Мектепке дейінгі педагогика | Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылетін дамыту жолдары

 Мектепке дейінгі педагогика | Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылетін дамыту жолдары

Мазмұны

КІРІСПЕ

1 ТҰЛҒА ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Тұлғаның қалыптасу процесінде қабілеттің құрылымдары және оның ерекшеліктері
1. 2 Тұлға қабілеті дамуының негізгі факторлары
1. 3 Тұлғаның шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары
Бірінші бөлім тұжырымы

2 МЕКТЕП ЖАСЫН ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАБІЛЕТТЕРІНІҢ ДАМУЫН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ
2.1 Баланың қабілеттерінің психологиялық ерекшеліктерін зерттеу әдістемелері
2.2 Дамытушы эксперименттің тұлғаның шығармашылық қабілеттерін арттыру процесіндегі психологиялық ерекшеліктерінің маңыздылығы
2.3 Дамытушы эксперименттің баланың қабілеттерін арттыру процесіндегі психологиялық ерекшеліктерінің маңыздылығы


Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік болмысын қалыптастыру, оның егемендігін нығайтып, ұлттық сана мен тәрбиемізді қалпына келтіру және өркениетті елдер қатарынан орын алу ұлттық мемлекетімізді қалыптастырудағы басты шарттардың бірі.
Әрбір қоғамның әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жеке тұлғаның потенциалына байланысты. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда тұлға қабілетін қарым-қатынас арқылы дамыту қажеттігі туындап отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында жеке тұлға қабілетін, оның басқалармен қарым-қатынасы, жан-жақты, дербес шешім қабылдауға бейім маманды тәрбиелеу – бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр.
Қазіргі таңда, әсіресе, жалпы білім беру саласының дамуында жағымды өзгерістер мен оқыту мен тәрбиелеу ісінің ұтымды жақтары ашылып жатқанымен, кәсіби мамандардың қабілетін, оның басқалармен қарым-қатынасқа қалай түсетіні жайлы терең үңіле бермейді. Сондықтан біздің зерттеуіміздің негізі тұлға қабілетін қарым-қатынас арқылы дамыту мәселесі болып отыр.
Сонымен қатар, қазіргі кезде отандық білім жүйесінде қабілетті тұлғаны анықтау, олардың дамуына көңіл қойылуда. Қабілетті тұлғаны қалыптастыру өзектілігі кейбір жағдайлармен анықталады: қоғамда өз дамуының негізгі ресурсы және маңызды алғышарты ретінде, «адами потенциалдар» ретінде саналануы, өмір динамикасының жылдамдығы, көптеген интеллектуалды күшті қажет ететін адамның эмоционалды және ақпаратты жүктемелерінің көбеюі, көптеген шешілмеген мәселелер; жоғары білімді, интелектуалды, әлеуми жауапкершілігі мол, белсенді, қабілетті болатын, қоғам талабына сай тұлғаның кәсіби іс-әрекеттері. Мұндай тұлғаны қалыптастыруда қабілетті жастармен жүргізілетін психологиялық зерттеулердің маңызы орасан зор.
Адамның тұлғалық және шығармашылық қабілетінің сарқылмас қайнар көзі үнемі өзін-өзі дамыту болып табылады. Алайда өзінің қабілетін, өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту арқылы басқа адамның ішкі жан - дүниесіне үңілу. Әрбір адамның ішкі жан-дүниесі космос тәрізді шексіз-шетсіз, сарқылмайтын тылсым құбылыс.
Мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылық қабілетінің дамуына жағдай жасау, белсенді көркемдік іс-әрекеттерге деген құштарлық пен ықыластылықты қалыптастыру, егеменді еліміздің болашағын: мәдениеттік, өнерін, әлеуметтік жағдайын гүлдендірудің алғы шарттарының бірден-бір өзекті мәселелерінің бірі болып саналады.
Жалпы қабілет туралы еңбектерге талдау жасай отырып қабілет мәселесінің теориялық негіздеріне сипаттама беру арқылы тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту маңыздылығы зерттеу жұмысымыздың қаншалықты өзекті екендігіне көз жеткізуге болады.
Зерттеудің мақсаты. Тұлғаның шығармашылық қабілетінің даму деңгейін зерттеу.
Зерттеу нысаны. Тұлғаның шығармашылық қабілетінің даму процесі.
Зерттеудің пәні. Шығармашылық қабілеттің даму ерекшеліктері.
Зерттеу міндеттеріне келесілер кіреді:
- психологияда тұлға қабілетін теориялық тұрғыда қарастыру;
- тұлғаның даму процесінде шығармашылық қабілетінің даму деңгейлерін, оның өлшемдері мен көрсеткіштерін айқындау;
- зерттеу нәтижелерін жинақтау және қорытындылау.
Зерттеу болжамы. Егер тұлғаның қабілетін арнайы психологиялық бағдарламалар арқылы жетілдіруге бағытталған жұмыстар жүргізілсе, онда олардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына тиімді ықпал етуге болады.
Зерттеу әдістеріне. Теориялық талдау, диагностикалық және психокоррекциялық әдістер.
Зерттеу кезеңдері бойынша.
Бірінші кезең – ізденіс кезеңінде зерттеу мәселесін анықтау үшін психологиялық – педагогикалық және арнайы әдебиеттерге талдау жасалынды және жүйеге келтірілді, зерттеудің ғылыми аппараты анықталды.
Екінші кезеңінде жинақталған материалдарға қазіргі психология ғылымының теориялық негіздері тұрғысынан сараланып қабілетті зерттеуге арналған эксперименттік жұмыстар жүргізілді. Тұлғаның шығармашылық қабілетін дамытудың психологиялық ерекшеліктері ашылып, оны дамытуға арналған іс-шаралар жүзеге асты.
Үшінші кезеңінде тәжірибелік жұмыстар нәтижелері жүйеленіп, қорытындылар жасалынды.
Зерттеудің теориялық мәні. «Тұлға қабілеті» ғылыми ұғымдарының мәнін аша отырып, оның дамуы мен қалыптасуы сипатталынды. Тұлғаның шығармашылық қабілетін дамытудың психологиялық ерекшеліктері туралы психология білімінің теориялық ережелерін толықтырады, зерттеу мәселесіне байланысты жас ерекшелігі психологиясының мәні мен мазмұнын ашады.
Зерттеудің практикалық маңызы. Зерттеуден алынған нәтижелерді шығармашылық қабілетті дамыту мақсатында қолдануға болады. Алынған нәтижелерді психологиялық-педагогикалық тәжірибеде қолдану тұлға қабілетін дамыту мүмкіндіктерінің тиімділігін жоғарылатады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі.
Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.


1 ТҰЛҒА ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Тұлғаның қалыптасу процесінде қабілеттің құрылымдары және оның ерекшеліктері

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру міндеттерін іске асыруда қазақстандықтар, әсіресе, жастардың жасампаз еңбектері, күш-жігері мен білімдері қажет. Бүгінгі таңда Қазақстанның өскелең дамуының тұтқасын ұстайтын білімді де білікті, іскер, қоғам ісіне белсене қатысатын, оның болашағына жауапты, елжанды ұрпақ тәрбиелеу маңызды.
Жаhандану жолымен келе жатқан қазіргі заманғы әлемде бәсекелестік жағдайына тез бейімделу қабілеті тұрақты дамудың ең маңызды факторы болып табылады.
Даму үстіндегі қоғамға әр түрлі салада табысты түрде жұмыс істеуге дайын мамандардың жаңа типі қажет. Қазіргі заманда мамандарға талапты еңбек нарығы қалыптастырады. Мәселелерді шеше алу және ұжым құрамында бірге жұмыс істей білу дағдысы, мақсатты дұрыс қоя білу қабілеті және оған тиімді жолмен жете білу, тәуекелшілік, бастамашы бола білу, білім деңгейін ұдайы арттыруға ұмтылу және тағы басқалар ерекше құндылыққа ие болып отыр. Сонымен қатар, адамнан жеке жауапкершілік, міндеттілік, тіл табыса білу, басқа адамдармен жеңіл қарым-қатынасқа түсу сияқты қасиеттер де талап етіледі.
И.П.Павловтың жүйке жүйесінің тиртері туралы ілімі қабілеттердің физиологиялық негізін түсінуде де үлкен орын алады. Әр адамның іс-әрекеттің бір түріне икемді болуы оның сол әрекетті орындауы үстінде, істің нәтижесінен анық байқалады [24].
Адамның қабілеттілігі білімі мен икемділігі, дағдыларды тез меңгеруге жағдай туғызатын, сондай-ақ балалардың қабілеттерін дұрыс байқай алып, онымен санасып отырудың қажеттілігіне оны тәрбиелеуші орта - балабақша, мектеп, отбасы зер салуын керек етеді. Қабілеттің дамуы көптеген әлеуметтік жағдайларға тәуелді. Олардың қатарына білім беру жүйесінің ерекшелігін, қоғамның қандай да бір әрекетке қажеттілігін, тәрбиелеудің өзгешелігін тб. жатқызуға болады.
Жеке тұлғаның шығармашылық ой өрісінің дамуына жағдай жасау, белсенді көркемдік іс-әрекеттерге деген құштарлық пен ықыластылықты қалыптастыру, егеменді еліміздің болашағын: мәдениеттік, өнерін, әлеуметтік жағдайын гүлдендірудің алғы шарттарының бірден-бір өзекті мәселелерінің бірі болып саналады.
Қабілеттің табиғи алғышарттары белгілі бір талдағыштардың сыртқы әсерді сезінгіштігінен тұрады. В.Д.Небылициннің айтуынша, жоғары сезімталдыққа ие жүйке жүйесі – суреткерлік қабілеттің дамуына жағдай жасайды. Қабілеттің дамуы оны қажет ететін қызмет саласында және әрекетке үйрену үстінде көрініп отырады. Сонымен қабілет – адамның дара психологиялық ерекшелігі. Тек дұрыс ұйымдастырылған оқу-тәрбие негізінде ғана оның сол іс-әрекет түріне қаншалықты бейімді екендігін білуге болады [28].
Шығармашылық ой-өрісті, дамыту, сол арқылы қоршаған ортаға әсемдік пен сұлулық енгізуге деген құштарлық негізінен көркемдік білім беру жүйесі арқылы қалыптасатыны белгілі. Көркемдік білім беру – түрлері өнерге баулу, олардың қыры мен сырын игеру, өнер түрлерінің адам, қоғам өміріндегі атқаратын қызыметін толық мәнде танып білудің барысын қамтиды. Соған байланысты, көркемдік білім берудің жан-жақты формалары, түрлері, әдіс-тәсілдері жас ұрпақты шығармашылыққа баулудың негізгі дамыту құралы болуы тиіс.
Қабілеттер – іс-әрекетте көрінетін және оның орындалуының шарты болып табылатын тұлғаның жеке даралық психологиялық ерекшелігі. Қабілетке білімді, ептілікті және дағдыны меңгеру процесінің жылдамдығы, тереңдігі, жеңілдігі және мықтылығы жатады, бірақ қабілеттің өзі білім мен ептілікке әкеп соқпайды. Зерттеулер бойынша қабілет - өмірлік қалыптасу, олардың дамуы жеке даралық өмір барысында жүреді, ал орта, тәрбие – оларды белсенді қалыптастырады.
С.Л. Рубинштейн көзқарастарына сәйкес, іс-әрекет үш бөліктен тұратын құрылымға ие: жоспарлау, орындау, бақылау. Қарым-қатынас оны жоспарлау сатысында-ақ іс-әрекетке қосылады: іс-әрекет бағдарламасын әзірлей отырып, тұлға өз мүмкіндіктерін ғана емес, сонымен қатар өз серіктестерінің де мүмкіндіктерін ескереді, олармен әрекеттер бағдарламасы жөнінде келіседі, жалпы шешім жоспарын анықтайды.
Адам өмірлік тәжірибе жинақтап және кеңейте отырып, табиғат, қоғам, адам және оның санасы туралы білімдерге ие бола отырып, басқа адамдардың таным субъектісі ретінде қалыптасады.
Ең алдымен, қарым-қатынастағы құзіреттілікті тұлғаның басқа адамдармен қарым-қатынас қалыптастыру және ұстау қабілетін дамыту деңгейі ретінде түсіну болып табылады.
Екіншіден, көптеген еңбектерде бұл қабілеттіліктің тұлғаның тереңдегі қасиеттерімен, атап айтқанда, қарым-қатынасқа деген қажеттілігімен, өзіне деген сенімділігімен және өзіне-өзі баға берушілігімен байланысын көрсету болып табылады.
Үшіншіден, бір жағынан, икемдер мен дағдыларды бөліп көрсету, екінші жағынан, тұлғаның түрлі жағдайларда сәтті тұлғааралық өзара әрекетке жағдай жасайтын жеке психологиялық сипаттамаларын бөліп көрсету болып табылады.
Төртіншіден, барлық дерлік зерттеушілердің қарым-қатынастағы тұлға құзіреттілігін көп қырлы, көп деңгейлі құрылым ретінде түсіндіруі болып табылады. Осының барысында отандық психологияда деңгейлерді бөлу негізіне көбінесе қарым-қатынас «тараптарын» топтастыру және соларға сәйкес құзіреттіліктің құрамдас бөліктері адамдардың бірін-бірі қабылдауы және түсінуі – гностикалық құрамдас бөлік ретінде белгіленуші; тұлғаның өзін-өзі танытуы – экспрессивті құрамдас бөлігі; ықпал, әсер – интеракциялық құрамдас бөлігі алынады. Кейбір ғалымдар қарым-қатынасқа деген қажеттілікті және қарым-қатынасқа деген бағдарды жеке бөліп көрсетеді деп ғалым Н.М. Мельникова өзінің еңбектерінде шолу жасады.
Қабілеттіліктер психологиясының тағы бір өзекті және жалпы ережесі олардың танылуындағы үш сапалы түрлі деңгейдің – қабілеттіліктердің өзінің, дарындылықтың (таланттың) және бірегейліктің бөліп көрсетілуі болып табылады. Қабілеттіліктер теориясында қабілеттіліктердің туа бітушілік, мұрагерлік деңгейі туралы мәселе өте маңызды, бірақ әлі шешілмеген. Алайда қабілеттіліктердің онтогенезде – ең алдымен, іс-әрекетті меңгеру ықпалымен, сыртқы орта факторларының ықпалымен дамитындығы сөзсіз болса да, олар өте күшті мұрагерлік детерминацияға ие.
Қабілеттілік неғұрлым жалпы сипатқа ие болған сайын соғұрлым ол генетикалық тұрғыдан детерминацияланған және керісінше болады. Мұрагерлік қабілеттілік деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын соғұрлым ол барынша айқын көрініс табады және соғұрлым ол кейінгі өмірлік жағдайлардың «арқасында» емес, оларға «қарсы» тарамдалады. Ең соңында, қабілеттіліктер – бұл бөлшектелген құрылымдар емес, тұлғаның барлық басқа тұлғалық сапалармен әрекеттесуші және солармен анықталатын ажырамас қасиеттері. Қабілеттіліктердің дамуы сондықтан да тұтастай тұлғаның дамуынан бөлінбейді. Олар тұлғалық сапалар мен тұтастай тұлғаның қалыптасу сипатына ықпал ете отырып, өздері де қалыптасып келе жатқан тұлғаның өздеріне деген ықпалына тап болады.
Қабілеттіліктер мен тұлғаның дамуы – екі бірдей процесс. Сол арқылы қабілеттіліктер түсінігі жалпы психологиялық қабілеттіліктер құрылымында өзіндік орынға ие. Бұл – екі негізгі психологиялық категория – іс-әрекет пен тұлға арасындағы «аралық» түйін.
Қабілет дамуының психологиялық жағдайларына талдау жасау негізіне жататын талаптарды қарастыру – кеңес психологиясының классигі көрнекті ғалым Б.М. Тепловтың айтқан ілімдеріне тоқталуды қажет етеді. Оның ойы бойынша дарындылықтың жалпы теориясы «... нақты фактілер мен заңдылықтарды зерттеу бойынша үлкен жұмыстардың нәтижесінде жасалуы қажет». Б.М. Тепловтың пікірі бойынша (көптеген оқулықтарда және сөздіктерге енгендері бойынша), қабілет – бір немесе бірнеше іс-әрекеттерді нәтижелі орындауға сатысы бар жеке даралық психологиялық ерекшелік және өзінде бар дағды, ептілік және білімдерге сәйкестенбестен-ақ бұл білім мен дағдыларды жеңіл әрі тез меңгерумен түсіндіруге болады деп жазады. Қабілет бұл дамудың нәтижесі, ал нышан – қабілет дамуының негізінде туа пайда болған анатомиялық-физиологиялық ерекшелік [38, 54б.].
Ал қабілет туралы ой қозғағанда, адамның қандайда бір нәрсені істеуге мүмкіншілігі көрсетіледі, ал талант, дарындылық туралы айтқанда адамның аталмыш қасиеттің (қабілет) туа біткен сапасының сипаты көрсетіледі. Осыған қоса қабілет те, дарын да іс-әрекеттің нәтижелігінде көрінеді.
Б.Г. Ананьев еңбектерінде қабілет және дарындылық – жеке адамның мінезімен, темпераментімен, өмірлік бағыттылығымен және жеке даралық психологиялық дамуымен байланысты жеке адамның жалпы құрылымының қандай да бір бөлігі ретінде қарастырылады [39, 89 б.].
«Қабілет» ұғымымен қатар «тәсілқой» және «бейімделу» ұғымдары да қолданылады. Тәсілқой адам, тапқыр, икемді, бейімделе алатын ретінде сипатталынады, ал бейімделу істі үйлестіре алатын, жасай алатын, құрай алатын ретінде түсіндіріледі.

1. 2 Тұлға қабілеті дамуының негізгі факторлары

Кеңес психологиясында, ең алдымен, С.Л. Рубинштейн және Б.М. Тепловтың еңбектерінде іс-әрекеттің нәтижелігі бойынша «қабілеттілік», «дарындылық» және «талант» ұғымдарын жіктеуге тырысқан. Қабілет іс-әрекеттің нәтижелі болу үшін мүмкіншілігіне байланысты бір адамды екінші адамнан өзгешелейтін жеке-даралық психологиялық ерекшелік ретінде қарастырылады. Ал «дарындылық» - іс-әрекеттегі нәтижелі болу мүмкіншілігіне байланысты қабілеттердің сапалы өзіндік үйлесімділігі (жеке-даралық психологиялық ерекшеліктер) ретінде қарастырылады .
Қабілет пен дарын ұғымдарының анықтамасындағы біршама қиыншылықтар бұл терминдердің жалпы ұғымдық, тұрмыстық түсініктермен байланысты туындайды. Егер түсіндірмелі сөздіктерге үңілетін болсақ, онда «қабілет», «дарын», «талант» терминдері көп жағдайда синоним ретінде қолданылады және қабілеттің көріну деңгейін бейнелейді. Бірақ «талант» терминінде адамның табиғи жақтары айтылады.
«Талант» ұғымына анықтама беруде оның туа біткен сипаты ескеріледі. Талант қандайда бір нәрсеге дарындылық, ал дарындылық туа берілген қабілеттілік деп түсіндіріледі. Басқаша айтқанда талант- іс-әрекетке жоғары жетістікті қамтамасыз ететін туа біткен қабілеттілік.
Шетелдік сөздіктерде «талант» (talanton) туа біткен қасиетті көрсететін, ерекше табиғи қабілет деп көрсетіледі. Дарындылық таланттың бір күйі, таланттың көріну деңгейі ретінде қарастырылады. Дарындылық түсінігі тәуелсіз, өзіндік ұғым ретінде В.Дальдің, С.И.Ожеговтың, Кеңес энциклопедиялық сөздіктерінде және шетел сөздерінің түсіндірме сөздіктерінде қабілеттің көріну деңгейімен сипатталады.
Кеңестік психологтар мен ғалымдар Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, А.Г. Ананьев, А.Н. Леонтьев, В.В. Давыдов, Л.В. Занков, В.А. Крутецкий, Б.М. Тепловтың өз республикамыздағы көрнекті ғалымдар Т. Тәжібаев, М.М. Мұқанов, Ж.М. Әбділдин, Қ.Б. Жарықбаев, С.М. Жақыпов, Т.С. Сабыровтың еңбектерін жеке тұлғаны дамыту мәселесінің теориясы және практикасының алтын қоры деп білеміз. Отандық психологияда қабілеттер жайлы ілім біркелкі дамып отырған жоқ. Мысалы, 1930-1940 жылдардың арасында тұлғаға деген тұрпайы - социалистік көзқарас қалыптасқан кезде қабілеттер жайлы мәліметтер психологиядан да, ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?