География | Қазақстандағы ботаникалық бақтардың географиясы

  География | Қазақстандағы ботаникалық бақтардың географиясы

Мазмұны

І . ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БОТАНИКАЛЫҚ БАҚТАРДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қазақстанның жалпы ботаникалық бақтары туралы мағлұмат
1.2. Ботаникалық бақ – ерекше қорғалатын табиғи территория.
1.3. Ботаникалық бақтардың экономикалық және экологиялық
маңызы

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БОТАНИКАЛЫҚ
БАҚТАРЫНЫҢ ГЕОГРАФИЯСЫ
2.1 Құрғақ дала табиғат зонасының ботаникалық бағы
2.2. Шөлейт табиғат зонасының ботаникалық бақтары
2.3. Қазақстанның шөл зонасындағы ботаникалық бақтар
2.4. Қазақстанның таулы облыстарындағы ботаникалық бақтар
2.5 Қазақстандағы ботаникалық бақтардың қазіргі дағдайы

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Тақырыптың актуальдылығы: Қазақстан Республикасы ғаламдық масштабта өріс алып отырған тұрақты даму Концепциясын (Концепция устойчиво го развития) қабылдауға (1) байланысты ерекше қорғалатын табиғи территориялардың жүйесіне баса назар аударып отыр. Елімізде «Ерекше қорғалатын табиғи территориялар тұралы заң» 1997 жылы 15 тамыз айында үкіметтің № 162-1 қаулысы бойынша қабылданған (2). Ерекше қорғалатын табиғи территориялар география ғылымының зерттейтін негізгі нысаналары екенін естен шығармау қажет. Осы заңның жобасында ерекше қорғалатын та- биғи территориялар жүйесіне (система) - мемлекеттік табиғи қорықтар, мемле- кеттік табиғи ұлттық раоктер, мемлекеттік табиғи заказниктер, мемлекеттік таб- иғи ескерткіштер мен қатар зоологиялық парктер мен ботаникалық бақтар кіреді. Ботаникалық бақтар республикадағы биологиялық түр ретінде табиғи ареалында жойылып бара жатқан сирек өсімдіктерді сақтап, өсіретін ерекше қорғалатын табиғи территория. Қазақстанда ботаникалық бақтар жүйесі географиялық принцип бойынша орналастырылып құрылыған еді. Қазақстанның Қызыл кітабына кір- ген сирек өсімдік түрлері бүгінде тек қана осы ботаникалық бақтарда табылады. Сондықтан республиканың табиғатын қорғауда өзіндік орны бар бақтардың географиясын зерттеудің ғылыми және практикалық маңызы зор. Ботаникалық бақтарды сондай-ақ экологиялық білім мен тәрбие берүдің ошағы екенін естен шығармауымыз қажет. Себебі мекетп оқушыларымен экологиялық тақырыптағы экскурсиялар осы бақтарда өтіп жатады. Болашақ география пәнінің мұғаліміне республикадағы ботаникалық бақтардың географиясын, олардың бірінен бірінің айырмашылығын білу - кәсіби біліктіліктің бір талабы Диплом жұмысының көкейтестілігін осы жағдайлармен тұжырымдауға болады.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Айнала қошаған орта- дағы экологиялық өзгерістерден биологиялық түрлерді сақтап, қорғау ша-раларын жүзеге асырып отырған ботаникалық бақтардың географиясын зерттей отырып, оның табиғат қорғаудағы ролін анықтау.
Осы мақсатты орындау төмендегі міндеттерді шешү арқылы жүзеге асады: - ботаникалық бақтардың қазақстанда құрылу тарихын зерттеу;
-республикадағы ботаникалық бақтардың қызметін реттейтін нормативті құжатпен танысу;
- сирек өсімдіктерді сақтау мен қорғаудағы ролі анықталды;
- ботаникалық бақтардың структурасын зерттеу және региональды бақтардың экологиясын зерттеу;
- қазіргі экологиялық мәселелрін зерттеп, болашағына анализ жасау.
Диплом жұмысының зерттеу нысанасы : Қазақстанның ботаникалық бақтары.
Зерттеу пәні – ботаникалық бақтардың географиясы және геоэколо- гиялық мәселелері.
Диплом жұмысының ғылыми және практикалық маңызы ботаникалық бақтардың географиясын зерттей отырып, олардың географиялық орнына геоэкологиялық тұрғыдан баға беру. Ботаникалық бақтардың структурасын анықтау және биологиялық түр ретінде жойылып бара жатқан сирек өсімдіктердің қазіргі сақтаудың экологиялық мәселелерін анықтау.
Республикадағы мемлекетті ботаникалық бақтарды орта мектеп пен жоғарғы мектептің оқу үрдісінде туризм мен өлкетанудың басты нысаналары ретінде қарастыруға болады. Педагогикалық институттардың «География» және«Тарих-география» мамандықтарының «Туризм және өлкетану негіздері», «Мектептегі туризм» пәндерін оқытқан кезде ерекше қорғалатын табиғи территориялар тарауын өткен кезде пайдаланылады. Болашақ география пәні- нің мұғалімі мектеп оқұшыларымен кластан тыс экологиялық ғылыми зерттеу проектілерін орындау барысында және тәрбие жұмыстарында ботаникалық бақтар тұралы мағлұматты кеңінен қолданады.
Жұмысты орындау барысында қолданылған материалдар қазақстанның оның жеке аймақтарындағы ботаникалық бақтарға қатысты ғылыми монографиялар мен әдебиеттер, периодикалық басылымдардағы және ғылыми журналдар мен интернет мәліметтері пайдаланылды.
Зерттеудің әдістері диплом жұмысындағы міндеттерді шешу барысында география мен экология ғылымындағы системді әдіс, салыстырмалы геоэколо- гиялық сипаттау және картографиялық әдістер қолданылды.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан және 5 параграфтан, қорытындыдан тұрады. Жалпы мазмұны қолжазба бетте баяндалған, бір карта –сызба, 4 кестеден тұрады.
Бірінші тарауында қазақстандағы ботаникалық бақтар жүйесінің қалыптасу тарихы, экологиялық маңызы мен нормтаивті құжаттары анализденеді.
Екінші тарау республиканың региондарында орналасқан ботаникалық бақтарға сараптама жасалып, олардың болашағына қатысты мәселелерге арналады.

І . ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БОТАНИКАЛЫҚ БАҚТАРДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.2 Қазақстанның жалпы ботаникалық бақтары туралы мағлұмат

Қазақстандағы ботаникалық бақтардың құрылуы бұрынғы КСРО-ның тұсында басталды (3). Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде Қазақстанда бірде бір ботаникалық бақ жоқ еді. КСРО тұсында республикада алты ботаникалық бақ құрылды. Оның алғашқы себебі еліміздің шөлейтті шөлді табиғаты қатаң аймақтарында пайда болып отырған елді мекенді пункттерді когалдандыру болатын. Бұрынғы КСРО-ның тұсында Қазақстан репсубликасының экономи- касының қауырт дамығаны белгілі. Жер қойнауындағы байлықтар алынып, жаңа завод, фабрикалары салынған үлкенді кішілі қалалар пайда болып, рес- публиканың географиялық картасында орын тебе бастады. Осы қала типті елді мекенді пунктерде адамның тұруына қолайлы табиғ экологиялық орта – көгалдандыру арқылы жүзеге асатыны белгілі. Әртүрлі географиялық табиғат зоналарындак көгалдандыру жұмыстарын бастамас бұрын әуелі ботаникалық бақтарда ағаштар мен бұталарды жерсіндіріп алады. Жерсінген ағаш пен бұта- лардың сорттарын қала мен ауылдарға отырғызұға ұсынады. Осы тұрғыдан алғанда ботаникалық бақтар ғылыми сынақ полигонына ұқсас. Өсімдердің фенологиялық байқауы стационарлы ботаникалық бақ жағдайында жүргізіледі. Мұнда өсімдіктердің физиологиясына қатаң ғылыми зертеу жұмысы жүргізі- леді. Уақыт пен табиғат жағдайына бейімделіп өскен өсімдіктерді ғана қалалар- да өсіреді.
Алғашқы Алматы ботаникалық бағы Алматы қаласында Қазақ ССР-нің Ғылым академиясында осыдан 70 жыл бұрын құрылды. Осы күні бұл өте ірі ғылыми-зерттеу орталығына айналған (6). Республика және дүние жүзі бойынша өсімдіктерді жерсіндірү (интродукция) мен акклиматизация (бейімделү) бағытында жұмыстарын кординациялайды. Республиканың ботаникалық бақтарындағы ғалымдардың ерен еңбектерінің арқасында ыстық, құрғақ шөлейт пен шөл далаларда көк жасылға бөленген қалалар мен ауылдар пайда болды. Қалаларда тамаша парктер, аллея мен скверлер өсіп, жанға жайлы мик- роклимат жасап тұр. Кейінгі жылдары ботаникалық бақтар Қарағанды, Жезқазған, Лениногор, Бақанаста, Ақтауда дүниеге келді.
Ботаникалық бақтарды орналастырғанда географиялық зональды заңды- лықты басшылыққа алды: Шығыс Қазақстанда – Алтай, Орталық Қазақстанда – Қарағанды мен Жезңқазғанда, Батыс қазақстанда Ақтауда, Жетісуда Іле, Сол- түстік Тянь-Шань тауында (Іле Алатауы) – Алматы ботани- калық бақтары ор- наласақан.
ХХ- шы ғасырдың 80-90 –шы жылдарынан бастап дүние жүзінде ботани- калық бақтардың атқаратын функциясы сапалы өзгерістерге ұшырады. Жер бет -індегі биологиялық әралуан түрлерді қорғау мәселесіне байланысты ботаника- лық бақтар енді сирек өсімдіктерді қамқорлыққа алатын ерекше қорғалатын та- биғи территорияға айналды (7,8).
Алғашқы ботаникалық бақтың құрылуы бұрынғы КСРО-ның Ғылым академиясының 1932 жыл ашылған ботаникалық секторының Қазақстандағы базасының қызметімен тығыз байланысты. Оны басқарған белгілі совет флористері Б.К Шишкин, кейіннен М.Г Попов және Н.В. Павлов болды. КСРО – ның Ғылыми Академиясының Ботаникалық Институты (БИН АН СССР) көмегімен Алматы ботаникалық бағы 1932 жылы қарашада айында құрылды. Арнайы ғылыми қызметкрлерден құрылған ортада бөлім меңгерушісі профессор Н.П.Ильиннің басшылығымен алғашқы ағаш өсімдіктер коллекциясын жасау ісі басталды. Сәндік (декоративті) ағаштар мен бұталар мен көпжылдық дәрілік өсімдіктерді ассортиментін зерттеген (9,10,11).
Қорытынды. 1. Қазақстан Республикасында ботаникалық бақтар ХХ-шы ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап құрыла бастады. Ботаникалық бақтардың құрылуының негізгі мақсаты, елді – мекенді пункттер қалаларды ауылдарды жаппай когалдандыруға байланысты ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізү болған.
2. Қазақстандық ботаникалық бақтардың ұйымдастыруларында орыс ботаник флорист ғалымдары Б.К Шишкин, М.Г. Попов және Н.В. Павлов-тар үлкен еңбек сіңірді.
3. Қазақстанда ботаникалық бақтарды құру идеясын көтеріп, оны жүзеге асыруда зор еңбек жасаған Қазақстан Ұлттық Академиясының алғашқы президенті Қаныш Имантайұлы Сатпаев болатын.

1.2. Ботаникалық бақ – ерекше қорғалатын табиғи территория.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар немесе территориялар экологиялық, ғылыми және мәдени тұрғыдан алғандағы ерекше құнды объектiлерi бола отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық байлығы болып табылады. Заң ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметiнiң құқықтық, экономикалық, әлеуметтiк және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұғымы - құқықтық қорғау режимi бар не мемлекеттiк табиғи-қорық қорын сақтау мен қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн шаруашылық қызметi режимiмен реттелетiн жер, су, орман және жер қойнауы учаскелерi. Осындай табиғи құндылықтардың бірі - мемлекеттiк ботаникалық бақтар. Ол Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи территориялары» Заңының 14 тарауындағы баптарға сәйкес құрылады (12). Заңның 56-бабына сай мемлекеттiк ботаникалық бақ деген ұғымға төменде -гідей анықтама беріледі.
1. Мемлекеттiк ботаникалық бақ - өсiмдiктер дүниесiн қорғауға, молықтыруға және пайдалануға арналған, табиғат қорғау және ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң мәртебесi бар және өңiрлер бойынша сараланған қорғау режимiндегi ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
2. Мемлекеттiк ботаникалық бақтардың жергiлiктi және республикалық маңызы болуы мүмкiн.
Мемлекеттiк ботаникалық бақтарды өңiрлерге бөлу және оларды қорғау ерекшелiгі мемлекеттiк ботаникалық бақтарға тұрақты пайдалану үшiн белгiленген тәртiппен жер учаскелерi берiледi.
Мемлекеттiк ботаникалық бақтар мынадай түрлерге бөлінеді:
1) экспозициялық - өсiмдiктердi егуге және оларды келушiлерге көрсетуге арналған;
2) ғылыми - ғылыми зерттеулер жүргiзуге арналған;
3) қорықтық - табиғи өсiмдiктердiң бiрегей, типтiк және сирек кездесетiн топтарын сақтауға арналған;
4) туристік - рекреациялық қызмет көрсетуге арналған;
5) әкiмшiлiк және өндiрiстiк-шаруашылық өңiрлерге бөлiнедi.
3. Мемлекеттiк ботаникалық бақтарда олардың мiндеттерiн орындаумен байланысты емес және оларда өсiрiлетiн өсiмдiктердiң жойылуына әкелiп соғуы мүмкiн кез келген iс-әрекетке тыйым салынады.
Мемлекеттiк ботаникалық бақтарда өсiмдiктерді өсіру:
1. Мемлекеттiк ботаникалық бақтар отандық және дүниежүзiлiк флораның табиғи және мәдени өсiмдiктер коллекцияларын қалыптастырады және олардың сақталуын қамтамасыз етедi.
2. Мемлекеттiк ботаникалық бақтар өсiмдiктермен импорттық және экспорттық операциялар жүргiзудi, оларды ботаникалық саладағы басқа мекемелермен айырбастауды жүзеге асырады.
3. Мемлекеттiк ботаникалық бақтарда коллекциялық және эксперименттiк учаскелер, гербарийлер, питомниктер және тұқым қорлары құрылады.

Мемлекеттiк ботаникалық бақтарды пайдалану ерекшелiктерi:

1. Мемлекеттiк ботаникалық бақтар белгiленген тәртiппен ғылыми, мәдени-ағарту және оқу мақсаттарында пайдаланылады.
2. Мемлекеттiк ботаникалық бақтардағы ғылыми зерттеулер табиғи флораның бағалы, сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн және жерсiндiрiлген дақылды өсiмдiктердi қолдан өсiру, тұқымын сұрыптау және көбейту саласында жүргiзiледi.
Мемлекеттiк ботаникалық бақтар ғылыми деректер банкiн, қорлар, мұражайлар, лекторийлер, кiтапханалар мен мұрағаттар құрып, ғылыми, ғылыми-көпшiлiк және осы мекемелер қызметiнiң мәселелерi бойынша басқа да әдебиеттер шығара алады.
3. Мемлекеттiк ботаникалық бақтар ұсынылған жерсiндiрiлген өсiмдiктердi және олардың қайталама түрлерiн халық шаруашылығына енгiзу мақсатымен өндiрiстiк сынақтан өткiзу үшiн шаруашылық эксперименттiк базалар құра алады.
4. Мемлекеттiк ботаникалық бақтардың қосалқы шаруашылықтары, шеберханалары, өсiмдiктер сататын мамандандырылған дүкендерi және осы мекемелер бағдарына сәйкес келетiн шаруашылық қызметке қажеттi басқа да объектiлерi болуы мүмкiн.
Заңның 16 бабына сай ботаникалық бақтар құрамында Мемлекеттiк дендрологиялық парктер ұйымдастырылады. Мемлекеттiк дендрологиялық парктер деп:
1. Мемлекеттiк дендрологиялық парк - табиғат қорғау мекемесiнiң мәртебесi бар және ағаш пен бұта тұқымдарын қорғауға, молықтыруға және пайдалануға арналған өңiрлер бойынша сараланған қорғау режимiндегi ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
2. Мемлекеттiк дендрологиялық парктердiң жергiлiктi және республикалық маңызы болуы мүмкiн.
Мемлекеттiк дендрологиялық парктердi өңiрлерге бөлу және оларды пайдалану ерекшелiктерi
1. Мемлекеттiк дендрологиялық парктерде өңiрлер мемлекеттiк ботаникалық бақтар сияқты мақсат пен қорғау режимдерi ескерiле отырып бөлiнедi.
2. Мемлекеттiк дендрологиялық парктер мемлекеттiк ботаникалық бақтар сияқты тәртiппен және нақ сондай шарттармен ғылыми, мәдени-ағарту және оқу мақсаттарында пайдаланылады.
Мемлекеттік ботаникалық бақ пен дендропарктер аумағы мемлекеттiк меншiкте болады, олардың жер учаскелерi және оларда орналасқан объектiлерi жекешелендiруге жатпайды.
Ботаникалық бақтар мен дендрологиялық парктер төмендегі мақсаттарда пайдаланылады:
 ғылыми;
 мәдени-ағартушылық;
 оқу;
 туристiк және рекреациялық;
 шектеулi шаруашылық мақсаттарында пайдаланылуы мүмкiн.

Қорытынды. 1. Ботаникалық бақтар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың бірі ретінде республиканың табиғи құндылықтары болып табылады;
2. Ботаникалық бақтар мемлекеттік меншікте, жекешелендірүге жатпайды оның аумағында оның табиғатына зиян тигізетін барлық шаруашылық жұмыстары жүргізілүіне тиым салынады;
3. Қазіргі таңда биологиялық алуан түрлі өсімдіктерді сақтаудың бірден бір орталығы. Аумағында ғылыми зерттеу жұмыстарымен қатар экологиялық білім мен тәрбие берү шараларын өткізуге рұқсат беріледі.


1.3. Ботаникалық бақтардың экономикалық және экологиялық
маңызы

Қазақстан Республикасы табиғи өсімдіктер қорына өте бай. Оның 2,7 млн шаршы шақырым териториясында табиғи өсімдіктердің 5700 (бес мың жеті жүз) түрінен астамы кездеседі (14). Олардың ішінде 68 ағаштың түрі, 266 бұталар, бұта тектестер – 433, шөптесін өсімдіктерден 4000 түрлері. Пайдалы медициналық, азықтық және техникалық өсімдіктердің өзі 1200 түрден асады. Өсімдіктер әлемінің байлығы табиғаттың әр түрлі жағдайларына, күрделі рельефті болуына, климат жағдайларының әр түрлі болуына байланысты.
Өсімдіктердің көптеген түрлері мен формалары өздерінің биологиялық қасиеті және сапалылығы жағынан тамақ өнеркәсібінде, медицинада, ауыл шаруашылығында және де халық шаруашылығының басқа да салаларында қолданылады. Қазақстанның Ұлттық Ғылыми Академиясы өсімдіктердің пайдалы және жоғары декоративті қасиеттерін зерттей отырып, оның флорасын байытуда маңызды жұмыстар атқаруда (15,16). Ботаникалық бақтарда сынақтан өткен жүздеген декоративті ағаштар мен бұталар, мал азығы, дәрілік өсімдіктер және көгалдандыру мақсатында пайдаланылып келеді. Мысал,: Алматыдағы Орталық ботаникалық бақ өндіріске 700, Алтай ботаникалық бағы - 550, Қарағанды ботаникалық бағы - 500, Жезқазған ботаникалық бағы-350 және Іле ботаникалық бағы -80 өсімдіктердің түрлері мен сортарын өткізді.
Шөл және шөлейт жерлерді көгалдандыру үшін сәнді талдың тамарикстің, жүзгүннің, құм акациясының жоғары декоративті формалары таратылды. Ресей мен Қазақстанның кейбір аудандарында сапалы тағамдық өсімдік ретінде түрімен жергілікті форманы будандастыра отырып сарымсақтың Шоқпар деген тағамдық сортын шығарды.
Республиканың ірі қалалары мен облыс орталықтарындағы газондарды түрлендірү мақсатында - қызыл сұлы, далалық мятлик деген түрлерін әрі тез өсетін әрі қатаң құрғақшылыққа төзімді болғандықтан көгалдандыруға осы өсімдіктерді ұсынады.Осы аталған өсімдіктердің тұқымдары Алматы облысындағы «Таугүл» совхозында өсіріледі.Қазақстанды жаппай көгалдандыру мақсатында интродукцияның нәтижесінде шет елдерден, атап айтқанда Солтүстік Америка және Қиыр Шығыстан ағаштар мен бұталар әкелініп біздің жағдайда өсіру қолға алынған. Оның ішінде әбден жерсіндірілген - қарағай, амур барқытыты, қытай лимоны, маака черемухасын айтуға болады.Қазіргі таңда көгалдандыру жұмысы республиканың әр түрі табиғи жағдайларында жүргізіліп жатыр. Ұзақ сынақтан өтіп жатқан - қылқан жапырақты ағаштың түрлері. Бұларда жер жерде көгалдандыруда қолданыс табуда. Орталық ботаникалық бақта соңғы жылдары қылқан жапырақтылардың жергілікті жағдайларға бейімделуін және вегетативті көбеюдің тәсілдері анықталды.Орталық ботаникалық бақта топырақ және климат жағдайларының төзімділігін ескере отырып, Тянь-Шань тауларындағы бұталары мен ағаштарын өсіруге мүмкіндік алды.Гүлөсірушілер шетелдердің ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?