Биология | Қарақұрт биологиясы

 Биология  |  Қарақұрт биологиясы

Мазмұны

Әдебиеттерге шолу
І. Қарақұрт биологиясы ...........................................................................................
1.1. Құрылысы .........................................................................................................
1.2. Систематикалық түрлері және таралуы .........................................................
ІІ.Қарақұртты зерттеу .............................................................................................
2.1. Қарақұрт уының құрамы мен қасиеттері .......................................................
2.2. Қарақұрттың шағу себептері ..........................................................................
2.2.1. Қарақұрттың адамдарды шағу жиілігі ..............................................
2.2.2. Қарақұрттың шағу мерзімі мен уақыты ............................................
2.3. Қарақұрт уының адам ағзасына әсері ...........................................................
2.3.1. Қарақұрт
2.3.2. Балалар мен жүкті әйелдерге қарақұрт уының әсері ...................
ІІІ. Қарақұрттан сақтану жолдары .......................................................................
3.1. Емделу .............................................................................................................
3.2. Сақтану және оларды қорғау .........................................................................
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ..............................................................................

Өрмекшітәрізділердің қазіргі кезде ғылымға белгілі 60 мыңға жуық түрлері бар. Олардың дене тұрқы 0,1 мм-ден 17 см-ге жетеді. Өрмекшілердің сыртқы пішіні де әр түрлі. Оларға: өрмекшілер, кенелер, құршаяндар, пішеншілер т.б. жатады.
Өрмекшітәрізділердің Uloborus және Hyptiotes туысынан басқа барлық өрмекшілерде улы бездері болады. Улы бездері арқылы өрмекшілер жауынан қорғанып, қоректенеді. Көптеген өрмекшілердің уы адам мен сүтқоректілерге әсер етпейді, бірақ насекомдарға әсері жоғары. Өрмекшілердің уы және одан қорғану шаралары туралы Аристотель, Ксенофонт, Сократ, Цельзус, Диокриттің жазбаларында мәліметтер келтірілген. Улы өрмекшілердің таралу аумағы қазіргі таңда Оңтүстік Америка мен Австралияны қамтиды.
Біздің елімізде кездесетін барлық өрмекшілердің ішінде қарақұрт пен бүйі ғана адам мен жануарлар үшін қауіпті. Қарақұрт Қазақстанның далалы, шөлді аймақтарында мекендейді, халық арасында оны «қара жесір» деп атап кеткен. [5]
Қарақұрттың сопақша пішінді құрсағының үстіне 3 қатар болып 13 ақшыл дақтары біртіндеп қызыл түске айналады. Аталығының құрсағындағы дақтар қызыл, айналасы ақ сызықпен көмкерілген. Аталығы аналығынан едәуір кіші болады. Аналығы 9 рет түлегеннен кейін құрсағындағы дақтар жоғалып, қызғылт-сары түсті жіңішке сызықшалар қалады. Қарақұрттың аналығы ұрықтанғаннан кейін өз аталығын жеп қояды. Адам және жануарлар үшін ең қатерлісі-аналық өрмекші. Қарақұрт тышқанның індерінде, ескірген арықтар мен жусанның түбінде тығылып жатады.[12]
Ең алғаш қарақұртты американдық ғалым Кастон қарақұрттың 3 түріне толық сипаттама беріп, L. Mactans туысына жатқызған. Қазіргі таңда қарақұртты жіктеу сол күйде қалған. Табиғатта қарақұрттың 3 түрі болады: оңтүстік америкада кең таралған оңтүстік америкалық қарақұрт (L. mactans), солтүстік қарақұрт (L. variolus) және батыстық қарақұрт (L. hesperus). Оңтүстік америкалық қарақұрт АҚШ-ң оңтүстік-шығыс бөліктерінде, яғни Флоридадан Нью-Йоркке дейінгі аралықты қамтиды. Батыста Техаста, Аризонада, Оклахома штаттарында аздап таралған.
Қарақұрттың аналығы маусым, шілде айларында қызғыл-сары түсті, алмұрт пішінді, мөлшері 7-15 мм пілләнің ішіне 50-ден 600-ге дейін жұмыртқа салады. Қарақұрттың бір жұмыртқасының салмағы 0,8-0,9 мг. Қарақұрт шаққан адамның аяқтары жансызданып, кеудесі қысылып, ауа жетпейді, көзі қызарып, тершеңдік басады, адам өзін қоярға жер таппай дөңбекшиді. [21]
Қарақұрт шаққан жерде 1-2 мм шамасындағы екі тесік қалады. Ол жер ісімейді, отқа күйгендей күлдіреп қалады. У денеге таарлып кетсе, бұлшық еттер қатты тартылып ауырады, адамның тыным алуы ауырлайды, қан қысымы көтеріліп, қатты терлей бастайды. Бас ауырып, дене қимылы әлсірейді. Қарақұрттың уы

Әдебиетерге шолу

Қарақұрт жайлы алғашқы дерек КСРО кезінде ХІХ ғасырдың аяғында жинала бастады. Гмелин мен Паллас Каспий маңы мен Волганың маңындағы аймақтарда мекен ететін улы өрмекші - қарақұртқа қысқаша сипаттама берген. Сонымен қатар осы жылдары қарақұрт Подолия, Одесса, Волга өзенінің төменгі ағысындағы аймақтарда, Сареп, Қырымда кездесетіндігі анықталды.
Азия өлкесінде қарақұрт туралы алғашқы деректер Федченмен байланысты. Ол қарақұрттың Түркістан мен Жетісу өлкесінде кездесетіндігін анықтаған. Финш қарақұрттың Түркістан мен Балқашта кездесетіндігін, ал Влангали оның Зайсанда мекен ететіндігін айтқан. Қарақұрт шаққан адамдағы болатын ауру симптомдары және оны емдеу жолдары ең алғаш И.Н.Шатиловпен тікелей байланысты (1866 ж). Қарақұрт шаққан адамның өлімі жайлы деректі 1897 жылы В.П.Засимович алғаш жеткізген. [6]
Қарақұртты елімізде зерттеп, ол туралы көптеген еңбектер жазған К.Н.Россикова және П.И.Мариковский. Олар жекелей улы өрмекшінің биологиясын, тіршілік ету ареалы мен өмір сүру ерекшелігін, токсикологиясын зерттей келе көптеген монографиялар жазған. И.П.Мариковский бүйі мен қарақұртты қатар зерттей отырып, оның уының адам организміне әсерін өзін шақтыру арқылы сипаттап толық жазған. 1899 жылы Түркістан аймағына арнайы экспедиция қарақұртты зерттеуге шығады. Қарақұрттың биологиясын зерттей келе олар оған қарсы күрес шараларын қарастырады. Бұл экспедицияның нәтижелері К.Н.Россинкованың монографиясында толық жазылған.[9]
1903-1907 жылдар аралығында орыстың әйгілі оқымыстылары А.Щербина мен С.В.Констансов әлемде алғаш болып қарақұрттың уына қарсы сарысу жасады. Осы сарысу жасалынғаннан кейін қарақұртты зерттеу біршама уақытқа тоқтап қалды.
ХХ ғасырдың 20-жылдарына қарай қарақұрттың уының интоксикациясын сипаттап Коровников 1926 жылы кітап жазды. 1926 жылы шыққан А.А.Финкель өз кітабында қарақұрт уын қайтару жолдары мен емделу шаралары, қарақұрттан сақтану жолдарын жазған. М.З.Лукьянчиков және Е.М.Компаниец қарақұрт уын алкогольмен емдеу жолдарын еңбектерінде жазған. [3]
ХХ ғасырдың аяғына қарай М.И.Максианович қарақұрттың уының иммунобиологиялық қасиетін зерттейді. А.А.Финкель, И.И.Мошковский, А.М.Охотина, Е.М.Компаниец қарақұрттың уының адам ағзасына әсерін түсіндірген.
Қарақұртты зерттеуде ғылымға көп еңбек сіңірген П.И.Мариковский. Қазақстанның шөлді далалы аймақтарына арнайы экспедицияларға шығып, оның тіршілік әрекетін зерттей келе 10-нан астам еңбектер жазды. Соның ең алғашқысы 1947 жылы шыққан «Ядовитый паук каракурт». Осы еңбегінде қарақұрттың сыртқы пішіні мен морфологиясын, оның түлеу мерзімі мен көбеюіндегі ерекшеліктерді, тіршілік әрекеттерін толық сипаттап жазған.
Мариковский «Ядовитые паукообразные каракурт, тарантул, скорпион» еңбегінде қарақұрт пен басқа да өрмекшітәрізділердің тіршілік әрекеті мен олардың уының адам организміне әсерін жеке зерттей келе, әрқайсының ерекшеліктерін атап көрсеткен. П.И.Мариковскийдің деректерінде қарақұрттың сан-қилы мінез-құлқын, қаншалықты пайда-зиянын және одан сақтану жолдарын жан-жақты толық зерттеген.
Г.П.Мирзоян мен А.А.Антонян удың мидың бөліктеріне әсерін, нерв жүйесіне әсерін зерттеді. [18]
1944 жылы А. И. Кузнецов қарақұрттың уының жүйке жүйесінің жұмысын тежеп, жұлынның қызметінің бәсеңдеп, адамда дел-салдылықтың тууын вегетативтік жүйке жүйесінің бұзылуымен сипаттаған.
С.Н.Орлов жүйке жүйесіндегі өзгерістерді медиаторлардың қорының таусылуына байланысты деп деректер айтқан. Онда жүйке жүйесінің ұштары синапстар бір-бірімен жанаспай ми мен жұлын арасындағы байланыс үзіледі. Сол кезде жүйке және бұлшықет жүйесінде тітіркенулер пайда болып, олар орталық жүйке жүйесіне бағынбайды. Бұлшықет және де басқа органдарға ешқандай сигнал келмей, адам есінен танып қалады.
Қарақұрттың уынан адамда болатын ауру симптомдарын Кольво және оның шәкірттері қандағы өзгерістерге байланысты деп түсіндірді. Қанда рениннің мөлшерінің шамадан тыс артуының есебінен ағза өзгеріске ұшырайды деп дерек келтірді. Веноздық қысымның жоғарлауы, гипермия және инъекциялық өзгерістер болып, қанда перифериялық өзгерістер болады деп түсіндірді. [22]
И. И. Мошковский и А. И. Охотина 1945 жылы қарақұрт уы адамға гуморальдық жолмен жолмен әсер етеді, ең бірінші адреналиннің қандағы мөлшерден тыс бөлінуі және жүректің шамадан тыс қатты соғуы, жүрек, қан-тамыр жүйесінің бұзылуымен сипаттаған.
1956 жылы Волард удың құрамын анықтап, зақымданған ұлпадан гистомин, серотонин, кининнің бөлініп шыққанын байқаған. Волард қарақұрт уын Lox. Laeta деп атап, патоморфологиялық талдау жасаған. Ол қарақұрт шаққан соң адамның бүйрегі мен бауырының дегенерациясын, қан – тамыр жүйесінің кеңеюін, қан құйылуын сипаттап жазған.
П. И. Мариковский 1956 жылы мидың қан тамырларының кеңеюін, мидың қабығының қабынуын, мидағы пайда болатын көпіршіктер және қанның жүйесіз ағуын, ішекте артық газдың пайда болып, қалдық заттардың жиналуымен сипаттаған. [9] Көптеген әдебиеттерде қарақұрт көбінесе түнгі уақытта шағады деген пікірлер бар (Засимович, 1897ж; Марциновский 1984ж; Павловский 1995ж). Көрнекті ғалым П.И.Мариковскийдің мағлұматы бойынша қарақұрттың шағу мерзімі 80 пайызға жуығы түнде болған. Себебі, қарақұрттың түнде миграция жасап, адамдардың төсегіне абайсызда кіріп, шағуы негізделген. Қарақұртты Қазақстанда қазіргі таңда зерттеуші ғалым А.А.Громов зертеу жүргізген. Оның келтірген мәліметтері бойынша қарақұрт 174 адамды шаққан, оның 107 яғни, 61,4% адамдарды қарақұрт түнде шаққан. С.Н.Орлов жүйке жүйесіндегі өзгерістерді медиаторлардың қорының таусылуына байланысты деп деректер айтқан. Онда жүйке жүйесінің ұштары синапстар бір-бірімен жанаспай ми мен жұлын арасындағы байланыс үзіледі. Сол кезде жүйке және бұлшықет жүйесінде тітіркенулер пайда болып, олар орталық жүйке жүйесіне бағынбайды. Бұлшықет және де басқа органдарға ешқандай сигнал келмей, адам есінен танып қалады.
Қарақұрттың уынан адамда болатын ауру симптомдарын Кольво және оның шәкірттері қандағы өзгерістерге байланысты деп түсіндірді. Қанда рениннің мөлшерінің шамадан тыс артуының есебінен ағза өзгеріске ұшырайды деп дерек келтірді. Веноздық қысымның жоғарлауы, гипермия және инъекциялық өзгерістер болып, қанда перифериялық өзгерістер болады деп түсіндірді. [15]
И. И. Мошковский и А. И. Охотина 1945 жылы қарақұрт уы адамға гуморальдық жолмен жолмен әсер етеді, ең бірінші адреналиннің қандағы мөлшерден тыс бөлінуі және жүректің шамадан тыс қатты соғуы, жүрек, қан-тамыр жүйесінің бұзылуымен сипаттаған.
Қарақұрттың көзге әрең ілінетін бір тамшы уы, санаулы минут ішінде төрт есекті өлтіруге күші жетеді. Қарақұрттың шағуы жайлы деректер ерте кезден-ақ белгілі. Көптеген әдебиеттерге көз салатын болсақ онда қарақұрттың қара жұмысшыларды шағу себептері жиірек. Себебі, қарақұрт егістік жерлерде, кең жайылымдарда тіршілік етеді. Шатиловтың 1996 жылғы мәлімдемесі бойынша егістік жерде шағу себептері жиірек. Ал А.Ф.Коровников және автсралиялық ғалымдар қарақұрттың тұрғын үйде шағуы туралы деректер келтірсе, А.В.Гизжицкий шайхана мен дәретханада қарақұрттың шағуын мысалмен келтірген.
П.И.Мариковскийдің деректері бойынша қарақұрттың өте қауіпті және шағуға белсенді екі кезең аралығында сипатталады: маусым айының ортасы мен шілде айының ортасы. Бірақ Мариковский қарақұрттың шағу қаупі оның мерзіміне байланысты емес, оның географиялық ортасы мен экологиясына байланысты деп түсіндірген. [25]
Ұрғашы қарақұрт жүрген кезінде екі өрмек талшығын соңынан сүйретіп отырады. Талшығына әр түрлі заттар жабысса, оны тар жерлерден өтіп, «сыпырып» тастайды. Бұның өзіндік себебі бар. П.И.Мариковский бақылауы бойынша, бұл «жіптер» еркек өрмекшілердің оларды тез табуына көмектесетін өзіндік «ізбелгі». Міне осы жіптің көмегімен еркек қарақұрт оны бірден тауып шағыласады. Бірақ та шағылысу аяқталысымен ұрғашы қарақұрт еркегін бірден өлтіріп жеп қояды. Осылайша қалыптасқан инстинкт бойынша шілде айында жер бетінде тек қана ұрғашы қарақұрттар қалады. Міне, сондықтан да елде қарақұртты «қара жесір» деп атап кеткен....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?