География | Қазақстандағы ақбөкендердің субпопуляциясының табиғи реттелу жолдары
Мазмұны
КІРІСПЕ.............................................................................................................
I. Әдебиеттерге шолу.................................................................................
Зерттеу аймағының физико-географиялық сипаты
2. Зерттеу зерзаты мен әдістері
2.1 Табиғи ақбөкен популяциясын санау әдістемесі
2.2 Статистикалық мәліметтерді есептеу әдістемесі
II. Ақбөкендердің субпопуляциясының табиғи таралуы......................................
2.1Акбөкендердің мінез- құлқы мен белсенділігі.........................................
2.2 Акбөкендердің тіршілік әрекеттері.........................................................
2.3 Ақбөкендердің миграциялары......................................................................
III. Ақбөкендердің субпопуляциясының табиғи реттелуін зерттеу.................
3.1 Ақбөкен тіршілігіне әсер ететін факторлар..............................
3.2 Ақбөкендерді қорғау және олардың санын қалпына келтіру шаралары...
3.3 Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану
туралы заңы..........................................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................
Қосымша.............................................................................................................
Ұсыныстар...........................................................................................................
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі уақыттардағы адамзат өміріндегі аса маңызды мәселелердің бірі, табиғаттың көркі жануарлар мен өсімдіктер әлемін сақтап, экожүйенің бұзылмауын қадағалау мен оны қалпына келтіру болып табылады. Себебі табиғаттағы кез-келген тіршілік иесінің экожүйедегі орны ерекше. Сол себептен оларды қорғау мен сақтап қалу үшін жұмыс жасау керек. Ал, бұл жұмысты орындау барлық адамзат баласының алдында тұрған ұлы міндет. Бұл зерттеу жұмысы да сол міндеттердің бірін орындаумен өзекті бола түседі. Жер көлемі жөнінен бүкіл дүние жүзінде ондықтың ішінен орын алатын ұлан-байтақ аумағымен, тау-тасты орман-көлді, шөл-шөлейтті алуан қырлылығымен көзге түссе. Фаунасы мен флорасы жағынан да басқа елдермен терезесі тең деп мақтана айтуға тұрарлық. Кеңес өкіметі тұсында алпыстан астам сүтқоректі аң, жүз алпыстан аса құс ауланып келсе, осы хайуанаттардың ішінде шаруашылыққа жағынан аса маңыздылардың бірі саналған ақбөкен болатын. Ақбөкен [1] көне заманнан бізге жеткен түз тағыларының бірі. Оның осы уақытқа дейін сақталып қалуының сыры, өзіне тән ерекше қасиеттеріне байланысты. Бұл жердегі киелі , қасиетті сөздерінің қолданылу себебі: « мүйізі»- пантокрин (жен-шень) дәрісі өкпе қабыну, жүрек, паралич, эпилепция ауруларынан емдеп, «тұяғының күлі» теміреткі мен денедегі жарадан жазса, «қаны»-шөлі қанбайтын сусамыр ауруынан айықтыратындығынан. Бірақ осы ерекшеліктерімен ақбөкендер тарих сахнасынан ХХ ғасырлардың бас кезеңдерінде жойылып кетудің алдында болды. Оған қорғау жұмыстарын дер кезінде жүргізудің арқасында халық шаруашылығына пайлану жағдайына дейін жетті. Содан кейінгі 1980-90 жылдары да осы жағдайы қайтадан қайталанды.сол себептен оны аулау тоқтатылып, қорғау жұмысы қолға алынды. Осындай халықтың денсаулығы мен шаруашылығы үшін маңызға ие аңдарымыз әр түрлі факторлардың әсерінен жылдан – жылға азайып, тіпті жойылып кететіндей өзекті мәселелердің біріне айналуда. Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Қазақстандағы ақбөкендердің субпопуляциясындағы қазіргі уақыттырдағы таралу ареалы, биологиясын және саны мен олардың санының азаюына әсер ететін абиотикалық, биотикалық және антропогендік факторларын зерттеу мақсатында болды. Осы мақсатағы зерттеулер келесі міндеттерді орындауды көрсетті:
- негізінен ақбөкендер субпопуляциясының экологиялық жағдайларын
- (аңдардың тығыздығын,таралуын, санының айналымы мен оның өзгеруіне әсер ететін факторлары және азық қоры,көбеюі,тіршілікке бейімділігі,өлім жітімі,лақтарының ересек топтарға өтуі);
- Жылдағы және тәуліктегі әр түрлі мерзімдердегі белсенділігі мен өмірге бейімділігі;
Ғылыми жаңалықтары. ХХ ғ. 1968 (О.Э.Цаплюк),1971 (Д.Демеуов) жылдары қорғалған диссертациялық жұмыстарынан кейін ақбөкен жайында ғылыми негізде жазылып отырған бұл диссертациялық жұмыс ХХІ ғасырдағы Орал популяциясындағы ақбөкендердің қазіргі уақыттырдағы таралу ареалын, санын және санының өзгерістерін, азық қорын, жастық және жыныстық құрылымын,дене өлшемдерін және ақбөкендердің тіршілікке бейімділігін, паразиттік аурулары мен биотикалық және антропогендік факторлары зерттелінді.
I. Әдебиеттерге шолу
Ақбөкен – Mamalia (сүтқоректілер) - класы, Artiodactyla (жұптұяқтылар) отрядының Bovidae (қуысмүйізділер) - тұқымдасына жатады. Осы тұқымдастан тарайтын - Saiga Gray [2] (Бөкендер) туысының Saiga tatarika [1] (ақбөкен немесе киік) және Saiga tatarica mongolica [3] (Маңғол ақбөкені), S.t.prisca [4], S.t.binagadensis [5], S.t borealis [6] деп аталатын бес түрі болған. Қазіргі уақыттарда алдыңғы екі түр ғана қалып, қалғандары жойылып кеткен. Ақбөкендерді ұзақ уақыттардан бері - Антилопа деп те атайды. Оны Антилопа - Antilope [7,8,6] күйіс қайырушы жануарлардың әртүрлі тұқымдас тарма¬ғына, туыстастарына жататындарын біріктіреді деп есептейді. Жалпы антилоптарға жататын жануарлардың бес - джейран, дзерен, горал, сайгак және серна-түрі бар. Ақбөкендердің Қазақстан территориясында мекендеуі туралы алғашқы әдеби деректер 1931 жылы (Кириков, 1966) келтірілген. Осы жануарлар туралы нақты және ауқымды деректер И.Гмелиннің (Gmelin, 1751, 1752), Н.Рычков (1772), П.С.Паллас (1773), И. Лепехин (1805), М. Житков (1849), Г.С.Карелин (1861), Н.А.Бородин (1891), Н.Зарудный (1897) т.б. еңбектерінде мәлімделген. Республикамыздың батыс бөлігінде ақбөкендердің таралуы туралы Э.Эверсман (1850), Я.Я. Полферов (1896), Д.Н. Кашкаров (1932) еңбектерінде ескертіледі. Қазақстан территориясында ақбөкендерді зерттеудегі кейінгі жылдарды екі этапқа бөлуге болады. 1936 жыл мен 1965 жылдар аралығындағы осы жануарлардың сан жағынан және таралуы жағынан сауалнама – мәліметтерді жинағандар А.А.Слудский және А.В.Афанасьев, Е.И.Страутман, М.И.Исмагилов, П.М.Бутовский, В.А.Фадеев, Е.В.Савинов болды. Сол кездегі жинақталған барлық мәліметтер А.А.Слудскийдің зерттеулерімен толықтырылды (1955, 1962,1963). 1960 жылы республика территориясында жануарлардың авиа есебі жүргізілді (Слудский, Шубин 1963). Осы кезеңде Барсакелмес аралында ақбөкендерге зерттеу жүргізілді. Осы материалдардың негізінде Е.П. Васенконың қызықты кітабы жазылды (1950). Батыс Қазақстанда ақбөкендерге зерттеулерді Н.В.Раков (1956, 1957) жүргізді. О.Э. Цаплюк (1962, 1966) мақалаларында ақбөкендердің көбеюі жайлы мәліметтер келтірді; олардың паразиттері туралды мақалаларында И.Б.Соколова (1953), И.Г. Галузо (1953) С.Н. Боева (1962) мағлұмат берді. [1] 1965 жылдан бастап зерттеудің екінші этабы – жоспарлық және систематикалық этап басталды. Бұл үшін ҚазКСР ҒА Зоология институтында ақбөкендер бойынша тұрақты комплексті экспедиция ұйымдастырылды. Оның тапсырмасына ақбөкендердің саны мен көбею темпі, бұзаулары мен ересектері арасындағы өлім, миграциясының мерзімдері мен жолдарын анықтау мақсатында жыл сайын осы жануарлардың авиавизуальді есебі кірді. Алынған мағлұматтар негізінде шаруашылық маңызы мен жоспарлы түрде атуға рұқсат беру үшін осы уақытқа дейін сақталған жануарлардың бас санын азайтып алмау үшін, сондай-ақ республикамыздың халық шаруашылығында ауқымды түрде пайдалану есептері жүргізіліп анықталды. Ақбөкендердің экологиясы мен этиологиясы 1965-1981 жылдар аралығында жылдың барлық маусымдарында жиі зерттелінді. Көктемде авиавизуальді есеп-санақ жүргізілді және бір мезгілде бір-екі жергілікті отряд жануарлардың қоныстанған жерлеріне шығып отырды. Далалық жұмыстар жылдың 4 айынан 11 айына дейін жүргізілді, жалпы айтқанда олар 96 айды құрады. Ақбөкендер тобының маусымдық тобырын, жыныстық, және жас ерекшелік құрамын анықтау үшін ақбөкендердің есебі жүргізілді. Миграциясы визуальді бақылау жолымен зерттелінді және жануарларды жалпы таңбалау және жасы бойынша тіркеуге алынып отырды. Барлығы 18556 жаңа туылған ақбөкендер таңбаланды. 1408 таңбаланған ақбөкендер әр түрлі жылдары қайта оралып отырды. Сол кезде 892 ұрғашы ақбөкендердің ұрпақ беруге қабілеттілігі зерттелініп, 1069 эмбрион қаралған. Өсу мен даму 825 жануарда зерттелінген. Тығыздық пен түлеу және бояу түсі 2,5 мың ақбөкенде анықталған. Осы жылдары ақбөкендердің Қазақстан территориясында таралуы, саны, көбеюі, жыныстық және жас ерекшелік құрамы жөнінде А.А.Слудский, В.А.Фадеев (1972, 1974, 1977), В.А. Фадеев (1972, 1974, 1975, 1980), Л.В. Бурделов (1977) ғылыми жұмыстары шықты. Көпжылдық зерттеулердің нәтижесінде (1965-1981ж.а) ҚазКСР ҒА зоология институтында Қазақстандағы ақбөкендердің экологиясының барлық негізгі сұрақтары бойынша үлкен фактілік материалдар жинақталды [2]. Халық эпосының материалдары бойынша ХІV- ХVI ғасырларда бұл жануарлар көпшілігінде Қазақстанның барлық территориясында мекендеген. Бұған сондай-ақ көптеген облыстарда кездесетін жергілікті «киік» деген аттар мысал бола алады. ХVIII ғасырдың бірінші жартысында Қазақстан территориясында бұл жануарлар Өскемен, Семей, Үлбі өзендері жағасында, Зайсан көлі маңында көптеп кездескен. ХVIII ғасырдың 50-60 жылдарының соңында бұл жануарларды Ерментау, және Көкшетау тауларынан көрген. ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында бұл тұяқтылар Құрғаштау маңында, Аманқарағай ауылы, Ақсуат өзенінің бойында, Сарыторғай, Қараторғай өзендері бойында сондай – ақ, Райқарасу, Мойынмұрын, өзендері және Қайранкөл маңында көптеп кездескен. ХVIII ғасырда ақбөкендер Ырғыздың барлық болыстарында және Ақтөбе уездінде кездескен.1823 жылы бұл жануарлар Орал өзені мен Ембі өзендерінің төменгі ағыстарындағы аралықтарда тұрақты мекендеп тіршілік еткен. ХІХ ғасырда Европада ақбөкендердің санының қысқаруы осы жануарлардың азаюы, ал 1826-1827 жылдар аралығында ТМД –ның Ортаазиялық бөлігінде қыста көптеп қырылуы байқалған. Нәтижесінде ақбөкендер бұл территориялардан ондаған жылдарға жойылып кеткен сонымен бірге бұл жануарлардың европалық және азиялық ареалға бөлінуі пайда болды. ХІХ ғасырдың 50 жылдарына қарай ақбөкендердің саны қысқарып, ареалдың солтүстік шекарасы қысқарған. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезінде ареалдың кейінгі қысқаруы жүрген. Бірақ бірден Қазақстан территориясындағы ақбөкен қоры төмендеген. Біздің заманымыздың 20 жылдары оларды аулауға тыйым салынуына қарамастан 1919 ж бөкендер саны күрт азайған. Бұл жануарлардың бас санының азюының ең негізгі себептерінің бірі болып ішкі рыноктағы ақбөкен мүйізіне деген сұраныстың болуы саналады. Кезінде шекараға ондаған және жүздеген жұп мүйіздер шығарылып отырған. 1917-1918 қысында атап айтқанда 1927-1928 жылдарда Қазақстан территориясында қатты жұтағаны байқалған. Соның нәтижесінде жүз мыңдаған жабайы жануарлар қырылған. 30 жылдардың басында ақбөкендер аз мөлшерде Қазақстан территориясында Орал өзені бойында, Үстіртте, Сарысу асуында, Бетпақ-Даланың батыс бөлігінде, Іле-Қаратал өзендері аралығында, Бақанастың шөлді бөліктерінде (Оңтүстік Балқаш маңы) және Алакөлдің оңтүстік бөлігінде сақталған [6]. Ақбөкен жеке түр ретінде ерте пайда болған жануарлардың бірі. Оның қазба сүйектері арқылы ақбөкенге ұқсас киіктердің бұдан 24-30 млн жылдар бұрын пайда болғандығын аңғаруға болады. Сонымен қатар ақбөкен қалдықтары плейстоцен қабатынан батыста Англиядан бастап,шығыста Аляскаға дейінгі аралықта табылса [22,23], голоцендік қазбалық сүйектері Евразияның Атлант мұхитынан Тынық мүхитына дейінгі 40-55 ендіктері аралығындағы алқаптарда көптеп табылды [23]. Біздің жыл санауымыздан 1000-1500 жыл бұрын Қазақстанда ақбөкен Орынбор қаласынан Семей қаласына дейінгі белдеудің оңтүстігінде кең тарап жатты. Бұған да әр жерлерден табылған бөкеннің қазба сүйектері дәлел болады [24] Энолит және алғашқы қола дәуіріне тән тасқа сызылған ақбөкен бейнелері Бетпақдаланың шығысында [25], Шолақтауда [26], ал біздің заманымызға дейінгі VII-V ғасырларға тән жартасқа салынған бөкен бейнесі Тамғалыда бейнеленген . Қола дәуіріне тән ақбөкен мүйізінің сынықтары Степняк төңірегінде (Көкшетау облысы) табылды. Жоғарыда айтылғандардан палеолит, неолит, қола дәуірлері кезінде ақбөкен Қазақстан территориясында кең алқапты алып жатқанын, саны да көп болғанын байқаймыз. IX-XII ғасырларда ақбөкеннің солтүстік шекарасы Қазақстан төңірегінен Құлынды даласына дейін созылып жатқан. Бұған осы ғасырларға тән ақбөкен сүйектері Боровск молаларынан табылған . XV ғасырда ақбөкен ареалының оңтүстік шекарасы республикамыздың қазіргі шекарасынан да тыс жатты. Бұл кезде де бөкен саны өте көп болды [24]. Онда Сырдария өзенінің бойындағы далалы аймақта ақбөкендер табын-табын болып жайылып жүретіндігі айтылады. Олардың семіздігі соншалықты, тіпті қаша алмайтын болған. Жергілікті халық қонақ келсе аңды дереу садақпен атып алып, сыйлайтындай болыпты. Демек бұл кезеңдерде де ақбөкен Қазақстан жерін кең жайлады және саны жағынан да көп болды. Сондай-ақ, Қазақстанда ақбөкенге байланысты қойылған жер,су атаулары көптеп кездеседі. Айталық: Бөкен көлі, Бөкен суаты (Шу өзені бойында), Бөкен өзені (Семей облысында), Кішкене бөкен, Кеңбөкен, Бөкен қыры (Қызылқұмда), Бөкен (жайылымды жер,облысы), Бөкенді (Жоңғар ...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?