География | Жетісу алатауының солтүстік орталық жотасына физикалық географиялық сипаттама
Мазмұны
І. ЖЕТІСУ АЛАТАУЫНЫҢ СОЛТҮСТІК-ОРТАЛЫҚ ЖОТАСЫНА
ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
1.1. Жетісу Алатауының солтүстік-орталық жотасының
орографиясы .........................................................................................
1.2. Жетісу Алатауының солтүстік-орталық жотасының геологиялық
тұрғыдан зерттелуі ...............................................................................
1.3. Жетісу Алатауының солтүстік-орталық жотасының тектоникалық
құрылысы ...........................................................................................
ІІ. ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ. ЖЕР БЕДЕРІНІҢ
ГЕОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ ТИПТЕРІ
2.1. Жетісу Алатауының геологиялық құрылысы ..................................
2.2. Жетісу Алатауының солтүстік-орталық жотасындағы жаңа
тектоникалық қозғалыстар ................................................................
2.3. Жетісу Алатауының солтүстік-орталық жотасының жер бедерінің
геоморфологиялық типтері ...............................................................
2.4. Климаты және ішкі сулары ................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ ...........................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ......................................................
Зерттеудің өзектілігі: Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде Қытай халық республикасымен шектесетін табиғи шеп болып табылатын Жетісу Алатауын табиғатының алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Оны жеке табиғат аймағы ретінде қарастыруға төменде көрсетілген белгілері негіз болады:
1. Геологиялық құрылысының ерекшелігіне сай бір-бірінен терең тауаралы аңғарлар мен қазаншұңқырлар бөлініп жатқан орта биіктіктегі және биік қатпарлы-жатпарлы тау жоталарының басым болуы. Қазіргі жер бедерін жаңа тектоникалық қозғалыстардың әсерінен жаңғырған палеозой қатпарлы құрылымының айқындауы.
2. Құрлықтың орталық бөлігіндегі географиялық орнына сай құрлықтық ауа массалары басым болып, таулы, аңғарлы жер бедерінің әсерінен шұғыл континентті климаттың қалыптасуы. Батыс циркуляциясының әсерінен Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасы мол жауын-шашын түсуіне орай табиғатының сыртқы келбетін шөлді-шөлейтті, таулы далалы, таулы орманды, биік таулы субальплік және альплік ландшафтлар.
3. Жылу мен ылғалдың таралу ерекшеліктеріне сәйкес тауалды далалар, қылқан жапырақты таулы ормандар мен биік таулы таулы субальплік және альплік шалғындар басым болуы.
Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасының табиғатының ерекшеліктерін жан-жақты оқып үйрену жаһандану кезеңіндегі нарықтық экономикалық қатынастарға сәйкес табиғат байлықтарын тиімді пайдаланып қоршаған ортаның тепе–теңдігін сақтау мәселесін шешумен қатар, қазіргі экологиялық ақуалын жақсартып адамның шаруашылық әрекетінен деградацияға ұшыраған геожүйелерді біртіндеп қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Зерттеудің мақсаты:
- жеке физикалық–географиялық провинция ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін табиғатының негізгі ерекшеліктерін айқындау;
- ғылыми жазба деректерге сүйене отырып, қазіргі жер бедерінің сыртқы бейнесін айқындайтын геологиялық құрылысы мен табиғатының қалыптасу тарихын, пайдалы қазбаларының түзілу жолдарын анықтап, ой қорытындыларын шығару;
- климатының қалыптасуына ішкі суларының қоректену режиміне, биіктік белдеулерінің ауысуына әсер ететін негізгі факторларға талдау жасау;
- табиғат байлықтарын игеруге байланысты туындаған түйінді экологиялық мәселелер мен оны шешу жолдарын анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
- Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасының географиялық орны мен физикалық– географиялық тұрғыдан зерттелуі;
- геологиялық уақыт ішіндегі табиғатының даму тарихын Палеозой, Мезозой, Кайназой эраларындағы палеогеографиялық, палеоэкологиялық жағдайы;
- геотектоникалық құрылысының негізгі ерекшеліктері мен неотектоникалық қозғалыстардың қазіргі жер бедері мен пайдалы қазбаларының түзілуіне әсері;
- климатының қалыптасуына, температура мен жауын-шашынның таралуына әсер ететін негізгі факторларды, жыл маусымдарындағы атмосфера циркуляциясының негізгі ерекшеліктер.
Ішкі суларының қоректену режимі, топырағы мен органикалық дүниесінің қалыптасуына әсер ететін орта жағдайларына, адамның шаруашылық әрекетінен қазіргі ландшафтларының өзгеруі мен оларды қалпына келтіру мәселелеріне жан-жақты талдау жасау.
Зерттеудің әдістемелік-методологиялық негіздері:
Ұсынылған бітіру жұмысының теориялық негізі ретінде М.И. Давыдова мен Э.М. Раковскаяның «Физическая география СССР», Жаналиеваның редакциялық басшылығымен шыққан Қазақстан Республикасының физикалық географиясы, В.М. Чупахиннің «Физическая география Казакстана» оқулықтары басшылыққа алынып, салыстыру, талдау, синтездеу, ой қорытындыларын шығару әдістері қолданылды.
Зерттеудің практикалық маңызы:
Ұсынылған практикалық жұмыстағы жазба деректер, тақырыптық карталар мен графиктік кестелерді, география мамандығының студенттері, туристік фирмалардың қызметкерлері, өндірістің жеке салаларының мамандары.
Зерттеудің құрылымы мен мазмұны:
Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда Алатауының Солтүстік-Орталық жотасының физикалық-географиялық орыны, геологиялық құрылысы мен тектоникалық құрылысы және геологиялық зерттелу тарихы қарастырылған, сонымен қатар, геологиялық картасы берілген.
Екінші тарауда Алатауының Солтүстік-Орталық жотасының жер бедерінің геоморфологиялық типтері мен олардың таралу ерекшеліктеріне сипаттама беріліп жер бедерін түзуші үрдістерді анықтаған.
І. ЖЕТІСУ АЛАТАУЫНЫҢ СОЛТҮСТІК-ОРТАЛЫҚ
ЖОТАСЫНА ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
1.1. Жетісу Алатауының солтүстік-орталық жотасының орографиясы
Жетісу Алатауы Қазақстаның оңтүстік - шығысында орналысқан. Оның құрылысы күрделі. Ол Солтүстік-Орталық және Оңтүстік-Орталық жоталар тізбегінен тұрадыдан тұрады. Аталаған жоталар тізбегі Көксу, Бұратала өзендерінің суайрығы болып табылатын Қоңыроба алқабында түйлісіп, біртұтас тау жүйесін түзеді. Ең биік шыңы Сарқан, Лепс өзендерінің алабындағы абсолют биіктігі 4464 метрге жететін Бесбақан шыңы. Солтүстік-Орталық жота бірінен бірі биік болып клетін басбалдақ тәрізді сатыланып келетін төбесі текшелі орқаш тау./1/
Геологиялық құрымы өте күрделі әр түрлі болып келеді. Бұл аймақта палеозой қатпарлығы айқын көрінеді. Солтүстік-Орталық жотасының ең көп тараған девон мен карбонның теңіздік шөгінділері алып жатыр. Тау алды мен тау аралық ойыстарға кайназой шөгінділері жиналған.
Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасының жер бедері орқаш таулы антиклимнормімен оларды бір-бірінен бөліп жатқан тау аралық ойыстар синклинормімен кезектесіп келуімен ерекшеленеді. Ол ірі жарылулармен тиімденген, олар Жоңғар алды Балхаш маңы және Алакөл. Мұнда жаңа техтоникалық қозғалыстарымен сипаталады.
Солтүстік-Орталық жотаның жер бедері төрт типке бөлінген: 1) Биік таулы жер бедері; 2) Орта таулы жер бедері; 3) Аласа таулы жер бедері; 4) тау аралық ойпаттар.
Жетісу Алатауы Қазақстанның шығыс бөлігінедегі таулы аймақ.Іле аңғары мен Алакөл ойсыы аралығында,шығыс жақ шеті Қытай халық республикасының солтүстік-шығыс шекарасы өтетін Жоңғар қақпасына дейі созылып жатыр.. Жетісу Алатауы батыстан шығысқа қарай 450, солтүстіктен қарай ені 100-125 шақырымға созылып жатыр Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасы үш бөлікке бөлінеді. Тастау, Сарқантау, Басқантау (абс.биікт. 2800-3500 м) Солтүстүстікке қарай екінші саты: Күнгей, Марқатау, Желді- Қарағай таулары кіреді абсолют битіктігі 1500-2500 метр аралығында ауытқиды. Аталған тау жоталарын бірін бірі биік үш сатылы Аудаусай, Аманбөктер, Құрымбел, Теректі, Айпара-төңкеріс Лепсі, Екіаша, Ойжайлау, Сарыбөктер сыяқты тау аралық криптодепрессиялық ойыстар бөліп жатыр.
Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасының жер бедері өте күрделі, тау етегі жазық, адыр, шоқы, тобешік болып келеді. Сонан соң жоғары қарай аласа жайпақ таулар, тобесі қар мен мұз басқан жоталар жатады. Бұлардың рельефі биік шыңдардан тік беткейлерден, аңғарлық және кқар тектес мұздықтардан түзілген./2/
Солтүстік-Орталық жотаның ең көтеріңкі аймақтарынан, солтүстікке қарай ені 30 шақырымға жететін, палеогенге дейінгі денудациялық жазықтықтың бір көрінісі ретінде Сарқан-Тентек өзендері аралығында биік таулы үстірт сақталынып қалды. Үстірттің мередианальді кесіндіде 1100 метр тереңдікте Басқан, Лепсі және Тентек өзен алқаптары бар. Үстерттің солтүстігіндегі биіктігі 1200 м террассалы тектолникалық кертпелі лепсі ойпаты бөлінген. Үстірттен батысқа қарай солтүстік жотаның етегінде Аудаусай ойпаты жатыр, солтүстік ендік бойынша биіктігі 3100м-ге дейінгі таулы жүйелер Желді – Қарағай, Ақшығанақ, Көкжотамен шектелген. Үстіртен батысқа қарай Сарыбұқтар (2000 м) және батыстағы жалғасы Ақши (1400м) ойпаты. Жатыр солтүстіктегі Тастау жотасынан бөлек Айдаусай ойпатының батыс жалғасына. Құрымбел мен Арасан – Қапал ойпатының солтүстік-шығысы Аманбөктер ойысына ұласады. Олардың аралығын сарқан өзенінің аңғары бөліп жатыр. Арасан – Қапал, Теректі, Аманбөктер ойпаттары алдыңғы сатыдағы биіктігі 1500-2100 метр биіктік аралығында ауытқиды. Қоңыртау, Қайрықкөл және Марқатау тауларымен шектелген, Балқаш маңы жазықтығында биіктігі 1100 м Сарқан кертпешімен, батыстағы (биіктігі 1400 м) Қызылағаш кертпештерімен бөлінген. /3/
Биіктігі 1000 метрден асатын солтүстігінде биік таулы үстермен шектесетін Екіаша және Лепсі ойыстары орналасқан, биіктігі 1100 м асуларен бөлінген. Ойжайлау ойысы 1400 метр биіктікте орналасқан. Ойыстар биіктігі 1400-2000 м болатын Шатырбай, Ешкіөлмес, Үшқайың, Кеттібай-Борлы, Алмалы тауларымен шектелген. Оның солтүстік етегінде биіктігі 900-1000 м-де Төңкеріс ойысы орналасқан. Ол шығысында Ойжайлау Қараүңгір, Сарыбөктер, Ақши, Шолақ ойыстарына ұласады. Тағыда шығысында биіктігі 2000-2400 м. Солтүстік-Орталық жотаның шығыс бөлігінде Көксуат, Күнгей (3000) жотасының солтүстік беткейлері ежелгі төрттік мұзбасуларының әсерінен түзілген солтүстікке бағытталған перпендикуляр бағытта созылған Бесбақан, Қара-Алмалы, Арқалық деп аталатын таулармен тілімденген (2000-2500 м). Ал солтүстік шығыс бөлігінде едәуір көтерілген Жабық тауы (2900 м) жатыр. Бұлардан солтүстікке қарай тау аралық Сапақ-Айпара ойысы орналасқан. Ол биіктігі 1200-2300 метр болатын Шыбынды, Бұланбай, Қайқң, Қарасарық тауларын бір-бірінен бөліп жатыр. Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасының қиыр солтүстік- батыс шеті Текелі тауымен аяқталған.
Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасының шығысы биіктігі 2000 метрге жететін Арпабиік тауымен аяқталады. Оның оңтүстік- шығыс шетінде тау аралық Шолақ ойысы орналасқан./4/
Осындай жағдайдан жоңғар Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасының жер бедерін сатыланып келуі жақсы байқалады. Солтүстікке қарай біртіндеп аласаратын ойыстардың биіктік айырмалары Ақши ойысында 2000-1400 метр, Ттөңкерісте 600 м дейінгі аралықта ауытқиды..
Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасының батыс сілемдеріне: Үшқоныр, Бурақай, Лабасы, Қызылжар, Түйемойнақ, олар солтүстік-батыс бағытта созылып жатыр. Олардың әр қайсысын тау аралық криптодепрессиялық Көксу-Қаратал, Қоғалы Құрымбел ойпаттары бөліп тұр.
Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасының ең биік жоталарында мәңгі мұздықтар басып жатыр. Олардың жалпы саны 724, көлемі 1120,3 текше шақырым. Мұздықтар 12 топқа бөлінеді, оның 7 Солтүстік-Орталық 5 Оңтүстік-Орталық жотада орналасқан.
Бұлардың ең ірілері Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасының шегінде таралған. Олар, ұзындығы 5,5 шақырымға жететін Жамбыл, ұзындығы 8 шақырымғнан асатын Берг мұздығынынан басталатын өзендердің аңғарлары көбінесе терең шатқалдармен өтеді.
1.2. Жетісу Алатауының солтүстік-орталық жотасының геологиялық тұрғыдан зерттелуі
XX ғасырдың бірінші жартысына дейін Алакөл ауданының табиғатын физикалық географиялық тұрғыдан зерттеу баяу жүргізілді. Аймақтың табиғат жағдайы туралы алғашқы деректерді орта ғасырдағы саудагерлер жинады. Ол деректердің көбі толық емес әрі жүріп өткен бағыттарына ғана сипаттама берумен ғана шектеледі. Қазақстанның патшалық Ресейге қосылуына байланысты аймақтық табиғат жағдайлары мен байлықтарын зерттеу мәселелері қолға алына бастады.
Алакөл ауданының жер бедерін, геологиялық құрылысын оқып үйрену пайдалы қазбаларды іздестіру мен тікелей байланысты жүргізілген зерттеулерді Қазан төңкерісіне дейінгі және Кеңестік деп екі кезеңге бөліп қарастыруға болады.[1]
Қазан төңкерісіне дейінгі кезең 1700-1917 жылдар аралықтарын қамтиды. Алакөл ауданының табиғаты туралы Патшалық Ресейдегі алғашқы жазба деректер XVIII ғасырдың басын мен 1840 -1841 жылдар аралығында Алакөл ойысы мен Жетісу Алатауының солтүстік-шығыс бөлігінің табиғатын географиялық тұрғыдан оқыр үйрену ісін белгілі орыс геоботанигі Александр Шнерк қолға алды. Ол Балқаш-Алакөл алабының табиғатын зерттеп, Жетісу Алатауы мен Аралтөбенің Флорасы жөнінде көптеген құнды деректер жинады.
1841-1842 жылдары аралығында Г.С. Корелин Тарбағатай мен Жетісу Алатауының солтүстік-шығыс бөлігіне саяхат жасап, аймақтың табиғатына физикалық-географиялық сипаттама берді. Ол өсімдіктер жамылғысын жанжақты зерттеп, түр құрамын анықтады.
1855-1858 жылдар аралығында Ш.Ш. Уалиханов Жетісу мен Қашқарияға саяхатының барысында алғаш рет Балқаш пен Алакөл ертеректе бір көл болған деген болжам айтты. Ол өз ойын көктемде еріген қар, жаңбыр суымен толығып, аумағы артқанда екі көл бір-бірімен қосылатынын дәлелдей келе олардың араларын жазда кеуіп қалатын сорлар бөліп жатқаны арқылы дәлелдейді.
Шыңғысұлы Шоқан Уалиханов Алакөл ойысы мен Жетісу Алатауының флорасымен фаунасына сипаттама бере отырып тау беткейлеріндегі биіктік белдеулерінің байқалатыны жөнінде өз пікірін айтып сол кезеңдегі ғалымның ...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?