Мектепке дейінгі педагогика | Кіші мектеп жасыңдағы үлгермейтің балалардың ойлау ерекшеліктері

 Мектепке дейінгі педагогика | Кіші мектеп жасыңдағы үлгермейтің балалардың ойлау ерекшеліктері

Мазмұны

КІРІСПЕ

1 ҚАЗІРГІ ЗЕРТТЕУЛЕРДЕГІ ҮЛГЕРМЕУШІЛІК МӘСЕЛЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1 Қазіргі зерттеу мәселелеріндегі психологиялық-педагогикалық аспектілер.
1.2 Оқуы төмен балалардың мотивациялық сферасының ерекшеліктері.
1.3 Кіші мектеп жасыңдағы үлгерімі төмен оқушылардың ойлау ерекшеліктері

2 КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫҢДАҒЫ ҮЛГЕРІМІ ТӨМЕН ОҚУШЫНЫҢ ОЙЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ.
2.1 Кіші мектеп жасыңдағы үлгерімі төмен оқушының ойлау ерекшеліктерінің диагностикасы.
2.2 Кіші мектеп жасыңдағы үлгерімі төмен оқушының ойлауын түзету
дамыту жұмыстары.


Қазіргі таңдағы өркениетті ел және демографиялық қоғамды қалыптастыру-ға бағытталған құрылымдар жоғары эрудиялы, адамгершілікті, шығармашылықты жұмыс істейтін мамандарды қажет етеді. Олардың іс-әрекеттерінің кез-келген аймағында қазіргі заман талабына сай шешімдер қабылдай алады.
Гуманисттік психология өз зерттеу нысаны етіп жеке тұлғаны қояды, оның шығармашылықты күші адамдардың шындықты көре білу қабілетін, қоршаған орта әлеміндегі құрылымдардағы белсенділікті дамытуға бағытталған.
Сондықтан да мектептегі үлгермеушілік қазіргі кездегі білім беру жүйесінде зор маңызға ие.
Мектептік тәжірбиелер бойынша, қандай да бір органикалық кемшілігі жоқ әрбір оқушы, мектеп бағдарламасы көлеміндегі білімді меңгеркге құлықты, алайда барлық жағдайда қажетті деңгейге қол жеткізе бермейді немесе кейбір оқушылар оқу материалын қиын меңгереді.
Мектептегі үлгермеушілік өте күрделі, оны зерттеу көптеген тәсілдер қажет етеді, бірақ олар мәселені қарастырудағы 2 негізгі аспектілердің төңірегінде қарастырылады:
1. мұғалім қалай оқытады.
2. оқушы қалай оқиды және оның дамуы қалай жүзеге асады.
Психология ғылымының түрлі бағытындағы мамандар осы мәселені жан-жақты қарастырған. Дидактикалы жақтаушылар зерттеу обьекті ретінде педагогикалық шарттарды, үлгермеушілікті жеңуге көмектесетін оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктерін ашып қарастырды. Психологтар үлгермеуші оқушылардың оқу процесі барысында көрінетін тұлғалық ерекшеліктеріне баса назар аударды.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың психологиялық мазмұнын анықтап, олардың пайда болу кезеңі мен себептерін айқындау жұмыстарымен ертеректе ғалымдар да айналысқан. П.П.Блонский, С.Л.Рубинштейн, Л.С.Славина, Н.А.Менчинская, мектептегі оқуға психологиялық даярлық мәселесіндегі негізгі ролі – Л.И.Божович, М.В.Матюхина, Е.С.Слепович, Н.А.Жулидова еңбектерінде қарастырылған. Осы тақырыптағы дерлік барлық зерттеулерде танымдық процес дамуындағы бұзылыстардың өзара тығыз қарым-қатынасы байқалады: Н.И.Мухарачковский, Т.В.Егорова.
П.П.Блонский үлгермеушілі оқушылар туралы айтқанда, мектепке дейінгі кезеңге үлкен мән береді, яғни үлгермеушіліктің шығу себебін оқу процесінен емес, оған даяр еместікте деп қарастырады. Н.А.Менчинская және Г.Г.Сабурова мектепке келген кездегі балалардың құбылыстары мен салыстырмалы интеллектуалды және тұлғалық дамуын төмен деңгейде болатынын атап көрсетеді. Осыған орай, оқу барысында қиындықтарға ұшырайтын балалар қандай да бір себептерге байланысты мектептегі оқу процесіне дайын болмаған деп айта аламыз.
Тереңдетілген біріңғай зерттеулердің (клиникалық, нейрофизиологиялық, психологиялық-педагогикалық) көрсеткендей, үлгермеушілік мектептегі оқу процесіне дайынсыздық көптеген себептерге байланысты: астеникалық жағдаймен, педагогикалық төмендеушілікке, психологиялық дамудың кешеуілдеуіне т.с.с.
Педагогикалық төмендеушілік - отбасындағы, мектептегі балалармен жүргізілетін оқу-тәрбиелік жұмыстардың жетіспеушілігімен шартталатын жағдай. Оның басты элементтері:
а) мінез-құлықтық, әлеуметтік-этникалық, жалпы білім беруде оларды қолдануда- ғы білімнің, тәсілдері мен құралдарының жетіспеушілігің
б) жалпы дамудағы кешеуілдеулер-физикалық, психикалық, тұлғалық.
в) әртүрлі іс-әрекетке, өзіңе, қоршаған ортаға деген қарым-қатынастан жалығу.
Бағдарламаны материалды меңгеруде айтарлықтай қиындықтарға ұшырайтын балалар, өз жұмыстары үшін көбнесе мұғалім тарапынан нашар баға алады. Бағалау әрекетінің әсерінен балада аса бір маңызды әрі күрделі қасиет өзін-өзі бағалау қалыптасады. Б.Г.Ананьев оған - «Белгілі бір жақсы бағаға деген тұрақты қажеттілік», - деп анықтама берген.
Кіші мектеп жасында өзін-өзі бағалауды психологияда зерттеуге көптеген ғалымдар үлес қосқан Л.И.Божович, П.Р.Чамат. Бұл жұмыстарында кіші мектеп оқушыларында оқу әрекетінің нәтижелерін бағалау қабілеті, мұғалімнің басшылығымен қалыптасатыны көрсетілген. Оқу іс-әрекетінің түрткісі ретінде бағалаудың маңыздылығы Л.И.Божович, Л.С.Славина еңбектерінде қарастырыған. Оқу іс-әрекетіне ынталандыратын көптеген түрткілердің ішіндегі ең маңыздысы мұғалімнің бағалауы болып табылады. Осыған байланысты түрлі оқушыларды бағалаудың психологиялық ерекшеліктерін білген жөн.
Тақырыптың өзектілігі, оның өңделмегендігі, сондай-ақ үлгермеушіліктің себептерін анықтаудың маңызы болып отыр. Сондықтан да зерттеу тақырыбын: «Кіші мектеп жасыңдағы үлгермейтің балалардың ойлау ерекшеліктері» деп алынып отыр.
Зерттеу мақсаты - теоретикалық негізделген және кіші мектеп жасыңдағы үлгерімі төмен оқүшыларының ойлау ерекшеліктерің дамуы бойынша тәжіребиелік мақұлданған өңдеу болып табылады.
Зерттеу нысаны - кіші мектеп жасыңдағы үлгерімі төмен оқушының ойлау ерекшеліктері.
Зерттеу пәні - кіші мектеп жасыңдағы үлгерімі төмен оқушының ойлауының даму процессі.
Зерттеу болжамы - арнайы ұйымдастырылған дамыту- түзету жұмысы үлгерімі төмен кіші мектеп жасыңдағы оқушыларды ойлау дамытуға ықпал етеді.
Зерттеу міндеттері:
1.Мәселе бойынша отандық және шетел зерттеулерін оқу.
2.Бақылау және эксперименталді топтағы кіші мектеп жасыңдағы оқушыларының ойлауының даму динамикасын анықтау.
3.Алынған эксперименталды құжаттарды салыстырмалы анализ негізінде дамыта - түзету бағдарламаларының тиімділігін бағалау.
4.Теориялық-эмпирикалық анализ негізінде педагогикалық тәжіребиеде дамыта-түзету бағдарламаларының қолданудың деңгейін анықтау.
Қойылған мақсат пен міндеттердің шешіміне қол жеткізу үшін келесі зерттеу әдістері қолданылады: теоретикалық анализ, эксперимент, тестілеу, бақылау, интервью, әңгімелесу.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізі – Н.А. Менчинская кіші мектеп жасыңдағы үлгерімі төмен балалардың ойлау ерекшеліктері жұмысы негізінде болды; мектеп жасыңдағы үлгерімі төмен балалардың ойлау ерекшеліктерің дамыту мәселесі бойынша отандық, шетел психологтарының еңбектері, зерттеліп отырған мәселе бойынша зерттеулер, оқулықтар мен оқу құралдары.
Зерттеудің теориялық мәнділігі - үлгермеушілік себептерін нақтылаудан, үлгерімі төмен балардың ойлау ерекшеліктерін анықтаудан тұрады.
Зерттеудің тірек орны: Алматы қаласы, №47 орта мектеп; 2 «А» және 2«Ә» сыныптар


1 ҚАЗІРГІ ЗЕРТТЕУЛЕРДЕГІ ҮЛГЕРМЕУШІЛІК МӘСЕЛЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

1.1 Қазіргі зерттеу мәселелеріндегі психологиялық-педагогикалық аспектілер.

Баланың ақыл-ой әрекетінің ерекшеліктері, оның оқуы, тұлғалық қасиеттерімен тығыз байланысты және ең басты оның оқуға деген қатынасына, баланың өзіндік жетістіктерімен, сәтсіздіктерін қалай бағалай алады және өзгелердің берген бағасын қалай қабылдайды (мұғалімдердің және сыныптағы жолдастарының).
Бұл жердегі басты мазмұн – сабақтағы оқу жұмысының сапасын жоғарлату, маңызды дидактикалық принциптерді қолдану. Жалпы дидактикалық талаптардан басқа, сабақтың әдістемелік ұйымдастырылуы, әр оқушыға жеке –жеке жол таба білу мәселелері қарастырылады. Дәл осы мәселені қарастыруда дидактика психологиямен тығыз байланыста болады. Оқудағы тежелудің себебін анықтауда оқушының жекелік психологиялық ерекшеліктері қарастырылады. Психологиялық ерекшеліктер жүйесін қарастырған кезде «ұялшақ балалар кездеседі», «зейіннің жеткілікті дамымауы», «қабылдау үрдісі баяу жүретін балалар кезедеседі».
Мектеп жасындағы негізгі іс-әрекет бұл оқу іс-әрекеті болып табылады, ол оқушының тұлғалық қалыптасуына ықпал етеді.Сонымен қатар маңызды болып саналатын жайт оқушының «оқу биографиясы», ол мұғалімдер тарапынан мадақтау мен жақсы бағалар ала ма, әлде жаман бағалар алып, мұғалімдермен сынып жолдастары тарапынан төмен бағалауларын жағымсыз қараым-қатынасқа ие болады ма.
Балалардың оқу әрекетіндегі ерекшеліктері баланың оқуға деген қабілет деңгейімен тығыз байланысты.Сонымен қатар, оқыту деңгейлерінің сатылары бір-бірімен тығыз байланысты, ол оқушының жағымды, жағымсыз қасиеттерінің және тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына ықпал етеді. Егерде оқыту шарттары өзгерілсе, онда ол оқушыда жағымсыз қасиеттердің пайда болуына әсер етеді.Ол мұғалімнің уақытылы анықталуына байланысты оқушыға кері әсер ете алмайды.
Оқушының оқу қабілетін арттыру үшін оның оқу деңгейін анықтау керек. Баладағы төмен үлгерімді анықтаған жөн, өйткені үлгерімі нашар немесе ақыл-есі кем болатын болса, оны арнайы мектепке жібереді. Баланың үлгерімінің нашар болуын анықтау үшін оның қай кешенен әсер ететін анықтаған жөн.
Психология ғылымының түрлі салаларының мамандары мәселенің жан-жақтылығына мән берген. Дидактиктер негізгі зерттеу нысаны ретінде - педагогикалық шартты есептеген, оқыту-тәрбиелеу процесінің ерекшеліктері үлгермеушіліктің себебін анықтауға көмектеседі деп санаған. Психологтар өз зейіндерін оқушының тұлғалық ерекшеліктеріне бөлген, оқу кезінде көрініс табатын іс-әрекет нәтижесіне мән берген.
Дидактикалық жұмыстарда үлгермеушіліктің себебін талдауға үлкен мән беріледі. Осыған байланысты мектептегі оқушыға арналған әдістемелер мен жанұядағы тәрбиелеу шарттары қарастырылады. Сонымен бірге Гальмонт пен Реверстің жұмыстарында мұғалімдердің жұмыс тәжірбиесіне жалпылау зейін бөлінеді, мұндай мұғалімдер көп жылдар бойы оқушының үлгермеуіне жоғары сапа беріп отырған. Бұл жердегі басты мазмұн – сабақтағы оқу жұмысының сапасын жоғарлату, маңызды дидактикалық принциптерді қолдану. Жалпы дидактикалық талаптардан басқа, сабақтың әдістемелік ұйымдастырылуы, әр оқушыға жеке –жеке жол таба білу мәселелері қарастырылады. Дәл осы мәселені қарастыруда дидактика психологиямен тығыз байланыста болады. Оқудағы тежелудің себебін анықтауда оқушының жекелік психологиялық ерекшеліктері қарастырылады. Психологиялық ерекшеліктер жүйесін қарастырған кезде «ұялшақ балалар кездеседі», «зейіннің жеткілікті дамымауы», «қабылдау үрдісі баяу жүретін балалар кезедеседі».
Мұғалім тәжірбиесін жалпылауда Гальмонт пен Реверс педагогтың бақылауынан алынған материалдарды ұсынады: «Сыныппен жұмыс істеу кезінде мен оқу материалын тез қабылдай аламайтын балаларды білуге тырысамын, баяу ойланатын және қадағалауды қажет ететіндерді білемін және тез қабылдап, шапшаң ойланатын абстрактылы мәліметтерді де қабылдауға қабілетті балалар да танып білуге тырысамын».
Бірақ та бұл материалдардан қарастырылатын үлгермеушілік проблемасын- ың түйінін табу мүмкін емес. Мәселені қарастыруда психологиялық зерттеулер көмектеседі. Мұндай зерттеулерге арналған дидактикалық негіздер Гальмонт жұмыстарында кездестіріледі. Бұл жұмыста оқушының үлгермеушілігінің себептері мен дифференциалдыталдауы ұсынылған.
Гальмонт үлгермеушіліктің 3 арнайы топтамасын бөліп көрсетеді:
• Бірініші топтамадаға - автор «оқудағы терең және жалпы қалып қою» жағдайын жатқызады, ол кезде оқушы ұзақ уақыт бойы барлық пәндерге үлгермейді.
• Екінші топтамаға - негізгі пәндерге үлгермеушілік байқалады.
• Үшінші топтамаға эпизодтық көрініске ие үлгермеушілік жатады.
Дифференциалды үлгермеушліктің негізін қалаған Гельмонт түсініктемелер- інің бірі педагогикалық қана емес психологиялық сипатқа ие, ол жағымсыз құбылыстың алдын-алуының жеңіл деңгейі. Бұл көзқараста үлгермеушінің оқудағы терең жалпылау түрі қиын, күрделі болып табылады. Автор мектептегі үлгермеушілікке қарсы күрестің тиімді деңгейлерін қалыптастырды. Эпизодты үлгермеушілік - 75% жағдайда кездеседі, аралық тұрақтылық - 61%, бірінші категориялық үлгермеушілік - 28% жағдай, 71% мектепте кездесетін келеңсіз жағдайлар үлгермеушілікке себеп болады.
Гальмонттың пайымдауынша, екінші категориялық үлгермеушіліктің болуы дәріс берудің жеткіліксіз болуынан пайда болады.
Бұл себеп эпизодты үлгермеушілікке негіз болады.
Оқушының өзіндегі себептің бірінші топтамадағы үлгермеушілік шарттарын талдауда анық көрінеді. Гальмонт тұрмыстық шарттағы жағымсыз себептердің 3 түрін көрсетті:
1. нашар дайындық және білімдегі маңызды кемшіліктер;
2. оқушылардың негативтілігі (білімге деген жағымсыз көзқарас);
3. ұйымдастырылған еңбекке деген дағдының болмауы, жалпы дамудың жеткіліксіз деңгейі.
Жоғарыда көрсетілген материалдарды талдау көрсеткендей мектепте
үлгермеушілікті жоюға арналған жұмыстардың жеткіліксіз болуы, оқушының
жеке психологиялық ерекшеліктеріне мән бермеуіне байланысты пайда болатын қиыншылықтар.
Түрлі оқушылардың жас ерекшеліктеріне және жекелік мәселелерін қарастыруда үлгермейтін оқушылардың маңызды психологиялық ерекшеліктері байқалған.
Н.Н.Волокитина кіші мектеп жасындағы оқушыларды зерттегенде олардағы айырмашылық, оларды моральды шарттарды қабылдауына және оқуға деген көзқкарастарына байланысты болады деген қортындыға келген.
Н.Н.Волокитина үлгермейтін оқушының ерекшеліктерін талдауда олардың есте сақтау қабілетіне айрықша мән берген. Оқушылар тапсырмаларды орындауда берілген нұсқауды зейінсіз оқып шығады, сол себепті оны орындауда жеңіл жол іздейді, қателіктер жасайды.
Самохвалова 1-ші сынып оқушыларының жекелік айырмашылықтарын анықтауды өзіне мақсат еткен. Ол баладағы 3 негізгі ерекшеліктерді бөліп көрсеткен:
1. білімге деген қатынасы;
2. оқу жұмысын ұйымдастыру;
3. білім мен нышанды меңгеру.
Автордың пайымдауынша, бұл ерекшеліктер әр оқушыда әр қалай көрініс табуы мүмкін. Оқушылардың білімге деген қатынасы бола тұрып, ал материалды игеру, меңгеру қабілеті нашар болып келуі мүмкін. Үлгерімі нашар балалар әрқашанда нашар баға алып отырады, зерттеулер көрсеткендей нашар баға оның оқу әрекетіне нашар әсер етеді.
Американ психологы Герлок жүргізген зерттеу: 106 адамнан тұрады олар біріктіруге арналаған Куртис тестін орындаған. Жұмыс барысында шыққан нәтиже: біреулер қарсы болған, екіншілер мақұлдаға, үшіншілер бағаланбаған.
Тапсырмаларды ең жақсы орындаған екінші, яғни мақұлдаушылар болып табылады....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?