Педагогика | Аномальды балаларды оқыту
Мазмұны
Кіріпе .....................................................................................................................2
І тарау Аномальды балалардың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері
1.1. Аномальды балалардың даму тарихы......................................................0
1.2. Аномальды балалардың негізгі категориялары және оның ерекшеліктері.....................................................................................................0
1.3. Аномальды балалардың пайда болу себептері(сыртқы, ішкі)............0
ІІ тарау Оңтүстік Қазақстан облысындағы аномальды балаларға арналған мекемелер
2.1. ОҚО бойынша аномальды балаларды оқыту және тәрбтелеу мәселелері..............................................................................................................0
2.2. Аномальды балаларға көрсетілетін коррекциялық көмектер.............0
Қорытынды...........................................................................................................0
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.......................................................................0
Аномальды балалардың даму тарихы.
Кемістігі бар балаларға арналған мекемелердің пайда болу тарихы ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан Ұлы Қазан революциясының уақытына дейін созылады. ХІХ ғасырдың 80 жылдары Ресейде тек соқыр адамдарға арналған Санкт-Петербургтік училище және Петер, Мәскеу, Варшавада құлағы нашар еститіндер мен ақыл-есі кем балаларға арналған приют пен арнайы мектептерде 200-ге жуық балалар ғана тәрбие алатын.
ХХ ғасырдың басында тек екі қосымша мектептерде ғана балаларға логопедиялық көмек көрсетілді. ХІХ ғасырдың соңында Ресейде зағип адамдар саны 250 000 жуық, құлағы нашар еститіндер саны 150 000, ақыл-есі кем адамдар саны 200 000 жеткен еді.
Ең алғаш аномальды балаларды оқыту мен тәрбиелеу проблеммасы 1896 жылы кәсіби-техникалық білімді басқарудың № 2 съезінде талқыланған болатын. Сол съезде көзі нашар көретіндер, құлағы нашар еститіндер, ақыл-есі кем балаларды оқыту секциясы құрылды. Бұл жерде талқыланған мәселе - Ресейдегі аномальды балаларға үкімет басшылығының және қоғамның көңілін аударуды және арнайы мекемелер жүйесін ұлғайтып, кеңейтуге ұсыныс етті. Бұл секцияның ең басты жұмысы – Ресейдегі дефектологтардың І съезді болатын. Съездтің қатысушылары аномальды балаларға деген қамқорлық – ол қоғамның міндеті екендігін дәлелдеді. Олар балаларға көмектің тек негізгі формасын ғана емес, мектепке дейінгі және мектептегі балаларға арналған мекемелер құрылымын анықтады. Бұл сұрақтардың шешімін тапқан соң шетелдік аномальды балаларға арналған мекемелердің тәжірибесі ескерілді.
Съездтің шешімі бойынша осы проблеммалар, яғни аномальды балаларға көмек беру, оларды емдеу, оқыту бүкіл ресей қоғамдық бағдарламасының басты міндеті болды.
Дефектісі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің даму құрылысы филантропикалық негізде болды. Ал арнайы мекемелер жүйесінің даму проблеммасы шешілмей қалды.
Ұлы Қазан революциясынан кейінгі барлық іс-шаралар, яғни дефектілікпен күресу және оның профилактикасы жалпы өсіп келе жатқан ұрпақтың саулығын сақтау, сол жылдары «Балалық қорған» деп аталды.
Аномальды балаларды тәрбиелеудегі жабық жүйеге Выготский қарсы болды. Аномальды балаларға арналған мекемелер жүйесінің түрлері көбейді. Олар: балалар үйі, мектептер, қабылдау мектептері және т.б. мекемелер болды.
Н. К. Крупская аномальды балаларға қамқорлық жасай отырып, ақыл-есінің дамуында және физикалық дамуында дефектісі бар балаларға арналған мекемелер жүйесін ашудың маңыздылығын атап көрсетті.
Аномальды балаларға арналған арнайы мекемелер жүйесі сол уақытта тек мектеп қана емес, мектепке дейінгі де және көзі көрмейтін, құлағы естімейтін ересектерге арналған кешкі оқыту мекемесі қолға алынды.
Арнай мекемелер – мектеп-интернаттар болды, ондағы балалар толығымен мемлекеттің қарамағында қадағаланды. Ондағы балаларда кездесетін қиындықтарға байланысты дефектолог-мұғалімдердің еңбекақысына 20% қосымша төленіп отырды.
Нашар еститіндер, нашар көретіндер, тілінде кемістігі бар және ақыл-есі кем балалар жалпы орта білім беретін мектепте білім алғаннан кейін, өз мүмкіншіліктеріне байланысты арнайы және ЖОО-да оқуға мүмкіндігі болды. Арнайы мектептерде оқу орнын бітіргеннен кейін кәсіби білімді жұмыстан бөлмей оқуға дайындық жүргізілді.
Дамуында ауытқуы бар балаларға «Жалпылама және міндетті оқыту заңы» толық таратылды. Арнайы мектептер жүйесінің оқу жоспарымен, оқу бағдарламасымен және арнайы оқулықтармен қамтамасыз етілді. Барлық аномальды балалар жынысына, әлеуметтік статусына қарамастан арнайы мекемелерге оқуға түсуге құқығы болды.
Жас ерекшелігіне байланысты барлық мекемелер үш типке бөлінді:
1. Мектепке дейінгі (балабақша, балалар үйі, арнайы бөлімдер)
2. Мектеп және мектеп-интернаттар (арнайы категория бойынша)
3. Ересектерге арналған кешкі мектептер
Аномальды балаларға арналған мекемелердің типтері:
1. Тілінде кемістігі бар жандарға арналған арнайы мектеп-интернат. Бұл мектептер 1-12 сыныптан тұрады. 1-сыныпқа 7 жастан қабылдайды, дайындық сыныптарында 6 жастан оқытылады. 12-сыныптың түлектері емтихан тапсырады, оларға «8жылдық» білім алды деген куәлік беріледі. Мұнда балалардың сөйлеу және сөздік-логикалық ойлауының қалыптасып, дамуына ерекше назар аударылды. 1 сыныптан 7 сыныпқа дейін арнайы оқу-бағдарламасымен және арнайы оқулықтармен оқытылады. Ал 8-12 дейін жалпы оқу бағдарламасы бойынша оқытылып отырады. Сыныптың құрамы 12 адамнан тұрған. 12 жастан бастап жұмысқа дайындық топтарында 5-7 адамнан оқытылды. Мектеп-интернаттағы алдын алу және қалпына келтіру, гигиеналық және консультациялық жұмыстарды маман-дәрігерлер (оторинолоринколог, психоневролог, педиатр) жүргізіледі.
2. Нашар көретіндер және зағип жандарға арналған мектеп-интернат. Зағип балалар оқу жұмысында тактильді-кинестикалық және есту құралдарымен оқу материалын қабылдайды. Оқушылар офтальмолог-дәрігер, психоневролог, педиатрдың тұрақты бақылауында болады. Мұндай мектеп-интернаттың екі типі бар: 1) он жылдық; 2) он екі жылдық. Сынып құрамы 12 адамнан тұрады. Зағиптарға арналған мектептерде политехникалық білім және кәсіби дайындықты оқытады. Оқыту жалпы білім беру жүйесінің пәндерімен жүргізіледі. Олар «рельефтік-нүктелік» шрифтпен жазылған. Оқыту барысы жоғары жарықтандыру (500 мк жоғары емес), парталардың арнайы конструкциясы жылжымалы қақпағымен, оқулықтар үлкен шрифтпен жазылған, дәптерлері ерекше болады. Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу арнайы бағдарламада жүргізіледі. Бұл мекемелердің жұмысы тәрбиелейді, емдейді, мүмкіндігі бойынша қалпына келтіреді және көру функциясының өзгерісін дамытуға тырысады.
3. Тілінде кемістігі бар балаларға арналған логопедиялық мекеме. Арнайы сабақтарда әртүрлі тіл кемістіктерін жоюға тырысады. Бұнымен жоғары педагогикалық білімі бар мұғалім-логопед айналысады. Логопедиялық жұмыс психотерапиялық және физотерапиялық түрде жүргізілген. Мұндай комплекстік-коррекциондық педагогикалық емдеу жұмыстары ұзақ уақыт өтеді, үш айдан бір жылға дейін созылады. Тілінде күрделі ауытқуы бар балалар мектеп-интернатта білім алады. Мәселен алалия, афазия, ауыр дизартрия және дислалия, алексия, аграфия, өткір білінетін дизграфия және ауыр формадағы тұтықпа ауруымен ауыратын балалар оқытылады. Мектеп-интернатта 1-11 сыныпта оқытады. Бірақ, 8жылдық білім алды деген куәлік беріледі.
4. Халықтық білім беру жүйесінде арнайы бала-бақшалар және арнайы балалар үшін мектепке дейінгі топтар ақыл-есі кем балаларға қарастырылады. Мектепке дейінгі мекемелерде мынадай диагнозы бойынша балалар қабылданады: ауыр емес дебиль сатысындағы, олигофрения. Олардың жастары 4-тен 8-ге дейін болуы қажет. Ақыл-есі кем «өте төмен дәрежедегі» балалар (имбецил, идиот) әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінде балалар үйі қарастырылады. Онда 4-18 жас аралығындағы балалар тұрады. «Өте ауыр дәрежедегі» ақыл-есі кем балалар, яғни идиоттар психохроника колониясына жіберіледі. Емдеу, сауықтыру, қалпына келтіру жұмыстарын дәрігер-маман (ортопед, психоневролог, педиатр, физиотерапевт) және инструктор (әдіскер) емдеу физкультурасының әдістерін логопед жүргізеді. Дайындық топтарында сабақ уақыты 30-35 минутқа қарастырылған. Сынып құрамы 16 оқушыдан тұрады.
5. Соқыр-мылқау балаларды оқыту арнайы мекеме – Загорск қаласындағы балалар үйінде қарастырылып, іске асырылды. Дүниежүзінде мұндай мекемелер көп емес. Мұнда 50 бала оқытылады. Олар: соқыр-мылқаулар, нашар көретін керең-мылқаулар, нашар еститін соқырлар (интелектісі нормада) болып табылады. Бұл балаларды тифло-сурдопедагогтар және әртүрлі маман-педагогтар зерттейді. Балалар үйінде сабақ сыныпта 3-4 оқушымен өтеді. Әр топта үш педагог ауысып отырады, яғни әр оқушыға бір педагогтан болады. Тәрбиелеуші педагогтармен әрдайым тығыз байланыста болады. Сонымен қатар педиатр, офтальмолог, оториноларинколог, неврапатолог жұмыс істейді. Оқуды балалар 3 жастан бастап 19-20 жаста аяқтап отырған. Себебі, олар 12 жылдық жүйе бойынша оқиды. Одан бөлек 16 жастан бастап балалар үйінде оқу-еңбек топтары жұмыс істейді. Мұндағы балалар оқып бітіргеннен кейін «Бүкілресейлік соқырлар қоғамы» мекемелерінде жұмыс істейді. Сол мекеменің жатақханасында өмір сүреді.
Арнайы мектеп-интернаттарда оқып-тәрбиеленетін балалардың арасында жас шағында энцефалитпен және менинго-энцефалитпен ауырып, миларының қабынып ісінуінен немесе миларының да және оған қоса жұлындарының да сыртқы қабыршақтарының қабынуынан ақыл-ойларының даму процестері бұзрылып, жетілмей қалған балалар да кездеседі.
Энцефалит – мидың қабынуы, ал менингит – мидың және жұлынның сыртқы қабыршақтарының қабынуы деген ұғымды білдіреді.
Энцефалит негізінен жайылып кең таралатын кейбір жұқпалы аурулардан және масаның шаққан кездегі улы микробтарының зардаптаррынан пайда болады. Сонымен қатар бұл ауруға жұлын миының сүр түсті заттарын қоздырып қабындыратын улы микробтардың тигізетін залалдары да жатады. Аурудың бұл түріне, әсіресе, жас балалар жиі шалдығады.
Энцефалитте, менингитте, әсіресе, нерв жүйесін ауыр дертке шалдықтыратын өте қатерлі жұқпалы ауруға жатады. Нерв жүйесінің жұқпалы ауруларының даму процесінің барысында қанның айналымы және жұлын миының сұйықтығы бұзылады, ми тканьдерінің заттар алмасуы өзгереді және сарсып ісіне бастайды. Мидың сарсып ісінуі таралып жайылатын жалпы симптомының пайда болуына тікелей себебін тигізеді. Мидың таралып жайылған симптомының зардабынан дене қызуы котеріледі, басы солқылдап ауыратын болады, көзінің алды қарауытып, басы айналады, әлсін-әлсін лоқсып құсқысы келеді, тұла бойы құрысып-тырысады, ауық-ауық есінен танып қала береді. Кейбір жагдайларда дене құрылысындағы әртүрлі қимыл қозғалыстарының саналы түрде басқарылатын іс-әрекеттерін игере алмай қалатындығы байқалады.
Энцефалитпен ауырған балалардың ақыл-ойлары аусарланып көзге түсерліктей өзгереді, сондай-ақ олардың жүріс-тұрыстарының және мінез-құлықтарының да өрескел қылықтары біліне бастайды. Олар көбінесе байыздап дамыл таппайтын күйгелек, сіркесі су көтермейтін ашуланшақ келеді, кейде тіпті өздерін ұстай алмай долданып, ашу қысқанда алқынып, бірауық естерінен танып қалатын жағдайлары да болады. Егер энцефалиттің бұл сияқты симптомдары танымдық қызметінің өрескел бұзылуына сай келмесе, онда мұндай балалар арнайы мектеп-интернатқа жіберілмейді.
Жұқпалы энцефалиттің уыты жайылып қатты асқынған шағында оның зардабынан зақымданып бұзылған мида топтанып шоғырланған симптомдардың да пайда болатындығы анықталды. Мұндай симптомдардың пайда болуына жұққан аурудың түрлері және мидың домығуы немесе үлбіреп ісінуі және зат алмасуы бұзылған кезде клеткалары мен тканьдерінің ауытқып өзгеруі себеп болатындығы байқалады. Сонымен қатар ми заттарының зақымданып бұзылуының зардабынан оның қабыршақтары да домығып немесе қызарып ісінуі мүмкін екендігі анықталды. Мұндай жағдайда аурудың бұл түрі менингоэнцефалит деп аталады.
Энцефалиттің резидуальды деп аталатын сатысының клиникалық түрінде, яғни, аурудың уыты жайылып зардабы ушыққан кезінде де ми соншалықты қатты зақымданбай, тек ми-жұлын сұйықтығы мен қан айналымының бұзылатындығы ғана байқалатын жағдайлары болады. Аурудың бұл түрі емханада «целебральная астения» яғни, мидың әлсізденуі деп аталады. Мұндай балалар да арнайы мектеп-интернатқа жіберілмейді.
Эпидемиялық энцефалиттің, яғни жұқпалы аурулардың кең таралып жайылуынан зақымданған мидың қабынуының зардабынан көбінесе ми құрлысының әртүрлі көлемдегі ......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?