География | Қытай халық республикасына экономикалық-географиялық қысқаша сипаттама

 География | Қытай халық республикасына экономикалық-географиялық қысқаша сипаттама

Бітіру жұмысының жалпы сипаттамасы: Қытай Халық Республикасы - Қазақстанның тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып таныған мемлекет. 1992 жылғы қаңтарда, дипломатиялық қарым-қатынас орнатқаннан бері екі ел өз экономикаларының дамуында зор табыстарға қол жеткізді. Екі ел бір-біріне етене жақындай түсті. Шекаралық аймақтарда өзара сенім ахуалын орнатты. Екі ел арасындагы экономиқалық ынтымақтастық нығайтылып, өзара сауда-саттық байланыстары жыл өткен сайын өсіп келеді.
Жұмыстың мақсаты: Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық-географиялық байланыстарға баға бере отырып, екі ел арасындағы жыл сайын артып келе жатқан сауда қатынастарына және оның жоспарлы бағыт-бағдарына тұжырым жасап, екі ел арасындағы ынтымақтастық, достық қарым-қытынысының дами түсуі және халықтың әл-аухатының жақсара түсуі үшін жүргізіліп жатқан жұмыстарға аз да болса көмегі тиер деген оймен осы тақырыпты зерттеуді жөн көрдім..
Бұл мақсатқа жету үшін келесі мәселлелер қарастырылды:
.екі елге географиялық сипаттама бере отырып, екі ел байланысына әсер ететін факторларға талдау жасау.
.екі ел арасындағы сыртқы сауда байланыстары және Қазақстанның экономикалық дамуына, халықтың әл-ауқатының көтерілуіне зор рол ойнаитын Мұнай экспорты туралы ізденістер.
Зертеудің теориялық және әдістемелік негізі: бітіру жұмысына бұрынғы Кеңес кезіндегі геосаяси зерттеушілер Түркебаев А.Е , Двоскин Б.Я, ал қазіргі кезде зерттеушілерден Надыров Ш.М, Әубакіровна Әмина және Қытайдағы Циньзиян география инистутіндағы Шы шы фаңның қатарлы зерттеушілердің еңбектері теориялық негіз болды.


1.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА ҚЫСҚАША СИПАТТАМА

1.1. Қазақстан Республикасының географиялық орны

Қазақстан Республикасы Евразия құрлығындағы мемілекет. Құрлықтың орта бөлігінде ( 55°26´- 40º 56´с.е және 45º 27´ – 87º 18´ш.б аралығында ) орналасқан. Республика жері батыстан шығысқа қарай 3000 км–ге, солтүстіктен оңтүстікке 1600 км –ге созылып жатыр. Солтүстігінде Ресей Федерациясымен (ұзындығы 6467 км), оңтүстігінде Түркменстан( 380 км),Өзбекстан (2300 км), Қырғызстан ( 980км) республикасымен, шығысында Қытаймен ( 1460 км) шектеседі. Батысында Каспий теңізі ( 600 км) орналасқан. Жалпы жер көлемі 2724.9 мың шаршы километр. Жер аумағы жағынан дүние жүзінде тоғызыншы орынды, Евразия материігінде Ресей, Қытай,Үндістан мемілекеттерінен кейін төртінші орынды йеленеді. әкімшілік жағынан 14 обылстан және республикалық маңызы бар 2 қаладан тұрады. 85 қала, 160 аудан, 2237 ауылдық елді мекенге біріккен 7719 лдық елді мекен бар.
Қазақстан Республикасы 1995 жылы 30 тамыздағы қабылданған Конситуция бойынша өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және ілеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды. Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Республиканың ең жоғарғы өкілді органы Парламент. Ол республиканың заң шығару қызметін жүзеге асырады. Парламентте тұрақты жұмыс істейтін екі палатадан: сенаттан және мәжілістен тұрады. Сенатқа әр облыстан және Республикалық маңызы бар 2 қаладан екі адамнан сайлайды. Сенаттың жеті депутатын парламент өкілеттілігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды.
Мемлекет тілі- Қазақ тілі. Ұлттық валютасы – теңге.

1.2. Қазақстанның табиғи ресурстары.

Кен байлықтары. Казақстан кен байлықтарының қоры мен әр алуандығы жағынан Жер шарындағы бай аймақтардың бірі. Минералдық шикізат қорлары Қазақстанның ұлттық экономикасының тұрақты дамуы мен кауіпсіздігінің маңызды кепілі. Қуатты минералдық шикізат базасының казіргі жай-күйі республиканы шет елдердің кен қазбаларына тәуелділіктен толық арылтып, Қазақстанның дүниежүзі рынокка минералдық шикізат қорлары мен оның өңделген өнімдерін шығаруына мүмкіндік берді. Минералдық шикізат ресурстары еліміздің даму стратегиясын аныктайтын негізгі факторлардың бірі. Маңыздылығы жағынан олар үш топқа бөлінеді. Бірінші топқа негізгі қаржы түсімін қамтамасыз ететін және эконмикалық-саяси мәні бар стратегиялық кен байлықтары жатады: мұнай, газ, көмір, уран, хромит кен орындары. Е к і н ш і т о п т ы каржы түсімін камтамасыз ететін әрі Қазакстанның индустриялық бет-бейнесінің негізі болып табылатын маңызды кен байлықтары құрайды: темір, марганец, мыс, қорғасын, мырыш, алюминий және алтын кен орьндары. Үш і н ш і топқа ішкі және сыртқы рыноктарда жоғары сұранымға ие қалайы, күміс, фосфор, барит кен орындары кіреді. Кен байлықгардың барланған қоры негізінде ондаған мұнай-газ және кентас өндіретін кәсіпорыңдар жұмыс істейді, олар 70-тен аса әр түрлі минералдық шикізат түрлерін өндіреді және өңдейді.
Мұнай мен газ. Казақстанда 200-дей мүнай және газ кен орындары аныкталып барланған, оның ішінде 102 мұнай, 29 мұнай-конденсат, 30 мұнай-газ-конденсат, 6 мұнай-газ, 11 газ-конденсат, 19 газ кен орындары бар. Бар¬ланған мұнайдың алынатын қоры 2,2 млрд. т, газ — 2,5 трлн./м3, конденсат — 0,7 млрд. м3. Қазақстанда мұнайдың болжамдық корлары 20 — 25 млрд, т деп бағаланады. Мұнай мен газдың барланған қорының негізгі бөлігі Кас¬пий маңы мұнайлы-газды аймағында шоғырланған. Мұнда 122 кен орыны ашылған, оларда республикадағы көмірсутек қорының 80%-ы (1,3 млрд, т мұнай, 700 млн. т ша¬масында конденсат, 1,7 млрд. м3 бос және 577 млрд. м3 сұйытылған газ) шоғырланған. Бұл жерде мұнай мен газдың Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ сияқты айрықша ірі кен орындары бар, олардың жиынтық үлесі мұнай мен газ ендірісінің жалпы балансында 30%-дан асады. Оңтүстік Маңғыстау мен Солтүстік Үстірт — Бозащы аймағыңдағы ең ірі кен орындар — Өзен, Жетібай, Қаражанбас, Солтүстік Бозащы. Мұндағы мұнайдың барланған коры 700 млн. т, конденсат — 1,4 млн. т және газ — 141,0 млрд. м3 құрайды. Жалпы республика баланста бұл аймақтағы көмірсутек өндірісінің үлесі 50% шамасына тең. Мұнайдың өнеркәсіптік мол коры Оңтүстік Торғай мұнайлы-газды алабында анықталған (Құмкөл,Майбұлақ, Ащысай, Арыскұм, т.б. кен орындары). Бұл жерде жиынтық болжамдық коры 400 млн. т шамасындағы 11 кен орыны барланған. Олардың ең ірісі — Құмкөл кен оры¬ны (1990 жылдан мұнай өндіріле бастады). Бұл аймақтың мұнай өндірісіндегі үлесі 10% шамасында.
К ө м і р . Қазақстанда тас және коңыр көмірдің мол корлары бар. Республикада 200-ге жуык көмір кен оры¬ны барланған. Қазакстан көмірінің жалпы геологиялық қоры 164,4 млрд, т шамасында бағаланады, оның ішінде: тас көмір 17,6 млрд. т, коңыр көмір 92,8 млрд. т. Барланған қорлар 60 млрд. т шамасын¬да, баланстан тыс қорлар 19,3 млрд. т. Олардың 63%-ы тас көмір (оның кокстелетіні 17%), 37% - коңыр көмір. Республикадағы ең ірі көмірлі алаптар Орталық Қазакстанда орналасқан (Қарағанды, Екібастұз, Майкөбен). Ірі кен орындары — Шұбаркөл (қоры 2,2 млрд. т), Борлы (0,5 млрд. т), Самара (1,3 млрд. т), сондай-ак, Теңіз-Қоржынкөл көмір алабы (шамамен 2,7 млрд. т). Торғай энергетикалық коңыр көмір алабының қоры 52 млрд. т, оның барланғаны 7 млрд. т. Оңтүстік Қазакстанда Іле және Төменгі Іле коңыр комір алаптары орналасқан. Іле алабының геологиялық корлары 14,8 млрд, т-ға бағаланады, барланған қоры 0,9 млрд. т. Төменгі Іле алабының геолгиялық коры 9,9 млрд. т, онын 3 млрд. т-сы барланған. Шығыс Қазақстанда Қаражыра (Юбилейное) (қоры 1,5 млрд. т), Кендірлік (1,6 млрд. т, барланғаны 250 млн. т) кен орындары белгілі. Кендірлікте көмірден басқа жанғыш тактатастар бар. Оның жалпы қоры 4 млрд. т, барланғаны 20.3 млн. т. Казақстанның батысындағы ең ірісі — Мамыт коңыр көмір кен орны. Жалпы геологиялық коры - 1,5 млрд. т, оның 0.6 млрд. т-сы барланған. Қазақстан Республикасының бүкіл дерліктей аумағын кара металл кендерінің алып кентастық аймағы ретінде қарастыруға болады. Мұнда оның бүкіл әлемге белгілі барлық генетикалық және өндірістік, онын ішінде бірегей турлері кездеседі. Қазақстанда қара металл кентастарының 1000-нан аса кен орындары мен кен білінімдері анықталған. Темір. хром, марганец пен титан кентастарының кен орындары игерілуде. Балансқа алынганы 17 кен орны. баланстан тыс 11 кен орны бар. Темір кентасының жиынтық қоры 17 млрд. т. Онын 93% мөлшері бес ірі кен орында: Қашар, Сарыбай. Соколов. Әйет, Лисаковта шоғырланған. Бұл кен орындарының барлығы Солтүстік Қазакстанда (Торғай ойысының солтүстік-батыс бөлігінде) орнатасқан. Орталық Қа¬зақстанда пайдаланылып келе жаткан Батыс Қаражал, Үшкатын мен Кентөбе кен орындарының барланған коры 300 млн. т-дан асады. Оңтүстік Қазакстанда Иірсу (коры 327,7 млн. т) мен Абайыл (28.3 млн. т) кен орындары барланған. Батыс Қазақстанда (Солтүстік-Шығыс Арал маңы) ең ірісі — баланстан тыс солитті қошкыл теміртас кентасты Көкбұлақ кен орны (1,9 млрд. т), сонымен қатар титан-магнетитті кентастарының болжамдық коры 1 млрд, т болатын Бе-ликов ірі кен орны бар. Қазақстан хромит кентасының коры бойынша әлемде екінші орында. Балансқа алынғаны 21 кен орны (шамамен 230 млн, т). Қорлардың барлығы Кемпірсай кенді ауданында (Мұғалжар тауында) шоғырланған. Аса ірі хромит кен орын¬дарының қатарына Алмас-Жемчужина кен орны жатады. (қоры 100 млн. т-дан асады). Бұл алапта кобальт-ни¬кель кенінің де бай қоры бар. Қазақстанда марга¬нец кентастарының баланестық қоры 400 млн. т-дан аса¬ды. Болжамдық қорлары 850 — 900 млн. т деп бағаланады. Қорлар негізінен (99%) Орталық Қазақстанның Атасу кенді ауднда шоғырланған (Батыс Қаражал, Үшқатын, Қамыс кен орындары). Қаратау, Байқоңыр, Кіндіктас. Жетісу Алатауындағы көмір-кремнийлі тақтатас қабаттарында орналасқан ванадий кендері мен Батыс және Солтүстік Қазакстандағы, жердің беткі ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?