Журналистика | Отандық және шетелдік БАҚ тағы денсаулық мәселелерінің көтерілуі
Мазмұны
КІРІСПЕ ............................................................................................................ .
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І ТАРАУ
Қазақстандық БАҚ- тағы денсаулық мәселесі
1.1. Мерзімді баспасөз беттеріндегі денсаулық мәселесі ..........................
1.2. Электронды ақпарат құралдарында денсаулық мәселесінің қозғалуы ..............................................................................................................................
ІІ ТАРАУ
Медициналық қызмет көрсетудің құқықтық негіздерінің БАҚ – тағы көрінісі
2.1. Шетелдік басылымдарда денсаулық мәселесінің жазылуы..............
2.2. Денсаулық және заң..................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ ...............................................................................................
Сілтемелер көрсеткіші тізімі.........................................................
Пайдаланылған әдебиеттер ...........................................................
Атақты ғалым, физиолог И.П.Павлов адам табиғаттың асқақ туындысы екенін, сонымен бірге оның күрделі де нәзік жүйе екенін, соған қарамастан табиғат қазынасынан игілік көру үшін адам дені сау, әлеуетті және ақылды болуы тиіс деп атап көрсеткен болатын. «Денсаулық-зор байлық» дейді халық. Денсаулық біздің қоғамда әр адамның жеке қазынасы, өз меншігі ғана емес. Сонымен бірге ол мемлекеттің қол жеткен табысы, ел байлығы болып есептеледі. «Ердің саулығы – елдің байлығы» деп халқымыз тауып айтқан. Біздің кемелденген отанымызда халық денсаулығы мемлекет қамқорлығына алынған. Бұл құқық мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің білікті медициналық тегін көмегі арқылы; азаматтарды емдеуге және олардың денсаулығын нығайтуға арналған мекемелер жүйесін ұлғайту арқылы; қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитарияны дамытып, жетілдіру арқылы; кең көлемді профилактикалық шаралар жүргізу арқылы; айналадағыны ортаны сауықтыру жөніндегі шаралар арқылы; жеткіншек ұрпақтың денсаулығына айрықша қамқорлық жасау, оның ішінде оқуға және еңбек тәжірибесіне байланысты емес балалар еңбегіне тыйым салу арқылы; аурудан алдын-ала сақтандыруға және ауру-сырқауды азайтуға, азаматтардың ұзақ жасап, белсенді өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған ғылыми зерттеулерді өрістету арқылы қамтамасыз етіледі. Әділ заңның аялауы арқасында біздің елімізде халыққа медициналық көмек көрсету мен аурулардың алдын алу ісінде елеулі табыстарға қол жетіп отыр.
Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауының негізгі бағыттарының бірі – халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған. Оның ішінде ана мен бала денсаулығына айрықша көңіл бөлініп отыр. «Денсаулық саласын дамыту мен реформалаудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында», дәлірек айтсақ, ана мен бала денсаулығын қорғауға бағытталған айрықша бір бөлігі бар. Бүгінгі күні елімізде кез келген бағдарламаны жүзеге асыруға барлық жағдай жасалған.
Денсаулығын сақтауға, оны нығайтуға күнделікті көңіл бөлу, шынығу әрбір саналы азаматтың парызы. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»,-деп деп халық айтқандай, денсаулыққа ерекше мән беріп, сәулетті өмірімізді мұңға, көңілсіздікке, қайғыға, бақытсыздыққа айналдыратын ауру-сырқаудан сақтануға болады. Нина Каюпова, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ғылымына еңбегі сіңген қайраткер: Адамдар «Денсаулығымнан аяймын ба?» деп дәрігерлерді ПАРА АЛУҒА өздері итермелейді-деген еді бір сұхбатында /1/.
Өркениетті елдерде, мәселен, бір медицина саласы бойынша жүзден аса заң бар. Ал бізде бар-жоғы онға жетер-жетпес заң қабылданған. Заңның жеткіліксіздігі проблема үстіне проблема жамап жатыр. Бар заңның өзі соңғы жылдары қабылданған. Бұл негізде «Денсаулық сақтау жүйесі туралы», «Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын жақсарту туралы», «Дәрі-дәрмектер туралы» сияқты заңдарды атап өтсек болады.
Бізге дәл бүгін транспонтология туралы заң аса қажет. Себебі еліміздің медицина саласында орган ауыстыру жиі орын алып жатқан тәжірибенің біріне айналды. Донорлыққа қатысты заң жоқ еді, оған қол жеткіздік – жобасы дайындалу үстінде. Бүкіл дүние жүзінде медицина саласы жаңа технологиялармен толығып жатыр. Сондықтан осылардың бәрін реттеп отыратын құқықтық базалар кешіктірілмей, дер кезінде қабылданғаны жөн. Бізге алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек көрсету туралы заң қабылдау ауадай қажет. Рас, бұл мәселе «Денсаулық саласын дамыту мен реформалаудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрініс тапқан. Алайда осы модельді заңмен бекітсек, бірталай мәселе шешімін табар еді. Біздің денсаулық сақтау жүйемізде жетілген, білімді, білікті ұйымдастырушылар жетерлік. Тәжірибелі клиницистер де аз емес. Ендеше, заң шығаруға мүмкіндігіміз толық жетеді.
Сол заңның жобасы дайындалып жатқанда ғалымдармен, бұрынғы министрлермен, жоғары оқу орындарының басшыларымен, ғылыми-зерттеу институттарының мамандарымен, дәрі-дәрмек шығаратын компаниялармен, жеке меншік клиника басшыларымен қоян-қолтық араласып, үлкен жұмыстар атқарылды. Сонда біздің қандай да бір заң шығаруға мүмкіндігіміз бен қабілет-қарымымыз молынан жетеді. Реті келіп отырғанда, бізге денсаулық сақтау саласындағы заңдардың басын біріктіретін Кодекс қажет екендігін баса айтқым келеді. Бірақ ең басты мәселе – сол бөлінген қаржының орта жолда қолды болмай, әрбір тиынына дейін нақты мақсат үшін жұмсалуында. Мейлі ол ауыл тұрғыны болсын, мейлі қалалық болсын, еліміздің әрбір азаматы тегін дәрігерлік көмекпен қамтамасыз етілуі тиіс. Үкімет дәрігерлерге жағдай жасаудан бас тартқан жоқ. Мәселен, өткен жылы медицина ғылымы үшін 150 миллион теңге бөлінсе, осы жылы 1 миллиардтан астам теңге бөлініп отыр. Жалақыны өсіру де қолға алынып, жағдай біршама болса да түзеліп қалды. Материалдық база да қажетінше жақсарып келеді. Жоғарыда сөз болған бағдарламаға сәйкес, 2008 жылға дейін әйелдер босанатын перзентханалар мен балалар ауруханасының барлығы жаңа жабдықтармен жабдықталу мәселесі жоспарланып отыр.
Бүгінгі күні кадр мәселесінде де қиындық жоқ. Дәрігерлер жеткілікті. Әрине, Алматы қаласындағы жағдайды Оңтүстік Қазақстан облысымен салыстыра алмайсың. Десек те, ол еш ауыртпалық түсіріп отырған жоқ. Соған қарамастан, қазір әр аймақтағы жағдайға байланысты, болашақ дәрігерлерді бірдей етіп бөлу мәселесі алға қойылып отыр. Дәлірек айтсақ, республикамыздың әр облысы, әр ауданының ерекшелігіне қарай қай жерге қанша, қандай маман қажеттігі жөнінен анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ілгеріректе ауылдық жердегі талай дәрігерлік бөлімшелер жабылып, денсаулық сақтау саласы тоқыраудан өтті. Қазір соның бәрі қалпына келтіріліп, қайта ашыла бастады. Енді ол аймақтар білікті дәрігерге зәру.
Қазіргі таңда әлем дәрігерлері, ғалымдары «адам репродукциясы бизнеске айналып барады» деп дабыл қағуда. Адам репродукциясының бизнеске айналып бара жатқаны рас. Гинекологияда жасанды ұрықтандыру, құрсақ ана, тағы сол сияқты медицина жаңалықтары етек алып кетті. Рас, бір жыл бұрын жарық көрген «Азаматтардың репродуктивті құқығы және оның кепілдігін жүзеге асыру туралы» заңда осы айтылғандардың бәрі түбегейлі болмаса да қамтылған. Алайда тек бір заңмен оның бәрін бірдей реттеп, қадағалау қиындау.
Жалған мадақ-мақтан, алдап-арбау, ұрлық-қарлық, боссөзділік, күштінің өктемдігінің әлсізді тұқыртуы, сыбайлас жемқорлықтың ауыздақталмауы, кенттендіру (урбанизация) үрдісінің көшкінді болуы тәрізді құбылыстардың түсініксіз қарқын алуының өзі-ақ белгілі халықтық-ұлттық тәрбиеге қатты залалын тигізді. Ендеше, бүгінгі күні, жаңа тарихи жағдайларға сай жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға көңіл бөлген жөн. Үстіміздегі жы¬лы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның ұлық мұратына деген се¬нім¬ді көзқарастарын саралап берді. Бұл халықтың денсаулығына деген мемлекеттік қамқорлық аясын одан әрі кеңейтіп, медициналық қызмет көрсетудің нәтижелілігі мен сапасын арттыруды талап етеді. Себебі, қоғамның саулығы қандай да бір тар өрістегі мақсат емес, адамдардың денсаулығы әрдайым қоғам айнасы болып қалады. Осы заманғы әлеуметтік саясатта денсаулық сақтау мәселесінің көкейкестілігі жаңа уақыт талабымен де үнемі ұштасып жатады. Ал бүгінгі таңда медициналық қызметтің жүйесін орнықтыру мақсатында не істеуіміз керек деген сұраққа жауап іздесек, біз оны Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясынан және сол Стратегияны орындаудың алдағы онжылдық міндетін айқындаған биылғы Жолдаудан таба аламыз. Меди¬ци¬налық қызметтің мемлекет көрсететін бө-лігін анықтап бере¬тін уақыт жетті, бұл арада жеке адамның өз денсаулығы үшін жауапкер¬шілігі күшеюі қажет дегенді айтқанда, қандай мәселені бірінші кезекке қоюымыз керек. Бұл мәселе адамдардың ойлауы бойын¬ша күрделі болып көрінуі мүмкін, енді ол жағдайдың өзі уақыт кемерінен өтіп барады. Осыдан он жыл бұрын “Қазақстан-2030” стра¬тегиясындағы 7 басым бағыттың ішінде ден¬саулық сақтау және білім беру, адамдар¬дың өсіп-өнуі өміршең міндеттер екені бел¬гілі. Бірінші кезекте сырқаттың алдын алу жә¬не дені сау болып, жақсы өмір сүрудің бе¬рік дағдысын күнбе-күнгі әдетке айнал¬дыру, нашақорлық, арақ ішу, темекі шегу секілді теріс құбылыстарға қарсы күрес жүргізу, ана мен баланың денсаулы¬ғын қорғау, дұрыс тамақтану, қоршаған орта мен экологияның таза болуына күш салу секілді міндеттерді жүзеге асыру бағытында әлі де көп істер ат¬қарылуы тиіс. Бұл ретте медициналық қыз¬меттің сапасын халықаралық стандарттарға сәйкес ету, озық та жаңа технологияларды дамыту асығыс-үсігіс реформалар жасауды емес, байсалды көзқарастарды және мәселеге ғылыми саралау тұрғысынан келуді қажет етеді. Нарық жағдайында жеке меншік медицина¬лық қызметтің де дамуына жол ашылды. Бір ғана мысал. Қазір ірі қалалар мен облыс орталықтарында тіс емханасының көптігі¬нен аяқ алып жүре алмайсыз. Бұл жақсы ма, жаман ба? Егер әр адам өз денсаулығын күйттеп, шын кәсіби дәрігер таңдауға жүгіне алатынын ойласақ және санның сапаға айналмай тұрмайтынын, ол қолайлы қызмет көрсету бәсекелестігіне жетелейтінін ескерер болсақ, бұл жағымды көрінеді. Ең өткір мәселе, соған қарамастан ауру біткеннің алдын алу, адамдардың өзін-өзі күту жағдайы медициналық білім мен қолжетімді ақпарат болуымен байланысты екені дау туғызбайды. Сондықтан да қоғамда салауаты өмір сал¬тын қалыптастыру аясында жаңа міндет¬терді шешуіміз керек. Оны медициналық сауаттылық және өз денсаулығын ойлау жолындағы сауаттылық және мәдениеттілік десек те болады.
Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты дер болсақ, осы денсаулық мәселесі қазіргі таңда бұқаралық ақпарат құралдарында кеңірек қозғалып жүр. Олай болса бүгінгі диплом жұмысымда денсаулық тақырыбына бекер арналып отырған жоқ. Диплом жұмысымның тақырыбы «Отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында денсаулық мәселесінің көтерілуі» деп аталады. Диплом жұмысы кіріспе, негізгі бөлімде екі тараудан және қорытынды бөлімнен тұрады. Негізгі бөлімнің І тарауын «Еліміздегі денсаулық мәселесі баспасөз беттерінде және электронды ақпарат құралдарында қозғалуы», ал ІІ тарау «Шетелдік басылымдарда денсаулық мәселесінің жазылуы» деп аталып отыр.
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі адамдарды «жатыпасарлар» деп те атайды. Бүгінгі адамдардың өмірлік сипаттамасы – көп ойлау және сезімдік жүктеме, отырыс пен қимылсыздық. Ғылыми-техникалық өрлеу қоғамға игілік әкелумен бірге адамдардың өмір сүру дағдысын күнделікті тұрмысын да өзгертіп, бұрынғы қалыптасқан әдет-ғұрыптарын жаңартуда. Екі адамның бірі күнделікті үйренген қимылдардан басқа ешқандай дене жаттықтыру шараларын орындамайды. Бос уақытында теледидардың алдынан шықпайды. Жұмысқа не оқуға көлікпен барады. Тұрмыста да техниканың «кір жуатын машина, шаңсорғыш, т.б» көмегіне жүгінеді. Тіпті киімді, аяқ киімді, тісті тазалайтын электр шеткалары пайда болды. Қысқасы, ғылыми техникалық өрлеу пайдадан зиянға, денсаулықтың жауына айналып барады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, денешынықтыру, яғни дене мәдениетін дамыту маңызды. Міне осы жағдайларға байланысты Қазақстан Республикасы Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының Ұлттық орталықтары түрлі бағдарламаларды жүзеге асырып жатыр.
Сондай-ақ бүгінде есірткінің, нашақорлықтың таралу мәселесі эпидемия сипатына ие болғаны ешкімге құпия емес. Әрине денсаулық саласында проблемалар жетерлік. Тәуелсіз ел болғанымызға да міне 15 жылдан асып барады. Осы кезең ішінде халқымыз қайта түлеп, жаңа дәуірге қадам басты, көптеген игі өзгерістердің куәсі болды. Әрине бірталай қиыншылықтарды да бастан кешті. Осы аралықта Қазақстанның денсаулық саласындағы өзгерістер, жаңалықтар және олардың БАҚ-ғы көрінісі диплом жұмысына арқау болды.
І Т А Р А У
Мемлекеттегі денсаулық мәселесі ақпарат көздерінде
1.1. Еліміздегі денсаулық мәселесі баспасөз беттерінде
«Адамның мінез-құлқын жетілдіретін әрекеттер оның өз денесін жетілдіру үшін жасайтын әрекеттеріне ұқсайды. Адам денесінің жетілуі – денсаулығы: егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса, онда денді сауықтыру керек. Денсаулыққа белгілі бір мөлшерде сақтанудың арқасында ғана жететін болғандықтан: мөлшермен ішіп-жесең – денің сау болатыны, мөлшермен еңбек етсең – күш қосылатыны сияқты, жақсы мінез-құлық мөлшерлі әрекеттер арқылы келеді»-дейді данышпан Әл-Фараби. Ал А.Шопенгауэр «Денсаулықтың өмірдің қалған барлық игілігінен артықтығы сол – дені-құрсағы сау жаралы ауру корольден анағұрлым бақытты. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты» дейді. Қазір дүние жүзінде медицинаның ерен жетістігі жайында жиі айтылады. Сонымен бірге тез айығып кетуі ауыр соғатын созыл¬малы және емделуі қиынға түсетін сырқат түрлері көбейіп кеткен сияқты.
Адамзат ғасырлар тоғысында денсау¬лық сақтауда зор табыстарға қол жеткізді. Қазір Жер шарында адамдардың өмір сүру ұзақтығы орта есеппен алғанда 68 жас болып тұр, жекелеген дамыған елдердің көпшілігін¬де бұл деңгей едәуір көтеріліп, 80 жасқа қа¬дам басты. Ал енді дүние жүзіндегі адам¬дардың 40 пайызы мекендейтін дамушы мемлекеттерде адамдардың өмір сүру деңгейі әлі де болса 60 жасқа жете қойған жоқ. Көрсеткіш әралуан, оның себебі де әрқилы. Енді мәселенің қойылуы да жаңа көз¬қарастар туғызуда. Өткен ғасырдың 50-ші жылдары индустриялық қоғамның қарыштап дамуы әлемге көп өзгерістер әкеліп, адам¬дардың мінез-құлқына тосын нәрселердің сіңісе бастауына қатты әсер етті. Модерниза¬ция мен урбанизацияның сал¬дары бар және технологиялық жетістік¬терге жіпсіз байлану секілді тұрмыс-тірші¬лікте адамдардың бір орнында бас алмай, ұзақ уақыт отырып жұ¬мыс істеу дағдысы бой көтерді. Жасына қара¬мастан, кісілердің жүріп-тұруы сирексіді, та¬мақтану кестесі бұзылды, темекі шегу жаппай етек алып, адам жүйкесіне залалын тигізетін азық-түліктерді тұтыну және экологияның күрт нашарлауы салдарынан адамдардың жү¬рек-қан тамырлары, онкологиялық, тыныс жол¬дары органдарының демікпе сырқатта¬ры¬на шалдығуы жиілей түскені еш жасырын емес. Әлемнің медик-ғалымдары мұндай ауру түрлерінің кең етек алуының түпкі себеп-салдарын әр елдің әлеуметтік-экономика¬лық даму деңгейінен деп зерттеу қорытын¬дысын жасап отыр. Бұл, әрине, түпкі бір себебі болса, адамдар өз денсаулығын үнемі қадағалап отырса, өз тағдыры өз қолында екенін және аңғартады. Өркениетті елдер өз тәжірибесінде бұл бағыттың дұрыс екенін талай мәрте дәлелдеп келеді. Құрт ауруы секілді әртүрлі дертке ұрындыратын сырқат түрлерінің алдын алу, сақтандыру шарала¬рын пәрменді ету мақсатты бағдарламаға арқау болса, сол қоғам сөзсіз сауығады. – Мәселен, бұл санатқа қай мемле-кеттерді жатқызуға болады? Оның Қазақ¬стандағы шешімі қалай болып жатыр? – Қазір Финляндия, Швеция, Норве¬гия, АҚШ, Жапония сияқты мемлекеттерде адамдардың орташа өмір сүру жасы 80-ге жетті. Бұл — зор табыс. Әлем ғалымдары осы елдердің медицина саласындағы қол жеткіз-ген тәжірибесіне сүйене келе, дүние жүзінде қоғамдық денсаулық сақтаудың басым бағыт¬тарына таңдау жасап отыр. Атап айтқанда, индустриялық қоғамнан ақпаратты қоғамға өту кезеңінде адамдар өз денсаулықтары үшін жауапкершілікті өздеріне көбірек алады да, мемлекет адамдардың денсаулығы үшін қа¬жетті әлеуметтік жағдайларды ғана жасайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының “ХХІ ғасырда баршаның денсаулық жетіс¬тіктері саясатының негіздері” (1999 ж.) деп аталатын құжатында адам денсаулығын жақсарту стратегиясы салауатты өмір салтын қалыптас¬тыру ісі және сырқаттың алдын алу бағдарла¬масы баға жеткісіз құндылықтар деп жазылған. Және осы қағидаттарға иек артуды ұсынады. Біздің елде бұл мәселе мемлекеттік тұрғыдан оң шешілуде. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халық денсаулығын жақсарту ісінде қамқорлық пен берік ұста¬нымын әрдайым байқатуда. Халықтың сау¬лығы мемлекет үшін еш нәрсеге айыр-басталмайды деген міндетті жан-жақты ұқтырады. 1997 жылы 3 желтоқсанда Үкімет¬тің қаулысымен Салауатты өмір салтын қа¬лып¬тастыру мәселелері бойынша ұлттық ор¬талық құрылды. Мұндай мақсаткерлікпен құ¬рылған мекеме ТМД-да ғана емес, Еуро¬па¬ның бірқатар елдерінде әлі күнге дейін жоқ.
Мемлекет басшысы жаңа орталықтың алдына бірнеше мақсат қойды. Біріншіден, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойын¬ша ұлттық саясат бағдарламасын әзірлеу қа¬жет болды. Бұл тың іске мүдделі министр¬ліктер мен мекемелердің, үкіметтік емес ұйым¬дардың жетекші өкілдері қатысып, бел¬гіленген шешімдерді байсалдылықпен талқы¬лап, оны жүзеге асыруға белсене атсалысты. Екіншіден, халықтың денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі білімі мен хабардар¬лығын арттыру күн тәртібіне шықты. Үшін-шіден, бұл мақсатқа байланысты атқарылған жұмыстарды ғылыми тұрғыдан саралау және мониторинг жүргізу қолға алынды. Қазір мұның бәрі іс жүзіне асырылуда.
Алғаш рет Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесінде адамдардың ауырмауы, олар сырқаттана қалса, дер кезінде сауықтыру мәселесі бойынша жасалған мемлекеттік бағдарлама өз нәтижесін беруде. Кез келген жаңа істің бастауында әл¬бет¬те қиындықтар болмай тұрмайды. Халық¬тың денсаулығын жақсартуға себі тиетін мұндай қоғамдық іске білек сыбанып кіріс¬кеніміз рас. Ең әуелі салауатты өмір салтын қалыптастыру мемлекеттік мүдде тұрғысынан тиянақталып, оның құрылым¬дарын аяғынан тік тұрғызуға В.Девятко, С.Сейдуманов се¬кілді білікті ғалым маман¬дардың бірге іс атқарды/2/. Біз 1998 жылы Ел¬басының тапсырмасымен бұл мәселе бойын¬ша республикалық бағдарлама әзірленді. Оған еліміздің айтулы ғалым-...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?