Халықаралық қатынастар | Азия Тынық мұхиты аймағындағы Жапонияның ролі

 Халықаралық қатынастар | Азия Тынық мұхиты аймағындағы Жапонияның ролі

Мазмұны

Кіріспе. 2

І-тарау. ҚХР Жапонияның сыртқы саясатында
1.1 Жапон – Қытай серіктестігі
1.2 АТР-гі Қытай-жапон бәсекелестігі 2

ІІ-тарау. Оңтүстік Корея мен Тайвань Жапонияның сыртқы саясатында
2.1 Оңтүстік Корея және Жапония
2.2 Тайвань мәселесіне Жапонияның көзқарасы

III – тарау. Оңтүстік Шығыс Азия және Тынық мұхит елдері Жапония сыртқы саясатында
3.1 Оңтүстік Шығыс Азиядағы халықаралық жағдай және Жапония саясаты
3.2 Жапонияның ОША елдеріндегі экономикалық рөлі және Тынық мұхит елдері

Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Берілген диплом жұмысының тақырыбы Жапонияның Азия-тынық мұхит аймағындағы рөлі деп аталады.
Тақырыптаң өзектілігі. Азия-тынық мұхит аймағы әлемдік саясатта өте маңызды орынға ие. Бұл елдің халықаралық қатынастағы, сыртқы саясаттағы мәні жылдан-жылға өсіп келеді. Мұнда әлемнің ең ірі, аумақты және көп халықты елдері орналасқан – Ресей, Кытай Халық Республикасы, Америка Құрама Штаты, Үндістан, Индонезия, Жапония, Канада, Мексика, Ветнам, Корея Республикасы, Бангладеш, Австралия, Жаңа Зеландия, т.б. елдер. Аймақ территориясы тіпті жер шарының тең жартысын алып жатыр деуге болады. Сондай-ақ, соңғы кездері Азия-тынық мұхит аймағының ерекше қарқынмен дамуы саясаткерлермен ғалымдардың да көңілін аударуда. “ХХІ ғасыр Азия-тынық мұхит аймағы ғасыры” деген болжам айтылып жүр. Енді әлемнің басты назары осы аймаққа бағытталып отыр. Бұл аймақ ірі өндіріс күштердің жинақ көзі болып табылады. Мұнда барлық автомобилдермен кемелердің, синтетикалық талшық пен теледидарлардың 70 пайызы, пластмассалармен синтетикалық шайырлармен 60 пайызға жуығы, алюминимен болаттың 50 пайызы шығарылады. Сондай-ақ табиғи және шикізат көздері де молынан шоғырланған. Осындай экономикалық даму барысы аймақтағы елдер арасында терең де, жан-жақты ынтымақтастықтың жүзеге асуына алғы шарт болып отыр.
Бұл аймақтың жалпы әлемдік саясатта өзіндік бірнеше ерекшеліктері бар. Басты ерекшелігі мүнда АҚШ-тың әскери-саяси қатысуы орын алған, АҚШ осындағы көптеген елдермен саяси, әскери, экономикалық байланыстар жүргізеді. Тағы бір ерекшелігі мұндағы елдер мұхит жағалауындағы мемлекеттерден құралған, мұның бәрі Азия-тынық мұхиты аймағы елдерінің теңіз инфрақұрылымының жеткілікті деңгейде дамуына жол ашады. Сонымен бірге, бұл аймақта даулы мәселелер де көптеп орын алған. Елдер арасындағы территориялық дау-жанжалдар (мысалы: Жапония – Ресей, Ресей – Қытай, Қытай – Ресей, т.б.), Корей жарты аралына қатысты, Тайвань мәселесіне байланысты және басқа да елеулі қақтығысты оқиғалар.
Соңғы кездегі әлем жұртшылығын елеңдетер жәйт – аймақтық көп мемлекеттерінің қарқынды экономикалық даму үрдісі.
АТР елдерінің экономикалық жағдайының өте тез жылдамдықпен өсуі үлкен табыстарға қол жеткізді. Сондай-ақ, АТР елдерінің сауда – экономикасының ынтымақтастығы да дами түсті. Азия-тынық мұхит аймағының елдері арасында инвестициялық ынтымақтастық кеңейді. Сонымен бірге қаржы саласы да едәуір қарқынмен өсті. АТР-де Санган, Сингапур, Токио қаржы орталықтарыпайда болды.
АТР елдерінің экономикалық дамудағы табысы және аймақтағы халықаралық ынтымақтастықтың белсенділігі біріншіден, қолайлы табиғи ресурстардың мол қорының болуы, яғни экономиклық дамудағы керекті шикізатты қамтамасыз етіп отырды. Екіншіден, Азия-тынық мұхит аймағы елдеріндегі сасяи жағдайдың тұрақтылығы. Үшіншіден, “ашық есік” сасяатының жүргізілуі. Бұл экономикалық дамуға басқа елдердің де әсері ықпал етті. Азия-тынық мұхит аймағында негізгі рөлді Жапония атқарады. Азиялық болсын, ғаламдық мәселе болсын шешуде Жапония белсене араласты. Экономикалық даму деңгейі бойынша екінші орындағы ол өзінің ықпалын әлемге таратуға тырысты. Жапония басшылары көп полюсты дипломатия сасяатын жүргізді. Бұл АҚШ-тың біржақты қатаң байланыс жүйесінен шығып, Батыс Европа және Ресей, Қытай елдерімен байланысын дамыту еді. Экономика жағдайының өсуімен Жапония сыртқы саясаттағы мақсатына жетуге осыны пайдаланды.
АТР де Жапония үшін ерекше саяси мәні бар аймақ. Яғни мұндағы халықаралық, саяси жағдай өзінің ғаламдық сыртқы саяси мақсатына жету мүмкіншілігін біршама анықтап береді. Бұл аймақта Жапония тең құқылы серіктес ретінде Ресеймен, АҚШпен және Қытаймен өзара құқықтық жүйеге қатыса алады.
АТР біріншіден, Жапонияны бай табиғи ресурстар көзімен тартады. Бұл аймақ жапон өнеркәсіп өнімдері үшін нарық көзі болып табылады. АТР-дегі арзан жұмыс күші Жапониядағы жұмыс жалақысының кенет өсуіне байланысты капитал салуға маңызды. Және де Азия Жапония үшін әскери-стратегиялық көзқарасы бойынша да маңызды болып саналады.
Жапония АТР-дегі саясатын үш принципке сүйене отырып жүргізді.
• Жапония осы аймақта Американ ықпалын қысқарту арқылы өзіне мол мүмкіндік жинау. АҚШ-тың Азиядағы жауапкершілігін қысқарту жөніндегі Никсонның “Гуам доктринасының” шақырылуы және Форттың “Жаңа тынық мұхиттық доктринасы” Токио үшін өз ықпалын кеңейтудегі мақсатын жүзеге асыруы кермет жағдай болды.Сыртқы істер министрі М.Охираның айтуынша Азия елдері АҚШ-қа мойынсұнбай өз бетімен күн көретін кез келді. Енді Жапония орталық фигура болары сөзсіз. Жапония бұны өз мойнына ала отырып, елдерге экономикалық көмек көрсетуге тырысты.
• Басқа империальистік елдермен тығыз ынтымақтастық орнату. Халықаралық ұйымдардың мүшесі ретінде АТР елдері және АҚШ, Батыс Европа елдері арасында ынтымақтастықты дамытуға делдал болу.
• Басқа империальистік елдермен қарама-қайшылықты дұрыстау. Мұнда Жапония басшылары әр түрле ұйымдарға инициатор болды. Азия-тынық мұхиттық кеңес (ASPAC), АСЕАН, АТЕС, АСЕМ ұйымдары құрылды.
Жалпы жапон сыртқы саясаты қолайлы халықаралық орта құру және барлық елдермен тиісті қарым-қатынас орнату болды. Сол үшін ғаламдану саясатына ұмтылуы Жапонияның әлемде алатын орны мен рөлін арттырды. Әсіресе, Жапония ғаламдық істе АҚШ пен ынтымақтаса отырып, АТР-дегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, Азияда жаңа рөлге ие болды. Және бұл аймақтарда бейбітшілікпен өркендеудің кепілдігі үшін АҚШ-тың қажет екенін мойындады.
1993 жылғы премьер министр К. Миядзаваның “Миядзава доктринасы” Жапонияның АТР-дегі саясатының төрт басты бағытын ұсынды.
• АТР-дегі қауіпсіздіктің тұрақты дамуы, жаңа тәртіп құрудағы белсенділік.
• АТР-дің экономикасының одан әрі дамуына жол ашу.
• Демократияны дамыту, қоршаған ортаны сақтау, экономикалық даму арасындағы үндестікке жету үшін АТР елдерімен бірлесе күресу.
• Үнді қытай елдерін өркендету және бейбітшілік орнату ісінде АСЕАН елдерімен ынтымақтасу.
Жапонияның бұл бағыттары аймақтағы қауіпсіздік мәселесіндегі
нақты Корей мәселесі, Камбоджа мәселесі сияқты проблемаларды шешуде басшылық рөлге талпынысын көрсетеді. Жапонияның АТР аймағында жетекшілік рөлге ие болуы, БҰҰ мен жақындасу арқылы кең шеңберде іске асуда. Сондай-ақ, Жапонияның аймақтық қауіпсіздік жүйесін құру саясаты елдер тарапынан қолдау тауып, жөғары бағаланып отыр. Бұл бір жағынан кіші елдер жағынан өзіне сенім алғысы келсе, екінші жағынан аймақтың саяси лидер рөліне енудің алғы шарты еді. Жалпы Жапония экономикалық жағынан АТР елдеріне көмек бере отырып, өзінің саяси деңгейін көтеру болды.
Диплом жұмысының мақсаты. Жапонияның ірі аумақты АТР елдеріндегі, әсіресі ҚХР, Корея Республикасы, Оңтүстік Шығыс – Азия елдері мен Тынық мұхит елдеіндегі жүргізген саясатын, орны мен рөлін анықтау. Сондай-ақ лидерлік рөлдегі бәсекелестігімен серіктес елдерді, лидерлік рөлге ие болуындағы саясатының қайнар көзін білу.
Диплом жұмысының міндеттері. Жапония экономикалық ұлы держава. Оның АТР елдеріндегі кейбір мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынастарын бастаудан, ынтымақтастыққа, серіктестікке, бәсекелестікке жетуге дейінгі жағдайларды қарастыру. АТР аумағында және ғаламда жетекшілікке жетудегі бағыттарының нәтижесін көрсету. Әлем жұртшылығына экономикалық ұлы держава ретінде танылуының сырын ашу.
Диплом жұмысының қайнар көздері. Монографиялық зерттеулерден Петров Д.В., Носов М.Г. “Международные отношения в АТР”, Поспелов Б.В. “Отношения Японии со странами АТР: социально-идиологические аспекты” еңбектерінде АТР-дегі халықаралық жағдай мен Жапонияның осы аймақтағы саясаты жайлы мәселелер қарастырылған. Кутаков Л.Н. “Внешняя политика и дипломатия Японии” еңбегінде Жапонияның Қытай, Корея, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен қарым-қатынасы, саяси бағыттары, ол елдердегі Жапонияның рөлі мен орны жайлы кеңінен көрсетілген. “Китай в мировой политике”, Крупянко М.И. “Япония в системе Восток-Запад: политика, экономика” кітаптарында Қытайдың АТР-де тек серіктестік қана емес бәсекелестік рөлінің артуын, Жапонияның Қытаймен экономикалық байланысын жоғары деңгейде дамытуда ынтымақтастыққа тарту әрекеттері көрсетілген. Ал, Дмитриевская Н.П. “Япония и Южная Корея” еңбегінде Жапонияның АТР-дегі лидерлік рөлге ұмтылуындағы Кореяның маңызы мен ықпалы көрсетілген. Кунадзе Г.Ф. “Японо-китайские отношения на соврменном этапе” еңбегінде Жапонияның Тайвань мәселесін шешудегі рөлі қарастырылған. Жалпы Тайваньда жапон компанияларының 600-ге жуық филиалы жұмыс істейді. Жапония мен Тайваь арасындағы экономикалық қарым-қатынасқа кір түспеуі, екеуінің арасындағы берік ынтымақтастықты көрсетеді Чуфрин Г.И. “международные отношения в Юго-Восточной Азии на современном этапе” еңбегі және Тупов Б.С. “Интересы Японии в зоне стран АСЕАН” еңбегінде, авторлар сыртқы ықпалға тәуелді болып келген Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің пішіні өзгеріп, әлем шаруашылығындағы рөлі өсе бастағанын бөліп айтады. Оған қоса Жапонияның Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен қарым-қатынасындағы кейбір мәселелерге, әсіресе Жапония экономикасына деген тәуелділігі төңірегіндегі жайларға баса назар аударылған. Баспалық сараптамаларға келсек, Нодари Симонияның “Японский каскад” тақырыбындағы “Новое время” газетінде жарық көрген мақаласында АТР-дегі Жапон экономикалық үстемдігінің жылдан-жылға артып келе жатқандығын баса айтады. Жапония АТР-де соғыстан ейінгі жылдары АҚШ-тың Батыс Еуропадағы атқарған рөліндей дәрежеге көтеру керектігін көрсеткен. Ал, “Азия и Африка сегодня” журналындағы Д.Мосяков мырзаның “Очередная схватка” мақаласы Қытай-Жапон қарым-қатынасын жан-жақты көрсеткен. Ондағы басты мәселе екі ел арасындағы дипломатия төңірегінде көбірек қозғалған. Жапония мен Қытай тек АТР аумағында ғана емес әлемдік лидерлікке ие болуда да бір-біріне бәсекелес болғаны. Сүйте тұра, олар саудалық серіктестігі берік. Тайвань мәселесі де қозғау болған. Және Сенкаку аралына байланысты даудың шығуы туралы түсініктеме берілген.
Құрылымы жағынан дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан және қорытындыдан тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі және негізгі ұстанған мақсаттары мен міндеттері, пайдаланылған әдебиеттерге түсініктеме жасалған.
І-тарау. Бірінші тарау екі параграфтан тұрады. Біріншісі, жапон-қытай серіктестігі жөнінде болса, екіншісі бәсекелестік саясаты жайлы. Қытай жапондық сыртқы саясатта көршілік байланыстармен қатар, экономикалық-саяси және әскери-стратегиялық мәселелерді шешуде де үлкен маңызға ие екені баса айтылған. Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнауымен екі ел арасында өшпес достықтық және барлық салада бірлескен саясат жүргізу орнады. Екі жақты байланыста Қытай Жапонияны финанстық және техникалық көмек алудың қайнар көзі санаса, Жапония үшін Қытай Ресей және АҚШ-пен қарым-қатынасында пайда табуда қосымша мүмкіншіліктер мен әлемдік аренада Жапонияның бағытын нығайтуға жол ашады деп көрсетті. Ал, Қытай нарығын “экономикалық қауіпсіздікті” нығайту үшін қолданды. Жалпы екі ел арасындағы барлық келісімдер орнымен жүзеге асып жатты, яғни өзара мүдделері сәйкес келді. Дегенмен Қытайдың Кеңес Одағымен қарым-қатынасын жақсартуы Жапония мен Қытай арасынд алауыздық тудырды. Өйткені Жапония сыртқы саясатында антикеңестік саясаты ұстанып келген еді. Енді жапон үкіметі Қытай мен Кеңес Одағы арасына кедергі жасамақ болды, сүйтіп АТР-гі стратегияның бұзылуынан қорғанбақ. Әйткенмен, Кеңес Одағы Жапониямен жақындасуды көздеді. Ал оған Қытай кедергі келтірді. Ал 80-жылдары Қытай бағыты америка жағына көшті. Токио бұл жақындасудан үрейленді. Америка-Қытай қатынасындағы негізгі мәселе көбінде әскери-стратегиялық мәселелерге ауысты. Дегенмен, АҚШ Жапонияның Қытаймен жақындасуына бөгет болды. Ал Қытай болса, АҚШ және Кеңес Одағымен, Жапониямен де жақындасу саясатын жүргізуді қолға алды.
Бірақ 80-жылдардың соңы екі елдің жақындасуымен көрінді. Екі ел басшыларының кездесулері, келіссөздері екіжақты түсініспеушілікті түбірімен жойды. Енді Жапония Қытаймен қарым-қатынаста әскери салаға көбірек мән берді. Сондай-ақ экономикалық байланыстың жоғары деңгейде дамуын қамтамасыз ету үшін АТР-дегі халықаралық ынтымақтастыққа Қытайды тартуға күш салды.
90-жылдары екі жақты тауар айналымы жоғары қарқынмен өсті. Қытайға тұрақты несиелер бөліп тұрды. Қазіргі кезде жапон-қытай қарым-қатынасындағы негізгі даулы мәселелер біріншіден, Тайвань мәселесі болса, екінші екі жақты сауда соғысы, үшіншіден АТР дегі өздерінің саяси-экономикалық ықпалын нығайтудағы бәсекелестік күресі болмақ. ҚХР басшылары АТР сыртқы саяси белсенділігінің маңызды құралы ретінде қарады. Сол тұрғыдан Жапония жағынан бұрын кездеспеген экономикалық бәсекелестіктің тууына әкеліп соқты. Дегенмен 90- жылдары екі елдің арасындағы достық қарым-қатынаспен бірге, басқа да шешу керек мәселелер баршылық еді. Сондай-ақ Қытайдың әскери күшін кеңейтуі Жапон үкіметінің алаңдатушылығын тудырды. 1992 жылы Токиода “Әлемдік серіктестіктің жаһандық жоспары” деклорациясына екі ел қол қойысты. Тағы бір күрделі мәселе Сенкаку аралына қатысты туып отыр. Бұған Қытай мен Жапониямен бірге Тайвань да араласады. Мұнда мұнай қоры молынан орналасқан. 1996 жылы осы мәселе қайта көтеріліп, Гонконгте, Макао мен Тайваньда жапондықтарға қарсы көтерілістер де ұйымдастырылған. Бұл мәселе әлі де шешімін таппады, сондықтан қай уақытта да болса да қайта бас көтерері анық. Жапония сыртқы саясатында ҚХР-дың тек серіктестік қатынаста ғана емес, бәсекелестік қарым-қатынаста болуы, екі жақты күрделі қарым-қатынас кезеңін қалыптастырды. Міне осы мәселелер төңірегінде 1-тарауда кеңінен қарастырылып, талқыланған.
ІІ-тарау Оңтүстік Корея мен Тайваньның Жапониямен қарым-қатынасы. Бұл тарауда негізінен Корей жарты аралындағы мәселелерді шешудегі Жапонияның атқарған іс-шаралары мен Тайваньмен қарым-қатынасындағы соңғы кездегі жайттарға тоқталған. Корей жарты аралындағы ретсіздікті жөнге келтіру Жапонияның өз қауіпсіздігі үшін де қажет еді. Мұндағы саясатқа үшінші боп Америка араласты. Екі ел арасындағы келіссөзге де АҚШ бақылау орнатып отырды. Вашингтон-Сеул-Токио үштік альянсын құру идеясы жарыққа шықты, бірақ оны Токио жағы құптамады. Олардың басты мақсаты екі Кореяны бейбіт жолмен біріктіру болды. Бірақ 80-жылдары Сеул мен Токио арасында экономикалық көмек төңірегіндегі тартыстар өрбіді. Ал Сеул тікелей араласу нүктесін іздеді. Жапония болас Сеулді жапон экономикасына тәуелді етуді ойлады. Үкімет билігіне Ким Де Чжунның келуімен екі елдің өзара байланысы біраз болса да бері қарады. Соңғы он жыл Жапония мен Корея Республикасы үшін жан-жақты әрекет етуде жақсы нәтижелерімен көрінді. Бұл тіпті елеулі қарама-қайшылықтарды да тұншықтыра алды. Тайвань мәселесіне Жапонның көз қарасы бір жақты болды. Қытай саясатына байланысты дипломатиялық қарым-қатынасы үзілгенімен Жапонияның Тайвань мен қарқынды саясаты мүлде әлсіреген жоқ. Тіпті Жапония Тайвань мен сауда серіктестігі ретінде АҚШ-тан кейін екінші орында еді. Негізі Жапония Тайвань тәуелсіздігін сақтауды қолдаушы ретінде көрінді. Осыған байланысты Пекин жағының ырғағы кенет өзгеріп кеткен болатын. Бірақ бұл да өз кезегімен шешімін тауып жатты. Қандай жағдай болса да Жапон дипломатиясы Азиядағы және Қиыр Шығыстағы тұрақтылықты сақтау үшін көрші елдермен арада ешқандай даулы мәселелердің болмауына мән берілді. Бұл Жапонияның өз қауіпсіздігі үшін де негізгі мәселе.
ІІІ-тарауда Оңтүстік Шығыс Азиядағы халықаралық жағдаймен Жапония саясаты қозғалған. Оңтүстік Шығыс Азиядағы Жапон дипломатиясының басты міндеті бірінші кезекті “Саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету болса”, “Экономикалық бірін-бірі толықтыру” қарым-қатынасын орнату туралы кеңінен қорытылған. Бұл аймақ негізінен энергетика көздеріне бай, соның ішінде Индонезия. Ал Токио капиталының көбін осылай бағыттайды. Сонымен бірге Жапонияның мұхитқа шығу жолы да осында орналасқан. Жапония АСЕАН елдерімен қарым-қатынасын дамытуда саяи жағынан мән бере отырып аймақтағы халықаралық мәселелерді шешуде де өз рөлін көтеруге ұмтылып бақты. Жапония Вьетнам, Лаос, Камбоджаның қалпына келуіне қаржылай көмек көрсетті және өткен қателіктері үшін кешірім сұрады. Ол сол арқылы жапон-асеандық диалогтың дамуына дипломатиялық күш салды. Оңтүстік Шығыс Азиядағы елдеріндегі Жапон дипломатиясының маңызды міндеті АСЕАН елдерімен Үндіқытай елдері арасында делделдық қызмет ету, Камбоджа мәселесін реттеуде АСЕАН елдерінен қолдау табу. Дегенмен бұл айтарлықтай нәтиже бермеді. Токио енді тек бір ғана саяси ұсыныспен АСЕАН елдерінің ықыласына кіре алмайтынын білді. Сондықтан көп көлемді иеналық қаржы ұсынды. 80-ші жылдардың соңында АСЕАН елдерімен Үндіқытай мемлекеттері арасында жақындасулар байқалды. Жапония Лаоспен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты, оны Вьетнамға тәуелді етуден босатты. Оңтүстік Шығыс Азияға қатысты Жапон Қытай қатынасында қақтығыстар туындады. Бірақ Жапония АҚШ-қа сүене отырып артықшылық беделін көтеріп алды. Енді екі елдің бағыттары сәйкесін тапты. Жалпы Жапон дипломатиясының міндеттерінің бірі - өзінің Қытаймен және Оңтүстік Шығыс Азиямен қарым-қатынасын белгілі бір теңдікте ұстау. Қытаймен тым жақындасу АСЕАН жағынан қарама-қайшылық тудырса, ол АҚШ-тан көмек сұрауы мүмкін. Жапония премьер министрі Т. Фукуда Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне қатысты сыртқы саясаттың үш негізгі принцпін құрды.
• Жапония әскери держава болмайды.
• Оңтүстік Шығыс Азия елдерімен достық және сенім қарым-қатынасын орнатады.
• Оларға тек серіктес ретінде көмек көрсетеді.
Тынық мұхиты елдеріне келер болсақ, Жапонияны халықаралық
саясатындағы көп мәселелер бойынша Австралия, Жаңа Зеландия, Канада елдерімен бағытының сәйкес келуі, АҚШ стратегиясындағы олардың тығыз экономикалық, әскери және саяси байланыстылығымен анықталады. Жапон – Автралия қарым-қатынасы соңғы үш жылда тіпті жақсара түсті. Көптеген келісім-шарттар жүзеге асты. Бұл аймақтарда халықаралық мәселелерді шешуде Жапония өз ықпалын жүргізу үшін экономикалық қуаттылығын пайдаланды. Тек экономикалық салада ғана емес саяси бояумен де көрінді.
Қорытынды бөлімінде АТР-дегі Жапония рөлінің одан әрі дамуы мен шарықтау шегі, Азия елдерінің экономикалық дамуы мен қалыптасуындағы және бейбітшілікпен достықты баяндаушы ел ретіндегі, даулы мәселелерді шешудегі маңызды рөл атқарғаны жайлы көрсетілді. Және алда көрші елдер мен арасындағы территориялық дауларды шешуге қадам жасайтынына сенім берілгендігі айтылған. Сонымен бірге Орталық Азия және Қазақстанмен де қарым-қатынасының дамып келе жатқаны, алда Жапонияның әлемдік аренада өз орнын алатыны жөнінде сөз қозғалды. Жапония АТР-де лидер рөлін ғана емес екі елдер арасында делдал лауазымын атқарып келген бейбіт сүйгіш мемлекет....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?