Журналистика | Қазақ баспасөзіндегі жедел ілгерілеу идеясы
Мазмұны
КІРІСПЕ.........................................................................................3-5 беттер
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I тарау. Қазақстанның кешегісі мен бүгінгісі
1.1. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы
қиыншылықтар………………………………….……………6-13 бет
1.2. Тәуелсіз мемлекеттің таңдау жолы……………………..14-20 бет
II тарау. Қазақстанды ілгерілету жолындағы билік пен
баспасөздің рөлі
2.1. Ілгерілетудің басты бағыттары…………………………21-37 бет
2.2. «Баспасөзі күшті елдің өзі де күшті»……….…………..37-43 бет
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................44-48 бет
СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ..........................................................................49-50 бет
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................51 бет
Қазақстан Республикасы – Азия төсіндегі алып мүмкіндіктері, асқар мақсаттары бар, тарихы терең, рухы күшті халықтың ордасы. Тоқсан толғаулы тәуелсіздікті алғаннан бергі уақыт егеменді ел ретінде орнығу, әлемдегі өз орнын иелену, барша халықаралық қоғамдастық таныған ел болу мақсатын жүзеге асыруға арналды. Бейнелеп айтсақ, «атымыз барда желіп жүріп жер танумен, асымыз барда беріп жүріп ел танумен» өтті.
Бүгінгі күнгі мемлекет басындағы азаматтарды, зиялы қауым өкілдерін ойландырып, тың идея, жаңа істерге бастап отырған маңызды мәселелер бар. Оның ең бастысы – мемлекет институтының негізін қалыптастыратын халықты ұйымдастыру, елді жан-жақты дамыту, өркендету болып табылады. Ал, бұл елдік мәселенің оң шешімін таппағы, көздеген мақсатынан адаспауы халық айнасы – бұқаралық ақпарат құралдарымен тікелей байланысты.
«Газет – халықтың құлағы, көзі, һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. ...газет ¬¬–халық даушысы.
«Тау мен тасты су бұзар, адамзатты сөз бұзар» деген аталы сөз бар. Бұзуға құдіреті жеткен сөздің, түзеуге де құдіреті жетеді. Сөз – қару, мұны бұзуға жұмсасақ бұзады, түзеуге жұмсасақ түзейді. Сөзін жұртты түзеуге жұмсап отырған жұрттың өзі де түзелуге бет алғанын көріп отырмыз /1/». Бұл ұлт баспасөзінің көсемі Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақ» газетінде жарияланған ізашар мақаласында айтылған аталы сөз. Арада ғасырға жуық уақыт өтсе де, баспасөз, газеттің міндетін Ахмет атамыздан асырып ешкім айта алған жоқ. Олай болса, бүгінде жарық көріп отырған қай басылым болмасын көтерген мәселесі, жазған сөзі халықты түзетуге, ілгерілетуге жұмсалуы тиіс. Сонда ғана қазақ мықты ұлтқа айналмақ.
«Қазақ баспасөзіндегі жедел ілгерілеу идеясын» дипломдық жұмысымызға тақырып етіп алып, зерттеудегі мақсатымыз – Қазақстанды мүмкіндігінше шапшаң, жеделдете дамыту шараларының баспасөзде айтылуы, насихатталуын зерттеу және жалпы сол тақырыптағы материалдарды сараптау. Ұлтымызға қатысты мәселелерді көтерудегі қазақ баспасөзінің атқарып отырған қызметі мен рөлін көрсету, аталмыш тақырып бойынша қазақ баспасөзі көтерген проблемалық жарияланымдарды бір жүйеге түсіріп, ғылыми талдаудан өткізу болып табылады.
Бітіру жұмысының өзектілігі туралы айтар болсақ, Қазақстан өз алдына дербес ел болып, дүниежүзілік адамзат көшіне жеке мемлекет ретінде қосылған бүгінгі күні халқымыздың әлеуметтік-саяси, экономикалық және мәдени өмірінде бұқаралық ақпарат құралдарының алар орны, атқарар қызметі өте салмақты болып отыр. Бүгінгі таңда қоғамдық санаға ықпал ететін, бұқараны ортақ мақсатқа жұмылдыратын бірден-бір күш бұқаралық ақпарат құралдарының басты тетіктерінің бірі – баспасөз болып табылады. Баспасөздің қоғамымыздағы алатын орнына жоғары баға берген президентіміз Н.Ә.Назарбаев: «Газеттер мен журналдарға арқа сүйеместен өз саясатыңды қалай жүргізіп, реформа мәнін қалай ұғындыруға болатынын түсінбеймін. Егер ең бұқарашыл саяси мінберден айырылсақ, жұртты өз іс-әрекетіміз туралы, аймақтардың даму перспективасы туралы, мәселені шешудегі көзқарастар туралы қалайша хабардар етпекпіз, - деп атап көрсеткен еді /2/.
Бітіру жұмысының жаңалығы – алдымен, алғашқы рет дипломға тақырып етіп алынып, зерттеу нысанына айналып отыр. Еліміз есін жиып, етегін жапқалы дәл қазіргідей қанатын кеңге жаймаған шығар. Бірақ, өркениет жолына көш түзеген жас мемлекетіміз үшін әлі қолы жеткен жетістіктерінен гөрі, қолы жетпеген нәрсесі көп-ақ. Яғни, «төбедегі төртеу түгенделді» деп айтуға әлі ертерек. Осы тұрғыда мемлекетіміз жаңа идеяларға жол бастап отырғандықтан осы тақырыпты жазбаққа ой келді. Сонымен қатар, тәуелсіздік тұсындағы қазақ баспасөзінің олқылықтар мен кемшіліктерді ашудағы қызметі сарапталады. Демократиялық қоғамымыздағы баспасөздің алар орнына, қалыптасу кезеңдеріне талдау-сараптаулық баға беріледі.
Жұмыс барысында кеңінен қолданылған дерек көздері ретінде егеменді ел болған сонау 1991 жылдан бергі республикалық қазақ баспасөзінде жарияланған материалдар алынды. Еңбекте тәуелсіздік туының астында шығып жатырған газет-журналдардың тігінділері парақталып, ішіндегі сүбелі де сүйекті дейтін «Егемен Қазақстан», «Түркістан», «Жас қазақ», «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті», «Айқын» газеттері және «Ақиқат» журналы секілді бірқатар басылымды қарастырдық.
Қазақстанның ілгерілеуіне негізінен қазақ тілді баспасөз ғана мүдделі. Елімізде жарыққа шығатын орыс тілді басылымдар арандатуға бейім немесе мүлдем Ресейдің күйін күйттеп кетеді. Олар сенсацияға құмар, әр нәрсеге атүсті тоқталып, бүгін бар да, ертең жоқ өмірдің жеңіл-желпі жақтарына көбірек көңіл бөледі. Сол себептен де жоғарыдағы аталған ел тәуелсіздігіне тілектес, еліміздің жан-жақты ілгерілерілеуіне атсалысып жүрген газет-журналдарды зерттеу нысаны етіп алдық.
Ғылыми жұмыстың тұщымды болып, көздеген мақсатына жетуі, сондай-ақ, қойылған талаптарға толыққанды жауап беруі зерттеу әдістемесіне де байланысты. Диплом жазу барысында бұл қағиданы да естен шығарған жоқпыз. Диплом деректік материалдарды талдау мен сараптау, салыстыру мен жүйелендіру әдістерін қолдану арқылы жүргізілді. Жүйелілік, объективтілік және тарихилық принциптеріне негізделеді.
Бітіру жұмысының құрылымына келсек, ол ғылыми жұмысқа қойылатын талап бойынша ең әуелі кіріспеден, «Қазақстанның кешегісі мен бүгінгісі», «Қазақстанды ілгерілетудегі билік пен баспасөздің рөлі» атты екі үлкен тараудан, ол екі тарау шағын тақырыпшалардан тұрады. Бұлардан басқа жұмыс ойды тиянақтап, түйін жасайтын қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізбесінен тұрады.

1.1. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиыншылықтар
1990 жылдардағы қазақ баспасөзінде негізінен тәуелсіздік, Қазақстан территориясының тұтастығы, тіл саясаты, егемендік, ел тұтастығына қауіп төндірген казактар туралы, қоғамды жаңғыртудың жолдары, жат жердегі қазақтардың атамекеніне оралуы секілді қоғам дамуындағы іргелі де маңызды мәселелер көрініс тапты.
Қазақстанның қазіргі тарихының аса күрделі және жарқын сәттерін баяндайтын «Қазақстан жолы» атты кітабында елбасы Н.Назарбаев: «Біз «талмау күйдің» өлара жағдайы тұрақсыз және екі жақты болатынын, кез-келген кешігу мен теріс шешім қабылдаудың зардабы «өліммен аяқталатынын» түсіндік. Бұрынғы өкпе мен әлдеқашан тарихқа айналған өткенді түзетуге ұмтылған әрекетке байланысты, бүгінгі мен ертеңгіні ойлағанның орнына, біз үшін керексіз даңғазалыққа ұрынудың үлкен қаупі болды» /3/ дейді. Иә, жағдай оңай болмады. Бірақ, ол қандай күрделі болмасын, одан шығу үшін мықты басқарушылық тәртіп пен әр қазақтың күшін жану керек болды. Ауыртпалықты халық қалай қабылдаса, салмағы да соншалықты болады. Қиыншылықты ушықтырмау маңызды, өйткені әр түрлі дағдарыс жаңа кезеңге жол ашады.
Қайсар рухты қазақ халқы дәл осынау сәтте қол жеткізген жетістіктері үшін 1991 жылдың тарихи толқынына қарыздар. «Орнында бар оңалар» дейді қазақ. Егемен Қазақстанның дүниеге келуі қарсаңындағы кезеңнің ерекшелігі оны Кеңестік республикалар одағының жан тәсілім кезіндегі жағдайымен салыстыруға болатын еді. Мемлекеттік құрылым экономикалық және саяси дағдарыстан ес-түссіз талмау күйде болды. Сол кезде бұл ауыр үрдіске қоғамдық ақыл-ой боямасыз көзбен қарады да, әлеуметтік сана осынау ауыр көріністен біржола сансырап қалды. 1985 жылғы Орталық Комитеттің сәуір пленумынан басталған «қайта құру» қашан құрдымға кеткенге шейін ел өз тарихының шым-шытырық оқиғаларын ой елегінен өткізді. Саяси қуғын-сүргін құрбандарының бейнесін тірілтіп, режимнің зауалына ұшыраған зиялы қауым тұлғасына жан бітірді, төл тарих естеліктері орала бастады. 2005 жылы наурызда Грузия президенті М.Саакашвили Қазақстанға алғаш ресми сапармен келгенінде журналистердің сұрақтарына жауап бере келіп, өз елінің тәуелсіздікпен өткен 15 жылын өлім халіндегі жан ағзасына дем сала бастаған жағдайымен салыстырған еді. ТМД-ның бірқатар елдерінің экономикасы осындай жағдайда. Бұл біздің олардан 11-12 жыл алда екенімізді білдіреді. Алайда аумалы-төкпелі кезеңдегі адамдардың әлеуметтік күйзелісі мен бейжайлығы, психологиялық шиеленісі тәрізді әлеуметтік дерттердің сынағына түскенімізбен, Қазақстан бұл дағдарыстан шыға алды. Қазақты қиындықтан құтқарған баспасөз институтының рөлін атап өтпеске болмас. Тәуелсіздіктің бастапқы жылдарында қолына қалам ұстаған журналистер қауымы білек сыбанып, елді өтпелі кезеңнің ауырпалықтарын сездірмей өткізуге тырысып бақты. Алайда жаңа қоғамның жаңа мақсаттарына бой үйреткенше бірталай уақыт өтіп, алғашқы жазылған-сызылған дүниелер кейін келе мазмұндық, идеялық және стильдік тұрғыда көптеген сыни пікірлердің нысанына айналды.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қазақ баспасөзі де ауыр кезеңдерді басынан өткерді. Кеңес одағының дәурені жүріп тұрған тұста мерзімді басылымдар мамыражай күй кешті. Жоғарғы жақ өз қанатының астына қамқорлыққа алып отырғандықтан басылымдар өтімді болудың жолын іздеп бас қатырған жоқ. Партия нұсқауымен әр жердегі мекемелер бүгінде арманға айналған мыңдаған тиражбен әр басылымды қамтамасыз етті. Нарыққа көшу кезіндегі қазақ тілінің қиын жағдайы да қазақ баспасөзінің бағын байлады. Қазақ тілі нарыққа батыл түрде ене алған жоқ. «Рубль говорит по русский» дегенді естіген біз теңгенің де тек орысша сөйлегенін көрдік. Баспасөздің табыс көзі жарнама десек, жарнама берушілер халықтың 90 пайызына түсінікті орыс тілін таңдады. Осындай қосымша табыс көзі болмағандықтан қазақ газетінің өзін-өзі ақтауы қиынға түсті. Қаржыландыра алмаудың және бір себебі қазақ баспасөзінің оқырмандары негізінен ауылдық жерлерде шоғырланғандығында еді. Ауылда қаражат мәселесі тұрымтай тұсымен кеткен ол уақытта қиын болатын. «Қазақ әдебиеті», «Жұлдыз» бастаған басылымдарға жабылып қалу қаупі төнді. Сондай қиын кездерде қазіргі Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі бұл басылымдарды «Қазақ газеттері» аталатын акционерлік қоғамның аясына алып, қаржыландыруға кірісті. Үкіметтің қазақ басылымдарының редакцияларына берген дотациясы көп көмек болды. Осылайша қиындықтарды әупірімдеп артқа тастап, қазақ баспасөзі келешекке беттеді. 1990 жылы республикада 552 бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген болса, 1991 жылы оның саны 744-ке жетті, 1992 жылы бұл көрсеткіш 1052-ге жетіп жығылды.
Ұлттық баспасөз беттеріне егемендікпен ере келген тақырыптардың тағы бір тобы − осы уақытқа дейін жалғасып, тереңдей жазылып келе жатқан − салт-дәстүр, тіл, экология, радиациялық полигон зардабы, желтоқсан жағырығы сияқты өзекті мәселелер. Жекешелендіру сияқты экономикалық реформалардың дұрыс жүрмеуінен белең алған жұмыссыздық, қылмыс, әсіресе, ауыл адамдарының жүдеу тұрмысы, базар жағалаған халық туралы да газет беттерінде аз жазылған жоқ. Бұл орайда ерекше тоқталып өтетін бір жайт, егемендік алғанымызбен, тереңге жайылған Одақтың тамырларынан көп мәселеде әлі ажырамағандығымыз еді. Соның бірі әскер мәселесі болатын. Кеңес Одағының кез-келген түкпірінде әскери борышын өтеп жүрген қазақ жастарының санасына Одақтың ыдырауы үлкен әсер етті. Соның салдары сияқты бейбіт кезеңде опат болған әскерлер саны күрт өсіп кеткен еді. Баспасөз беттерінен бұл тақырып та тыс қалған жоқ. «Сегіз ай сенделіп, әскердегі баламды іздеп жүрмін /4/» деп жазған өскемендік азаматтың сөзінің жаны бар. Өйткені әскери саланы қайта құру барысы тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қазақ баспасөзінің жиі көтеретін өткір тақырыптарының біріне айналған.
Әрбір халықтың, ұлттың тарихында өзінің аса маңыздылығы мен ғасырға пара-пар оқиғалар болады. Ел тарихындағы ауыр жүкті көтерген сондай оқиға − сонау желтоқсаннан бастау алған еліміздің егемендігі соның нәтижесінде сөз бостандығы, іс-қимыл еркіндігі сияқты демократиялық ұғымдар іске асырылып, оның заңдық-құқықтық негіздері қаланды. Бұқаралық ақпарат құралдарының ісіне мемлекеттің араласуы біршама кеміп, олар дербестікке қол соза бастады. Қазақ тілді басылымдардың ең бір «дәуірлеу» кезеңі осы егемендіктің, тәуелсіздіктің ең алғашқы қалыптасу кезеңдеріне, қоғамдағы демократиялық қайта құрулар кезеңіне тұспа-тұс келді. Бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде ұлт жанашырлары басшылық еткен басылымдар бүгінгі күні тарихқа айнала бастаған сол бір кезеңнің өздеріне артқан салмақты жүгін жауапкершілікпен көтере білді деп айту ләзім.
«Өтпелі кезеңде әлеуметтік топтардың біріне шектен тыс жағдай жасалып, екінші бірінің мүддесі аяқ асты етілуі сөз бостандығы ұғымын журналистердің әрқалай түсінуінен болады. Бұл уақытта көтерілетін тақырыптарды заманның өзі айшықтайды» дейді Засурский /5/. Мемлекет құрудың алғашқы жылдары журналистиканың ауыр кезеңді бастан кешуіне ықпал еткен тағы бір кемшілік кеңестік тәртіптің қатал қыспағынан шыққан баспасөз бостандықты жүгенсіздікпен шатастырып алған тұстар да болды. Алайда қазақ баспасөзі негізінен жас елдің іргетасын берік қылуға, елдігін, ұлттығын нығайтуға бағытталған тақырыптарға қалам тербеді.
«Қазақ әдебиеті» газетінің бетінен түспей, егемендіктің алғашқы жылдары көрініс тапқан басты мәселе – ұлттық тәуелсіздік тақырыбы болды. Қазақстанда уақытысында түрлі партиялар саясат майданына араласты. Соның бірі – ұлттық мемлекеттілікке меңзеген «Азат» партиясы еді. Артынша «Қазақ әдебиетінде» «Жебеушісі жариялылық, демеушісі демократия» деген айдармен «Азат» партиясының төрағасы, саясаткер ғалым Сәбетқазы Ақатаевтың тәуелсіздік рухында жарық көрген «Азат» пен «Алаштың» айырмасы» атты мақаласы жарық көрді. Дәл осы кезден бастап қазақ публицистикасының дамуында жаңа бір дәуір басталды. Ол азат ойдың, еркін сөздің дәуірі еді. 1986 жылдан басталған заман ағымы 1990 жылдары өзіне лайық арналар таба бастады. Жаңаша ойлайтын зиялы қауым бас көтерді. Философ Сәбетқазы Ақатайдың жан даусы - өмір ағымының өзі туғызған дауыс болатын.
Міржақып Дулатовтың 1925 жылы «Еңбекші қазақта» жарияланған «Ендігі бір арманымыз тіл тағдыры» атты мақаласын қайта көшіріп басу арқылы «Қазақ әдебиетінің» бетінде мемлекеттік тіл мәселесі қозғалды. 1991 жылдың 26-шілдесінде «Синонимнің көптігі тіл байлығы емес» атты ар жағында синонимнің тіл үшін қажеті жоқ деген қағида қылтиған Қ.Жүкешевтің мақаласы жарияланды. Мақалаға көз жүгіртсек, «ана тіліміздің көсегесін көгерту үшін» синонимдерді мейілінше аз қолдануымыз керек екен. Қарсы пікір ретінде Б.Нұржекеұлының «Кешірерсіз, синонимнің көптігі – тіл байлығы» атты қарсы пікір мақаласы басылды. Автор қазақ тіліндегі синонимдердің қолданылуының мән-маңызына тоқталып, мақаласын «Жүкешевтің «...қазақ тілі түсініксіз, бір ойды айтып жеткізуге қиын тілге айналып барады» дегендерін тек бас шайқап оқуға ғана болады. Қалай десек те, аздық жұтаңдықтың, көптік байлықтың белгісі» /6/ деп қорытады.
Демограф Мақаш Тәтімовтың «Қазақтың тайпалық құрамы мен саны және орналасуы» атты мақаласы ұлттық демографиялық саясаттың публицистикадағы көрінісі деуге негіз бар.
1991 жылдың 16 желтоқсанында Жоғары Кеңес қазақ халқының ғасырлар бойғы арман-мүддесі көрініс тапқан «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңын қабылдады. Дәл осы кезде «Қазақ әдебиетінің» редакциялық мақаласында: «Ақ түйенің қарны жарылған күн!» деген серкесөз басылды /7/.
«Егемен Қазақстан» газетінде «Горбачевті сотқа беру керек пе?» деген сын корреспонденция жарияланды. Авторы – ұлт жанашыры Шерхан Мұртаза. Сонымен қатар Амандық Әбжанның «Бабаның басын қорлатпайық» атты толғанысында кезінде Эрмитажға қойылған қазақ елінің соңғы ханы Кеңесарының бас сүйегін тауып, өз топырағына қайтару туралы мәселе қозғайды.
Сондай-ақ, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында баспасөз беттерінде еліміздің нанын жеп, суын іше отыра шу шығарып, артын қақтығысқа айналдыра жаздаған казактар туралы көптеген ой-пікірлер айтылды. Бұған «Жас Алашта» «Тәуелсіздік талаптары» деген айдармен Сардар Сыздықовтың «Казачество - отарлау саясатының қолшоқпары» (05.01.1995) атты мақаласы дәлел. «Олардың Қазақстанның Әділет министрлігіне берген жарғысында бұндай саяси мәселелер көрсетілмеген. Жарғыда «Казактар тек мәдени және шаруашылық дәстүрлерді жаңғыртуды, өркендетуді мақсат етеді» деп жазылған. Қауымдастықтың республика заңына толық бағынатынындай, тиісті орындардың қатаң бақылауды іске асырғаны жөн /8/» дейді мақала иесі. Осылайша казактар туралы жазылған деректер олардың ұр да жық әрекеттеріне дәлел бола алды. Казачествоның түпкі көздеген мақсаты сол кездері республиканың кей облыстарында өткізген жиындары ашық көрсетті. Жетісу мен Оралда митинг өткізген казак атамандары егемен Қазақстанның Ресей құрамындағы автономияға айналуын талап етіп, сондай-ақ жеріміздің тұтастығымызды өзгертуге деген талаптарын білдірді. Қорқытпақ та болды. Осылайша олар үлкен саясатқа қол созғылары келетіндігін ашық білдірген жоқ.
Қайсар Әлімнің «Міржақып мүрдесі елге қашан әкелінеді?» деген корреспонденциясында Карелияның Сосновец поселкесінен осыдан екі жыл бұрын табылған Міржақып Дулатов мүрдесін туған жерге қайта жерлеу мәселесі көтеріледі. Мәселен, «Оқиға ортасында» айдарымен «Міржақыптың мәйітін әкеле жатырмыз» атты, «Оқиғаның түйіні» айдарымен «Міржақыпқа туған топырағы бұйырды /9/» деген циклды материалдар жарық көрді.
Жалпы тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қазақ баспасөзінде көрініс тапқан публицистика қалың қазақты ұйқысынан оятып, жаңа ұрпаққа ұлттық рух берді. Ұлттық сананың оянуына түрткі болды. Тәуелсіздік талаптарынан туындаған ұлттық саяси бағыт бірінші кезекке шықты....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?