Дебс және басқа да Американ социалдық партиясының көрнекті өкілдері,сонымен қатар «индустриалды жұмыс әлемі» кәсіподақтық ұйымының бүкіл басқармасы алынды.
Соғыстан кейін Ленинді қолдағандарға деген «аңшылық» артты. Федералды үкіметтің органдары, штаттарды билеушілер революциялық Ресейді қолдаған радикалдарды қудалады. Он мыңдай
жұмысшылар мен интелегенция өкілдері «пальмерлік рейд» кезінде ұсталып, түрмеге қамалды немесе елден қуылды.
Бұндай жағдайда әртүрлі шовинистік, расистік топтар мен бірлестіктер өз қызметтерін бастады. Олардың ішінде ең көрнектісі 1919 жылы құрылған «Американдық легион» соғыс ардагерлерінің қоғамы. Бұл ұйымның бөлімшелері елдің әр бөлігінде болды. Сонымен қатар қантөгістік әрекеттерді өте жиі қолданды. 1919-20 жылдары « Ку- клупс-клан» атты террористік отряды құрылды. Бұл отряд елдің әр аймағындағы негрлерге, «шетелдіктерге» және «радикалдарға» қарсы террорлық саясат жүргізді.
Осындай елдің демократиялық күштерінің шабуылдауы «американизмді қорғау» атты лозунгы астында болды. Яғни әр жерде Американы большевизм мен өзге «шетелдік күйзелту әсерлерінен» қорғау керек деген ұрандар пайда болды. Бұндай қозғалысты протестанттық шіркеудің консерваторлары да қолдады. 1919 Филадельфияда өткен съезде олар бірігіп «әлемдік христиандық фундаменталистер ассоциациясын» құрды. [1]
«Американизмді» қорғағандардың ұрандарының бірі болып «құрғақ заңды» қабылдау болды. Бұл заңды әсіресе спиртті ішімдіктерге қарсы ұйымдар қолдады. 1917 жылы желтоқсанда конгресс АҚШ конституциясына XVIII түзету ретінде бұл заңды енгізді. 1920 жылы бұл заң өз күшіне енді және оның жақтастары қарсылық білдіргендерді «большевиктер» және «өркениетті бұзушылар» деп таныды.
Соғыстан кейін пайда болған шиеленістерден кейін Вильсонның жұмысшылар құқығын арттыру, олардың кәсіподақ құруға құқықтарына ие болуы, ұжымдық келіссөздер қабылдауға және ереуілдерге шығуға рұқсат берген саяси бағытын кәсіпкерлер қабылдамады. АҚШ-тың көптеген монополиялық буржуазиясы жұмысшы табына табанды шабуылдау жасауға дайындалды. Нәтижесінде, Вильсон президентінің қабылдаған зорлық-зомбылықты болдырмау, еңбек пен капитал арасында тең серіктестікке қол жеткізу және жұмысшылардың құқығын мойындау туралы либералды декларацияларына буржуазия ашық наразылық көрсетті.
1919 жылы қазанда президент Вильсонмен шақырылған ұлттық индустриалды конференция ешқандай нәтижеге әкелген жоқ. Тек «жұмысшы өкілдігін құру» туралы шешімге келді.
Вильсонның әлеуметтік либералды заңнамасының пайдасына жасаған декларациясы конгрессте қабыданбады. Бұдан кейінгі сайлауда 1918 жылы республикандықтар конгресстегі көптікті жаулап алды. Олардың талаптары: президент өкілеттігін қысқарту,экономиканың қай саласында болмасын мемлекеттік бақылауды жою және болашақта «еркіндік жолындағы жаңа экспериментті» болдырмау.
Бұған Вильсон қатты қарсыластық білдірген жоқ, себебі сол жылдары ол қатерлі ауруға ұшырады. Тек, 1920 жылы тамызда ол АҚШ конституциясына XIX түзету ретінде «әйелдерге сыйлық құқығын беру» құжатын қабылдады.
1919-20 жылдары Вильсон үкіметінің әлеуметтік-экономикалық саясатында негізгі заңдардың бірі – «темір жол заңы» қабылданды. Бұл бойынша бүкіл мемлекет қарамағында болған темір жолдар жекеменшікке өтті.

1.2 Вильсонның «14 пункті» және Вашингтон
конференциясының шешімдері
1919 жылғы 18 қаңтар мен 1920 жылы 21 қаңтар аралығында өткен Париж конференциясы АҚШ-тың белсенді қатысушылығымен өтті. АҚШ конференция нәтижесінде «Ұлы бес державалардың» қатарына кірді: АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Жапония.
Ресейдегі Ұлы Қазан революциясының жеңісі, Лениннің идеялары импералистік езгіде жүрген әлемнің бүкіл халқына таралды. Бұл АҚШ-тың гегемондығына жетуге қайшылық тудырды. Осындай жағдайдан шығуды Вильсон өз қолына алды.
Жалпы АҚШ тарихындағы Вильсонның рөлі ерекше. Оның вильсонизм саясаты, яғни агрессия мен реформалардың байланысуы, I-ші дүниежүзілік соғыс аяғында АҚШ-тың билеуші топтарында қолдау көрді.Енді буржуазиялық ұлттық либерализм өз мақсаты етіп «Қазанға» қарсы күресін қойды. Сонымен қатар «антисоветизм» Вильсон саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылды.
Соғыстан кейінгі АҚШ бағдарламасын жүзеге асырған негізгі құжаттардың бірі президент Вильсонның 1918 жылғы 8 қаңтарда конгресске жолдаған жолдауы ретіндегі «14 пункті». Ал 1918 жылы қазанда Вильсон госдепартаментпен дайындалған «14 пунктқа» толықтыруларды мақұлдады. Бұл екі құжат бойынша АҚШ-тың әлемді басқаруға дайындық барысында екенін көруімізге болады. Мысалға: Ұлыбритания, Франция және Жапонияның құпия келісім шарттарына бағытталған колония және әскери облыстары сферасында: «14 пунктің» 1-ші, 2-ші, 3-ші,4-ші және 5-ші пункттары.
Ресейге 6-шы пункт арналды, яғни бүнда Ресейге деген суйіспеншілік білдірілді.
Алайда бұл пункте берілген комментарияға бұндай «қонақжайлылықтың» ізі де қалған жоқ. Себебі пункт бойынша Ресей, Польша, Финляндия, Эстония, Литва, Украинадан қажетті түрде бөлінуі керек болды. Кавказды Түрік империясының мәселесі деп, ал Орталық Азияны өзге бір державаға протекторат ретінде берілуін қарастырды. Бұл яғни Ресейдің кішкентай, тәуелді бөліністерге бөліну мақсатында жасалды.
Құжаттың өзге пункттарында Германияның Франциядан қорғау талаптары алға шығарылды. Сол сияқты Балкандағы Италияның ұстанымын қысқарту және оның Албанияға протекторатын орнату, бұрынғы Австро-Венгрияның орнына оңтүстік-шығыс Еуропаның конфедерациясын құру және Австрияның Германияға қосылуы сияқты талаптар.
Вильсонның ең сүйікті 14 пунктында АҚШ-тың лидерлігі Ұлттар Лигасының құрылуы туралы жазылды.
Бұл құжатта арнайы өзінің жарнамасы болды. Олар: «Жаңа библия», «бүкіл адам қоғамына арналған хартия», «большевизмге қарсы балама». Полковник Хауздың жазғаны бойынша «әр елдің либералдары бұл құжатта өзінің ішкі толқыныстарына қарсы құнсыз қолдау табылады»-деді. [2]. Бұның арқасында Вильсонды Еуропада «жаңа саяси тәртіптің апостолы» деп атап кеткен.
«14 пункттің» шындық мәнін Ленин: бұл американ гегомониясының және революциямен күрес құжаты»-деді. Оның жазбалары бойынша: Вильсонның идеалдық демократиялық республикасы іс жүзінде әлсіз халықтарды арсыз қанау әрекетіне толы құтырған имперализм-деді. [3].
Версаль конференциясына жиналған АҚШ делегациясы Вашингтонда шешілетін сыртқы саясаттағы экспансионистік және антидемократиялық сипаттағы мәселелерді бекітті. Себебі, алғашында американ делегациясының тізімі армия,флот,авиация,сауда,кеме салу,отын өнеркәсібі,байланыс,кәсіподақ және баспасөз өкілдерінен тұрды.
Алайда,келіссөздерден кейін бес ұлы державаның өкілдерін бес адамға дейін қысқарту туралы өзгеріс енгізілді. АҚШ-тың өкілетті өкілдері болып – президент Вильсон,мемлекеттік хатшы – Лансинг,полковник Хауз,генерал Блисс және Франция және Италияның бұрынғы елшісі Уайт барды. Делегациямен 1300 адамнан тұратын штат ерді.
Вильсон мен Лансинг АҚШ-ты Париж конференциясының басқарушы органы – Оңдық кеңесте таныстырды. Бұл Кеңеске Ұлыбританияның,Францияның,Италияның және Жапонияның өкілдері қатысты.
Алайда,бұл конференцияда АҚШ-тың жоспарлары мен бағдарламалары жеңіліске ұшырады. Оның ішіндегі жеңілістің маңызды себептерінің бірі Кеңестік Ресейге деген қарулы интервенцияның күйреуі болып табылады.
Сол сияқты АҚШ-тың бастамасымен шақырылған Вашингтон конференциясы Версаль конференциясының жалғасы болып табылады. Оны ұйымдастыру барысында АҚШ Версальда тапқан жеңілісін орнатып, қайта әлемде өз билігін қалпына келтіру мақсаттарын көздеді.
Талқылау барысында болашақ форум « Қарусыздандыру,тынық мұхиты және қиыр шығыс мәселелері жөніндегі конференция» деп аталды. Оған 14 ел және британ доминиондары қатысты. Тек КСРО конференцияға қатысқан жоқ.
Конференция 1921 жылдың 12 қарашасы мен 1922 жылдың 6 ақпанында өтті. Жұмыс барысында 28 келісім ,резолюциялар, декларациялар мен мәлімдемелер қабылданды. Мынандай негізгі мәселелер қарастырылды: қаруды шектеу, «Қиыр шығыстық Антантены» құру және Қытайдағы ықпал үшін күрес. Конференция барысында державалар арасында төрттік,бестік және тоғыздық келісім-шарттарға қол қойылды.
АҚШ, Ұлыбритания, Франция және Жапония арасында 1921 жылы 13 желтоқсанда «Төрттік келісім-шарт» болды. Ол төрт баптан ғана тұрды: Тынық мұхит аймағындағы «жеке аралдар мен аралдық территориалардың» құқығын өзара сыйлау; егер осы территориаларға өзге державадан қауіп төнген жағдайда оны бірігіп қорғау; келісім-шарттың оң жылдық мерзімін бекіту; 1902 жылғы ағылшын-жапон одағының бұзылғанын мойындау (4-ші бап бойынша). Нәтижесінде, бұл келісім-шарт юридикалық түрде Тынық мұхиты аймағында статус-кво мен төрт державаның осы аймақтағы уаөытша теңдігін бекітті.
АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Жапония және Италия арасында 1922 жылы 6 ақпанда теңіз қаруын шектеу туралы «Бестік келісім-шарт» болды. Бұл құжатты қабылдауға бастама көрсеткен АҚШ. Қарастырылған мәселелер: линейлік кемелерді қысқарту; бес державаға қатысты кеменің тоннажын орнату; өте үлкен кемелерді салуға тыйым салынды (35 мың тонно водоизмещение). Нәтижесінде, линейлік кемелердің ара-қатынасы: АҚШ (5): Ұлыбритания (5): Жапония (3) :Франция (1.75) : Италия (1.75). Әскери ұшақ кемелеріне тоннаж бойынша: (А)135: (Ұ)135: (Ж)81: (Ф)61: (И)61.
Вашингтон конференциясына қатысқан ағылшын доминиондарынан басқа барлық елдердің арасында 1922 жылы 6 ақпанда «Тоғыздық келісім-шарт» болды. Бұл келісім-шарттың негізін американдық жоба құрады. Бұның барысында Қытай мәселесі шешілді,жалпы оның тәуелсіздігі жарияланып,территориялары қайтарылды.
Вашингтон конференциясында АҚШ үлкен бір дипломатиялық жеңіске жетті десек қателеспейміз. Ол Азиялық-Тынық мұхиты аймағында «күштердің теңдігін» орнатты. Сонымен қатар әскери-теңіз балансы мен Қиыр шығыс мәселелерін ретке келтірді.
Жалпы бұл тарауда АҚШ-тың I дүниежүзілік соғыстың аяғынан бастап жүргізіп келе жатқан саясаты баяндалады. Яғни, соғыстың жеткізген нәтижелері мен жетістіктері,Вильсонның жүргізген саясаты,оның ішінде «14 пункті», Версаль .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?