Қазақ әдебиеті | Мұхтар Әуезовтің аударма пьесалары көркем аудармалары
Мазмұны
КІРІСПЕ……………………………………………………………………….3
І ТАРАУ МҰХТАР ӘУЕЗОВ ЖӘНЕ КӨРКЕМ АУДАРМА…………..5
1.1. Аударма түсінігі, анықтамасы, тарихы және мәселелері……….5
1.2. Мұхтар Әуезовтың шығармашылығы мен көркем аударма
туралы ойлары…………………………………………………………...21
ІІ ТАРАУ АВТОРЛЫҚ СТИЛЬ ЖӘНЕ
МҰХТАР ӘУЕЗОВТЫҢ КӨРКЕМ АУДАРМАЛАРЫ………………....28
2.1. Түпнұсқа стилі мен оның аудармадағы қалпы……………..…..28
2.2. Мұхтар Әуезовтың көркем аудармалары……………………………30
2.2.1. “Дворян ұясы” романының аудармасы…………….31
2.2.2.Гогольдің және Чехов шығармаларынан
жасаған аудармалары…………………………………………35
2.2.3.“Отелло” пьесасының аудармасы……………….…..…38
ҚОРЫТЫНДЫ...……………………………………………………..………42
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………….45
КІРІСПЕ
Тақырып өзектілігі: Аударма тарихы алыстан келе жатыр. Бір халықтың екінші халықпен қарым-қатынас жасауы, танысуы, өз елінің ой-санасын өркендету тиянақты тірегі болып табылатын аудармаға дүние жүзінің атақты ғалымдары ерекше көңіл бөлген.
Аударма жұмысы қазір біздің өмірімізден үлкен орын алады. Орыс классиктері мен бүкіл дүниежүзілік әдебиет классиктерінің шығармалары қазақ тіліне көп уақыттан бері үзбей аударылып келеді.
Сонымен қатар қай халықтың болса да, сондай-ақ қазақ халқының өмірінде аударма әдебиет зор роль атқарады. Сондықтан аударма мәселесі - өмірлік мәні бар маңызды мәселе. Аударма арқылы жұрт адамзат ақыл иелерінің басынан шыққан асыл қазыналармен танысады. Аударма арқылы халық өткен ғасырлардағы және осы замандағы дүниежүзілік мәдениеттің жемістеріне ие болады. Аударманың маңызы мұнымен ғана сарқылмайды. Аударма ана тілінің қалыптасып, дамуына да әсер етеді.
Экономикамыз бен мәдениетіміздің орасан өсуі нәтижесінде қазақ тілінің сөздігі жаңа сөздермен, сөйлемшелермен байыды. Қазақ тілінің қалпы, оның грамматикалық құрылымы, негізгі сөздік қоры бұрынғы күйінде қалғанмен, қазір оның сөздік қоры молайды. Кейбір ескірген сөздер сөздік қорынан шығып қалды, көптеген сөздердің мағынасы өзгерді, тілдің грамматикалық құрылысы жақсарды. Әдеби тіліміздің осындай қалыптасу процесінде орыс кітаптарын қазақ тіліне аударудың елеулі маңызы болды.
Жұмыстың мақсаты: М. Әуезов шығармашылығының аударма саласымен байланысын, қарастырып, аударма шығармаларымен танысу. Атаулы қойылған мақсатта келесі міндеттер анықталды:
- М.Әуезовтың аудармашы ретінде әдебиетте алатын орнын анықтау;
- Жазушының аударма еңбектерін қарастыру;
- М.Әуезовтың аудармасы мен қазіргі кездегі аударманың сабақтастығын қарастыру;
Жұмыстың жаңалығы: Берілген жұмыста М.Әуезовтың аудармашылық қызметі бүгінгі заман тұрғысынан қарастырылады. Себебі, аударма - шын мағынасында ғылыми жұмыс. Аударма творчестволық ізденудің, әдеби шеберліктің нәтижесінде туады. Осы мағынада аударма өнері деп танылады. Аударма өнеріне жетілу үшін, біріншіден, шығарма қай тілге аударылса, сол тілді, яғни қазақ тілін жақсы білу керек. Қазақша сөйлеу, жаза білу қазақ тілін озық білгендік болып табылмайды. Ана тіліміздің бүкіл байлығын меңгерген, әдеби тілдің заңдарын игерген және оларды іс жүзінде қолдана білетін адамдар ғана қазақ тілінің шебері деп есептелінеді. Екіншіден аударма өнеріне жетілу үшін шығарма қай тілден аударылса, сол тілді, яғни орыс тілін жақсы білу керек. Оны ресми сөздіктердегі мағынасында ғана емес, халықтың ауызекі сөзінде кездесетін әр алуан мағынасында жете түсіну қажет. Үшіншіден, аудармасы аударылатын шығарманың мазмұнын оның жазылған дәуірін, сол дәуірдегі тарихи оқиғаларды зерттеп білуге міндетті. Міне тек осындай шарттарды орындағанда ғана аударма өнеріне жетілуге болады.
Жұмыстың ғылыми негізділігі: Атаулы аударма тақырыбы ХХ ғасырдан бастап зерттелініп келе жатқан тақырып. Бұл саланың дамуына М.Әузов, С. Талжанов, бертін келе Г Қазыбек, Л.У.Абенова және басқа да зерттеушілер өз үлесін қосып отырды. Атаулы салада жазылған біраз ғылыми еңбектер де баршылық.
Негізгі дерек көздер: Жұмыстың негізгі дерек көздері ретінде М.Әуезовтың аударма шығармалары, аударма саласына қатысты жазған ғылыми зерттеу мақалалары, тікелей аударылған автор шығармалары, ғылыми мақалалар, оқулықтар, баспасөз беттеріндегі материалдар алынды.
Жұмыстың құрылымы: Берілген диплом жұмысы кіріспе бөлімнен, екі тараудан, қорытынды бөлімнен және әдебиеттер тізімінен тұрады.
І ТАРАУ МҰХТАР ӘУЕЗОВ ЖӘНЕ КӨРКЕМ АУДАРМА
1.1. Аударма түсінігі, анықтамасы, тарихы және мәселелері
Аударма адамдардың көп замандарға созылған ұзақ тарихында тілі өзге басқа адамдар қауымын түсінудің құралы, олармен қарым – қатынас жасаудың делдалы, дәнекері болған. Аударма – халықты рухани жағынан дамытудың күшті құралы, себебі ол – бүкіл адамзат мәдениетінің қазыналы қақпасын ашатын кілт, ғылым мен білімінің қайнар бұлағы, тіл ұстарту мектебі.
Аудармашы - өз халқының, өз ортасының, өзі өмір кешкен заманының перзенті. Аударма әрқашанда адамдар, қауымдар, тайпалар, халықтар, ұлттар арасындағы әлеуметтік, экономикалық, рухани, ғылыми қарым – қатынастың, алыс – берістің, айырбастың құралы. Аударма – елтану жолы, достықтың, ынтымақтастықтың, тәжірибе – тағылым алмасудың делдалы.
Аударма тарихында басқа тілдегі мәтінді екі түрлі жеткізу үрдісі болғандығын байқатады: түпнұсқа тілін дәлме-дәл жеткізуге негізделген сөзбе-сөз аударма;
Түпнұсқа шығарманың мағынасын, “рухын” ғана қалдырып, өз тілінің талабы деңгейінен көрінуге негізделген еркін аударма.
Аударманың бірінші түріне, мысалға, Інжілдің грек - латындық кейбір аудармаларын; ортағасырлық Еуропа халықтарының тіліне Інжілдің аудармаларын; Аристотельдің философиялық шығармаларының ортағасырлық аудармаларын жатқызуға болады. Бұндай сөзбе-сөз дәлме – дәлділікті қажет еткен, соған себеп болған басты нәрсе – інжілдік мәтіндер алдындағы, адамзаттың ұлы ұстазы алдындағы “киелі табынушылық” сезімі болатын. Сонымен қатар бұндай аудармалардың орын алуына осы кезіндегі аудармашылардың лингвистикалық “аңқаулығы” да, яғни бір тілді келесі бір тілге механикалық түрде сәйкес келтіруге болады деген үміт-түсінігі де әсер етті.
Аударманың келесі түрі – еркін аударма көбінде зайырлы мағыналы шығармаларға пайдаланылған болатын. Мысалы, грек тілінде жазылған шығармашылықтын жоғары үлгілерін латын тіліне аударуды алатын болсақ, бұл аудармалардың теориялық негіздерінің мақсатын ұлы Цицерон (б.з.д. 1 ғ.) белгілеп берген еді.
Аударма өнері-әрдайым тіл өнері. Аударма халықтың рухани өмірінің, мәдениетінің, ғылым-білімінің, әдебиетінің бөлінбестей бір бөлігіне айналған. Аударма мәдениеттің айтарлықтай өсіп өркендеуіне жол ашады. Бір сөзбен қайыратын болсақ, аударма-рухани байлық пен мәдениеттің биік шыңы.
Оңы мен солы, бары мен жоғын түгендеуге шамасы келе бастаған біздің елімізде де қазір осы аударма мәселесіне жіті көңіл бөлініп, аударма жұмысы қолға алына бастады. Оған мемлекеттік деңгейде қабылданған және қазірде жүзеге асып жатқан “Мәдени мұра” бағдарламасы, сол сияқты ұлтжанды азаматтардың жеке ынталары (мысалы, “Зерде” қорының әлемдік саяси ой классиктерінің туындыларын аудартуы) куә.
Аударманың ауқымы кең. Аудару дегеніміз басқа бір тілге дәл әрі толық түрде өз тіліндегі ақпаратты жеткізу немесе, керісінше, басқа тілдегі ақпаратты туған тілінде сөйлету. Аудармада тіл халықаралық қатынастың маңызды құралына айналады. Ол бір тілден өлең, көркем проза, ғылыми және ғылыми-көпшілікке арналған әр қилы еңбектер, дипломатиялық құжаттар, іс қағаздар, саяси қайраткерлердің мақалалары мен майталман шешендердің сөздері, газет-журнал, баспасөз материалдары, тағы сол сияқты толып жатқан дүниелер тасымалдауы мүмкін. Осының бәрі аудармашыға қойылатын үлкен талап пен жауапкершілікті қажет етеді.
Кезінде Якобсон “ Аударма туралы” деген эссесінде аударманың үш түрін көрсеткен екен:
1. Бір тілдің өзінің ішіндегі тілішілік аударма, яғни бір тілдің лингвистикалық белгілерін сол тілдің басқа белгілерімен сипаттау – түсініктеме, талдау, мазмұндау, бір тілдің ескі нұсқасында жазылған шығарманы жаңаша сөйлету ( мысалы, көне түркі тіліндегі жәдігерлерді бүгінгі қазақ тілінде түсінікті етіп жеткізу ) және т.б. ;
2. Сөздің төл мағынасындағы аударма немесе тіларалық аударма, яғни бір тілдің лингвистикалық белгілерін басқа тілде беру;
3. Семиотикалық аударма немесе трансмутация, яғни тілдің лингвистикалық белгілерін бейлингвистикалық белгілер жүйесі арқылы қайталау. Мысалы белгілі роман не повесть желісіндегі фильм түсіру немесе қойылымдар даярлау.
Былайша айтқанда, аударма болып есептелмейтін “аударманың” екі формасы бар екені көрініп тұр. Біріншісін Якобсон аудармадан басқа сөзбен жеткізеді: тілішілік аударма немесе басқа атау беру, rewordіng.
Сондай-ақ үшіншісі де аударма болып есептелмейтін семиотикааралық аударма немесе трансмутация. Бұл екі жағдайда сөз “аударманың” аудармасы, интерпретациясы туралы болып тұр. Осыдан тура өз мағынасындағы аударма бар деп айтуға болатын секілді.
Бұл ретте аударма тіларалық аударма болмақ. Тіларалық аударма өзге елдің мәдениетін, тілін, дәстүрін игеруде ерекше орын алады. Аударма арқылы біз басқа ұлттың мәдениетін танып, одан өзімізге қажеттіні алып, рухани қазынамызды байыта түспекпіз.
Қабылдаушы (рецепиент) мәдениет үшін аудармалар маңызды рөл атқарады. Аудармада түпнұсқаның мәтіні ұлттың өзіндік концептосферасының болуының арқасында, сол мәдениеттің өзіндік танымдық кеңістігінің болуының нәтижесінде көптеген өзгерістерді басынан кешіреді.
Осында концептосфера (концепттер әлемі) туралы қысқа тоқтала кететін болсақ, онда ұғымды ғылыми қолданысқа орыс филологы, мәдениеттанушысы, академик Д. С. Лихачев енгізгенін айтуымыз керек.
Концепт деп қалыптасқан мәдениеттің ықпалынан туындайтын әрі сол мәдениет өкілдерінің әлем бейнесін сипаттауына қатыспай тұрмайтын ядролық ұғымдық бірлікті айтады. Концепттер жеке тілдік тұлға үшін болсын, жалпы лингво – мәдени тұтастық – қауым үшін болсын экзистенциалды маңызға ие. Мәдениеттің негізгі концепттеріне төмендегідей абстрактілі, жалпы адамзаттық мәнге ие ұғымдар кіреді: отан, ұят, тағдыр, ерік – жігер, күнә, заң, еркіндік, үміт және т. с. с.
Келесі бір орыс мәдениеттанушысы А. Я. Гуревичке жүгінер болсақ, мәдени концепттерді екі топқа бөліп қарастыруға болады екен. Олар:
1) мәдениеттің әмбебап концептері – уақыт, кеңістік, себеп, өзгеріс, қозғалыс сынды “ғарыштық, философиялық категориялар;
2) еркіндік, құқық, әділеттілік, еңбек, байлық, меншік сияқты категориялардан тұратын әлеуметтік концептер.
Бұлардың барлығын кез келген мәдениеттің әмбебап қолданысқа түсетін ұғым – категориялары дейміз. Аталғандарға қоса, ұлттық мәдениет категориялары, концептері деп өз алдына тағы бір топ құруға болады. Мысалы, қазақ мәдениетінің ұлттық концептосферасын құрайтындарға төмендегілерді жатқыза аламыз деп ойлаймын: атамекен, жерұйық, көңіл, үміт, аруақ, құт – береке, құдірет, рух, пиғыл, ниет, тілек, арман, жазмыш, жомарттық, сағыныш және т. б.
Мәдениеттің негізгі концептерінің ұжымдық-тілдік санадағы рөлі өте зор. Өйткені онсыз ұлттың өзін түсіну, оның ділін, арман-мұратын ұғу қиын. Демек, ұлттық мәдениеттің концептосферосын танымай тұрып бір тілден екінші тілге, басқанын қоя тұрғанда, көркем аударма жасау өте қиын.
Бұдан аудармашы жүгінің ауырлай түскенін байқауға болады. Ендеше, аудармашы кім дегенге келсек, ол “ғылыми тәжірибесі мол, лингвистика жөнінде хабары бар, аударылатын және аударатын тілді жетік меңгерген адам әрі басқа ұлт мәдениетінің концептосферасын бір кісідей білетін мәдени дәнекер деп айтар едік”[32, 25].
Аудармашы, өз ұлты мен өзге ұлттың ерекшелігін қоса қарастыра алатын мүмкіншілігі бар әрі соны жазып жеткізе алатын шығармашылық таланты бар адам.
Аудармашылық – нағыз шығармашылық өнер. Аударма ісінің озық үлгісі ұлттың әдебиетінің, ұлттың мәдениетінің көтерілуіне үлкен септігін тигізеді. Бейнелі айтар болсақ, аударма әрқашан әлемге, жарыққа ашылған терезе сияқты. Онсыз самал соғып, “үй ішінің” (тіліміз бен мәдениетіміздің деп ұғыныз ) ауасы тазармайды, күн сәулесі түсіп, кеңістігі шұғылана құлпырмайды.
Аударма – мәдениеттің зор тынысы. Аударма әрқашан өзіндік ерекшелікті сақтай отыра, халықтар мәдениетін жақындастыруға, еларалық байланыстардың өсуін тереңдетуге қызмет етеді. Ол терең тамырланған ұлт мәдениетінің өркендеуіне өлшеусіз зор үлес қосады.
Аударма пайда болғалы ол жайындағы ғылыми ой–пікірдің де қанаттаса өрби түскені мәлім. Қай халықтың тарихын қарасаңыз да аударма жайында жинақталған тәжірибе, тұрақтанған пайым-түсінік бар. Аударма практикасымен шұғылданған жұрт, оның ішкі сырына үңіліп, өзіне лайықты заңдылықтарын да ашып беруге тырысқан. Сондай ықыластан туған әрекеттер аударма теориясының негізін қалайды.
Аударма өнері идеология саласындағы зор құралдардың бірі болып та саналады. Аударма әдебиеті халықтар достығының дәнекері. Осы пікірді дәлелдейтін айғақ орыс халқының тіліне араб әдебиетін аудару жөнінде айтылған болатын. Сонда: “Мың жыл деген тек бір халықтың тіршілігі ғана үшін емес, бүкіл адамзат өмірі үшін де көп уақыт, мың жыл бұрын өтіп ұлы ата – бабасын, олардың келешек үрім бұтаққа қалай өмір сүрудің жарқын үлгісін көрсетіп, болашаққа сілтеп өткенін ұмытпаған халық- бақытты халық. Өзінің алыс-жақын көрші елдеріне болған ұлы адамдары біліп, отыру бақыттылық. Көбінесе, әлгі әр елден ұлы ата-бабалар өздерінен мың жыл кейін де халықаралық байланыстың дәнекері болып қала береді”, - дейді академик И.Ю.Крачковский.
Өмір қажетін ашатын, адам арасын қосатын тиянақ-тірек - аударма өнері. Аударма әдебиеті – бұл төл әдебиетінің егіз туған сыңары, бұлар қатар өседі. Орыс әдебиетінің тарихы да, қазақ әдебиетінің тарихы да осыған айғақ бола алады. .
Шетел және орыс классиктерін аудару арқылы өз әдебиетімізді тың көркемдік тәсіл, нақыш кестесімен түрлендіруге тиіспіз. Түпнұсқаның көп қырлы қасиеттерін сақтағанда ғана аударушының ісі нағыз өнерпаздық, игілікті іс саналмақ. Орысшадан қазақшаға аудару қазақ тіліне бірталай жаңа сөйлем оралымдарын, жаңа сөз байламдарын әкелді. Бұлардың көбі өз тілімізге әбден сіңісіп кетті.
Аударма - көне де, жаңа да өнер. Өнер болғанда, ол - сөз, әдебиет, публисцистика ғылымдарының ажырамас саласы. Аударма адамдардың көп замандары созылған ұзақ тарихында тілі ізгі басқа адамдар қауымын түсінудің құралы, олармен қарым-қатынас жасаудың делдалы болған.
Аударма жасау арқылы тілімізде сөз құраудың, ойды бейнелеудің жаңа тәсілдері туды, жазу шеберлігі артты. Ол халықты рухани жағынан дамытудың күшті құралы. Бүкіл адамзат мәдениетінің қазыналы қақпасын ашатын кілт, ғылым мен білімнің қайнар бұлағы, тіл ұстартудың мектебі. Аудармашылық - нағыз творчестволық өнер. Аударма өнері әрдайым - тіл өнері. Аударманың құрылыс материалы тіл құралдары, аудармашының іс-әрекеті сол құралдарын орынды қолдану, онымен жұмыс істеу болғандықтан аудару процесі лингвистикалық тұрғыдан екі тілдің және олардың стилистикалық құралдары қарым-қатынасының сипаты жайындағы мәселесі зерттеуді қажет етеді.
Ал аударманы әдебиеттану тұрғысынан зерттегеннің өзінде де құбылыстарын талдау мен бағалау қажет. Өйткені тұпнұсқаның мазмұны дербес оқшау нәрсе емес, ол белгілі бір формада мазмұн мен форманың үйлесімінде көрініс бейнелейтін тіл элементерінің бірлігінде тіршілік етеді. Және аударма да тек тіл құралдарын жұмсау жолымен оқушыға, тыңдаушыға жеткізіледі. Аударма шығарманың ғылыми талапқа сәйкес келуі, дәрежесімен сапасы тіл құралдарын дұрыс пайдалануға тікелей байланысты.
Аудармашы екі тілді де жетік білу мен қатар әрі жазушы, әрі ғалым болу керек. Аударма сапасы оның талантына, біліміне жалпы мәдени дәрежесіне және тәжірибесіне байланысты.
Аударма тарихи алыстан келе жатыр, дүние жүзінің атақты ғалымдары бұған ерекше көңіл бөлген.
Көркем туындының барлық элементтері автордың негізгі идеялық, көркемдік ойын білдіреді. Аударманың міндеті басқа тіл құралы арқылы туынды жүйесінің барлық ойын қайта қалпына келтіру болып табылғандықтан, ол аударылатын шығарманың идеялық-тақырыптық мазмұнын ұғыну тиіс.
Көптеген елдерде аударманың екі негізгі түрге бөлінуі кездеседі: жазбаша аударма және ауызша аударма. Жазбаша аударма - лингвистикалық әдебиеттану теориясының нысанасы. Осыған орай жазбаша аударманың лингвистикалық аударма концепциясында зерттелуі лексикалық және грамматикалық мәселелермен тығыз байланысты.
Көркем аудармаға әдеби байланыстарды бекіту, әдебиетті жақындастырудың негізгі функциясы жүктеледі. Әдебиет тарихында классикалық әдебиеттің шығармалары басқа да халықтардың әдебиетіндегі әр түрлі аударма жағдайлары аз кездеспейтіндігі белгілі.
Қазақстанда көркем аударманың мәселелері кейінгі жылдары ерекше мәнге ие болды. Оған қазақ тілінің рөлінің күшеюі ықпал етті.
Бұл кезеңнің ерекшелігі әдеби дәстүрдің даму мәселелерімен қатар, көркем аударма мәселелері ҚР контитуциясына сәйкес мемлекеттік тіл статусын, оған қазақ тілін қолданудың аясын кеңейту мәселесімен де байланысты.
Көркем аударма - бұл ақындық, сондай-ақ, прозалық өнер болып табылады. Өнер - бұл шығармашылық жемісі, ал шығармашылық дәлме-дәлдікпен сәйкес келмейді. Егер аударма мен өнер дәлме-дәлдікпен ешқандай ортақ нәрсе иеленбесе, онда аудармашы жазушы қасиетімен ерекшеленуі керек. Аударма өнері өзінің ерекшеліктерін иеленеді. Сонда да аудармашы жазушыларды - нақты жазушылармен айырмашылықтарына қарағанда, ұқсастықтары, анағұрлым басым кездеседі.
Нақты жазушыларға қарағанда аудармашы-жазушыларға өсерге үздіксіз толығып отыратын өмірлік тәжірибе аса қажет. Нақты жазушы да, аудармашы жазушы да жан-жақты өмірлік тәжирибесі болмаса, екеуі де бірдей рухани әлсіреуге шалдығуы мүмкін.
Аудармашы-жазушының тілі нақты жазушының тілі секілді туған халқының тілінен бақылағанынан және туған әдеби тілінен оның тарихи дамуын да бақылауынан қалыптасады.
Көркем әдебиет қоршаған ортаның шындығын бейнеле қана қоймайды. Ол адам табиғатын, қоғамның болмысын өзгертуге, жақсартуға атсалысады. Көркем аударманың теориясы мен практикасы күрделі және көп қырлы мәселелерді қамтиды. Әдеби шығарманың құрылым жүйесі, образдылығы, мазмұны, стилі, тілі поэтикалық құбылыстармен бірге оның эстетикалық, лингвопоэтикалық, сондай-ақ психологиялық табиғатын түзетін көркемдік құбылыстарды пайымдау әдеби аударманың табиғатын таразылауда басты міндеттер қатарында жатады. Оның үстіне аударма шығармашылық шеберлігі ен даралығы қатар көрініс табады. Әрі түпнұсқа мен аударма тілінің заңдылықтары қатар қызмет атқарады. Осының бәрі аударма мәселелерін зерттеудің саласы да, арнасы да, өте көп, алуан түрлі екендігін көрсетеді.
Ғалым С.Талжанов аударма туралы ойын былай сабақтайды: “Біздің ойымызша аударма екі түрлі салаға бөлінеді. Соның біріншісі бір халықтан екінші халыққа ауысқанда мезгіліне сол елдің ұғымына сәйкес аударылады. Бір халықта айтылған ой өңделіп, өз елінің ұғымына бейімделіп түпнұсқаның ұзын-ұрғасы беріледі. Ауыс–түйістің алғашқы сатысы осылай басталды. Бұл аударманың ауыс - екі тарау түрі. Екіншісі - бір елде айтылған пікір сол қалпында жетеді, ой ырғағы жоғалмайды. Алдыңғы әдіс ауызша таралады, ал кейінгі әдіс кешеуілдеп туған әдіс жазба әдебиетте орын тепкен”.
Аудармада кездесетін түрлі-түрлі әдістер бар: еркін аударма, сөзбе сөз аударма және балама аударма.
Еркін аударма түпнұсқаның жетік білмеуден немесе сол түпнұсқаның ұғымды болуынан гөрі өзіне тиімділігін, оңайлығын көбірек көздеуден туады. Сөзбе сөз аударма көбінесе түпнұсқаның тілін түсінгендерден болады, соның әуеніне еріп, құл болудан шығады.
Балама аударма осының ең қиын түрі. Мұны екі тілді бірдей білумен қатар сол алдында тұрған түпнұсқаның түпкі ойын сыртқа түсінетіндер, дыбыс ырғағын, тіл әдемілігін автордың сөз мәндерін зертеп жете ұғынатындар жасайды
Қазақ аудармасының тарихында да, бүгінгі тәжірибесінде де “тіларалық аударма”, яғни өзге тілде жазылған шығарманы ана тілімізге немесе, керісінше, қазақ тіліндегі шығарманы өзге ұлттың тіліне аудару өнері қалаптасқан.
Қазақ тіліне алғашқы аударма үлгісі XVII-XVIII ғ.ғ. келген тәрізді. Араб- парсы, шағатай тілдерінен ауысқан, ауызша айтылатын ертегі-аңыздар, неше алуан мысал-нақылдар осы пікірдің тиянақты тірегіндей болмақ. Бұлар таза аударма болмаса да, мазмұндап, қайталап айту түріндегі түсініктеме-аударма болған секілді......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?