Экономика | Алатау ЖШС өнімінің бәсеке қабілеттілігіне баға беру

 Экономика | Алатау ЖШС өнімінің  бәсеке қабілеттілігіне баға беру

Мазмұны

1 Ауыл шаруашылық салалардың ел экономикасындағы маңыздылығы
 Бәсекеге қабілеттіліктің негізгі көрсеткіштері және оған әсер ететін факторлар
1.3 Өнімнің бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалау.
 «Алатау» ЖШС өнімінің бәсеке қабілеттілігіне баға беру.
 Қазақстан Республикасындағы құс еті және жұмыртқа өнімдері нарықтарын талдау.
 «Алатау» ЖШС-нің техника – экономикалық көрсеткіштерін талдау.
 «Алатау» ЖШС-нің маркетингтік қызметін және бәсекеге қабілеттілігін талдау.
 Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін жетілдіру жолдары.
3.1 Бәсекеге қабілетті өнім өндірудың тиімді тетігі – кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру.
 «Алатау» ЖШС-нің бәсекеге қабілеттілігін көтеру жөніндегі

1. Ауыл шаруашылық салалардың ел экономикасындағы маңыздылығы
Ауыл шаруашылық салалардың ел экономикасындағы маңыздылығы, оның ішкі нарықтағы азық-түлік қауіпсіздігін сақтауда, мемлекеттің экспорттық мүмкіндіктерін ұлғайтуда, отандық өзара байланысты кәсіпорындардың тиімділігін арттыруда және олардың сыртқы өндірушілерге тәуелділігін төмендетуде, ауыл шаруашылығы өнімдерін мақсатты пайдалануда және бәсекеге қабілетті өнімдер шығару арқылы мемлекеттің әлемдік нарықтағы беделін арттыруда көрініс табады.
Қоғамдық қайта өндіруді анықтайтын фактор бәсекелестік болып табылады. Ол бәсекелестік процесске қатысушыларды сұраныспен бейнеленетін қоғамдық қажеттілікті жылдам қанағаттандыруға, инвестицияны меңгеруге, ғылыми-техникалық процессті дамытуға, шығындарды азайтуға, сапаны көтеруге итермелейді. Осылайша бәсекелестік процесске қатысушылар іріктеліп, халықаралық еңбек бөлінісіндегі ұлттық экономиканың бәсекеге қабілетін көтереді.
Қазақстандағы бәсекенің қалыптасуы мен дамуы экономикалық өсудің негізгі шарты болып отыр. «Қазақстан-» даму Стратегиясы бәсекелестік нарықтарды құру, монополияға қарсы құралдарды реттеуді қамтамасыз етудің қажеттілігін атап көрсетеді.//.
Сыртқы нарықтарда тұтыну үшін күрес шын мәнде бәсекеге қабілетті өнім өндіру мен жасауды талап етеді. Сол себептен де тауадың бәсекеқабілеттілігі мен оны өндіру шығындарының арасындағы рационалды экономикалық деңгейді іздеу мәселесі туып отыр. Қазіргі таңда бәсекеге қабілетті мемлекетті, экономиканы құру мемлекетіміздің негізгі мақсаты болып отыр. Себебі БСҰ кіруді жоспарлап отырған жас мемлекет үшін бәсекеге қабілетті өнім шығару өте қажетті болып табылады.  жылдың 19 наурызында елбасымыздың халыққа жолдаған жолдауы соған дәлел болып отыр. Ол жолдауда мынандай сөздер келтірілген:
“Мемлекеттің бәсекеге қабілетті елдің халықаралық аренадағы рөлі мен беделінің артуынан мемлекеттің өз азаматтарының өзекті проблемаларын шешу қабілетінен, мемлекет ұсынатын қызметтер сапасының артуынан көрінеді. Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің бараныша жоғарғы қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып отыр. Біз бұған өз еліміздің бәсекеқабілеттілігін арттыру арқылы елімізді дамытудың  дейінгі жоспарына сәйкес қол жеткіземіз”./2/.
Сондықтан қазіргі таңда маркетингтің Қазақстанда қалыптасуы мен бәсекеге қабілетті өнім шығару аса маңызды, актуалды мәселе болып отыр.
Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты – маркетингтің және өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің теориялық және әдістемелік мәселелерін зерттеу. Көзделген мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттер айқындалады:
• Маркетинг және бәсекеқабілеттіктің териялық және әдістемелік мәселелені зерттей отырып, оның отандық кәсіпорындардағы қолдану деңгейін анықтау;
• Қазақстандағы құс еті нарығын зерттеу;
• Кәсіпорындағы маркетинті басқару процессін қарастыру;
• Кәсіпорынның маркетингтік қызметін және өнімнің бәсекелік қабілеттілігін талдау және оны жетілдіру жолдарын ұсыну;
Сапа мен бәсекелестік - өзіне нарық жағдайында сәйкес тауар белгілерін құрайтын көп аспектілі түсінік. Мысалы: баға, сервис, жарнама, өткізу каналдары, жеткізу мерзімдері, сапа және тағы басқа. Сапа – бәсеке көрсеткіштерінің ең маңыздысы және оның «табиғи» реттегіші.
Сапа - тауар бәсекелестігі элементі ретінде үлкен күш пен шығынды, өндірістің техникалық базасын және оның объектілерін дер кезінде жаңартуды талап етеді. Бірақ, егер елде сапаға қойылатын талап төмен немесе тауар бәрі бір сатып алынып жатса, онда өндірушілерде «артық» күш жұмсау ынтасы жоғалады.
Әрбір экономикалық бірлік өзіне тиімді істі ғана жүзеге асырады, сәйкесінше, шаруашылықта кез-келген үрдіс көпшіліктің немесе мемлекеттің мүддесіне сәйкес келгенде ғана жүзеге аса бастайды. Осылайша, «көрінбейтін қол» принципіне сәйкес бәсекелестік сапаны қамтамасыз ету механизмі ретінде, ал сапа тауардың бәсекеге қабілеттілігін арттыра отырып нарықтық экономика тиімділігін қамтамасыз етудің маңызды механизмі болып табылады.
Бәсеке – бұл өнімді өндіру мен тауар және қызметті өткізудің тиімді шаруашылықтары үшін өндірушілер арасындағы күрес. Тауардың бәсекеге қабілеттілігі – деп нақты сатып алушы үшін берілген өнімнің тартымдылық дәрежесі аталады. Сонымен бірге, бәсекеге қабілеттілік тауардың ерекше сипаттамасы емес, тұтынушы үшін тартымдылығымен байланысты. Осылайша, тұтынушының суверинитеті байқалады: ол объективті қателессе де шешуші сөз сонда. Сонымен бірге, тауардың күшті бәскелестік қабілеттілігі мен сату көлемі арасын тең деп санауға болмайды, олар бір-бірімен байланысты болса да әр түрлі мағынаға ие. Біріншіден, сатып алушыны қанағаттандырмайтын (сәйкесінше, бәсекге қабілетсіз) өнімдер дефицитте немесе таңдау болмаған жағдайда белсенді сатылуы мүмкін. Екіншіден, төмен сапалы тауар сатуға итермелейді. Үшіншіден, бәсекеге қабілетті тауар тұтынушының кейбір тобына ғана бағытталуы мүмкін.
Халықаралық ИСО 9000 анықтамасына сәйкес: «Өнімнің сапасы – бұл белгіленген немесе ойлаған қажеттіліктерді қанағаттандыруға қабілеті бар өнімнің немесе қызметтің жалпы сипаты». Сондықтан сапаны өнімнің бәсекелік қабілетінің кешенді көрсеткіші ретінде қарастыруға болады. Бағалық емес бәсекеде үлкен мәнге ие. Өнімнің сапасына нарық талаптары; адам өміріне, денсаулығына және қоршаған орта қауіпсіздігі; жоғары техникалық деңгейі, сенімділігі; қазіргі талаптарға сай дизайні эстетикалық – эргономикалық қаситтері; жөндеуге қолайлылығы, ұзақ мерзімділігі; стандарттау және унификациялау дәрежесі; патентті-құқықтық қорғалуы және басқа да факторлар ықпал етеді.
Қазақстан экономикасының бәсекелестігін арттыру отандық өнімдердің сапасын арттыру арқылы жүзеге асатынын ескерсек, бұл бағытта Үкіметтің 2001 жылғы 2 мамырдағы № 590 қаулысымен бекітілген «2001-2005ж. арналған республикалық «Сапа» бағдарламасын» қабылдағанын атап өтуге болады. Бұл бағдарлама отандық тауарлар мен көрсетілген қызметтер мен бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын, сондай-ақ отандық өнімдердің бәсекелесу қабілетін арттыру саласындағы мемлекеттік және жергілікті атқару органдарының және өзге де ұйымдар мен кәсіпорындар қызметтерінің негізгі бағыттарын айқындайды.
Негізгі мақсаты мен міндеттері болып:
- көзделген өткізу нарығы стандарттарының талаптарына сай және тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыратын ішкі және сыртқы нарықтарда сапалы және бәсекеге қабілетті тауарлар мен көрсетілген қызметтерге жобалау мен өндіру үшін жағдай жасау;
- отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін енгізу;
- өнімдер мен көрсетілген қызметтер сапасын және бәсекеге қабілеттілігі саласында нормативті-құқықтық және ақпараттық қамтамасыз ету;
- Мемлекетте экономиканы тиімді реформалау процесінің жеделдетуін қамтамасыз ететін тауармен көрсетілетін қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін және сапасын арттыруға жәрдемдесетін құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және әлеуметтік жағдайлар жасау.
Өнімнің сапасын арттыруды түрлі аспектілерде, сондай-ақ макро және микро деңгейде қарастыру керек.
Өнімнің сапасын көтеру:
- өткізілетін өнім және қызмет көлемін ұлғайтуға;
- экспорт құрылымын жақсартуға;
- ҒТП-ті және басқаларын қолдануға мүмкіндік береді. Өнімнің сапалылығының жоғары деңгейі мемлекет үшін: ҒТП-тің жеделдеуі, экспорттың ұлғайтуы, жаңа өткізу нарықтары мен гүлдену.
Өндіріс технологиясы мен адам қажеттілігінің дамуы әсерінен сапа рөлі мен маңызы үнемі өсіп отырады. Мәдениет пен білім деңгейінің өсуі күннен-күнге тұтынушылардың талабы мен қалауын өсіріп отыр.
Өнім сапасы мәселесі - тауар өндірушілер алдында тұрған экономикалық және әлеуметтік мәселелердің маңыздысы.
1. Өнімнің бәсекелік қабілеті келесі элементтерден тұрады:
− бағаның негізгі бәсекелестердің бағасымен салыстырылуы;
− сұраныс пен ұсыныс қатынастарына байланысты, бәсекелестер саясатына байланысты бағаны дифференциялау жүйесінің жұмыс жасауы;
− жеңілдіктер жүйесінің тұтынушыларды тартуы.
2. Өнім сапасы:
− өнімнің техникалық - функционалдық қасиеттері;
− қосымша пайдалылықтың болуы;
− өнімнің танымалдық деңгейі.
3. Өткізу, жарнама және қызмет көрсету жүйелерінің бәсекелік қабілеті:
− өткізу жүйелерінің тұтынушыларға қолайлылығы;
− жарнаманың тиімділігі;
− қызмет көрсету жүйелерінің қолайлылығы мен сенімділігі.
Жалпы өнімнің бәсекелік қабілетін арттыруға сыртқы және ішкі факторлар әсер етеді.
Сыртқы факторларға мемлекет деңгейінде қабылданатын бағдарламалар мен заңдар жатады. Атап айтқанда: «Сапа бағдарламасы, «Жеңіл және өнеркәсібі салаларында импорт алмастырудың 2001-2003 жылдарға арналған бағдарламасы, «Сертификаттау туралы», «Стандарттау туралы» мақсатты-отандық өндірушілерді демпингті тауарлар нәтижесінде қалыптасқан теріс пиғылды бәсекеден қорғау болып табылатын «Демпингке қарсы шаралар туралы», «Теріс пиғылды бәсеке туралы» ішкі нарықты, шет мемлекетпен субсидияланатын импорт тауарларын жеткізушілер тарапынан теріс пиғылды бәсекеден қорғануға бағытталған «Субсидиялармен орын толтыру шаралары туралы» және Президентіміз бен Үкіметтің тиісті атқарушы органдар мен жергілікті әкішіліктер алдына қойып, орындалуы соңғы 2-5 жыл ішінде көзделген, қысқа және орта мерзімді стратегиялық даму бағдарламалары, басқа да жекелеген бағдарламалар мен Заңдар жатады.
Ішкі факторларға кәсіпорын деңгейіндегі шаралар, білікті менеджмент, сапа үйірмелері, жақсы қалыптастырылған кадрлық саясат және т.б. жатады.
Сатып алушылардың 80% өнімді әлемдік нарықта сатып ала отырып, бағасынан гөрі сапасын қалайды. Сондықтан, өнімнің бәсекелік қабілетін талдауда сапа көрсеткіштерін талдаудың маңызы зор:....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?